Сегменттеу – банктік маркетинг тиімділігін арттыру ретінде


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Сегменттеу - банктік маркетинг тиімділігін арттыру ретінде»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 БАНК НАРЫҒЫН СЕГМЕНТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАНКТІК МАРКЕТИНГ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. 1 Банк нарығын сегменттеу түсінігі және мақсаттары.

1. 2 Банк нарығын сегменттеудің түрлері

1. 3 Банк нарығын сегменттеу негізінде банктік маркетинг тиімділігін арттырудағы атқаратын қызметтер негізі

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК НАРЫҒЫН СЕГМЕНТТЕУ АРҚЫЛЫ БАНКТІК МАРКЕТИНГ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 Банктердің ұсынылатын қызметтері бойынша сегменттеу

2. 2 Банк клиенттерінің топтары бойынша сегменттеу

2. 3 Банктің ең тартымды болып келетін сегменттерін іріктеп алу негізіне банктегі маркетинг жүйесінің тиімділігін арттыру

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК НАРЫҒЫН СЕГМЕНТТЕУ АРҚЫЛЫ БАНКТІК МАРКЕТИНГ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ . . . 51-70

3. 1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығын сегменттеуде туындайтын мәселелерді шешу жолдары . . .

3. 2 Банктік маркетингінің дамуындағы жаңа тендециялар . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76

Библиография . . . 78

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Заңды тұлғаларға салынатын салықтар заңды тұлға болып табылатын кәсіпорындар, өнеркәсіптер, корпоративтер және тағы басқа ұйымдар мен мекемелердің салық салынатын объектілері және салық салуға байланысты объектілергет салынатын салықты айтамыз. Бұл салықтың экономикадағы алатын орны мен мәнін көру үшін ең алғашқыда заңды тұлға болып табылатын ұйымдар мен мекемелердің маңызын ұғынуымыз керек.

Салықтық бақылауды мемлекеттік бақылаудың арнайы түрі мемлекеттік қаржылық бақылаудың ерекше бір түрі деп түсіндіруге болады. Сонымен бірге ол салықтық қызметтің және салық салу саласындағы мемлекеттік басқарудың құрамында да тұрақты көрініс табады.

Салықтық бақылау: салық заңдарының бұзылуы жөніндегі деректерді айқындау; салықтық құқықтық қатынасқа қатысушының өз міндеттерін жеткіліксіз орындағаны туралы деректерді айқындау; кінәлілерді табу және оларды белгіленген заңды жауапкершілікке тарту; салық заңдарының бұзылуын (орындалмауын немесе сапасыз орындалуын) жою; салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу түріндегі шараны қолдану арқылы мемлекеттің материалдық мүддесін қорғау; салық заңдарының бұзылуын болдырмау тәрізді мақсаттарды көздейді.

Салықтық бақылау әрқашанда тексеру немесе тексеру мақсатында қадағалау болғандықтан: ақпараттар жинау; ақпараттарды бағалау; жиналған ақпараттар бойынша іс- қимылдар атқару кезеңдері арқылы жүзеге асырылады. Ал салықтық тексерудің өзіне тән кезеңдеріне: тексеруге дайындалу; тексеруді жүргізу; тексеру нәтижелерін жазбаша түрде белгілі бір тәртіпке келтіру; салық заңдарын бұзу көрініс тапқан жағдайда оны жою жөніндегі бұйрық- талаптың атқарылуына бақылау жүргізу жатады.

Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген тақырыптың ғылыми және іс-тәжірибелік маңыздылығы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.

Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорын қызметінідегі салықтық бақылауды анықтап, кәсіпорын қызметінідегі қаржылық көрсеткіштердің қалыптасуына салықтардың ықпалының экономикалық категориясы ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салық салуды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- Кәсіпорынның салық төлеуіне бақылау жасаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу;

- «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ корпоративтік және жеке табыс салықтарының төленуін талдау;

- «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мүлік, жер және көлік құралдарына салықтарының төленуін талдау;

- Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында салықтық бақылаудың даму перспективаларын зерттеу;

- ҚР салық қызметіндегі салық бақылауды жетілдіру мен тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар жасау және оларды негіздеу.

Зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасындағы салықтық қатынастар мен салықтық бақылауды заңдық негіздеріне сүйене отырып, кәсіпорындарда салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқару жүйесін зерттеу. Осыған орай, Қазақстан Республикасы және Атырау облысы бойынша салық салуды басқаруды ұйымдастыру және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ қызметін зерттеу объектісі ретінде алынған.

Зерттеу пәні - кәсіпорын қызметінідегі қаржылық көрсеткіштердің қалыптасуына төте салықтардың ықпалының мазмұны болып табылады.

Зерттеудің әдістемесі негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Салық Кодексі, Азаматтық Кодекс тағы басқа заңдар мен нормативтік құқықтық актілер (оларға түсіндірмелер) мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.

Дипломда Қазақстан Республикасы Салық комитетінің нормативтік құжаттары мен инструктивтік материалдар, сонымен қатар ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Зерттеу барысында жүйелік талдау, жинақтау, топтау, салыстыру, монографиялық және тағы басқа экономика-математикалық әдістер пайдаланылған.

Диплом жұмысын зерттеудің ақпараттық базасы Қазақстан Республикасы Салық комитетінің 2010 жылғы есебі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Ережесі Қазақстан Республикасының салықтық қызметі туралы жаршысы 2010 жыл, Қазақстан және оның аймағы 2007-2009 жылдар аралығы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2010 жыл және тағы да басқа.

Алға қойылған мақсаттарға жету барысында жылдық, тоқсандық есептіліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.

Диплом кәсіпорынға салық салуды басқару қызметі мәселесі және оның тиімділігін арттыру бойынша зерттелген жұмыстардың алғашқыларының бірі. Жұмыста кәсіпорынға салық салуды басқаруды ұйымдастырудың қазіргі іс жүзіндегі барысы жан-жақты ғылыми жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен жетіспеушіліктері айқындалған.

Зерттеу жұмысының пәні мен объектілері. Зерттеу жұмысының пәні нарықтық жағдайда кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқару жүйесіндегі мемлекет пен меншік иелері арасында салық қатынастарын зерттеу болып табылады. Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларға салынатын салық жүйесі саналады.

Зерттеу болжамы - экономикалық-әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жолындағы кәсіпорындағы салықтық бақылауды талдау еліміздің тарихи және рухани даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі қаржылық мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген болжамға негізделген.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Экономикалық дамудың қазіргі талаптарына сай қолданыстағы кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқару қажеттігін негіздеу, осы салықты енгізудің ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне, бюджет кірісін қалыптастыруға және азаматтардың әл-ауқаты деңгейіне әсерін зерттеу және жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.

Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып мыналар саналады:

- Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқару анықтамасына ғылыми негізделген тұжырым берілді;

- кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқарудың әлемдік тәжірибесін сараптай отырып, «жылжымайтын мүлікке» салынатын салықтың жетістіктері мен артықшылықтарының негізінде, оны ҚР-на енгізу қажеттілігінің негізгі және дәлелді белгілері анықталды;

- нарықтық қатынастарға өту кезеңінен бастап еліміздегі кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқару анықталып, оның жергілікті бюджетті қалыптастырудың көзі ретінде басымды ерекшеліктері айқындалды;

- салықтық ауыртпалықты салық төлеушілер арасында тең бөлудің ұстамдарына және нарықтық бағаға негізделген жылжымайтын мүлікке салынатын салықты енгізудің негізгі алғышарттары мен қажеттілігі ғылыми тұрғыдан негізделінді;

- кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқарудың нақты нәтижелердің сипаттамасы анықталды.

Қорғауға шығарылған негізгі ұсыныстар:

1. кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқарудың теориялық және әдістемелік негізін зерттеудің нәтижесінде заңыды тұлғаларға салынатын салықтардың рөлі мен маңызына талдау жүргізіліп, мүлік салығының объективті қажеттілігі теориялық тұрғыдан негізделді;

2. Қазіргі уақыттағы кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқаруды жүйесін талдау арқылы заңды тұлғаларға салынатын салықтардың механизмі мен заңдық базасындағы кемшіліктері анықталды;

3. Қазақстан Республикасында кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқаруды енгізудің негізгі белгілері мен алғышарттары анықталды;

4. Нарықтық қатынастар жағдайында республикадағы кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқарудың қолданыстағы жүйесін салынатын салыққа ауыстырудың артықшылықтары мен тиімділігі анықталды.

Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Дипломда берілген ұсыныстар мен қорытындылар жеке тұлғаларға салынатын салық жүйесін жетілдіру бойынша тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған.

Зерттеу нәтижелерiн салық комитеттері жеке тұлғаларға салынатын салық жүйесін жетілдіруде пайдалана алады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.

Практикалық маңызы - дипломдық жұмыстағы ұсыныстарды, қорытындылар мен тұжырымдарды кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқаруды оңтайландырудың басым бағыттарын айқындаудағы және қалыптасу үрдісіндегі қаржылық саясат үлгісін жетілдіруде үкіметтік құжаттар мен актілерді жасау үшін, үкіметтің қаржылық саясатты жетілдіру бағытындағы іс-шаралары мен бағдарламаларын іске асыру үшін, билік, саяси институттар, азаматтық ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастық пен байланысты реттеуде кеңінен пайдалануға болады. Дипломдық жұмыс материалдарын Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында теориялық және қолданбалы саясаттану бойынша дәріс материалдарына немесе арнаулы курстар жасау үшін қолдануға болады.

Практикалық базасы Қазақстан Республикасындағы қаржылық саясаттың даму бағыттарының теориялық тұрғыдан дәйектелуіне ұмтылыс жасалуында. Дипломдық жұмыстағы Қазақстанның кәсіпорындағы салықтық бақылауды ұйымдастыру және басқаруды талдау нәтижелері мен қорытындыларын мемлекеттік бюджет жүйесін реттеуде, мемлекеттік билік органдарының рөлі мен орнын анықтауда саясаттану, әлеуметтану, заң ғылымдары мен экономика ғылымдарының қажетті салаларында пайдалануға болады.

Дипломның құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс компьютерде терілген 83 бетте (оның ішінде 20 кесте, 8 сурет, 4 қосымшада баяндалған, ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.

1 БАНК НАРЫҒЫН СЕГМЕНТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАНКТІК МАРКЕТИНГ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. 1 Банк нарығын сегменттеу түсінігі және мақсаттары

Нарықты нақтырақ талдау үшін оны сегменттеудің маңызы зор, бұл өз мүмкіндіктерімен салыстырғанда артықшылықтарын анықтау үшін банк өзіне қолайлы нарық сегментін іздеп табады дегенді білдіреді. Бұдан соң банк банктың аса көңілін тартатын нақты тұтынушылар тобын анықтайды, және соларға қатысты қарқынды зерттеулер жүргізеді және қызметтер көрсету ілгерілетеді.

Банк нарығын сегменттеу - әртекті нарықты бұдан да ұсақ, біртекті сегменттерге бөлу, сөйтіп, мүддесі мен қажеттіктері бірдей клиенттер тобын бөліп қарау.

Сегменттеу -сипаттамалары ұқсас біртекті нарықтық топтарды бөліп қарау процесі.

Банктік маркетинг тәжірибесінде сегменттеудің үш түрі қолданылады:

а) банк қызметін ұсыну сипаты бойынша сегменттеу (несиелік, операциялық, инвестициялық және т. б. ) ;

б) клиенттер бойынша сегменттеу (заңды және жеке тұлғалар, корпорациялар, корреспондент банктер, мемлекеттік органдар) ;

в) бірнеше айнамалылар бойынша сегменттеу (а, б)

Банк маркетингісі - бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.

Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр мемены маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді өткізетін сатушыға айналуы қажет.

Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға, және осы базада банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттердң тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.

Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: коммерциялық банктер салымшылардың қаражатын тартуға тартуға күрделі емес, сонымен қатар олар таратылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т. б. несиелеу арқылы белсенді пайдалануға да мүдделік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі: біріншісі - банкке клиентті салымшы ретінде тарту; екіншісі - банк үшін ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын бағыттау.

Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға - табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұтымды пайдалануға бағытталады.

Бүгінгі маркетинг - бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жұмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.

Банктер ең алдымен өз қніміне емес, клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүге - шегесіне дейін зерделеп, клиенттердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете бәлу керек.

Банктің маркетингілік қызметін жүзеге асыруға қажетті жалпы принциптері мынадай:

  1. Нақты нарықтық мақсатқа - барлық банк жұмыскерлерінің қозғалыстағы еңбек мотивіне қол жеткізу.
  2. Маркетинг - бұл кешенді міндеті бар жүйе (жоспарлау, талдау, реттеу және бақылау) .
  3. Маркетингті ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңге де және бір-бірімен өзара байланыстырып жоспарлау.
  4. Маркетингі нақты іс жүзіне асырудың негізіне қабылданған маркетингілік ишешімдерді тұрақты түрде бақылау жатады.
  5. Маркетингтің сәтті болуы әрбір жұмыскердің бастамасын және белсенділігін тұрақты түрде ынталандырып, олардың біліктілігін арттырып отыруға байланысты.
  6. Маркетингі ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастырғанда ғана сәтті жүзеге асыруға болады.

Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары:

  1. Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.
  2. Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.
  3. Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.
  4. Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.

Әлеуметтік фактордың рөлі артқан бүгінгі жағдайда маркетинг банк жұмыскерінің жаңашыл ойын және мақсатты бағыты бар әлеуметтік саясатты нақты нақты техникалық әдістермен ұштастыратын құрал ретінде түсіндірілетін болады.

Жаңа тәсілдеменің негізінде «Барлығы клиент үшін» дейтін принцип жатыр. Банк клиенттің айтылған пайданы алуына жауапты. Басымдықтардың ішінде: ең алдымен - клиент пайдасы, содан кейін - банк мүддесі. Клиентке бағдарлану - жетістікке жеткізетін басты фактор.

Банктегі маркетингтің негізгі міндеттері:

  1. Қаржы нарығында орын алып жататын ұдайы өзгерістер жағдайында банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
  2. Көрсетілетін қызметтің ауқымы, құрылымы және сапасы бойынша клиенттің талап-тілегін барынша қанағаттандыру арқылы онымен тұрақты қатынасты қалыптастыру.
  3. Банктің коммерциялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік проблемаларын олардың кешенінде және өзара байланыстырып шешу.
  4. Несиегерлермен әрі салымшылармен ынтымақтастық құрудың және банк имиджін жасаудың маңызды шарты ретінде банк өтімділігін қамтамасыз ету.

Бұл міндеттер сәтті шешімін табатын болса банктің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарады.

Маркетингілік қызметті ұйымдастырудың негізгі элементтері:

  1. Нарықтың жағдайын және оның даму келешегін кешенді түрде зерделеу арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерге сатып алушының әлеуетті сұранысын жедел әрі шынайы анықтау.
  2. Өнімнің жаңа үлгілерін жасау бойынша ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ тұтынушылардың көптеген талап-тілегін қанағаттандыратын тиісті қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру.
  3. Өндірісті және қаржыландыруды үйлестіру әрі жоспарлау.
  4. Өнімді өткізудің және бөлудің оңтайлы жүйелерін құру әрі жетілдіру.
  5. Барлық қызметті өткізуді ұлғайту шараларының аясында өзгерген жағдайларға сәйкес жүйелі түрде реттеу әрі түзету.

Маркетингінің құрамдық элементтері мен әр түрлі шараларында оның бірнеше түрі болады.

Банк маркетингісінің тәсілдері:

  • Клиенттермен тіл табысу;
  • Акционерлерге дивиденттерді және пайдалы қызметті қамтамасыз ету;
  • Өзге несиелік және банктік емес мекемелердің өнімдерімен салыстырғанда банк қызметін падалану барысында клиенттерге артықшылықтар тудырады;
  • Банк жұмыскерін қызмет көрсетулерді өткізуге материалдық тұрғыдан мүдделі етіп қою.

Клиентпен тіл табысу аясында банк маркетингісі белсенді маркетингке айналады.

Белсенді банк маркетингісі мыналарды:

  • Тікелей маркетингті, яғни, поштаны, телефонды және теледидарды пайдаланатын белсенді жарнаманы;
  • Халықтың арасында, оның ішінде, көшеде сауалдама жүргізуді;
  • Әлеуетті клиентпен жеке тіл табысуды, оның қажеттілігін зерделеуді, оның ішінде, оның қажеттілігін банк жұмысының процесінде зерделеуді;
  • Жекелеген маркетингілік проблеманы талқылау үшін банк ұйымдастыратын пікірталас клубына ұқсас клубты білдіретін «фокус-групп» құруды қамтиды.

Бәсең маркетинг -банктің қызметі мен жағдайы, оның қызмет пайдасы туралы материалдардың баспасөзде жариялануы. Нарықтағы өз орнын нығайтқысы келетін банктер маркетингтің осы екі тәсілін пайдалануы керек.

Қазіргі заманғы банк іс-тәжірибесінде, әсіресе клиентке дербес қызмет көрсетуге айрықша көңіл бөлінеді. Тікелей маркетинг бағдарламасының негізгі мақсатына бұл келешегі зор, яғни, перспективалық клиентке көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беріп қана қоймай, оны дереу әрекетке жетелеу жатады.

Коммерциялық банктер өз өнімдерін нарықта жылжытудың жаңа әдістерін әзірледі. Сатуға қолайлы жағдай тудыру бойынша бағдарламаның қаншалықты сәтті жүзеге асырылғанын бағалауда бірқатар жалпылама көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен, бұл дербес банк бөлімшесінің қызметкерлерін қамтитын «пайда орталығының» банкте болуы.

Банк маркетингісінің құрамдық бөліктері:

  1. Нарықты тануға қажетті ақпараттарды алу (жинау) ;
  2. Тауарларды зерделеу және оның бағаларын анықтау (тауар-баға) ;
  3. Көрсетілетін қызметтерді өткізуді ұйымдастыру.

Ақпаратты алу (жинау) мақсатына коммерциялық банктің нақты әрі әлеуетті нарығын анықтау, оның қажеттіліктері мен алдан күткендерін зерделеу жатады. Нарық сипаттамасы үшін банкке тиесілі жалпы үлес, оның ішінде, қағазлар мен депозиттердің үлесі және жекелеген қызмет көрсету түрлері нарығының үлесі анықталады әрі коммерциялық банк нарығы өзге де бәсекелесуші бір тұрпаттағы несие мекемелерінің нарығымен салыстырылады.

Банктік қызмет көрсету нарығын және оның әлеуетті тұтынушыларын зерделеу үшін банктер тұрпаттандыру және сегменттеу секілді өнеркәсіп маркетингісінің дәстүрлі тәсілдерін пайдаланады.

Тұрпаттандыру тұтынушылардың тобын әлеуметтік сипаттамаларына қарай, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және демографиялық факторлар бойынша анықтауды ұйғарады. Тұрпаттандырудың құралы ретінде сараланған табыс және тұтыну балансысының талдауы, жинақтамалық зерттеуі пайдаланылады.

Нарықтық сегменттеу нарықты тұтынушылар сұранысының өзіндік ерекшелігімен де, ұсыныстың өзіндік ерекшелігімен де сипатталатын жекелеген учаскілерге бөлуді ұйғарады.

Сегменттеудегі мақсат - жекелеген тұтынушы тобының көрсетілетін нақты қызмет түріне қатынасын анықтау. Банктер нарықты сегменттерге бөлу арқылы көрсетілетін қызметке өатысты ұсынысты тұтынушыларға және әлеуетті нарықтарға сәйкес реттеуге әрі ұзақ мерзімді нарықтық стратегияны әзірлеуге мүмкіндік алады.

Нарықты сегменттеу - банктің қызмет көрсетудің үлкен іс-тәжірибесін және білімін қажет ететін күрделі әрі еңбек сыйымдылығы бар процесс. Сегменттеудегі мақсат - қандай да бір тұтынушылардың тобын белгілі бір нарыққа бөліп қана қоймай, сонымен бірге, банктің осы қызмет түріне әр түрлі талап қоя алатын тұтынушылар мен пайдаланушыларды іздеп табу.

Нарықты сегменттеудің негізіне банктік қызмет көрсету сипаты (несиелік, операциялық, инвестициялық), клиентуралық белгі (заңды және жеке тұлғалар, корпорация, үкімет) жатады.

Кәсіпорын нарығын сегменттеу барысында кәсіпорының ауқымы, қызмет саласы, онда жұмыс істейтін жұмысшылардың саны, басшының деңгейі және сұраныс сипаты ескеріледі.

Демографиялық сегменттеу жеке тұлғалар нарығымен байланысты. Бұл сегменттеу халықты әлеуметтік-кәсіби жағынан (жұмысшыларға, қызметкерлерге, еркін кәсіп иелеріне, дәрігерлерге, сәулетшілерге, заңгерлерге және жеке тұлғаларға) бөлуге, сондай-ақ жасына, жынысына, отбасы жағдайына, табысына, білім деңгейіне қарай бөлуге негізделеді.

Демографиялық сегменттеудің құнды қағаздар нарығын дамытуда маңызы зор, өйткені, бұл жағдайдағы коммерциялық банктің негізгі салымшыларына халық жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк клиентіне жылдық
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары
Банкттердің инновациялық маркетингтің қызметі
Банктік өнім жарнамасы
Банк жүйесіндегі маркетингтік басқарудың теориялық негіздері
Банк маркетингісі туралы
Банк қызметінің жобалауын басқару
Қазақстандық банктердің маркетингтік стратегияларының бәсекелестігі
Алматы қаласындағы "Алтын Кредит Банк" АҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz