Бухгалтерлік баланс және оны талдау әдістері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Бухгалтрлік баланс қаржылық есептіліктің формасы негізінде
1.2 Бухгалтерлік баланс бабтарының жіктелуі және оған қойылатын талаптар
1.3 1 ХҚЕС сәйкес баланстың жасалуы мен ашылымдары
2 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС . КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ КӨЗІ
2.1 «НАР Медиа» ЖШС ның ұйымдастыру.техникалық сипаттамасы және есеп саясаты мен бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы
2.2 Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымы
2.3 Бухгалтерлік баланстың қаржылық есептің басқа формалармен өзара байланысы
3 «НАР Медиа» ЖШС ның БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
3.1 Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдлау
3.2 Кәсіпорын балансының төлем қабілеттілігін талдау
3.3 Балансты Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкестендіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі әлемдік дағдарыстық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылары, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құндылықтардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қлданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді.
Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол еспті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншік капитал мен міндеттемелердің қолда барын, төлем қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның балансы жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты, осыған орай,
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорындағы бухгалтерлік балансты кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттауда бірден-бір қайнар көз ретінде қарастыру.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер орындалды:

1. Назарова В.Л. – «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» Алматы – Экономика 2005;
2. Кәулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жатаева А.А. «Қаржылық есеп» - Алматы: Экономика 2001 (108-124 бет);
3. Халықаралық қаржылық есеп стандарты (IAS) 1 «Қаржылық есеп беру»;
4. Радостовец В.К., Радостовец В.В. «Бухгалтерский учет на предприятии», Центраудит-Казахстан, – Алматы 2004;
5. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Ә.Т., Жұмағалиева Ж.Г., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, «Экономика» 2001 ж.
6. Қазақстан Республикасының 13 мамыр 2003 жылғы № 415 ІІ «Акционерлік қоғам туралы» заңы;
7. Назарбаев Н.А. Қазақстан Республикасы Президенттің 1 наурыз 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»
8. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 24.12.01. №1676 « Салық салынатын табысты анықтаған кезде есептен шығарылуға тиіс іс-сапар шығындарыгның нормалары туралы» Қаулысы;
9. Халықаралық қаржылық есеп стандарты (IAS) 39 «Қаржылық құралдар: мойындау және бағалау»;
10. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 24.12.01 жылғы №1677 «ҚР-ң аумағынан тыс іс-сапарда болған уақыт үшін салық салынатын табысты анықтаған кезде есептен шығарылатын, төленетін күндік және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы» Қаулысы;
11. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің типтік шоттар жоспары (12.10.2004 жылғы № 438 Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының жарғысымен жасалынған өзгертулер мен толықтырулар);
12. Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007 жылғы № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп туралы» заңы, 10 желтоқсан 2008 жылғы өзгерістер мен толықтырулар;
13. Кәулімжаев Қ.К., Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері». Алматы: Экономика 2006 (140-173 бет);
14. Бабаев Ю.А., Петров А.Н. «Бухгалтерский учет и контроль дебиторской и кредиторской задолжности» Москва 2005 (5-9, 233-235 бет);
15. Абдыманапов А.С, С. Раимов «Принципы бухгалтерского учета и финансовой отчетности» // Оқу құралы, БИКО – Алматы, 2005;
16. Бакаев А. С. «Нормативное обеспечение бухгалтерского учета» –М.: Международный центр финансово-экономического развития, 2000;
17. Борисов Е.Ф. «Экономическая теория», // 3-ші басылым, өзгерт. және толықт., М: 2005;
18. Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен 22.09.00 №1428 бекітілген «Мемлекеттік бюджетпен қамтамасыз етілетін, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы бойынша қызметтік іс-сапарлар туралы» Ережесі;
19. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекс - Алматы: ЮРИСТ, 2008.
20. Халықаралық қаржылық есеп стандарты (IAS) 8 «Табыс»
21. Халықаралық қаржылық есеп стандарты (IAS) 32 «Қаржылық құралдар: ақпаратты ашу және ұсыну»;
22. Глушкова Н.Е «Бухгалтерский учет на предприятии» - Алматы, 2005;
23. Глушкова Н.Е «Бухгалтерский учет в условиях рынка» - Алматы, 2001;
24. Салина А.П. «Принципы бухгалтерского учета» // Оқу құралы, «Экономика» – Алматы, 2003;
25. Қазақстан Республикасының 20 қараша 1998 жылғы № 304-І «Аудиторлық
қызмет туралы» заңы, 20 ақпан 2010 жылғы № 138-IV өзгерістер мен толықтырулар;
26. Сейткасымова Г.С. «Банковское дело» // Оқу құралы, Алматы:2000;
27. «Бюллетень бухгалтера №15», апрель – 2008 г.
28. «Путеводитель бухгалтера №1» Алматы-2008г. «Центральный дом бухгалтера»
29. Абленов Д.О «Основы Аудита» // Оқу құралы, «Экономика» - Алматы, 2003;
30. Ажибаев З.Н «Аудит» // Оқу құралы, «Экономика», -Алматы: 2004;
31. Назарбаев Н.А. Қазақстан Республикасы Президенттің 7 қаңтар 2008 жылғы «Өркендеу жолында» халыққа жолдауы;
32. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» //Оқу құралы – Алматы:,2005;
33. «Бюллетень бухгалтера №46», ноябрь– 2008 г.

1.1Бухгалтрлік баланс қаржылық есептіліктің формасы негізінде
1.2Бухгалтерлік баланс бабтарының жіктелуі және оған қойылатын
талаптар
1.31 ХҚЕС сәйкес баланстың жасалуы мен ашылымдары
2 Бухгалтерлік баланс - кӘсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі
ақпарат кӨзі
2.1НАР Медиа ЖШС ның ұйымдастыру-техникалық сипаттамасы және
есеп саясаты мен бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы
2.2Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымы
2.3Бухгалтерлік баланстың қаржылық есептің басқа формалармен өзара
байланысы
3 НАР Медиа ЖШС ның БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
3.1Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдлау
3.2Кәсіпорын балансының төлем қабілеттілігін талдау
3.3Балансты Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкестендіру
жолдары
Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер ТІЗМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі әлемдік дағдарыстық қатынастар
жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл
кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері,
жұмысшылары, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында
өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық
жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне,
әр түрлі ұйымдық құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара
негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептердің ақпараттық базасына айналады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс
меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады.
Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құндылықтардың
сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ
алдындағы міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар
кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану
тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі
сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың
мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қлданушыларға да пайдалануға
мүмкіндік береді.
Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды
баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі
түрі бола отырып, ол еспті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен
құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншік
капитал мен міндеттемелердің қолда барын, төлем қабілеттілігін анықтауға
мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның балансы жөнінде мәліметті толық және
шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты, осыған
орай,
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорындағы бухгалтерлік
балансты кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттауда бірден-бір қайнар көз
ретінде қарастыру.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер орындалды:
- халықаралық тәжрибедегі баланыс құрастырудың негізгі принциптері
және республикада оларды енгізу жолдары анықталды;
- кәсіпорындарда баланс әдістерінің негізгі теориялық-методологиялық
және практикалық аспектілері, сонымен қатар оларды жедел бақылауы,
баланстың негізгі түрлерін анықталып, оларды жетілдіру бойынша
ұсыныстар өңделді;
- баланс құруды ұйымдастыру мен ұйым ерекшеліктері анықталынып,
олардың қозғалысы технологиясы арасындағы байланысы ашып
көрсетілді.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын
зерттеу;
- баланс өтімділігін, төлем қабілеттілігінің абсалюттік және
салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорынның банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығын анықтау.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі кезеңдегі
кәсіпорындардың бухгалтерлік баланс жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен
есептіліктің әдістемелік сұрақтары отандық авторлардың жұмыстарында көрініс
тапты: В.К. Радостовец, С.С. Сатыбалдин, К.Ш. Дюсембаев, К.К. Кеулімжаев,
М.С. Ержанов, Ф.С. Сейдахметова, Ж.С. Толпаков, Ф.С. Кокенова, Ә.Ә
Әбдіманапов А.А. Галымжанов, К.Т. Тайғашинова және тағы басқалар.
Кәсіпорының бухгалтерлік баланс құрастырудың бухгалтерлік есеп пен
есептілікке әсері шетелдік әдебиеттерде терең зерттелген. Аталмыш тақырып
А.Д. Шеремет, М.И. Баканов, П.С. Безрукий, Н.Г. Волков, Е.М. Купряков,
Н.П. Кондраков, В.Э. Грибов, В.Г. Жуков, Н.В. Семенеев, И.Р. Конвалова,
Р.И. Божков, Н.Р. Иванникова, В.Э. Керимов, Э.С. Хендриксен, М. Ф. Ван
Бреда, М.Р. Мэтьюс, М.X.Б. Перера, К. Друри, Б.Нидлз, Р.Энтони және
басқалардың еңбектерінде
Зерттеу объектісі ретінде НАР Медиа ЖШСы алынған. Жұмысты орындау
барысында экономикалық талдаудың әдістері, индекстік талдау әдістері
қолданылған.
Жұмыстың теориялық және методологиялық негізі бухгалтерлік баланстың
бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың
теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік ұсынымдары табылады. Зерттеу
барысында бухгалтерлік балансты құрудың түрлі тәсілдері, әлем елдерінің
бухгалтерлік стандарттары, есептің және қаржылық есептіліктің халықаралық
стандарттары, кәсіби бухгалтерлік ұйымдардың әдістемелік материалдары мен
ұсыныстары, Қазақстан Республикасының нормативтік актілері зерттеліп
салыстырылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің, Статистика агенттігінің ақпараттық мәліметтері, Қазақстан
Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, заңдық
және нормативтік құжаттар, отандық және шетел экономист-ғалымдардың
еңбектері, кәсіпорынның нақты мәліметтері және басқа да көздер
пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалылығы бухгалтерлік есептің негізгі
атқаратын қызметінің, функциясының бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның
мүлік және қаржылық жағдайы туралы ақпараттың мәліметтерін уақытылы
жеткізіп беріп отыратын бухгалтерлік баланысты талқылау және ғылыми
негіздеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы басқару есебі бойынша
уақытында және сапалы шешімдермен қамтамасыз ету үшін нарықтық экономикасы
дамыған елдер кәсіпорындарының тәжірибелерін қоладана отырып
кәсіпорындардың бухгелтерлік баланс әдістері, оларды жеткізу мен
орналастыруы бойынша ұсыныстардың өңделуі жатады. Жұмыстың негізі
ережелерін қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін жүргізуде
қолдануға мүмкін. Жұмыстың жетілдіру жолдарын кәсіпорындардың қызметін,
оның ішінде баланс өтімділігін талдау мен бақылау барысында жүзеге
асыруға болады.
Жұмыс көлемі мен құрлымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды
мен ұсыныстар, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде жалпы бухгалтерлік баланс туралы түсінік, оның
түрлері, жасалу жолдары бухгалтрлік баланс қаржылық есептіліктің формасы
негізінде бухгалтерлік баланс бабтарының жіктелуі және оған қойылатын
талаптар және 1 ХҚЕС сәйкес баланстың жасалуы мен ашылымдары қарастырылады.
Екінші бөлім бухгалтерлік баланс - кәсіпорынның қаржылық жағдайының
негізгі ақпарат көзі деп аталып ондаНАР Медиа ЖШС ның ұйымдастыру-
техникалық сипаттамасы және есеп саясаты мен бухгалтерлік есебінің
ұйымдастырылуы, және есеп саясаты мен бухгалтерлік есебінің жүргізілуі.
Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымы және бухгалтерлік баланстың
қаржылық есептің басқа формалармен өзара байланысыНАР Медиа ЖШС ның
шаруашылық қызметінің мысалында ашып көрсетілген.
Үшінші бөлімде, Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдлау, кәсіпорын
балансының төлем қабілеттілігін талдау, балансты Халықаралық қаржылық
есеп стандарттарына сәйкестендіру жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмыс 69 бет комьютерлік мәтінде басылып, 15 - кесте, 5-
сурет, 5- қосымшалар құрылған. Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
атаулардан тұрады.
1 БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Бухгалтрлік баланс қаржылық есептіліктің формасы негізінде
Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің, функциясының бірі –
пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлік және қаржылық жағдайы туралы ақпараттың
мәліметтерін уақытылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің
негізгі қайнар көзі – бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік баланысты
талқыламай тұрып біз өз кезегінде баланс сөзін талдап алайық Баланс
сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда таразы
немесе тепе-тең деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда
кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі
бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның
қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе, оң жағында, ыяғни
пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады.
С.Б. Баймұханова мен Ә.Ж. Балапанованың айтуы бойынша: бухгалтерлік
баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен:
орналасуы және пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша
жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Ә.Әбдіманаповтың бұл жайлы берген сипаттамасы: Бухгалтерлік баланс
жекелеген шоттар қалдығынан туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең
негізгі үлгісі болып табылады.
В.Л. Назарованың бухгалтерлік балансқа берген анықтамасы бройынша
былай: Баланс – белгілі бір сәттегі суъектінің мүлкі, міндеттемелері және
капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономкалық топтастыру
тәсілі. Бұл – субъектінің қаржылық жағдайын негізгі есепті форма. Баланс
барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін
салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру
үшін қажет [1, 15 бет].
Қ.К. Кеулімжаевтің сипаттамасы бойынша: Кәсіпорынның активтері мен
олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп,
ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін
бухгалтерлік баланс деп атаймыз [2, 21 бет].
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде
кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым
осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл
мүліктерді кәсіпорынның әлеуетті табыстары ретінде таниды. Ал баластың
пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы
ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және
таратылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп
екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның
міндеттемелері, яғни кредиторлық берешек борыштары болып табылады.
Кредиторлар қатарына тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз
кредиторларының алдындағы қарызын уақытылы төлей алмаған жағдайда, олар
ұйымнан активтер сату арқылы қарызын қайтаруып талап ете алады.
Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделігін танытады және ол
активтің жиынтық соммасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық
сомаға тең болады [3, 19 бет].
Инвестордың кредитордан айырмашылығы - өз алашағын алу үшін жанталасатын
болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық соммасынан
міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық соммаға, яғни меншікті
капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылада. Осы
айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен
кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік
баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
Актив=меншікті капитал+міндеттеме
Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
Актив-міндеттеме=меншікті капитал
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай
негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив
бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі
тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның
материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы
(инвестициялар), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал
ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары,
дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары,
қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалар және басқа да
ағымдағы активтері қарастырылады.
Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті
капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры,
бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің
екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына
кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылады. Қысқа
мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары,
бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы
–мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша
қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары
көрсетіледі. Төменде баланс құрылымы кесте түрінде берілген [22, 45 бет].
Өзінің жасалу уақытына, қолдану барысына қарай бухгалтерлік баланс әр түрлі
болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалған
бухгалтерлік баланс кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның
қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы
негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының,
акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру уақытындағы ақшалай немесе заттай
салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның
меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.
Актив=меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды
тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып
есептеледі. Үлгі қосымша А- да берілген.
Үлгіде көрсетілгендей баланс бес бөлімнен тұрады
1бөлім-Ағымдағы активтер (бір жылдан кем)
2 бөлім - Ұзақмерзімді активтер МЕА,НҚ және т.б.
3бөлім-Қысқамерзімді міндеттемелер (бір жылдан кем)
4 бөлім - Ұзақмерзімді міндеттемлер (бір жылдан астам)
5 бөлім-Капитал
Баптарды, бөлімдерге топтастыру экономикалық белгі бойынша
жургізіледі.
В.К. Родостовец: Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс
саналады. Оны жасауға дейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар
бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады.
Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректрерін салыстыру үшін жыл
басындағы бекітілген баланс баптарының номеклатурасы жыл аяғындағы
бекітілген баланс номеклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір
баптармен сәйкестендірілуге тиіс. Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның
қаржылық жағдайы талданады [4, 54 бет]..
Кәсіпорындағы бухгалтерлік баланс жүйесіндегі ақпараттар негізінен меншік
иелері мен менеджерлер, кәсіпорын басшылары, сыртқы қаржы салымшы
инвесторлар, банктер мен салық және қаржы оргондар үшін аса қажет.
Баланс көрсеткіштері бойынша кәсіпорын өзі қабылдаған міндеттемелерін өз
уақытында орындайтындығы да анықталуы қажет. Яғни кәсіпорын үшінші жақтың:
акционерлер, инвесторлар мен несиелендірушілер, сатып алушылар мен тапсырыс
берушілер алдында қабылдаған міндеттемелерін орындап, қатысушы жақтардың
қаржылық жағдайына нұсқан келтірмейтін жағдайда болуы керек.
Нарықтық қатынастар заңдылығына байланысты баланс жасаушы кәсіпорын өзінің
меншікті капиталының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, мұның көлемін
жылдан – жылға көбейтіп, материалдық және ақшалай ресурстардың тиімді
жұмсалуын мақсат тұтады. Мұндай мақсаттарды тиімді жолдармен шешу үшін,
әрине баланс көрсеткіштеріне жүгіну қажеттілігі туындайды. Негізгі мақсат –
кез келген кәсіпорын өзінің экономикалық ресурстарын тиімді бағытқа жұмсап,
таза пайдамен қызмет атқаруы керек. Талапқа сай тура және сапалы құрылған
баланс көрсеткіштері:
- кәсіпорынның шаруашылық қызметі процестерін толығымен
қамтиды;
- кәсіпорынның шаруашылық құбылыстарын топтастырады;
- шаруашылық құбылыстары мен процестері арасындағы байланысты
зерттеп, шоттардың дұрыс қолданғандығын тексеріп, қаржы – шаруашылық
қызметі мен ақша қаражаттары қозғалысын талдайды;
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын
және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың
өтімділігін көрсғететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік
[23, 71 бет].
Бухгалтерлік баланс ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір
кезеңге қарай жинақтап көрсетеді. Баланс – ұйымдар қызметіндегі активтер,
меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді
экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай
өлшеммен өлшеуді айтады.
Бұл анықтамада:
1) баланс;
2) үлгі;
3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты;
5) белгілі бір мерзім;
6) қаржы жағдайы деген сияқты элементтер қатысады.
Үлгі – баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай, кәсіпорынның
активті қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің жағдайы мен
бұлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші қағаз. Баланстық үлгі қағаз
қорытынды жасау қажеттілігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған жазулар
ұйымның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланстық үлгі қағаз жазылған
жекелеген көрсеткіштер баланстың белгілі баптары деп аталынады. Балансты
тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мұның өзі ұйымдардың шашыранды
шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп объектілерінен
туындайтын жалпы есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі. Баланс көрсеткіштеріндегі сомаларды оқып отырып,
әрбір пайдаланушылар өз миақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер баланстағы
жекелеген баптарға жазылған сомалардың дұрыстығын тексереді. Бұдан
баланстың теңдігі – активтер мен пассивтер сомалардың дәлдігі туындайды.
Несиелендірушілер ұйымның төлем өтеушілік қабілетін біліп отырғысы келеді.
Яғни ұйымның мүліктік жағдайы бухгалтерлік балансқа жазылуы керек. Сонымен
қатар ұйым басшылары мен қожайындары таза пайдамен жұмыс істеуге ынталы
болады. Есепті жыл ішіндегі ұйымның қаржы қорытындысын шығару үшін капитал
қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік балансқа жазылуы керек. Салық
оргондары үшін барлық ұйымдар декларация жасап тапсырады. Декларация
көрсеткіштері мен баланс көрсеткіштері арасында сәйкестік болуы шарт.
Баланс баптары салықтың белгілі бір түріне қарай топтастырылуы мүмкін. Яғни
баланста көрсетілген пайда көлемі салық салынатын көлеммен бірдей болуы
міндет [6, 75 бет].
Осы бөлімді қорыта келе жасаған тұжырымдарымыз ұйымдардың қаржы жағдайы
қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан
баланстың әрбір баптары арқылы ұйымдардың қаржы – шаруашылық қызметін
бағалап, талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Келесі
бөлімшеде біз кәсіпорынның бухгалтерлік баланс бабтарының жіктелуі және
оған қойылатын талаптары қарасттырамыз.
1.2 Бухгалтерлік баланс бабтарының жіктелуі және оған қойылатын
талаптар
Баланс бабы бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады.
Баланстың біртектес баптары топтарға біріктіріледі, он топтар –
бөлімдерге. Баланс баптарын топтау негізінеу ХҚЕС №1 (Стандартына)
“Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептерді негізгі ашулары” 13 қараша
2005 ж. №3 ҚР-сы бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның қаулысымен
бекітілген стандартқа сәйкес келесіндей принциптер енгізілген.
- баланстың актив баптары үшін-активтердің әрекет ету мерзімі;
- баланстың пассив баптары үшін-пассивтердің қалыптастыру және
оларды жоюдың мерзімдері принципі [24, 38 бет].
Шаруашылық субъектінің балансы келесіндей бөлімдермен көрсетілген актив:
1) ағымдағы активтер. Ашылуға тиіс мына баптарды қамтиды: өңдеу өткізу
мерзіміне тәуелсіз түрде тауарлық - материалдық қардлар; бір жыл ішінде
есептен шығарылуы мүмкін алдағы кезең шығындары; ақша қаражаттары; қысқа
мерзімді қаржылыө инвестициялар: бір жыл ішінде алынатын дебиторлық
қарыз; а,ымдағы активтерді сатып алу үшін аванстық төлемдер; алынуға
тиісті жаттар; алынған вексельдер; негізгі шаруашылық серіктестік пен оның
еншілес секіртестіктері арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде
пайда болған дебиторлық қарыз, басқа да дебиторлық қарыз.
2) ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, яғни жер, ғимараттар мен
құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, жіктеуге сәйкес
негізгі құралдардың басқа да түрлері; жинақталған тозуы, аяқтамлмаған
күрделі құрылыс;
- материалдық емес активтер; амортизация кезеңі, әдісі және есеп беру
кезеңіндегі есептен шығарылуы көрсетіле отырып; гудвим, патенттер, тауар
белгілері және т.б.
- ұзақ мерзімі инвестициялар: еншілес серіктестіктерге инвестициялар;
тәуелді заңды ұйымдарға инвестициялар; басқа ивнестициялар егер олардың
(бастапқы құны) баланстық құнынан өзгеше болса, ағымдағы құны көрсетіле
отырып.
- ұзақ мерзімі дебиторлық қарыз: алынуға тиісті шоттар, алынған
вексельдер, негізгі шаруашылық секіртестік пен оның еншілес серіктестіктері
арасындағы ішкі топтық операцилар нәтидесінде пайда болған дебиторлық
қарыздар; акционерлік қоғамның қызметкерлерінің дебиторлық қары; басқа да
дебиторлық қарыздар;
-алдағы кезең шығындары [19, 67 бет].
Міндеттемелер және капитал
1) ағымдағы міндеттемелер: қысқа мерзімді несие және овердрафт; ұзақ
мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық қарыз (төленуге тиіс
шоттар және вексельдер, алынған аванстар, салықтар бойынша қарыздар,
төленуге тиісті дивиденттер басқа да кредиторлық қарыздар), төленуге тиіс
есептелінген шығындар, алдағы кезеңдердің табыстары және басқалады;
2) ұзақ мерзімі міндеттемелер: қамтамасыз етілген несиелер, қамтамасыз
етілмеген несиелер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес
серіктестіктерінің бір-біріне беретін несиелері, кейінге қалдылырған
салықтар;
3) меншікті капитал: жарғылық капитал, қосымша төлеген капитал,
қосымша төленбеген капитал ( негізгі құралдарды, инвестицияларды қайта
бағалау сомалары), резервтік капитал, бөлінбеген табыс (зиян).
Осы көрсетілген бухгалтерлік баланстың активі мен пассивін орналастыру
тәртібі (кәсіп) барлық меншік формалары кәсіпорындары және экономиканың
салалары үшін қолданылады сақталады. Айырмашылықтар баланстың жалпы
валютасында баптардың үлес салмақтарында байқалуы мүмкін. Өнеркәсіптік
өндірістік балансы активінде үлкен үлес салмақты Негізгі құралдар және
Шикізат пен материалдар алады; ауыл шаруашылық кәсіпорындарында – Жер,
Аяқталмаған өндіріс, сауда ұйымдарында Тауарлар бабы алады.
Бухгалтерлік баланс өзінің экономикалық мазмұны бойынша кәсіпорынның
шаруашылық құралдарының және олардың қалыптасу қайнар көздерінің жағдайы
туралы белгілі бір күнге есеп берушілік міндетті формаларының бірі болып
табылады. Ол бір айдың, бір кварталдың, жартыжылдың, бір жылдың жиындық
мәліметтерін бейнелейді [7, 69 бет].
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни
айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес
кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы
құрастырылған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кез келген кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып
отыратындығы белгілі. Осы операциялардың орындалуы ұйымның бухгалтнрлік
балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы
әрбір орындалатын операцияларға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске
ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив пен пассив баптарының
теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған
операциялардан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін
емес. Себебі ұйымщда бір күннің өзінде бірнеше операция орындалуы мүмкін.
Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бухгалтерлік балансын
жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар баланста
күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз
және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы
белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай жасалып отырады. Жалпы
бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық
операцияларын төрт түрге бөліп қарастырады [32, 82 бет].
Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың
тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап
қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал
активтің жалпы сомасы мен баланстың сомасына ешқандай өзгермейді.
Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың
тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл
жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап
тура сол сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы
ешқандай өзгермейді.
Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден
айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей
сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив
бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады.
Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші
түрі үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл
уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бір уақытта
бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы – үшінші түрге жататын операциялар
барысында баланс сомасы белгілі бір сомаға көбейсе, төртінші түрге жататын
операциялар әсерінен актив пен пассив, сондай-ақ баланстың сомасы қандай да
бір сомаға кемиді.
Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына және қолдану барысына
қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған
уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс деп аталады.
Кіріспе баланста ұйымнаң қызметін бастар алдындағы жарғалық капиталы
көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің,
яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру
уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп
жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен
активтері тең болуы ықтимал.
Актив=меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке
немесе заңды тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған
жағдайда тура болып есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтқандай белгілі бір
уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басында жасалынады.
Осыған орай кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп
беретін уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басында)
құрастырылған баланысты ағымдағы бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу баланысы осы ұйым өз қызметінің тоқтар кезінде,
таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр
түрге бөлінеді. Жойылу баланысының еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит
мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали
Әбдіманапов өзінің Бухгалтерлік есеп теориясы және қағидалары атты
еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына
байланысты, ал екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін
құрастырылады деп жазған болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары л.А.
Крятова мен Х.Х. Эргашев өздерінің Бухгалтерлік есеп теориясы және
негіздері атты еңбегінде жойылу балансы үш кезеңнен тұрады және
оның біріншісі кәсіпорынн,ың жабылуы алдында, екіншісі жабылуы
барысында, ал үшіншісі осы кәсіпорын жұмысын тоқтатқаннан кейін
жасалынады деп атап өткен. Жалпы, бұл айтылғандарды талдай отырып,
авторлардың бірінің айтқаны дұрыс, ал екіншісінікі қате деп қарауға
болмайды. Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда аты аталған авторлардың
қай қайсының да пікірлері дұрыс деуге болады. Себебі кәсіпорынның
жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері ұйымның
таратылуына кететін уақытпен тікелеу байланысты. Егер кәсіпорынның
таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу
балансының саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта
түсуі мүмкін [13, 32 бет].
Бұлардан басқа да бухгалтерлік баланстың бірнеше түрлері
көрсетуге болады.
Баланс – брутто – реттеуші баптарджы қамтитын баланс, сомалары
құралдардың іс жүзіндегі өзіндік құнын анықтауда б. ж-қ байланысы бар басқа
баптар сомаларынан алынып тастады шегеріледі. реттеуші баптарға негізгі
қаржылардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизация сын т.б.
жатқызуға болады.
Баланс – нетто – (немесе тазартылған баланс) бұл реттеуші баптар жоқ
баланс. Бұл балансты пайдалану ко-ң қардылық жасдайын талдауда тиімді.
Мұндай баланстың мәліметтеріко иелігіндегі шаруашылық қаржылардың нақты
сомасын сипаттайды.
Бөлуші баланс - бір-бірінен тәуелді бірнеше кәсіпорындардың жеке
корға құрылымдық бөлімдерге немесе бір кәсіпорынға бөлінуі кезінде
жасалатын баланс.
Қазіргі уақытта ішкі, сыртқы және мамандандырылған баланстар құру
тәжірибесі жүзеге асырылады.
Ішкі балансты кәсіпорынның оның НАР Медиа ЖШСдың, құрылдық бөлім
қызметін қарык-қ талдау, жоспарау, басқару және бақылау үшін қолданады.
Сыртқы баланс сыртқы пайдаланушылар үшін жасалады. Ол сыртқы
пайдаланушылар үшін ең басты толық нақты ақпарат қайнар көзі болып
табылады. Мұндай баланстың мазмұны, құрылымы, көқрсету тәртібі сыртқы
пайдаланушыға сол елдің заңдылығымен, шаруашылық субъекттинің есеп
саясатмен және пайдаланушының талаптарымен анықталады. Балансты
мемлекеттік және салық органдарына, банктерге, қол биржаларына көрсетеді,
бұқаралық ақпарат құралдарына, арнауы анықтамаларға жариялайды.
Мамандандырылған баланс нақты пайдаланушылар тобы үшін жасайды,
мысалы. инвесторлар үшін. Оны құрудың мақсаты баланстың қандай да бір
бөлігін жан-жақты ашып көрсету. Мұндай баланс ішкі, сондай-ақ сыртқы болуы
мүмкін.
Соныман зерттелген әртүрлі ғалымдардың тұжырымдарын қорытындылай
отырып қазіргі кездегі бухгалтерлік баланс бойынша келтірілген ғылыми
зерттеулер кәсіпорындардың меншік түріне сәйкес және құрастыру барлық
кәсіпорындарда қаржылық есеп берудің халықаралық және ұлттық
стандарттарында ұсынылған баланс құрастыру әдістеріне сәйкес жүргізіледі
деп қорытындылауға болады. Ал жұмыстың келесі бөлімшесінде 1 ХҚЕС сәйкес
баланстың жасалуы мен ашылымдары қарастырылған.
1.3 1 ХҚЕС сәйкес баланстың жасалуы мен ашылымдары
Баланс компанияның қаржылық есептілігінің міндетті үлгілерінің бірі.
Баланстың компанияның қаржылық жағдайын нақты бір кезеңде айқындау, яғни
есепті жылдың соңында ашу, басқа есептілік формалары компанияның жағдайын
есепті мерзім басында мінездейді. Тарихи көз қарастар бойынша қаржылық
есептілік баланс негізінде құрастырылған.
Баланс 60-шы жылдары сыртқы пайдаланушылардың негізгі ақпарат көзі
болатын, инвесторлар компанияның кірістері мен шығындары туралы есебіне
назар аудара бастады. Үлгермелі компаниялар өздерінің жоғары дамуын көрсете
алу қажеттілігі туындады [31, 64 бет].
Инвесторларды, компаниялардың акцияларының өте қысқа мерзімде үлкен
табыс алып келуі қызықтырды 70-ші жылдардағы инфляциямен құлдырау,
компанияларды қаржы қабілеттсіз етті. Кредиттік жағдайдың қиындығынан
балансқа қызығушылық қайта туындады.
80 - ші жылдары мұндай шешім отандық тәжірибеде үлкен ауқымды орын
алды.
Кіріспен шығындар есебінен балансқа ауысу, компания оның қаржылық
тұжырымдамаларында өзгерістер болды. Яғни, алғашында кірістік операциялар
негізінде болса, ендігінде капиталды ұстануға назар аударылуы.
Мұндай жайғасым көбіне бухгалтерлерге қарағанда экономистер арасында
басым болады. Экономистерді компанияның нақты жағдайы алаңдаты.
Бухгалтерлердің назары, кірістермен шығындар қағидасына сәйкес, табыстарды
бағалау теориясында болатын.
Бірнеше кезеңдегі шығындардың танылымы, компанияның жалпы экономикалық
нәтижесіне әсер етпейді. (мысалы: амартизация)
Қаржылық есептілік, пайдаланушыларға келесі мақсаттар үшін қажет:
инвестициялық, кредиттік және басқада экономикалық шешімдерді қабылдауға.
Баланс компанияның, өтімділік көрсеткіштерін, қаржы тұрақтылығын,
кірістерді туындату қаблеттілігі, қарыздарды уақытылы өтеу және
девиденттерді бөлуін айқындайды.
Баланс компанияның ақша қаражаттарының туындауы мен қозғалысын
бағалайды.
Баланстың өтімділігі - компанияның нақтылы операциялар негізінде,
ақша қаражаттарының соммасын мінездейді, болашақ кезеңдегі кірістер ағымын
айқындайды.
Баланс өтімділігі компанияның міндеттемелері мен қарыздарын уақытылы
өтеуін мінездейді.
Қаржылық тұрақтылық түсінігі, баланс өтімділігнен жоғары.
Баланс үлгілері:
Қандайда есептілік атауынан басталады. Көп компаниялар, бұл рәсімдеуді
толығымен ұстанбайды. Осыған байланысты есептіліктің атауларының негізгі
элементтеріне тоқталып кетейік.
1) Есептілікті ұсынатын компанияның аталуы:
- компанияның атауы толығымен ұсынылған құжаттармен сәйкес болуы
қажет (сертификаттар, жарғы). Компанияның толық атауы оның заңды статусын
көрсету (акционерлік қоғам, серіптестік және т.б) қажет.
2) Есептіліктің атауы:
- құжаттылықты "Баланс" деп атауға болады. Басқада варианттары бар:
Қаржылық жай - күй туралы есеп. Мұндай есептілік жалпылама бухгалтерлік
есеп нормаларына сәйкес орындалады, яғни есептеу әдістемесімен.
3) Есептілік мерзімі: есептілік мерзімі, есепті жылдың соңғы күні.
Баланс негізгі үш компоненттен тұрады:
- компаниямен бақыланатын активтер;
- компанияның өтеуге тиісті міндеттемелер;
- компанияның иеленушілерінің иелену құқығын бертін, капитал.
1 ХКЕС (IAS) балансқа қажетті элементтерді ұсынады. Компания басшылығы
баланстың көлденең және тік үлгісін және бөлшектеу элементтерін таңдай
алады.
Баланстағы баптардың қосымша бірқалыпты баптармен тақырыпшалары
бойынша, компанияның қаржылық жағдайына шынайы бағалау кезінде ұсынылады.
Баланстағы барлық элементтер ұлғаю және өтімділігі бойынша
орналасқаны дұрыс. Есептердің қосымша жолдарында, жалпы сомаларын
айқындауға болады.
Ең маңыздысы, пайдаланушыларға қосымша тізімдеме ақпараттары, басқа
шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.
Баланс баптарында, элементтердің тек жалпылама көрінісі айқындалады.
Элементтердің түбегейлі айқындалуы, түсініктеме хаттамаларда көрініс
табады.
Баланстағы өтімділікпен қоса, элементтердің баланста жеке жолдардағы
орналасқан ескеру қажет.
1. активтердің табиғи мәнділігі мен өтімділігін;
2. компания қызметіндегі атқарымдылық мәні;
3. міндеттемелердің сомалары, табиғи мерзімділігі.
Мінездемесі мен атқарымдылық белгісіне қарай ұқсас активтер мен
міндеттемелер бағалауы әр түрлі негіздерде жүзеге асырылады.
16 XҚЕС (IAS) активтер мен міндеттемелердің ұқсастығы мен
атқарымдылығының бағалануының түрлі негіздерін толығымен айқындауы және
жеке бірқалыпты түзу сызықты ұсынымын талап етеді.
Баланстағы элементтерді ағымды және ұзақ мерзімдіге бөледі. Мұндай
жіктеу компанияның төлем қабілеттілігі мен капитал айналымына толық
қаржылық талдау жасауға мүмкіндік береді. (ағымды активтер мен
міндеттемелер арасындағы айырма)
Ағымды активтер мен міндеттемелер компанияның бір жылдан кем уақыт
аралығында, есеп беру кезеңінен бастап, операционды циклда өтелуі қажет.
30 ХҚЕС (IAS) сәйкес қаржылық есептік ұсынатын банктер мен
сақтандыру компанияларында, жіктеулерге айрықшылық өзгешіліктер беріледі.
Компанияның қысқа мерзімді міндеттемелерінің ұзақтығы, есеп саясатында
айқындалуы тиіс.
Баланстағы активтердің дұрыс жіктелуі өте маңызды. Активтер келесі
жағдайда ағымды болып танылады:
- копанияның операционды кезеңінде қолайлы жағдайда сатуға болатын
активтер;
- есепті кезеңнен бастап коммерциялық мақсатта сатылатын активтер және
сатылу мерзімі жиырма ай арасы болу қажет;
- қолдануға шектелмейтін ақша қоры ретіндегі активтер.
Басқа активтер ұзақ мерзімді болып табылпды. Активтердің ағымдылығын
айқындайтын екі жол бар;
активтер мен міндеттемелердің қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік
активтердің табиғи мәнділігі мен өтімділігін;
1. компания қызметіндегі атқарымдылық мәні;
2. міндеттемелердің сомалары, табиғи мерзімділігі.
- мерзімдік өтімділік мерзімдік өтімділік деңгейі бойынша, жіктелуі
(күделікті қызмет кезеңіндегі операциялар);
- операционды кезеңділігі бойынша, компанияның ресурстары мен
міндеттемелері, үнемі бір қалыпта айналымды болуы.
Компанияның операционды кезеңі, алынған тауарлардың өндіріс үрдісіне
пайдалануы мен ақша қаражаттарына айналуы немесе қаржы құралдары мен жылдам
айырбастамалы ақша қаражаттарына айналуы.
Ағымды активтерге: операционды мерзімдегі қорлар, сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің қарыздары, сонымен қатар жоғарыда аталғандардың 12
айдан есепті кезеңнен асқан жағдайды айналыстағы активтер.
Нарықтағы бағалы қағаздарды ағымдағы деп танылады, егер есепті
кезеңдегі 12 ай ішінде айналымға түсіп, кіріс алып келсе. Басқа кезең
жағдайында ұзақ мерзімге жіктеледі.
Ақша қаражаттары мен эквиваленттеріне, депозиттер мен шоттардағы
қалдықтар. Шоттарда қалдықтар 12 айдан аса жатса, компанияға банктен кридит
алған кезде беріледі.
Дебиторлық қарыздар мен запастар - алдын-ала жасалған шығындарда ағымды
активтер ретінде жіктелуі және компанияның бір айналымдық кезеңінде жүзеге
асырылатын операциялар. Дебиторлық қарыздардың өтеуі 12 айдан жоғары
болса,онда есептілікті қосымша түсіруіме хаттамалар болуы тиіс. Егер
тараптардың келісімі мен мүмкіндігі бойынша қарыздарын уақытылы өтей алса,
тұлғалардың дебиторлық қарызды ағымды болып танылады [14, 19 бет].
Акционерлердің берешегі – акцияларға жасалған төлемдер баланста,
капиталдынң кему сомасы ретінде айқындалады.
Егер қарыздар, баланстың бір бабында көрсетілсе, есептілікте анықтама
хаттамалары ретінде ұсынылады.
Талаптамалар бойынша қарыздың өтелуі, кредит алушының есептілігінде
қысқа мерзімді міндеттемелер, ал кредиторларда ағымды активтерге
жіктеледі. Мұндай жағдайлар салық салумен және сақтандыру негізінде болады.
Осыған байланысты қарыздар болашақ кезеңде өтеліп, қарыздар ағымды
активтерден, ұзақ мерзімді міндеттемелерге жіктеледі.
Қаржылық активтер- бұл топтама бойынша активтер Қаржы құралдары
тақырыбында қарастырамыз.
Бір жыл аралығында сатылатын ұзақ мерзімді активтер, 12 ай мерзім
шегінде өтелетін қарызда, ағымдағы активтерден ағымды міндеттемелерге
жіктелді. Кәсіпорын қызметі тоқтағанд, ұзақ мерзімді активтерін сатады.
Мұндай операциялардың есебі 5 ХҚЕС (IAS) -ке сәйкес жүргізіледі [25, 61
бет].
Қысқа мерзімді міндеттемелер - міндеттемелер қысқа мерзімді деп
танылады:
- компанияның операционды кезең уақытында өтелуі:
- есепті мерзім кезеңінен 12 ай мерзім ішінде өтелуі.
Қалған барлық міндеттемелер ұзақ мерзімді деп танылу тиіс.
Компанияның белгілі кезеңдегі қысқа мерзімді міндеттемелер,
баланстың тиісті баптарында айқындалуы қажет.
Кейнге қалдырылған салық міндеттемелері ұзақ мерзімді міндеттемелер
ретінде танылу тиіс. Міндеттемелер негізінде уақыт айрмасы болған жағдайда,
есепті жылдың ішінде өтелуі қажет 12 ХҚЕС (IAS) стандарт талабы бойынша
есептеледі
Кейбір міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелердің талаптарына сай
бола тұрып, ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына жатқызылады. Мұндай
жағдайлар ұзақ мерзімді қаржыландыруларда айқындалады.
Міндеттемелер келесі жағдайларда ұзақ мерзімдерге жіктеледі:
- қаржылық есептілік кезеңінде, ссуда берушінің келісімі бойынша
сақталмаған талаптамаларға компаниядан төлем ақыны алмауы.
Капитал бөлімінде, келесі элементтер ұсынылады:
- рұқсат етілген және нақты акциялардың саны номиналды құнымен,
жарғылық капиталға сәйкес болуы;
- эмиссионды кіріс, бекітілген номиналды құннан жоғары сатылған
нәтижесі;
- резервтер, бөлінбеген кіріс, шығынды есепке алғанда және волюта мен
активтерді қайта бағалау;
- бөлімнің толық құрамы, біріншісі капиталдық қозғалысы туралы есеп,
екіншісі, есептіліктегі қосымша түсініктеме хаттамалар.
Ақпараттарды ашу
Баланстағы немесе ескертулердегі ақпарттардың ашылуың талабының
көлемі мен атқарымдылығына байланысты.
Жоғарыда аталған факторларға байланысты, баптарды бөлектеудің негізі
анықталады.
Әр баптарды ашу, түрлі әдістермен анықталады.
а) материалды активтер 16 ХҚЕС (IAS) сәйкес жіктеледі;
б) дебиторлық қарыздар сатып алушылар мен тапсырыс берушілер, басқа да
топтар, байланысты тараптардың қарыздары, төлемдермен басқа да сомаларға
бөлінеді.
в) қорлар, 2 ХҚЕС (IAS) сәйкес келесі топтарға бөлінеді: тауарлар,
өндірістік жеткізілім, материалдар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім;
г) резервтер зейнеттік қамту, басқа да баптар, компанияның операцияларына
сәйкес жіктеледі.
д) капитал мен резервтер, өтелген капитал кластары негізінде, эмиссионды
түсім және шығысқа өлінеді.
Компания баланс пен ескертулерде келесі ақпараттарды ашуы қажет:
Акционерлік капиталдаң әр класстарына:
- айналымға рұқсат етілген, акция шығындары;
- толық төлем жасалынған және шығарылған акциялардың саны,
шығарылған акциялар, бірақ толығымен төленбеген;
- жыл басы мен соңындағы акция айналымы;
- акциялардың құқығы, жай және артықшылығы бар акциялардың
девиденттерінің төленуі мен жіктклуі;
- опционға және сатуға ұсынылған акциялар, келісім шарт негізіндегі
резервтендірілген акция.
Әрине қазіргі таңда басқа салалар сияқты жалпы есепті жүргізуде де
кейінгі кездерде экономикадағы өзгерістерді ескере отырып, әртүрлі ішкі
және сыртқы есепті реттеу мен жүргізу әдіс-тәсілдері өңделуде. Бұл әдістер
барлық кәсіпорындарға бірдей емес. Сондықтан әр кәсіпорынның атқаратын
қызмет түрлеріне және меншік формасына сәйкес қатысты және тиімді әдістерді
қолдануы мүмкін. Қандайда болмасын әдістердің әдетте артықшылықтары мен
кемшіліктері қарастырылады. Дегенмен кәсіпорын ХҚЕС сүйене отырып өз
кәсіпорынының ерекшелігіне мән бере бухгалтерлік баланс ашылымдарының
тиімді әдіс тәсілдерін қолдана білуі керек. Келесі тарау да біз енді
кәсіпорынға қаржы – экономикалық сипаттама бере отырып ондағы бухгалтерлік
баланстың әдіс тәсілдерін қарастырамыз.
2 Бухгалтерлік баланс - кӘсіпорынның қаржылық жағдаЙының негізгі
ақпарат кӨзі
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық сипаттамасы және есеп саясаты
мен бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы
НАР Медиа жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасы
Әділет Министрлігінің Астана қалалық Әділет басқармасында 2005 жылы 08
қыркүйекте 20274 – 1901 - ЖШС нөмірімен тіркелген
НАР Медиа ЖШС-нің (бұдан әрі – серіктестік) Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодекісінде, ҚР Жауапкершілігі шектеулі және қосымша
жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы үкіміне және басқа да заңдарға
сәйкес кәсіпкерлік қызметті ретейтін заңдарға сәйкес құрылған. Ол өз
қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, НАР Медиа ЖШС -ның
бұйрықтарына, өкімдеріне және өзге актілеріне НАР Медиа ЖШС Жарғысына,
сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады. НАР Медиа ЖШС- нің орналасқан
жері: Қазақстан Республикасы, 010008 Астана қаласы, Алматы ауданы,
Қабанбай батыр даңғылы, №23 үй, офис№5.
НАР Медиа ЖШС- нің өзінің қызметін ұйымдастыру және жүргізу үшін
заңнамада белгіленген тәртіппен Астана қаласындағы Казкоммерцбанк АҚ
банкінде ағымдық (195301716) және транзиттік (000425201) шоты, сонымен
қатар Халық банкінің Астана қаласының аумақтық қоғамында транзиттік
(000422933) шот ашылған.
2005 жылы 8 қыркүйекте құрылған және тіркеуден өткен, куәлігі бар
20274 – 1901 - ЖШС, БИН 050940005963, жауапкершілігі шектеулі
серіктестік НАР Медиа құру шешімін қабылдады.
Қабылданған ережеге сәйкес, лицензия негізінде лицензияға қатысты
қызмет етеді.
НАР Медиа ЖШС қызмет ету мерзімі, егер заңды түрде қызмет
ететін басқа да шешімдер қабылданбаса НАР Медиа ЖШС –тің қызмет етуіне
дейін созылады.
Серіктестіктің дербес балансы, банк шоттары, мемлекеттік және орыс
тілдерінде толық фирмалық атауы көрсетілген мөрі табылады.
Серіктестіктің үлгілері белгіленген тәртіпте тіркелетін өзінің тауар
белгісі және нышандары, сондай-ақ мемлекеттік, орыс тілдерінде
мөртабандары, фирмалық бланктері және басқа деректемелері бар.
Серіктестік өзінің атынан мәмілелер жасай алады, мүліктік және жеке
мүліктік емес құқықтарға ие болып, міндеттемелер қабылдайды, сотта талапкер
немесе жауапкер ретінде бола алады, сондай-ақ заңдарға қайшы келмейтін
басқа әрекеттерді жүзеге асыра алады.
Серіктестік қызметінің мақсаты – тауар және қызмет нарығын кеңейту мен
бірге кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында таза кірістерді алу
болып табылады.
Серіктестіктің қызметінің мәні болып табылатындар:
- аудармашылық қызмет:
- полиграфиалық қызмет;
- көтерме бөлшек және комиссиондық сауда ұйымдастыру;
- фирмалық дүкен көздерін құру;
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікке баға беру қызметі;
- жарнамалық қызмет;
- бағалау қызметі;
- ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет;
- заңдармен тыйым салынбаған қызметтің басқа да түрлері.
Есеп саясаты есептің жүргізу жиынтығын және қаржылық есептің ашылуын
көрсетеді.
НАР Медиа ЖШС- нің есеп саясаты осы ұйымды толық сипаттайтын,
сондай-ақ бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшелігін қарастыратын
негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады.
НАР Медиа ЖШС- нің бухгалтерлік есебінің мақсаты болып келесілер
болып табылады:
- ұйым туралы толық және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету, яғни
кредиторлар, мердігерлер, сатып алушылар, салық органдары және т.б.
үшін;
- нормаға және смета негізінде негізгі құралдарды, ақша қаражаттарды,
материалдарды, жұмысшыларды және қаржы ресурстарын бақылау;
- негативті жағдайларды дер кезінде айту.
Ұйымның бухгалтерлік есебі НАР Медиа ЖШС- нің 1С-8.0.
бағдарламасымен жабдықталған. Сондай-ақ ұйымда 1010 -1060 Ақша
Қаражаттары шоттарына аналитикалық шоттар ашылған және бұл шоттар ай
сайын карточкаға басылып шығарылып отырады. Ал қалғандары электрондық
дискеталарда сақталады.
Бухгалтерлік есепті сақтау және жою мәліметтері Қазақстан
Республикасының Министірлігімен жылғы бекітілген Іс-қағаздарының
ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Ұйымда келесідей алғашқы құжаттар көрсетілген. Бірақ бұл құжаттар
коммерциялық құпия болып табылады: төлем тапсырмасы; банк көшірмесі; кіріс
және шығыс кассалық ордер; келісім шарттар.
Осы құжаттар тек кәсіпорынның президентінің келісімімен ғана берілуі
мүмкін. Базасы болып бухгалтерлік стандарт, методикалық нұсқаулар, сондай-
ақ нормативтік алғашқы құжаттар табылады және бухгалтерлік есептің негізгі
принциптеріде негізге алынған.
Серіктестіктің негізігі есеп саясаты НАР Медиа ЖШС - гі келесідей
бөлімдерден тұрады:
-НАР Медиа ЖШС- нің бухгалтерлік балансы. Халықаралық есеп
стандарттарының талаптарына негізделіп жасалады;
-есептік кезең НАР Медиа ЖШС- де жылдық календарь болып
табылады;
- оперативтік ақпараттар үшін, қаржылық - есеп үшін ай сайын
жүргізіледі. Қаржылық есеп бойынша кеткен қателер алдыңғы жылға немесе
есептік кезеңге табыс немесе шығын ретінде қосылады.
НАР ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz