Захриддин мұхаммед бабырдың өмірі мен шығармашылығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 . тарау. Захриддин Мұхаммед Бабырдың өмірі мен шығармашылығы ... 4
1.1 Бабырдың өмірі, қоғамдығы қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 З. М. Бабырдың шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2 . тарау. Бабырнаманың танымдық . тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 «Бабырнама» түркі халықтарына ортақ шығарма ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 «Бабырнама»Үндістан мен Орта Азияда тарихи құнды еңбек ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе
Ұлы бабамыз – шығыстың талантты жазушысы, ақын, заманның озық ойлы адамы һәм мемлекет қайраткері, ержүрек қолбасшы, Үндістанда Ұлы Монғол мемлекетін құрған Захир ад – дин Мұхаммед Бабыр 1993 жылы 510 жасқа толды. 1990 жылы қазан айында оның «Бабырнама» тарихи жазбасы дүниеге келуінің 460 жылдығы ЮНЕСКО – ның ұйғарымы бойынша Ташкентте бір апта тойланып, ғылыми- теориялық симпозиум өткізілгенде 1993 жылы Бабырдың 510 жылдық мүшел тойын атап өту туралы шешім қабылданған болатын.
Адамзаттың озық – ойлы ғұламаларының ғибадат етуі неліктен? Бұл сауалға ұлы бабамыз өз шығармалары мен қайраткерлік, қолбасшылық қарекеттерімен жауап беріп кеткен. «Қайыры жоқ көлденде, қайырымы жоқ елден без» дегендей дүниеге жар салып, адамзат ұрпағына салауатты өсиетін айтып, тарихын жазып қалдырған.
Қазақ оқырмандары Бабырдың әскери іс жөніндегі жазбасы – «Рисолан харбияны», музыка жөніндегі - «Рисолан музыкасын», арзу үлгісіндегі өлең жазу теориясы – «Муфассалын», заң ғылымына, тәлім - тәрбиеге арналған – «Мубайниін», «Хатта бабури» атты ерекше алфабитін әлі күнге дейін ана тілімізді оқи алмай отырмыз. «Біреуді ызаландырмақ - шариғатқа харам, шаруаға залал, ақылға теріс» деген уағызды тұтып, барымызды айтқанымыз жөн. Сондықтан да бірегей болса да, Бабырдың ең киелі туындысы- «Бабырнамамен» оқырман қауым таныс. Сіздерге айтпақ әңгімеміз сол «Бабырнама» хақында болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Ежелгі әдеби жәдігерлер – Астана: Фолиант, 2004 ж 480 бет
2. Бабыр Захир ад-дин Мұхаммед. «Бабрнама». Ататек 1993,448 бет
3. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиеті бастаулары» Алматы 1998ж
4. Қазақтың ұлттық Энциклопедиясы.
5. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы 1995 ж
6. Дербісәлин Дәстүр және жалғастық Алматы 1976ж
7. З.М.Бабыр «Бабырнама» - Алматы, «Жалын» 1990ж. Аударған Қожабеков
8. Дербісәлиев Ә - «Бабыр - наме – бағалы мұра», Жұлдыз 1995 №11
9. Келімбетов Н – «Көркемдік дәстүр жалғастығы: Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиеті бастаулары», Алматы 1976ж

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 – тарау. Захриддин Мұхаммед Бабырдың өмірі мен шығармашылығы ... 4
1.1 Бабырдың өмірі, қоғамдығы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 З. М. Бабырдың шығармашылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 - тарау. Бабырнаманың танымдық - тәрбиелік мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
2.1 Бабырнама түркі халықтарына ортақ
шығарма ... ... ... ... ... ... ... ... ...1 4
2.2 БабырнамаҮндістан мен Орта Азияда тарихи құнды
еңбек ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..26

Кіріспе
Ұлы бабамыз – шығыстың талантты жазушысы, ақын, заманның озық ойлы
адамы һәм мемлекет қайраткері, ержүрек қолбасшы, Үндістанда Ұлы Монғол
мемлекетін құрған Захир ад – дин Мұхаммед Бабыр 1993 жылы 510 жасқа толды.
1990 жылы қазан айында оның Бабырнама тарихи жазбасы дүниеге келуінің 460
жылдығы ЮНЕСКО – ның ұйғарымы бойынша Ташкентте бір апта тойланып, ғылыми-
теориялық симпозиум өткізілгенде 1993 жылы Бабырдың 510 жылдық мүшел тойын
атап өту туралы шешім қабылданған болатын.
Адамзаттың озық – ойлы ғұламаларының ғибадат етуі неліктен? Бұл сауалға
ұлы бабамыз өз шығармалары мен қайраткерлік, қолбасшылық қарекеттерімен
жауап беріп кеткен. Қайыры жоқ көлденде, қайырымы жоқ елден без дегендей
дүниеге жар салып, адамзат ұрпағына салауатты өсиетін айтып, тарихын жазып
қалдырған.
Қазақ оқырмандары Бабырдың әскери іс жөніндегі жазбасы – Рисолан
харбияны, музыка жөніндегі - Рисолан музыкасын, арзу үлгісіндегі өлең
жазу теориясы – Муфассалын, заң ғылымына, тәлім - тәрбиеге арналған –
Мубайниін, Хатта бабури атты ерекше алфабитін әлі күнге дейін ана
тілімізді оқи алмай отырмыз. Біреуді ызаландырмақ - шариғатқа харам,
шаруаға залал, ақылға теріс деген уағызды тұтып, барымызды айтқанымыз
жөн. Сондықтан да бірегей болса да, Бабырдың ең киелі туындысы-
Бабырнамамен оқырман қауым таныс. Сіздерге айтпақ әңгімеміз сол
Бабырнама хақында болмақ.

1 – тарау.
1.1 Бабырдың өмірі, қоғамдығы қызметі
Захир ад-дин Мұхаммед Бабырдың ғұмырына азырақ тоқталып өтсек. Ол 1483
жылы Ақпанның 14 күні Ферғананың билеушісі, Әмір-Темірдің шөбересі – Омар
Шейхтың шаңырағында дүниеге келген. 1494 жылы әкесі кенеттен қаза тауып, 12
жастағы Бабыр Ферғананың әмірі аталды. Буыны қатпаған жас бала әкесінің
уәзірлерінің жәрдемімен бабасы Темірден қалған иеліктерді бөлісе алмай,
билік үшін кескілескен ұрыс жүргізді. Бір жағынан Жетісудағы Моғолстан
хандары, бір жағынан Қазақстанның Солтүстік, Орталық аймақтарында билік
жүргізіп отырған көшпелі өзбектердің ханы Мұхаммед Шайбанидың
жорығына төтеп бере алмай, 1504 жылы Әндіжаннан айрылып, Ферғанадан қуылып,
Кабул мен Бадахшанға ауысады. Үндістанға әлденеше қайтара шабуыл жасап,
ақыры Делидің терістігінде Панипат түбіндегі айқаста Ибраһим
Лоди сұлтанды жеңіп, Үндістанда Ұлы моңғол мемлекетінің негізін қалады,
Агра қаласын салдырып, төңірегіне талантты жазушыларды, ғалымдарды,
өнер адамдарын топтастырды.
Жарғақ құлағы жастыққа тимей жортқан, ал жорықтан тыныстай қалса, қалам
ұстаған асқан талант иесі 1530 жылы желтоқсанның 26 күні Агра қаласында
дүниеден қайтты. Сүйегі Кабул қаласына жерленген. Ауғанстандық прфессор
Замир Сафи Бабырнаманың 460 жылдығына арналған халықаралық
симпозиумда: Сіздер Бабырды елінен қудыңыздар. Біз оны патша етіп
таққа отырғыздық, үйлендірдік. Сүйегі біздің жерде, Кабулда жатыр деген.
Бабырдың ғұмыры мен жорықтары жөнінде оқырман қауым оның Бабырнамасын
зерделеп, біле жатар. Сондықтан да біз шамамыз келгенінше, ойымыз
жеткенінше Бабырнаманың қазақ тарихына қандай қатысы бары, тереңдеген
тарихымыздың дерекнамасы бола алатындығы тұрғысында әңгіме өрбіткеніміз жөн
шығар.
Кітаптың бірінші бетін ашқанда-ақ: Ферғана — бесінші ықылымда... оның
солтүстігіндс Алмалық, Алмату (Алматы — Б.Қ.), сондай-ақ, кітаптарда Отырар
деп аталып жүрген Янги секілді қалалар болғанымен, моғол мен өзбектің
шапқыншылығынан кейін бұл қалалар жермен-жексен болып, тіпті жұртында
елді мекен де қалмаған деген деректегі көне қала аттары еріксіз елең
еткізеді. Осы бір сөйлемнің ішінде қазақтың бірнеше ғасырға созылған тарихы
жатыр емес пе? Алмалық Шағатайдың астанасы болған, Іленің Жаркент
қаласы тұсындағы қала ма әлде Ташкент уәлаятындағы қала ма?
Моғол мен езбектің шапқыншылығы деген не?
Бұл сауалдарымызға жауап беру — тарих бетін ақтару, қазақ жерінде
жермен-жексен болған жүз жиырма қалаға іздеу салып, оның жұртына зерттеу
жұмысын жүргізу емес пе! Бабырнаманың бірінші бетінен-ақ, XVI ғасырдың
басында атышулы қалаларымыз құрып кеткені айтылады. Дерек дегеніміз осы
болар.
Оқырман қауым, бүгінде дербестікке қолы жетіп, екі мың жылдан бұрынақ
ата-бабалары мемлекет құрған Орталық Азияның Өзбекстан, Қазақстан,
Қырғызстан, Тәжікстан еліне Бабырнама — ортақ мұра, өйткені бұл шығармада
бабамыз сол мемлекетті құрып отырған халықтардың тарихын жазып қалдырған.
Мәселен, ірі қалаларының бірінің негізғі халқы туралы: Әндіжан
тұрғындарының бәрі түріктер. Қалада да, базарда да түрікше сөйлемейтін адам
ұшыраспайды. Халықтың ауызекі сөзі әдеби тілінен айырғысыз. Мір Әлішер
Науаи Гератта өсіп, сонда тәрбиеленгенмен, шығармалары Түркі тілінде
жазылған дейді. Осы сөйлемнен және Әндіжанды түріктің моғол, барлас,
арғын, дулат, қатаған, қоңырат, маңғыт т.б. тайпаларының өкілдері мекен
еткенін кітаптың кез келген бетінде жазылған адамдардың есімінен, жер-су
аттарынан немесе тарихына байланысты жазылған деректерінен байқап отырасыз.
Қазақ тарихына дерек болар қала, адам, жер-су аттары ғана емес, тарихи
оқиғалар, Мауараннахр әмірлерінің бүгінгі Қазақстан жеріне, яғни Әбілқайыр
хандығының аймағына, Түркістанға, Жетісудагі Моғолстанның елді-мекендеріне
жасаған жорықтарынан да мол мағлұмат аласыз. Бұл аймақтарға дүркін – дүркін
шабуыл жасап, Тоқтамысты күйретіп, Жетісуға он бір рет жорыққа аттанған да
сол Бабырдың бабасы Ақсақ Темір емес пе еді?! Оның кейінгі ұрпақтары
иелікті, билікті қалай бөлісті? Одан кейінгі жүз жылдай уақытта қандай
өзгерістер болды? Кімдер билік жүргізді? Міне, осының бәрін Бабыр ешбір
бүкпесіз, қарапайым тілмен баяндайды өз тумаларының іс-әрекетін жасырмай
жазады. Әрине, пенде болған соң жеке басында да бүгінгі тұрғыдан қарағанда,
кемшілік жетерлік. Еңді Бабырдың өз сөзіне жүгінейік: Ұшпу сөзді шағым
жасайын немесе қайырымдылығымды бідірейін деп мақтан үшін жазбадым,
шындықты, болған оқиғаны ешбір қоспасыз қағазға түсіріп отырмын. Естелікті
жазуда алға қойған мақсатым — ақиқатты, қандай да болмасын істі сол
қалпында баяндап жазу. Сондықтан тумаларымның, бауырларымның жақсы-жаман
істерін, алыс-жақын адамдардың кемшілігін де, артықшылығын да бүкпесіз
айтып отырмын. Жарандар, жамағаттар, меймандар кешірім етер деймін. (2әд.
123 бет)
Бүкпесіз айтып отырмын деген сөздің анық-қанығын оқырман қауым
кітапты парақтағанда біледі. Сол бүкпесіз айтылған ақиқат қазақ тарихының
да еншілі үлесіне тиеді. Соңғы жылдары тарихтың шылбырын тартқан жандай
таптар пайда болып, жылтырағанның бәрін алтын көріп, барды — жоқ, жоқты
бар деп жазып жатқанын оқып-біліп отырсыздар. Сол тарихшыларымыз моғол
мен монғол атауына мән бермей, моғолды — монғол деп жазып келеді. Бұл
атаудың қазақ тарихына қатысы мол, сол себепті де Бабырнаманың басынан
аяғына дейін бұл сөз жиі ұшырасады.

1.2 З. М. Бабырдың шығармашылығы Бабырнама
Шығыстың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов: Моғол мен монғолды айыра білген
жөн. Моғол — жете, жете жалайыр тайпасының тармағы дегенді тектен-текке
айтпаса керек. Жетісу мен Қашқарияда 1346 жылы құрылған мемлекет Моғолстан
аталды. Оның халқы сол заманда қыпшақ, қазақ, өзбек деген сияқты моғол деп
аталғаны Бабырнамада, Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарихи Раши-диінде
егжей-тегжейлі баяндалады.
А.И.Левшиннің зерттеуінде XVI ғасырда Қыпшақ пен Жете даласын Дадан хан
билеген моғол және қазақтар мекендейді деп жазғанына қарағанда сол дәуірде
қазақ даласы емес, қыпшақ, жете даласы аталған. Шағатай ұлысы, яғни оның
мұрагерлері билік жүргізген Моғолстан Бабыр жазып отырған кезеңде күйреп,
жауласқан екі топқа бөлінеді. Моғолдарды шағатай нәсілі — жете, ал моғолдар
шағатайлықтарды — караунас деп атайды. Жете — түрік қаңғыбас, кезбе
бұзақылар, ал қараунас — араб нәсідімея араласқан будандар саналады. Соған
қарағанда Шағатай нәсілдері араб, парсы елімен қүдандалы жүртқа айналса
керек. Бұл дерек Барырнамада да айтылып отырылады.
Шараф ад-дин Әли Йезди Моғолстанды қауыми жете атайды, соған сүйенген
Мұхаммед Хайдар Дулати да Тарихи Рашидиінде жете атауына түсінік беріп:
Жете дегеніміз — Моғолстан деп жазған. Сондықтан да болар Бабырнамада
ел, Ұлыс, мардан елдікті, жұрттықты білдіретін атаулар ретінде қатар
қолданылған. Бұл да түбіміздің, тірлігіміздің бірлігін танытса керек Шараф
ад-дин Әли Йезди құсап, Бабыр да кейде Моғолстанның орнына ұлыс атауын
қолдана береді. Әрине, бұл атау Шыңғысхан нәсілінде: Жошы ұлысы, Бати
ұлысы, Берке ұлысы, Өзбек үлысы деп Дсшті қыпшақта айтылды емес пе. Сол
атау XVI гасырда да арқауын үзбей: ел моғол, ел ұлыс моғол деп те
қолданылды. Әйтсе де аудармада оқырманға үғынықты болу мақсатымен ұлыс, ел
деп алынды. Ал, Бабыр әңгімелейтін кезеңдегі Мауараннахр мен Моғолстанды,
Кашқарды мекендейтін қай халық еді? деген сауалға жауапты Бабырнамадағы
тарихи деректерден табамыз. Ежелгі тарихи-этнографиялық аймақта — Үйсін мен
Қыпшақ тайпаларының одағы, Ақ Орда мен Моголстанда XIV-XV ғасырларда
негізінен байырғы (автохтонды) Қазақстан тайпаларының нәсілдері мекен
еткен.
Шоқан жазып кеткен жете, жете — жалайырлар жайында тарихшылар Рашид-ад-
диннің жазбасына сүйенді. Шағатайға бөлінген төрт мыңдықтың (хазара)
құрамында арлат, барлас, аушындармен қатар жалайырлар да айтылады. Сол
жалайырлар Мауараннахрдаң терістік-шығыс жағында отырып Моғолстан
тайпаларымен араласты. Жетісуден тамырын үзбей, көбінесе Әмір Темірге қарсы
күресіп, Орысханмен, Ақ Орда хандарымен байланыс жасады, Жетісудағы атақты
қолбасшы Камар ад-дин Дулатимен одақтасты. Бабырнамада осы Дулат
тайпасынан шыққан нояндар да айтылады.
Олай болса, қазақ халқының негізін қалаған тайпалардың бірі моғол —
жалайырлар. Сондықтан Үндістанда құрылған Ұлы моғол мемлекеті, Жетісу мен
Қашқарияда құрылған Моғолстан, Моғол мемлекетінің атауы бір тамырлы, бір
мағыналы атау екеніне дау болмаса керек. Оған қоса бабырдың әжесі Дулаттың,
шешесі Жүніс ханның қызы.
Бабыр жазбасында анасы Қүтлық Нигер ханым туралы былай дейді: Ол Жүніс
ханның екінші қызы, Сұлтан Махмұд хан (Ханеке) мен Сұлтан Ахмет ханның
(Алашахан — Б.Қ.) әпкесі. Жүніс хан — Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай
ханның ұрпағы — Уәйіс хан — Шерәлі Оғланның, ол — Мұхаммед ханның, ол —
Қызыр Қожа ханның, ол — Тұғлық Темір ханның, ол — Дува ханның, ол — Барақ
ханның, ол — Есу Туваның, ол — Мұтугеннің, ол — Шағатай ханның, ол — Шыңғыс
ханның ұлы.
Сөз иіні келіп қалған соң хандардың тегіне тоқталып өтелік. Жүніс хан
мен Есенбүға Уәйіс ханның ұлдары, Жүніс ханның шешесі — Темірдің рахымы
түскен Түркістандық қыпшақ бегі Шейх Нүр ад-диннің иә қызы, иә немересі.
Осы жолдардың әрбір дерегіне үңіле қарасаңыз барлас, қыпшақ, жалайыр,
дулат елдерінің қаны араласқанына көз жетеді, әрі сол заманда жаңа ғана
Жетісудағы Уәйіс ханның иелігінен пана тауып құрыла бастаған Қазақ хандығы
осы тайпалардың ұрпағынан қалыптаспады ма!
Сондықтан Бабыр жазбасының бірінші тарауында баяндалатын XV ғасырдың
соңындағы Мауараннахр оқиғалары, ойдағы қалалар, өзінің шыққан тегі, билік
үшін жүргізген жанталас соғысы, нағашы атасы —
Моғолстанның билеушісі Жүніс хан мен оның Ташкентті билеген үлкен ұлы
Сұлтан Махмұд ханның қарекеті дәлел болады. Қазақтар оны Жәнке хан атаған.
Бабырнамадағы Темір тұқымдары — әмір, Сұлтан, ал Шағатай нәсілінен
тарағандар — Жүніс, оның үлдары Сұлтан Махмұд, Ахмет хан аталады. Соңғы екі
хан иелігінен айрылып қалған жиеніне аттанады. Бірақ өз билігін жүргізуді
бір сәт те естерінен шығарған емес. Сондықтан жеңіске жетсе Ферғана аймағын
кіші хан — Ахметке, ал Ахсикенттен бастап Ходженттің солтүстігін Бабырдың
иелігіне бермек болды. Осы оқиғаны Бабыр былайша баяндайды: Үлкен ханнан
шығып, кіші ханға бара жатқанымда, Саллақ деген есіммен мәлім болған Қамбар
Әли қатарласа келіп былай деді: Аңғардыңыз ба, тақсыр, олар табан астында
бар жеріңізді алып қойды ғой. Сіз нағашыларыңызбен мәмілеге келе алмайсыз.
Қазірге Ош, Марғилан, Үзкент аймағы сізге қарап тұр. Оның тайпалары да,
халқы да Сіздің айтқаныңыздан шықпайды. Сондықтан Ошқа қайтыңыз да қамалды
мықтап бекітіп, Сұлтан Ахмет Таңбалға адам салып, татуласыңыздар,
ағайыншылықпен, Таңбалмен бөлісіп алыңыздар.
Мен оған: Әділетсіздік болмай ма? Хандар менің туған нағашы ағаларым
ғой. Таңбалдың патшасы болғаннан көре солардың қызметшісі болғаным артық
емес пе?! деп қайырып тастадым.
Қандай жазушы болмасын, шығармасында оның өз ойы, парасаты, көзқарасы
танылады деген осы шығар. Нағашы жұртым деп іш тартқанмен, билік жолында
ешкімді аяп, есіркеп көрмеген Шыңғыс тұқымы бөрілігін танытпай қоймады.
Бабыр солардың әділетсіздігінен жапа шекті.
Бабырнамада қазақ еліне тікелей қатысы бар ақын Хасан Әли Жалайри мен
Бабырдың бөлесі Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанда әкімшілік жүргізгендігі
айтылады. Олар жалғыз еместі. Жетісудан, Түркістаннан ондаған Түркі
тайпаларының сарбаздары Бабыр жасағында сап түзеді Жылан жылы — жылыс,
жылқы жылы — ұрыс болды, қой жылы зеңгір тоғыс болды дегеннің кейпі
келеді. ¥зақ жылға созылған соғыс Үндістанда ¥лы моғол мемлекетінің
салтанат құруымен аяқталды. Осы тұста оқырман: Сол ұрысты жүргізген қай
халық? деп сұрауы орынды болар еді. Бұл сауалға академик В.В.Бартольд
Өзбек хандығы деген мақаласында: Бухара и Самарханд снова перешли в руки
одного из потомков Тимур султана Бабура... записки которого являются одним
из лучших произведений турецкой прозы... Султан Бабур ушел в Индию, где им
было основано одно из самых блестяших мусульманских царств, по традиции
также считавшейся чагатайским, хотя никаких потомков в нем не было деп
жазды. Бұл — тарихи шындық. Жалпы Шыңғысханның жорығында да, оның кейінгі
әулетінің жорығында да әскердің басым көпшілігі — түркі халқы. Ал
Бабырнамада монғол туралы сөз де болмайды. Өйткені Моғолстанның елінен
қосылып жатқан лек-лек жасақтар Шағатай нәсілінен емес, Жетісу мен
Қашқардың, Түркістанның байырғы тайпаларынан тарағандар еді. Олардың
Бабырнамадағы есімдеріне назар аударып көріңіздер: Молда Мұхаммед
Түркістани, Мұхаммед Хай-дар Дулати, Әбді әл-Қадүс Дулати, Сұлтан Ахмет
Дулати; Әбді әл-Уахатта моғол, Әли Сейіт Сихыма моғол, Сұлтан Ахмет Моғол;
Әбу Жүсіп, Әмин Мұхаммед Тархан; Мұхаммед Сейіт Арғын, бұлар бүгінгі
Орталық Азияның ежслгі тайпаларынан таралған тарланбоздар Алып ел —
дүрліккенде көрінеді, данышпан — жай тірлік күнде көрінеді деп ұлы бабамыз
Махмұд Қашқари айтқандай, олар дүрбелең заманда көрінген бабаларымыз.
Сол тоқсан екі баулы түркі халқы билеуші қолбасшыларының соңынан ерді.
Көшпелі өзбектер — Мұхаммед Шайбанидің, ал Орталық Азияның жартылай көшпелі
түріктері Бабырдың соңынан ілесті. Көпте — ақыл жоқ, ебін тап та жөнге
сал деп Абай айтқандай көпті шайқаған, қоныс аудартқан қолбасшы кесемдері
еді.
Сол түркі халқы Бабырнамада жазылғандай XVI ғасырдан бұрынғы
Үндістанда, Ауғанстанда мекен құрған ба? әрине, бұған дәлелді әуелі
Бабырдың Бахираның жер иеленушілеріне айтқан мына сөзінен аңғарасыздар:
Бұл жер — атам заманнан бері түріктердің иелігі. Байқаңыздар, жүректеріңіз
қобалжып, үрей ұялап, халықты тоздырып алмаңыздар. Біз бұл халыққа, оның
жеріне іргелес тұрамыз, төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған бір
елміз. Сондықтан шапқыншылыққа, тонаушылыққа жол бермейміз.
Бабырдың сөзінің жаны бар. Түркі халқы Үндістанға б.з. IV ғасырында аяқ
басқанын, Үндістан мен Орталық Азияның тарихынан, әсіресе, Махмұд
Қашқаридың Диуани лүғат ат-түрік және Түркі сөздерінің жинағында
жазылған деректерден анық білеміз. Осы ретте бұлтартпайтын бір дәлел -
әйгілі ғалым Әмір Нәжиптің XI-XV ғасырлардағы Түркі тілінің тарихы туралы
зерттеуінде бұрын ғылым дүниесіне белгісіз, ұмыт болып келген шығарманы
оқырманға ұсынған. XIV ғасырдың басында терістік Үндістанда — Дели
Сұлтанатында Бадыр ад-дин Ыбырайымның бірнеше тілдің түп-тамырын талдайтын
парсы тілінің лұғаты жасалған. Мұнда Түркі тілі де қамтылады. Шығарма —
Ауызекті лүғат, зерттелетін дүние деп аталды. Бұл шығарманың қолжазбасы
Таш-МУ-дің қолжазба қорынан табылған. Сол сияқты Бадам әл-лүғат'\
Санлақ, Кітаби лүғати атракияда да Түркі сөздеріне талдау жасалады. Бұл
шығармалар Ұлы моғол мемлекеті орнағанға дейін Үндістанда Түркі тілдес
тайпалар мекендеп, олардың мемлекеттік тілге ие болғанын дәлелдсйді.
Бабыр ад-дин Ыбырайымның 238 беттен тұратын бұл лүғатындағы Түркі
сөздерінің көпшіліғі бүгінгі қазақ сөзінен айырғысыз. Мысалы, іні, келін,
ене, балдыз т.б. сөздер молшылық. Демек, Бабыр барғанға дейін де Үндістанда
Түркі тілі халықтар арасындағы қарым-қатынас тілі болған.
Барын ұмытып, содан кейін қайта оқыған кезде таңырқап отыру адамзатқа
жат әдет емес. Сондықтан да болар, Бабырнаманы жерден жеті қоян тапқандай
қуана ақтарып, бүрын бабаларымыз білмегендей әлде кімдерді кінәлап,
таңырқап, кім еді? деп сауал қойып мерзімді баспасөзде жазылған мақала да
болды. Шынтуайтына жүгінсек, Бабырнама —- қазақ халқының мақтаныш еткен
тағылымды дүниесі. Оны ойшыл ұлдары оқтын-оқтын есіне алып отырған.
Солардың бірі — Абай да, екіншісі — Шоқан.
Абай қазақтың қайдан шыққаны туралы сөз қозғағанда: Әмір Темір
нәсілінен Қүмар Шейх (Омар Шейх — Б.Қ) баласы, белгілі Бабыр патшаның
шешесімен бір туысқан екі бауыры болған. Үлкені Ташкентте хан балып, кішісі
қазақты билеген. Бұлар Шағатай нәсілінен Юніс ханның балалары болған. Сол
қазақты билегенінің аты Ахмет екен. Сол өз уақытында аттанысқа жарарлық
қазақтан үш жүз әскер шығарып, үш жүз басыға бөліпті. Әр жүздің халқы өз
ынтымағымен бір туысқанға есеп болыпты. Қазақтың мүш жүздің баласы
дейтүғыны сол деп жазған. Абайдың бұл айтқанына зер салсаңыз, ол
Бабырнаманы түпнүсқадан немесе А.Ильминскийдің араласуымен Қазан
қаласында жарық көрген орысша басылымынан оқыған тәрізді. Өйткені
Бабырнамада Абай айтып отырған деректер келтіріледі. Жүніс ханның... бір
әйелі Шаһ бике, —деп жазылған Бабырнамада, — Бадахшанның шаһы Сұлтан
Мұхаммедтің қызы еді. Жұрттың айтуынша Бадахшанның шаһтары арғы
тегін Файлакустың баласы Ескендірден (Александр Македонский — б.з.б. 356-
323 ж.— Б.Қ. таратады. ІІІаһ бикеден.. Сұлтан Махмұд хан еді, оны
Самарқан мен оның төңірегіндегі жүрт Ханике деп атады. Сұлтан Махмұд
ханнан кішісі Сұлтан Ахмет еді, жұртқа Алаша хан деген есіммен мәшһүр
бодды, Оның Алаша хан аталуының себебі, қалмақтар мен моғолдар кісі
өлтірген адамды алаш атайдымыс. Сұлтан Ахмет хан болса қалмақтарды талай
рет жеңіп, көп адамды қырғынға ұшыратқан, сондықтан да ол алаш аталып,
келе-келе Алаш оның есіміне айналған.
Бүдан бес жүз жыл шамасы бүрын алаш туралы айтылған осыдан артық нақты
дерек әзірге жоқ. Осы күндері әдебиетшілеріміз әр тұрлі жорамаддар үсынып
жатыр. Бірақ Бабырдың жазбасындағыдан дәйекті дерек қазірге табылмады
десек, қателеспеспіз деп ойлаймын.
Абай Бабырнама деректеріне көрегендікпен жөн сілтеп: Самарқанның сар
жолы, Бұланайдың тар жолы дегені, — бәрі Шыңғыстың сапарын көрсеткен сөз.
Бұланай деп Гималайды айтқаны ма, Үндукеш тауы ма? Әйтеуір бір тауды айтқан
сөз екені: Бұланайдан үлкен тау болмас, бұланнан үлкен аң болмас деген
мақалынан мағлұм деп, бұл қазаққа жат шығарма еместігін еске салып кеткен.
Бабырдан бұрын оның бабасы Әмір Темір де жорық жасаған, бірақ оның
қиындығмн Бабырдай көп көрген қолбасшы жоқ шығар.

2 тарау, 2.1 Бабырнама Түркі халқының ортақ шығармасы
Бабырнамадағы қазақ тарихының алтын қазығындай қазыналы дерегі —
халқымыздың тұңғыш тарихшмсы Мұхаммед Хайдар Дулатидың ғұмыры жайындағы
әңгімелері Бабыр туған бөлесі жайында былай деп жазған: Хұб Нигср
ханымның ұлы Хайдар мырза (Мұхаммед Хаидар Дулати — Б.Қ.) еді. Әкесін
өзбектер өлтіргеннен кейін ол үш-төрт жыл менің қасымда болды. Содан кейін
рұқсат сұрап, Қашқарияға, ханға кетті.
Алтын, күміс, қорғасын,
Нендей асыл болмасын
тартады өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
М. Х. Дулатидың өмірбаянына шолу
Доспамбет жыраудың толғаулары
Жақсыдан қалған жәдігер Жаһан - наме поэмасының зерттелу тарихы мен мазмұны
Мұхамед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты еңбегі
Бабыр құдіреті
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір белестерінен
ЕЖЕЛГІ ТАШКЕНТ
З.М.Бабырдың «Бабыр-наме» шежіресі әдеби туынды
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
Пәндер