Жәрдемақылардың түрлері және ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе
1. Жәрдемақылардың түсінігі және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ролі.
1. 1. Жәрдемақылардың түрлері және ерекшеліктері.
1. 2. Жәрдемақы - әлеуметтік тұрмыстық жағдайы нашар азаматтардың негізгі күнкөріс көзі ретінде.
Кіріспе
Жәрдемақылар, әлеуметтік көмек сияқты, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде маңызды орынды иеленген. Біздің мемлекетіміздің тарихында жәрдемақылардың кейбір отбасылардың өмір сүруінің жалғыз көзі болып табылған кездері болған. Бұл 90- жылдарда әлеуметтік күйзеліс пен жұмыссыздық белең алған кезде, әсіресе, көпбалалы жас отбасылар үшін аса қажет болды.
Курстық жұмысты жазудағы басты мақсат - бұл Қазақстанда жәрдемақылардың алатын орны мен маңыздылығы.
Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу тәртібі, жиынтық табысты есептеу тәртібін анықтау басты міндеттердің бірі.
Заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты жәрдемақыларды тағайындау мен есептеу кезінде құжаттарды қабылдаудағы өзгерістер курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.
1. Жәрдемақылардың түсінігі және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ролі.
Зейнетақылар азаматтарға не заңдарда белгіленген жасқа толған кезде, не олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде, заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі.
Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып та, яғни жалақысын жоғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін кездері болады. Мысалы, ауырған кезде, бала туған кзде және тағы басқа жағдайларда. Мұндай жағдайларда мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді.
Жәрдемақылар заңдарда көзделген жағдайларда беріледі. Олар, әдетте, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғаларға негізінен бюджеттік қаражат есебінен немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен беріледі.
Әлеуметтік қамсыздандырудағы жәрдемақылыр - бұл заңдарда көзделген жағдайларда берілетін, азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету сипатына ие мерзімдік ақшалай әлеуметтік төлемдер.
Жәрдемақылар, әлеуметтік көмек сияқты, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде маңызды орынды иеленген. Біздің мемлекетіміздің тарихында жәрдемақылардың кейбір отбасылардың өмір сүруінің жалғыз көзі болып табылған кездері болған. Бұл 90-жылдарда әлеуметтік күйзеліс пен жұмыссыздық белең алған кезде, әсіресе, көпбалалы жас отбасылар үшін аса қажет болды.
Жәрдемақылар ақшалай нысанда беріледі, олар көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың табыстарын реттеуге бағытталған. Жәрдемақылардың негізгі мақсаты отбасылар мен азаматтар заңдарда көзделге кезеңдерде, мұқтаждыққа ұшыраған кезде мемлекеттің оларға материалдық көмек көрсетуінен тұрады.
1. 1. Жәрдемақылардың түрлері және ерекшеліктері.
Жәрдемақылар бірқатар айрықша белгілерге ие, бұл белгілер оларды зейнетақылардан, өтемақылардан, материалдық көмектен ерекшелендіреді. Мұндай белгілерге мыналар жатады:
- жәрдемақы алуға құқылы тұлғалар шеңбері. Егер зейнетақы алу құқығын негізінен жұмыс істемейтін азаматтар иеленсе, жәрдемақылар барлық тұлғаларға бағытталған;
- жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығы. Жәрдемақылар уақытша жоғалтылған жалақыны толығымен, не ішінара орнын толтыру немесе заңдарда көзделген жағдайларда отбасының қосымша шығындарының орнын толтыру мақсатында төленеді;
- жәрдемақыларды төлеу мерзімдері. Жәрдемақылар, жоғарыда атап өткеніміздей, уақытша жоғалтылған жалақының немесе қосымша шығындардың орнын толтыру үшін тұрақты түрде емес, уақытша төленеді. Ал зейнетақы, мысалы, тұрақты түрде төленеді.
Жәрдемақылардың түрлерінің көптігі оларды белгілі бір белгілері, мақсаттары және міндеттері бойынша түрлерге бөлу, топтастыру қажеттігін туғызады.
Біздің көзқарасымызша, жәрдемақыларды топтастырудың басты белгісі болып, жәрдемақыларды берудің әлеуметтік - құқықтық негіздері және мақсатты бағыттылығы табылады. Бұл белгі жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығын ғана емес, сонымен қатар оны алуға құқылы тұлғалардың құрамын және оны төлеудің ұзақтығын анықтайтындықтан да, біз оны (белгіні) басты деп атап отырмыз. Осы саладағы заңдарға талдау жасау, жәрдемақылардың келесі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
- Жәрдемақылардың бірінші тобының негізіне еңбекке уақытша жарамсыздық жатқызылған. Оларға мыналар жатады: ауырған
жағдайдағы, отбасының науқастанған мүшесін күту қажеттігімен байланысты, туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен науқастануға байланысты, басқа жұмысқа ауысумен байланысты, протездік - ортопедтік стационарға жатқыза отырып, протездеумен байланысты жәрдемақылар. Жәрдемақылардың бұл түрлерінің барлығы құжаттық куәландыру кезінде беріледі, жәрдемақының өзі де осыған орай төленеді. Әдетте, бұл жәрдемақылардың мөлшері жалақының мөлшеріне байланысты болады және оларды төлеу жалақыдан айырылған бүкіл кезең бойы жүзеге асырылады;
- Жәрдемақылардың екінші тобына бала туумен және кәмелетке толмаған балалармен байланысты жәрдемақылар жатады. Бала туу, балалар мен аналарға материалдық қолдау көрсету қажеттігін туғызады. Мұндай жағдайға қатысты жәрдемақылар алуан түрлі болып келеді: жүктілігіне және бала тууға байланысты жәрдемақылар, бала туу кезіндегі біржолғы жәрдемақылар және тағы басқалар.
- Жәрдемақылардың үшінші тобына жалақыдан айырылған кездегі кезеңге өмір сүру көзін қамтамасыз етуі тиіс жәрдемақылар жатады. Олардың негізі болып, азаматтарға тәуелсіз жағдайлардан орын алған жұмыссыздық табылады. Бұл топтың жәрдемақылары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17-шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес төленеді. Бұл жәрдемақының мөлшері жәрдемақыны алушы нақты тұлғаларға қарай әр түрлі болуы мүмкін;
- Жәрдемақылардың төртінші тобына ерекше жағдайларда - отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда, оны жерлеу қажеттігі туған кезде, табиғи апаттар орын алғанда және тағы басқа кездерде отбасына материалдық қолдау көрсету мақсатында берілетін жәрдемақылар жатады. Бұл жәрдемақылардың мөлшері оны алушыда жалақының бар - жоқтығына және оның мөлшерінің қандай екніне тәуелді болмайды.
Жәрдемақылардың маңызды белгісі болып, оларды төлеудің ұзақтығы да табылады. Жәрдемақылар осы белгісі бойынша біржолғы, мерзімдік және ай сайынғы.
- Бір жолғы төлемдерге бала туған кезде, оралмандарға берілетіңн, жерлеуге және тағы басқаларға қатысты берілетін жәрдемақылар жатады. Олар әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңдарда көзделген жағдайлар орын алғанда, азаматтардың қосымша шығындарын өтеу үшін арналған;
- Мерзімдік жәрдемақыларға белгілі бір уақытта төленетін жәрдемақылар жатады (мысалы, ауырған кезде, жүктілігіне және босануына байланысты және тағы басқа жағдайларда төленетін жәрдемақылар) . Мерзімдік жәрдемақылардың мақсаты болып, заңдарда көзделген жағдайлар орын алған жағдайларда, жалақыдан айырылу кезінде оны толығымен немесе ішінара орнын толтыру табылады. Мерзімдік жәрдемақылардың біржолғы жәрдемақылардан айырмашылығы - олар белгілі бір ұзақтыққа ие болады, алайда олар ай сайынғы жәрдемақыларға айналмайды;
- Ай сайынғы жәрдемақылар ұзақ уақыт бойы, белгілі бір уақыт ішінде тұрақты түрде төленеді. Бұл жәрдемақыларды төлеудің ұзақтығы заңдарда анықталған және жәрдемақы түріне тәуелді болады. Аталған жәрдемақылардың қатарына мүгедек баланы 16 жасқа дейін күтуге, оқушыларды 23 жасқа дейін күтуге қатысты және тағы басқа жәрдемақылар жатады.
Жәрдемақылар, сонымен қатар, жәрдемақының қандай да бір түрі төленетін тұлғалар шеңбері бойынша да түрлерге бөлінеді. Жәрдемақылар осы белгісі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы;
- жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы;
- бала туған кезде берілетін жәрдемақы;
- жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы;
5. балалары бар азаматтарға берілетін жәрдемақы;
6. оралмандарға берілетін жәрдемақы;
7. қолайсыз аудандарда тұратын азаматтарға берілетін жәрдемақы;
8. азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін өзге де жәрдемақылар.
Жәрдемақылардың мөлшері
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңдарында жәрдемақылардың мөлшерін анықтаудың бірыңғай тәртібі анықталмаған, сол себепті жәрдемақылардың мөлшерін анықтау үшін бірнеше тәсілдері көзделген.
1-тәсіл - жәрдемақының мөлшерін негіздік сомада анықтау. Бұл тәсілмен, негізінен, уақытша жоғатылған жалақыны өтеуге бағытталған және табыстың өзге көздерімен бірге төленетін жәрдемақылардың мөлшері анықталады (мысалы, бала тууға байланысты, жүктілігіне және босануына байланысты және тағы басқа жәрдемақылар) .
Жәрдемақының мөлшерін анықтау үшін негіздік сома ретінде айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады. Мысалы, бала туған кездегі жәрдемақының мөлшері 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
2-тәсіл - жәрдемақының мөлшерін өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне немесе кедейлік шегіне қарай анықтау. Мемлекет жәрдемақылардың жекелеген түрлерінің мөлшерін, өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне қарай анықтайды. Бұл жәрдемақылар көмекке мұқтаж азаматтарды қандай да бір өмір сүру көзімен қамтамасыз ету мақсатында беріледі. Мысалы, тұлғаға немесе отбасына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері адам басына келетін табыстың және отбасыларда, Алматы және Астана қалаларындағы кедейлік шегінің арсындағы айырмашылығы түрінде есептеледі.
3-тәсіл - бұл жәрдемақының мөлшерін оны алушының жалақысына қарай анықтау. Осы тәсіл арқылы жәрдемақы алушының уақытша
жоғалтылған жалақысын толығымен немес ішінара өтеуі тиіс жәрдемақылардың мөлшері анықталады. Мысалы, жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, жәрдемақылар орташа айлық жалақа есебінде төленеді. Бұл ретте еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты айлық жәрдемақының мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті жылдың республикалық бюджетіне арналған заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселік мөлшерінен аспауы тиіс. 1
Жәрдемақыларды төлеу көздері
Әлеуметтік жәрдемақылар міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға жататын тұлғалардың негізгі жұмыс орны бойынша, келесі кезектілікпен төленеді:
- мемлекеттік мекемелермен - тиісті ерекшеліктер бойынша, бұл ретте есеп беру кезеңінен есептелегн әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, осы кезеңге тағайындалған еңбекке уақытша жарамсыздығына, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылардың сомасына (еңбекке ақы төлеу қорының 1, 5% мөлшерінде) азайтылады;
- өзге жұмыс берушілермен - өз қаражаты есебінен, яғни жиынтық жылдық табысы салық төлеушілердің уақытша жарамсыздыққа, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылардың (еңбекке ақы төлеу қорының 1, 5% мөлшерінде) төлеуге кеткен шығындарының сомасына дейін азайтылады.
1. 2. Жәрдемақы - әлеуметтік тұрмыстық жағдайы нашар азаматтардың негізгі күнкөрісі ретінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz