Мақтарал ауданының сұлу табиғаты және экологиялық мәселелерін болдырмау жолдары



Жоспар:
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ Негізгі бөлім:
2.1. Мақтарал ауданының географиялық орналасу жағдайы мен сұлу табиғатының өзіндік ерекшелігі. Құстар әлемі мен жан.жануарлар дүниесі.
2.2. Мақтарал ауданының әкологиялық мәселелері. Су басу қауіпі.
2.3. Жер асты суының көтерілуі және жердің тұздануы, оның ауыл шаруашылығына әкелер зардабы.
2.4. Пластикалық өнімдердің жер.анаға тигізер залалы.

ІІІ Қорытынды.
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы.
Адам баласы жер бетіне шыр етіп түсіп, іңгәлаған дауысымен әнге бөлеген жері – туған жері болып саналады.Алғашқы кіндік қаны осында тамып, балалық бал қызығы осында өткен соң, сол жердің әрбір тасы мен бұтасы ыстық саналады.Жасы ұлғайған сәтте арман қуып алысқа ұзаса да, көкірегіне сағыныш боп еніп, өзіне тартады.Бұл-туған жер құдіреті.Сәби туғаннан туған жерге тұлпардай маталғанының белгісі.Егер мұнда ата-бабалары ұзақ жылдардан бері жасап келе жатқан болса, ол атамекені саналып, солардың тұрғызған зәулім ғимараттары, өздері жатқан молалары перзенттік махаббатыңды одан бетер арттыра түсіп, жауапкершілігіңді сезіндіреді. Мен осынау шағын ғана ғылыми еңбегімде туған жер табиғаты мен оның құстар дүниесі мен жан-жануарлар әлемі жағдайын сөз ете келе, өлкемізде туындалу қауіпі бар экологиялық мәселелерін ғылыми жұмысыма арқау етіп алып отырмын.
Тақырыптың өзектілігі. Ауданымыз бұрынғы кеңес өкіметі тұсында және одан алдыңғы кезеңде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында шөлді әрі тың жерден көтерілгендіктен, елге ақ алтынды мақтасымен танымал болған.Енді міне, ел тәуелсіздігін алғаннан бері қыспақта қалғандай күй кешуде.Жер жағдайына байланысты тұйықта қалды.Өзбекстанның алты ауданымен және Сырдария өзенімен қоршалып жатыр.Басқа ауданмен тек Тәуелсіздік көпірі арқылы ғана байланысады. Облыс орталығынан 252 киллометр қашықта жатыр.Ауданға келіп жайғасып жатқандар аз, көшіп сыртқа кетіп жатқандар көп.Жеріміз бай, табиғатымыз сұлу.Алайда кейінгі кездері экологиялық мәселелерінің туындалу қауіпі басылмай тұр.Адамның қай жерде тұруы үшін, ол жердің адам денсаулығына зияны болмауы тиіс. Сол елдің тұрғындары келешегін сол жермен байланыстыра алуы керек.Менің жұмысым сол проблемаларды шешу жайындағы ойларыммен өзекті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Біз табиғатты анамыз деп есептейміз.Құшағында аунап қунап, адами бақытымызды сезінеміз.Алайда одан аласымызды алып, оған деген перзенттік махаббатымыз бен қамқорлық танытуды ұмытып кете береміз. Кейінгі кездері табиғат анадан ажырағанымыз соншалық , оның жан-жарасы асқына түскеніне де мән бермейтін халге жеттік.Бабаларымыздың «Ер туған жерінде, ит тойған жерінде» деген мақалын мүлде жадымыздан шығарып, иттей тойған жерімізге тентірей беретін халдеміз.Экологиялық мәселе қайда қашсаң да артыңнан ере жүретін адамзаттық құбылыс.Мақтарал ауданының жан-жарасына айналған экологиялық мәселелерін сөз еткен бір де бір еңбек жоқ. Біреулер «бізде экологиялық мәселе бар ма өзі?» деуі мүмкін.Ол мәселе бар.Оған күнделікті тіршілік қарекетімен жүріп мән бермейміз.Есесіне, аудан тарихы жөнінде жазып жүрген жазушы М.Ерімбетов,жазушы-журналист М.Жақып, ұстаз жазушы С.Ысқақов еңбектерін ерекше атауға болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мен өз еңбегімде ауданымыздың сұлу табиғаты мен экологиялық мәселелерін сөз ете келе, бүкіл жұртшылыққа «ЭКСПО-2017» қарсаңында ауданымыздың сұлу болмысын паш ету және экологиялық мәселелерінің алдын алу жайлы ойларымды ұсынамын.Сонымен қатар жұмыс барысында төмендегідей мақсат-міндеттер қойып отырмын:
- Ауданымыздың сұлу табиғаты мен жан-жануарлар әлемін жұртқа паш ете келе оны қорғауды , перзенттік парызымызды сезінуге ықпал ету;
- туған жер төсінде болуы мүмкін экологиялық жайлардың алдын алу ;
- тұрғындарымыздың дені сау, саламатты өмір салтын ұстануына ықпал ету;
- туған жер алдында жауапкершілікті арттыру және оны ұқыпты пайдалану жүйесін жасау;
- ауданның экологиялық мәселерінің аудан экономикасына әкелер зардабына басшылар назарын аударып, сол мәселелерді жоюға қаржы бөлуге ықпал жасау .
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Аудандағы табиғат сұлулығы қорғау мен ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты тың ойлар, тосын ой топшылаулары бар .Ол перзенттік жан-айқайындай естілгенмен, ғылыми ойларын тәжірибеге енгізу уақыт талабы.
Зерттеудің деректік негізі. Жұмысымыздың дерек көзі ретінде пайдаланған материалдарды бірнеше топтарға бөлуге болады. Олардың негізісі осы салада зерттеу жүргізген ғалымдардың іргелі еңбектері , өлкеміз жайлы жазылған жазушылар еңбегі, сонымен қатар өзімнің жеке зерттеуім, табиғат және экология жайындағы өзіндік топшылауларым, ой-пікірлерім пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Кіріспеде, алынып отырған тақырып төңірегінде жалпы түсініктер беріліп, бүгінгі таңдағы маңыздылығы баяндалады. Зерттеудің үш бөлімінде тақырып жан - жақты талданып, сараптау, ой қорытындылар жасалады. Соңында Мақтарал ауданында экологиялық мәселерін болдырмау жайлы жобалар мен суреттер қосымшалар ретінде берілген.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ерімбетов М. «Аманат», Алматы, Қазақстан, 1991 жыл
2.Есенбекұлы П. «Ел ардақтылары -IV», Алматы, Атамекен, 2014 жыл
3.Мақта ордасы – Мақтарал (ауданның 75 жылдығына арналған жинақ), Алматы, 2003 жыл
4.Жақып М. «Мырзашөлім – мырза елім», Алматы, Әл – Фараби, 1998 жыл

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы
Мақтарал аудандық Білім бөлімі Балалар мен жасөспірімдер
шығармашылық орталығы



Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Мақтарал ауданының сұлу табиғаты және экологиялық мәселелерін болдырмау жолдары

Табиғат және экология секциясы.

Орындаған: Жақсылық Рүстем , Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Маздақ әдеби шығармашылық үйірмесінің мүшесі.
.

Жетекшісі: Аташов Сержан Құлдырақұлы ,Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Маздақ әдеби шығармашылық үйірмесінің жетекшісі.

Жоспар:
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ Негізгі бөлім:
2.1. Мақтарал ауданының географиялық орналасу жағдайы мен сұлу табиғатының өзіндік ерекшелігі. Құстар әлемі мен жан-жануарлар дүниесі.
2.2. Мақтарал ауданының әкологиялық мәселелері. Су басу қауіпі.
2.3. Жер асты суының көтерілуі және жердің тұздануы, оның ауыл шаруашылығына әкелер зардабы.
2.4. Пластикалық өнімдердің жер-анаға тигізер залалы.

ІІІ Қорытынды.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы.
Адам баласы жер бетіне шыр етіп түсіп, іңгәлаған дауысымен әнге бөлеген жері - туған жері болып саналады.Алғашқы кіндік қаны осында тамып, балалық бал қызығы осында өткен соң, сол жердің әрбір тасы мен бұтасы ыстық саналады.Жасы ұлғайған сәтте арман қуып алысқа ұзаса да, көкірегіне сағыныш боп еніп, өзіне тартады.Бұл-туған жер құдіреті.Сәби туғаннан туған жерге тұлпардай маталғанының белгісі.Егер мұнда ата-бабалары ұзақ жылдардан бері жасап келе жатқан болса, ол атамекені саналып, солардың тұрғызған зәулім ғимараттары, өздері жатқан молалары перзенттік махаббатыңды одан бетер арттыра түсіп, жауапкершілігіңді сезіндіреді. Мен осынау шағын ғана ғылыми еңбегімде туған жер табиғаты мен оның құстар дүниесі мен жан-жануарлар әлемі жағдайын сөз ете келе, өлкемізде туындалу қауіпі бар экологиялық мәселелерін ғылыми жұмысыма арқау етіп алып отырмын.
Тақырыптың өзектілігі. Ауданымыз бұрынғы кеңес өкіметі тұсында және одан алдыңғы кезеңде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында шөлді әрі тың жерден көтерілгендіктен, елге ақ алтынды мақтасымен танымал болған.Енді міне, ел тәуелсіздігін алғаннан бері қыспақта қалғандай күй кешуде.Жер жағдайына байланысты тұйықта қалды.Өзбекстанның алты ауданымен және Сырдария өзенімен қоршалып жатыр.Басқа ауданмен тек Тәуелсіздік көпірі арқылы ғана байланысады. Облыс орталығынан 252 киллометр қашықта жатыр.Ауданға келіп жайғасып жатқандар аз, көшіп сыртқа кетіп жатқандар көп.Жеріміз бай, табиғатымыз сұлу.Алайда кейінгі кездері экологиялық мәселелерінің туындалу қауіпі басылмай тұр.Адамның қай жерде тұруы үшін, ол жердің адам денсаулығына зияны болмауы тиіс. Сол елдің тұрғындары келешегін сол жермен байланыстыра алуы керек.Менің жұмысым сол проблемаларды шешу жайындағы ойларыммен өзекті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Біз табиғатты анамыз деп есептейміз.Құшағында аунап қунап, адами бақытымызды сезінеміз.Алайда одан аласымызды алып, оған деген перзенттік махаббатымыз бен қамқорлық танытуды ұмытып кете береміз. Кейінгі кездері табиғат анадан ажырағанымыз соншалық , оның жан-жарасы асқына түскеніне де мән бермейтін халге жеттік.Бабаларымыздың Ер туған жерінде, ит тойған жерінде деген мақалын мүлде жадымыздан шығарып, иттей тойған жерімізге тентірей беретін халдеміз.Экологиялық мәселе қайда қашсаң да артыңнан ере жүретін адамзаттық құбылыс.Мақтарал ауданының жан-жарасына айналған экологиялық мәселелерін сөз еткен бір де бір еңбек жоқ. Біреулер бізде экологиялық мәселе бар ма өзі? деуі мүмкін.Ол мәселе бар.Оған күнделікті тіршілік қарекетімен жүріп мән бермейміз.Есесіне, аудан тарихы жөнінде жазып жүрген жазушы М.Ерімбетов,жазушы-журналист М.Жақып, ұстаз жазушы С.Ысқақов еңбектерін ерекше атауға болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мен өз еңбегімде ауданымыздың сұлу табиғаты мен экологиялық мәселелерін сөз ете келе, бүкіл жұртшылыққа ЭКСПО-2017 қарсаңында ауданымыздың сұлу болмысын паш ету және экологиялық мәселелерінің алдын алу жайлы ойларымды ұсынамын.Сонымен қатар жұмыс барысында төмендегідей мақсат-міндеттер қойып отырмын:
Ауданымыздың сұлу табиғаты мен жан-жануарлар әлемін жұртқа паш ете келе оны қорғауды , перзенттік парызымызды сезінуге ықпал ету;
туған жер төсінде болуы мүмкін экологиялық жайлардың алдын алу ;
тұрғындарымыздың дені сау, саламатты өмір салтын ұстануына ықпал ету;
туған жер алдында жауапкершілікті арттыру және оны ұқыпты пайдалану жүйесін жасау;
ауданның экологиялық мәселерінің аудан экономикасына әкелер зардабына басшылар назарын аударып, сол мәселелерді жоюға қаржы бөлуге ықпал жасау .
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Аудандағы табиғат сұлулығы қорғау мен ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты тың ойлар, тосын ой топшылаулары бар .Ол перзенттік жан-айқайындай естілгенмен, ғылыми ойларын тәжірибеге енгізу уақыт талабы.
Зерттеудің деректік негізі. Жұмысымыздың дерек көзі ретінде пайдаланған материалдарды бірнеше топтарға бөлуге болады. Олардың негізісі осы салада зерттеу жүргізген ғалымдардың іргелі еңбектері , өлкеміз жайлы жазылған жазушылар еңбегі, сонымен қатар өзімнің жеке зерттеуім, табиғат және экология жайындағы өзіндік топшылауларым, ой-пікірлерім пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Кіріспеде, алынып отырған тақырып төңірегінде жалпы түсініктер беріліп, бүгінгі таңдағы маңыздылығы баяндалады. Зерттеудің үш бөлімінде тақырып жан - жақты талданып, сараптау, ой қорытындылар жасалады. Соңында Мақтарал ауданында экологиялық мәселерін болдырмау жайлы жобалар мен суреттер қосымшалар ретінде берілген.



2.1 Мақтарал ауданының географиялық орналасу жағдайы мен сұлу табиғатының өзіндік ерекшелігі, құстар әлемі мен жан-жануарлар дүниесі
Әр өлкенің өзіндік табиғи болмысы, сұлу бітімі болады. Адамның тағдырын таңдау мүмкіндігі болмаса, қай жерде туылуы да өзінен тысқары жағдай .Бұл тұрғыда ғылыми жұмысты Мақтарал ауданының географиялық орналасу жағдайы мен сұлу табиғатынан бастамаса болмайды. Себебі біз сөз етіп отырған тақырып табиғатпен тікелей байланысты. Табиғат болған жерде одан туындалар экологиялық мәселе де егіз жаратылған ұғымдай қоса қабат жүреді..
Мақтарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының ең бір қиырында орналасқан аудан. Жер көлмі - 1.8 мың км. Тұрғындар саны 300.000 - нан аса.Аудан жерінде 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік,21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы.
Аудан Өзбекстан Республикасының 6 ауданымен, Сарыағаш және Шардара ауданымен су арқылы шектеседі. Бұл аудандарды Сырдария өзені бөліп жатыр.
Бұл өлкеде табиғатының басты мүмкіндігі - осы Сырдариямен тікелей байланысты. Сырдың ағысы бірқалыпты.Көктемгі кезеңде арнасына сыймаған өзен тасып, айналасын су басады, жайылма сулар жүйесі пайда болады. Үш километрге жайылған сулар алқабы сол төңіректе қалың тоғай өсуіне ықпал етеді.Сонымен қатар аң мен құстың өсіп-өнуіне де мүмкіндік жаратады. Бүгінде Сырдарияның тоғайы аталып кеткен бұл алқапта осы төңіректегі халықтың төрт түлік малы ерте көктем шыға қоныстанып, күзгі мезгілде егіс алқаптары босаған тұста қайта қолға оралады.Сырдың балығы да мол. Халықтың мұнда демалуына, аң мен құс атып, сейіл құруына мүмкіндік баршылық.
Мақтарал өлкесінің батыс жағы Қызылқұммен шектеседі. Құмды өлке табиғатының малға жайлы екені шындық.Құм айтылғанда сұрықсыз табиғат болып көз алдымызға келуі заңды құбылыс. Алайда құм береке мен молшылықтың, өсімдіктер мен аң-құстың нағыз қорғаны.Себебі егіс алқабы көбейгелі аңдар мен құстар дүниесінің мекен етер жалғыз тіршілік ордасы осы жерге айналған. Мақтарал жерінде жусан,баялыш,жантақ,қараған,жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі ,саршұнақ,бауырымен жорғалаушылар кездеседі.
Құммен шектесетін аймақта қасқыр да бой беріп қалады. Кезінде киік те ұшырасқан.Қазір үйірімен жоғалған.
Қазақ даласында бой көтерген ертедегі қалалар Сырдария бойлай орналасқан. Шардара су қоймасы салынуы арқылы қаншама қала су астында қалып қойды.Атап айтқанда, Ақтөбе, Үтіртөбе,Әжемсеңгір,тағы басқалар. Ата-бабаларымыздың да моласы сол күйді бастан кешті. Асықата аталған әулиенің моласы су астында қалатын болған соң, Махамбет деген қазып әкеліп, Шора молда зиратына жерлеген. Бұрынғы Киров ауданы сол әулиенің атымен Асықата аталғаны елге мәлім. Қазір де бар.
Табиғатына келер болсақ, ауданның климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы аптап ыстық болып келеді. Қыста орташа температура -3-5 градустан төмен болса, жазда 30 градустан жоғары. Жазда аптап ыстық мидың қайнатып жіберетіндей деңгейге жетеді. Сондықтан мұндағы ел шілденің аптап ыстығында бар жұмысын таңғы бестен бастап сағат онға дейін ғана істеп алуына мүмкіндік бар.Одан кейінгі кездегі ыстық адам денсаулығына аса қауіпті.Денсаулығында мүкісі бар адамдар сол себепті ыстық қайтқанша мызғып алуды жөн көреді. Балалар суға түсіп мәз-мейрам болады.Кеш түсе салысымен сағат алтыдан кейін тіршілік қайта қайнайды.Мұндағы ел тіршілігінің ерекшелігі міне осында.

2.2 Мақтарал ауданының әкологиялық мәселелері. Су басу қауіпі
Бізде экология термині соңғы отыз жылда өмірімізге еніп, өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Оны сезіндірген Арал теңізінің суалуы.Одан көтерілген тұз бүкіл әлемге, тіпті Антрактидаға, мұзды мұхитқа дейін жетіп, мұздықтардың еруіне ықпал етуде деген ғалымдардың жан-айқайы.Бұл сөздердің бізге іргемізден естілгендей қатты әсер еткені соншалық, денсаулығымызға, тұрып жатқан жеріміздің жағдайына, ас-суымызға жіті мән беретін болдық. Ауруды емдегеннен алдын алған әлдеқайда жеңіл.Бұған Семей полигонының зардабын, экологиялық зардаптарын қосыңыз, кейінгі кезде экологияның адамға тигізген зардабын аңғара түсер едіңіз.
Мақтарал ауданы - Сырдариядан келген ағын су арқылы ауыл шаруашылығын дамытып, несібесін жерден тауып жатқан аса мехнатшыл аудан.Жұрты да еңбекқор. Табиғаты қанша аптап ыстық болса , елеп жатқан адам жоқ. Себебі мұндағы ауыл шаруашылық уақытпен санаспайды.Оны күтіп-баптаудағы әрбір сәт алтынмен пара-пар.Аптап ыстықта жұмыс жасау, күннен бөлінер радияцияның молдығы адам денсаулығына аса зиянды екені айтылып жатса да, ыстық температура 50 градустан жоғары болғанда да мемлекет елге өтемақы төлеп жатқан жоқ.Соның салдарынан ауданда жүрек-қантамырларының ауруы асқынып тұр.Қан қысымының көтерілуі де өте көп.Соның салдарынан қайтыс болып жатқандар көптеп кездеседі.Осы орайда қоғам қайраткері, өлкемізден Мәжіліске үш рет депутат болған Мырзакелді Кемел ағамыздың сөзі еске түседі. Ол кісі үш рет Мәжіліске депутат болдыңыз.Сізде арман жоқ шығар? деген сауалға былайша жауап қайырған екен: Бізде күн аптап ыстық.Соған қарамай ел ауыл шаруашылығы дақылын күтіп-баптау үшін күн ұзақ аңызақ ыстықта мехнат кешеді.Соның салдарынан ерте қартайып,еңбегінің рахатын көре алмай өмірден де ерте озып жатады. Солардың бақытына ерте зейнетке шығу жағдайын шеше алмадым.Бұл ащы шындық мақтаралдықтардың бастан кешіп жатқан экологиялық мәселелерінен хабар береді.
Арал проблемасы туындап, Сырдарияны жағалай отырған аудандардың көбісі экологиялық аймаққа еніп, мемлекеттен берілер жәрдемге ие болды. Іргеміздегі шардара ауданы сол жәрдемді алып отыр.Ал Мақтарал ауданы ондай көмектен шет қалды. Бізде әлі күнге дейін экологиялық мәселе жоқ дейтіндер өте көп.Егер бізде экологиялық мәселе жоқ болса, ауданнан көшіп жатқандар неге көп? Себебі аудан халқы аптап ыстықтан жүрек қан аурулары мен қан қысымының көтерілуі зардабын тартып отыр.Ішіп отырған ауыз суының сапасыздығынан бүйрекке құм жиналу, дененің тұздануы дертіне молынан шалдығады. Міне, мұны неге айтып отырмыз , себебі арқа жылы болса, арқар ауып несі бар дегендей, туған жерімізде экологиялық зардаптар болмаса, ел көшпес еді.
Мақтаралда туындап келе жатқан экологиялық мәселер ретінде төмендегі жайларды айтамыз:
1.Ауданды су басу қауіпі.
2. Жердің шамадан тыс тұздану және одан туындалған зардаптар.
3.Пластикалық өнімдердің жерге тигізер кері әсері.
Мен ғылыми жұмысымда жоғарыда аталған экологиялық мәселелерді оны жою жағдайларымен қоса-қабат баяндаймын. Алғашқы мәселе - ауданды су басу қауіпі.
Мақтарал жері теп-тегіс алқапты болып келеді. Бір де бір бос жер жоқ десе болады.Мұндағы ел ауыл аруашылығының қызығын көріп отыр. Іргеде Сырдария өзені ағып жатыр.Қауіп Сырдария суында емес. Көктемдегі өзен тасуынан сағасындағы тоғай алқаптары ғана су астында қалады. Оған іргелес жатқан ауылдар өзен деңгейінен жоғары жатыр.Сондықтан Сырдарияның жоғарғы ағысындағы елдер секілді су тасу зардабын тартып жатқан жоқ.Оған қоса бұл аймақта күн жылы, қысы жұмсақ болу себепті өзеннің беті мұз боп қатқан кез есімізде жоқ. Шардара су қоймасының қасымызда орналасуы да апаттың алдын алып отыр. Одан артылған су Өзбекстанның Айдаркөліне жіберілетін.Ел тәуелсіздігін алған соң артық су өзіміздің Көксарай су реттегішіне жіберіліп, жаз бойы осы аймақтағы су тапшылығын шешуге оң ықпал етіп отыр.
Елге келер қауіп Қырғызстанның Қайраққұм су қоймасынан келетін ,бізге Достық каналы арқылы ағып келетін ағын суда болып тұр. Жазғы мезгілде каналға сыймай ағып жатқан су жан-жағындағы елді біраз әбігерге салады. Адам жүрегіне қорқыныш сезімін ұялатады. Олай да бұлай канал суы бұзылатын болса, ауданның бірнеше ауылдарын, тіпті Жетісай қаласын түгелімен су басады. Бұл апаттың туындауына басты себеп: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазығұрт ауыл округі, орталығы Қазығұрт ауылы
Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі
Нысанның орналасқан жері
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa
Жергілікті бюджет жайлы
Ауыл шаруашылық жер иелену,пайдалану жұмыс жобасы
Мақтарал ауданында жергілікті қаржыны басқару
Тыңайтқыштардың мақта өнімділігіне әсері
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кешені
Пәндер