Құқықтың қайнар көздері. Нормативтi құқықтық актiлер.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Құқықтың қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Нормативтi құқықтық актiлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңды күшiнiң уақыты,
кеңiстiгi және адамдарды қамтуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Кiрiспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “ Құқықтың қайнар көздері ”. Курстық жұмысымның мақсаты – нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланған.
Қазіргі заманда құқықтың қайнар көздері туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқықтың қайнар көзі туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі өзгерді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Қоғамның жан жақты даму процесінде ерекше орынды құқық, яғни Конституция мен нормативтік құқықтық актілер иеленеді. Онсыз құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің құрылуы мүмкін емес.
Заң құқықтың қайнар көзі ретінде оқу өзектілігін жоғалтпай қазіргі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыда ерекше зерттеліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыты болып табылады. Себебі мұның барлығы объективті факторларға, яғни соның ішінде маңызды болып табылатын Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесінің қайта құрылуы, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін әсерлі механизмдердің және мемлекеттің қағидаларын нақты бекітілуіне байланысты.
Құқық қайнар көздері туралы мәселе құқық теориясы ғылымында басты орын алады және құқық түсінуде басты орынға ие. Кеңестік құқық ғылымында бұл мәселе кластық құқықтық түсінік төңірегінде зерттеліп, құқық қайнар көздерінің жүйесі нормативтік құқықтық актілердің жиынтығымен, яғни заң шығару жүйесімен алынып тасталып отырды.
Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясында заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен қатар халықаралық шарттардың құқық қайнар көзі ретінде халықаралық құқықтың нормасы мен жалпы танылған қағидаларын бекіту барлық жалпы теориялық түсініктер мен құқық қайнар көздерін қайта саралауға себеп болды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө., «Мемлекет және құқық теориясы», Оқулық. – Алматы, “Жеті-Жарғы”, 2006 ж., 108 -110 беттер.
2. «Мемлекет және құқық негіздері»: Оқулық/ Құрастырған Е. Баянов. – Алматы; Жеті жарғы, 2006 ж., 95 -96 беттер.
3. Жоламан Қ. Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқулық. – Алматы. “Нұр - пресс“” 2007 ж., 112 -116, 129 -130 беттер.
4. Қазақстан Республикасының 24.03.98 “ Нормативтік құқықтық актілері туралы ” заңы. 1, 5, 8 баптары.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж., 49, 53, 61, 75 баптары.
6. Қ. Д. Жоламан, А. Қ. Мұхтарова, А. Н. Тәукелев: «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2000 ж., 127 -130 беттер.
7. Ғ. Сапарғалиева, А. Ибраев: «Мемлекет және құқық теориясы», “ Жеті Жарғы”, Алматы, 1998ж., 293 -296, 308 -318 беттер.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Құқықтың қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..7
2. Нормативтi құқықтық актiлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңды күшiнiң уақыты,
кеңiстiгi және адамдарды қамтуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Кiрiспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “ Құқықтың қайнар көздері ”. Курстық жұмысымның мақсаты – нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу, түрлерін анықтау және қазіргі кездегі жетілдіру мәселелерін анықтау. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланған.
Қазіргі заманда құқықтың қайнар көздері туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқықтың қайнар көзі туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрып жатқан Қазақстан бүгінгі таңда жауапты да тарихи кезеңді бастан кешіруде. Әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан ел өмірінде көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістер орын алды. Қатынастар жаңа қарқын алып, олардың мәні түбегейлі өзгерді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық өмірінің барлық саласы түгелімен өзгерді. Қоғамның жан жақты даму процесінде ерекше орынды құқық, яғни Конституция мен нормативтік құқықтық актілер иеленеді. Онсыз құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің құрылуы мүмкін емес.
Заң құқықтың қайнар көзі ретінде оқу өзектілігін жоғалтпай қазіргі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыда ерекше зерттеліп жатқан ғылыми зерттеулердің бағыты болып табылады. Себебі мұның барлығы объективті факторларға, яғни соның ішінде маңызды болып табылатын Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесінің қайта құрылуы, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ететін әсерлі механизмдердің және мемлекеттің қағидаларын нақты бекітілуіне байланысты.
Құқық қайнар көздері туралы мәселе құқық теориясы ғылымында басты орын алады және құқық түсінуде басты орынға ие. Кеңестік құқық ғылымында бұл мәселе кластық құқықтық түсінік төңірегінде зерттеліп, құқық қайнар көздерінің жүйесі нормативтік құқықтық актілердің жиынтығымен, яғни заң шығару жүйесімен алынып тасталып отырды.
Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясында заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен қатар халықаралық шарттардың құқық қайнар көзі ретінде халықаралық құқықтың нормасы мен жалпы танылған қағидаларын бекіту барлық жалпы теориялық түсініктер мен құқық қайнар көздерін қайта саралауға себеп болды.
1.Құқықтың қайнар көздерi.
1.1. Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, мәні.
Мемлекет билік жүргізу барысында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларынан қабылдайды. Құқықтың қайнар көздеріне құқық жасаушылық барысында қабылданған, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер кіреді. Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздерін екі мағынада айқындап, түсінік береді. Біріншісі материалдық, екіншісі формальдық. Материалдық мағынада алып қарағанда құқықтың қайнар көздері қалыптасқан материалдық жағдайлардың жиынтығынан туындайтын мемлекеттің құқық жасау барысындағы қызметі. Бұл жерде материалдық жағдайлар құқықты тікелей қалыптастырмайды, керісінше, құқықтың қайнар көздері материалдық мағынада мемлекеттік билік болып қабылданады. Қазіргі уақытта құқықтың қайнар көздерін материалдық мағынада қабылдау, оны мойындау өте сирек кездеседі.
“ Құқықтың қайнар көздерін формальдық мағынада алып қарағанда мемлекеттік биліктің мінез-құлық ережелерін бәріне бірдей екендігін құқық нормалары арқылы бекіту. Бірақ, қазіргі құқықтық мемлекет құру барысында құқықтың қайнар көздерін тек ғана мемлекеттік – биліктік қызметтің нәтижесінде болатын көрініс деп танымай, керісінше, әдет – ғұрыптарды мойындау құқықтың жаңа көздерін қалыптастыруда. Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың заңдары құқықтық қатынастардың субъектілері іскерлік қатынастарды орнату сияқты көріністерді заң талаптары бекітпеген позитивтік әдеттік құқық деп бағалауға құлшыныс таныту көрінісі байқалады ”[ 1 ].
Мемлекет және құқық теориясында құқықтың қайнар көздеріне талдау жасап, баға бергенде ең алдымен халықтың мүддесі қалай заңнан шешімін табады ? Құқық нормалары қалай бекітіледі ? – деген сұрақтарға нақтылы жауап беруі тиіс. Халықтың еркі, тілек – талаптары, қажетті мүдделері құқықтық нормаға айналу үшін бұл көріністер объективтітендірулері тиіс. Оған дейінтек идея жүзінде болады, құқықтық норма санатына ие емес. Құқықтық идеяның құқық нормаларына айналуы үшін мемлекеттің ерекше кесімі керек. Тек содан кейін ғана идея құқық нормаларына айналады.
Құқықтың қайнар көздерi деп мемлекеттің қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау үшін қабылдаған және бекіткен нормативтік кесімдердің біртұтастықтағы жиынтығын айтады. Құқықтың қайнар көздерiне ресми сипат көрiнiсi тән, олар мемлекетпен танылады және құрамындағы нормаларға мемлекеттен қолдау көрсетiледi. Құқықтың қайнар көздеріне тек қана мемлекеттік органдардың жоққа шығарылғанға дейін қолданылатын, құқық нормасы бар, бәріне бірдей міндетті мінез – құқық ережелері, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер жатады. Ал, құқық негізінде қабылданатын дара кесімдер бір ғана оқиға, сәттерге пайдаланылады.
“ Өз кезінде қазақ мемлекеттілігінің құқығы нормативтік актілер, үлгі істер, құқықтық әдеттер арқылы қалыптасқан. Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның ескі жолы" (XV ғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ коғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді карағанда күші бар құқықтық норма ретіңде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде Құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретіңде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ коғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған” [ 2 ].
1.2. Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама.
Нормативтi Құқықтық акт – ол арнайы мемлекеттiк органмен шығарылған ресми құжат, құқық норма көрiнiсінде қоғамдық қатынастарды анықтауға және реттеуге бағытталған. Оларға Конституция, заңдар, жай заңға негiзделген актiлер жатады.
Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттін қалыптасу кезеңінде өмірге келген күқық иысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, Орыс правдасы, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" т.б. Әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатыр.
Әдет-ғұрып нормаларды қолдану жөнінде басым түрде бір пікір жоқ. Біраз мемлекеттер қарсы пікірде. Әлем көлеміндегі елдердің көпшілігі бұл нормаларды пайдаланып келеді. Оның ешқандай зияндығы жоқ деуге болады. Әдет-ғұрып нормаларын қолдануға мемлекеттік органның нұсқауы немесе рұқсат болса ол нормалар құқықтық әдет-ғұрыпқа айналады.
Әдет-ғұрыптың бірнеше түрі бар: әдет, әдептілік т.б.
Әдет - адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты әрекет. Ешбір адам өмірге жақсы немесе жаман әдетпен келмейді. Әдет өмір жемісі, тәрбие нәтижесі. Әдет жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді.
Әдеттілік — моральдық нормаларды жақсы орындау. Әдептілік өте қажетті қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі. Әдеттілік ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл, әділетті болу сияқты жалпы халықтық нормаларды да дұрыс атқара білуді керек етеді. Әдет-ғұрып нормалары ресми заңдармен қатар қолданылады және бұл нормаларды бұзушылар жауапқа тартылады.
“ Прецеденттік құқық нысаны — белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қарағанда басшылыққа алынып отырады. Оның екі түрі бар: а) соттық прецедент; ә) әкімшілік прецедент (басқару органдарының шығарған шешімі) “ [ 3 ].
Заң ғылымы (құқықтық доктрина) - кұқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана - сезімнің деңгейін көтеруге зор әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.
Нормативтік шарттар - қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады... Мысалы: ГФР — ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
Референдумда қабылданған нормативтік актілер заңның бір түрі. Сондықтан бүл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері: жалпы мемлекеттіқ, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жұмыс, ол саяси күрестің бір түрі.
2. Нормативтiк құқықтық актiлер.
2.1. Нормативтiк құқықтық актiлердің түсінігі, түрлері.
Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы заңға сәйкес мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
2) заңдар - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
3) құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтiк құқықтық актiде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтiк реттелген ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережесi;
4) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртіппен қабылданатын заң;
7) заң - қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
8) заң актiсi - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы, Кодекс, Заң,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
9) кодекс - бiртектес қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;
10) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
11)” уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңдарда белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар) ” [ 4 ]
12) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау.
Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тәру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
Халықаралық шарттарды, оның iшiнде құқықтық нормаларды қамтитын шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi.
Осы Заңның 1-бабының 2) тармақшасында келтiрiлген талаптарға сай келмейтiн және құқықты iске асыру және құқық қолданушылық мәнi бар нормативтiк құқықтық актiлердi, атап айтқанда:
1) мемлекеттiк емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк актiлерiн;
2) уәкiлеттi орган болып табылмайтын мемлекеттiк ұйымдардың нормативтiк актiлерiн;
3) техникалық және технологиялық нормалар мен стандарттар қамтылған нормативтiк актiлердi әзiрлеу, табыс ету, қабылдау, күшiне енгiзу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбi белгiленбейдi.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы наурыздың 24-інде қабылданған Нормативтік құқықтық актілер туралы Заң меммлекетте қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді екі түрге бөліп қарайды:
1. Негізгі.
2. Туынды.
Негізгісіне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк бұйрықтары;
7) Мемлекеттiк комитеттердiң нормативтiк қаулылары, өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк қаулылары;
8) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Туынды түрлері мынандай тізімді қамтиды:
1) Регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
2) Ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
3) Қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) Нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей - тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады.Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк Жарлықтары;
5) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
7) Министрлердiң нормативтiк бұйрықтары; мемлекеттiк комитеттердiң нормативтiк қаулылары; өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк бұйрықтары, қаулылары;

Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс. Әкiмшiлiк - аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк шешiмдерi, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келмеуі керек. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшелiктерiн осы органдардың әрқайсысы айқындайды.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi органдар өз бастамашылығымен немесе жоғары тәрған мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша әзiрлейдi. Өзге де барлық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен адамдар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу жөнiнде ұсыныс жасауға немесе мұндай актiлердiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкiлеттi органдар оларды өздерi әзiрлейтiн жобалар үшiн негiз ретiнде қабылдауы немесе олардың одан әрi әзiрленуiн және жобалардың қабылдануын жөнсiз деп тануы мүмкiн.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы;
2)Актiнiң нысанына нұсқау; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы; Кодекс; Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Сенаттың қаулысы; Мәжiлiстiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; Мемлекеттiк комитеттiң қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда немесе өзге де заңдарда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң басқа бiр атауы;
3) Осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып;
4) Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi;
5) Нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;
6)Тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы;
7)Нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiн тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;
8) Елтаңбалы мөр.
Нормативтік құқықтық актінің баптары жекелеген құқық нормаларын қамтитын тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға бөлінуі мүмкін.
Баптардың, тармақтар мен тармақшалардың ішінде бөліктер құқықтың қисынды аяқталған, абзацтармен бөлінген жекелеген нормалары болуы мүмкін.
Мәтіннің мағыналық жағынан тұтастығы бар, бірінші жолда азат жолмен бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанд абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.
Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары - жекелеген құқық нормалары бар тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Баптардың, тармақтардың және тармақшалардың iшiнде абзацтар арқылы бөлiнетiн бөлiктер болуы мүмкiн.
Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен нөмірленедi.
Баптардың (тармақтардың) нөмірленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң нөмірленуi де дербес және басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады.
Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл мен заң терминологиясының нормалары сақтала отырып жазылады. Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Баптың (тармақтың) мәтiнi басқа баптарда (тармақтарда) қайталап жазылмайды.
Қажет болған жағдайда нормативтiк құқықтық актiде өзге актiлердiң баптарына (тармақтарына) сiлтемелер жасауға жол берiледi, сондай-ақ жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерден сол актiлерге сiлтеме жасала отырып, олардың жекелеген ережелерi келтiрiледi.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамашылығы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде ғана iске асырылады. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы Мәжiлiске мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде енгiзiледi.
Жоба бойынша табыс етiлетiн материалдарда мынадай қосымшалар болуға тиiс:
1) жобаны дайындаған мемлекеттiк органның немесе ұйымның атауы;
2) жобаны қабылдаудың қажеттiгi негiзделiп, мақсаттары, мiндеттерi, негiзгi ережелерi кеңiнен сипатталған түсiндiрме жазба;
3) жұмыс тобының құрамы;
4) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу парағы;
5) егер жобаға сараптама жүргiзiлсе, ол жөнiндегi сараптама қорытындылары;
6) жобаның қабылдануына байланысты өзгертiлуге немесе күшi жойылды деп танылуға тиiс заң актiлерiнiң тiзбесi және жобаны iске асыру үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу туралы ұсыныстар;
7) әдетте, жобаға қаржы-экономикалық есептеулер, статистикалық мәлiметтер қабылданатын нормативтiк құқықтық актiнi қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдары қоса тiркеледi.
Қолданылып жүрген заңдарға өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiлген жағдайда баптардың бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесi табыс етiледi.
Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының ғылыми сараптамасын тиiстi бейiмдi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi. Сараптама жүргiзу бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн.
Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгiленедi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi сонымен қатар:
1) кодекстер үшін - осы Заңмен.
Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;
2) заңдар үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен,
Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, Қазақстан
Республикасының Президентi туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның iшiнде Парламент пен оның палаталарының регламенттерiмен;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заң актiсiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртіптi реттейтiн актiлерiмен;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкімет туралы заң актiсiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкіметiнiң актiлерiмен;
5) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкіметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, оның iшiнде Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн - Үкімет пен осы органдар туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкіметiнiң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң осы органдардың қызметiн реттейтiн қаулыларымен;
6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы заң актiлерiмен;
7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының соттары туралы заңдармен;
8) Орталық сайлау комиссиясының (Референдум өткiзу жөнiндегi комиссияның) нормативтiк қаулылары үшiн - сайлау және референдум туралы заң актiлерiмен;
9) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк шешiмдерi үшiн - осы органдар туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкіметiнiң актiлерiмен айқындалады.
Нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу тәртiбi нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде белгiленуi мүмкiн.
Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты бұрын қабылданған барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң немесе олардың құрылымдық бөлiктерi, егер олар жаңа актiге енгiзiлген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiс.
Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға тиiстi актiлер мен олардың бөлiктерiнiң тiзбесi не актiнiң өзiнде, не оны күшiне енгiзу тәртiбi туралы актiде болуға тиiс.
Жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiстi және жаңа актiмен бiр деңгейдегi актiлердiң немесе олардың бөлiктерiнiң (тарауларының, баптарының, тармақтары мен тармақшаларының) саны едәуiр болған жағдайда олардың тiзбесi жеке актiмен ресiмделедi. Мұндай актiнiң жобасын негiзгi актiнiң жобасын әзiрлеушiлер дайындап, сонымен бiр мезгiлде табыс етедi.
Жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiстi және жаңа актiден деңгейi неғұрлым төмен актiлердiң немесе олардың бөлiктерiнiң (тарауларының, баптарының, тармақтары мен тармақшаларының) саны едәуiр болған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк органға олардың актiлерiнiң күшi жойылды деп тану, оларды өзгерту мен толықтыру туралы актiлер қабылдауды (шығаруды) олардың қабылдану (шығарылу) мерзiмiн көрсете отырып тапсырады. Мұндай тапсырманың жобасын уәкiлеттi органға жаңа нормативтiк құқықтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz