Халықты әлеуметтік қорғау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

  1. Жұмыспен қамту саласын реттеу
  2. Еңбек қатынастарын реттеу
  3. Әлеуметтiк қамсыздандырудың барабарлығын қамтамасыз ету
  4. Халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiн жетiлдiру

Кіріспе

Рыноктық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесіне орай әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету мемлекеттік, мемлекеттік емес құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің көп жақты қаржылық жауаптылығының негізінде құрылады.
Мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі қаржыландыру нысандарының үйлесімділігінде және олардың экономикалық жағдайларға және қоғамда қалыптасқан құндылықтарға сай келуінде болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғау үдерісіндегі бөлу және қайта бөлу ақшалай нысанда салықтар, жарналар, төлемдер, әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету бөлгіштік сипаты бар ақшалай қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылуы қажет.
Салықтар және арнаулы жарналар арқылы әлеуметтік қамсыздандыруға, азаматтарды әлеуметтік сақтандыруға және әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы ресурстары қалыптасады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі, халықты әлеуметтік қорғауға арналған инвестициялық жобалардың бюджеттік тиімділігі, халыққа әлеуметтік бағыттағы қызмет көрсетудің толықтылығын бағалауды есептеудің әдістемесі анықталды.
Нақты мұқтаждық қағидатын негізге ала отырып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуде әдіснама негізіне мыналарды кіріктірген дұрыс:
- субсидиялық қағидат, азаматтың өз табысы және мемлекеттен берілетін жәрдемақы қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды.
- біріздендірілу қағидаты, жәрдемақы алушыларға арнайы шот ашу және әлеуметтік трансферттің дер кезінде түсуін қамтамасыз ету.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі ең төменгі кепілдендірілген әлеуметтік төлемақылардың көлемін біріншіден, ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемімен; екіншіден, орташа айлық жалақымен; үшіншіден халықты табысына қарай бөлудегі медиандық мезеттердің 50 пайыздық көлемімен салыстыру арқылы талдау жүргізілді.
Ішкі жалпы өнім мен нақты тұтыну деңгейінің арасында түзу сызықты байланыс бар, корреляциялық қатынас 0, 9105-ке тең болып отыр. Корреляциялық қатынастың мәні неғұрлым жақын болса, соғұрлым ІЖӨ мен нақты тұтыну деңгейінің арасында түзу сызықты тығыз байланыс болады. Нақты тұтыну деңгейінің 91 пайызы ішкі жалпы өнімнің өсуінің әсеріне тең.
Ең төменгі жалақы мен орташа айлық жалақының ара қатынасы 2006 жылы 22/78 болды. Жалақының ІЖӨ-дегі үлес салмағы- 16%.
Керісінше, инфляция мен орташа зейнетақының ара қатынасы әлсіз байланысқа ие, демек, зейнетақы көлемін есептеу барысында инфляцияның өсуін есепке алмау зейнеткерлердің өмір деңгейінің құлдырауына алып келеді.
Инфляция мен ең төменгі жалақының ара қатынасының, байланыс тығыздығының әлсіздігін бақылауға болады, бұл көрсеткіш 0, 1588-ге тең болып отыр.
Көрсеткіштердің арасындағы байланыс неғұрлым тығыз болған сайын, байланыстың нысанын көрсететін тікелей сызықтың қасында нүктелер соғұрлым жиі шоғырланады.

Жұмыспен қамту саласын реттеу

Есептi кезеңде жұмыссыздық деңгейi мен құрылымы елде әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiмен қалыптасқан экономикалық жағдайға тiкелей тәуелдi болды.

Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі (2008-2009 жж. ), жекелеген кәсiпорындарда өндiрiстi жабу және/немесе тоқтата тұру, өнiмге сұранымның азаюы еңбек нарығындағы сұраныстың азаюына және жұмыспен қамтылу деңгейiнiң уақытша төмендеуiне, жасырын жұмыссыздықтың пайда болуына және заңсыз жұмыспен қамтудың көбеюiне әкелдi.

Осындай жағдайда ең алдымен, жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алуға бағытталған арнайы дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттiгi туындады.

Осындай мiндеттердi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Жол картасы деп аталып кеткен Өңiрлiк жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын әзiрледi. Жол картасы аясында халықты әлеуметтiк қолдаудың белсендi шаралары iске асырылды. Оның негiзiнде соңғы екi жылда 390, 2 мың жаңа жұмыс орны құрылды, 148, 7 мың жұмыссыз кейiннен жұмысқа орналастырумен даярлауға және қайта даярлауға жiберiлдi, 202, 3 мың адам қоғамдық жұмыс орындарына жiберiлдi.

Оған қоса, халықтың нысаналы топтарының қатарынан 108, 1 мың адам әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастырылды, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 6, 4 млрд. теңге жұмсалды, бұл 89, 9 мың түлектi уақытша жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.

Алдағы уақытта жастар тәжірибесін iске асыру «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы шегінде оның құрамдас бөлiгi ретiнде жүзеге асырылатын болады, бұл 51 мыңнан астам түлектiң алдағы 5 жылда бастапқы жұмыс тәжiрибесiн алуына және кейiннен жұмысқа орналасуына тиiмдi түрде жәрдемдесуге мүмкiндiк бередi.

Дағдарыс жағдайы әлеуметтiк ымырашылдықты ынталандырды. Бiр миллионнан астам жұмысшы жұмыс істейтін елдегi 8 мыңнан астам iрi және орта бизнес кәсiпорны жұмыс орындарын сақтау, қызметкерлердiң еңбек құқықтарын және кепiлдiктерiн қорғау бойынша меморандумдар жасады.

Ретсiз көшi-қон қауіпiн азайту, ұлттық еңбек нарығына қысымды төмендету және көшi-қонды даму мүддесiнде пайдалану үшiн:

2009 жылы шетелдiк жұмыс күшiн тарту квотасы (бұдан әрi - ШЖК) екi есеге қысқартылды. Тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң саны 2008 жылғы 54 204 адамнан 30 988 адамға дейiн азайды; шетелдiк мамандарды тартуды реттеу мен бақылау және осымен байланысты инвесторлардың ерекше мiндеттемелерiн орындау бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Қабылданған шаралардың нәтижесiнде жұмыссыздық деңгейi 2009 жылы 6, 3% дейiн, ал 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша - 5, 6% дейiн азайды.

Еңбек қатынастарын реттеу

Еңбек кодексiнiң негiзгi ережелерiн iске асыру шеңберiнде мыналарға ерекше назар аударылды:

заманауи еңбек стандарттарын енгiзу. Қазiргi уақытта алты салада: тау-кен-металлургия, машина жасау, көмiр, мұнай-газ, құрылыс және химия салаларында еңбекақы төлеудiң салалық арттырушы коэффициенттер бекiтiлдi және қолданылып келедi. Зиянды және өте зиянды өндiрiс салаларында еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың халықаралық стандарттарын енгiзу жүзеге асырылды («Кәсiби еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау менеджментi жүйесi. Талаптар» (ҚР СТ 1348-2005) ; «Еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесi. Ұйымдағы еңбектi қорғауды басқару жүйесiне қойылатын жалпы талаптар» (ҚР СТ 12. 0. 001-2005) және «Ұйымдағы еңбектi қорғауды басқару жүйесiне қойылатын жалпы талаптар» (ҚР МЕМСТ 12. 0. 230-2007), ХЕҮ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001 халықаралық стандарты, OHSAS 18001: 1999 «Occupational Health and Safety Assessment Series. Requirements (MOD) ») ; өндiрiстегi жарақаттану деңгейiн азайту.

Кәсiпорындарды аттестаттау жүйесi белсендi жүргiзiлуде. 2009 жылы еңбек жағдайлары бойынша шамамен 3 мың өндiрiстiк нысан аттестатталды. Еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру кеңейтiлiп келедi. Қызметкерлердi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiндегi жазатайым оқиғалардан сақтандырумен қамту кеңейiп келедi.
2010 жылдың басынан бастап еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алуға бағытталған тәуекелдi бағалау жүйесi (бұдан әрi - ТБЖ) енгiзiлдi.
Осы шаралардың нәтижесiнде өндiрiстiк жарақат деңгейi төмендедi. Жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффициентi 1000 жұмысшыға шаққанда 2009 жылы 2008 жылғы деңгейге қарағанда 13 %, ал 2001 жылға қарағанда шамамен 2 есеге төмендедi; бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасау. Сонғы жылдары әлеуметтiк сұхбатты дамытудың маңызды белестерi: «2010 - 2012 жылдарға арналған лайықты еңбек» бағдарламасын iске асыру, «Ұжымдық шарт жасаңыздар» республикалық акциясы, Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы болды. Осы уақытқа дейiн 4 республикалық форум өткiзiлдi: Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi форум (Жезқазған қ., 2008 ж. ), Еңбек форумы (Рудный қ., 2008 ж. ), Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру жөнiндегi форум (Шиелi қ., 2009 ж. ), Еңбек саласындағы тәуекелдi басқару және адами капиталды дамыту стратегиялық мiндеттерi жөнiндегi форум (Атырау қ., 2010 ж. ) .
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Кәсiподақтары Федерациясымен және «Атамекен» одағы» ҰЭП бiрлесе отырып, дағдарыс жағдайында жұмыс орындарын сақтау және қызметкерлердiң жаппай босатылуының алдын алу жөнiнде iрi компаниялармен меморандум жасауға бастама көтердi. Қазiргi уақытта қолданыстағы ұжымдық шарттардың саны 50 мыңнан асты. 2008 жылдан берi Министрлiк әлеуметтiк-еңбек саласындағы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi меморандумдарға мониторинг жүргiзiп келедi. Мысалы, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша әлеуметтiк жобаларды iске асыру бойынша 37, 5 млрд. теңгеден астам сомаға 6, 9 мыңнан астам меморандум жасалған; 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша өндiрiстiк процестердi тұрақтандыру, әлеуметтiк қорғау, еңбек құқықтары мен кепiлдiктерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде өзара ынтымақтастық туралы 8411 Меморандумға қол қойылды, олар 950 мыңнан астам қызметкердi қамтыды; еңбекақы төлеудi реттеу тетiгiн дамыту. Республикада мемлекеттiң белгiленген ең төменгi мөлшерден төмен жалақы төлемеу кепiлдiгiн айқындайтын құқықтық база құрылып, жетiлдiрiлуде, бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысын реттеу; қызметкерлер, жұмыс берушiлер мен кәсiподақтар арасында ұжымдық шарттар мен келiсiмдер арқылы еңбекақы деңгейiн реттеудiң шарттасу қағидатын дамыту.

Еңбекақы төлеу деңгейi жоғарылады. Елiмiз бойынша бiр қызметкердiң орташа жалақысы 2007 жылы 52 479 теңгеден 2008 жылы 60 805 теңгеге дейiн, 2009 жылы 67 639 теңгеге дейiн және 2010 жылғы 1 жартыжылдықта 74 107 теңгеге дейiн өстi.

Еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру және азаматтық қызметшiлер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi жалақысының мөлшерiн кезең-кезеңмен арттыру жөнiнде шаралар қабылдануда. 2009 жылы және 2010 жылғы 1 сәуiрден бастап бюджеттiк сала қызметкерлерi жалақысының деңгейi 25 % арттырылып, қазiргi уақытта орта есеппен 54 855 теңгенi құрады.

Бюджет саласы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң жаңа моделiнiң жобасы дайындалды және талқылануда.

Әлеуметтiк қамсыздандырудың барабарлығын қамтамасыз ету

Қазiргi уақытта негiзiнен нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келетiн және әлеуметтiк қамсыздандыру жауапкершiлiгiн мемлекет, жұмыс берушi және қызметкер арасында бөлудi көздейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң көп деңгейлi моделi қызмет етедi.

Базалық деңгейде мемлекет:

зейнет жасына жеткен барлық зейнеткерлер мен мүгедектерге жұмыс стажы мен алдыңғы табысына қарамастан, базалық зейнетақы төлемiн төлеуге;

мүгедектерге, асыраушысынан айрылған адамдарға және зейнет жасына жеткен, бiрақ жұмыс стажы жоқ адамдарға - мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайына және жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлеуге кепiлдiк бередi.

Мiндеттi ынтымақты деңгейде ынтымақты (еңбек) зейнетақы қалыптастырылып, төленедi; мiндеттi жинақтаушы деңгейде - мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар есебiнен қалыптасқан жинақтаушы зейнетақы қорларынан (бұдан әрi - ЖЗҚ) зейнетақы және Мемлекеттiк, әлеуметтiк сақтандыру қорынан (бұдан әрi - МӘСҚ) әлеуметтiк төлемдер төленедi.

Ерiктi деңгейде ерiктi жарналар есебiнен қалыптасқан зейнетақы және әлеуметтiк төлемдер қалыптастырылып, төленедi. Мемлекет басшысының тапсырмаларына, «Нұр Отан» ХДП әлеуметтiк бағдарламасының негiзгi ережелерiне және Үкiметтiң 2009 - 2010 жылдардағы (жыл сайын) iс-әрекет бағдарламасына сәйкес зейнетақы төлемдерi 25%, ал әлеуметтiк төлемдер 9% көбейтiлген болатын.

Осы арттырулар мен ЖЗҚ төленетiн төлемдердi ескергенде жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң орташа мөлшерi 2010 жылы 29 364 теңгенi, МӘСҚ-тан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң орташа мөлшерi 6 585 теңгенi құрады. Бұл ретте алмастыру коэффициентi тиiсiнше 43, 6 % және 9 % болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
Мемлекеттік әлеуметтік саясат
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық негіздері
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және кедейшілікті төмендету бағыттары
Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы
Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету туралы
Халықты әлеуметтік қорғаудың ғылыми теориялық негіздері
Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау туралы есеп айырысулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz