Банктердің депозиттік операциялары, Қазақстанда депозит нарығын дамыту


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Экономикалық факультет
Курстық жұмыс
Банктердің депозиттік операциялары, Қазақстанда депозит нарығын дамыту
Пән Банк ісі
Мамандығы 5B050900 - Қаржы
Орындаған:
Тексерген:
Курстық жұмыс
бағаға
қорғалды
__. 201 ж.
Мазмұны
Кіріспе. . 3
1. Коммерциялық банктің тартылған қаражаттары . . . …. 5
- Коммерциялық банктің тартылған қаражат түсінігі . . . 5
- Мемлекеттің депозиттік нарықтағы пошталық- жинақтау жүйесі . . . 9
- Коммерциялық банктің пассивтік операцияларын талдау . . . 13Банктік депозиттерді талдау . . . 16Банкаралық несие алу туралы талдау . . . 19Бағалы қағаздарды шығаруды талдау . . . 22
3. Коммерциялық банктің депозиттік операциялардың қазіргі жағдайы… . . . 26
3. 1. Сенімді салымдардың кепілдік қоры . . . 26
3. 2. Коммерциялық банк пассивінің жағдайы мен келешегі ……… . . . 27
Қорытынды . . . 29
Қолданылған әдебиет тізімі . . . . . . 31
Кіріспе
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс- әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары. Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады. Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалар бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімдіктің болуын қамтамасыз ету қажет. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісіне банк балансының өтемділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн. Депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияларға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек.
Депозиттерді қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан комерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін.
Банктік жүйеде ақша қаржыларын жинақтауға ынталандырудың келесі механизімі - банктік құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде құпия - құқықтың жеке объектісі, жасырын ақпарыттың жеке түрі. Біздің республикамызда банктік құпияны сақтау үшін заң негіздері бойынша шаралар қарастырылған. Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының одан әрі дамуына әсер етуші келесі факторларды атап өткен жөн. Бұл факторларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша несиелік саясатынан шығатын факторлар құрайды. Оған резервтеу мөлшерін, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін және басқаларды жатқызуға болады
Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды. Депозиттік саясат - банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталға шаралардың жиынтығын білдіреді. Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады. Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерінің, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты - банкпен клиенттерге ұсынатын депозиттік операциялардың түрлерін қарастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- коммерциялық банктің тартылған қаражаттар түсінігін ашу;
- депозиттік операциялардық түрлерін қарастыру;
- депозиттік операциялардың қазіргі жағдайын қарастыру.
- Коммерциялық банктің тартылған қаражаттары
1. 1. Коммерциялық банктің тартылған қаражат түсінігі
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Заңның 41- бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депозиторлардың мүддесін қорғау және елдің ақша- несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынандай жолдармен реттейді:
- Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын, мәжбүрлі шығындарды бекітуі;
- Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;
- Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау (тексеру) және оның нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін;
Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық
операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
- Пассивтік операциялар (қаржыны тарту) ;
- Активтік операциялар (қаржыны орналастыру) ;
- Активтік- пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер) .
Пассивтік операциялар - бұл операциялардың басты мақсаты, банктің
ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операциялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялардың қатарына мыналар жатады:
- Заңды және жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер) ;
- Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие) ;
- Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын, мерзімді салымға жұмылдыру;
- Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
- Ұлттық банктен орталықтандырылған несие алу;
- Репо операциялары;
- Еуровалюталық несие алу.
Банктердің пассив операциялары - банктердің несие және басқа актив
операцияларын жүргізу үшін банктер осы операциялар арқылы меншікті, қарамағына тартылған, эмиссияланған т. б. қаражаттар құрайды.
Тартылған қаражаттар - қарыз беруші ретінде қызмет атқаратын
банкке уақытша берілген жеке, заңды тұлғалардың коммерциялық банктердің ақша қаржаттары.
Қаражаттарды тарту процесінде экономикалық қатынастар төмендегідей тұлғалардың арасында туындауы мүмкін:
- Банк пен заңды және жеке тұлғалар арасында олардың ақшаларын банкте белгілі шарттармен сақтау бойынша;
- Банк пен оның клиенттері арасында банк ресурстарының тиімді және табысты орналастыруы бойынша активті операциялар жүргізетін кезде;
- Коммерциялық банктер арасында банкаралық қарызды ұйымдастыру бойынша;
- Банк пен шет елдің банктер, инвестициялар арасында отандық банктер шотына қаражат салу бойынша;
- Банк пен оның клиенттердің арасында ресурсының төлемдегі қағидасын жүзеге асыру процесінде есеп шоттар, депозиттер, мерзімдік салымдар бойынша пайыздық салымы қалыптастырудың пассивтік операциялары бойынша;
- Қаражат тарту операцияларын реттеу бойынша коммерциялық банктер Ұлттық Банк арасында;
- Банк ішінде қаражат тарту, банк персоналын дайындау, оның біріктірілетін арттыру және соған байланысты шығындарын қаржыландыру бойынша.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту - коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының тек 10 %- ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынадай жағдайлармен түсіндіріледі - біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтан тартылған қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқаларды, сондай- ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптілігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай- ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал - банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90 %- нан жоғары бөлігін пайдалынады, сондай- ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартады. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиентерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселелеріне назар аударынған жөн. Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен құрастырған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкісінің өзіне орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырған және республикалық кеңселер бойынша бөлінген, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасамағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептерімен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігімен қамтамасыз етеді, екіншіден салымшылар өз салымдарын кез- келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шотында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда - қолма- қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем оепрацияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ- ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсанцияландырады. Банктік коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдалынатын тұрақты қалдық қалады, сондай- ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдығы мен талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельдерге немесе нақты несие бере алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокоренттік шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтары бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай- ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокоренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытта несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте- бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ- та трансакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай- ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) - шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ- та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шотының жаңа түрін салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіншілігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот - наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай- ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ- тың бүкіл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
1. 2 Мемлекеттің депозиттік нарықтағы пошталық- жинақтау жүйесі
Депозиттер - коммерциялық банктермен ресурстарды тартудың басты түрі болып табылады.
Банктер халықтың жинақ ақшаларын және пайдаланбаған табыстарын уақытша шоғырландырады. Ақшалай қаражатты салымдарда сақтау халық үшін және мемлекет үшін пайдалы болып есептеледі.
Кейбір қызықты кезде ақшалай айналымның банктермен реттеуін, талдаудың рөлі Д. Рикардо экономика саясатының классигінің еңбегінде қарастырылған. Оның ойынша: банк сөзі, егер операциялар өз клиенттермен ғана емес, сонымен қатар басқа клиенттермен істелінсе пайда болады. Яғни банк несиені ұсынады және сонымен қатар оны алады.
Сөйтіп, банкінің "бейтаныс капитал" "депозиттік нарық" категорияның түсінігіне кіреді. Себебі банктік ресурстар меншік және тартылған болып бөлінеді. Банктің пассивтерін екі ірі топқа бөлуге болады: банктік капитал және оған теңестірілген баптар; тартылған қаражаттар және депозиттік емес қаражаттар.
Актив операцияларын жүзеге асыру үшін ақшалай ресурстардағы барлық тұтынушылықтың 90 %- н жоғары банк тартылған қаражаттар арқылы орнын толтырады. Қаражаттың негізгі бөлігін депозиттер құрайды, яғни банк заңнамасына және шоттың тәртібіне сәйкес пайдаланылатын және банк клиенттерінің - жеке тұлғаларының және компанияларының шоттарында сақталатын салынған ақшалар.
Өткен жүзжылдықтар берілген классиктерінің айтқандарының дұрыстылығын растады - банк ресурстарының негізгі бөлігін тартылған қаражаттармен көрсетіледі. 80 жылдарда меншікті капиталдың қарыз қаражатқа қатынасын құрады: Швейцарияда - 1:12; АҚШ- та - 1:15; ФРГ- да - 1:30; Жапонияда - 1:83. Сөйтіп, "депозиттік нарық" түсінігі банктермен меншікті капиталмен қатар қарыз капитал, яғни - халықтың салымдары мен депозиттері.
Елдің президенті Н. А. Назарбаев, Қазақстан қаржыгерлердің I конгрессінде сөйлей отырып келесіні айтты: "Ұлттық экономиканың дамуы үшін жинақтарды пайдалану тиімді және дұрыс екендігіне халықты сендіріп, олардың белсенділігін арттырсақ, дағдарыстан шыға аламыз. Тек қана халықтың күшімен біз қаржылық айналымға мемлекеттің қаржылық жүйесін қатайтатын халықтың табыстарын өсіретін ел экономикасының жалпы әл ауқатты жұмыс істеуіне себеп болатын ірі соманы тарта аламыз".
Елдің депозиттік нарығының дамуына талдау жасағаннан депозиттік қаржының қайта құруы бойынша ірі банктерді көрсетуге болады.
Бұл банктер қазіргі уақытта отандық банктер арасында өздерінің банктік өнімдер мен депозит түрлерінің әр түрлігімен тұрақты және дамыған болып табылады. Олардың басқа коммерциялық банктерден ажырататын ерекшелік болып, елдегі филиалдар санының көптігімен клиент жағынан сенімді қарым қатынас болады. Мұндай банктерге АҚ "Қазақстанның халықтың жинақ банкі", АҚ "Казкоммерцбанк", АҚ "Банк Тұран Әлем" және АҚ "Банк Центр Кредит". Халық банк пен Банк Тұран Әлем қазіргі уақытта қызмет нарығында тұрғындарға несиелік, депозиттік, есептік- кассалық қызмет бойынша негізгі бәсекелестер болып табылады.
Тұрғындарға көрсететін банктік қызметтер нарығындағы Халық банктің негізгі бәсекелестік артықшылығы барлық Республика бойынша басқа коммерциялық банктерде жоқ филиалдар жүйесі кең тараған. Филиалдар жүйесі екінші деңгейдегі 24 банкті, елдің территориясында банк филиалдарының жалпы саны - 355, оның ішінде Халық банкінің филиалдар және есептік- кассалық бөлімшелердің саны - 149 тең.
Қазақстанның қаржыгерлерінің II Конгрессінде сол кезде елдің Ұлттық Банктің төрағаның орыны алатын Марченко Г. А. келесіні айтты: "Барлық банктік жүйесінің басты мақсаты - банктерге жинақ ақшаларын тарту болып табылады. Сонымен қатар орасан қарым - бұл мемлекетпен кепілдік беретін халықтың ақшаларын тарту қабілеті болатын пошталы- жинақ жүйесінің дамуы болып есептеледі…".
Қазақстанның пошталық саласы отандық экономиканың өзіндік сигменті ретінде 1993 жылы сәуірде "Байланыс" саласына бөлінді. 1995 жылы қарашада мемлекеттік пошта өзіндік шаруашылық етуші субъектінің статусын алды. Кейін пошталық байланыс Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға айналды. Пошталық саланың әрі қарай дамуы 1999 жылы желтоқсанда қабылданған шешімімен байланысты. Тұрғындарының бос ақша қаражаттарының тартуы бойынша жеке салымдар нарығындағы банк қызметін белсенділігін арттыруға негізделген жеке тұлғаларының депозиттері бойынша табыстылығының көтерілгендігі байқалады.
2008 жылы жеке тұлғалар салымдарының өсімі жағымды тенденциясы отандық қаржылық институттарға сенім өскендігін куәландырады.
01. 01. 2009 жылдың жағдайына қарағанда жеке және заңды тұлғалардан банктермен тартылған салымдарының сомасы 971, 3 млрд. теңге құрады, 12 айналым ішінде, 2008 жылы 39, 1%- ға, сонымен қатар заңды тұлғаларының салымдары 628, 1 млрд. теңгеге, жеке тұлғаларының салымдары 343, 2 млрд. теңгеге өсті.
2008 жылдың барысында долларизация деңгейінің төмендеуі байқалынды. Ұлттық валютадағы депозиттер 60, 1%- дан 386, 7 млрд. теңгеге өсті, ал шетел валютадағы депозиттер 4, 8%- дан 344, 4 млрд. теңгеге төмендеді.
Жоғарыда көрсетілген екінші деңгейлі 4 ірі банктерде 2007 жылы елдің халықтың салымдарының жалпы сомадан 79% құрады. АҚ "Қазпошта"- ң бөлігі республикалық депозиттік нарығында 0, 41%- ын құрайды. Елдің қаржылық жүйесінің депозитіне қатысу үлесінің жоғары емес болуының негізгі себебі Ұлттық Банкінің тұрғындарға депозиттік қызмет көрсетуінің лицензиясы салыстырмалы жақын ауқытта алынды және операцияларының бұл түрі бұрын пошта жинақ жүйесінің қызметінде дәстүрлі пошталық қызмет болған жоқ. Бірақ қазіргі уақытта депозиттік ресурстарының өсуі АҚ "Қазпошта" дамуының басымдық бағыттарының бірі болып табылады.
Депозиттердің мәліметтерін талдау бойынша 2008 жылғы 2007 жылда салымдарының жалпы сомасының өсімі 55%, жедел салымдарын - 66%. АҚ "Қазпошта"- ң жалпы депозиттік базада жедел салымдарының бөлігі 2009 жылдың 1 қаңтардың жағдайына қарағанда 13%, ал 2009 жылдың 1сәуірдегі жағдайына қарағанда 12% құрайды.
Кесте 1
2000-2008 периодтың қоғамның депозиттік базаның динамикасының өсуі.

Жедел салымдар
(мың теңге)
1.
2.
3.
4.
Барлығы
2005
2006
2007
2008
2005-2008
44 900
107 900
115 353
175 903
444 056
363 100
755 500
753 500
1 381 055
3 253 356
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz