Коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретінде


КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТІ, ОНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ
5В050900 Қаржы мамандығы бойынша
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТІ, ОНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 6-25
1. 1 Банктің лизингтік қызметінің мәні, міндеттері және олардың сыныптамасы . . . 6
1. 2 Инвестицияның қызметі, операциялары және оны жүзеге асырудың қазіргі заманғы қағидалары . . . 16
1. 3 Коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретіндегі жүзеге асыру әдістері . . . 20
2 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТІ, ОНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ . . . 26-57
2. 1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі
лизингтік қызметтер жағдайын талдау . . . 26
2. 2 Коммерциялық банктердегі лизингілік операцияларды инвестиция формасында қаржыландыру тиімділігін бағалау . . . 41
2. 3 Коммерциялық банктердегі лизингтік төлемдерді есептеуді талдау . . . 54
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТІ, ОНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕГІ ҚАҒИДАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . . 58-77
3. 1 Коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретіндегі қағидаларын дамыту туралы мәселелері . . . 58
3. 2 Инвестицияларды лизинг формасында қаржыландыру барысында кездесетін мәселелерді шешу жолдары . . . 67
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 80
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелестік елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі - Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.
Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыстың тереңдеуі жағдайында елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында көп салалы инвестицияларды лизинг формасында қаржыландыру әлеуетті қолдануда ерекше контроллинг жүйесін жасаудың маңызы зор. Көптеген елдердің бүгінгі күні дайындаған дағдарысқа қарсы бағдарламаларында ерекше маңызды ресурстар ағымын реттейтін жаңа құралдар бар, соған сәйкес осы дағдарысқа қарсы кеністіктегі іске асырылатын шараларды келісу мүмкін болады және объективті тұрғыда қажет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы жұмыстың ғылыми аспектілері отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарын зерттеу, талдау және қайта ой-елегінен өткізу негізінде қалыптасқан.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты және басты міндеттері:
Дипломдық жұмыстың мақсаты - лизингтік қызмет көрсету нарығында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретіндегі қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- «банктердің лизингтік-инвестициялық операциялары» ұғымын нақтылау;
- банктердің лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
- шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын зерделеу;
- ҚР-ғы коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретіндегі жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
- коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытуы арқылы экономиканың шағын және орта бизнестің дамуын қаржыландыру әдістерін жетілдіру жолдарын қарастыру;
- коммерциялық банктер қызметіндегі лизингтік тәуекелді басқару әдістерін қарастыру.
Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі болып табылады.
Зерттеу пәні коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар болып табылады.
Тақырыптың деректік көзі ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметін зерттеу белгілі экономистердің еңбектерінде әр жақты құбылысты байқатып отыр. Сондықтан да, банктердің лизингтік қызметінің түсініксіз мазмұны және оның қаржылық-несиелік аспектілері, сондай-ақ оның қызмет етуі барысындағы орын алатын өзекті мәселелері және оларды ғылыми тұрғыдан оқып білу, бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын анықтауға негіз болды.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Т. Кларк, В. Хойер, М. Гордон, В. Д. Газман, В. М. Джуха, Е. Кабатов, Е. Н. Чекмарев, В. А Перов, П. А. Анреев, О. И. Лаврушин, К. Р. Тагирбеков, Г. Г. Коробовой, В. И. Колесников, О. М. Марков, В. М. Усоскин, Е. Ф. Жуков, Е. Б. Ширинская және өзгелер.
Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: К. Ә. Сағадиев, Қ. О. Оқаев, Ғ. С. Сейітқасымов, У. М. Искаков, Н. Н. Хамитов, Ж. О. Ихданов, А. С. Смағұлов, Т. Ә. Есіркепов, С. Б. Мақыш және т. б. еңбектерінде кездеседі.
Зерттеу әдістері. Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды. Осының негізінде коммерциялық банктерде лизингтік операцияларды жүзеге асырудың қазіргі заманғы қағидалары еліміздің алға қарай даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген болжамға негізделген.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:
- «лизинг» және «инвестиция» терминдерінің ұғымы авторлық көзқарас тұрғысынан нақтыланды және лизингтің жаңа функциялары мен белгілері ұсынылды;
- кешенді талдау арқылы коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретіндегі аспектілері жүйелендірілді;
- Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретіндегі қызметінің дамуына әсер етуші факторлар айқындалды;
- лизингтік мәмілелердегі тәуекелді басқару әдістерін жетілдірудің жолдары ұсынылды;
- Қазақстандағы коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретіндегі операциялардың болашақтағы даму бағыттары айқындалды.
Практикалық маңыздылығы дипломда жасалған қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының несиелік қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.
Жұмыстың жалпы бағыттары мен зерттеу логикасы дипломдық зерттеудің ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды.
Практикалық базасы - зерттеу жұмысының ғылыми негізделген тұжырымдары мен ұсыныстары «БТА ORIX Лизинг» АҚ және «Темірлизинг» АҚ лизингтік компанияларының қызметтеріне енгізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыс көлемі. Дипломдық жұмыс 81 беттен, оның ішінде 14 кесте, 18 сурет, 3 қосымшадан тұрады.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ЛИЗИНГТІК ҚЫЗМЕТІ, ОНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ФОРМАЛАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Банктің лизингтік қызметінің мәні, міндеттері және олардың сыныптамасы
Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарылату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг несиенің бір түрі ретінде кәсіпорындарға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді [1] .
Нарықтық экономика дамыған елдерде лизинг шарттарына өндірістік құралдардың барлық түрлері, әсіресе, машиналар мен қондырғылар, олардың саны мен құны шектеулі сатып алынады. Сонымен бірге лизингілік қызметтер бұл елдерде кең тарауда және басқа елдердің территориясында лизингілік қызметтің дамуына және қалыптасуына әсерлерін тигізіп, ұлттық шекарадан шығуда.
Лизинг біздің елде 1989 жылы банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. 1990 жылы бұрынғы Қазақ ССР Госснаб кезінде жасалынған «Прокат (ежіре) және лизинг 95» жүйесінде прокатты және лизннгті дамытудың мақсатты бес жылдық бағдарламасын іске асыратын алғашкы лизингілік құрылымдар пайда болды. Бұлар лизингілік операцияларды іске асыратын коммерциялық банктік мекемелерді және машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын-ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингілік фирмалар болды [2] .
Лизинг дегеніміз - қаржылық жалдау бойынша жалға алушының мүлікке деген қысқа және ұзақ мерзімдік қажетін жалға берушінің есебінен қаржыландыру жөніндегі операциялар. Ол меншік иесінің мүлікті иелену және пайдалану немесе тек қана пайдалану құқығын шартты негізде лизинг бойынша жалға берушіде сақталып қалады. Лизинг жалдаудың бір түрі деген анықтамамен түсіндірілмейді. Өйткені лизинг құқықтық, мүліктік және қаржы қатынастарының жиынтығы, ал жалдау сол қатынастардың құрамдас бөлігі ғана.
«Лизинг» ұғымын құрайтын жоғарыда аталған қатынастар жиынтығы қазіргі қолданыстағы заңдармен толық реттелмеген. Сондықтан республикада лизингтің дамуы үшін салық, кеден, қамсыздандыру заңдарына және басқа заң актілеріне өзгерістер енгізу қажет. Лизингтің артықшылығы осындай операцияларға қатысушылардың әрекет-қарекеті нақты белгіленген дәйекті құқықтық негіз болғанда ғана жүзеге асады. Сонымен бірге лизинг, негізінен, инвестицияларды қаржыландыруға арналғандықтан, заңдарда инвесторларға инвестициялық жеңілдіктер көзделуі тиіс.
АҚШ коммерциялық банктері 60 жылдардың басында лизингтік операцияларға қатыса бастады. Лизингтік бизнестің дамуы 1971 жылы Федералды резерв жүйесінің басқару кеңесінің банктерге құрал-жабдықтарды, кейінірек жылжымайтын мүліктерді жалға берумен айналысатын еншілес фирма құруға мүмкіндік беретін шешім қабылдауына септігін тигізді [3] .
Қазіргі уақытта әлемнің лизингтік рыногының негізгі бөлігі “АҚШ-Батыс Европа-Жапония” үшбұрышында шоғырланған. Батыс европада 75-80 % көлемінде банктермен бақыланатын немесе олардың еншілес қоғамы болып табылатын арнайы лизингтік компаниялар жалға берушілер болып табылады. Жапонияда лизингтік операциялар қызметтерді қаржыландырудан сату-сатып алу, лизинг, қарыздан тұратын “қызметтер кешенін” көрсетуге дейін кеңейтілген. Бұл қызмет түрлері кешенді лизинг деген атқа ие болған [4] .
Лизинг қызметінің халықаралық рыногы неғұрлым тез дамыған рынок болып табылады. Сарапшылардың бағалауы бойынша 1988 жылдың басында лизингтің көмегімен 250 млрд. доллар негізгі құралдар сатылса, ал 1979 жыл бұл көрсеткіш тек 50 млрд. долларды құраған. 1990 жылдары машиналар мен құрал-жабдықтарға капитал салудың жалпы сомасы АҚШ-25-30 %; Англия, Франция, Швеция, Испанияда- 13-17%; Австрия, Дания, Норвегияда- 8-10 %; Жапонияда- 8-10 % құраған [4] .
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы “Белл Телефон Компани” деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. “Юнайтед Стейс лизинг корп. ” атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы “Дойче лизинг ГМбХ” деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді. Қазіргі уақытта халықаралық лизингтік институттарды құру кең етек алуда. Европалық лизинг қоғамының бірігуі 17 европалық мемлекеттер қоғамынан тұрады [5] .
Ресейде лизинг түсінігі екінші әлемдік соғыс кезінде енген, яғни 1941-1945 ж. ж. leand-lease американдық техниканы әкелуімен байланысты жүзеге асқан.
«Лизинг» ұғымы шетелдік және отандық әдебиеттерінде және кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде жеткілікті көлемде қарастырылады. Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілерін иеленеді. Орташа есеппен алғанда, қазіргі уақытта, экономикалық және заң бойынша әдебиеттерде лизингтің жүзден аса анықтамасы бар. Бұл «лизинг» ұғымының тар, аралық және жалпы мағынасы есебінен келесі қасиеттерін көрсетуге болады (Кесте 1) :
- лизингтік келісім-шарттың экономикалық мазмұны және құқықтық нысаны;
- келісім мерзімі;
- лизингтік келісім объектілерінің шеңбері;
- келісімге қатысушылардың саны және құрамы.
Кесте 1 - «Лизинг» ұғымының негізгі қасиеттері бойынша мағынасы
Бір мағыналы анықтамалар:
а) жалға алу нысаны;
ә) ұзақ мерзімді жалға алудың нысаны;
б) қаржылық жалға алу;
в) мүліктік жалдаудың нысаны;
г) капитал салымдарын, инвестицияларды қаржыландырудың нысаны;
д) өнімді өткізу нысаны;
е) сыртқы сауда нысаны.
Екі мағыналы анықтамалар:
а) лизинг-несие;
ә) несие-жалға алу;
б) жалға алу-сату;
в) жалға алу-амортизация;
Немесе операциясы:
а) қаржы-коммерциялық;
ә) несие-жалға алушылық;
б) сауда-жалға алушылық, сатып алу опционы құқығын қоса.
Көп мағыналы анықтамалар:
а) жалға алу нысаны, капитал салымдары мен өткізуді ынталандыруды қаржыландыру;
ә) жалға алумен, сатып алу-сатумен, қарыз алумен, сатып алу немесе бұл құқықсыз опционды қосатын мүліктік қатынастардың кешені.
2. Лизингтік келісімнің мерзімі:
2. 1 Сапалық мінездемесі.
2. 2 Сандық мінездемесі.
Ұзақ мерзімді келісім:
а) 3 жылдан жоғары;
ә) 40/90 ережесі (амортизациялық периодтың 40 пен 90% аралығында) ;
б) жабдық қызмет етуінің 75% жоғары;
в) жалға алудың базалық периоды, алғашқы, негізгі мерзімі;
г) амортизацияны есептеу үшін әртүрлі мемлекеттердегі салық заңнамасында тіркелген, өнімнің өмірлік циклы.
Орта және ұзақ мерзімді келісімдер:
а) 2 жылдан жоғары;
ә) 2 жылдан 3 жылға дейін.
Қысқа, орта және ұзақ мерзімді келісімдер:
а) бір жылдан жоғары;
ә) алты айдан жоғары;
б) бірнеше сағаттар, тәуліктерден жоғары;
в) жабдықтың пайдалы қызмет етуінің толық мерзіміне.
3. Лизингтік келісім объектілерінің шеңбері:
3. 1 Топтық мінездемесі.
3. 2 Детальдық мінездемесі.
а) жылжымалы мүлік;
ә) техникалық құралдар.
а) машиналар, жабдықтар;
ә) өндірістік жабдықтар.
а) жылжымалы және жылжымайтын мүліктер;
ә) негізгі өндірістік қорлар;
б) өндірістің негізгі құралдары;
в) инвестициялық тауарлар.
а) машиналар, жабдықтар, транспорттық құралдар және өндірістік мақсаттағы құрылыстар,
ә) машиналар, жабдықтар, ЭЕМ, транспорттық құралдар, қоймалық орындар.
а) мүліктер;
ә) материалдық құндылықтар;
б) инвестициялық тауарлар және ұзақ қолданылатын тұтынушылық тауарлар.
а) жер, ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, транспорттық құралдар;
ә) ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, зауыттар, фабрикалар, электр станциялары;
б) машиналар, жабдықтар, ноу-хау.
Екі жақты келісімдер:
а) өндірушімен қатыса (жабдықтаушы-жалға алушы) және жалға алушы (лизинг алушы), жай сөзбен тура лизинг;
ә) лизинг алушы-сатып алушы және лизинг алушы-мүлікті сатушы ның қатысуымен немесе жай сөзбен «қайтармалы лизинг».
Үш жақты келісімдер:
а) өндірушінің (жабдықтаушының), лизинг берушінің және лизинг алушының қатысуымен;
б) лизинг берушінің, лизинг алушының және қаржыландырушы жақтың қатысуымен (бөлек лизингтің қарапайым нысаны) ;
Көп жақты келісімдер:
а) бес жақтың қатысуымен:
1. брокер (тәуелсіз лизингтік компания) ;
2. тресттің құрылтайшылары;
3. меншік иесі (жалға беруші де ол) ;
4. қаржыландырушы мекеме;
5. жалға алушы.
б) алты және одан көп жақтың қатысуымен:
1. өндіруші;
2. жалға алушы;
3. акционерлер-лизинг берушілер;
4. лизинг берушілердің сенімді тұлғасы;
5. несиелендірушілер-заим берушілер;
6. несиелендірушілер-дің сенімді тұлғасы.
Бірақ меншіктің иесі болып лизинг беруші қалады. Лизинг алушы жалға алушыдан гөрі лизинг берушіге объектіні пайдалану құқығы үшін айлық төлемді емес, оның толық құнын төлейді: лизингтік келісімнің объектісін жойылуы немесе қолдану мүмкіндігі болмаса да оны қарызды толық өтеуден босатпайды. Лизингтік келісім объектісінің ақауы анықталған жағдайда, лизинг беруші барлық гарантиялық міндеттерден бас тартады және лизинг алушы барлық келіспеушіліктерін тікелей жабдықтаушылармен шешеді [6] .
Әр түрлі белгілеріне қарай лизингтік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:
- тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді
(екі жақты келісім) ;
- жанама лизинг (үш жақты немесе көржақты лизинг), бұл кезде мүлікті
беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Тура лизингтің жиі кездесетін түрі - қайтымды лизинг, лизинг формасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.
Мүлікті типіне қарай :
- жылжымалы мүлік лизингі;
- жылжымайтын мүлік лизингі;
- бұрын пайдаланылған мүлік лизингі.
Өтеу деңгейіне қарай :
- бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;
- толық өтелмейтін лизинг.
Амортизация шарты бойынша :
- толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық төленетін лизинг;
- толық емес амортизациялық лизинг.
Қызмет объектісіне қарай :
- егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;
- толық қызмет жиынтығы бар лизинг - объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;
- жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.
Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы (халықаралық) лизингті қарастырады.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде - лизинг беруші болып табылады [7] .
Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып бөлінеді:
- жалған лизинг- қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;
- нағыз лизинг- жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.
Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:
- ақша төлемімен жүргізілетін лизинг - барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;
- компенсациялық төлемімен жүргізілетін лизинг - төлем аталған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;
- аралас төлемді лизинг.
Қазіргі уақытта лизингілік қызметтер рыногында лизинг көп түрлерге бөлінеді және осыған сәйкес көп жақты лизингілік операциялар жүзеге асырылуда. Лизингті жіктеудің бірнеше белгілері бар. Бұл лизингілік операцияларды (Сурет 1) қызмет көрсету түріне қарай топтастыруға мүмкіндік береді. Лизингтің әрбір формасының өзіне тән қасиеті бар және ол міндетті түрде лизингілік мәмілелерді жүзеге асырған кезде және рәсімдеген кезде ескеріледі [8] .
Сурет 1 - Лизингілік қызметтер нарығындағы лизингтің түрлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz