Бағалы қағаздар нарығының негізі


Жоспар
- Кіріспе
- Бағалы қағаздар нарығы
- Мемлекеттік бағалы қағзадар
- Корпоративтік бағалы қағаздар
- Депозитарлық қолхат
- Туынды бағалы қағаздар
Кіріспе
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол - бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда еліміцде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Қаржылық активтердің қайта нарығындағы бағалы қағаздар операциялары әр түрлілігімен көзге түседі. Бұл процестің өзіндік көптеген ерекшеліктері мен қыр-сыры бар.
Акция ме облигациялардың инвестициялық қасиеттерін және олардың шығарған эмитенттердің рейтергтік бағалауын тәуелсіз рейтенгтік компаниялар анықтайды. Анықтамалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздардың потеционалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне байланысты топтайды. Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құралы рейтенгтік бағалау болып табылады. Қаржылық активтер үш топқа жіктеледі: жоғары сапалы бағалы қағаздар, орташа бағалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.
Бұл курстық жұмыста бағалы қағаздардың операцияларын ең басты есептерін қарастырамыз олар: акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі, дивиденттер есебі, қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі, борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі, бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар.
Бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығы - нарықтың қатысушыларының арасындағы бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және қайта сатумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Бағалы қағаздар нырығының құрылымына алғашқы нарық және қайталамы нарық жатады. Алғашқы нарық бұл бағалы қағаздарды алғашқы шығару және орналастырумен бйаланасты шаралар жиынтығын қамтыса, ал қайталама нарық бұл оларды қайта сату немесе әрі қрай айналдыру қатынастырын сипаттайды.
Бағалы қағаздар нарығының құрылымы ішінара бағалы қағаздар түрлеріне қарай мынадай түрге бөлінеді:
- акциялар нарығы;
- облигациялар нарығы;
- опциондар нарығы;
- фьючерстер нарығы;
- депозиттік қолхаттар нарығы;
Бағалы қағаздар нарығының құралдары бұл бағалы қағаздар түрлері жатады. Біздің тәжірибемізде бағалы қағаздарды мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарға немесекорпоративтік бағалы қағаздар деп бөледі.
Мемлекеттік бағалы қағзадарға МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ, АВМЕКАМ, МЕКАВМ, МЕИКАМ, НСО, Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталар мен валюталық ноталар жатады.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенттеріне ҚР Ұлттық банкі, Үкімет және жергілікті басқару органдары жатады.
Корпоративтік бағалы қағаздарды корпорациялар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және өзге кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады.
Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады: акциялар; облигациялар; ипотекалық куәліктер; фьючерс және опцион; депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестицялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.
Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Акцияға инвестициялаудан банк дивидент түрінде табыс алады. Жай акция бойынша дивидент мөлшері белгіленбейді және оның көлемі акционерлік қоғамның пайдасын тікелей тәуелді болып табылады.
Облигация - оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндетемесін растайтын бағалы қағаз.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылыған қарай екі түрге бөлінеді:
- Купондық облигация - инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;
- Дисконттық облигация - инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Депозиттік және жинақ сертификаттарын банктердің өздері шығарады және оған инвестиция жұмсайды.
Банктік сертификаттар бағалы қағаз болып табылатындықтан, олар инвесторлар тартуға мүмкіндік береді. Шетел тәжірибесінде банктік сертификаттар мемлекеттің бағалы қағаздарынан кейін тұрақтылығы мен өтімділігі жағынан екінші орынды алады.
Ипотекалық куәліктер - бұл ипотекалық несиенің қамтамасыз беру барысында кепілге алынған жылжымайтын мүлік құнымен қамтамасыз етілген, яғни базалық активі жылжымайтын мүлік туынды бағалы қағаз.
Қазақстанда мұндай бағалы қағаздарды Қазақстан Ипотекалық команиясы екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп шығарып отыр. Банктер мұндай қағаздарды сатып алуға ынталы, себебі олар өтімді және тұрақты, сондайақ табысты бағалы қағаздар түріне жатады.
Депозитарлық қолхат - депозитар банкте сақталған шетел компанияларының акцияларына шығарылған туынды бағалы қағаз.
Мұндай бағалы қағаз сертификат немес құжатсыз формада айналысқа шығарылады.
Шетел тәжірибесінде екі депозитарлық қолхат кеңінен қолданылады:
1. АДР - американдық депозитарлық қолқат, яғни тек америка қор нарығына айналысқа жіберілген.
2. ГДР - ғаламдық депозитарлық қолқат, онымен Еуропа қор нарығында және өзге елдерде операциялар жүзеге асыруға болады.
Туынды бағалы қағаздар - құны базалық активтің құнына тәуелді болып келетін екінші реттегі бағалы қағаздар.
Банктердің туынды бағалы қағаздармен операцияларына фьючерс және опционмен жасалатын операцияларды жатқызуға болады.
Фьючерс - мәмілеге қатысушы тараптардың келісім-шарт жасаған уақытта бекіткен бағасы бойынша алдағы уақытта немесе белгілі бір мерзімнен кейін биржалық активті сатып алу-сату туралы стандартты биржалық контрактіні білдіреді. Мұнда биржалық активке бағалы қағаздар, соның ішінде акциялар жатады.
Опцион - сатушының белгілеген күнінде немесе одан бұрын базалық активті сатып алуға (сатуға) құқық алатын немесе сыйақы төлеп қана мәміленің орындалуынан бас тартуға құқылы, біреуі осы котрактінің иесі (немесе сатып алушысы) болып табылатын екі қатысушысының арасында жасалатын келісім-шарт.
Опционның екі түрі болады: опцион “колл” және опцион “пут”. Опцион “колл” бағалы қағазды сатып алуға құқық берсе, ал, опцион “пут” оны сатуға құқық береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz