Жер қоймасы және әр түрлі мемлекеттердегі қазба байлықтар тобы


Қазақ-Ресей Медицина Университеті

Реферат

Орындаған Исаханова Ж

Қабылдаған Джадигеров А

Жер қойнауы және әртүрлі мемлекеттердегі қазба байлықтар . Жер қойнауы - топырақ қабатынан төмен орналасқан не пайдалы қазбалары жер бетіне шығып жатқан, ал топырақ қабаты жоқ болса - жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігі; Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден - үшінші, мыс - төртінші, уран - бесінші, алтын - алтыншы, темір кені - жетінші, қалайы мен никель - сегізінші, көмір мен табиғи газ - тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі больш табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат - 15-ші, мұнай өндіру - 23-орында. Қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-на дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2, 2 млрд. тонна, конденсат - шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна . Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.

Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.

Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т. б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады. Азия - адамзаттың пайда болған ошақтарының бірі, қолдан суарудың, қалалардың, көптеген мәдени кұндылықтардың отаны. Аймаққа 45 мемлекет мүше, құрамына енетін мынадай 5 ірі аймақты бөліп көрсетеді: Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс, Орталық Азия.

Табиғат жағдайы барынша алуан түрлі. Басты минералдық байлықтары: мұнай, газ (Парсы шығанағы елдері), көмір және темір рудасы (Қытай, Үндістан), түсті металдар (қалайы белдеуі Мьянмадан Индонезияға дейінгі аралықта орналасқан) .

Табиғат байлықтары біркелкі таралмаған, энергетикалық суқоры (Қытай), агроклиматтық қорлар (муссондық аудандар), рекреациялық қорлар, орман қорлары Оңтүстік-Батыс Азияда жақсы дамыған. Америка Құрама Штаттары жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді. Дүниежүзілік мұнай қоры 200-300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мүнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мүнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3, 5 млрд т жонө 23 трлн м3-ге жеткен (косымшаны карандар) .

Мұнай өндірудің анықталған қоры казіргі кезде дүниежүзі деңгейінде жалпы 40 жылға жетеді деп болжам жасалуда. Бұл көрсеткіш ОПЕК елдері бойынша орташа есеппен 77 жылды құрайды. Сонымен қатар аса ірі ендіргіш елдерде керсеткіш қорлардың қамтамасыз етілуіндегі орташа деңгейінен жоғары. Мысалы, бұл көрсеткіш Сауд Арабиясында шамамен 80 жыл Кувейт пен Біріккен Араб Әмірлігінде 100 жылдан астам және т. б. Көмірдің сапалық кұрамы айтарлықтай маңызға ие, оньщ ішінде кокстелетін көмір ерекше бағаланады. Мұндай көмірдің үлесі Аустралияда, Германпяда. Қытайда және АҚШ-та аса мол. Көптеген елдердегі экологиялык проблемалардың шиеленісуіне және табиғат қорғау шараларының қатаңдануына байланысты кемірдің күкірттілігіне басты назар аударылуда. Дүниежүзіндегі тас көмір өндіру, шамамен, 3, 5 млрд т деңгейінде. Соңғы жылдары бірқатар өндіріс жағдайы нашар және ендірілетін кемірдің айтарлықтай белігінің күкірттілігі жоғары елдерде таскөмір өндірісі күшті дағдарыска ұшырады, соның нөтижесінде бұл елдер көмірді сырттан сатьш алуға кешті. Көмір экспорттаушы аса ірі елдер катарына Аустралия, Канада, ОАР, Колумбия сияқты мемлекеттер кіреді.

Қоңыр көмірдің барланған қорынын басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшілігі дамыған елдерде шоғырланған. Қоңыр көмір коры жөнінен АҚШ, Германия және Аустралия алдынғы орында. Қоңыр көмір өндірудің арзандығы (тек қана ашық әдіспен), онын төмендігіне қарамастан, салыстырмалы түрде арзан электр энергиясы алуға мүмкіндік береді. айдалы казбалардың ішінде темір кені үлкен маңызға ие. Оның жер кыртысындағы қоры 600 млрд т мөлшерінде бағаланып отыр. Дамыған елдерде соңғы жылдары темір кенін өндіру қысқарған. Бұл болат балқытудың азаюына және металл сынықтарын кайта ендеуге байланысты. Сонымен қатар болатты езге материалдармен алмастыруға да болады. Темір кені дүниежүзінің көптеген аймақтарында өндіріледі (оларды картадан анықтаңдар) . Марганец кенін өндіруден ТМД өзге елдерден айтарлықтай алдыңғы орында (Аустралиядан 1 млн т, Бразилиядан 990 мың т, Үндістаннан 400 мың т артық) . Қазақстанның жер қойнауынан пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Еліміз вольфрамның барланған қоры бойынша дүниежүзінде 1-орында, уран, фосфор және хромит кендерінен 2-орында, ал молибден мен қорғасыннан 4-орында. Батыс аймақтарда мұнай мен газдың мол қоры шоғырланған. Кен орындары өзге де пайдалы казбаларға бай. Алайда кеннен пайдалы өнім алу дөрежесі темен (темір 25-50%, мыс 0, 3-0, 6%, никель 1, 3%, селен 0, 1- 0, 2%) . Өнім өндіру барысында аса көп мөлшерде үйіндіге айналатын қалдықтар пайда болады. Сондықтан табиғат ресурстарын тиімді пайдалану. Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. Тонна (шартты оның түрінде ), оның ішінде 50% (6 трлн. т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4, 2млрд. Тонна.

Сарқылатын отын энергетикалық ресурстардың зерттеуден өткен дүниежүзілік қоры төменгі кестеден келтіріген.

Кейбір елдердегі барланған кен орындарындағы көмірдің мөлшері, млрд. Тонна: АҚШ- 430, Германияда-100, Австралияда-50, Англияда-29, Канада-50, ТМД елдері- 290, оның ішінде Қазақстанда- 51, (40% кокс алатын өте сапалы көмір) . Орта есеппен жылына Қазақстанда 80 млн. Тоннаның үстінде көмір алынады, оның ішінде 40 % ашық әдіспен.

Отын түрі Геологиялық ресурс Барланудан өтіп алынып жатқан ресурс

Көмір, млрд. т Мұна, млрд. т Табиғи газ, трлн. м Жаснды сұйық отын (тақтатас жәнеын битум алынатындар), млрд. т Уран, млн. т 4880-5560 207-252 260-270 33-34 3. 2 72-98 49-74 6-9 1. 6

Дүниежүзілік мұнай қоры 840 млрд. Тонна шартты отын көлемінде бағаланады, оның 10%- анықталған, ал 90% болжамдық қорлар. Дүниежүзілік рынокты негізгі мұнаймен қамтамасыз ететін Таяу және Орта Шығыс елдері. Мұнайдың 66% осы елдерде, 4%- Солтүстік Америкада, 8-10% Ресейде, қалған мөлшері басқа елдерде. Жапонияда, Францияда тағы да, басқа көптеген дамыған елдерде мұнай кен орындары жоқ.

Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн. м3. Табиғи газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венессуелада, Мексикада, АҚШта, Кана, Рда, Австралияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Голландияда, Ресейде(30%), Қазақстанда(5 трлн. м3) . Жыл сайын Ресей 800-850 млрд. м3 табиғи газ өндірсе, қазақстанда 5-7млрд. м3 шамасында өндіріледі.

Жоғарыда көрсетілген отын түрлеріқойнауынан алған кезде жер беті келбетінің өзгеруі, топыпақтың құнарлы қабатының бұзылуы, атмосфера мен сулардың ластануы орын алады. Сондықтан табиғи ортаны сақтау мақсатында ғылымдардың болжамы бойынша 2020 жылға дейін жер қойнауында алынатын отындардың 2, 5 млрд. Тоннадай зияндығы аздау отын түрлеріне айырбасталып, яғни сарқылмайтын энергия ресурстарына олардан алынатын электроэнергия ресурстарына олардан алынатын электроэнергияның мөлшері 8% ке дейін жетеді. Кейбір сарқылмайтын энергия көздері туралы мәліметтер төмендегі кестеде берілген.

Жыл бойы жер бетіне түсетін күн сәулесінің күші 178 мың ГВт энергияға тең, бүкіл адамзаттың жұмсайтын энергия мөлшерінен бұл шамамен15 мың есе жоғары. Осы энергияның 30% қайтадан космос әлеміне қайтарылады, 50%-сіңіріледі, 20% геологиялық циклға, 0, 06% фотосинтез процесіне жұмсалады.

Энергия түрлері Энергия көзі Дүнниежүзілік ресурстар, 10кВт сағат/жыл

Механикалық Өзен ағысы Толқындар Тасулар Жел 0, 028 0, 005-0. 05 0. 09 0. 5-5. 2

Жылу Температура градиенті: Теңіз бен мұхит суларынікі 0. 1 -1. 0 0. 05-0. 2

Сәуле қуаты Жер қойнауынікі Күннің сәуленуі: Жер бетінде 200-280

Химиялық Толық энергия өсімдіктер мен жертезек

Күн- өте қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жорге берген энергия қуаты бүкіл Жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Күн қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны бұл да шешілмеген проблеманың бірі. Аз болса да күн сәулесін қолдануға негізделген кейбір қондырғылар белгілі. Жуковский қаласындағы Ковров механика зауыты қуаттылығы жылына 100 мың м. суды жылытуға арналған күн сәулесін пайдаланатын жылу коллекторларын шығарады.

АҚШ та, Испарияда, Иорландияда электр тоғын алу үшін күн сәулесін қолданатын жылу электр қондырғылар іске қосылған. Бұларда жартылай ток өткізетін аспаптарды қолданып күн сәулесі электр тогына өзгертіледі. Американдық эксперттердің шешімі бойынша фотоэлектрқондырғылар қоршаған ортаға әсерін тигізбейді екен. Оларда жылжымалы бөлшектер болмағандықтан шу болмайды және судың да қажеті жоқ. Күн сәулесінен жұмыс істейтін батареяларды тұрғын үйлерді жылытуға, ыстық сумен қамтамасыз етуге, әртүрлі материалдар кептіруге, технологиялық қолдануға болады. Желдің жылдамдығы 5м/сек жоғары болатын жерлерде электроэнергияны желден алуға болады. Желдің энергиясы кеңінен қолдану масатында Канада, Германияда, АҚШта, Францияда, Швецияда ұлттық бағдарламалар жасалған.

Жел энергиясынан электр тогын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады. Шу және теледидар жүйесінде кездесетін тағы да басқа бөгеуілдердің мәселесі шешілетін проблемалар деуге жатады.

Қазақстанда жыл бойы жел болып тұратын аймақтар жеткілікті, осыған байланысты жел энергиясы біз үшін сарқылмайтын ресурс. Сондықтан жел энергиясы кеңінен қолдану эколкгиялық жағынан да, экономикалық жағынан тиімді.

Экологиялық жағдайда зиянды әсері жоқ деп тағы бір энергия түрін айтуға болады, бұл жер қабатында (5 км тереңдікке дейін) болатын геотермалдық энергия. Дүние жүзінде осы энергия түрі негізіде бірнеше геотермалдық жылу электростанциялары (ГэоЖЭС) жұмыс істейді. Ең қуаттылығы жоғары ГэоЖЕС(50мВт) АҚШта.

Жалпы геотермалдық энергия қоры 200 гВт шамасында, негізінде ол Тұнық мұхиттың төңірегінде шоғырланған.

Ресейде геотермалдық энергия қоры Камчатка, Сахалин және Курил аралдарында жалпы қоры 2000 мВт. Қазіргі кеде қуаттылығы 11мВт-қа және50мВт тең екі ГэоЖЕС Комчаткада іске қосылған. Курил аралдарында және Комчаткада 300-500 м тереңдікте судың температурасында 200°С­ге дейін жетеді.

Геотермалдық энегетиканың дамуының негізгі бағыты-термалдық сулардың жылуын пайдалану немесе су сіңіретін тау жыныстарының қабатына қолданған суды жіберіп, осы тереңдіктегі жылуды электр энергиясына айналдыру. Тереңдіктегі жылуды пайдалану технологиясы экологиялық тұрғыдан зиянсыз.

Махачкалада, Омск, Кизляр, Черкаск, Тбилиси қаларында термалды сулар тұрғындарды жылы сумен қамтасыз етуге бағытталған.

Жылы сулар қоры Қазақстанның да көптеген жерінде кездеседі. Олар үйлерді жылытуға, спорт кешендерінде, санаторийларда, т. б жағдайларда қолдануын табуда.

Тағы бір энергия көзі­ биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мөлшері 0, 1%, ал күлділігі-3­5%­тен аспайды(көмірде бұл көрсеткіштер, тиісінше, 2­3% және10­15% тең) . Биомассадан алынған газды отын ретінде пайдаланып, турбогенераторлардың көмегімен электр тогын алу жолы басқа белгілі әдістермен бәсекелесе алады. Биомасса қалдық ретінде көп мөлшерде қант пен шарап зауыттарында борық қамысын өңдегенде шығады. Борық қамысын қант, шарап алу дамып келе жатқан елдердің 80-де жолға қойылған. Осыған байланысты тек борық қамысын пайдалану арқылы бұл өсімдік өсетін елдерде энергияның 50%-дай мөлшерін алуды жолға қоюға болады.

Осы синтетикалық отын ХХІ ғасырдың негізгі энергия көздерінің біріне айналуына толық мүмкіндік бар. Ағаш биомассасынан алынған метанолды отын ретінде жаққанда шыққан көміртек оксидінің мөлшері бензинді жаққанда бөлінетін газ көлемінен 2 еседей төмен. Метанолға альтернативті этанолды қант өндірісінен шыққан биомассадан ферменрттер көмегімен алып, оны бензиннің орнынына қолдануға болады.

Анаэробты микроорганизмдер штаммаларының арнайы түрлерін жасап биогаз қолданудың экология мен экономика жағынан болсын.

Тиімді жолдарын табуға болады. Биогаздың энзимдер қолдану арқылы этанолдың бағасы бензинмен салыстырмалы келеді. Және қазіргі жағдайда қалдықтардан биогаз алу технологиясы өзін 5­3жылда ақтап, табиғи органикалық ресурстарды үнемдеуге ықпал жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазба байлықтар қоры және жер қоймасы
Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері
Жер қойнауын қорғау және минералдық шикізат қорын пайдалану
Ірі су қоймаларынан келетін зардаптар
Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері туралы
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Шикізат және қосымша материалдар
Шығыс Қазақстанның туристтік мүмкіншілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz