Банк ресурстары және олардың жинақталуы. Банктің өзіндік капиталы.


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Экономикалық факультет
Курстық жұмыс
Банк ресурстары және олардың жинақталуы. Банктің өзіндік капиталы.
Пән Банк ісі
Мамандығы 5В050900 - Қаржы
Орындаған:
Тексерген:
Курстық жұмыс
бағаға
қорғалды
__. 201 ж.
Мазмұны
1. 1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
1. 2 Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
2. 1 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» меншікті капиталын талдау
2. 2 Банктің заемдық және тартылған қаражаттары
Кіріспе
Банктің ресурстарын қалыптасуы және қолдануы бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Осыған орай, коммерциялық банктің активі мен пассивін басқаруды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, банктің активі мен пассивін басқарудың теориялық тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Қазақстанның қазіргі экономикалық даму жағдайында банктердің ресурстарын басқарудың теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: Ғ. С. Сейітқасымов, О. Б. Баймұратов, Н. К. Кучукова, Ш. Р. Әбділманова, К. Ш. Дүйсенбаев, А. Б. Зейнелғадин, Ұ. М. Искаков, Р. Е. Елемесов, С. Ж. Интыкбаева, С. С. Арыстанбаева, Н. Н. Хамитов, З. Д. Искакова, Ә. Д. Шелекбай, Г. Т. Абдрахманова, А. А. Мусина және т. б. еңбектерінде кездеседі.
Зерттеудің мақсаты Коммерциялық банк мысалында банктік ресурстарының қалыптасуы және қолдануы.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешеуді көздейді:
- банк ісіндегі басқару ғылымына қатысты теориялардың дамуын зерттеу жасап отырып, қазіргі заманға сай банк ресурстарын кешенді басқарудың мазмұнын анықтау;
- банктің ресурстарын кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық-ақпараттық негізін айқындау;
- банк ресурстары қолдануының жетілдіру жолдары.
Зерттеу объектісі - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ.
Зерттеу пәні ретінде ҚР банктерінің ресурстарын басқару үдерісі жатады.
Зерттеудің теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің банктердің ресурстарын басқарудағы орын алатын мәселелері туралы және өтімділікті басқарудың банктің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы бұл зерттеудің нәтижелері банк ресурстардың қолдануының жетілдіру жолдары.
Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ң заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-ң Басқармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, ҚР ҚҚА-ң нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкніңі» есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ банктің ресурстарын басқару жайлы сұрақтарды қамтитын басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.
Зерттеу кезінде жалпы ғылыми әдістерден (жүйелік талдау, кешендік) басқа экономика-статистикалық, есептілік, талдау әдістер және т. б. қолданылды.
1 Банк ресурстарының теоретикалық негіздері
1. 1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
Коммерциялык банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл каражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсы» былай қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сиякты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады [1, 2] .
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалады. Барлык кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер занды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердін ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қор деген экономикалық түсінік калыптасты. Жалпы мемлекеттік карыз қор халык шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының кұрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті каражаттарға: жарғылык, резервтік, негізгі күралдар, амортизациялык және банк ісін дамыту қорлар, ал, тартылған қара-жаттарға: мемлекеттік бюджет каражаты, көсіпорындардың, ұйымдардын есеп айырысу және ағымдык шоттардағы каражатгары және халыктың акшалай жинактары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз коры осы нарықтың бір бөлігін кұрады [3-5] .
Бүгінгі тандағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның камтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепетендіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен катар бағалы кағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және баска операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктін ресурстық кұрамына тек қана акшалай каражаттар емес, сол сиякты тауарлы-материалдык құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір көсіпорын ретінде делдалдық кызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны кажет ететін кәсіпорынға, ұйымға жөне халыққа сатып отырады.
Банк ресурстары - бул банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлык, активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы [1, 2, 6] .
Нарыктық қатынастарға ету барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар катарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен және баска да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспондентік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылыктар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне карай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы .
2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары .
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте темен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді [1-4] .
1. 2 Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа кызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие [7] .
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы кұрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, кұрал-жабдық, жалакыға жұмсалатын және т. б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты кезі.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінін мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрактылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады [8-10] .
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық, және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр турлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсак, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды [1, 2, 11-13] :
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- қосымша капиталдар;
- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер) ;
- бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және емір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазакстан Ұлттык банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның кұрылтайшыларының қоскан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық нысандарда құрыла алады:
- акционерлік банк нысанында;
- пай косу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында;
Пай косу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық кұжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың косымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен кұрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті баскару ісіне араласуға құкық беретін бағалы кағаз.
Акционерлік капиталдың кұрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді [14, 15] :
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
б) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, кайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
в) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары) .
Ашық типтегі банктің акциясы колдан-колға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивиденд алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құкылы.
Банктің артыкшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен катар, банктер қаражаттарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталынын құралуы төмендегідей кезендерден тұрады:
1) бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;
2) бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
3) эмитент-банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
4) шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.
Акционерлік банктер акцияларды төмендегідей жағдайларда шығарылады:
- банкті акционерлік нысанда кұру;
- банктің жарғылык қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор - банк кызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында кұрылған қаражат коры [16, 17] .
Сондай-ак, резервтік қор банктің тұракты кызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы занды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталык, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылык капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артыкшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар - негізгі кұралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде кұрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар - негізгі қорларды кайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды кайта бағалау коры, яғни ұлттык валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде кұрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында кұрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға жене бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
- банк пайдасы;
- акциялар шығару;
- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
- облигациялар шығару жатады.
Банк капиталы банктің дербестігін камтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер аткарады [18-20] :
- қорғаныс қызметі;
- шұғыл қызметі;
- реттегіштік қызметі;
- айналым қызметі;
- резервтік қызметі.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, оның капиталының шамасынын банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен баска ешкім зиян шекпейді.
Банк капиталының қорғаныс қызметі - банктің салым иелеріне жәрдем акы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сиякты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға кызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктін банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі - меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс кызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға кажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер кұруды сипаттайды. Бұл каржы ресурстар көздері әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл каражаттардың бір бөлігі ұзак мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді кұруға жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банк қызметтеріне баға беріп, оған бақылауды жүзеге асырады.
Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ен төменгі мелшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және баска банктен активтер сатып алу шартын камтиды. Қазакстан Ұлттык Банкі бекіткен пруденциялық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен катар, реттегіштік қызметке ссудалық және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.
Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа карсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды.
Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы кызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл кызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл кызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік опера-цияларға, бағалы кағаздар сатып алуға, баска да ғимарат, кұрылғыларға және баска да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.
Резервтік қызметі . Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тәуекелдерді болдырмау үшін банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталык банкте резервтерін құрайды.
Банктердің төлем ресурстарының мүмкін болар тапшылығына байланысты міндетті түрде кұрайтын резервтер сияқты, активтік операцияларды болатын тәуекелдердің орнын толтыру үшін арнайы меншікті капитал резервін кұруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым кызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі - резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталаска айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.
«Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін мынадай формуламен аныктауға болады:
МК = А - М
мұндағы, МК - банктің меншікті капиталы;
А - банктің активтерінің жалпы сомасы
М - банктін міндеттемелері.
Банк ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сөйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру қажет:
- банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық кұндары өзгеріп отырады;
- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көніл беледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz