Синтоизм



ЖОСПАР

Кіріспе

I . БӨЛІМ. Жапондардың ұлттық діні . синтоизм

1.1 Тәңір туралы түсінігі

1.2 Қасиетті жазбалары

1.3 Діни рәсімдер мен құлшылықтар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды» [1]. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.
Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.
I – БӨЛІМ. Жапондардың ұлттық діні – синтоизм

Синтоизм – бұл Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні. "Синто” ("құдайлар жолы”) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен рухтар әлемін ("ками”) білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін күн құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау алады деп есептейді. Аматэрасу – синтоистік құдайлар пантеонының басты құдайы.
«Синто» – құдайлар жолы деген сөз. Қытай тіліндегі «син» немесе «сен» түрінде айтылған синто жапондықтардың жергілікті діни сенімдері ретінде белгілі. Жапондар VI ғасырда буддизм Жапонияға тарағаннан кейін ежелгі діни сенімдерін буддизмнен ажырата білу үшін «синто» сөзін қолданды. Синтоизм осы сөзден өрбіді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

I – БӨЛІМ. Жапондардың ұлттық діні – синтоизм

1.1 Тәңір туралы түсінігі

1.2 Қасиетті жазбалары

1.3 Діни рәсімдер мен құлшылықтар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер
болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып
жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол
қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі
болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы
соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын
халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді
сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның
әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде
болса керек. Өйткені тіпті религия, сөзінің этимологиялық бастапқы
мәнінің өзі де біріктіру, байланыстыру, қатынасты қалыптастыру
дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын
қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар
негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мәдениеттегі діннің
рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-
мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде
жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен діннің
бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды [1]. Қорқыныш-
үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни
сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және
бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер религия — (дін) терминіне
келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда байлау, екінші қайта
оралу дегенді білдіретін көрінеді.
Цицерон шығармаларында религия сөзі халықтың тұрпайы соқыр
сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-
бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті,
мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады.
Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-
қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. Мен құдайға сенемін
деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл
жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк
етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да
болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған
дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық
шалу рәсімі.
Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары
деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы
қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке
белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-
сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа
сөзбен айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін
анықтағысы келетіндігі айғақ.
Адам ұжымдары қақтыгыссыз сүре алмайды. Адамдардың алғашқы
бірлестіктері зорлық-зомбылықсыз, бәрінің бәріне соғысынсыз (Т. Гоббс)
болып көрген де емес. Бастарын біріктіре тұра, бір-бірімен қауымдаса тұра
адамдар бөлінісіп, ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде
адамдардың жағымсыз қасиеттерін — қанды жауыздық құмарлығын өзіндік бір
жолға салып, оның қарқынын басатын бірден-бір құрал ретінде құрбан шалу
қарастырылады. Яғни діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу
әрекеті қоғамды дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып
табылды. Сол сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиеггі кездестіреміз,
яғни дін де адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық құштеріне кері
әрекет етіп, әлемге тыныштық, келісім, жақсылық әкелуді мақсат тұтады.
Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық,
өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді. Әртүрлі діндер осы
ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай. Дін адам Жанынан туындайтын
дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан өз
ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші нормативті құрылым
болып табылады.
Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының
тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория
ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда
қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық
механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның
әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет
пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.
Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір
құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар
арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл
алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік
етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын
дәрежеде көрсетілген. Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы
көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды.
Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы
дамуының және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке
лайық, мақсат-мүделлі іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса
түсінікті нәрсе. Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан
қандай да бір түпнегіздер табу — діннің болмыс етуінің алғы шарты.
Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас,
ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады,
әлде тіпті де мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер
және де ол адам болмыс-бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да.
Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын
алар рөлі ерекше.
I – БӨЛІМ. Жапондардың ұлттық діні – синтоизм

Синтоизм – бұл Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі
діні. "Синто” ("құдайлар жолы”) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар
мен рухтар әлемін ("ками”) білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін күн
құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан
бастау алады деп есептейді. Аматэрасу – синтоистік құдайлар пантеонының
басты құдайы.
Синто – құдайлар жолы деген сөз. Қытай тіліндегі син немесе
сен түрінде айтылған синто жапондықтардың жергілікті діни сенімдері
ретінде белгілі. Жапондар VI ғасырда буддизм Жапонияға тарағаннан кейін
ежелгі діни сенімдерін буддизмнен ажырата білу үшін синто сөзін қолданды.
Синтоизм осы сөзден өрбіді.
Синтоизм – ұлттық, алғашқы, политейстік және өзге діндерді
жатсынбайтын әрі ресми дін мәртебесіне ие болмаған дін. Оның құрушысы жоқ.
Қандай да бір тарихи оқиғаға байланысты шықпаған. Синтоизмде табиғат
күштеріне, әруақтарға табыну ерекше назар аудартады, рухты әрбір нәрсенің
бойынан іздеп табуға болады делінеді. Бұл діннің екі ерекшелігі бар:
1. Ерекше бір ұлттық дін.
2. Табиғатқа табыну бұл дінде маңызды рөл атқарады.
Жапониядағы конфуцизмге аталарға табыну, моральдық-этика, бал ашу,
сәуегейлік, сиқыр, зуһд (сопылыққа негізделген) секілді нәрселер даоцизмнің
және буддизмнің ықпалымен енді. Б.э.д.VІ ғасырда астанасын құрып Жапонияда
Ямото ақсүйегі, Аматерасу нәсілі ретінде билік жүргізе бастады және осы
императорға табыну, бір культ құрды. 1968 жылдарда ұлттық серпіліс кезеңі
басталды. Синтоизм де мұны үрлей түсті, император культі, бір мемлекет
саясатына айналды және мемлекетті Синтоның көмегіне бағындырды. Екінші
дүние соғысы кезеңінде синтоизм көп уақыт өтпей жойылды. Жапония 1945 жылғы
жеңілісінен кейін Синтоның мемлекеті қадағалау жағдайы күшін жойды.
Император, өзінің тәңір болмағандығын және тәңірлердің ұрпағы ретінде өзіне
табынылмайтындығын жариялауға мәжбүр болды.
Синтоизм қағидалары VІ-VІІІ ғасырларға жататын басты үш дереккөзге
негізделген, олар: "Кодзики”, "Нихон секи” (тарихи-жылнамалық жинақ),
"Синсэн седзироку” (генеалогиялық тізімдер).
Синтоизм жапондық дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды,
ол басты бес концепцияға негізделді. Бірінші концепцияға сай, әлем
өздігінен пайда болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен реттеліп
отырады. Екінші концепция жер бетіндегі өмір қуатын сипаттайды. Үшінші
концепцияда табиғат пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі және тірі емес деп
бөлінбеуі (себебі табиғаттың барлық құбылыстары мен адамда камилер өмір
сүреді) айтылады. Камилер осы әлемде тіршілік ететіндіктен, о дүниеден пана
іздеудің қажеттілігі жоқ. Төртінші концепция көпқұдайлықты көрсетеді,
себебі синтоның өзі жергілікті табиғат культтерінен, жергілікті, рулық және
тайпалық құдайларға табынудан пайда болған. ХХ ғасыр тізімдемесіне сәйкес
синтоның құдайлар пантеоны 3132 құдайдан тұрған, кейінірек олардың саны
едәуір өскен. Бесінші концепция бойынша синто жапон ұлтымен етене
бай­ланысты, дегенмен, бұл жақындық жапондыққа кез келген басқа дінді
ұстануына кедергі жасамайды.
Синто дінінде әр түрлі культтердің ортақ сипаттары біріктіріліп,
біртұтас рәсімділіктің күрделі жүйесі жасалды. Синтоистік діни табынудың
негізінде Аматэрасуға дейінгі ататектен бастау алатын ата-баба культі
жатыр. Адам әлемі "ками” әлемінен бөлінбегендіктен, белгілі мағынада
адамның өзі де "ками” болып табылады, сондықтан оған о дүниедегі аман
қалуды іздеу жат нәрсе. Діни тазалық "камиге” және өз ата-бабаларына деген
қастерлеуді, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді, құдайылықпен рухани
байланысты қажет етеді. Синтоизм этикасы өте қарапайым: ирригациялық
жүйелерді бұзбау, қасиетті орындарды тазалықта ұстау, жан-жануарларға
қамқорлықпен қарау.
Аматэрасу культінде айна, семсер және яшма тасынан жасалған әшекейлер
бейнеленген. Оларды мифологиялық дәстүрге сай, құдай ана жапондықтардың
алғашқы императоры ретінде немересі (кейбір деректер бойынша күйеуі)
Нинигиді жерге аттандырар алдында оған тарту етіп, бүкіл әлемді нұрға
бөлеп, билік құруды, бағынбағандарды бағындыруды өсиет етеді. Мифтегі айна
– адалдықты, семсер даналықты рәміздейді. Бұл қасиеттердің бәрі император
тұлғасында толық көрінісін табады. Синтоистік храмдар кешеніндегі ең
негізгісі Исэдегі храм – Исэ дзингу (VІІ ғ. соңында негізі қаланса керек).
Исэ дзингу Аматэрасудың храмы болып саналады.
Синто дамуындағы маңызды кезең – "Исэ синто” тұжырымдамасының
қалыптасуы. Оның басты мақсаты – император культін нығайту. Бұл тұжырымдама
пайда болуының бір себебі моңғол шапқыншылығы және одан кейінгі (1261-1281
жж.) кезеңдегі храмдардың, әсіресе, Исэ дзингу храмының ықпалы мен
беделінің артуы болды. Осы уақытта император әулетінің ілкі тегі әрі
қорғаны исэні мекендейтін Аматэрасу культі өте кең таралды. XVІ ғасырдың
екінші жартысында "Исэ синтоның” дамуы белгілі бір адамды құдай деп қарауға
жол ашатын жаңа культтің пайда болуына әкелді. Оған императорлық әулетке
жақындық емес, сол адамның ірі саяси және қоғамдық еңбегі негіз болды. Бұл
XІІ ғасырдың соңында-ақ елде қалыптасқан жағдайды, билікке әскери-феодалдық
ақсүйектердің (самурайлардың) келуін бейнеледі. Олар император әулетінің
билігін синто культінің саласымен ғана шектеді. Сөйтіп императорда таза
номиналды билік қана қалды. Феодалдық диктатор Ода Нобунага (1534-1582 жж.)
елді біріктіру үшін күрес барысында өзін ками деп жариялап, өзіне камидей
табынуды талап етті. Оның әріптесі диктатор Тоетоми Хидэйсиде (1576-1596
жж.) құдай деп танылды. Токугава Иэясу (1542-1616 жж.) сегунның (әскери-
феодалдық басқарудың басшысы) өсиеті бойынша оның аруағына табыну үшін
бірнеше храмдар мен шырақ орындары салынуы керек болды.
Токугава династиясы (1603-1867 жж.) билік құрған кезеңде
конфуцийшілдіктің әр түрлі ағымдары синтоны этикалық идеялармен байытып,
синто-конфуцийшілдік синкретизмі күшеюінің ауқымды негізін қалады. Тарихи
деректер негізінде императорлық билік культі мен институтын негіздеуді
мақсат еткен мектептер қалыптасты. Көне мифологиялық жинақтарға сүйенген
бұл мектептер жапон императорлары әулетінің құдайылық тегі мен іс-
әрекеттерінің нанымдылығы идеясын жан-жақты баяндап, насихаттайды. Олар
"ұлттық” бірегейліктің бейнесі мен бастауы ретіндегі "тэнно” (император)
рөліне басты назар аударады. Ұмытылған Жапон "жолы” — "мити” (қытайша –
"дао”) даналығы қайта өркендеп, "көне синто” ("фукко синто”) қалпына
келтірілді. Императорды қорғау, императорлық билікті реставрациялау
идеялары сегунат жүйесін құлатуға бағытталған оппозициялық қозғалыстың
идеологиялық негізіне айналды.
XІX ғасырдың ортасындағы ел есігінің ашылуы, шетелдіктердің келуі мен
батыс мәдениетінің ағыны тұрғындардың басым көпшілігінің тұрмысын қиындатып
жіберді. XX ғасырдың басында Мито мектебінің ғалымдары, әсіресе, оның
көрнекті өкілі Аидзава Сэйсисайдың (1781-1863 жж.) "сонно дзей”
(императорға табыну, варварларды қуу) ұраны қоғамның әр түрлі таптары
тарапынан, оппозициялық самурайлар арасынан қолдау тапты. Шетелдіктерге
және сегунға қарсы қозғалыс бір ұранның төңірегіне шоғырланды.
Сегунат жүйесінің талқандалуына алып келген күрестің аяқталуы және
императорлық биліктің реставрациялануы, Жапонияның жаңа жолды таңдағанын –
елдің жаңартылуын, қоғамдық өмірдің, соның ішінде діни сананың да
өзгертілуін білдірді. Алайда алған мақсаттарға жету үшін жаңа өкімет
органдарына елдің тарихи қалыптасқан ұлттық ерекшелігімен және мәдениеттің
өзінділігімен санасуға тура келді. Бұл бағыттағы оңтайлы жол "вакон есай” –
"жапон рухы, еуропалық білім” қағидаты болып көрінді.
1868 жылдың наурызында діни ритуал (әдет-ғұрып) жүйесі бірлігіне
қайтып оралу және мемлекеттік істерді басқару (дін мен саясат бірлігі)
туралы жарлық жарияланды. Дзингихан – "көк” және "жер” тәңірлері ісі
жөніндегі басқарма қалпына келтірілді, жапон тарихының мифологиялық кезеңі
император Дзимму таққа отырған – "Жапон империясының негізі қаланған б.з.б.
660 жыл” жыл санаудың бастауы деп жарияланды. Сонымен қатар, император
әулетінің діни және саяси беделін көтеру үшін көне синтолық рәсімділік
қайта жаңғыртылды. Император культі – тэнноизм, көп құдайлықты жалғыз "тірі
құдайға” табынумен алмастырып, мемлекеттік синтоның негізіне айналды.
Тэнноизмнің теориялық негізі – ұғымдардың күрделі жүйесі "кокутай”
(мағыналық аудармасы "ұлттық мән”, сөзбе-сөз "мемлекет тәні”) болды.
Кокутайдың компоненттері – жапондықтардың шығу тегі мен
мемлекеттілігінің "құдайлық” бастауы, ғасырдан ғасырға жалғасқан
императорлық әулет, жапондықтардың менталитеті мен моральдық ізгіліктері
ретінде танылған императорға берілгендік пен үлкенді сыйлаудан көрініс
тапқан ұлттық ерекшелік.
Тұтас алғанда мемлекеттік синтоға император отбасының ұлағаты болып
табылатын династиялық синто, жалпы жапондық және аймақтық құдайларға
табынатын храмдық синто; қасиетті рәсімдер атқарылатын храмның кішкене
көшірмесі – үй камиданы кірді.
Жапония екінші жаһандық соғыста жеңіліс тапқан соң, жалпы
демократиялық өрлеу жағдайында ел демократиялануға бағыт алды. Осы орайда
милитаризм мен тэнноизмнен тазару шаралары жүргізілді.
1946 жылғы жаңа жылдағы халыққа жолдауында император Хирохито шыққан
тегінің құдайылығынан бас тартты. Білім беру жүйесінде прогресшіл
реформалар жүргізілді, император культіне негізделген моральдық тәрбие
тыйылды. 1947 жылғы Конституция император статусын өзгертіп, енді ол
"мемлекет пен ұлттық бірліктің рәмізі” деп жарияланды. Бірақ мемлекеттік
синто түбегейлі өзгеріске ұшырамады. Тэнноизмді жаңғырту саясатының басты
бағыты – синтоизмді мемлекеттік дінге айналдыру болды.
1946 жылы жоғарғы синто басшылығы "Синтолық храмдар ассоциациясын”
("Дзиндзя хонте”) құрды. Ол храмдарды басқарудың біртұтас
орталықтандырылған жүйесін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Ассоциацияға
олардың басым бөлігі – 78 мыңнан астамы кірді. Бұл бұрын мемлекетке тиесілі
болған храмдық жерлерді храм меншігіне қайтарып алуға мүмкіндік берді.
1952 жылы император сарайында болатын рәсімдер ресми мемлекеттік
рәсім сипатын алды. 1959 жылы мемлекеттік акт ретінде Акихитоның (билік
етуші Хирохитоның ұлы) мұрагер ретінде жариялануының және оның үйлену
тойының синтолық рәсімдері жасалды. Мемлекеттік синто идеяларының нығайған
кезеңі – обарай рәсімі – барлық жапон ұлтының жамандықтан тазару рәсімінің
қайта жаңғыруы болды. Бұл рәсімге дін басының қатысуы ұлттық дін мен
императорлық биліктің бірлігін байқатты.
Императорлық әулет пен халықтың "құдайылық” тегі туралы деректер
келтірілген тарихтың мифологиялық кезеңі қайтадан мектеп оқулықтарына
енгізілді. Тэнноизмді қалпына келтіруде император үшін қаза тапқан
жауынгерлерге арналып 1868 жылы Киото қаласында тұрғызылып, буржуазиялық
революциядан соң Токиоға көшірілген Ясукуни храмының маңызы зор болды. Храм
әскер мен әскери-теңіз флоты қарауында болды.
1969 жылы "Синтолық храмдар ассоциациясы” негізінде "Синтолық саяси
лига” – мемлекеттік басқару ісіне араласуды ашық мақсат еткен ұйым құрылды.
1989 жылғы қаңтарда император Хирохито қайтыс болды. Синто жүйесі тақты
мұралау шарасындағы барлық рәсімдер кешенін белгіледі. "Құдайлық
регалияларды”, мемлекеттік және императорлық мөрді тапсыру, лазауымды
адамдарды өкімет шешімімен императордың алғашқы қабылдауы тек діни рәсімдер
ретінде ғана емес, мемлекеттік акт ретінде өткізілді.
Синто бүгінгі күндері жедел қарқынмен жаңғыртылуда. Синтолық
ұйымдар индустриялық дамыған өз елдерінің барлық саласына белсене
араласады, әлеуметтік өмірге ат салысып, қоғамның әр түрлі салаларына өз
ықпалдарын күннен-күнге арттырып келеді. Ең алдымен? бұл синтолық
қауымдарда жүргізілетін көп салалы жұмыстарға қатысты. Қаладағы немесе
ауылдағы әрбір орам белгілі бір храмға қарайды. Соңғы жылдары синтолық
приходтардың қызметкерлері халық арасында мәдени-ағартушылық шараларды іске
асырады, синто, буддизм, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыста ежелгі дәуірлер қолданылған - жапон дереккөздері Кожики және Нихонги ретінде
Заманауи жапон мәдениетіндегі синтоизм
Шығыстың ұлттық діндері: Индуизм, Конфуциандық, Даосизм, Синтоизм. Иудаизм
Ұлттық діндер
Діннің шығуы және алғашқы түрлері. Ежелгі шығыс халықтарының ұлттық діндері
XVII ғасырдағы Жапонияның саяси-әлеуметтік жағдайы
Жапония храмдары
Синто діні
Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні
Діни антропология пәні және мәні мен мақсаты
Пәндер