Билік ұғымы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Экономикалық факультет
РЕФЕРАТ
Билік ұғымы
Пән Саясаттану
Мамандығы 5В050900 - Қаржы
Орындаған:
Тексерген:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1. Билік ұғымы туралы түсінік . . . 4
2. Биліктің пайда болуы . . . 7
3. Биліктің қызметтері, жіктелуі . . . 9
4. Биліктің жүзеге асуы. Саяси режимдер . . . 11
5. Биліктің легитимділігі . . . 13
Қорытынды . . . 15
Библиографиялық тізім . . . 16
Кіріспе
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар.
Телеологиялық анықтама билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.
Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
П. Моррис, А, Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.
Америка саясаттанушылары Г. Лассуэл мен А. Каплан «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.
Биліктің объектісі және субъектісі болады. Ол саяси өзгерістерге байланысты ауысып отырады.
1. Билік ұғымы туралы түсінік
Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен [1, 24бет] .
Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.
Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.
Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.
Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.
"Билік" сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына объектісіне байланысты былай бөлуге болады:
- Ата-аналар билігі.
- Мемлекеттік билік.
- Экономикалық билік.
- Саяси билік.
- Әлеуметтік билік.
- Құқықтық билік.
- Әскери билік.
- Рухани билік, т. с. с.
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады.
Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т. с. с.
Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнда біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар [2, 36бет] .
Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф. Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", т. с. с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т. б. жатады.
Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. т. б. жатады.
Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз, т. с. с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі.
Ақпараттық қор. Білім мен ғылым мағлұматтарын алу, оларды тарату бүгінгі күні алдыңғы қатарлы орынға шығуда.
Алайда, мұнда осы тәртіпті қалай, кандай тәсілдермен, кұралдармен, акциялармен, өрекеттермен іске асыруға бола- ды, ол адамдарға не береді, оның әлеуметтік ықпалы мен мәні, соңдай-ақ билік құрудың саяси мәдениетінің әлеуметтік өмірдің эр түрлі аспектілеріне жөне тұлғаның өзіне әсері қан- дай деген сияқты мәселелер ашылмай қалады. Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей әр түрлі тәсілдері бар [3, 15 бет] :
- Телеологиялық(гр. сөзі teleos - мақсат + logos -түсінік, ілім) . Телеологиялық тәсіл кез келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді. Сондықтан адамдар қауымдастығына бірқалыпты, реттелген даму мен тұтастықты . сақтау мақсат болып табылатындықтан, биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруы осыңан келіп шығады-мыс. Мұндай тәсіл биліктің қажеттілігінің қандай да бір анық аспектісін дәйектегенімен, оның қалыптасуы мен қызмет етуінің жолдары туралы нақты сұраққа жауап бере алмайды. Маңызды элементі билік болып табылатын барлық әлеуметтік процесті тек нәтижеге, мақсатқа телу оның мағынасын және ондағы билік рөлінің мәнін түсінуді тым жұтандатып жібереді. Адамгершілікке жат мағынаға ие "Мақсатқа жетуде кез келген өрекетті қолдануға болады" деген белгілі формула өзінің әдістемелік негізі ретінде билікті түсінудің осындай тәсілін ұстанады.
- Инструменталдық. Ол билікті түпкілікті өлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды. Ол биліктік ықпалдың шынайы актілерін, биліктің ұйымдастыру құрылымдарының сәйкестігін, олардың өкілеттіктерін, түпкілікті әлеуметтік проблемаларды шешу үшін олар қолданатын әдістер мен құралдарды бағалауға, сараптауға мүмкіндік береді. Бірақ инструменталдық тәсілдің негізінде билік әрекетінің тиімділігін анықтау әдістемесін жасау мүмкін болғанымен, оның биліктік іс-әрекеттің -гуманистік аспектілерін толықтай бейнелей алмайтындығын ескеру қажет. Биліктің аса тиімді әлеуметтік құрал екені сөзсіз. Ол үстемдік етуші әлеуметтік күштердің мүдделерін іске асыруға пайдаланатын сословиелік, таптық, этникалық және басқа да құрал болуы мүмкін. Сондықтан биліктің инструменталдылығы оның әлеуметтік маңызын бар мазмұнымен аша алмайды деп айтуға болады.
- Функционалдық. Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ыкдалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады. Билік құру адамдар қауымдастығының тұрақтылығын, олардың мүдделерінің түйісуі мен дамуының мақсаттылығын қамтамасыз ететін маңызды өлеуметтік функция болып табылатындығы сөзсіз. Функционалдық тәсіл билік пен саясаттың ажырамас бірлігінен туындайды. Билік функциялары, ең алдымен саяси тұрғыда болады. Яғни, билік формасының қажеттілігін, билік субъектісінің билік құруға құқығын, билікті жүзеге асыруда белгілі бір ұйымдасқан құрылымдарды, күштерді, құралдарды жөне әдістерді пайдалану заңдылығы мен қажеттілігін негіздейтін саяси идеология жасақталынады.
- Құрылымдық-функционалдықтәсіл. Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Функционалдық және құрылымдық-функционалдық төсілдер билік пен саясаттың жалпы теориясын жасақтау үшін, билік пен саясаттың адамдар кдуымдастығындағы орны мен мәнін анықтау үшін құнды. Бірақ билікті қолдану іс-әрекетін, билік құрудың әлеуметтік-саяси тәжірибесін, оның ситуативтік және субъективтік аспектілерін анықтау мен бағалаудың нақты процесін сараптау үшін бұл тәсілдер жеткіліксіз.
- Билікті еріктің, жігердің көрінуі ретінде түсіну. Бұл тәсілде биліктік ықпал етудің мақсаттылығы мен қарқындылығына ерекше назар аударылады, әлеуметтік дамудың нақты процесі билік құрушының субъективтік еркінің, жігерінің іске асуының нәтижесі ретінде қарастырылады, және субъект субъектілік катынастардың объективтік негіздері еленбеуі де мүмкін. Методологиялық тұрғыдан алғанда бұл тәсіл волюнтаризмге, субъективизмге, авантюризмге ұрындырады. Билік қаншалықты күшті әрі агрессивті болғанымен, дүниеде барлығы дерлік билікке бағына бермеуі мүмкін.
Аталған тәсілдердің барлығы билік, билік құру ұғымдарымен белгіленетін қоғамдық қатынастардың шынайы мазмұнын жете түсінуге, биліктің көпөлшемділігін, оның мәндік аспектілерін жете түсінудің қиындығын ашуға, билік мәнінің сарапшылар анықтаған тәсілге, позицияға жөне мүддеге тәуелділігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен, билікті адамдар қауымдастығына тұтастықты сақтау үшін оның қурылымдық элементтеріне мақсатты әсерін тигізетін белсенді, жігерлі бастама ретінде, осы қауымдастықтық ішкі және сыртқы өзекті проблемаларын шешуге бағытталған ұйымдастырушы әрекет ретінде де сипаттауға болады. Осы жағдайда өз ықпалының тиімділігін көтеру үшін билік адамзаттың жинақтаған саяси мәдениетін, оның қандай да бір аспектілерін өз жағдайына, өзінің проблемалары мен міндеттеріне сәйкес өзектендіре отыра қолдануы қажет. Сондықтан да билік шынайы өмірде көпнұсқалы болып келеді.
2. Биліктің пайда болуы
Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен зандылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Билік туралы мәселені қарастырғанда, ең бастысы оның негізінде жатқан қатынастардың әмбебаптық сипатын ескере кеткеніміз жөн. Әлемде үстемдік құрып тұрған жалпыға бірдей өзара тәуелділік элементтері - тәуелділік, үстемдік және бағынушылық осы қатынастардың өзегі болып табылады. Өзара тәуелділік табиғатта әмбебаптық сипатка ие және онда белгілі бір иерархияны қалыптастырады. Бұл жағдайда біз күн жүйесіндегі планеталардың оның орталық элементі - Күнге тәуелділігіне назар аудара отырып, мәселен Жер планетасына және ондағы өмірге Күннің билігі туралы айта аламыз.
Өзара тәуелділік тірі жәндіктер ассоциаңиясының ішінде басқа мазмұнға ие болады. Болмыстың фундаменталдық сипаттамасы бола отырып және особьтардың тіршілік етуі үшін қажетті сипат ала отырып өзара тәуелділік ассоңиаңиялардың ішінде иерархиялық байланыс жасай отырып, олардың гендік құрылымы мен инстинктінде тұғырланады.
Бұған аралардың ұясы, құмырсқалардың, термиттердің колониясы және басқалар көрнекті мысал бола алады. Мұнда иерархия особьтардың табиғи негізінде, олардың гендерінде болады. Особьтардың күресі, олардың жеке қасиеттері шешуші рөл атқаратын жоғары ұйымдасқан хайуандардың үйіріндегі иерархияның қалыптасуы барынша ашық және мейлінше аз консервативтік сипатқа ие. Адамдар қауымдастығына келер болсақ, үйір, жанұя адам- дардың ең алғашқы ассоциативті топтары болып табылады, олардың ішінде әрекет бірлігін дағдыландыратын және осы қауымдастықтың тұтастығын сақтайтын ұйымдастырушы элемент ретіндегі биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің бастауы жатыр.
Приматтар үйірінде, адамзаттың арғы тектерінің ассоциативті тобында биліктің қалыптасуы және қызмет етуі карапайым психофизиологиялық негіздегі особьтардың шынайы мінез-құлықтарынан келіп шықты, себебі әлеуметтік тұрғыдан алғанда адамзаттың арғы тегінің қауымдастығы гомогенді (гр. сөзі - біртекті) болды, бірақ қауымдастықтың дамуымен гомогендік сипатты социумның гетерогенділігі (гр. сөзі - біртекті емес, эр түрлі бөліктерден құралатын) алмастыра бастады [1, 20 бет] .
Еңбек бөлінісі, айырбастың дамуы адамдар қауымдас- тығының әлеуметтік жіктелуіне алып келді, яғни қажеттіліктерді қанағаттаңдыруда, тұрмыс салтында эр алуандылық, мүліктік теңсіздік қалыптасты, эр түрлі кәсіптер, сословиелер, таптар пайда болды. Адамдар ассоңиациясы этномәдени, өлеуметтік, жыныстық, жас ерекшеліктік, кәсіби және басқа да негіздерге ие бола бастады. Осындай жағдайларда биліктің қалыптасуы мен қызмет етуі, үстемдік ету мен бағынудын әлеуметтік иерархиясының жүзеге асуы, адамдар мүдделерінің түйісу процесінің іске асуы тым күрделене түседі де арнайы білім мен дағдыларды талап ететін ерекше әлеуметтік функция - элитарлық әрекетке айналады.
Бұдан келіп қоғамның саяси мәдениеті пайда болып, дамиды, оны игеру мен қолдану, әлеуметтік құбылыс ретінде биліктің пайда болуы мен қызмет етуі орын алады. Жалпы алғанда биліктің қажеттілігі мен үстемдік ету- бағыну қатынастарының табиғилығы айқын болғанымен, нақты жағдайда субъект-субъектілік катынастар жүйесінде - үстемдік ету мен бағынудың қалыптасуы, қызмет етуі мен дамуы шынайы түрде қандай деген сауал кадр сыртында қала береді. Билік құрудың осы мәдениетінің ерекшеліктерін ашу саясаттанудың ғылым ретіндегі өзгешелігін, оның пәндік мазмұнын көрсетеді. Сондықтан саясаттануды билік туралы ғылым деп қысқаша атауымызға болады. Сонымен, билік дегеніміз не?
Бұл ұғымға қатынастағы қызығушылық ерте замандардан басталған. Биліктің өз құпиясы бар. Адамзат өз дамуының өне бойында өзінің ойшыл өкілдерімен оның мәнін ашуға талпынды. Неге адамдар басқа адамдарға бағынады? Т. Джефферсон айткандай, бір адамдар - арқасында ерімен, ал басқалары - аяқ киімдеріндегі өкше темірлерімен туылмаңды. Бірақ осылай болса да, біреулер билік құрады, ал басқалары осы билікті мойындайды және оған мүлтіксіз бағынады.
Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда эр түрлі тәсілдерді қолданып, түрлі көзкдрастарды ұстанады. Билік - билік құру объектісін басқарудағы ерекше іс- әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі, биліктің әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтеріңде бойлай отырып, соларда жүзеге асатындықтан, билік қоғамдық өмірдегі өз көрінісінің көптүрлілігімен сипатталынады. Бұл:
- еріктің, бастаманың, жігердің көрінуі, субъект-
субъектілік қатынастардың белсенді элементі;
- мақсатты жасақтау, бағыныштылардың тіршілік
әрекеттерінің мәнді аспектілерін бағдарламалау;
- шешімдер қабылдау, оларды жүзеге асыру тетіктерін
анықтау;
- жеке мүдделерді түйістіру мен ескеру;
- жалпы мүдделердің жеке мүдделерден басымдығын
мойындау және осы басымдықтарды қамтамасыз ету үшін биліктік ықпал ету нормалары мен құралдарын қолдану;
- биліктік ықпал етудің әлеуметтік мәнін мойындаумен
байланысты билік субъектісінің ерекше психикалық жағдайы және т. б.
Осы аталған бағалау пікірінің барлығы билік мөніне тереңдей енуге талаптану болып табылады. Әлеуметтік өмірде билік өзін көпаспектілі және көпөлшемді құбылыс ретінде көрсетеді. Билік құрушы субъект өз акцияларында, әрекеттерінде өз "мендігінің" шегінен шығып кетеді. Оған объектіге ықпал етуге ұмтылу, онда өзінің субъектілігін, яғни өзінің өлеуметтік ықпалы мен мәнін жүзеге асыру тән. Бұқаралық санада қалыптасқан жалпы түсінік бойынша билік тәртіп үшін керек, ол - қоғамдағы тәртіпті сақтаудың қаруы, құралы. Бұл формуланың көзге көрініп тұрған карабайырлығына карамастан мұнда билік кэжеттілігін мойындау мен билік құрудың мақсаты көрсетілген.
3. Биліктің қызметтері, жіктелуі
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:
1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.
2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.
3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.
4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.
5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.
6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру.
7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.
8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.
9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т. с. с [4, 56бет] .
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:
1. Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.
2. Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.
3. Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.,
Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді.
1. Институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі.
2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz