Қазақстан Республикасының банк жүйесі: мәселелері және ХХІ ғасырдағы келешегі.


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1. 1 Банк жүйесі түсінігі, оның элементтері

1. 2 Банк қызметтерінің негізгі бағыттары

2 ҚР-ның банк жүйесінің деңгейлері

2. 1 Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметтері

2. 2 Коммерциялық банктер, олардың қызметтері

3 Банк жүйесінің мәселелері мен дамы бағыттары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еліміз экономикасының әкімшіл - әміршілдік жүйеден нарықтық жүйеге көшуі экономиканың әрбір саласына тың жаңалықтар мен өзгерістер алып келді. Сондай салалардың бірі - банк жүйесі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк бірдей қызмет атқарып келе жатқаны және халыққа жақынырақ қызмет көрсетітіні комерциялық банктер екені белгілі. Сол коммерциялық банктерде атқарылтын қызметтердің нәтижелі болуы елде қалыптасып келе жатқан қаржылық - несиелік қатынастарға тікелей ықпал ететіні айтпай - ақ түсінікті. Сондықтан да коммерциялық банктер атқаратын қызметтердің барлығына жан жақты талдау жасап, әрбір қызметтің артықшылықтар мен кемшіліктерін ашып көрсетіп отыру еліміздің экономист - қаржыгерлерінің алдында тұрған мақсаттардың бірегейі.

Әлемдік қаржы және тауар нарығында және қазақстандық экономиканың бәсекелестік жақсаруының қолайлы жағдайяты былтырғы жылы елдегі макроэкономикалық жағдайға оң әсер етуді жалғастырды. Кейінгі соңғы жылдардағы көрсеткіш бойынша ТМД елдері арасында Қазақстан үздік жайғасым қатарына шықты. Елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруы және қазақстанның экономикалық саясатына инвесторлар сенімінің көрнекті өсуіне оның әрі қарай экономикалық дамуының келешегі қатынасына қолайлы болжам себеп болды. Экономикалық оң беталыс әлеуметтік көрсеткіштерді жақсарту жөнелтілді.

Жалпы бұл тақырып төңірегінде айналысып жүрген шетелдік және отандық ғалымдар, экономист - қаржыгерлер аз емес. Атап айтсақ, Сейтқасымов Г. С., Қалиева Г. Т., О. И. Лаврушин., Мадиярова Д. М., Мещеряков Г. Ю., Искакова З. Д. және басқалары.

Коммерциялық банктер атқаратын операциялар мәселесі бір қарағанда, қарапайым, қиындығы жоқ сияқты болып көрінгенімен, екінші жағынан алғанда, елдегі қаржылық - экономикалық жағдайға тікелей әсер ететін факторлардың бірі болғандықтан, ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселеге айналып отыр.

Бұл жұмыстың мақсаты - еліміздегі банк жүйесімен танысу және оның қазіргі мәселелері мен келешегі қарастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды:

  • Банк жүйесімен танысу;
  • ҚР банк жүйесінің деңгейлеріне сипаттама беру;
  • еліміздегі банк жүйесінің мәселелері мен келешегін қарастыру.

1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1. 1 Банк жүйесі түсінігі, оның элементтері

Банк жүйесі - нарықтық экономикалық маңызды және құрамдас бөліктерінің бірі. Банк және тауар - ақша қатынасын дамыту параллель жүрілді және тығыз байланысты болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығы қызметімен тікелей байланысты. Олар арқылы ұдайы өндіру процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылады. Мұнда банк қаржы делдалы ретінде шаруашылық ұйымдары капиталын, халық жинағын, шаруашылық қызметі процесінде босаған басқа ақша қаражаттарын тартады және оларды қарыз алушыларға уақытша береді, ақша есебін жүргізеді, экономика үшін басқа көптеген қызметтер көрсетеді, сөйтіп өндіріс эффектілігі мен қоғамдық өнім айналымына тікелей әсер етеді. Сонымен қаржы делдалдары қоғамды ақша капиталын сала арасында, аймақ арасында қайта бөлу механизмі мен қанымдай отырып, маңызды халық шаруашылығы қызметін жүзеге асырады.

Банк - көне ұғым болып саналады және оның көрінуі ақшаны айырбастау, карызға ақша беру, өзгелердің ақшаларын шоғырландыру туралы ойлардың пайда болуымен байланысты болды. “Банк” терминің сөзбе сөз италия тілінен аударғанда ақшамен операция жасалған “таяқша орындық” ұғымын білдіреді.

Д. Рикардо : “Егер де банк тек қана меншiктi капиталды пайдаланған болса, онда ол ешқашанда құрылмас едi. ”

Ежелден бері қоғам өмірінің қажеттіліктері адамдарды делдалдық қызметпен айналысуға мәжбүр етті. Бізге дейін жеткен әр түрлі қайнар көздерде вавилондық банкирлер туралы мәліметтер кездестіруге болады. Олардың негізгі қызметі пайыздық салымдарды қабылдау мен жазбаша міндеттемелері бойынша қарызға ақша беру болып табылды. Тарихшылардың айтуынша б. з. д. VIII ғ. Вавилон банкі халықтан салымдарды қабылдап, олар бойынша пайыздарды төлеп отырды, ссуданы берді, сонымен қатар өзінің банктік билеттерді басып шығарды [1] . Сол кездерде Игиби банкирлік үйінің қызметі айрықшаланды. Игиби үйінің жүргізген операциялары әр алуан болды: клиенттер үшін төлемдердісатып алу мен сатуларды комиссиондық бастамаларда жүргізіп отырды, ақшалай салымдарды қабылдап отырды, клиенттерге несиелер берілді, оның арқасында несие беруші пайыздардың орнына несие алушының егістіктерден шыққан өнімдеріне құқылы болды.

Натуралды шаруашылық жүргізілген уақыттарда натуралды несиелер көп қолданылды, мысалы, Грецияда жерді жалдау үшін несиелер берілді.

Көптеген өзгерістер мен қайта құруларды басынан өткере отырып, банктер капитализм дәуірінде неғұрлым айқын ұғымға ие болды. XV - XX ғасырлардағы көптеген елдердін экономикалық тарихы банктердің көбеюін, жаңа банктердің пайда болуын және олардың қызметтерінің толыға түсуін, банктердің сыртқы жағдайлар мен факторларға тәуелділігін, сонымен бір мезгілде олардың елдердің экономикасына, операциялардың ұлғая түсуі мен банктер рөлінің артуына өлшеусіз әсер етуін дәлелдей түседі.

Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайында брған сайын “кәсіпорын” ретінде көбірек қаралатын болды. Кез - келген кәсіпорын сияқты банк өз қызметінің маңызды түрде өзгеше көрінуі жағдайында, тұтынушыларға нақтылы қызмет көрсететін, өзінің өнімін алға жылжытуды жүзеге асыратын дербес заңды тұлға болып қала беретін болады және ол кіріс пен пайда алуға мүдделі баланс жасайды, мемлекетпен есеп айырысуды жүзеге асырады.

Банктерге: сауда кәсіпорны, делдалдық кәсіпорын, несие беру кәсіпорны, коммерциялық кәсіпорын, биржалардың агенті түріндегі делдал, мемлекеттік басқару тетігінің бір бөлігі болып табылатын әріптес ретіндегі кәсіпорын түрінде сипаттама беру ақылға сыйымды болып саналады. Әрбір жеке айқындамалар тұрғысынан қаралатын банктерді ең алдымен орындайтын операцияларының сипаты, банк жүйесіндегі банктердің деңгейі және елдің ақша, қаржы ресурстарына қатынасы бойынша бөліп көрсетудің маңызы зор. Бұл - орталық және эмиссиондық банктер, коммерциялық банктер, мамандандырылған қаржы - несие институттары болуы мүмкін.

Банктердің үлгілеріне қатысты әрбір жеке банктің толық сипаттамасын берген жөн:

Банк сауда кәсіпорны ретінде айрықша тауар ақшамен сауда жасайды, осыған орай сату кезінде өзі үшін кіріс алады және сатушыларға сыйақы төлей отырып, сатушыларда ақша ресурстарын өзі сатып алады. Банк материалдық саладағы басқа кәсіпорындардан нарықтық ортадағы тауар ретіндегі ақшаның өзгешелігін, банк өзінің тауарын айрықша бағаға сата отырып, оның жаңа құнға айналып өсуі арқылы қайтатындығын күтетіндігімен ажыратады [2] .

Банк салымшыларының ақша қаражаттарын өзіне тартып, оларды пайыздармен және қызмет көрсетудің сапасыменқызықтыра отырып, айрықша тауар ретiнде ақшаны сататын өзiнiң босалқы қоры мен ресурстар қорын толықтырады.

Коммерциялық банктер сауда кәсiпорны ретiнде аталмыш сипаттаманы жеткiлiктi түрде айқын да дәл растай түседi. Банк ақшамен сауда жасаудан тысқары, ресурстар түрiнде әр түрлiелдердiң валютасын, алтынын, басқа қымбат металдарын сатып алады және сатады. Дәл осы жағдайда, мұны елдердiң орталық банктерiне тән деуге болады.

Банк - делдал кәсiпорын ретiнде өз операцияларының сыртқы белгiлерi арқылы емес, қызметтерiнiң маңыздылығымен ерекшеленедi. Ақша қаражаттарын сақтау үшiн клиенттердiң бүкiлiне есеп айырысу және ағымдағы есеп шоттарын аша отырып, банк ресурстар шоғырланатын “сыйымды ыдысқа” айналады. Бұл жерде банк есеп шот иелерiнiң алдында өзiне үлкен мiдеттемелер қабылдаумен қатар несие беру, есеп - шоттарға төлем жасау, ақша аудару бойынша операциялар жүргiзетiн ресурстармен “сыйымды ыдысты” толтыруға өзi де мүдделiк танытады. Бiр кредиторлардың ақша қаражаттарын сақтаушы ретiнде қатыса отырып, банктер өз кезегiнде делдалдық қызметтi басқа операциялардан оқшау тәртiпте емес, өз клиенттерiнiң мүдделерiмен өзара байланыста орындайды. Осыған орай ресурстардың салымшы - сатушылары ретiнде банктер клиенттердiң мүдделерi туралы ұмытып кетуiне болмайды. Осындай жағдайда ғана банктер елдiң ғана банктер елдiң экономикалық өмiрiнде, нарықтық қаржылық ортада делдал ретiнде өзiнiң қызметiн сақтай алатын болады.

Банк - коммерциялық кәсiпорын ретiнде өзiнiң сауда, делдалдық, несие беру операцияларын жүзеге асырып, есептi кезенге баланс жасап, табыс алуға деген өзiндiк мүддесiн таныта отырып, пайда табады және ол оған мүдделi болып табылады. Банктiң шығынды қызметi нарықтық ортадағы оның толық банкроттық жағдайын көрсетедi және банктердi жабу үшiн негiз болып саналады. Сондықтан да банкер өздерiнiң қызметiн орындау және көптеген операцияларды жасау кезiнде коммерцияның маңызды қағидаларынан ұстанады: онсыз банк өмiр сүруiн тоқтататын пайдаға қол жеткiзудi; жоғары кiрiстiлiктi қамтамасыз етедi; банктiң пассив балансы бойынша қатыстырылған қаржылар үлесiнiң артуымен банк ресурстарының тез айналым жасаушылығына жетудi; өз мүдделерi мен клиенттердiң мүдделерi үлесiм тапқан жағдайда, соған орай соңғыны алдыңғы орынға жылжыта отырып, банк iсiндегi тәуекелдi төмендетудi көздейдi. Банктер клиенттердiң ақша, қаржы операцияларына қызмет көрсету үшiн құрылады және өндiрiстi кеңейтуге, ссудалық капиталдың қозғалысына қызмет етедi.

Банк автономиялы кәсiпорын ретiнде бекiтiлген заңдық және экономикалық қалыптар негiзiнде елде өз қызметiн жүргiзедi және банктердi құру мен оның қызметiнiң негiзгi қағидаларын жүзеге асырудың құқықтық негiзге ие болып табылады. Банк операцияларын жүзеге асырудың құқықтық негiздерi, клиенттермен, мемлекетпен, банктiк жүйемен өзара қатынастардағы банктердiң құқығы мен жауапкершiлiгi әр елдегi банк және банк қызметi туралы заңдармен айқындалады. Банк туралы заңдар нарықтық қатынастардағы олардың экономикалық мүдделерiн қорғайды, сонымен бiр мезгiлде елдегi экономикалық мәселелердi шешудегi банктердiң iс - қирмылын шектейдi.

Банктер мемлекеттiк басқару тетiгiнiң бөлiгi ретiнде шашыранды капитал мен ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды қаржы ресурстары түрiнде орталықтандыра отырып, бұл қаржыларды тұтастай экономиканы, өндiрiстi дамытуға жұмсалатын қаражатқа деген нақтылы, объективтi қажеттiлiктерге бағыттайды, оларды мемлекет мүдделiк танытып отырған инвестицияларға салады. Өзiнiң барлық операцияларын шаруашылық саласындағы есеп айырысу мен төлемдер бойынша, шаруашылық жүргiзу субъектiлерге несие беру бойынша жүзеге асыра отырып банктер бiршама дәрежеде клиенттердiң есеп - шоттарынан ақша қаражаттарының жеке банктен алынған ссудалардың жұмсалу дұрыстығына бақылаушы болып қатысады [1] .

Бүкiл әлемдегi банктер нарықтық экономика жағдайындағы өздерiнiң функционалдық қызметтерiнде банктiк жүйесiнiң жалпы қағидаларына сүйенедi.

Әлемдегi қазiргi заманғы банк жүйесi күрделi көп буынды құрылым болып саналады. Клиентке көрсетiлетiн қызмет сипатының базалық ұқсастығы, мемлекеттiң қаржы саясатымен өзара байланыстылығы оның негiзгi болып қызмет етедi.

  1. Ақша эмисиясына құқығы бар мемлекеттiң орталық банкiсiнiң мiндеттi түрде болуы;
  2. Қызмет көрсету сипаты мен даму деңгейiнiң көптеген белгiлерi бойынша топтастырылған коммерциялық банктер;
  3. Әр түрлi қаржылық топтарды, компанияларды, ұсақ салым орталықтаврын енгiзетiн мамандандырылған қаржы институттары.

Мемлекеттiң орталық банкi - бұл мемлекеттiң қаржы саясатымен тығыз өзара байланыста қызмет iстейтiн, негiзi бойынша мемлекеттiк ұлттық банк.

Елдегi ақша айналымын коммерциялық банктер мен банк жүйесiнiң басқа буындары деңгейiнде және оған қызмет көрсету кезiнде үкiмет деңгейiнде несиенi басқару, орталық банктi банктердiң барлық басқа түрлерiнен өзгешелеп тұрады. Ұлттық ақша - несие, қаржы саясатын жүргiзе отырып, орталық банк елдiң басты банкi болып саналады.

Коммерциялық банктер нарықтық қатынастардың белсендi қатысушылары ретiнде, операциялар мен қызөметтердiң көптеген түрлерi арқылы iскер банктер түрiнде қатысады. Олардың көмегiмен клиенттерге қаржылық қызмет көрсетуде активтi және пассивтi операциялар жасау, есеп айырысуларды жүзеге асыру кездерiнде ссудалық капиталдың ауысуы болады.

Мамандандырылған қаржы институттары (сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялары, сақтық мекемелерi, тұтыну және ипотекалық несие қоғамы, несие одақтары, несие кооперативтерi, қаржы үйлерi, ломбрдтар және т. б. ) ақша капиталы мен қаржы ресурстарының нақты нарығында қызмет iстейдi, көпшiлiк жағдайда клиенттерге тiкелей несие берумен айналыспайды, ал ақша капиталын тарту мен орталықтандырудың түрлерi олардың атқаратын қызметтiк мiндеттерiне байланысты болады.

Банктердi банк жүйесiнiң үш негiзгi тобы бойынша бөлiп көрсете отырып, ақша, қаржылық капитал қатынастары нәтижесiнде пайда болатын топтар арасындағы айқын өзара байланысты анықтау аса маңызды болып табылады. Бұл ақшаның есеп - шотқа бастапқы салынған сәтiнен бастап оның қозғалысын, қаржыландыру мен несие берудiң түпкi көздерi болып қатысып, ресурстар мен қаржы капиталын құра отырып, сондай - ақ ауысу сатыларынан өту арқылы банктердiң басқару объектiлерi болып саналатындығын бiлдiредi. Банктер өздерi арқылы өтетiн бүкiл ақша қаражаттарының тиiмдi пайдаланылуына мүдделiк танытады, өйткенi бұл қаржылар табыс әкеледi, қаржы капиталы мен ресурстардың жинақталуына қызығушылықты арттырады [2] .

Барлық елде әр елдiң қаржылық, банктiк жүйесiнiң табиғи даму процесi болып саналатын банктердiң өр түрлi үйлесiмдегi алуан үлгiлерi қызмет iстейдi. Банктерге олардың үлгiлерi бойынша толық сипаттама берген жағдайда банк iсiндегi күрделi проблемалар бой көтередi. Аталмыш жағдайда елдiң экономикалық дамуындағы оның рөлiнiң көруiне, қызметтердi орындау мен операциялар жасауына тiкелей әсерiн тигiзетiн банк құрылымын бiлудiң айрықша маңызы бар.

Қазақстан Республикадағы банк жүйелерiн реформалау дербес мемлекттiк құрудың алғашқы жылдарынан - ақ нарықтық экономикаға көшу кезiндегi объективтiк экономикалық процестермен айқындалған болатын. Осы жылдар iшiндегi банк саласындағы қайта құрулар микро- және макро- экономикалық процестерге оң өзгерiстер әкелуде. Банктер, салымшылар және инвесторлар арасындағы делдалдарға айналуда, өзiне есеп айырысулар, салымшылар мен қарыз алушыларға көрсетiлетiн қызметтердi енгiзетiн қаржылық қызметтердi көрсету операцияларын жетiлдiредi.

Кеңестер одағының құлдырау кезiнде, оның бiр тұтас банк жүйесiне, яғни Қазақстанның банк жүйесiне жүзден аса банктер кiретiн едi, солардың iшiндегi бесеуi (Жинақ банкi, Агроөнеркәсiп банкi, Өнеркәсiп құрылыс банкi және т. б. ) КСРО - ның мамандандырылған банктерiнiң мұрагерлерi болып қалды [3] . Мамандандырылған банктер нақты мемлекеттiк кәсiпорындарға несие беру, сол сияқты бұрынғы жүйедегi ресурстарды орталықтандырылған түрде бөлетiн мемлекеттiк мекеме ретiндегi iс - қимылын жалғастыра бердi. Сонымен бiрге, нарықтық бағдар алған коммерциялық банктердiң маңызы да барған сайын өсе түстi.

1992 жылы Қазақстанда банктердiң мамандырылуын жоюмен байланысты акцияларының бақылау пакетi мемлекеттiк кәсiпорындардың иелiгiне жататын, осыған дейiн өмiр сүрген бес мамандандырылған банк акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылды. Бұлардан тысқары, 1992 жылдың соңына қарай Қазақстанда қырық акционерлiк банк, алпыс коммерциялық және кооперативтiк банктер мен қырық тоғыз жеке банктер болды.

1993 - 1994 жылдары нарықтық экономика жүйесiне жақындата түсу мақсатымен Қазақстан Республикасының банк жүйесiнде бiршама қайта құрулар жүзеге асырылынды. Заңдар қабылданды: банк жүйесiндегi Ұлттық банктiң орны мен рөлiн, оның мiндеттерiн, қызмет қағидаларын, құқықтық мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындайтын 1993 жылғы 13 сәуiрдегi “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” ҚР - ның заңы; Республикадағы банк жүйесiнiң қызмет қағидаларын, банктердiң құқығы мен жауапкершiлiктерiн айқындайтын 1993 жылғы 14 сәуiрдегi “Қазақстан Республикасындағы банктер туралы” ҚР - ның заңы; шетел валюталарының республика аумағындағы айналым ережесiн реттейтiн 1993 жылғы 14 сәуiрдегi “Валюталық реттеу туралы” ҚР - ның заңы және т. б.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi субсидиялық несиелерге бағытталған тәжiрибеден толықтай дерлiк бас тартып, банктер арасындағы бәсекенiң пайда болуы мен дамуына ықпалын тигiзетiн несие аукциондарының жүйесi арқылы банктерге орталықтандырылған түрде несиелер бере бастады.

Сонымен бiр мезгiлде ҚР - ның Ұлттық банкi 1995 жылы шағын акционерлiк, кооперативтiк және жеке меншiк банктер санын қысқарту, банктердi iрiлендiру саясатын жүргiздi. Банктердiң жарғылық қорының ең төменгi мөлшерiнiң деңгейiн белгiлеу тәжiрибесi осы айтылғандарды растайды. Осыған дейiн iс - қимыл жасаған шағын коммерциялық банктер үшiн 300 000 АҚШ доллары (1995 жылғы наурыздағы ҚР Ұлттық банкi бағамы бойынша 18, 0 млн. теңгеден асады) сомасында белгiленген, өзiнiң валюталық лицензиясы мен өзiнiң филиалдар жүйесi және тұрғындардан 1, 5 млн. АҚШ доллары деңгейiнде (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық банкi бағамы бойынша 91, 5 млн. теңгеден асады) ақша салымдарын қабылдау құқығына лицензиясы бар банктер мен жаңадан құрылатын банктер үшiн ең төменгi мөлшер 500 000 АҚШ доллары (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық банкi бағамы бойынша 30, 5 млн. теңге) сомасында белгiленген. Оның үстiне белгiленген жарғылық қордың ең төменгi мөлшерiн әр бiр банк 1995 жылғы 15 сәуiрге дейiн толтыруға тиiс болды, бұл мұндай банктердiң одан әрi өмiр сүруi мен оның қызмет iстеуi туралы мәселенi шешудi алдыға қойды [4] .

Банк қызметi саласындағы реформаларды жүргiзудiң одан кейiнгi кезеңдерiнде нарықтық экономикаға негiзделген банк жүйесi iс - қимыл жасай алатындай, олардың құқықтық негiздерiн жасаумен байланысты екiншi деңгейдегi банктер қызметiн реттеуге бағытталған сапалық қайта құрулар болды. Қазақстан Республикасының банк жүйесiндегi институционалдық қайта құрулар банкроттыққа ұшыраған коммерциялық банктердi таратумен, сондай - ақ жарғылық капиталдарын қосу жағдайында банктердi iрiлендiрумен қоса қабаттасып жүрдi [5] . Соған сәйкес, 1995 жылдың аяғында нақты жарғылық қоры 20 млн. теңгеге жетпейтін 69 банк болса, 1996 жылдың соңында олардың саны 33 банкке дейін қысқарды. Ал ірі банктер өз кезегінде сол деңгейлерінде қалды. Дегенмен, коммерциялық банктердің санын қысқарту одан кейінгі жылдарда да жалғасты. Банк жүйесін реформалау нәтижелері 2001 жылдың аяғында Қазақстандағы банктер санын күрт азаюына әкеліп соқты. 2002 жылдың басында Республикада 43 банк қызмет істесе, жылдың аяғында - 38 болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретте мен қадағалау агентігінің келесілген есебіне сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикада 33 екінші деңгейлі банк қызмет етуде. Екінші деңгейлі 26 банктің филиалдары бар, банктердің жалпы филиал саны 418. Банктердің жалпы кассалық есеп айырысу бөлімдері 1312 құрайды. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 12 банктер-резиденттердің 32 өкілдіктері бар, сонын ішінде, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде 27-сі орналасқан. 2006 жылы атқарушы органдар 8 өкілеттік ашуға келісім берілді. Республикада 18 шетел банктерінің өкілеттіктері жұмыс істейді. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының қаржф секторында 11 банктік топ қатысады.

Функционалдық қатынастарда соңғы жылдары банктер дәстүрлі, сол сияқты дәстүрлі емес қызметтер көрсету бойынша да өздерінің операцияларының ауқымын барынша кеңейте түсті. ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған көптеген банктер мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларымен айналысады, айналымға вексельдерді, елдінң орталық банкінің нотасын, пластикалық карточкаларды, электрондық аударымдарды енгізу арқылы қазіргі есеп айырысу операцияларды дамытады.

Құқықтық қатынастарда Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995 жылы мемлекеттің жаңа заң актілермен және нормативтік ережелерімен нығайтылады [6] : Заң күші бар “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” (1995 жылғы 30 наурыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” (1995 жылғы 31 тамыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

1. 2 Банк қызметтерінің негізгі бағыттары

Коммерциялық банктер мәртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша тең емес, дегенмен барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы, негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу сияқты орталық негіздері бар.

Коммерциялық банктер клиенттер үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап “буыны” ретінде қатысады. “Коммерциялық банк” түсінігін кең түрде түсіндіріп отырып, оларды мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады. (Сурет 1 қараңыз)

Жалпыға белгілі, коммерциялық банктер өздерінің идәстүрлі базалық қызметтері негізінде жұртшылық арқылы қабылданады, олар клиенттерге сан алуан қаржылық қызметтер көрсетеді, трасттық операциялар жасайды, клиенттер үшін бағалы қағаздар сатып алады, қозғалмайтын мүлік пен кепілдік міндеттемелерді басқарады [7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Ақпараттық дәуірдегі – ақпараттық қауіпсіздік
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ
Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Франция мемлекеті жайлы
Қазақстанның дамуы және еуразиялық интеграция Бөлісу…
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz