Әкімшілік шығындардың есебі және аудиті


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

I ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Шаруашылық жүргізудегі бухгалтерлік есепте шығындар есебін ұйымдастырудың мақсаты мен мәні. 7
1.2 Кәсіпорындағы шығындарды ұйымдастыру мен басқарудың мәні және жіктелімі 15
1.3 Шығындардың есепте көрініс табуы және қаржылық нәтижені анықтау 19

II «АҚМОЛА БЕТОН» ЖШС КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ЖАҒДАЙЫ 25
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру.экономикалық сипаттамасы 25
2.2 «Ақмола бетон» ЖШС әкімшілік шығыстарының есебі. 31
2.3 Бақылау және реттеу үшін жасалған шығындар жіктемесі 45

III ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫСТАР АУДИТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАЛДАМАСЫ 49
3.1 Әкімшілік қызметкерлер еңбекақысын төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті 49
3.2 «Ақмола бетон» ЖШС әкімшілік шығыстарын бақылау және банкротқа ықтималдылығын талдау. 54

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 62

ҚОСЫМШАЛАР 64
КІРІСПЕ

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ұзақ мерзімді жеті басымдықтардың бірі ретінде шетел инвестициялары мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейімен ашық нарықтық экономикаға негізделетін экономикалық өсу анықталды.
Тұрақты экономикалық өсу қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге, өндірістің диверсификациясын қамтамасыз етуге, инвесторларды неғұрлым маңызды салаларға белсенді тартуға, бизнестің басты салаларында іскерлік белсенділікті артттыруға, белсенді индустриалды саясатқа кірісуге, шаруашылықтану мен басқарудың макро – дан микродеңгейіне мойын бұруға көмектеседі. [1]
Экономиканы басқаруды жетілдіру, нарықтық қарым-қатынастардың аяғынан тұруы, меншіктің әртүрлі нысандарын қолдану, шетелдік серіктестердің қатысуымен кәсіпорындар құру, Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға бағдарлану есеп пен аудиттің ролі мен маңызының одан әрі артуын болжайды.
Бұл ақпаратты кәсіпорынды басқару мақсатында ең үлкен әсерлілікпен пайдалану үшін, есептің озық әдістерін, шетелдің оң тәжірибесін, бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттарын пайдалануға, есептеу техникасын кеңінен қолдануға бағдарланған, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жүйесі қажет болды.
Халық шаруашылығының барлық салаларында және меншік иелерінің барлық түрлерінде жүргізілетін бухгалтерлік есеп пен аудитті қайта құру, оның маңызы мен әдістерін субъектінің ерекшеліктеріне сай халықаралық бухгалтерлік есеп стандартының талабына сәйкес жүргізу керек.
Өзектілігі бухгалтерлік есепте үлкен және маңызды бөлімдерінің бірі кезең шығындарының есебі және аудиті болып табылады. Кезең шығындарының негізінде кәсіпорынның қаржылық нәтижесін және төлем қабілеттілігі мен тиімділігін анықтай аламыз.
Кезең шығындары кәсіпорыннның пайда табу мақсатында қызметін жүзеге асыру үшін белгілі бір қажылар мен ресурстарды жұмсау болып табылады. Кезең шығындары – бұл кәсіпорынның ресурстарын жұмсау негізіндегі пайда табуы болып табылады.
Біреудің екінші тұлғаның алдындағы қарызын растау үшін бір сөзі немесе қарыздық қолхаты жеткілікті болатын уақыт әлдеқашан өтіп кетті.
Біздің заманымызда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің есебін лайықты жүргізуді қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есеп жүйесін құру керек. Жабдықтаушылармен, салық органдарымен, қызметкерлермен, басқа кредиторлармен есеп айырысулар бойынша міндеттемелерді уақтылы орындаудан қатысушылар арасындағы одан арғы қарым-қатынас байланысты болатындықтан, есеп айырысу қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру экономикалық байланыстардың жетілдірілуіне, келісімдік және есеп айырысу тәртібін жақсартуға әкеледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030.Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі,
қауіпсіздігі, әл-ауқатын арттыру.
2 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жайлы» Қазақстан
Республикасының Заңы- 28 ақпан 2007ж. № 234-Ш
3 Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік
есеп.Оқулық.-Алматы,Экономика,2008
4 Кеулімжаев Қ.К.,Әжібаева З.Н.,Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп
принциптері. Оқу құралы.-Алматы.ЭкономикС,2007
5 Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Е.,Шмидт О.И. Кәсіпорындағы
бухгалтерлік есеп. –Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2007 ж.
6 Дүйсенбаев К.Ш. және т.б. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.-
Оқу құралы.-Алматы:Экономика.2006.-330б.
7 Өтебаев Б.С. Қаржылық талдау.-Оқу құралы.-Астана,2008 ж.-372б.
И.Антоненко.Сравнение порядка определения первоначальной стоимости
основных средств по НСФО №2 // Бюллетень бухгалтера №48 ноябрь 2007
8 О.Рукавишникова. Анализ срока использования и ликвидационной
стоимости основных средств при переходе на НСФО №2 // Бюллетень
бухгалтера №42, октябрь 2007
9 Абленов, Д.О. Қаржылық аудит және талдау: теория, әдіснама, практика:
оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2010.- 528 б.
10 Басқару есебі: оқу құралы / А.К. Ержанов, Ә.Қ. Айтанова, Г.Ш.
Жұманова, М.С. баянова, Ә.Е. Иматаева.- Алматы: Экономика, 2009.- 304
б.
11 Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары.- Алматы: ЖШС "LEM
баспасы", 2011.- 35 б.
12 Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі.- Алматы: ЖШС "LEM баспасы",
2010.- 27 б.
13 Дүйсембаев, К.Ш. Қаржы есептілігін талдау: оқулық.- Алматы:
Экономика, 2011.- 348 б.
14 Жақыпбеков, Д.С. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық
есебі мен есептілігін ұйымдастыру: оқу құралы / Жақыпбеков, Д.- Алматы:
Экономика, 2009.-354 б.
15 Жуматов М.К., Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына
сәйкес бухгалтерлік есеп: тәжірибе құралы / М.К. Жуматов.- Астана:
16 "Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және
біліктілігін арттыру орталығы" Акционерлік қоғамы", 2011.- 119 б.
17 Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп
теориясы және тәжірибесі: оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2008.- 832 б.
18 Оразбекұлы Б. Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері: оқу құралы / Б.
Оразбекұлы.- Алматы: Экономика, 2011.- 409 б.
19 Проскурина В.П., Бухгалтерлік есеп "басынан бастап" балансқа дейін:
көмекші құрал / В.П. Проскурина; қазақ тіліне бірінші рет аударылған /
аудар. М.К. Акишев.- Алматы: ЖШС "LEM баспасы", 2010.- 374 б.:
табл.+CD.
20 Проскурина В.П., Бухгалтерлік проводкалар / В.П. Проскурина; қазақ
тіліне бірінші рет аударылған / аудырған М.Қ. Акишев.- Алматы: ЖШС
"LEM баспасы", 2011.- 292 б.: табл.
21 Тайгашинова К.Т., Басқару есебі: оқу құралы / К.Т. Тайгашинова.-
Алматы: Издательство "LEM", 2011.- 332 б.
22 Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік
есеп = Бухгалтерский учет в соответствии с международными стандартами
финансовой отчетности: оқу құралы / А.С. Садиева, М.К. Жуматов, Э.М.
Тлеуова, Б.Ж. Акимова.- Астана: "Қаржы жүйесі органдарының
мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы"
Акционерлік қоғамы"/ АО "Центр подготовки, переподгтовки и
повышения квалификации специалистов органов финансовой системы",
2011.- 393 б.
23 Абленов Д.О.Аудит негіздері.Оқулық.-Алматы.Экономика,2007.
24 «Аудиторлық қызмет туралы» . Қазақстан Республикасының Заңы-5
мамыр, 2009ж-Алматы
25 Шарипова, А.Қ. Салық есебі: оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2009.-
334 б.
26 Шарипов, А.Қ. Аудит: оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2010.- 288 б.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 71 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 3800 теңге




МазмұныКіріспе
4

I шығындар есебінің теориялық негіздері
7
1.1 Шаруашылық жүргізудегі бухгалтерлік есепте шығындар есебін ұйымдастырудың мақсаты мен мәні.
7
1.2 Кәсіпорындағы шығындарды ұйымдастыру мен басқарудың мәні және жіктелімі
15
1.3 Шығындардың есепте көрініс табуы және қаржылық нәтижені анықтау
19

II Ақмола бетон ЖШС кәсіпорынының шығындар есебінің жағдайы
25
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы
25
2.2 Ақмола бетон ЖШС әкімшілік шығыстарының есебі.
31
2.3 Бақылау және реттеу үшін жасалған шығындар жіктемесі
45

III ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫСТАР АУДИТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАЛДАМАСЫ
49
3.1 Әкімшілік қызметкерлер еңбекақысын төлеу бойынша есеп айырысудың аудиті
49
3.2 Ақмола бетон ЖШС әкімшілік шығыстарын бақылау және банкротқа ықтималдылығын талдау.
54

Қорытынды
59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
62

Қосымшалар
64

КІРІСПЕ

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ұзақ мерзімді жеті басымдықтардың бірі ретінде шетел инвестициялары мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейімен ашық нарықтық экономикаға негізделетін экономикалық өсу анықталды.
Тұрақты экономикалық өсу қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге, өндірістің диверсификациясын қамтамасыз етуге, инвесторларды неғұрлым маңызды салаларға белсенді тартуға, бизнестің басты салаларында іскерлік белсенділікті артттыруға, белсенді индустриалды саясатқа кірісуге, шаруашылықтану мен басқарудың макро - дан микродеңгейіне мойын бұруға көмектеседі. [1]
Экономиканы басқаруды жетілдіру, нарықтық қарым-қатынастардың аяғынан тұруы, меншіктің әртүрлі нысандарын қолдану, шетелдік серіктестердің қатысуымен кәсіпорындар құру, Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға бағдарлану есеп пен аудиттің ролі мен маңызының одан әрі артуын болжайды.
Бұл ақпаратты кәсіпорынды басқару мақсатында ең үлкен әсерлілікпен пайдалану үшін, есептің озық әдістерін, шетелдің оң тәжірибесін, бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттарын пайдалануға, есептеу техникасын кеңінен қолдануға бағдарланған, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жүйесі қажет болды.
Халық шаруашылығының барлық салаларында және меншік иелерінің барлық түрлерінде жүргізілетін бухгалтерлік есеп пен аудитті қайта құру, оның маңызы мен әдістерін субъектінің ерекшеліктеріне сай халықаралық бухгалтерлік есеп стандартының талабына сәйкес жүргізу керек.
Өзектілігі бухгалтерлік есепте үлкен және маңызды бөлімдерінің бірі кезең шығындарының есебі және аудиті болып табылады. Кезең шығындарының негізінде кәсіпорынның қаржылық нәтижесін және төлем қабілеттілігі мен тиімділігін анықтай аламыз.
Кезең шығындары кәсіпорыннның пайда табу мақсатында қызметін жүзеге асыру үшін белгілі бір қажылар мен ресурстарды жұмсау болып табылады. Кезең шығындары - бұл кәсіпорынның ресурстарын жұмсау негізіндегі пайда табуы болып табылады.
Біреудің екінші тұлғаның алдындағы қарызын растау үшін бір сөзі немесе қарыздық қолхаты жеткілікті болатын уақыт әлдеқашан өтіп кетті.
Біздің заманымызда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің есебін лайықты жүргізуді қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есеп жүйесін құру керек. Жабдықтаушылармен, салық органдарымен, қызметкерлермен, басқа кредиторлармен есеп айырысулар бойынша міндеттемелерді уақтылы орындаудан қатысушылар арасындағы одан арғы қарым-қатынас байланысты болатындықтан, есеп айырысу қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру экономикалық байланыстардың жетілдірілуіне, келісімдік және есеп айырысу тәртібін жақсартуға әкеледі.
Міндеттемелер бойынша есеп айырысулардың күйін бақылау шығындардың азаюына, айналым құралдарының айналымдылығының күшеюіне әкеледі, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына жақсы әсер етеді.
Әрбір ұйым үшін өзінің есептілігін аудитордың қорытындысымен бекіту маңызды. Бұнымен қоса есептіліктің ықтимал пайдаланушылары - құрылтайшылар, инвесторлар, кредиторлар, банктер, сондай-ақ жабдықтаушылар тарапынан өздеріне деген сенімді арттырады.
Ал бұндай сенімнің кәсіпорын үшін үлкен маңызы бар, өйткені оның дамуы мен келісімдік қарым-қатынастарының беріктігі осыған байланысты.
Көріп тұрғандай бүгінгі күнде өзекті және маңыздысы кәсіпорындағы кезеңдік шығындарының есебі және олардың аудиті болып табылады, өйткені қате есептеу мен кезеңдік шығындарды дер кезінде есепке алмау шаруашылық қызметтің ырғақтылығын бұзады, көп жағдайларда қаржылық жоғалтуларға және орнатылған кәсіпорын байланыстардың бұзылуына әкелетін шығыстар туындайды.
Сондықтан дипломдық жұмысымның негізгі зерттеу мақсаты кәсіпорындағы кезеңдік шығындарының есебі мен аудитін, яғни кәсіпорынның шығындарын зерттеу болып табылады.
Бұл мақсатқа қарай келесі тапсырмаларды шешу керек:
кезеңдік шығындарын есептеу мен есепке алыну дұрыстығын тексеру;
кезеңдік шығындарының құжаттар бойынша есебінің дұрыстығын тексеру;
басқадай шығындар есебінің дұрыстығын тексеру;
кредиторлық берешекті өтеудің тексеру;
кәсіпорынның кезеңдік шығындарының аудиті;
есептегі кемшіліктерді анықтау және оларды жою үшін шаралар қолдану.
Дипломдық жұмысымның зерттеу объектісі Ақмола бетон ЖШС кәсіпорыны болып табылады, оның негізгі қызмет түрі - заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Статистика агенттігінің ақпараттық мәліметтері, Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік құжаттары, отандық және шетел экономист-ғалымдардың еңбектері, кәсіпорынның нақты мәліметтері және басқа да көздер пайдаланылды.
Тақырыптың ғылыми зерттелуі. Кәсіпорынның шығындар есебін жүргізу тәртібінің әдістемелік сұрақтары отандық авторлардың жұмыстарында көрініс тапты: Дюсембаев, К.К. Кеулімжаев, М.С. В.К. Радостовец, С.С. Сатыбалдин, К.Ш. Ержанов, Ф.С. Сейдахметова, Ж.С. Толпаков, Ф.С. Кокенова, Ә.Ә Әбдіманапов А.А. Галымжанов, К.Т. Тайғашинова және тағы басқалар.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалылығы. Шет елдік, ТМД, және отандық ғылымдардың еңбектерін зерттеу нәтижесінде шығындар ұғымынның анықтамасын толықтыру; шығындар қозғалысының есебін қарастыру арқылы есеп регистрлеріне ұсыныс беру; шығындардың бағалануы мен қайта бағалануын зерттеу арқылы ұйымдарға бағалаудың тиімді тәсілдерін ұсыну болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Кәсіпорынның шығындарының есебі және аудиті жайлы берілген ұсыныстарды кәсіпорынның басқару шаруашылығында қолдануға ұсыну табылады
Дипломдық жұмысты жазу үшін әдістемелік негіздер болды:
Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Заңы,
Қазақстан Республикасының нормативтік -құқықтық актілері,
Қазақстан Республикасының "Салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Заң,
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары,
Қазақстан Республикасының Типтік шоттар жоспары,
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Ақмола бетон ЖШС кәсіпорыны.
Жұмысты жазу кезінде қаржылық талдаудың келесі әдістері қолданылды:
- алдыңғы кезеңмен салыстырғанда бухгалтерлік есептіліктің әртүрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік беретін көлденең (уақыттық) талдау,
- тұтас баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткішке жеке баптардың салыстырмалы салмағын анықтауға мүмкіндік беретін тігінен (құрылымдық) талдау,
- негізгі жыл деңгейінен көрсеткіштердің салыстырмалы ауытқуларын есептеуге сүйенетін, тренділік талдау,
- процестерді өлшеуге және тиісті қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін салыстырмалы (кеңістіктік) талдау,
- факторлық талдау - зерттеудің детерминацияланған немесе стохастикалық тәсілдерінің көмегімен нәтижелік көрсеткішке жеке факторлардың әсер етуін талдау.

1 ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Шаруашылық жүргізудегі бухгалтерлік есепте шығындар есебін ұйымдастырудың мақсаты мен мәні.

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен ұйымдарды басқарушылардың талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс болу керек.
Ұйымдастыру деп- есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас элементтерін, есеп кезеңдерін (бастапқы құжаттан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепті тапсыру мен құжаттарды мұрағатқа дейінгі аралық) арнайы тәртіпке сай қатаңсақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін, жүргізу, есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады.Сондай-ақ,бухгалтерлік есепке тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін қатаң сақтау қажет.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың негізі, біздің елімізде қабылданған 27 ақпан 2007 жылғы № 234 Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңда қаралған. Бұл заңның мазмұны бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытынды есеп жасап, мұны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді жасау жөнінде тиянақты ұғым береді. [2; 79 б]
Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі жалпы бағыт, ұйымдар ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан орнықты болады.
Ұйымдардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп әрбір ұйымдардың өз ішінде ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады. Өндірістік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу мен төлеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау, дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу, т.б. есеп объектілері бойынша қалыптасады. [3; 79 б]
Есеп үрдісін тұрақты түрде ары қарай жетілдіру бухгалтерлік қызмет атқарушылар еңбегін ғылыми және алдынғы қатарлы тәжірибе негізінде ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу шығындарын барынша азайтып отыру бағытымен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі мен талдау жүргізу үрдісіне экономика-математикалық әдістері, әртүрлі модельдерді, мақсатты бағдарламалық принциптерді, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың тиімді жолдарын енгізудің рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалыптастыру мен жүргізу кезеңдерінде арнайы қабылданып, экономикалық өмірге енген ережелер мен әдістер сақталуы керек.Ұйымдарда нақтылы орын алған шаруашылық операциялары түгелімен үздіксіз жүргізіліп, өзара байланыстылығы регистрлар жүйесіне түсетін бастапқы құжаттар жасау арнайы ережелер мен әдістерге сай орындалады.Сондықтан,бухгалтерлік есеп бастапқы құжаттарға тәуелді.
Бастапқы құжаттарға жазылған мәліметтер бастапқы шаруашылық фактілерін іске асыру жөніндегі қадылданған шешімді көрсетеді. [4; 119 б]
Бухгалтерлік есепке алынатын барлық құжаттар ұйымдардың бухгалтериясына өз уақытында тапсырылады Бухгалтерияға атпсырылған құжаттардың заңдылығы тексеріліп, мұндағы мәліметтер мен сандық өлшемдер бағаланып, шашыранды құжаттар өздерінің маңызы мен атқарған міндеттеріне қарай топтастырылады.
Есеп мәліметтерін сапалы дәрежеде топтастыру, жетілдірілген әдістер мен амалдарды ұтымды қолдану, есеп регистірін ситетикалық және аналитикалық шоттар жүйесімен тығыз байланыстыру жөніндегі нәтижелі жұмыстарды дер кезінде ұйымдастырудың маңызы зор.
Есеп жүйесіндегі мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, ситетикалық және аналитикалық шоттар талабына сай байланыстырып, арнайы жасалған есеп регистрлеріне түсіріп, бұлардың негізінде қорытынды есеп жасап отыру - бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсатына жатады.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай жүргізілуіне байланысты, бухгалтерлік есеп жұмысының маңызы мен сипаты өзгеріске түседі.
Бухгалтерлік есеп объектілерінеің көпшілігі өзгеріске түсіп, негізгі құралдар мен күрделі қаржы игеру, жарғылық капитал, арнайы қорлар, пайда мен шеккен зиян т.б. есебін жүргізудің әдістемелік жолдары халықаралық стандарттарға сай есепке алынатын болды. Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың құрамы мен маңызы, тапсыру мерзімі, мұның өзінің қашан және кімге тапсырылатындығы жөніндегі өзгерістер халықаралық тәжірибеге сәйкестендіріліп, қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар үшін мүмкіндік туғызылды. [5; 87 б]
Қолмен атқарылатын көптеген есеп жұмыстарының көлемі азайып, комьпютерлік жүйемен атқарылатын болды. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар саны көбейіп, есептің сапалы жасалуымен қатар есеп принциптерін қатаң сақтау жөніндегі әдістер мен амалдыр кеңінен қолденылып келеді.
Мұның барлығында сапалы даярланған іс-тәжірибеден өткен кәсіби бухгалтерлер атқаратындығын, сондай-ақ бухгалтерлік қызмет атқарушы мамандар бухгалтерлік есеп үйымдастыруды жетілдірудің жолдарын белгілеуді, бақылау мен тексеруді, талдау мен шешім қабылдауды мақсат тұтатындығы белгілі болды.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдірудің түпкі мақсаты - қандай да ұғымдар болмасын, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен нарықтық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдылықтарды сақтау болып табылады.
Осы жоғарыда қойылған үлкен жәрежедегі бухгалтерлік есепке тән ұйымдастырушылық үрдісті жетілдіру үшін төмендегідей кезеңді жұмыстар атқарылуы керек:
1) Бухгалтерлік есеп қызметін құқықтық тұрғыдан жетілдіру мен нормативтік заң актілерін кеңінен қолдану ;
2) Бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жөніндегі қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіріп, жаңадан жасалатын отандық бухгалтерлік есеп стандарттарын қалыптастыру. Осыған байланысты әдістемелік нұсқаулар мен ережелер сондай-ақжетілдірілген еспе принциптерін бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесінде сақтау;
3) Қаржылық және басқарушы (өндірістік) есеп өрісін ажыратып, жалпы бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің әрбір ұйымдарға тән ұйымдастыру бағытын белгілеу;
4) Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тиімді бағытын пайымдап, мұның өзін менеджмент және маркетенг жөніндегі қабылданатын үйлесімді жолдармен сәйкестендіруді белгілей отырып, экономикалық талдау жұмысының бағытын негіздеу;
5) Есеп пен есептеу жұмыстарын автоматтандыру мен компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланып, ақпараттар ағынын шапшаңдату және апйдаланушылар талабын қанағаттандыру;
6) Ұйымдардағы бухгалтерлік қызмет атқарушыларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау, бұлардың кәсіби білімін жылдан жылға жетілдіріп отыру.
Ендігі жерде осы жоғарыда айтылған бухгалтерлік есеп жұмысын ары қарай жетілдіруге байланысты қойылған талаптардың маңызына тоқталайық.
Елімізде қабылданған және мұның мазмұны іске асырылып келе жатқан бухгалтерлік есеп жөніндегі заң бухгалтерлік есеп жүйесінің заңдылығын негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізудің бағытын, есеп берудің жағдайын, есеп үрдісін ұйымдастырудың негізі болып саналатындығын білген жөн. [6; 116 б]
Кімде-кім болмасын есеп-қисап жұмысымен айналысатын тұлғалар бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдар мен нормативтік актілерді күнделікті басшылыққа алып отыруы керек. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің топтарға бөлінуі, бұлардың жіктелуі, меншіктің түрлері, акцонерлік қоғам түрлері жөніндегі тиісті заң актілерінің қойған талаптарын бухгалтерлік есеп жөніндегі заңмен байланыстыра білуі қажет.
Бұл айтылғандарға қосымша: халықаралық қаржылық есеп стандарттары халықаралық деңгейде қабылданған негізгі әдістер мен есеп жүргізудің бағыттары жөніндегі жинақталған құжат болып табылатындығын білген жөн. Бухгалтерлік есеп стандарттарына қойылған талаптар, оның маңызы мен мәні, қажетті тауарлар мен есеп стандарттарына тән сееп жүргізу объектілері ҚР - да орталықтандырылған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепке тән нұсқаулар мен ережелер бухгалтерлік есеп объектілерінің жекелеген учаскелеріне қолданылады. Көпшілік жағдайда ережелер мен нұсқаулар ұсыныс ретінде қабылданып, есеп объектілерінің жекелеген түрлері өрісісінде қолданылады.
Ұйымдарда атқарылатын шаруашылық қызметтер мен технологиялық ерекшеліктерге сай, ұйымдар өздеріне тән және ыңғайлы болап танылған есеп саясатын қабыллдайтындығына байланысты ішкі ережелер мен нұсқаулар енгізуіне болады. Сапалы түрде жасалған ұйымдардың есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізу жолдарын оңтайлы бағыта ұйымдастыруға негіз бола алатындығын есте сақтаған жөн.
Ішкі ережелер-нұсқаулар жекелеген шаруашылық операцияларына тікелей байланысты болады.
Нарықтық қатынастар жүйесінің заңдылығы мен коммерциялық құпияның сақталуына байланысты көптеген есеп көрсеткіштері шектеулі түрде жариялана бастады. Мұндай жағдайлардағы бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдық тұрғыдан қараған кезде ескерген жөн. Нарықтық қатынастар заңдылығына тән әрбір өнім өндіріп, қызмет көрсетуші ұйымдар базарлы сауданың жеңімпазы болғысы келетіні рас.
Сондықтан ұйымдар тұрақты сатып алушыларды іздеп, Бұлардың төлем өтеушілік қабілеті мен беделі және атағын зерттейді. Осыған орай әрбір тауар өндірушілер өз еліміздегі және шетелдік сатып алушылар мен қалықтар тобын зерттеп, сату нәтижесінің қаржылық тиімділігін мақсат тұтады. Сапалы тауарлар өндірудің, бұларды саудағы салудың тиімді жолдарын табу жөніндегі практикалық стратегиялық шешімдер қабылдау тұрғысында бухгалтерлік ақпараттар мен маркетингтік зерттулер арасында тығыз байланыс орнауы керек. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін кеңінен пайдаланып, соның негізінде нәтижелі талдау жұмысын ұйвысмдастыру, экономикалық шешім қабылдау бухгалтерлік есептің соңғы кезеңіне жатады.
Бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандырудың болашағы зор. Сондықтан ұйымдар осы заманғы өлшеу мен есеп аспаптарын ақпараттарды тіркеуді және оларды механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын кеңінен пайдаланып, интернеттік жүйеге енуді мақсат тұтуы керек. Осы айтылғандарды іске асыру үшін әрбір ұйымдарда бухгалтерлік есеп мәліметтерін автоматтандыру мен өңдеу жөнінде арнайы бағдарлама жасау қажеттігі туындайды. [6; 84 б]
Бухгалтерлік есеп мамандарының кәсіби тұрғыда аса жоғары деңгейде болуы, бұлардың ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігі, саналы түрде ешшім қабылдап, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін аянбай еңбек етуі- нарықтық экономиканың қозғаушы күшінің негізіне жатады.
Ұйымдарда тағайындалған бухгалтерлер өздеріне тапсырылған міндетті жұмыстар атқарып, есеп объектілеріне тән бастапқы құжаттардан туындайтын ақпараттарды жинақтап, қойылған тәртіпке сай қорытынды есеп жасап, мұның өзін тиісті органдарға тапсырады. Бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру жауапкершілігі ұйым басшысының құзырында болады. [7; 98 б]
Ұйым басшысы есеп жұмысының дұрыс жүргізілуін, барлық бөлімшелер мен мұндағы есеп жұмысын атқарушы қызметкерлерге, бастапқы құжаттар жасаушы жауапты тұлғаларға жақсы жағдай туғызуы керек.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ұйымдар бухгалтериясында іске асырылады.Ұйымның бас бухгалтеріне өз уақытында және сенімді есеп жүргізу, тауарлы-материалды құндылықтардың тиімді жұмсалуы, қаржы ресустарын қалыптастыру, экономикалық және қаржылық талдауды өз мәнінде жүргізу, болашақтағы жағдай үшін ұсыныс енгізу т.б. экономикалық-қаржылық мәселелерді ұйымдастыру тапсырылады.
Бухгалтерияда атқарылатын жұмыстардың өрісі немесе ұйымның бухгалтерлік аппараты өндірістік бөлімшелер,цехтар мен басқармалар және есеп беруге міндатті адамдармен тығыз байланыста болуы керек. Нарықтық экономикалық қатынастар бағытын жетілдіру мақсатына сай ұйымның бухгалтериясында қызмет атқарушы бухгалтерлер сыртқы қаржы салымшы инвесторлар мен несиелендірушілер ,қарыз беруші басқа да ұйымдар, салық органы мен қөаржылық басқармалар т.с.с. ұйымдар мен тығыз байланыс құруы қажет. [8; 135 б]
Барлық бөлімшелерден, жауапты адамдардан, сыртқы тұлғалардан т.б. түскен құжаттар, қорытынды мәліметтер, сондай-ақ жоспарлы және сметалық нормативтік материлдар ұйымның бухгалтериясында өңделіп, белгілі нысандарға сай топтастырылып, сапалы деңгейде ақпараттық жүйе қалыптастырудың негізін қалыптастырады. Сапалы жасалған ақпарат көрсеткіштерін терең талдау, жүйелі түрде тексеру , шаруашылық үрдісіне баға беру, орын алған фактілер тиімділігін анықтау арқылы ұйымның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметі жөнінде арнайы шешімдер қабылданады.
Бухгалтерлік есеп аппаратының айрықша атқаратын міндетінің ең негізгісі - тексеру мен бақылау міндетін орындау болып табылады. Бухгалтерия аппараты орындайтын тексеру жұмысы алдын-ала, ағымдағы және келесі тексеру болып үшке бөлінеді.
Алдан-ала тексеру деп- мүмкін болатын шаруашылық операцияларының орындалуына дейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Алдын-ала тексеру жұмысы ақша қаражаттарын кіріске алып, бұларды жұмсау, тауарлы-материалды құндылықтар қозғалысы, қаржылық қорытынды нәтижесі, несие алу мен жұмсау, т.б. шаруашылық операцияларының барлығы да ұйым басшысының және бас бухгалтредің қойған қолы мен бекітіліп расталады. Сондықтан, ұйымның бас бухгалтері немесе басқада өкілеттілігі бар жауапты адамдар бастапқы құжаттарға жазылған мәліметтердің заңдылығы мен тиімділігін, дұрыстығын алдын ала мұқият тексеруге міндетті. [17; 98 б]
Ағымдағы тексеру деп - шаруашылық операциялары орындалған сәтте немесе оның артынан іле - шала жүргізілетін тексеруді айтады. Шаруашылық операциялары тіркелген құжаттардағы мәліметтер заңдылық пен тиімділік жағынан тексеріліп, мұндағы қолданылған арифметикалық есептеулер мен бағалау амалдарының дұрыс қолданылғандығы қадағаланады. Құжаттар ағымдағы тексеруден өткен соң, ондағы мәліметтер бухгалтерлік есеп регистрларына жинақталып жазылады.
Келесі тексеру деп - шаруашылық операцияларының орындалған сәтінен бастап белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Келесі тексеру есепті кезеңге сай жүргізледі. Тексерудің бұл түрі ұйымның және осы ұйым құрамындағы бөлімшелер мен қаржы-шаруашылық қызметі өрісінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда кейбір есеп объектілері бойынша орын алған шаруашылық операцияларының маңызын он күндік, айлық, тоқсандық, т.с.с. кезеңдер бойынша да тексеріледі.
Ұйымдардағы есеп пен тексеру жұмысын осы ұйым құрамында құрылған бухгалтерия, мұндағы бухгалтерлер атқарады. Бухгалтерия аппараты ұйым басшысына бағынышты болып, ұйымның атқаратын жұмыстарының көлеміне қарай міндетті қызметтератқарушы бухгалтерлер тағайындалады. Бухгалтерия жұмысын тиімді қалыптастыру үшін бухгалтерия аппаратын, мұндағы бөлімдерді дұрыс қарап, есеп қызметкерлерін, бұлердың білімі мен тәжірибесіне қарай орналастырудың маңызы зор.
Ұйымдарда ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп түріне (форма) сай бухгалтерлік аппаратының құрылымы деп - өзара байланыста болатын ұйымдық тұрғыдағы бөлімдер мен құрылған топтарды, бұлардың құрамы мен біріне - бірінің бағыныштылығын, сондай-ақ атқаратын кәсіби міндеттерін айтады. Яғни бухгалтерлік аппарат құрылымы жекелеген бөлімдер мен еңбектің бөлінуіне, бухгалтерияда қызмет атқарушы мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесіне қарай қалыптасады. [10; 98 б]
Ұйым көлемі мен атқарушы шаруашылық қызметтің ерекшеліктеріне сай есеп жүргізу еңбегі кәсіби түрде белгіленеді. Мысалға, негізгі өндіріске жұмсалатын шығындар есебінбухгалтерияның бір бөлімі жүргізсе, жанама өндіріс шығындары есебін жүргізу бухгалтерияның басқа бөліміне тарсырылуы мүмкін. Яғни бір циклға тән есеп жұмысын басынан аяғына дейін бір адам немесе бір бөлім орындайды. Сонымен қатар, есеп жұмысын кәсіби тұрғыда орталықтандырып үйымдастырған жағдайда әрбір бухгалтер бір тектес шаруашылық операциялары жөніндегі есепті жүргізеді. Мысалға, еңбекке ақы төлеу жөніндегі есеп жүргізу үшін бір бухгалтер (топ) есептің осы учаскедегі бастапқы құжаттарды қабылдап, мұның дұрыстығын тексерсе, екінші бухгалтер осы құжаттарға сай еңбек ақы есептейді, оның мөлшерін көрсетеді, ал үшінші бухгалтер есеп регистрларын жасап, шоттарды корресподенциялайды. Бухгалтериядағы атқарылатын еңбек пен міндеттерді бөлісу, ұйымның өндірістік немесе қызмет көрсету көлеміне байланысты болады. Бухгалтерлік аппарат құрылымы мен мұның күрделілігі ұйымдағы еңбек етуші адамдар саны мен техналогиялық ерекшеліктер, атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы мен күрделілігіне де байланысты . [11; 68 б]
Көлемі жағынан шағын құрылымдарда бухгалтерлік аппарат құрылымы қарапайым және жеңіл жолдармен қалыптасады. Мұндай құрылымдарда атқарылатын бухгалтерлік есеп жұмыстарын жекелеген бөлімдер құрмай-ақ атқарушы бухгалтерлерге есеп объектілері мен жүргізілетін шоттарды бөліп беру мен тапсыру арқылыда орындауға болады.
Көлемі жағынан үлкен және орта ұйымдарда есеп объектілері едәуір күрделі жағдайда қамтамасыз ету үшін құрылады. Ұйым қызметін көлемділігі мен есеп объектілері өрісіне қарай бухгалтерлік аппараттың жекелеген бөлімдер құру арқылы қалыптастырған жөн.Бухгалтерия құрамында арнайы бөлімдер құру ісі есеп объектілрінің негізгі учаскелеріне байланысты болады. Ұйым бухгалтериясында жүргізілетін есеп жұмыстарының күрделілігі мен көлеміне қарай жекелеген бөлімдер мен секторлар құру ісі де тәжірибеге енген.
Мұндай бөлімдар мен секторлар: еңбекақы төлеу, материялдық ресурстар, өндірістік шығындар, дайын өнімдар мен бұларды сату, есеп айырысу операциялары, басқадай операциялар жүргізу үшін құрылады. Сонымен қатар есеп ақпараттарын жинақтаушы және қорытынды есеп жасау жөніндегі бөлім құрылуы да мүмкін.
Іс-тәжірибеде қалыптасқан және көптеген ірі ұйымдарда қазіргі кезеңде құрылып, қалыпты жұмыстар атқарушы бухгалтерия құрылымын төмендегі
1-сүлбеден көреміз.
Еңбекақыны төлеу бөлімі (есеп айырысу еңбек уақытының есебін, тиісті адамдарға есептелген еңбекақының есебін төлеу ведомосі, осы жүйедегі операциялар) еңбекақыға байланысты есеп-қисап жұмысының басынан бастап соңына дейін жүргізеді. Еңбекақыға байланысты тиісті қорытындылау мен тексеру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық мәліметтер негізінде басқарушылық үрдісіне байланысты талдау жұмыстарын да ұйымдастырады.

Бас бухгалтер немесе қаржы жөніндегі
директор

Еңбек ақы
төлеу
бөлімі
Өндірістік шығындар есебінің бөлімі
Есеп айырысу операциялары ның бөлімі
Басқадай операциялар жүргізу бөлімі
Қорытынды есеп жасау мен жинақтау
Дайын өнімдер және сату бөлімі
Материал дық ресур тар есебінің бөлімі

1-Сурет Бухгалтерия құрылымы
Материалдық ресурстар есебін жүргізуші бөлім тауарла материалды құндылықтар, негізгі құралдар мен материалды емес активтер, салынған күрделі қаржы қозғалысын, бұларға тән есеп жүргізудің барлық әдістемелік жолдарын пайдаланып, түгендеу мен талдау жұмыстарын тиянақты орындауға міндетті. Сонымен қатар халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына және есеп саясатына байланысты материялдық принципті сақтауға міндетті.
Өндірістік бөлім-өндіріс шығындары есебін, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбек және материалдық шығындарға тексеру мен талдау жүргізу, аяқталмаған өндірістің есебі мен түгендеуге тән есеп жұмысын жүргізеді. Бұл бөлім қорытынды есеп жасап, ақшалай өлшем мен өзіндік құн принципін сақтауы керек.
Дайын өнімдер бөлімі-өндірілген дайын өнімдер есебін, қолда бар дайын өнімдер қөзғалысын, өнімдерді жөнелту мен сату, сатып алушылар мен жасалған келісім шарттың, сондай-ақ есептесу принципін, қоюшы-мердігерлер мен есеп айырысуды қатаң түрде бақылай отырып, осы бөлімге байланысты есеп-қисап жұмысын толығымен орындауға міндетті.
Егер ұйым бойынша банктер мен есеп айырысу, басқалай есеп айырысу операциялары, бюджетпен есеп айырысу,салық төлеу декларацияларын толтыру, сондай-ақ ақша қаражаттары жөніндегі операциялар көп көлемде орындалатын жағдайда, ұйым бойынша арнайы бөлім құрылуы мүмкін. Мүндай бөлімге қаржы қызметін ұйымдастыру жоғарыда тарсырылуы мүмкін. Қаржы қызметінің жұмысын бұл бөлімге тапсыру, осы ұйым бойынша қаржылық бөлім ұйымдаспаған жағдайда орындалады.
Меншікті капитал, қорлар мен қаржы қорытындысының есебі, еншілес ұйымдар арасындағы қаржылық қатынастар, ішкі шаруашылық қатынастар қаржы салушы инвестициялардың жағдайы жөніндегі мәліметтердің есебі, ұйым ерекшелігі көлеміне қарай басқадай операциялар есебін жүргізуші бөлімге тапсырылады.
Бухгалтерлік есеп жөніндегі барлық ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау, бухгалтерлік баланс пен қорытында есеп жасау, бухгалтерияның барлық бөлімдері арасындағы жұмыстарды үйлестіру, ұйымдағы барлық есеп-қисап жұмысын ұйымдастыру, қажет болған жағдайда бухгалтерлік есеп объектілері бойынша ішкі әдістемелік құжаттар жасап, есеп саясатын жасау жинақтаушы бөлімнің міндетіне жүктеледі. [13; 115 б]
Жоғарыда келтірілген бухгалтерияның құрылымы міндетті түрде осылайша құрылып, ешқандай өзгеріссіз қалыптасуы мүмкін емес. Бухгалтерия құрылымы ұйымның көлемі мен техникалақ және технологиялық ерекшеліктерге және нарықтық қатынастар мен ұйымдастырудың ұйымдық түріне, халықаралық экономикалық қатынастарға байланысты қалыптасады. Келтірілген сүлбе тек қана үлгі ретінде ұсынылып отыр. Ұйым бухгалтериясы қызметін жетілдіріп отыру, осындағы мамандар мен бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы кәсіби мамандарға байланысты.
Ұйымдардың әр жылдары атқаратын шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне сай бухгалтерия құрамында басқадай бөлімдер құрылуы мүмкін.
Мысалға, егер осы ұйымға көп көлемде инвестициялық қаржы тартылып, бұл ұйым көп көлемде, ұзақ мерзімді қаржы игеретін жағдайда болса, онда бухгалтерия құрамында арнайы бөлім құрылуы мүмкін. Бұл бөлім күрделі құрылыс салуға, мұны қаржыландыруға, жұмсалған шығыстар есебіне байланысты ақпараттар қалыптастырып, қорытынды есеп жұргізуге міндетті. Сонымен қатар аса ірі компаниялар мен акционерлік қоғамдар қалыпты жұмыс атқарып, тұрғын халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге өз міндетіне алған жағдайда ұйым бухгалтериясының құрамында арнайы бөлімде
( әлеуметтік, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық) құрылады. Ірі ұйымдар мен бірлестіктердің жоғары деңгейде халықаралық экономикалық қатынастарға түсуіне және жалпы есеп жұмысын барынша автоматтандыруға, сондай-ақ интернет жүйесін кеңнен пайдалануға, ірі-ірі халықаралық биржалар жөніндегі ақпараттар алу мақсатына байланысты ақпараттарды компьютерлік жүйемен өңдеу жөніндегі бөлім құрылуы да мүмкін.

1.2 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен
басқарудың мәні және жіктелімі

Шығындар өндіріске және өнімді шығаруға қолданылатын белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын, айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.
Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты -- бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.
Шығындарды басқару -- бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол жеткізеді.
Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару жүйесі табылады.
Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты шығындарды басқару жүйесін құрудың негізгі мақсаты -- ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар -- өндіріс көлемі -- пайда.
Шығындарды басқарудың маңызды міндеттері:
- кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;
- шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;
- шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;
- өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу -- өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;
- шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;
- бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау;
- кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу;
- шығындарды нормалау әдісін таңдау;
- өндіріс процесін, ассортименттік және баға саясатынын қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі мен өндіріс көлемін болжауды жетілдіру бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу.
Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.
Шығындарды басқарудың функциялары:
- өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;
- шығындарды әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша, көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша бақылау және талдау;
- белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру;
- кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.
Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады. Шығындарды талдауды жүйелі түрде жүргіземіз,
яғни ұйымды жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік
ретінде қарастырамыз. Жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік ретінде шығындарды басқару жүйесін жүзеге асырады.
Егер шығындарды басқарудағы институционалды аспектілер жайында айтар болсақ, онда мынындай негізгі сауал туындайды: шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдастырушылық құрылымының әрбір деңгейінде шығындарды басқарудың өзіндік қызметін құру қажет пе немесе шығындарды басқару саласында осы уақытқа дейін қалыптасқан менеджерлерге қосымша өкілеттілік беру қажет пе. Шаруашылық жүргізу субъектінің шығындарды басқару процесін қарастыруға болады.
Шығындарды бақару жүйесінің негізгі элементтері болып шығындарды басқару объектілері (бұл шығындардың деңгейі, құрамы мен құрылымы) мен шығындарды басқару технологиясы (шығындардың нақты көрсеткіштерінің жоспарлыдан ауытқуын анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру) табылады.
Шығындарды басқару жүйесін ұйымдастыру кәсіпорынның
қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен оны басқаруға құрылымдық және процестік тәсілдерді аралас қолдануды талап етеді. Процестік тәсілдің мәні кәсіпорынның барлық қаржылық-шаруашылық қызметін екі категорияға бөлуге болатындығында: негізгі бизнес-процестер және қосымша бизнес-процестер.
Негізгі бизнес-процестер өнімді немесе қызметті ұсынумен, оны сатумен және тұтынушыға жеткізумен байланысты. Олар өзіне келесі
бизнес-функцияларды қосады: шикізат пен басқа да материалдық ресурстарды жеткізуді қамтамассыз ету, өнімнің әр түрін өндіру, өнімнің өтімі мен маркетингі, кепілдік және сатылымнан кейінгі қызмет көрсету.
Шығындарды талдау -- бақылау функциясының маңызды элементі бола отырып, негізді жоспарлануы үшін ақпараттарды дайындайды.
Шығындарды басқару жүйесінде талдау функционалды циклды аяқтайды және онымен бір мезгілде оның басы болып табылады. Шығындар жалпы кәсіпорын бойынша және де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер, шығындардың экономикалық элементі мен калькуляция баптары, қызмет түрлері, өнім (жұмыс, қызмет) бірліктері, өндіріс процесі кезеңдері мен есептеудің басқа да объектілері бойынша талдауға түседі.
Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және функционалды-басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі. Кәсіпорында шығындарды талдаудың мазмұны арқылы көруге болады.[14; 65 б]
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарды талдау өзіне негізгі жұмыстарды орындауды қосады:
1) өндіріске деген шығындардың жалпы сомасы мен экономикалық элементтері бойынша өнімнің өтімін талдау. Талдау өндіріске деген шығындарды зерттеу және экономикалық элементтер шегінде негізгі қызмет түрі бойынша өнімді (жұмыс, қызмет) ұсынуды болжайды.
Талдау есепті кезеңнің экономикалық элементтері бойынша нақты шығындардың үлес салмағын өткен кезеңнің аналогиялық көрсеткіштерімен, сонымен қатар жоспарлы мәліметтерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұндай тәсіл шығындар құрылымындағы өзгерістерді анықтауға және
өнімнің материал сыйымдылығының, қор сыйымдылығының, еңбекақы сыйымдылығының және еңбек сыйымдылығының өзгерісін анықтауға көмектеседі.
Жекелеп қарастыратын өнім (жұмыс, қызмет) өтімі мен өндіріске кеткен шығынның жалпы сомасындағы материалдық шығын үлесінің өзгеруін
талдау кезінде жекелеген ұйымдардың қызметтеріне кеткен
төлемдердің шығындарын ұлғайтуды және олардың өсу себептерін анықтауды талап етеді.
Еңбекті өтеуге кеткен шығындар үлесін салыстырмалы ұлғайту кезінде материалдық шығындардың үлес салмағын азайту өнім құрамындағы құрылымдық жылжумен байланысты.
Шығынның жалпы сомасындағы амортизация үлесінің өзгерісі өндірістің қор сыйымдылығының динамикасы мен жұмыскерлердің еңбек қорымен қамтамасыз етілгенін, сонымен қатар аморизацияны есептеудің жаңа тәсіліне ауысуын көрсетеді. Амортизацияға деген шығын үлесін азайту негізгі қорлар мен олардың тасымалдануының массалық тозуын куәландырады, ал осы шығындар үлесінің артуы өндіріске жаңа техниканы енгізумен және жеделдетілген амортизациямен байланысты болуы мүмкін.
Экономикалық элементтері бойынша кәсіпорынның жалпы шығындарын талдау шығындар сомасының элементтері мен олардың құрылымы бойынша өзгеруінің нақты себептерін ашу керек.
2) калькуляциялау баптары бойынша дайын өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын талдау. Оның талдау объектісі болып кәсіпорынның (немесе өндірістік бөлімшелердің ) дайын өнімнің өзіндік құны мен жекелеген бұйымдар (жұмыс, қызмет) табылады. Ол алдыңғы кезеңмен немесе жоспармен салыстырғанда қандай баптар бойынша үнемдеуге қол жеткенін,
ал қандай баптар бойынша шығын шыққанын анықтауға көмектеседі.
Басты назар ең көп өзгерістер мен шығын шыққан бапқа аударылады.
Тура калькуляциялық баптар бойынша шығындардың өзгеру себептерінің бірі өнім (жұмыс, қызмет) көлемін ұлғайту (немесе азайту) және оның құрамын өзгерту болып табылады. Тура материал шығындарының өзгеру себептері болып шығындар нормасының өзгеруімен материалға, жанармайға,
жартылай фабрикаттарға деген бағалар (тариф) мен ұйымдардың өндірістік мінездегі қызметтерінің өзгеруі табылады.
Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы бабы бойынша шығындардың өзгеру себептері өнімнің еңбек сыйымдылығының өзгерісі болып табылады. Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақыға деген тура шығындары мен тура материалдық шығындардың өзгерісіне өзара әрекет еруші факторлардың әсері өнім бірлігі мен жеке түрлердің өзіндік құнын талдау кезінде анықталады.
Жанама шығындардың (жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық) өзгерісін талдау кезінде олардың есепті жыл сметалары өткен жылмен салыстырылып зеттеледі.
Ақаулардан туындаған жоғалтулар ұлғайған кезде олардың себептері талданып, сонымен қатар осы шығындардың орнын толтыру мен ақауларға кеткен шығындар теңестіріледі. Басқа да өндірістік шығындарды
талдау олардың құрамының түрлері мен есепті жылдағы олардың өзгерісінің себептері өткен жылмен салыстыра отырып анықталады.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарына талдау жүргізу кезінде есепті кезеңнің нақты шығын деңгейін өткен кезеңмен немесе белгіленген жоспармен салыстыру арқылы құралы мен құрылымы
бойынша шығындардың өзгеру себептері мен көлемін анықтау, шығынның өсуі немесе азаюын шарттастыратын факторларды белгілеу, оларды азайтудың мүмкін болатын қорларын анықтау қажет.
Шығындарды басқару жүйесінде өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын талдау үлкен мағынаға ие. Ол берілген көрсеткіштің өзгеру тенденциясын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуына, оның өсуіне факторлардың әсерін анықтауға, өзіндік құнды төмендету мүмкіндіктерін қолдану бойынша кәсіпорын жұмысына баға беру мен қорларды белгілеуге көмектеседі.
Өзіндік құн кірістер мен шығындарды өлшеудің негізі , сонымен қатар, қорларды тиімді қолдану мен интенсификацияның жалпылама көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өзіндік құнды талдаудың міндеттері:
- өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны бойынша жоспардың шиеленістігі мен негізделуін бағалау;
- өзіндік құн бойынша талдаудың орындалу деңгейі мен динамикасын белгілеу;
- өзіндік құн көрсеткіштерінің динамикасына әсет ететін факторлар мен олар бойынша жоспардың орындалуын анықтау, жоспарлы шығындардан нақты шығындардың ауытқу көлемі мен себептерін анықтау;
- өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау;
- шығын мен түсімнің оптималды арақатынасын анықтау мен бағалау.
Тауар, жұмыс және қызметтің өзіндік құнын талдау үшін ақпараттық база болып есеп мәліметтері, өзіндік құнның есептік және жоспарлық калькуляциялары, негізгі және қосымша өндіріс бойынша шығындардың синтетикалық және аналитикалық есебі табылады.
Отандық кәсіпорындағы шығындарын басқару және талдау жүйесін қарастырдық, ендігі кезекте шығындардың басқарудың шетелдік тәжірибесін қарастырамыз.

1.3 Шығындардың есепте көрініс табуы және қаржылық
нәтижені анықтау

Соңғы қаржылық нәтиже - пайда немесе шығын- есепті кезең аралығында банк алған шығыстар мен табыстарды салыстыру арқылы анықталады.Шығыстар есептіліктің, сақтық және сәйкестіліктің негізгі халықаралық принциптерін негізге ала отырып танылады.Әдетте есепті кезең аралығында танылған шығыстардың барлық баптары шығынды анықтауға қолданылады.Осылармен бірге шығынды анықтауға төтенше баптар және есепті бағалардағы өзгерістер нәтижелері қолданылады.Осындай екі жағдай бар:маңызды қателерді түзету және есептеу саясатындағы өзгерістер нәтижелері.
Іс жүзінде есепті кезеңдегі шығынды анықтауда қолданылатын барлық шығыс баптары күнделікті қызмет барысында пайда болады.Сондықтан тек кейбір жағдайларда ғана шаруашылық қызмет немесе операция төтенше баптың пайда болуына әкеледі.
Төтенше баптар - кәсіпорынның күнделікті қызметінен айқын ерекшеленетін шаруашылық қызмет немесе операциялардың жүзеге асуы нәтижесінде пайда болатын шығындар,сондықтан олар жиі және ылғи да пайда болады деп күтілмейді.
Шаруашылық қызмет немесе операциялардың төтенше баптардың пайда болатынына негіз болатын жағдайлары активтердің экспроприациясы немесе жер сілкінісі,басқа да дүлей апаттар.
Төтенше баптардың сипатын немесе сомасын ашу шығындар есебі құрамында немесе қаржылық есеп ескертулерінде жасалған кезде шығындар есебінде жасалуы мүмкін.
Тоқтатылған операциялар нәтижелері әдетте күнделікті қызметтен түсетін шығынға енгізіледі. Алайда кейбір жағдайларда үзу шаруашылық қызметінің немесе қалыпты емес операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болса және олардың үнемі қайталанып отырылуы қарастырылмаса, үзу нәтижесінде пайда болған шығын төтенше баптар ретінде қарастырылады.
Экономикалық қызметке тән белгісіздік салдарынан қаржылық есептің бірнеше баптары нақты өлшене алмайды. Бұл жағдайда соңғы мәліметтерді қоса есептегендегі пікірталастарды енгізетін бағалау үдерісі жүргізіледі.Мысалы,үмітсіз қарыздар,материалдық қалдықтардың ескіруі,пайдалы қызмет ету мерзімі немесе амортизацияланатын активтердің экономикалық пайдасын танудың күтілетін үлгісінің бағасы талап етілуі мүмкін.Тиімді бағаларды пайдалану қаржылық есептерді құрудың маңызды бөлігі болып табылады және олардың нақтылығының дәрежесін төмендетпейді.
Әр түрлі кезеңдердегі қаржылық есептердің сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында,есептік бағалардағы өзгерістердің бұрын кәдуілігі кәсіпкерліктен түскен шығындар есебіне қосылған бағаларға әсері шығын құрамына енгізіледі.
Қаржылық есептерді толтыру кезінде қате математикалық дұрыс есептемеулер нәтижесінде, есеп ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Шығындар есебі және аудиті
Табыстардың есебі және аудиті
Инвистиция есебі және аудиті
Өндірістік шығындардың есебі
Құрылыстағы шығыстардың есебі және аудиті
Ақша қаражаттарының есебі және аудиті
Өндірістік шығындардың есебі мен аудиты
Табыстар мен шығындардың есебі
Өндірістік корлар есебі және аудиті
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь