Кәсіпорынға сипаттама және онда ұзақ мерзімді активтер есебінің жағдайы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
КІРІСПЕ . . .: 1
4: ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . .
8
КІРІСПЕ . . .: 1. 1
4: Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық негіздері . . .
8
КІРІСПЕ . . .: 1. 2
4: Ұзақ мерзімді активтерге аудит жүргізудің маңызы мен мәні . . .
15
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 2
4: КӘСІПОРЫНҒА СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОНДА ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІНІҢ ЖАҒДАЙЫ . . .
22
КІРІСПЕ . . .: 2. 1
4: Кәсіпорының экономикалық сипаты, оның қаржылық жағдайы және есеп саясаты . . .
22
КІРІСПЕ . . .: 2. 2
4: Кәсіпорында негізгі құралдар есебінің ұйымдастырылуы . . .
33
КІРІСПЕ . . .: 2. 3
4: Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің есебі . . .
40
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 3
4: КӘСІПОРЫННЫҢ Ұзақ мерзімді активтер аудиті және оЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ . . .
46
КІРІСПЕ . . .: 3. 1
4: Ұзақ мерзімді активтерді аудиторлық тексеру және бағдарламасы . . .
46
КІРІСПЕ . . .: 3. 2
4: Активтерді пайдаланудың тиімділігін талдау . . .
50
КІРІСПЕ . . .: 3. 3
4: Ұзақ мерзімді активтер есебін жетілдіру жолдары . . .
54
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 57
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 61
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
4: 63

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз етудің маңызды бөлігі - ұзақ мерзімді активтер болып табылады. Өндіріс тиімділігін анықтауда ұзақ мерзімді активтердің түсуі мен шығуы, олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастыру, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асыру қажеттігі туындап отыр.

Еліміздегі нарықтық қатынастарының тез жылдамдықпен дамуы қаржылық - шаруашылық қызметіне жаңалық енгізіп отыруды талап етеді, оның ішінде әсіресе бухгалтерлік есепте кәсіпорынның мүлкінің ең басты бөлігін құрайтын ұзақ мерзімді активтерді есептеуде.

Ұзақ мерзімді активтер: материалдық (негізгі құралдар және аяқталмаған күрделі құрылыс) ; материалдық емес; басқа да ұзақ мерзімді активтер; ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (өтілу мерзімі бір жылдан артық) болып бөлінеді. Материалдық емес активтер- бұлар натуральдық-физикалық формасы жоқ, алайда «болмашы құндылығы бар» соған сәйкес субъектіге ұзақ уақыттар бойында немесе үнемі қосымша табыс түсіретін активтер. Оның үстіне материалдық емес активтер алынып қосылу қабілетін де ие болуға тиіс. Материалдық емес активтерге тауар белгілері (қызметкөрсету белгілері), тауарлырдың шығарылатын тіркеулі жерлері, гудвилл («фирма бағасы»), «ноу-хоу», потенттер мен өнеркәсіпүлгілері, лицензиялар, интеллектуальды меншік пен ұйымдастыру шығындары, табиғи ресурстарды пайдалану құқы, ЭЕМ-мен бағдарламалық қамтамасыз ету және басқаларыжатқызылады.

Нарықтық экономиканың дамуына қарай метериалдық емес активтердің субъектілер мүліктеріндегі маңызы мен үлгісі ұлғая түседі, мұның өзі техника мен технологияның дамуымен, ақпараттыңтаралуымен, экономикалық қатынастардың дамуы мен сабақтас.

Негізгі құралдар-материалдық активтер ұзақ уақыттар бойында (бір жылдан астам) материалдық өндірісте де, өндірістік емес салада да еңбек құрал-жабдықтары ретінде қызмет атқарады.

Негізгі құрал-жабдықтарға: тұрақты мүліктер (жер учаскесі, ғимараттар, құрылғылар, көп жылғы екпе өсімдіктер және жерге тығыз байланысты, басқа орынға көшіру оның әуелгі мақсатына нұқсан келтірмей қоймайтын басқа да объектілер) ; транспорт құралдары; құрал-жабдықтар; балық аулау саймандары; өндірістік және шаруашылық мүліктері; ересек жұмысшы және өнімді мал; құрал-саймандар мен басқа да негізгі құралдар жатады.

Алыну мақсатына қарай материалдық активтер есеп жұмысында негізгі құралдардың, қосалқы тауар материалдың, қаржылық инвестицияның құрамында көрсетіледі. Мысалы, субъектінің шаруашылық мақсат үшін сатып алған автомобилі негізгіқұрал-жабдықтар құрамында, ал қайыра сатып жіберу үшіналынған автомобиль қосалық тауар - материал құрамында көрсетіледі. Субъектінің тек өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақыт кезіңінде қаржы алу үшін алған жер учаскесі мен ғимараттары қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Субъектінің қолындағы негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі пайдаланыла бермейді, өйткені олар резерв ретінде қоймада жатуы мүмкін немесе белгілі бір тәртіп бойынша сақталынып қойылуы, әйтпесе жалға берілуі ықтимал.

Бұлар кіріске алынған сәтте бухгалтерлік есепте алғашқы құны бойынша көрсетіледі. Оған негізгі құралдыр объектілерін және материалдық емес активтер объектілерін салу немесе алу бойынша жұмсалған шын мәніндегі бүкіл шығын, соның ішіндегі сатып алу кезінде төленген қайтарылмайтын салықтар мен төлемдер (мысалы, оларды сатып алу кезінде төленген қосымша құн салығы, мемлекеттік алым жәнет. б. ), жеткізу, монтаждау (құрастыру), орнату, пайдалануға беру жөніндегі шығындар, несие проценттері және активті жұмыс жағдайына келтіруге қатысты басқа да тікелей шығындар жатқызылады.

Аяқталмаған құрылыс түсінікті қажететпейді. Ұзақ мерзімді материалдық активтер тобына сондай-ақ аяқталмаған күрделі құрылыстар және басқа да ұзақ мерзімді активтер жатады.

Бұлардан басқа ұзақ мерзімді активтер: ұзақ мерзімді инвестиция; ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (өтеліну мерзімі бір жылдан астам) ; алдағы кезеңдердің шығындары (өтеліну мерзімі бір жылдан астам) болып табылады.

Ұзақ мерзімді инвестиция - бұл еншілес серіктестіктер активтеріне; тәуелдік заңдық ұйымдарға, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берілетін инвестиция, онда бұлардың ағымдағы құны көрсетіліп беріледі, егер олардың құнынан өзгешелігі болса.

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек - бұл алдаға кезеңдердің табыстар шоты; алынған вексельдер; шаруашылық ішінді коперациялар нәтижесінде негізгі шаруашылық серіктестіктері мен олардың еншілес серіктестіктері арасында туындаған дебиторлық берешек және т. б.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Ұзақ мерзімді активтер есебі және аудиті» болғандықтан мен ұзақ мерзімді активтер есебінің жіктелуі олардың есептелуі мен аудитіне теориялық анықтама бере отырып»Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ-ның ұзақ мерзімді активтерінің есептелуін және оларға аудит жүргізуді ұйымдастыру болып табылады.

Өндіріс тиімділігін анықтауда ұзақ мерзімді активтердің түсуі мен шығуы, олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асырмай, қадағалау мүмкін емес.

Жұмыстың зерттеу объектiсiне Астана қаласында орналасқан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының соңғы жалдардағы көрсеткiштерi алынды және оған экономикалық, бухгалтерлiк талдау жасалынды.

Осы жұмыстың тақырыбын ала отырып, алға қойылған негізгі мақсат - ұзақ мерзімді активтердің есептелуіндегі аудиттің жүргізу тәртіптері мен әдістері, аудитті жүргізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсету, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмысты орындау барысында экономикалық, статистикалық әдістер қолданылды.

Қойылған осы мақсаттарға жету үшін мына міндеттерд і алдыға қойю керек:

- ұзақ мерзімді активтерге теориялық сипаттама бере отырып оларды жіктеу;

- ұзақ мерзімді активтердің есебін жүргізу әдіс тәсілдерін кәсіпорын мысалында көрсету;

- ұзақ мерзіді активтердің ішіндегі негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге тозу есебінің тәртібін оқу;

-«Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ-ның ұзақ мерзімді активтерінің есебі және аудитінің ұйымдастырылуын қарастыру;

-«Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ-ның ұзақ мерзімді активтер есебін жақсартуда шаралар қолдану.

Зерттеудің ақпараттық базасы - жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңшығару актілері, Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті реттейтін құжаттар, экономика және қаржы салаларындағы көрнекті авторлардың еңбектері қолданылып олар пайдаланылған әдебиеттер тізімінде қарастырылды және оны дипломдық жұмысты жазу барысында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ-ның соңғы екі жылдық қаржылық есептілігі және ұзақ мерзімді активтерді талдайтын құжаттары кеңінен қолданылды.

Тақырыптың ғылыми зерттелуі . Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтер есебі мен аудитін жүргізу тәртібінің әдістемелік сұрақтары отандық авторлардың жұмыстарында көрініс тапты: Дюсембаев, К. К. Кеулімжаев, М. С. В. К. Радостовец, С. С. Сатыбалдин, К. Ш. Ержанов, Ф. С. Сейдахметова, Ж. С. Толпаков, Ф. С. Кокенова, Ә. Ә Әбдіманапов А. А. Галымжанов, К. Т. Тайғашинова және тағы басқалар.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалылығы - бірқатар теориялық шешімдерді практикалық талдауларды негізге ала отырып ұзақ мерзімді активтер есебі мен аудитін экономикалық категория ретінде оның әрі қарай құзыреттік құқықтық қызметтерін жетілдіру және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес құру бойынша ұсыныстар жасайтындығында болып отыр.

Өткізілген зерттеуді топшылай отырып, бірқатар жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:

  • ұзақ мерзімді активтер есебі мен аудитін ұйымдастырудың тиімділігін

арттыру мақсатында, ХҚЕС - тің сақталуын қадағалау, жаңа технология мен әдістер мүмкіндіктері және бағыттары анықталған;

  • жұмыс тақырыбын толықтай ашу негізінде ұзақмерзімді активтердің

мәнін, түрлерін, негізгі қалыптасу көздерін, олардың бөліну механизімін, олардың келіп түсуін жоспарлай және болжай білу тәртібін, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты мақсаттары мен қызметтерін, сондай-ақ ұзақ мерзімді активтер есебін жүргізуді оңтайландыру мәселелері қарастырылған;

  • кәсіпорын мысалында ұзақ мерзімді активтер есебінің жүргізілу

ерекшеліктері мен аудиті қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың негізгі ғылыми түйіндері мен оның ұсыныстары және алынған нәтижелері ұзақ мерзімді активтер есебі саласының барлық жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты зерттеуге маңызы бар деп танылды. Қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарының ең негізгі тармақтары қаржы ресурстарын жеткілікті өзіндік қамтамасыз ету мүмкіншілігін арттырудағы индикативтік жоспарлар жасауға әзірленуде кеңінен пайдалануға болады.

Жұмыстың әдістемелік нұсқалары болып мыналар табылады: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары, қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттар бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарының синтетикалық шоттары топтарының тізбесі, шетелдік және отандық экономистердің ғылыми әдебиеттері, кезеңдік басылымдар және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының бастапқы мәліметтері. Статистикалық мәліметтер еңбек өнімділігін анықтау үшін және жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде анықтайды.

Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, 12 кестеден, 5 суреттен, 3 бет қосымшадан тұрады.

1 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық негіздері

Актив - деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады. Олар ұйымның өткен уақыттардағы қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымдардың алдағы уақыттарында табыс табуы үшін пайдаланылады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс (пайда) - кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып отырады. Жалпы бұл үлестің көбейуі (артуы) кәсіпорынның негізгі немесе негізгі емес қызметтері нәтижелерінде пайда болуы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдардың активтерді пайдалану арқылы табатын кірістері (пайдалары) :

  • өнім өндіру нәтижесінде;
  • қызмет көрсету нәтижесінде;
  • басқа активтерге айырбастаудың нәтижесінде;
  • міндеттерді өтеу үшін пайдалану нәтижесінде;
  • ұйымдардың меншік иелері арасында бөліске тусуі нәтижесінде және тағы да басқа операциялардың нәтижесінде пайда болуы мумкін.

Кәсіпорындар активтерді өздері өндіріп шығару (жасап шығару), сатып алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа бөлінеді:

  • қысқа мерзімді активтер (бір жыл уақыт аралығында пайдаланылатын)
  • ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын)

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) елінің экономист мамандары Белверд Нидлз, Хенри Андерсон және Джеймс Колдуэлл - активтерді қаржылық активтер және жұмсалған шығындар деп екі топқа бөлген.

Бұндағы бірінші топқа, яғни қаржылық активтерге тез арада ақшаға айнала алатын активтер жатқызылса, жұмсалған шығындар деп аталатын активтер құрамында аванс ретінде төленген төлемдер, материалдық құндылықтар, үйлер мен ғимараттар, қозғалмайтын мүліктер және материалдық емес активтер қарастырылған.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс жүргізу барысында бұл жоғарыда аталған қысқа мерзімді активтерден басқа ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын (бір жылдан артық уақыт), өндірістік және әкімшілік қызметті орындауға арналған (сатудан басқа) активтерді қажет етеді. Ал бұндай ұзақ мерзімді активтердің қатарын негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштарды және ұзақ мерзімдік инвестицияларды жатқызуға болады.

Ұзақ мерзімді инвестиция - кәсіпорынның табысты аспектілеріне (бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар), жарғылық қорына және басқа кәсіпорындарға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге де кәсіпорынға берілген қорлары. Яғни еншілес серіктестеріне берілген инвестиция және тәуелді заңды ұйымдарға берілген инвестициялар.

Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Ұзақ мерзімді инвестиция деп - қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке кәсіпорындар мен ұйымдар делдал ретінде қатысады. Ұйымдар өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Ұйымдардың инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, ұйым балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Ұйымның инвестициялық саясаты ұйымның басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі - ұйымның валюта - қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.

Материалдық емес активтері деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді, ұйымдастыру шығындарын, гудвильді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты жатқызуға болады. Оларға анықтама беріп көрейік:

Лицензиялық келісімдер - кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т. б. ) беретін құқықтар;

Бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;

Патенттер - заңды түрде танылған және тіркелген айырықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;

Ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) - субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу - бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;

Гудвилл - субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының сауда сәтіне пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтерінің жеке-жеке гудвилл фирманың алған нақты бағасы мен таза активтерінің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемелер» болып табылады.

Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес (№38 ХҚЕС) материалдық емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен қызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер больш табылады және іскерлік пікірден айқын ажыратылады. Сонымен қатар материалдық емес активтер ретінде ішкі пікірді қалыптастыруға, жарияланатын атауларды, клиенттердің тізімі және сәйкес сипаттың ұқсас баптарын қабылдаудың қажеті жоқ. Патенттер, авторлық құқықтар, франчайзингтер, тауар таңбалары, ұйымдық және жедел шығындар айтарлықтай кең тараған материалдық емес активтер болып табылады [1, б. 46] .

Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: айырбастауға жататын және жатпайтын.

Айырбастауға жататын материалдық емес активтер фирманың басқа активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкін.

Кейбір айырбастауға жататын және субъектінің қызметінде айтарлықтай жиі кездесетін материалдық емес активтер төменде көрсетілген. Патент - бұл занды тіркелген және танылған ерекше қүқық. Патенттік құқық - сырттан басқа тұлғалар араласпаған кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, бұйымдарды иесіне пайдалануға, өндіруге, сатуға және бақылауға мүмкіндік береді.

Өндіріс дизайнын тіркеу өндірілетін бұйым түріне, үлгісіне не-месе моделіне сәйкес келетін патентке ұқсайды. Өндіріс дизайнын тіркеу сыртқы нысанда қорғаған кезде ғана патент қызмет көрсетуді қорғайды.

Авторльқ кұкық - бұл әдеби, музыкалық шығармалардың өнертапқыштар және тағы басқа авторларының заңмен қарасты-рылатын, қорғалатын формасы.

Тауар маркалары немесе тауар атаулары - бұл компания-ларға, өнімдерге немесе қызметтерге берілген атаулар, символдар немесе басқа да анықталатын ұқсастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франчайзингті ңақты бағытты және нақты қызметті пайдалану қүқығын иелену үшін шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік меншікті пайдалану құқығын иелену немесе коммуналдық қызмет көрсету үшін үкімет органдарымен ұсынылады. Жалға алынған меншіктің құнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктің дебет шотына жатады. Жал меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктелінеді. Жалға алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына амортизациялануы немесе осы мерзімдердің кайсысы қысқарақ болуына байланысты жақсаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бблек сатылуы мүмкін емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген. Материалдық емес активтердің кейбіреулерінің екі арнайы сипаттамасы бар: олар үзақ мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай иеленушіге ешқандай құқық бермейді. Бұл материалдық емес активтер жеке идентификациялануы мүмкін, бірақ айырбастауға жатпайды. Мерзімі ұзартылған шығындар, яғни оларды бухгалтерлік ссепте болашақта табыс әкелуі мүмкін қызметтерге кеткен шығындар деп атайды. Олар баланста алдын ала төленген үзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Мерзімі ұзартылған шығындар физикалық формасы жоқ ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.

Ұйымдық шығындар - бұл қызметті ұйымдастыру кезінде пайда болатын шығындар.

Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу құны - бүл барлық төлемдер немесе алынған активтердің ағымдағы нарықтың құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады. Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілу қажет:

  • қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды, реттеуші және келісілген ереже;
  • болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе ұзарту үшін шарттар;
  • қызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар;
  • жұмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін қызмет мерзімі;
  • материалдық емес активтің бар бәсеке қабілеттілігін
  • шектейтін бәсекелестердің және басқа да субъектілердің күтілген әрекеті;
  • материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің қызмет ету мерзімі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтер есебі және аудиті
Материалдық емес активтердің аудиті
Қаржылық жобаларды бақылау тобы
Бухгалтерлік есеп бойынша дәрістер
Материалды емес активтерге меншіктік құқық
Кәсіпорын активтерін басқару және оның тиімділігін арттыру
Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеументтік даму жоспарлары
Кәсіпорында қаржылық есеп жүргізу
Бухгалтерлік баланс және оны талдау әдістері
Кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі материалдық емес активтердің алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz