Қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқару


ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
5В050900 Қаржы мамандығы бойынша
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК СЕНІМДІЛІГІННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7-49
1. 1 Қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банктердің сенімгерлік операцияларының түсігі және мазмұны . . . 7
1. 2 Банктердің сенімгерлік операцияның түрлері . . . 17
1. 3 Банктердің заңды және жеке тұлғаларға сенімгерлік қызметін көрсету . . . 24
2 «НҰРБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ . . . 29-50
2. 1 «Нұрбанк» АҚ нарықты экономика жағдайында көрсететін қызметтері және қаржылық жағдайын талдау . . . 29
2. 2 «Нұрбанк» АҚ сенімділігін басқару тетігін талдау . . . 40
2. 3 «Нұрбанк» АҚ сенімділігін бағалау . . . 43
2. 4 «Нұрбанк» АҚ сенімгерлік операциялар сейфтік қызметі ретіндегі қызметін талдау . . . 45
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК СЕНІМДІЛІГІН ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ . . . 51
3. 1 Қазақстандағы Республикасындағы коммерциялық банктер қызметіндегі сенімділікті түзілдіру стратегиясы . . . 51
3. 2 Қазақстандағы Республикасындағы коммерциялық банктер сенімділігін оңтайландырудағы проблемалар . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқару мәселесі ерекше формада банктің ақша капиталын жтинақтау және өндіріске жұмылдыру функциясын орындайды. Сенімгерлік операцияларын пайдалану банк капиталын қаржылық емес капиталмен тұтасқанын бүркеп көрсетпеуге мүмкіндік береді, өйткені банктер өздеріне сеніп тапсырылған капиталды ірі компания мен копорациялардың акциясы мен облигациясына салады. Бұл операциялар банкке корпорацияларға бақылау жасауға рұқсат етеді, өйткені бағалы қағаздарды сенімді басқаруға алу деген сөз осы бағалы қағаздарға қатысты кіріс алу құқығынан басқа негізгі құқықтарды беру дегенді білдіреді. Бірақ сонымен қатар траст арқылы бір компанияның акциясын иелену банк үшін бақылауға ұмтылумен ғана емес, үлкен тәуекелге барумен де байланысқан.
Сенімгерлік операциялары әлеуметтік жауапкершілікті көздейді, сондықтан олар мемлекеттің бақылауында болады, заң шығарушы және атқарушы билік бұл операцияларды реттеп отырады.
Сенімгерлік бөлімдер өзінің қызметімен банкке қосымша табыс әкеледі. Сенімгерлік қызметтерді көрсеткені үшін банктер пайыздық ұқсастық болып табылмайтын комиссиялық сыйақы алады. Дәстүрлі банктік және сенімгерлік операциялар арасындағы негізгі айырмашылық осы болып табылады.
Бәрімізге белгілі, Қазақстанда 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы қорынан басқа мемлекеттік емес зейнетақы қорлары құрыла бастады. Сондықтан коммерциялық банктерді сенімгерлік қызметтердің даму келешегінің көбеюіне әкелді. Одан да басқа Қазақстандық банкирлер клиенттердің активтерін басқаруға байланысты басқалай операцияларды да қолына алуы мүмкін
Банктің есеп саясатында сенімгерлік бөлімше сенімгерлік активтерін сақтау үшін жауапкершілікті өз мойына алады, олар банк активтері болып табылмайды және сол ретте банктің қаржылық есептілігіне енгізілмейді. Әдетте, трастаң бөлек қолма - қол шоттары талап етілгенге дейінгі депозит және мерзімді депозит түрінде банкке салынады. Сенімгерлік қызмет үшін сыйақыға жататын табыстар мен шығындар банк табысында танылып және есепке алу негізінде жазылады. Есептегі сенімгерлік қызмет шартты міндеттемелер ретінде қарастырылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты Қазақстанда коммерциялық банктер қызметіндегі сенімгерлік операциялардың даму проблемалары негізінде оларды қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- ақша-несие қатынастары жүесіндегі «сенімгерлік» экономикалық категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
- Банк сенімгерлік операцияларының жіктелуін қарастыру;
- халық қолындағы салымдарды қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқару бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
- коммерциялық банктер қызметіндегі сенімгерлік операциялардың даму негізін нақтылау;
- «Нұрбанк» АҚ қызметіндегі сенімгерлік операцияларды талдау жасай отырып, оны жетілдіру жолдарын анықтап беру.
- коммерциялық банктің тұрақтылығын күшейту мақсатында оның қызметіндегі сенімгерлік операциялардың даму проблемаларын оңтайландырудың перспективалы бағыттарды анықтау;
- қазақстандық коммерциялық банктер қызметіндегі сенімгерлік операциялардың даму проблемаларының стратегиялық басымдығын негіздеу.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Осы жұмыстың ғылыми аспектілері отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарын зерттеу, талдау және қайта ой-елегінен өткізу негізінде қалыптасқан.
Зерттеу пәніне - Қаржы нарығының және қаржы қызметінің салалас бөлігі коммерциялық банктер қызметіндегі сенімгерлік операциялардың даму үдерісі жатады.
Зерттеу объектісіне - ҚР-ғы коммерциялық банктердің және «Нұр банк» АҚ мәліметтері негізінде сенімгерлік операциясын басқару қызметтері жатады.
Зерттеу болжамы - экономикалық-әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жолындағы қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және бағалауды жүзеге асырудың қазіргі заманғы қағидалары еліміздің алға қарай даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі қаржылық мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген болжамға негізделген. Біздің ойымызша Қазақстан үшін Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Норвегия сияқты экономикасы табиғи байлыққа (мұнайға) негізделген елдердің тиімді жүзеге асырып отырған салымшыларының мүдделерін қорғау тәжірибесін ескерген дұрыс болар еді.
Ғылыми әдебиеттерде осы тақырыпқа байланысты көптеген жарияланымдарды кездестіруге болады. қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқарудың теориясы және тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Г. Марковиц, Дж. Тобин, У. Шарп, Ф. Модильян, М. Миллер, М. Дженсен, У. Меклинг, А. Смит, Дж. М. Кейнс, П. Роуз, Э. Рид, Р. Коттер, Э. Гилл, Р. Смит, Т. Кох, Б. Улиямс, Дж. Неман, О. Моргенштейн, А. Чендлер, И. Ансофф, К. Эндрюс, Г. Клейнер, А. Мовсесян, И. Хоминич, П. Диетерин, А. Фурнье, С. Липп, Дж. Мак Колл, А. Куракие, Р. Сомерс және өзгелер.
Қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқару ақша-несие жуйесінің құрамдас бөлігі ретінде ресейлік ғалымдардың: И. В. Ларионова, О. И. Лаврушин, В. М. Усоскин, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробова, М. А. Поморина, Ю. С. Масленченков, Н. Е. Егорова, И. Т. Балабанов, И. А. Бланк, Е. С. Стоянова, В. В. Ковалев, В. И. Колесников, О. М. Марков, Е. Ф. Жуков, Э. А. Уткин, Е. Б. Ширинская, О. В. Ефимова, В. В. Ковалев және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазақстанның қазіргі экономикалық даму жағдайында қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқаруың теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: Ғ. С. Сейітқасымов, О. Б. Баймұратов, Н. К. Кучукова, Ш. Р. Әбділманова, К. Ш. Дүйсенбаев, А. Б. Зейнелғабдин, Ұ. М. Искаков, Р. Е. Елемесов, С. Ж. Интыкбаева, С. С. Арыстанбаева, Н. Н. Хамитов, З. Д. Искакова, Ә. Д. Шелекбай, Г. Т. Абдрахманова, А. А. Мусина және т. б. еңбектерінде кездеседі.
Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің мәліметтері, Қазақстан статистикалық басқармасының мәліметтері осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады. Осы жұмыста монографиялық зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - Зерттеу негіздерін ведомстволық, нормативтік, сонымен бірге ҚР статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық материалдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құжаттары, күрделі салымдар аясындағы ұйымдардың құжаттары, отандық және шетелдік монографияларда жарияланған ғылыми материалдар, әлеуметтік зерттеулер, мемлекеттік үкімет органдарының заңнамалық және нормативтік актілері және басқа да анықтамалық және инструктивтік материалдар құрады. Зерттеу барысында жүйелік-құрылымдық, жүйелік функционалдық, факторлық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу салыстыру әдістерін қолданумен және сараптаушылық бағалауды ескерумен жүйелік және факторлық талдау қағидаларымен жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:
- бәсекеге қабілеттіліктің базалық тұжырымдамаларын жүйелік жалпылау негізінде Қазақстанда қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқару әдістемелік көзқарастары айқындалды;
- қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқарудың тиімді пайдаланудың айрықша индикаторларын негіздеу арқылы бәсекеге қабілеттілік қағидалары нақтыланды;
- салалық және аймақтық факторлардың өзара байланысындағы әртүрлі ресурстық ағымдардың қозғалыстарының ерекшеліктерін бағалай отырып қазақстандық экономикадағы қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқаруды ұйымдастыру-экономикалық параметрлері жалпыланды;
- экономиканың дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі айрықша реттегіштерді көрсете отырып экономиканың нақты секторындағы коммерциялық банктер қызметіндегі сенімгерлік операциялардың дамытуды белсенділікке баға берілді;
- дағдарысқа қарсы шараларды бағалау арқылы коммерциялық банктер қызметіндегі сенімгерлік операциялардың даму проблемаларын оңтайландыру тетігін жасау.
Практикалық маңызы - Қазақстанда қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқару бойынша автордың ұсынған ұсыныстары әртүрлі шаруашылық құрылымдарының тәжірибелік қызметінде пайдаланылуы мүмкін. Нәтижелерді пайдалану ұлттық экономикадағы банк салымдарын ұйымдастыру әдістерінің нысандарын оңтайландыруға әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, жұмыстың нәтижелерін осы мәселе бойынша ғылыми зерттеулерді одан әрі қарай жетілдіру үшін ғылыми қызметкерлер пайдалануы және «Банк ісі» мен «Банктік менеджмент» курстарын оқыту бағдарламаларында қолданылуы мүмкін.
Практикалық базасы банк салымдары мәселелері жөніндегі теориялық зерттеулерді іс-тәжірибеге жеткізуге, деректердің сәйкес электрондық базасымен нығайтылған қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқару туралы толық бағалы стратегиясын дайындаудан тұрады. Зерттеу нәтижелері, диплом бойынша қорытынды мен ұсыныстар экономикалық дамуды тұрақты арттыру, экономиканың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындаған кезде пайдаланылды.
Диломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.
Диломдық жұмыс көлемі. Диломдық жұмыс компьютерде терілген 72 бетте, оның ішінде 5 кесте, 9 сурет, 5 қосымшада баяндалған.
1 ҚАРЖЫ ДАҒДАРЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК СЕНІМДІЛІГІННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банктердің сенімгерлік операцияларының түсігі және мазмұны
Қаржы дағдарысы сияқты ақша айналысы дағдарысының да ғылыми әдебиеттерде біріңғай түсіндірмесі жоқ. Көптеген шетелдік ғалымдар бұл мәселе жөнінде басқа көзқарас ұстанады. Олардың көпшілігі ақша айналысы дағдарысын қаржы дағдарысымен қатар қойып, бір-бірін алмастыра алады деген пікірді айтады. Валюта тұрақсыздығын олар былайша сәйкестендіреді [1] .
Қаржылық дағдарыс - бұл елдегі тауарларды өндірудің азаюына, жұмыссыздықтың өсуіне, халықтың жай-күйінің нашарлауына, ақшаның құнсыздануына әкелетін өткір де шұғыл өзгеріс, қаржылық-экономикалық өмірдің бұзылуы.
Коммерциялық банктердің траст сенімді операциялары көңіл қоюды талап етеді, өйткені олар банк ісінедегі және банктердің өнеркәсіппен, экономиканың басқа да салаларымен байланысында үлкен рөл атқарады. Сенімгерлік операциялары өнеркәсіптік компания акцияларының ірі (кейде бақылау) топтамасына билік етуге рұқсат бердеді.
Ссудаға берілген ақшаның қайтарылуын қамтамасыз етуіне арналған мүлік кепілі принципінің туындауы ерте заманнан бастау алған. «Сенімді меншік» немесе «траст» тұжырымдамасы әдеттегі құқық дамуының ерте сатыларында пайда болды. Бірақ, «корпоративтік кепілдер» немесе «траст құру туралы келісім» түсініктері жақын арада пайда болды. Алғаш реет бұл құқық институты АҚШ тәжірибесіне 1830 жылдары енді, бірақ 19 ғасырдың соңына дейін жиі пайдаланылған жоқ.
Траст ісі ағылшын-саксон елдеріндегі азаматтық құқықта болған бірқатар ерекше институттардың негізінде АҚШ-та пайда болып дамыған. Жалпы сенімділік бойынша операцияларды кез келген жеке адам, ұйым немесе корпорациялар, және коммерциялық банктердің траст бөлімдері де жүзеге асыра алады. Бастапқыда АҚШ-та сенімгерлік операцияларын жекелеген адамдар мен сақтандыру компаниялары жүзеге асырған. Штат банктері мен ұлттық банктер бұған кейіннен қосылған. 19 ғасырдың соңында траст ісін коммерциялық банктер өз қолына шоғырландырып алды. Қазіргі заманғы жағдайда сенімді тұлға заңдық фирма немесе жеке адам болғанымен, операцияларды агент ретінде әрекет етуші банк жүргізеді [1] .
Батыс елдерде соңғы 20-30 жыл ішінде болып жатқан белгілі бір әлеуметтік және экономикалық өзгерістер траст ісінің біраз өскенін және оның ең бай топтар арасында ғана емес, орта және шағын кәсіпкерлік тобына, зиялылар мен чиновниктер тобына да таралғанын көрсетеді. Сенімгерлік қызметіндегі «актив» және «міндеттеме» терминдері әр түрлі болып анықталады. «Активтер» басқа тұлғалардың меншігін білдіреді, ал «міндеттемелер» шоттар типтерін бөлу кезінде, қолма - қол, негізгі қарыз немесе табыс ретінде активтер класының бір бөлігі болып табылады.
Шетелдік тәжірибеде сенімгерлік операциялары деп клиенттің мүлкін басқару және оның тапсырмасы мен мүддесі үшін өзге де қызметтерді сенімді өкіл құқында орындау жөніндегі банктердің немесе қаржы институттарының операциясын атайды.
Отандық әдебиетте траст деп меншікке билік етудің ерекше формасын атайды, бұл траст басқарылуына берілетін мүлікке құқығын, осы басқару нәтижесінде алынған пайданы бөлуге құқығын көрсетеді, және траст құрылтайшысы, сенімді меншік иесі (билік етуші) және бенефициар арасындағы қатынастар болып келеді.
Траст құрылтайшысы - траст негізін қалаған және/немесе оған белгілі бір мүлікті Берген жеке немесе заңды тұлға болады.
Трастқа билік етушілер - осы мүлікті басқару үшін құрылтайшы тағайындаған адам. Мүлік ретінде жылжитын және жылжымайтын мүлік қана емес, ақша қаражаты, бағалы металдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Бұл табысты жобаға одан әрі инвестициялау мақсатында ұсақ салымдардың көптеген санын шоғырландыруға рұқсат етеді. Трастқа билік етушінің міндеттері мен құқықтары заңнамада және траст келісім-шартында көрсетіледі [2] .
Траст құру туралы келісім-шарт кімнің пайдасына жасасылған болса, сол адамды бенефициар деп атайды. Бұл үшінші жақ та болуы мүмкін, трастаны құрған құрылтайшы адамның өзі де болуы мүмкін.
Сенімді операциялардың мәні - пайда табу үшін қаражатты оның иелері атынан және солардың тапсырмасымен инвестициялау үшін клиенттердің банктерге өз мүлкін (меншік құқығын бермей) ұсынуы болады, сол пайдадан банктер комиссия ретінде белгілі бір төлемақы ұстайды.
Банктердің көбі өз клиенттеріне олардың болашақта ынтымақтасуының негізгі ережелерін белгілейтін келісім-шартты алдын ала жасасуды ұсынады. Бұл келісім-шартқа сәйкес банк пен клиенттің іскерлік өзара қатынастары өзара сенімге құрылады. Банк клиенттің нұсқауларын орындау жөніндегі өз қызметтер көрсетуін клиентке ресми түрде ұсынады және клиентке банк қызметкерлерінің құзыреттілігі мен жоғары кәсіби шеберлігі жөнінен өзіне сүйенуіне болатынына сөз береді. Өкілдіктің барлық құқықтары немесе ақша қаражатына, бағалы қағаздарға және басқа да құндылықтарға билік ету клиенттен бұларды тоқтату немесе бұзу туралы арнаулы жазбаша нұсқау түскенше күшінде болады.
Әлемдік банктер тәжірибесінде коммерциялық банктер өз клиенттеріне көрсететін комиссиялық-делдалдық қызметтің бір түрі ретіндегі сенімгерлік операцияларының пайда б олуы және олардың тез дамуы бірқатар себептерге байланысты, бұлар [3] :
Біріншіден, бұл банк өтімділігінің және банктің дәстүрлі ссудалық операцияларының кірісі төмендеуінің проблемасы, сондай-ақ, өтімділіктің қолайлы деңгейін сақтай отырып, операцияларының кірістілігін арттыру сияқты банктердің негізгі міндеттерінің бірінің орындалуын қамтамасыз етуге ұмтылуы.
Екінші, банк клиенттерінің (заңды тұлғалардың да, жеке тұлғалардың да) банктен көптеген қызмет көрсету түрлерін алуға деген ықыласы артуы.
Үшіншіден, ссуда капиталы нарығында бәсекелестіктің күшеюі, банктердің клиенттерді тарту үшін күресуі және осы мақсатта тағы да жаңа қызметтер көрсетуді ойлап табуы.
Төртіншіден, сенімгерлік операциялары кезінде қаражат тартуға үлкен мүмкінідктер туындайды, демек, кіріс көздері көбейеді.
Бесіншіден, сенімгерлік операцияларының шығыны үлкен емес.
Алтыншыдан, сенімгерлік операциялары банктің корреспонденттік қатынастары артуын көздейді, оның банкаралық нарықтағы жағдайы жақсаруына және атақ-беделі мен имиджі артуына көмектеседі.
Сенімгерлік операциялары «сенімхат бойынша қатынастар» қалыптастырады. Бұл жерде клиенттің мүлкін басқару және оның тапсырмасы мен мүддесі үшін өзге де қызметтерді сенімді өкіл құқында орындау жөніндегі банктердің немесе қаржы институттарының операциясы туралы сөз болып отыр.
Мүдделі тұлғалар арасында жасасылған келісім-шарт негізінде немесе өсиет бойынша сенім білдірілген тұлға тиісті құқықтар алады және мүлікке билік етуші болады, сол мүлікке банк шотындағы қаражат қалдықтары да қосылады. Сенім білдірілген тұлға мүлікке бенефициар пайдасына билік етуге міндеттенеді, бенефициар мүлікті сенім білдіріп тапсырған тұлға немесе үшінші жақ тұлғасы болуы да мүмкін.
Траст келісім-шартының мазмұнына өсиет қалдырушының мұрагерлері пайдасына мүлікке (өсиет бойынша) билік етуі; құндылықтарды сақтауға алу, несие берушілердің төлемқабілетсіз тұлғаға қатысты талаптарын реттеу, кәмелетке жетпеген тұлғаға қатысты қамқоршысы ретінде мүлікті басқару, банкротқа ұшыраған фирманың қаражатына билік ету т. б. кіреді [3] .
Мүлікті басқару жөніндегі сенімгерлік операциялары мұралық мүлікті, жеке, зейнетақылық және басқа да қорларды, бағалы қағаздар қоржынын, ұйымды қайта ұйымдастырған кезде және банкрот болған кезде корпорация істерін басқаруға жатады. Сенімхат бойынша операцияларды жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар: коммерциялық банктер (шетелде коммерциялық банктердің траст-бөлімдері), мамандандырылған компаниялар, жекелеген азаматтар да жүзеге асыруы мүмкін. Бұл операциялар жалпы және әкімшілік құқықпен реттеледі. Жалпы құқық сенімгерлік операцияларын сенім білдірушінің өмірімен шектейді.
Сенімгерлік операциялары өткен ғасырда, дамыған елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Германия елдері) банктерінің тәжірибесінде пайда болды. 40-шы жылдардың соңында, 50-ші жылдардың басында бұлар жақсы тарала бастады, соңғы жылдары бұл операциялардың көлемі тез қарқынмен арта бастады, көбіне коммерциялық банктердің траст-бөлімдерінің қол жеткізген жоғары мамандануының арқасында артты.
Дәстүрлі түрде банктер мұралық капиталдың тұтастығын сақтау үшін банкке берілген жеке тұлға мүліктерін басқаруға маманданған. Соғыстан кейінгі кезеңде коммерциялық банктер өздеріне сенімгерлік тәртіпте жеке зейнетақы қорлары берген қаражатты, және корпорация қаражатын басқару жөніндегі операцияларды кеңінен қолданады. Сенімгерлік операцияларының тобы агенттік қызметтер көрсету есебінен, ең бастысы, клиенттің бағалы қағаздарына билік ету жөніндегі агенттік қызмет көрсету есебінен үлкейді. Бұдан әрі сенімгерлік операцияларының көп бөлігі сенімхат бойынша клиенттердің бағалы қағаздарын, сондай-ақ банкке жеке немесе заңды тұлғалар сенімгерлікпен басқаруға берген қаражат есебінен бағалы қағаздарға салынған инвестицияны басқару саласында жасалады [4] .
Қазіргі заманғы жағдайда коммерциялық банктердің халықаралық траст қызметі белсенді даму үстінде. Бұл жерде швейцарялық банктерді, ағылшындық сауда банктерін, америкалық банктерді (соңғыларының ішінен шетелдік клиенттерге арналған сенімгерлік операцияларын кеңінен пайдаланатын "Морган гэрэнти", "Бэнкерз траст" және "Ю. С. траст компани") атауға болады. 60-шы жылдардың соңында банктер (тікелей немесе жанама) басқаратын көптеген траст-қорлар ұйымдастырылды.
Сенімгерлік (траст) операциялардың мәні клиенттердің банктерге өз мүліктерін бұдан былай оларға иелік етуден (өз атынан немесе оған иелік етуші атынан) пайда алу мақсатында өткізуі, ол үшін банк комиссия түрінде белгілі бір ақы алады.
Сенімгерлік қызметтер (ағылшын тілінен trust-сенім) ежелгі кезден бері дамып келе жатқан операциялардың бірі. Ежелгі Египетте сенімділік меншік қатынастарының болғандығын дәлелдейтін әр түрлі құжаттар бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz