Біріккен сөздер


Мазмұны
Кіріспе 2
- Біріккен сөздер 3Біріккен сөздердің емлесі. 5
- Қазақ тілінің сөзжасам негізі 6
- Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берілу процесіндегі аударма теориясының негіздері 12
Қорытынды 22
Пайдаланған әдебиеттер 23
Кіріспе
Морфология - грамматиканың арнаулы саласы. Ол сөздердің құрамы мен формалары, морфема және оның түрлері, сөз таптарын зерттейтін ғылым.
Сөздер өздеріне тән белгілі мағынасы мен қызметі бар түрлі бөлшектерден және морфемалардан тұрады. Морфема дегеніміз - сөздің лексикалық не грамматикалық мағыналарын білдіретін, ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кішкене бірлігі.
Морфема түбір морфема және қосымша морфема болып бөлінеді.
Түбір морфема дегеніміз - сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналық ең түпкі негізі. Мысалы: қалалық, жастық.
Қосымша морфема - түбір морфемаға қосылып, оған қосымша мағына үстейтін (не лек-қ, не грам-қ) дербес бір қызмет ете алмайтын морфемалардың түрі.
Қосымшалар жалғау және жұрнақ болып екіге бөлінеді.
Жалғау: көптік, септік, тәуелдік, жіктік болып төртке бөлінеді.
Сөз тұлғасы, оның түрлері. Жалаң және күрделі, түбір және туынды сөздер. Тіліміздегі сөздер құрамына қарай, ең әуелі, жалаң сөздер және күрделі сөздер болып екі топқа бөлінеді.
Жалаң сөз деп - құрамында бір ғана негізгі түбірі бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп - құрамында ең кемінде екі не одан да көп негізгі түбірі бар сөздерді айтамыз. Мыс: ас, астық - жалаң, мая-мая, өнеркәсіп - күрделі.
Күрделі сөздер кемінде 2 не одан да көп дара сөзден немесе жалаң я туынды түбірден құралып, мағыналық, грамматикалық жағынан бір тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөз. Күрделі сөз. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық, боз торгай, қара торы, он уш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ, (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бесжылдық (бес және жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он уш (он және үш) .
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді.
Сөйтіп, күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі болып табылады. Күрделі сөздердің түрлері: біріккен, қос, қысқарған сөздер, тіркес сөздер.1. Біріккен сөздер
Біріккен сөздер екі я оданда көп сөздер бірігіп, бір дексикалық мағына беріп, бір тұтас сөз жасайды: орын+басар- орынбасар, көк+өніс- көкөніс, бала+бақша - балабақша, жан+ұя - жанұя, жан+сая - жансая, кез+құйрық - кезқұйрық, ала+ өкпе- алаөкпе, бал+мұздақ - балмұздақ, ит+арқа - итарқа, шам+шырақ - шамшырақ т. б. қазақ тілінде орыс тіліндегі байланыстырушы дауыстылар сияқты сөзді біріктіретін морфемалар жоқ. Сөз ешбір қосымшасыз бірігеді. Біріккен сөздер - екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер. Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т. б. Негізінен, Біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді. Оларды бірнеше топқа бөлуге болады: а) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн; ә) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), алауыз (ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т. б. Кейбір Біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған. Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+ +іні), білезік (білек+жүзік) . Біріккен сөздердің өзіне тән графикалық ерекшелігі бірігіп жазылу не дефис арқылы жазылуы. Біріккен сөздер негізінен, сөз тіркесінен туатындықтан, олардың құрама бөліктерінің өзіне тән тіркесу тәсілдері бар:
салалас тіркескен біріккен сөздер (компоненттері тең дәрежеде) : біртұтас, желмая, қолхат, жолсерік, өнеркәсіп, ақсары, т. б. ) ;
сабақтаса тіркескен біріккен сөздер (компоненттерінің арасында басыңқы, бағыныңқы қатынас, көбінесе, анықтауыштың не толықтауыштың қатынасы болады) : алабұға, қолөнер, жиһанкез, қоғамтану, алжапқы, жанашыр, т. б.
Екі компоненттің бірігуі арқылы пайда болған Біріккен сөздерді сөзжасамның бір тәсілі деп қарауға болады. Олар әр түрлі мағына береді:
адам, зат, өсімдік, жануар, ұғым атауы. Мысалы, бой+жеткен, қол+жазба, қой+бүлдірген, ақ+құман, алты+атар, алты+бақан, т. б.
экспрессивті ауыспалы мағына. Мысалы, ақ+жүрек, ақ+ +көңіл, ақ+сүйек, ала+ауыз, алып+сатар, арам+тер, ашық+ауыз, бақ+құмар, басы+байлы, бет+ашар, қаңғы+бас, т. б.
Екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады. Мысалы: алгысөз, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан екі сөзден құралып (алғы және сөз, бел және бау, яғни бау, баспа және сөз, ашу я ащы және тас, кейінгі ықпал заңы бойынша т дыбысы д-ға айналып, тас сөзі дас болған; өнер және кәсіп, тоғыз - тоқс және он - ан), бір ұғымның ғана атауы болып тұр.
Қазақ тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірі - құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталып отырады. Мысалы: туйекұс (түйе-құс), бұзаубас (бұзау-бас), қарақұрт (қара-құрт), басмақала (бас-мақала) т. б. Екіншісі құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл, бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалған, екінші сөздің басындағы ж дыбысы й-ға айналған), жаздыгуні (жаздың және күні, бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп қалган, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заны бойынша г-ге айналған), түрегелді (тұра және келді, бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сөздің әсерінен жіңішкеріп ұ-ү-ге, а-е-ге айналған, екінші сөздің басындағы к дыбысы г-ге айналған) . Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.
Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады. 1. Аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, текесақал, алабота, аққу, қарақұрт, итмұрын, саңырауқұлақ, бәйтерек, бәйшешек т. б.
2. Географиялық атаулар (жер, су, планета аттары) ; Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл т. б.
3. Кісі аттары: Орынбасар, Сейілбек, Мұхамеджан, Қойбагар, Жаңбырбай, Есенәлі, Бейсенбай т. б.
4. Дене мүшелері, анатомиялық атаулар: асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа, кәріжілік, сегізкөз, тазқарын т. б.
5. Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, қылтамақ, қарасан т. б.
6. Ойын атаулары: алтыбақан, ақсуйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ т. б.
7. Ән, күй, өлең аттары: Саржайлау, Сарыарқа, Қараторгай, Кісенашқан, Сегізаяқ т. б.
8. Қоғамдык өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар: баспасөз, қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы, ақсақал т. б.
9. Мезгілге байланысты атаулар: биыл, бүгін, қыстыгүні, жазғытұрым, күздігүні, әнеугүні т. б.
10. Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар: ешкім, ештеңе, қайсыбіреу, әлдекім, әрқайсысы, ешқашан, кейбір, әрбіреу, әлдеқашан т. б.
Біріккен сөздер екі түрлі: 1. Кіріккен сөз; 2. Біріккен сөз
Кіріккен сөз деп сыңарлары түрлі дыбыстың өзгеріске түсіп, бір-бірімен дыбыстық жаңынан үндесіп ықшамдалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер деп аталады: қол+қап-қолғап, алып+бер-әпер, қайын+іні- қайын, ендігіден+әрі-ендігәрі, қара+ала+құс- қарлығаш т. б.
Біріккен сөз деп құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір лексикалық мағына беретін сөздер деп аталады.
1. 1. Біріккен сөздердің емлесі.
1. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, шекара, қарақұс, әлденеше, әркім, Ақтөбе, Талдықорган, бесжылдық.
2. Кіріккен сөздер түбір тұлғасының дыбыстық өзгерген түрінде жазылады. Мысалы: ашудас (ашутас емес, ащытас емес), ендігәрі (ендігіденәрі емес), сөйтіп (солайетіп емес), қонағасы (қонақасы емес), Өмірзақ (Өміріұзақ емес), Бегәлі (Бекәлі емес), бүгін (бұл күн емес) т. б.
3. Еш, бір, әр, кей, әлде деген сөздер есімдіктермен (мысалы, еш сөзі кім, бір, қандай, қайда, қашан, теңе сөздерімен, бір сөзі неше, талай, аз, ыңгай, келкі, жола, жолата, қыдыру сөздерімен, әр сөзі кім, қашан, қайсы, дайым, бір, қалай сөздерімен, кей сөзі бір, біреу сөзімен, әлде сөзі кім, қашан, қалай, қайда сөздерімен) бірігіп жазылады да, зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда, олардан бөлек жазылады. Мысалы: еш бала, еш жерде, бір мектепте, әр оқушы, кей адам т. б.
Бір сөзді екінші сөзге біріктіріп жаңа сөз туғызу тек кейінгі кезде ғана шыққан тәсіл емес, арғы заманнан келе жатқан, әбден орнығып қалыптасқан, үйреншікті сөздер.
Мысалы: бүгін, биыл, әкел, anap, әпер дейтін сөздерді алсақ, солардың әрқайсысы екі түбірден бірігіп, бір сөзге айналған. Алғашқы екі сөздің құрамында бұл күн, бұл жыл деген сөздер бар. Демек, бұл күн, бұл жыл деп тіркесіп айтылатын екі сөздің жиі қоланылуының нәтижесінде, олар бірте-бірте өзгере келіп, бүгін, биыл деген түрде орныққан. Ал, әкел, әкет, әпер, anap дегендер екі-екі сөзден қысқарып бірйуінен пайда болған: әкел - алып кел, әкет - алып кет, әпер - алып бер, anap - алып бар.
Ал, тіліміздегі абжылан, шалап, мүрап деген сөздер де, тілмар, тілазар деген сөздер де - кілең екі түбірден біріккен: абжылан - аб (арабша - cy) - жылан; шалап - шала-аб; мұрап - мұр («әкім») - аб. Сөйтіп, бұл сөздер бастпақы cy жылан, шала cy дегендерден бірігіп, бір сөзге айналған. Қосаяқ сөзі қос және аяқ деген сөздерден бірігіп жасалған. Сондай-ақ шекара, демалыс, еқбеккүн, баспасөз, айырбас, қолбасшы деген сияқты сөздер - соңғы жылдарда бірігу тәсілі арқылы туған жаңа сөздер.
Екі, кейде одан да артық түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі - біріккен сөздер деп аталады.
- Қазақ тілінің сөзжасам негізі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz