Электронды оқулық жасау технологиялары. Кәсіптік шетел тілі пәні бойынша электрондық оқулық жасау және оны қолдану әдістері
КIРIСПЕ 4
І ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ 7
1.1 Электрондық оқулық және оның тиімділігі 7
1.2 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар 9
1.2.1 Электрондық оқулыққа қойылатың жалпы талаптар 9
1.2.2 Электрондық оқулықтың құрамына қойылатын талаптар 11
1.2.3 ЭО.тың функцияларына қойылатын талап тар 12
1.2.4 Электрондық оқулықтың мазмұн құрылымына қойылатын талаптар 13
1.2.5 Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар 14
1.2.6 Электрондық оқулықтың кері байланысына қойылатын талаптар 15
1.2.7 Электрондық оқулықты рәсімдеуге қойылатын талаптар 16
1.2.8 Электрондық оқулықтың құжаттамаларына қойылатын талаптар 18
1.3 Электрондық оқулықтың құрылымы 19
1.4 Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi 21
ІІ ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 23
2.1 Техникалық оқыту құралдары 23
2.2 Гипермәтін мен гипермедиа 24
2.3 Электрондық оқулықтар жасауда мультимедиа және телекоммуникациялық технологияларды қолдану 26
2.4 Электрондық оқулықтар жасауда Front Page бағдарламасын қолдану 29
2.5 Электрондық оқулықтар жасауда Flash технологияларды қолдану 33
2.6 AutoPlay Media Studio бағдарламасы 37
IІI ТАРАУ “КӘСІПТІК ШЕТЕЛІ ТІЛІ” ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУ 40
3.1 Оқу материалдардың жасау ерекшеліктері 40
3.2 Электрондық оқулықтарды жобалау және жасау 41
3.3 Электронды оқулықтың оқу материалының мазмұны 42
3.4 Электронды оқулықтың құрылымды бөлшектерін құру 44
3.5 Кәсіптік шетел тілін оқытуда электрондық оқулықты қолдану әдістері 50
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56

Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын (АКТ) меңгеру және жапай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі оқытушы АКТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және басқа білім беру формаларында қолданылатын АКТ құралдарының негізгі түрінің бірі элетрондық басылымдар болып табылады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын шетел тілі пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, студенттің шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан электрондық оқыту құралдары бере алады.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық- коммуникациялық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы оытушылардың кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасау өзекті мәселе болып табылады.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Оқу үдерісінде ақпараттық және қатынастық технология құралдарын кешенді пайдалану мүмкіндігін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бұрыннан таныс бағдарлама құралдары мен дүниежүзілік алғы шепке сәйкес келетін жаңа құралдар болып табылатын көп функционалды білім берудің электрондық басылымдарын жасау және қолдану арқылы да жетуге де болады.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 4
І ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ 7
1.1 Электрондық оқулық және оның тиімділігі 7
1.2 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар 9
1.2.1 Электрондық оқулыққа қойылатың жалпы талаптар 9
1.2.2 Электрондық оқулықтың құрамына қойылатын талаптар 11
1.2.3 ЭО-тың функцияларына қойылатын талап тар 12
1.2.4 Электрондық оқулықтың мазмұн құрылымына қойылатын талаптар 13
1.2.5 Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар 14
1.2.6 Электрондық оқулықтың кері байланысына қойылатын талаптар 15
1.2.7 Электрондық оқулықты рәсімдеуге қойылатын талаптар 16
1.2.8 Электрондық оқулықтың құжаттамаларына қойылатын талаптар 18
1.3 Электрондық оқулықтың құрылымы 19
1.4 Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi 21
ІІ ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 23
2.1 Техникалық оқыту құралдары 23
2.2 Гипермәтін мен гипермедиа 24
2.3 Электрондық оқулықтар жасауда мультимедиа және телекоммуникациялық технологияларды қолдану 26
2.4 Электрондық оқулықтар жасауда Front Page бағдарламасын қолдану 29
2.5 Электрондық оқулықтар жасауда Flash технологияларды қолдану 33
2.6 AutoPlay Media Studio бағдарламасы 37
IІI ТАРАУ "КӘСІПТІК ШЕТЕЛІ ТІЛІ" ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУ 40
3.1 Оқу материалдардың жасау ерекшеліктері 40
3.2 Электрондық оқулықтарды жобалау және жасау 41
3.3 Электронды оқулықтың оқу материалының мазмұны 42
3.4 Электронды оқулықтың құрылымды бөлшектерін құру 44
3.5 Кәсіптік шетел тілін оқытуда электрондық оқулықты қолдану әдістері 50
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56
ҚОСЫМША 58
КIРIСПЕ

Зерттеудің нысаны. Электрондық оқулық жасау және пайдалану.
Зерттеудің мақсаты. Электрондық оқыту бағдарламаларын жасаудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын және оларға қойылатын талаптар кешені мен технологияларын зерттеу және "Кәсіптік шетел тілі" пәні бойынша электрондық оқыту құралдарын жасау.
Зерттеудің міндеттері.
1. Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде кәсіптік шетел тілін оқыту қызметін анықтау.
2. Оқытуда білім берудің дидактикалық негіздерін анықтау арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдерін айқындау.
3. "Кәсіптік шетел тілі" пәні бойынша арналған электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясын анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Білім беруді ақпараттандыру және колледжде информатика мамандарын дайындау барысында кәсіптік шетел тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға жаңа жағдай жасап, үлкен мүмкіншіліктер туғызуда. Бұл арнаулы орта білім беру жүйесіндегі оқытудың тиімділігін арттырып, білім дәрежесі жоғары, сапалы мамандар даярлауға жағдай жасайды.
Зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
Электрондық оқыту құралдарын жасауда дұрыс жолды пайдалану жағдайында тек қарапайым тілдесу ғана алынып қоймайды, оқушының тұлға болып дұрыс қалыптасуы мен мотиацияны дамыту үшін жағдай жасалатын педагогикалық тілдесу алынып, оқушыға ыңғайлы көңіл-күй қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің практикалық құндылығы:
"Кәсіптік шетел тілі" пәні бойынша электрондық оқыту құралдарын жасауда пайдаланатын ақпараттық технология бірнеше басты қызметтерге негізделеді, олар:
oo қабылданатын оқу ақпараттарының саналығы мен тереңдігін қамтамасыз ететін көрнекілік, түсініктер мен ұғымдардың қалыптасуы;
oo ақпараттық, өйткені, оқу құралдары - қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы білімнің негізгі көзі болып табылады;
oo оқыту үдерісін жеңілдетіп және алға қойған мақсатқа күш және уақытты үнемді жұмсап жетуге бейімдейтін компенсаторлық қызмет;
oo оқыту үдерісіне ыңғайлы жағдайлар жасайтын, демонстарция, өзіндік жұмыс ұйымдастыратын үйренгіштік қызмет;
oo нысана немесе құбылысты біртұтас та, бөлшектеп те қарай алатын интерактивтік қызмет.
Қорғауға зерттеудің төмендегі қорытындылары ұсынылады:
1. Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде информатиканы оқыту қызметін нақтылау.
2. Оқытуда білім берудің дидактикалық негіздерін анықтау арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдерін дәлелдеу.
3. "Кәсіптік шетел тілі" пәні бойынша арналған электрондық оқулық жасау және пайдалану технологиясын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, зерттеудің тұжырымдамасы келтірілген қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер нәтижелерінің дәйектілігі баяндалады.
Электрондық оқулық деп аталатын бірінші бөлімде ақпараттық технологияның көмегімен оқыту, электрондық оқулықтар және олардың оқу процесiндегi ролi, электрондық оқулықты дайындаудың талаптары, электрондық оқулықты құру ерекшелiктерi, электрондық оқыту бағдарламаларын жасаудың заманауи технологиялары мен оны пайдаланудың әдістері қаралып, талданған.
Кәсіптік шетелі тілі" пәні бойынша электрондық оқулық құру атты екінші бөлімде білім беру жүйелерінің сатыларына сәйкес электрондық оқулықтар құру, болашақ маманның электрондық оқыту бағдарламаларын жасау мен пайдалануға дайындау, қолданылуға ұсыну.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері тұжырымдар көрсетілген.
Қосымшада Кәсіптік шетелі тілі" пәні бойынша электрондық оқулық скриншоттары көрсетілген.
Дипломдық жұмыс көлемі 60 беттен және 50 әдебиеттер тізімінен тұрады. Онда 2 сурет және 2 кесте келтірілген.
І ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ
1.1 Электрондық оқулық және оның тиімділігі
Кітап барлық ұрпақтарға белгілі, жұмыста, білім алуда қолдануға ыңғайлы. Оның қасиеті қолдану қарапайымдылығында болып отыр. Ал кемшілігі - ақпараттың мәтіндік түрі. Онда көптеген жағдайларды мысалы, өнер туындыларын немесе қозғалыстың жүйелілігін толық түсіндіру мүмкін емес.
Оқыту тәжірибесі және психологиялық-педагогикалық зерттеулер оқытудың тиімділігі барлық мүшелер сезімдерінің белсенділік дәрежесімен тікелей байланысты екендігін көрсетті: оқу материалын қабылдау сезімі барынша әртекті болса, онда ол соншалықты нақты игеріледі.
Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы жанды болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.
Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілген [1].
Электрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы [2].
Электронды оқулықтар және СИМБҚ-ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда студенттердің жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.
Электрондық оқулық - ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі:
теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;
сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.
Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялардын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Электрондық ресурстарды қолданып оқыту жаңа педагогикалық технологияның бір түрі болып табылады, ол педагогиканың негізгі заңдарына бағынады және білім берудің дәстүрлі дидактикалық ерекшеліктерін ұстанады, бірақ оқу ортасының жаңа шарттары мен критерийлерімен толықтырылады.
Электронды оқулық мынадай жағадайларда тиімді:
1) тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді, яғни интерактивті болып табылады;
2) қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі, іздеу жай оқулықта қиынға түседі;
3) гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше рет енген кезде уақытты үнемдейді;
4) экранға мәтінді шығарып ғана қоймай, сонымен бірге көрсетеді және үлгілейді және т.б. - осында мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары белгілі болады;
5) нақты тарау бойынша нақты тұлға үшін ең сәйкес келетін білімді тексеру;
6) Интернет көмегімен қажетті ақпаратты жаңартуы мүмкін.
Қазіргі кезде компьютерлік дидактикалық программалардың келесі типтері белгілі[14]:
1) бақылаушы программалар - кейбір істерді жоспарлау және орындау жолында оқушы белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу ортасында тапсырмаларды көрсету;
2) оқыту програмамлары - оқушыға оқу материалы мен ол жауап бере алатын сұрақтарды беру;
3) үлгіленуші программалар - оқушыдан талап етілетін тапсырмаларды беру;
4) жаттығу программалары - есепті шешудің техникалық дағдылануларын бекіту үшін қызмет етеді. Олар теория бойынша ақпаратты алуды қаматамасыз етуі тиіс;
Электрондық оқулықтарды қолдану практика жүзінде:
- білім алушыларға білімді өз бетінше игеру іс-әрекетінің әртүрлі формаларын ұйымдастырады;
- оқудың түрлі іс-әрекеттерін орындау процесінде жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін қолдануға жағдай жасайды, сонымен бірге, тіркеу, жинау, сақтауинтерактивтік диалог, объектілерді моделдеу, құбылыстар, процестер, лабораторияларда жұмыс істеу мүмкіндіктерін жасайды;
- оқу процесінде ақпаратты тікелей мультимедиа технологияларды, гипермәтіндік жіне гипермедиа жүйелердің мүмкіндіктерін қолдану арқылы шығару;
- болашақ мамандардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін бағалау, сонымен бірге олардың білім деңгейін, іскерлігін, дағдыларын, нақты бір тапсырмаға дайындығын, стандарт талаптарына сәйкес олардың материалды игеру нәтижелерін тексеру;
- білім алушының оқу іс-әрекетін басқару, оның білім деңгейін, іскерлігін, дағдыларын, оқу құралдарын пайдалану ерекшеліктерін бақару;
- білім алушының жеке өз бетінше оқу іс-әрекетін орындауына жағдай жасау, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;
- оқытудың тиімділігін көтеру мақсатында оқытушы мен студенттің жедел әрі тұрақты түрде сұхбаттасу негізін құру.
Электронды оқулықтар студенттердiң:
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- студенттердiң сөздiк қорының молаюына;
- тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Электрондық оқыту құралдарын (ЭОҚ) компьютерлік техника көмегімен өңделіп көрсетілетін, кез-келген электрондық тасымалдаушыда немесе компьютер желісінде жарияланған, білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласынан оқушыларға білімді, біліктілік пен дағдыларды шығармашылық тұрғыда белсенді меңгеруді қамтамасыз ететін осы сала бойынша жүйеленген материалдардан тұратын графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөздік, музыкалық, бейне-, фото-, және басқа да ақпараттар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
1.2 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар
1.2.1 Электрондық оқулыққа қойылатың жалпы талаптар
Электрондық оқулықтар негізгі білім беру электрондық басылымдары болып табылады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын, мамандықтың білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа, электрондық оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге асыратын пәнді оқыту барысында дидактикалық жүйенің үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек. Электрондық оқулықтардың негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады.
Электрондық оқулық кiшкене ғана мәтіндік мәлiметтердi сақтап, ұзақ уақытқа дейiн экранға шығарып бiлiмдi жетiлдiредi. Мазмұнының көлемi және қарiптiң өлшемi болады. Электрондық оқулық кейбiр сөздi бөлiп алуды, түрлi түстерге бояуды толықтырады, болмаса оқуды қиындатып немесе жеңiлдетiп көрсетедi. Мұндай оқулықтар көптеген мәлiметтердi өзiнде сақтайды.
Дәстүрлi оқытуда жаңа материалдарды түсiндiргенде вербальды түрге енедi. Осыған байланысты аудио фрагменттердi электрондық оқулықта пайдалану ақпараты игерiп қана қоймай, сонымен қатар жаңа материалды жақсы түсiнiп, мидың жұмысын, есту және көру мүшелерiнiң жұмыс iстеуiн жақсартады. ЮНЕСКО берiлгендерi бойынша қабылданатын ақпарат аудио-қабылдау арқылы 12%, визуальды - 25%, ал егер аудио-визуальды - 65%-iн қабылдайды. Қазiргi кезде мультимедиялық жүйенiң жақсы дамуына байланысты оқытуда пайдаланылатын компьютердiң көп бөлiгi дыбыстық жүйемен қамтылған. Аудиториялық сабақ кезiнде дыбысты құлаққаптар (наушник) арқылы естуге болады.
Электрондық оқулықтың оқу элементтерiне гиперсiлтемесi және басқа бөлiмдерi мен анықтамаларға сiлтемесi болуы керек. Керек бетке тез ауысу мүмкiндiгi болады. Мәтіндік, графиктiк және басқа материалдар бойынша дидактикалық түсiндiрмесi болады. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, сараптау және саралау мүмкiндiгi, сақтау жылдамдығы, оқу материалын толық қамтылғаны бетте (компьютер экранында) орналасқанына ғана емес, сонымен қатар бiрiнен кейiн бiрi орналасқан беттерге де қатысты. Қағаз кiтапта бiр мезгiлде екi бетке бiрдей қарауға болады, ал электрондық оқулықта бұлай етуге болмайды. Бiрақ жоғарыда айтылғандарға байланысты электрондық оқулықта кез келген жерге қыстырма қоюға болады .
Электрондық оқулықта пайдаланған әдебиеттер тiзiмi болуы керек. Жоғарыда ескерткендей электрондық оқулық белгiлi бiр ЖОО-ның оқу жоспарына байланыста болады және әдебиеттер тiзiмi де соған байланысты болады.
Электрондық оқулық ешқашан да кiтаптың орнын ауыстыра алмайды. Әдебиет туындысының сахнада көрiнуi басқа жанрға жатады, сол сияқты электрондық оқулық та оқудың басқа жанрына жатады. Электрондық оқулық құру үшiн тек қана жақсы кiтапты алып қана қоймай, оған сай иллюстративтi материалды, мультимедиялық мүмкiндiктi және жаңа ақпаратты қамтамасыз етiп қана қоймау керек. Электрондық оқулық суретi бар мәтiнге немесе анықтамалық функцияға айналып кетпеуi керек. Электрондық оқулық қағида мен мысалдарды бiлудi және есте сақтауды жеңiлдету керек. Мәтіндік құраушы шектелген болуы керек - компьютер материалын оқығаннан кейiн оны тереңiрек түсiну үшiн кiтапты оқу керек.
ЭУ-тың объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
1. ЭУ оқу мақсаттарына тікелей сәйкес келмейтін, яғни, оқу курсының мазмұнына жатпайтын және пайдаланушының назарын өзіне аудартатын ақпаратты қамтымау керек.
2. ЭУ-та интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді болуы мен қатар, пайдаланушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін бүтін ЭУ-тың және оның жеке бөліктерінің жұмыс істеу логикасын түсінуге көмектесетін түрде болу керек.
3. ЭУ-та оқылатын объектiлер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту үшін, сонымен қатар сыртқы әрекеттердi имитациялау үшiн, имитациалық компьютерлiк моделдер ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік моделдермен өзара-әрекет мәселелері оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан оқушының көңілін бөлмей, оларды меңгеру үшін интеллектуалды ынтаны сүбелі азайтатындай болуы керек.
4. ЭУ жабық та, ашық та ортада қолданылу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭУ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локалды компьютерлік желіде орындалушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭУ ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
5. ЭУ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің, соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің, нұсқасын ескере отырып автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес ЭУ-тың тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болуы керек.
6. ЭУ қажетті өзгертулерді енгізуді оңайлату және сынақтан кейін программаның алғашқы кодын өзгертпей ЭУ-тың мазмұнын жетілдіру мүмкіндіктері болуы керек, сонымен қатар рұқсатсыз оқу материалы мен статистикалық деректерге қолжетпек болмауы керек.
1.2.2 Электрондық оқулықтың құрамына қойылатын талаптар
ЭУ-тың құрамына: титул, мазмұн, контент, утилиталар, көмекшi және құжаттама енгiзiлу керек.
1. Титулда ЭУ-тың шығу мәліметтері орналасады. Шығу мәліметтеріне қойылатын талаптар осы стандарттың сәйкес тарауында келтірілген.
1.2 Тақырыптамада ЭУ-тың құрылымы мен барлық семантикалық оқу бірліктерінің атаулары көрсетілуі керек.
2. Контентте ЭУ-тың мақсаттары мен есептеріне қатысты, және бiлiмдi қорытынды бақылау өткізуге қажет, барлық оқу материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып түсінікті, дәл, толық және қарамақайшылықсыз жазылуы керек.
3. Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару, мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
4. Көмекшiде ЭУ-тың жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭУ-тың iске қосылу моментiнен бастап қолжетпек болу керек.
1.2.3 ЭО-тың функцияларына қойылатын талап тар
ЭУ-пен жұмыс жасау үшiн келесi функциялар жүзеге асырылу керек: пайдаланушыны тiркеу; деректердi қорғау; бағыттама; мазмұн қарауды ұйымдастыру; оқыту траекториясын анықтау; оқыту және бiлiм бақылау; тестiлеу; статистикалық есеп беру.
1. Пайдаланушыны тiркеу функциясы ЭУ-та пайдаланушы туралы деректердi енгізу, өзгерту және жоюды қамтамасыз ету керек.
2. Деректердi қорғау функциясы ЭУ-тың мазмұны мен тестілеу нәтижелерінің бүтiндiгiн сақтау керек, сондай-ақ, белгілі бір деректерге рұқсатты қолжетпек және басқа деректерге шектеулі қолжетпек жасау үшін пайдаланушыларды авторизациялау керек.
3. Бағыттама функциясы ЭУ-ң құрылымы бойынша қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
4. Мазмұн қарауды ұйымдастыру функциясы тапсырмалар орындауды, сұрақтарға жауап беруді және білім бақылауды талап етпей, ЭУ-тың мазмұнымен алдын ала танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету керек.
5. Оқыту траекториясын анықтау функциясы міндетті оқытуды және бiлiм бақылауды өткізу үшін сабақтардың тізбегін қолмен, тестілік немесе толық таңдау негізінде құру мүмкiндiгін қамтамасыз ету керек.
6. Қолмен таңдау ЭУ-тың мазмұнындағы модулдердің, блоктардың және сабақтардың нөмiрлерiн белгiлеу арқылы оқыту траекториясына қолмен енгізуге мүмкiндiк беру керек.
7. Тестілік таңдау ЭУ-тағы оқу материалының барлық көлемi бойынша тестiлеу кезінде дұрыс жауаптың саны жеткiлiктi емес болған модулдер, блоктар мен сабақтарды оқыту траекториясына автоматты түрде енгізуге мүмкіндік беру керек.
8. Толық таңдау автоматты түрде ЭУ-ң барлық модулдерін, блоктарын және сабақтарын оқыту траекториясына енгізуге мүмкіндік беру керек.
9. Оқыту және білім бақылау функциясы теориялық материалды оқу, тапсырманың интерактивті орындалуын, қойылған сұраққа жауап беру және оқыту траекториясы көлемінде ағымды, аралық, белестік және қорытынды бақылаулар өту мүмкіндіктерін қаматамасыз ету керек. Осы жағдайда сұрақтардың дұрыс жауаптар саны жеткіліксіз болса, оқушы ЭУ-ғы ағымды оқыту бірлігін қайталауға мәжбүр болады. Оқыту имитациялық компьютерлік моделдеу функциясын қосуы мүмкін. Оқыту үзілуі және үзіліс болған жерден жалғасуы мүмкін.
10. Тестілеу функциясы тұтас ЭУ бойынша тесті өту уақытын өзгерте алатын және нәтижелерді тіркеу мүмкіндіктері бар автоматты тестілеу құралдарын қамтамасыз ету керек. Сұрақтар мен жауаптар варианттары оқу курсының сұрақтар базасынан кездейсоқ таңдау арқылы беріледі. Тестілеудің нәтижесі экранға шығады. Тестілеудің қанағаттандырылмайтын нәтижесінде, жауабы дұрыс берілмеген кез келген сұраққа еркін көшу ескерілу керек.
11. Статистикалық есеп беру функциясы оқушының берілген оқыту бірлігін меңгеру деңгейі туралы нақты ақпаратты және ол туралы сұратымға байланысты басқа статистикалық деректерді беру мүмкіндігіне ие болуы керек.
1.2.4 Электрондық оқулықтың мазмұн құрылымына қойылатын талаптар
ЭУ-тың контенті үш деңгейлі семантикалық оқыту бірліктеріне бөліну керек: 1 - модулдер, 2 - блоктар, 3 - сабақтар.
1. Модул блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы ірі синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.
2. Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.
3. Сабақ минималды синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі және ол бірнеше оқыту элементтерінен тұрады. Сабақтағы міндетті оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал мiндеттi емес элементтерге оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графика, аудио және видео жатады.
a. Теориялық материал таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
b. Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерiн жаттығуды орындау, есептi шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. түрiнде деталды талдауын қамтамасыз етуi керек.
c. Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының iшкi байланысын анықтауға, олардың әртүрлi сыртқы әсерлер кезiндегi функционалдық қасиеттерiн зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептердi шешудегi практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың тұжырымдамасында атқарылатын iс-әрекеттердiң ретi мен күтілетін нәтижеге және олардың берiлу формасына қойылатын талаптарға түсiнiктемелер болуы керек.
d. Сұрақ-жауаптар бiлiмдi меңгеру үшiн және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетiлдiру үшiн қиындық деңгейі, сипаты және жауаптардың берiлу пішімі бойынша түрленуі керек.
e. Тестер сұрақтар мен олардың жауаптарының вариантарын қамтуы керек. Тестер дұрыс жауапты таңдау кезiнде қарапайым табу әдiсiн қолданбау үшiн мағынасын түсiнбей жауап беретiн сұрақтарды қамтымауы керек. Оқушы оқу материалын терең бiлгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшiн дұрыс емес жауаптар өздерiнiң мазмұны бойынша дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тестер оқушылардың iс-әрекеттерi мен жауаптарында болатын әдеттегi қателер туралы ескертулер мен сол қателердi жiбермеу және түзету туралы түсiнiктемелерді қамтуы мүмкiн.
f. Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептердi шешу мен тәжiрибе өткiзуге, курстық, дипломдық және т.б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелiк, графикалық және басқа оқу-әдiстемелiк мәлiметтер қамту керек.
g. Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын ашу және көрсету үшін қажеттi қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
h. Тезаурус ЭУ-ң пән аймағына байланысты терминдер және қысқартулар сөздігін қамту керек.
1.2.5 Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
Оқыту элементтерiне: Теория, Мысалдар, Тапсырмалар, Сұрақтар, Тестілер, Тезаурус, Анықтамалық, Графика, Аудио және Видео жатады.
1. Оқыту элементі Теория оқылатын сабақтың теориялық материалдарының гипермәтiндi сипаттауына қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
2. Оқыту элементі Мысалдар мысалдардың сипаттамасы мен олардың түсініктеріне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
3. Оқыту элементі Тапсырмалар ағымды сабақ бойынша жаттығуларға және есептерге, сонымен қатар оларды орындау мен шығаруға байланысты көмекке қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
4. Оқыту элементі Сұрақтар ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін жауаптары интерактивті берілетін және тексерілетін сұрақтарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
5. Оқыту элементі Тестілер оқытудың ағымды бірлігі бойынша білім бақылауды өздігінен жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек:
- сабақ деңгейінде - ағымдағы білім бақылау;
- блоктар деңгейінде - аралық білім бақылау;
- модулдер деңгейінде - белестік білім бақылау;
- ЭУ деңгейінде - қорытынды білім бақылау.
6. Оқыту элементі Тезаурус ЭУ-та кездесетін және олардың анықтамаларына гипермәтіндік сілтемелері терминдер және қысқартулар сөздігіне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
7. Оқыту элементі Анықтамалық ағымды сабақ бойынша анықтамалыққа қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
8. Оқыту элементтері Графика, Аудио және Видео қосымша дидактикалық материалдарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
9. Оқыту элементі Графика схемаларға, сызуларға, суреттерге, фотосуреттерге және бейнелерге, соның ішінде анимацияларға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
10. Оқыту элементі Аудио оқылатын сабаққа қатысты негiзгi ұғымдарды, фактілерді, тұжырымдарды және ережелерді дыбыстауға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
11. Оқыту элементі Видео оқылатын сабаққа қатысты объектiлердің, үрдістер фрагменттерiнің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын және сабақты оқып үйрену үшін қажет атақты ғалымдардың, саясаткерлердің және басқа тұлғалардың сұхбатын көрсететін фильмдерге қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
1.2.6 Электрондық оқулықтың кері байланысына қойылатын талаптар
ЭУ-ң пайдаланушыға беретін кері байланыстың пішімі және мазмұны болуы керек.
1. Пішім кері байланыстың болуын қамту керек, ол қалай және қандай көлемде берілді. Кері байланыстың пішімі пайдаланушыға кері байланыс қандай пішімде көрсетілуін сипаттау керек.
a. Егер пайдаланушы дұрыс енгізбесе, онда пайдаланушы жауапты дұрыс пішімде енгізе алатындай ЭУ-та түзеткіш және ақпаратты кері байланыс берілуі керек.
b. Пайдаланушы кері байланыстың орналасқан жерін іздемеуі керек, ол айқын және көңіл аударатындай берілуі керек.
c. Кері байланыс пайдаланушы келесі әрекеттерді көрсетіп, оны пайдалануды бітіргендігін мақұлдағанда ғана өшуі керек.
d. Кері байланыс мейлінше ақпаратты пішімді (мәтін, графика, дыбыс, ен, және т.б.) пайдалану керек.
2. Мазмұн пайдаланушыға кері байланыс беретін ақпараттың түрін көрсетуі керек. Кері байланыстың мазмұны ол беретін ақпараттың түрін сипаттау керек.
a. Кері байланыс оқушыны қолдау керек. Кері байланыс оқушыны қате жауап үшін еш жағдайда кемітпеуі керек. Кірісінше, ол оны келешекте ақпарат алу арқылы өзінің нәтижесін көтеретіндігін қолдау керек.
b. Кері байланыс ақпаратты болуы керек. Егер жауап дұрыс болмаса, онда оның неге дұрыс емес екендігі туралы айғақ берілуі керек, ал егер жауап дұрыс болса, онда оқушы бұл жауаптың неге дұрыс екендігін білуі керек.
c. Кері байланыс өзінің болмысы бойынша білікті болып және жауапты түзетуі керек.
d. Кері байланыс анық болуы, сленгті пайдаланбауы және екімәнді болмауы керек.
e. Кері байланыс кездейсоқты болмауы және жауапқа сәйкес болуы керек. Тестілеу кезінде мейлінше жалпы қателер шығуы мүмкін. Оқушылар ұқсас, бірақ маңызы басқа, түсініктерді шатастырмау үшін ЭУ-та осы жауаптар түрлеріне сәйкес кері байланыс болуы керек.
1.2.7 Электрондық оқулықты рәсімдеуге қойылатын талаптар
1. ЭУ-тың рәсімделуі оқу материалын жеңіл меңгеру үшін қолайлы және эстетикалық түрде берілуіне мүмкіндік жасауы керек. Мәтіндік материалдың көлемі оқушыны жалықтырмау үшін сөздердің саны шектеулі болу керек.
2. Мәтіннің шрифті эргономикалық сипаттаудың шектеулерін ескере отырып таңдалыну керек. Шрифтің түрі мен мөлшері сияқты мәтіндік сипаттамалар ЭУ-дағы информацияның оқылуына айтарлықтай әсер етеді. ЭУ-тың беті бір-бірінен өзгеше, қарама-қарсы болатын шрифтерді аз қамту керек. Беттің негізгі мәтінінде кертіктері бар шрифттерді қолдану ұсынылады. Шабылған шрифттерді мәтіннің тақырыптарында және қысқа жазуларда қолдану ұсынылады. Біркелкі және сәндік шрифтерді қолдану тек қана қажет болған жағдайда ұсынылады. Барлық шрифтердің кодталуы әріптерді кодтаудың мемлекеттік стандартына сәйкес болу керек.
3. ЭУ-тағы түстер ақпаратты жақсы және шаршамай қабылдауды қамтамасыз және материалдың жеңіл игерілуіне және эстетикалық түрде ұсынылуына көмектесу керек. Қара фондарда ашық түсті мәтінді тек қана ол анық көрінетін болса пайдалануға болады, ал анық көріну үшін мәтінді түгелдей қалың шрифтпен рәсімдеу қажет. Бетте мәтіндік информация басымырақ болса, онда фон ақ болуы керек. Қара фон ешқандай жағдайларда болмау керек. Шрифтің түсін стандартты қара, қою-жасыл немесе қою-көк қылып жасау керек. Қызыл шрифті тек қана кейбір тақырыптарды және ең маңызды ақпаратты ерекшелеу үшін пайдалануға болады.
4. ЭУ-тың мақсаты мен міндеттеріне қатысты негізгі мазмұны назардың ортасында болу керек. Фондық мазмұнға ең аз назар аударылу керек. Оқу материалды көзбен қарап қабылдау жеңіл болу үшін негізгі мазмұнда абзацтар үлкен болмау керек.
5. ЭУ-тағы графика оқытудан алаңдатпай, оқу материалды жеңіл меңгеруге көмектесу үшін қолданылу керек. Ұлттық және мәдениеттік ерекшеліктермен байланысты діни, саяси және басқа материалдарды жариялауда суреттерді өте мұқият іріктеп алу қажет. Анимациялар мен фильмдер оқушының талабы бойынша негізгі мазмұнына ену керек.
6. ЭУ-ң басқару элементтері оқушының назарын негізгі оқу материалынан жалтартпайтын, түсінікті бірмәнді және қарапайым болулары керек.
7. Ашық ортада шығарылған ЭУ-тар үшін графикалық объекттердің және аудио-видео материалдың саны минималды болу керек, себебі олар компьютердің жадында көп орын алады және оларды алу кезінде желідегі компьютерлердің арасындағы байланыс арнасының жылдамдығы кризистік параметр болып табылады.
8. ЭУ - та көрсетілу жылдамдығы өте дәл болуды талап ететін кез келген анимация компьютердің стандартынан тәуелді болмау керек.
9. ЭУ-та түстердің мәні тұрақты және түстер спектріне сәйкес болу керек. Түстер палитрасы ассоциациялары туралы ақпарат 1-ші кестеде келтірілген.
Кесте 2. Түстер ассоциациясы
Түстер палитрасы
Ассоциация
1
2
Қызыл түс
Ең активті түске жатады. Активті түстер өте айқын қабылданады және еске өте жақсы сақталады.
Қызыл-қызғылт сары өң
Жылулық сезім шақырады. Бұл түс адамның сыртқы әлемге кызығушылығын, адамдармен араласуға және іс-әрекетті арттырады.
Қызғылт сары түс
Максимал жылулық сезім береді.
Қызғылт сары-сары өң
Денелердің бір-бірімен жақындасу эффектісін береді.
Сары түс
Жеңілдік және тірі сезім береді. Әлдеқайда жеңіл және ауалы түрде көрінеді.
Жасыл түс
Визуалды тепе-теңдік күй шақыра алады. Өзінде сары түстің жеңілдік және тірі күйін көк түстің ауырлық күйімен қамтиды.
2-ші кестенің жалғасы
1
2
Көк-көгілдір өң
Уақыттың және кеңістіктің сезімін, тағы сол сияқты салқын сезім береді. Тежелуді шақырады. Адамдардың тәртібін рационалды және ойластыра алатындай күйге келтіреді. Қабылдау үшін ең ауыр деп саналады.
Көк түс
Бір қалыптылық және салмақтылық сезім силайды.
Полярлық түстер кестесі
Қоңыр фонда және әр түрлі жазықтықтарда олар бір-бірімен сәйкестенеді, өте жақсы бір гармонияға келеді.
Сұр түс
Бейберекет түс. Ол өзіне назар аудармайды, ешқандай реакция шақырмайды, тұрақты сезім орната алады.
1.2.8 Электрондық оқулықтың құжаттамаларына қойылатын талаптар
ЭУ-та программалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкестендірілген (түсінікті, толық және бір-біріне қарама-қайшылықта болмайтын) құжаттама болуға тиісті және ЭУ туралы мәліметтер электрондық кітапхананың каталогына автоматты түрде енгізу үшін құрылу тиіс ҚР СT 1087.
1. ЭУ құжаттамаларында қондырғыны орнату және онымен жұмыс істеу нұсқасы, пайдаланушы үшін нұсқа, нұсқа - мазмұны болу тиіс.
1.1 Қондырғыны орнату және онымен жұмыс істеу нұсқаларында ЭУ-та қондыру тәсілдерімен және онымен жұмыс істеудің сипаттамалары болу керек. Онда қондырғыға қажет және арнайы драйверлер туралы, егер олар қажет болса қойылатын талаптар туралы ақпарат болу керек. Ақпарат түсінікті, жеткілікті және қысқаша болу керек. Нұсқауда ЭУ-ды қалай орнататындығы, қалай іске қосатындығы және онымен қалай жұмыс істеу керектігі, сонымен қатар ЭУ-ң резервтік көшірмелерін қалай сақтап және қалай жасайтындығы туралы нұсқаулар көрсетіледі. Оқытушылар үшін резервтік көшірмелерді жасаудың және арнайы баптаудың нұсқалары болу керек. Пайдаланушыларға берілген нұсқаларды ешқандай сұрақсыз қолдануды қамтамасыз ету үшін олардың барлығы дәл дұрыс және анық түсінікті болу керек. Бұл нұсқаулар арнайы компьютерлік білімі жоқ пайдаланушылар үшін де түсінікті болғаны өте ыңғайлы. Егерде мәліметтер генерацияланатын болса, онда міндетті түрде резервтік көшірмелерді жасаудың процедуралары жазылу керек.
1.2 Пайдаланушы үшін нұсқа құрамында жалпыға бірдей бөлімдер және жұмыс істеуді жеңілдетуші көрсеткіштер және тағы басқалар болуы керек. Нұсқаның құрамынан басқа да ақпаратты табуды жеңілдету үшін көрсеткіш және ЭУ-ны қосу жұмысын тез басқарушы тәжірибелі пайдаланушыға қолдануға болатын нұсқаудың негізгі моменттерінің сипаттамасы бар қысқаша анықтамалық инструкция болу керек. Нұсқауда пайдаланушы үшін көмек көрсете алатын барлық мүмкін ақпарат келтірілуі керек: почтаның мекен - жайы, электрондық почта, желідегі мекен-жайы, телефондар және сол сияқтылар.
1.3 Андатпа - мазмұны нақты оқыту мазмұнына жатады, онда барлық қажетті шарттар туралы кіріспе ақпараты болу керек және оқытушы ЭУ-ң мазмұнына және оның қаншалықты арнайы оқыту мақсаттары үшін жарайтындығына тез баға бере алатын қысқаша мазмұны болу керек.
1. Басқа көздер пайдаланушы нұсқауларында басқа материалға сілтемелер болып табылады. Сілтемелерде көрсетілген барлық материалдар, не осы нұсқауға енгізіледі, не интернет жүйесіне оңай енгізіле алатындай болу керек.
2. Техникалық инструкциялар ЭУ-ң бір бөлігі болу тиісті. Олар не On-line режімінде, не таспаға шығарылған түрде болу керек. Егер техникалық инструкциялар нақты уақыт режімінде орналасқан болса, мысалы Read me - Мені оқы файлында болса, онда бұл файл ЭУ-та берілуге тиісті. Егер Web-сайттағы сілтемелер ЭУ-та орналасса, онда оқытушы үшін бөлек тізім келтіру керек. Ол оған қолдануға дейін сілтемелерді тексеруге мүмкіндік береді.
1.3 Электрондық оқулықтың құрылымы
Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi - оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықтың құрамы:
oo аннотация;
oo пән туралы қысқаша ақпарат;
oo жұмыс бағдарламалары;
oo электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
oo ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
oo теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);
oo теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
oo практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
oo практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
oo бақылау тапсырмалары;
oo лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
oo бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
oo бақылау тестiлерiнiң жинағы;
oo телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
oo глоссарий;
oo әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
oo озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
oo үйренушiнiң жұмыс папкасы;
oo мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:
1. Материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.
2. Материалдың кескiн түрiнде баяндалуы - оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.
3. Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.
Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.
Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:
oo сыртқы бетi;
oo титульдық экран;
oo мазмұны;
oo аннотация;
oo оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер);
oo оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);
oo қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет);
oo өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;
oo өзiндiк бақылау жүйесi;
oo мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;
oo авторлар тiзiмi;
oo терминдiк сөздер;
oo оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;
oo оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.
Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz