Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттыру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ РОЛІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.33
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның құру негіздері ... ... .8
1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы мемлекеттік бюджетінің орындалу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.4 Экономикалық даму болжамын әзірлеу негізінде мемлекеттік бюджет параметрлерін анықтау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ РОЛІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... .34.55
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму үрдістерін макроэкономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің кірістер мен шығыстарының орындалуын талдау ... ... ... ... ... ... 38
2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық дамыту бойынша мемлекеттік бюджетің құрылуы мен орындалуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ РӨЛІН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56.82
3.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетті тұрғысынан экономикалық даму болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
3.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетті бойынша экономикалық саясатты түзілдірудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
3.3 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы мемлекеттік бюджеттің рөлін оңтайландырудағы проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .73

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 83

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .85

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері келтірді. Үкімет пен Парламентке жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаржы бөлу үшін бюджетті қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізді. Осы жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан несие алуға тура келеді. Президент оны дұрыс деп есептеймін. Ол ақшаларды өз экономикамызға салайық деді . Бұл жобалардың бәрі біздің экономикамыздың, біздің еліміздің бейнесін бүтіндей өзгертетіне сөз салды.
Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты – Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін нақтылап, бәсекелестік жағдайдағы Қазақстанның бюжеттік ұйымдарды қаржыландыру талдау, сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындау болып табылады.
Зерттеу нысаны – Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттырудың негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы саяси институт ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.
Зерттеу пәні – Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджетті ролінің қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктерінің өзара байланысы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қарағұсова Г. «Налоги: сущность и практика использования» Алматы-2004ж. 125 б.
2. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрайымының Дина Шәженованың «Ұлттық қор – ұрпақ игілігі» атты республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты, «Егемен Қазақстан» газеті, 24 қаңтар, 2007 жыл 3бет.
3. Ермекбаев Б.Ж: Жалпы мемлекеттік салықтар // Оқу құралы Алматы 2004ж.
4. Жанбыршиева К.Б: “Мүлік салығы – жергілікті бюджетке түсімдердің маңызды көзі” // Жаршы 2003 ж. №11
5. Ілиясов К. К., Мельников В.Д. "Қаржы" оқулық - Алматы баспасы "Экономика" - 1994ж.105 б.
6. Қазақстан Республикасының “Республикалық бюджет туралы ” заңы 06.05.2004ж. 95 б.
7. Елубаева Ж. “О теоретических вопросах понятия “государственное бюджетирование”” “Қаржы-қаражат- Финансы Казахстана” 2005 г. 24с.
8. Жанбыршиева К.Б: “Мүлік салығы – жергілікті бюджетке түсімдердің маңызды көзі” // Жаршы 2003 ж. №11 25б.
9. Муратов М. , Жағыпаров Б. “Қаржы және бюджет” Алматы 1999 жыл 58 б.
10. "Региональные аспекты бюджетной политики" Бримбетова А.Н. "Қаржы- Қаражат" № 8 - 2004 жылғы журналы. 12б.
11. Дербисов Е.Ж. "Финансы Казахстана: между прошлым и будущим." Алматы баспасы "Ихтисат" - 199бж. 59
12. Мұқтарова Н.С. «Экономия оценка мероприятии по снижению неравенства доходов населения» Алматы-2002 58 б.
13. Ильясов К., Саткалиева В., Зейнельгабдин А., Сапарбаев Б., Исахова П. «Государственный бюджет» Алматы – 1994, 9 б.
14. Қазақстан Республикасының “Республикалық бюджет туралы ” заңы 06.05.2004ж. 85 б.
15. Қазақстан Республикасының “Республикалық бюджет туралы ” заңы 06.05.2004ж. 95 б.
«Налогоплательщик» 2005 №4 «Новому этапу развития страны – адекватный налоговый кодекс» 16 с.
16. «Налогоплательщик» 2005 №4 «Новому этапу развития страны – адекватный налоговый кодекс» 16 с.
17. Надиров М.Н., Калыбекова Д.Б. Шет мемлекеттер қаржылары. А. «Экономика», 2006 ж. 12бет.
18. Надиров М.Н., Калыбекова Д.Б. Шет мемлекеттер қаржылары. А. «Экономика», 2006 ж.56бет
19. Крутова С.Г. Совершенствование межбюджетных отношений как форма реализации основных принципов федерализма // Гуманитарные и социально-экономические науки. Ростов н/Д: СКНЦ. 2006. № 12, 13с.
20. .Т. Серикбаева Мировой опыт по переходу на систему стратегического планирования и применению показателей эффективности в бюджетных процессах, АО «Институт Экономических Исследований», Ростов н/Д: СКНЦ. 2009г., 52с.
21. Республикалық бюджеттің 01.02.2009 жылғы атқарылуы жөніндегі ақпарат
22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы «24» сәуірдегі № 199 бұйрығымен бекітілген. 1 бет
23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы «24» сәуірдегі № 199 бұйрығымен бекітілген. 2 бет
24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы «24» сәуірдегі № 199 бұйрығымен бекітілген. 2 бет
25. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрайымының Дина Шәженованың «Ұлттық қор – ұрпақ игілігі» атты республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты, «Егемен Қазақстан» газеті, 24 қаңтар, 2007 жыл 3бет.
26. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Кодексі 55б.
27. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Кодексі 85б.
28. Ковалевой А.М. . «Финансы» Учебное пособие/ Под редакцией - М.1997г. 106 б.
29. Назарбаев Н.А. Долгосрочная стратегия развития Республики Казахстан: "Казахстан - 2030" - Алматы: Рауан, 1998. 13с.
30. Қазақстан Республикасының салықтық қызметі туралы жаршысы №3 март 2008ж. 45 б.
31. ."Выравнивая межрегиональные различия" Махмутова М. "Қаржы -Қаражат" №5 -2005 жылғы журналы. 26 с.
32. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 Қаулысы
33. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
34. Мемлекеттік бюджеттің 01.02.2009 жылғы атқарылуы жөніндегі ақпарат
35. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 – 2012 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
36. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 28 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы. Егенменді Қазақстан, 31 қаңтар 2012 жыл
37. 2009-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы, 2008 жылғы желтоқсанның 4-і. № 96- ІV-ҚРЗ
38. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп 12бет
39. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы «24» сәуірдегі № 199 бұйрығымен бекітілген. 8 бет
40. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Т. Сұлтановтың 2009 жылғы 27 наурызда «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзі
41. Қазақстан Республикасының 2012 – 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дам болжамы, Қ.Р. Үкіметінің отырысында мақұлданған.(2011 жылғы «27» тамыздағы № 30 хаттама).

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ РОЛІН АРТТЫРУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ РОЛІН АРТТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-
33
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның құру
негіздері ... ... .8
1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және
методологиялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...12
1.3 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы мемлекеттік
бюджетінің орындалу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 18
1.4 Экономикалық даму болжамын әзірлеу негізінде мемлекеттік бюджет
параметрлерін анықтау
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 28

2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ РОЛІН АРТТЫРУ
БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... .34-55
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық даму үрдістерін
макроэкономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы ретіндегі мемлекеттік
бюджеттің кірістер мен шығыстарының орындалуын талдау ... ... ... ... ... ... 38
2.3 Қазақстан Республикасының экономикалық дамыту бойынша мемлекеттік
бюджетің құрылуы мен орындалуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..44

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ
РӨЛІН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56-82
3.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетті тұрғысынан экономикалық
даму
болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .56
3.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетті бойынша экономикалық
саясатты түзілдірудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

3.3 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы мемлекеттік бюджеттің
рөлін оңтайландырудағы
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..83

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 85

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік бюджеттің ролі, мәні және
процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді
өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге
асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет
көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,
денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және
әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты
секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық
экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет
табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27
қаңтарындағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты
бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан жолының жаңа кезеңі –
экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері
келтірді. Үкімет пен Парламентке жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыруға
қажетті қаржы бөлу үшін бюджетті қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізді. Осы
жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан несие алуға тура келеді. Президент
оны дұрыс деп есептеймін. Ол ақшаларды өз экономикамызға салайық деді .
Бұл жобалардың бәрі біздің экономикамыздың, біздің еліміздің бейнесін
бүтіндей өзгертетіне сөз салды.
Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы
жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік
саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты – Қазақстан экономикасын
дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттыру ерекшеліктерінің теориялық
негіздерін нақтылап, бәсекелестік жағдайдағы Қазақстанның бюжеттік
ұйымдарды қаржыландыру талдау, сонымен қатар экономиканың даму сатысына
қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындау болып табылады.
Зерттеу нысаны – Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік
бюджеттің ролін арттырудың негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы
саяси институт ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып
табылады.
Зерттеу пәні – Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджетті
ролінің қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктерінің өзара байланысы.
Зерттеу болжамы – экономикалық-әлеуметтік мемлекет қалыптастыру
жолындағы Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін
арттыру еліміздің тарихи және рухани даму ерекшеліктері ескеріле отырып,
алдыңғы қатарлы дамыған әрі қаржылық мемлекет қалыптастырған елдердің озық
тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге
асырылады деген болжамға негізделген. Біздің ойымызша Қазақстан үшін Сауд
Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Норвегия сияқты экономикасы
табиғи байлыққа (мұнайға) негізделген елдердің тиімді жүзеге асырып отырған
мемлекетінің бюджетін құру мен орындаудың ерекшеліктерінің тәжірибесін
ескерген дұрыс болар еді.
Зерттеу міндеттері келесідей:
а) Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін
арттырудың теориялық әдіснамалық негізін зерттеу;
ә) Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін
арттырудың саяси институттар мен үрдістерде алатын орнына әдіснамалық
талдау жүргізу;
б) экономикалық мемлекет құру жағдайында Қазақстан Республикасының
2012-2016 жылдардағы мемлекетік бюджетін құру мен орындаудың
ерекшеліктерінің үлгілеріне талдау жасау;
в) Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдардағы мемлекетік бюджетін
құру мен орындаудың ерекшеліктерінің негізгі бағыттарының теориялық
мәселелерін анықтау;
г) қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы бюджетін ролінің деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары
мен негізгі бағыттарын айқындау.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазіргі кезде қалыптасып отырған ұлттық
экономикадағы ақша-қаражат жүйесінің салдарынан туындап отырған Қазақстан
экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттырудың жаңа рөлін
жан- жақты зерттеу өте маңызды. Қазақстан экономикасын дамытудағы
мемлекеттік бюджеттің ролін арттырудың мазмұны, оның әлеуметтік-
экономикалық және қаржылық қатынастар жүйесіндегі, ұдайы өндіріс
процесіндегі рөлі туралы көптеген атақты отандық және шетелдік ғалымдар
еңбектер жазған. Олардың ішінде К.К. Жүйріков, У.Б. Баймұратов, К.Г.
Воблый, Э.А. Вознесенский, А.Г. Грязнова, Е.Ш. Качалова, А.К. Сембеков,
Е.Р. Хандшке, Э.С. Гребенщиков, Ю.М. Журавлев, С.Л. Ефимов, Л.А. Мотылев,
А.М. Годин, В.Д. Мельников, О.Э. Лер, Ө.Қ. Шеденов, Қ.Е. Құбаев, Қ.
Алтынбекұлы және т.б. көптеген ғалымдар бар. Отандық және жақын
шетелдердегі экономикалық әдебиеттерде бюжеттік ұйымдарды қаржыландыру
бойынша жазылған еңбектер көбіне оқу құралы ретінде жарық көрген.
Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы рыногы
мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері,
Қазақстан статистикалық басқармасының мәліметтері осы проблемалар бойынша
басылымдар мен монографиялар болып табылады. Осы жұмыста монографиялық
зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар,
жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер,
баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері – ғылыми бюджет жүйені
қалыптастырушы ойшылдар мен ғалымдардың, еуропалық, ресейлік және отандық
саясаттанушы, философ, әлеуметтанушы, экономист, құқықтанушы ғалымдардың
теориялық еңбектерімен қатар Президент Н.Ә. Назарбаевтың да еңбектері
басшылыққа алынды.
Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттыру
ерекшеліктерінің зерттеуде тарихи-философиялық, институционалдық, жүйелік,
пәнаралық, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы
сараптау әдістері кеңінен қолданылды. Бұл әдістерді қолдану арқылы
әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан экономикасын
дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттыру ерекшеліктерінің күрделі,
кешенді әрі тұрақты даму үстінде болатын жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік
алдық.
Зерттеу әдістері. Зерттеу салыстыру әдістерін қолданумен және
сараптаушылық бағалауды ескерумен жүйелік және факторлық талдау
қағидаларымен жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы көтеріліп отырған мәселенің
қазіргі кезең талаптарына сай өзектілігімен, жеткілікті
зерттелмегендігімен, зерттеу нысанасына ілінбеген тың мәселелерді
жүйелеуімен әрі саралап талдауымен, зерттеу жұмысының мақсаты мен
міндеттеріне тікелей байланысты қажеттілік талабынан туындайды және әрбір
тарауда көтеріліп отырған мәселелерге сай анықталады. Қазақстан
экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттырудың
саясаттанулық талдау жасау негізінде мынандай жаңа ғылыми нәтижелерге қол
жеткізілді:
- Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін
арттырудың негізгі қағидалары, бағыт-бағдарлары және даму жолдары
нақтыланып, айқындалып көрсетілді;
- Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджет ролінің мәні
мен мағынасы, қоғам дамуындағы орны мен рөлі теориялық-әдіснамалық
тұрғыдан зерттелді;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттің бюджетін құру мен орындауды
реттеуге бағытталған заңнамалық және құқықтық нормаларын саяси
талдау арқылы саяси институттардың саяси үрдістерге қатысу жолдары
нақтыланды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін құру мен орындаудың
ерекшеліктерінің тиімділігін арттырудың кейбір бағыттары мен
жолдары жөнінде қолданбалы маңызы бар өзіндік ұсыныстар жасалды.
Практикалық маңызы - дипломдық жұмыстағы ұсыныстарды, қорытындылар
мен тұжырымдарды Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің
ролін арттырудың басым бағыттарын айқындаудағы және қалыптасу үрдісіндегі
қаржылық саясат үлгісін жетілдіруде үкіметтік құжаттар мен актілерді жасау
үшін, үкіметтің қаржылық саясатты жетілдіру бағытындағы іс-шаралары мен
бағдарламаларын іске асыру үшін, билік, саяси институттар, азаматтық
ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастық пен байланысты реттеуде кеңінен
пайдалануға болады. Дипломдық жұмыс материалдарын Қазақстан Республикасы
жоғары оқу орындарында теориялық және қолданбалы саясаттану бойынша дәріс
материалдарына немесе арнаулы курстар жасау үшін қолдануға болады.
Практикалық базасы Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік
бюджеттің ролін арттырудың теориялық тұрғыдан дәйектелуіне ұмтылыс
жасалуында. Дипломдық жұмыстағы Қазақстан экономикасын дамытудағы
мемлекеттік бюджеттің ролін арттыру қорытындыларын мемлекеттік бюджет
жүйесін реттеуде, мемлекеттік билік органдарының рөлі мен орнын анықтауда
саясаттану, әлеуметтану, заң ғылымдары мен экономика ғылымдарының қажетті
салаларында пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде,
суреттерде және қосымшаларда келтірілген.
Дипломдық жұмыс көлемі. Дипломдық жұмыс компьютерде терілген 87 бетте,
оның ішінде 12 кесте, 19 сурет, қосымшада баяндалған.

1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ РОЛІН АРТТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның құру негіздері

Бюджет – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың
шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне
арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен
жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң
актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын
орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өіне
тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы
орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен
алдынала объективті анықталған [1].
Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы
қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық
салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат
пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып
жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени
шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін,
мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған
қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы -
адамдардың субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің
қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған
объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық
орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық
ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және
үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші
кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі
қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар
дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді
телімдерінде шоғырланады.
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет
өзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады – жалпы мемлекеттік қаржыларды
қанағаттандырады[2].
Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету
және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы
жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары
өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды;
өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінді; ұжымдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған
қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен
шығындар, Қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға
кеткен шығындар іске асырылады.
Біз көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың
аңықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие
болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске
асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен
қатар, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен
сипатталады [3]:
- Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу
қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;
- Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және
құру мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет
салаларымен, экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық
шаруашылығы салалары арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;
- Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты
емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол
уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық
қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;
- Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары
қоғам дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта
өндірудің қажеттіліктермен анықталады;
- Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен
салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол
жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының
орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық
қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған
және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып
бөлінеді.Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның
кірісті бөлігіне салық, салықтық емес түсімдер жатады, ал шығысты бөлігіне-
әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері
(кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар,мемлекеттік бағдарламаларды іске
асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын
қамтамасыз етуге кеткен шығындар,мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және
т.б 3. Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан,
ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады [4].
Мемлекеттік баланс концепциясы барлық мемлекеттік шығындар мен
кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады.Алайда тәжірибеде бюджеттің
шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ
болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін ішкі
және сыртқы қарыз деп бөледі. Сыртқы қарыз көмегімен жабылатын жалпы
тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің
ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет экономикасына
ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде шығындардың өсуіне
әкелсе, онда ол ішкі сұранысқа әсер ете алмайды.
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялық банктерден
және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен алынған
таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша
қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық
факторларды анықтауда басты рольді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын
табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты
болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай есептеудің
нәтижелері нақты болмауы мүмкін,өйткені ол салықтық база эволюциясын
есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға
функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай құрылым
дезагрегировалық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті
салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар
арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының
базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегировалау
керек [5].
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған құн мөлшері
табылады, табыс салығы үшін – салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз
үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т.б [6].
Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да
(мысалы,салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін.
Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп
атауға болады.
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді [7]. Мысалы:
салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында
қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде
өзгермеді деген шарт қойылсын.
Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені
туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс
сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат үшін
пропорционалды корректировка әдісі қолданылады.Бұл әдіс фактілі салықтық
түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне
негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс,
баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен
және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы
есептеледі.
Мемлекет табыстарына қарағанда өкіметтік шығындарды болжамдауда
олардың деңгейін анықтау мүмкіндіктері аз (тек жай ғана экономикалық
қатынасқа сүйене отырып). Бұл мемлекеттік шығындар бойынша шешім қабылдау
процесінің саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ та шығыстардың
экономикалық классификациясының шегінде кейбір негізгі көрсеткіштердің
эндогенді анықтамаларын қарастыруға болады.Мысалы: несие бойынша пайыз
төлемдері олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен
анықталады. Қайтарымсыз төлемдер (трансферттер) экономикалық іс-әрекет
деңгейімен қатынаста қарастырылуы мүмкін [8].
Мемлекеттiк бақсарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы
құрылымын құрайтындар келесілер болып табылады:
- Қазақстан Республикасының Президентi;
- Қазақстан Республикасының Парламентi;
- Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi;
- Қазақстан Республикасының Үкiметi;
- экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
- бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
- бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
- iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
- мәслихат;
- жергiлiктi атқарушы орган 6.
Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу
саласында: республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп
беру тәртiбiн айқындайды; Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол
туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды; Қазақстан Республикасының
аумағында төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзу туралы шешiм қабылдайды және
оны әзiрлеу тәртiбiн айқындайды; мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi
және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл
сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет
саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды; Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын басқару жөнiндегi кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану
тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен
бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды; Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi; Бюджеттік
Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына
арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi; Қазақстан
Республикасының Конституциясына жән е заңдарына сәйкес өзге де
өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Парламентi бюджеттiк қатынастарды реттеу
саласында: республикалық бюджеттi, сондай-ақ республикалық бюджетке
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi бекiтедi; Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi;
Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламентке жүктелген өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi
бюджеттiк қатынастарды peттeу саласында: республикалық бюджеттiң
атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; iшкi бақылау
жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп емлекеттiк қаржы бақылауының
стандарттарын әзiрлейдi, сондай-ақ оларды бекiтедi және олардың сақталуына
бақылауды жүзеге асырады; республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы
бақылауды жүзеге асырады; төтенше мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына
бақылауды жүзеге асырады; бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асырады [9].
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган: Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатының жобасын
әзiрлейдi; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы,
бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын
әзiрлейдi және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс
етедi; бюджеттiк кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк
қатынастарды реттеу саласында: республиканың әлеуметтiк-экономикалық
дамуының орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi; басым бюджеттiк
инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады;
байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтiнiмдердiң тiзбесiн
қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге
енгiзедi; бюджеттiк инвестициялар мен байланысты гранттардың тиiмдiлiгiн
бағалауды жүргiзедi; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және
методологиялық аспектілері

Республикалық бюджет жобасын дайындау үшін Қазақстан Республикасының
Президенті бюджеттік комиссияны құрады. Бұл комиссия Экономика және
бюджеттік жоспарлау Министрілігімен енгізілген республикалық бюджет
жобасының негізгі болжамдық көрсеткіштерін қарастырады.Бюджеттік процесте
басты рөлді Қаржы Министрлігі атқарады. Ол ҚР-ның Президентінің жыл сайын
халыққа үндеуін ескере отырып, территория дамуының экономикалық және
әлеуметтік бағдарламаларына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының
индикативті жоспарының негізгі параметрлеріне негізделе отырып алдағы үш
жылдық мерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының
ортамерзімдік (бес жылдық) және ағымдағы (жылдық) индикативті жоспарлары
құрылуда.Қоғамдық іс-әрекеттердің барлық аспектілерінің стратегиялық
жоспарлануы және реттелуі бойынша практикалық жұмыстарды өкіметтің атқарушы
органы Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.Экономиканы
реттеуге және жоспарлық жұмысқа тікелей қатысатын ҚР Үкіметінің жұмысшы
органдарының жүйесіне, ең алдымен, Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігін жатқызамыз. Бұл Министерства ҚР Үкіметінің кеңейтілген
отырысында қарастырылатын квартал сайын “Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы” атты доклад құрайды. Мұнда
аналитикалық және кестелі-графикалық материалдармен көрсетілген есепті
мерзім ішіндегі экономика дамуының тенденциясына көңіл бөлінеді,
қалыптасқан негативті факторларды шешудің жолдары көрсетіледі, және де
алдағы кварталға экономикалық дамудың болжамы беріледі. Материалдар
Министерствалар мен Агенстволардың, облыстардың, Алматы және Астана
қалаларының, отандық және шетелдік эксперттердің ақпараттарына негізделеді.

Индикативті болжамды көрсеткіштерімен салыстыра отырып экономиканың
нақты көрсеткіштерінің мониторингісі жүргізіледі. Пайда болған
өзгерістердің негізінде ауытқудың себептері талданады және оларды жақсарту
бойынша ұсыныстар беріледі.
ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі басқаруды жүзеге
асыратын орталық атқарушы орган болып табылады және заңнамамен көрсетілген
аяда ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, ҚР-ның
стратегиялық жоспарын және ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының
индикативті жоспарын жасаудың салааралық үйлесуін басқаруды жүзеге асырады
және ортамерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және
сәйкесінше қаржылық жылға республикалық бюджет жобасын құрастырады [10].
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын жасаумен ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау
Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып келетін экономикалық саясат және
индикативті жоспарлау Департаменті айналысады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштерінің нақты тізімі өкілетті
органмен анықталады, яғни ол ҚР Қаржы Министрлігі және ҚР Ұлттық Банкісімен
келісе отырып жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының экономика және
бюджеттік жоспарлау Министрлігі.
Республикалық индикативті жоспарды жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті
бюджеттердің жоспарларының және алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің құрылуының негізі болып табылатын
Республикалық индикативті жоспар жасалынады. Министрлік орталық және
жергілікті басқару органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға, және де
ұлттық компанияларға республикалық индикативті жоспар Баяндамасының
құрылымы мен көрсеткіштерінің тізімін, формасын жібереді. Одан кейін
Министрлік алдағы үш жылдық мерзімге арналған экономика дамуының
макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын жасайды және оны Республикалық
бюджеттік комиссияға қарастыруға жібереді. Республикалық индикативті
жоспардың Маңызды көрсеткіштерінің болжамы бюджеттік комиссиямен қолдауы
жасалғаннан кейін Министірлік үш күндік мерзімде орталық және жергілікті
атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттік органдарға, және де ұлттық
компанияларға жоспардың көрсеткіштерін қайта жібереді.
Екінші кезеңде елдің экономикасының дамуының болжамдық бағаларының
нақты анықталуы және бюджеттік комиссиямен қарастырылғанын ескере отырып,
бөлімдердің түзетілуі жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында бюджеттің құрылуы бюджеттік тапсырыстардың
қосылуына және бюджеттік ұйымдар арасында шектеулі қаражаттың ары қарай
нақты бөлінуіне келіп тоқталуда. Нәтижесінде өз кезегінде төлемсіздік
тізбегін әкелетін, несиелік қарыз тудыратын,”нақты емес” бюджет құрылатын.
Әсіресе, арнайы шоттар мәселесін айта кету керек. Олардың бар болуы тиімді
жоспарлау мәселесін бұзатын: тәжірибеде арнайы шоттар арқылы бір соманы
қабылдау кезінде мемлекеттік органдар қосымша пайда алатын, сөйтіп, олар
коммерциялық іс-әрекетке бағытталған және көбінесе, өздерінің негізгі
функцияларына тиімсіз жұмыс істеген [11].
Сонымен, бюджетті құру процессі мемлекеттің нақты мәселелерін шешуге
көмектеспеді және де ең бастысы қабылдау керек болған шаралардың, және іске
асыруға жататын бағдарламалардың қаржылық қамтамасыз ету сұрақтарын
шешпеді. Бюджетті құру және қабылдау кезінде бағдарламалық приоритеттер
есептелмеген жағдайда, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселесін шешу өте қиын.
Мысалы, осы жылдың бірінші кварталында мемлекеттік бюджеттен әр түрлі
бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 264,9 млрд.теңге шығындалған.
Бұл көрсеткіш жылдың алғашқы үш айында әубастан жоспарланған шығынның
сомасынан 80% аз шаманы құрайды. Айта кететін жайт, бұл жерде тек қана
қажетті, бірақ жоспарланбаған нәрселерге бюджеттік қаражаттың шашылуы
туралы айтылып тұрған жоқ,сонымен қатар облыстық өкілдердің республикалық
бюджеттік комиссия алдында айқай-шумен қорғаған бағдарламаларының
қаржыландырылусыз қалды деген сөз. Қаржы Министрлігігің есебі бойынша
мұндай қаржылық диетадан зардап көргендер отынды-энергетикалық комплекс
және жер қойнауын қолдану (мұнда бірінші кварталда жоспарланған істің тек
жартысы ғана қаржыланд ырылған), ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және
қоршаған ортаны қорғау (60%-дан аз), мәдениет, спорт, туризм және
ақпараттық кеңістік (70%-дан аз) [12].
Көптеген аймақтарда бірінші кварталда өздерінің аймақтық
қаражаттарын дұрыс қолдана алмаған. Бұл жерде көзге түскендер, олар Батыс
Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстары, сонымен қатар Астана және
Алматы қалалары. Бұнымен қатар басқа барлық аймақтарда қазна табысы
бюджетті құрған кезде жоспарланғаннан көп болып шықты. Нәтижесінде, алғашқы
үш ай қортындысы бойынша барлық аймақтарды қоса алғандағы фактілі табыстары
шығындарынан асып түсіп, 22 млрд.теңгені құрады.
Бұл жоспарланбаған миллиардтар ең бастысы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігінің көп штаттарына және оның аймақтық бөлімшелеріне
қарамастан, біздің елімізде сапалы бюджеттік жоспарлаудың жоқ екенін
дәлелдейді.
Жалпы елде 1999 жылдан бастап жоспарлаудың жаңа жұмыстары жүргізіле
басталған. Жаңа әдістер мен процедуралар бюджеттік қаражатты тиімді және
нәтижелі босатуға көңіл аударумен бюджеттік жоспарлау процесіне енгізілді.
Бұл, ең бастысы, қойылған мемлекеттік мақсатқа жету үшін қажетті осы
мақсаттардың табыс көлемімен есебін, жоспарланатын жүйе үшін басты
мақсаттарды шешуге бағытталуын, ресурстардың бір қалыпты концентрациясын,
салық төлеуші қаражаттарының мүмкіншіліктерін және басқа да мемлекеттік
табысты жалпы мемлекеттік бағдарламамен өлшемдеуді талап етеді.
Бюджеттік жоспарлаудың жақсаруына республикада бюджеттік бағдарламалау
әдісінің енгізілуі ықпал етті. Бұл әдіс бағдарлама әкімшіліктері арасында
ресурстарды бөлу, мемлекеттік приоритеттерді басқару мен құру үшін негіз
болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалаудың артықшылығы
құрылатын бюджеттің негіздемелі болуын қамтамасыз ету, бағдарлама
жасалуының нәтижесіне көңіл бөлу; транспарантты ақпаратты қоғамға көрсете
алу мүмкіндігін ашу және есепберудің жоғары болуы болып табылады.
Бюджетті жоспарлау процесіндегі позитивті өзгерістерге қарамастан,
тәжірибеде жаңа нормалардың іске асуы нашар болып келеді [13]. Оның ішінде
негізгілері:
─ республикалық бюджетті құру кезіндегі есептелетін негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштердің толық бағаланбауы;
─ жергілікті бюджеттердің қаржылық міндеттерін жүзеге асыру кезінде
белгілі бір қиыншылықтарға әкелетін, республикалық бюджет пайдасына келетін
салықтық түсімдердің орталықтандырылуы;
─ мақсаттар мен мәселелердің негізделуінің жеткіліксіздігі;
─ жыл бойы республикалық бюджеттік бағдарламаның теңсіз орындалуы,
және керісінше қаржылық жылдың соңында орындалуы;
─ бөлек республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалмауы немесе
толық орындалмауы.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң
негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының
түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына
енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының
түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының
алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады. Тиiстi қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтiнiнде:
- алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң,
шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң,
қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының,
тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi
пайдаланудың) көлемдерi;
- жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi
мөлшерi;
- жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар
көлемi;
- республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк
субвенциялар көлемi;
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi мөлшерi;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша
мiндеттемелердi орындау сомасы;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi;
- Үкiметтiк борыш лимитi болады.
Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекiту туралы жалпы ережелер.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын
Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың
1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi
[14]. Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай
құжаттарды және материалдарды:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмді жоспарын;
2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық
саясатты;
3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен
болжамдық есептердi;
5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттiк және мемлекет
кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректердi;
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында
негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi
оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi.
Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына
дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды
қабылдамаған жағдайда, Қазастан Республикасының Президентi алдағы қаржы
жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы
жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының
Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады. Алдағы қаржы жылының бiрiншi
тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30
желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық
бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде бекiтiледi. Республикалық
қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге
асырылады.
Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық
қаржылық жоспар бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей тиiс. Бұл ретте
аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi
тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекiтiледi.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң
қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы қаржы жылының
бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы
қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Өкiлдi органдардың бюджет жобасын қарауының негізгі принциптерi
Өкiлдi органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай принциптердi
ескереді:
• негiздiлiк принципiн;
• бюджеттiң теңдестiрiмдiлігін сақтау принципiн13.
Негіздiлiк принципi депутаттардың бюджет жобасына
өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы кез келген
ұсыныстары, тиiстi есептердi оларға қоса тiркей отырып, осы
түзетулердi енгiзудiң қажеттiгiн, олардың әлеуметтiк-
экономикалық даму басымдықтарына сәйкестiгiн жазбаша баяндаумен
қатар жүруге тиiс екендiгiн бiлдiредi.
Бюджеттiң теңдестiрiмдiлiгiн сақтау принципi депутаттар бюджет
жобасына кез келген өзгерiс пен толықтыру енгiзген кезде бюджет
тапшылығының мөлшерiн бюджет жобасында белгiленген деңгейден асырмай сақтау
үшiн түсiмдердiң қосымша көздерi не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиiс
екендiгін бiлдiредi [15].
Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде
қарау. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатының жалпы
отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген
адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi әлеуметтiк-
экономикалық даму жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша
баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары
уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса
баяндамаларын қамтиды. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары
жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi
басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы. Алдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi
палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда қаралады.
Талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген адамның
(адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының
орта мерзiмдi жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөнiндегi,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты
жөнiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары
уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса
баяндамаларын қамтиды [16].
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекiту Қазақстан
Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында заң қабылдау
арқылы жүзеге асырылады.

1.3 Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы мемлекеттік
бюджетінің орындалу ерекшеліктері

  Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады.
Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық
және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет
жүйесі үш буыннан – федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен,
федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы
жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация
субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады [17].
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы
өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін
негіз құрайды.
Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-
құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады.
Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды
пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық,
өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік
жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет
жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары [18].
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет
кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік,
толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік,
дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің
дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және
нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен
басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай
бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала
айқындайды.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті
бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын
білдіреді.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 1.1-суретте
ұсынылған.

Сурет 1.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын
жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін
азайту үшін құрылды.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын
ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын
білдіреді [19].
Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және
басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай
қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың
бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық
қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын
іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы
күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31
желтоқсанда аяқталады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті
де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық
деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің
міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті
қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді –
Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде
республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше
мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны
тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың
бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою
туралы Жарлығы болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет
туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық
деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел
хабардар етіледі.
Шоғырландырылған бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың
арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін
мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті
заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда
пайдаланылады.
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
– республикалық бюджет;
– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке
түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.
Республикалық бюджет салық және өзге де түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және республикалық бюджеттік бағдарламалар мен іс-
шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қаражат қорын
білдіреді.
Республикалық бюджеттің қаражаты экономиканы құрылымдық қайта құруды
қаржыландырудың, өндіріс саласындағы перспективалық бағыттарды дамытудың
маңызды көзі болып табылады. Республикалық бюджет өнерді, мәдениетті,
бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мен дамытуда үлкен рөл атқарады.
Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға
беруден немесе оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша
пайыздар және т.б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық
бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
- республикалық бюджеттің кірістері;
- алынған бюджеттік алымдар;
- республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару.
Республикалық бюджеттің кірістері салықтардан (корпоративтік табыс
салығы, қосылған құн салығы және т.б.), алымдардан (автокөлік құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі, консулдық алым) және басқа
да міндетті төлемдерден (әкелінетін және әкетілетін тауарларға салынатын
кедендік баждар, Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке
басын куәландыратын куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж) түсетін
түсімдерден қалыптастырылады. Бұдан басқа, республикалық бюджет капиталмен
жүргізілетін операциялардан түсетін салықтық емес түсімдер мен
кірістердің есебінен толықтырылады.
Республикалық бюджеттің салықтық емес түсімдері мыналар болып
табылады: республикалық меншіктен түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық
үшін алым, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатқанынан түсетін
түсімдер және т.б.
Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің
республикалық меншікте тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан
түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.
Мемлекетте әр түрлі уақытта қандай да бір қажеттіліктерге арнап
жұмсалатын қаражаттың мөлшеріне әсер ететін иелігінде бар қаражатты жұмсау
бойынша әр түрлі басмымдықтардың болуы мүмкін. Мемлекеттің өзінің ақшалай
қаражатты жұмсау жөніндегі басымдықтарын өзгертуі оның фискальдық
саясатында және стратегиялық әлеуметтік-экономикалық жоспарларында көрініс
табады. Осыған байланысты мемлекет не кірістердің жаңа көздерін
іздестіреді, не өзге қажеттіліктерге арналған шығыстарын реттейді
(қысқартады).
Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге
асырылады:
- әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және
әлеуметтік қамтамасыз ету);
- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
- құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;
- өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі;
- агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;
- елдің инфрақұрылымы (көлік және коммуникациялар);
- өзге де бағыттар.
Республикалық бюджеттен сондай-ақ:
- кадрларды қайта даярлау мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды
қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік
мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге;
- Бюджет кодексінде белгіленген бағыттар бойынша бюджеттік
инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа,
қолданбалы ғылыми зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге
жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.
Кез келген бюджеттің тағы бір маңызды құрауышы кірістер мен
шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып
нормативтік-құқықтық акт – Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша
нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар
кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.
Мемлекеттік бюджет:
1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын
айқындайды. Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси
басшылығы мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни
ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға мүмкіндік
береді.
2. Мемлекетке елдегі экономикалық жағдайға әсер етуге мүмкіндік
беретін құрал қызметін атқарады.
3. Бюджеттік ресурстарды басқаруға арналған жүйе қызметін атқарады.
Конституцияға сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша Қазақстан
Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бүкіл
аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына, бюджет үдерісін жүзеге асырудың
бірыңғай рәсімдеріне және т.б. негізделген біртұтас бюджеттік жүйе әрекет
етеді. Сондықтан бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт ҚР
Бюджет кодексі болып табылады.
Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда
тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер
мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған
байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын
ретінде бөлінеді.
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін,
түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды
жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану)
қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің
ақшалай қорын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті
мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен
және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және
саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады.
Оларға мыналар жатады:
- елдің жалпы экономикалық жағдайы;
- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
- жергілікті билік және басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін
реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;
- жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген
құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен
нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін
кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-
теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық
бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар
қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды
ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып
табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет
қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар
бойынша – шамамен 48%-ын алады.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс
істеуінің үш деңгейі бойынша өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу
Бурабай аудандық маслихатының жергілікті басқару құрылымы мен қызметтерін бағалау
НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Салықтар елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету факторы ретінде
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі бюджеттің рөлі
Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Қазақстандағы несие жүйесінің дамуы
Өнеркәсіп салаларын қайта құрудағы мемлекеттік басқару органдарының ролі
Мемлекеттік қарыз проблемасы
Пәндер