Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Дауысты және дауыссыз дыбыстар 4
1.1. Дауысты дыбыстар 4
1.2. Дауыссыз дыбыстар 6
2. Қазақ тілі дауысты және дауыссыз дыбыстық жүйесінің А.Байтұрсыновқа дейінгі зерттелуі 8
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 12
3.1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы 12
3.2. Дауысты және дауыссыз дыбыстарының оқыту
әдістемесі 24
4. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі 30
5. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі 32
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер 34

Кіріспе
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы: Әділет, 2002- 288 б.
2. Өмірбаева К.О. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту, Алматы: Сөздік – 2002-115 б.
3. Қожахметова Х., 40 уроков казахского языка.Алматы: Жалын, 1989-287 б.
4. Сариева К. Қазақ тілі, Алматы, 1993
5. Аяпова Т.Т. Қазақ тілі (негізгі оқулық)Алматы:Ғылым, 1998-272б.
Қосымша әдебиеттер
1. Күзекова З.С. Қазақ тілінің практикалық курсы, Алматы: Ғылым – 2001 – 218 б.
2. Артыкова Т.М. Опорные схемы по казахскому языку, Алматы, 2002 – 43 б.
3. Бейсенбаева К.А. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. Алматы, Ана тілі, 1994-240 б.
4. Белботаев А, Таукебаева Ж. Казахский язык для начинающих. Алматы, Қазақстан, 1994-80 б.
5. Берікұлы Н, Есқарақызы Ж. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, Ана тілі, 2-бөлім, 1997-208 б.
6. Құлмағамбетова Б, Елемесова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмекші құрал. Алматы – 1990
7. Тұрсынов Д., Хасанов Б. и др. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. А., 1967
8. Маманов И.Е. Қазақ тілі (учебник казахского языка для студентов, обучающихся в русских группах) А., 1961
9. Аяпбергенова Г.К. Некоторые вопросы преподавания казахского языка в русской аудитории. А., 1989
10. Махмудов Х., Мұсабаев Ғ. Қазақша-орысша сөздік – казахско-русский словарь. А., 1987
11. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйренеміз. А., 1989
12. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. А., 1987
13. Бектұров Ж., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы: Білім, 1994,
46-66 б.
14. Садуақасов Н.Ә., Қасенова А.Т. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Фонетикадан практикалық сабақтар. Ақтөбе – 2003-77б.
15. Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005.
Негізгі әдебиеттер
1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы: Әділет, 2002- 288 б.
2. Өмірбаева К.О. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту, Алматы: Сөздік – 2002-115 б.
3. Қожахметова Х., 40 уроков казахского языка.Алматы: Жалын, 1989-287 б.
4. Сариева К. Қазақ тілі, Алматы, 1993
5. Аяпова Т.Т. Қазақ тілі (негізгі оқулық)Алматы:Ғылым, 1998-272б.
Қосымша әдебиеттер
1. Күзекова З.С. Қазақ тілінің практикалық курсы, Алматы: Ғылым – 2001 – 218 б.
2. Артыкова Т.М. Опорные схемы по казахскому языку, Алматы, 2002 – 43 б.
3. Бейсенбаева К.А. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. Алматы, Ана тілі, 1994-240 б.
4. Белботаев А, Таукебаева Ж. Казахский язык для начинающих. Алматы, Қазақстан, 1994-80 б.
5. Берікұлы Н, Есқарақызы Ж. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, Ана тілі, 2-бөлім, 1997-208 б.
6. Құлмағамбетова Б, Елемесова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмекші құрал. Алматы – 1990
7. Тұрсынов Д., Хасанов Б. и др. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. А., 1967
8. Маманов И.Е. Қазақ тілі (учебник казахского языка для студентов, обучающихся в русских группах) А., 1961
9. Аяпбергенова Г.К. Некоторые вопросы преподавания казахского языка в русской аудитории. А., 1989
10. Махмудов Х., Мұсабаев Ғ. Қазақша-орысша сөздік – казахско-русский словарь. А., 1987
11. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйренеміз. А., 1989
12. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. А., 1987
13. Бектұров Ж., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы: Білім, 1994,
46-66 б.
14. Садуақасов Н.Ә., Қасенова А.Т. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Фонетикадан практикалық сабақтар. Ақтөбе – 2003-77б.
15. Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005.
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Дауысты және дауыссыз дыбыстар 4
1.1. Дауысты дыбыстар 4
1.2. Дауыссыз дыбыстар 6
2. Қазақ тілі дауысты және дауыссыз дыбыстық жүйесінің А.Байтұрсыновқа дейінгі зерттелуі 8
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 12
3.1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы 12
3.2. Дауысты және дауыссыз дыбыстарының оқыту
әдістемесі 24
4. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі 30
5. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі 32
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер 34
Кіріспе
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік - тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы - олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).
2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у - еріндік).
3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.
4. Қысаң (ұ,ү,ы,і).
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.
1. Дауысты және дауыссыз дыбыстар
1.1. Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар (Вокализм) орыс. гласные звуки -- дыбыстау мүшелерінің бірынғай толық қатысуынан, фонаииялык ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялык ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе адатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, у, у. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық -- қысан, еріндік -- езулік, жуан -- жінішке болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар орыс. твёрдые гласные -- тілдің кейін жиырылуы аркылы жасалатын дауыстылар: а, о, у т.б.
Жінішке дауыстылар орыс. мягкие гласные -- тілдін ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, т.б.
Ашық дауыстылар (орыс. широкие гласные, гласные нижнего подъёма) -- тілдің тандайға карай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кен ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашык дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
Қысан дауыстылар (орыс. узкие гласные, гласные верхнего подъёма) -- жақтын кен ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысан дауыстылар: ы, і, у, у.
Еріндік дауыстылар (орыс. губные гласные) -- айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, у, у, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.
Езулік дауыстылар (орыс. негубные гласные) -- айтылуда еріннің кейін тартылып, езудін жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, и. Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы арқылы жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен тіркесе алады.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.
Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстардың жасалуына белгілі сөйлеу мүшелерінің ерекше қатысуына қарай қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді. Олар, тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.
2.1. Жуан дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Ооларды кейде тіл арты дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы.
2.2. Жіңішке дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл алды дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ә, е, ө, ү, і.
2.3. Ашық дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар деп атаймыз.
Ашық дауыстылар мыналар: а, ә, о, ө.
2.4. Қысаң дауыстылар
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар деп атаймыз.
Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і.
2.5. Еріндік дауыстылар
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү.
2.6. Езулік дауыстылар
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар мыналар: а, ә, е, ы, і.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Тілдің қатысына қарай жуан а, о, ұ, ы
жіңішке ә, е, ө, ү, і
Жақтың қатысына қарай ашық а, ә, о, ө
қысаң ұ, ү, ы, і
Еріннің қатысына қарай еріндік о, ө, ұ, ү
езулік а, ә, е, ы, і
Дауыстыларды талдаудың үлгісі:
а - езулік, ашық, жуан дауысты;
ә - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
е - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ы - езулік, қысаң, жуан дауысты;
і - езулік, қысаң, жіңішке дауысты;
о - еріндік, ашық, жуан дауысты;
ө - еріндік, ашық, жіңішке дауысты;
ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;
ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.
1.2. Дауыссыз дыбыстар
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тілінде 36 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл сөздердегі у буын кұрай алмай тұр.
Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі.
1. Дауыс (үн) қатысына карай дауыссыздар қатан, ұяң және үнді (сонор) болып үшке бөлінеді. Кейде қатаң және ұяң дауысыздар үнсіз дыбыстар деп те аталады. Үнді дауыссыздар ауыз жолды (р, л, й, у) және мұрын жолды (м, н, ң) болып та бөлінеді.
Қатаң дауыссыздар: п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.
Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.
Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, й, у (ауыз жолды, және м, н, ң (мұрын жолды). Үнді дауыстыларда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.
Дауыссыз дыбыстардың дауыс (үн) қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі дыбыс жүйесіндегі дыбыс үндестігі (ассимиляция) деп аталатын, көрші дыбыстардың бір-біріне әсер ететін ықпал заңына негіз болады.
2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) карай дауыссыздар шұғыл және ызың болып екіге бөлінеді.
Шүғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.
Ызық дауыссыздар: в,ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.
3. Жасалу орнына (дыбыстау мүшелерінің қатысына) қарай дауыссыздар төмендегіше жіктеледі:
Ерін дауыссыздары: б, п, м, у.
Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф.
Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц.
Тіл алды дауыссыздары: ж, ш, щ, ч, н, р, л, й.
Тіл ортасы дауыссыздары: к, г.
Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х.
Көмей дауыссызы: һ.
Сөйтіп, дауыссыз дыбыстардын жіктелуін мына кестеден көруге болады.
Жасалу орнына қарай:
Ерін, Тіс пен ерін ,Тіс , Тіл алды,Тіл ортасы, Тіл арты, Көмей.
Үн қатысына карай:
Ызың қатаң п т, ц ч к қ
ұяң б д г
Шұғыл қатаң ф с ш, щ х
ұяң в 3 ж е һ
Үнді (сонор) м, у н, р, л, й ң
2. Қазақ тілі дауысты және дауыссыз дыбыстық жүйесінің А.Байтұрсыновқа дейінгі зерттелуі
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан Материалы к изучению киргизского наречия (Ученые записки Казанского университета) деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Н.И. Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды.
Дауыссыз дыбыстардың құрамында дж, ч аффрикаттары мен Һ спиранты кездеспейді. Шамасы, Н.И. Ильминскийдің еңбегі батыс қазақтарының тіл материалдары негізінде жазылса керек. Еңбекте кейбір дыбыстардың артикуляциясы, комбинаторлық жағынан алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г, т.б.), қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет берілген. Одан соң М.Терентьев жазған Гармматикада қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы (ч-ш, ш-с, м-б, л-д, к-г) жайында, сөздің екінші буынында келетін ы қысаң дауыстысының редукциясы жайында азын-аулақ мәлімет береді.
Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. В. Радлов тұңғыш рет түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын жасап, онда қазақ фонетикасының едәуір мәселесін сөз етті. Түркі тілдері фонетикасының сан алуан мәселелері, лингвистиканың сол кездегі компаративистика бағыты бойынша түсіндіреді.
В.Радловтың Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы атты еңбегі күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес, мұнда қазақ фонетикасының едәуір мәселелері, атап айтңанда: дыбыс құрамы, сөзде дыбыстардың қолдану ерекшелігі, дыбыстардың дистрибуция кезеңі, ол дыбыстардың әр түрлі өзгеру заңдылықтары, сингармонизм құбылысы, екпін категориясы сияқты өзекті мәселелер өзге түркі тілдерінің материалдарымен салыстырыла отыра әңгіме болады. Сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған.
Қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, ö, у, і, и, ü), консонантизм саласы жиырма дауыссыздан құралатынын атап, дауыссыздарды қатаң (q, k, t, р, s, š), ұяң (γ, g, d, b, z, ž), үнді (n, m, η, r, l, Ι) және аралық немесе жарты дауысты (w, j) деп төрт түрлі акустика-артикуляциялың топқа жіктеген. В. Радлов ұсынған мына екі мәселені мақұлдай алмаймыз: оның бірі -- w, j дыбыстарын аралық дыбыстар деп сонор дыбыстардың тобына енгізбеуі, екіншісі -бүйір (латераль) л сонорының сөзде жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема (сөз мағынасын ажырата алатын қасиеті бар) деп тануы. Қазіргі тәжірибе фонетикасының берген мәліметіне қарағанда түркі тілдерінде оның ішінде қазақ тілінде w (у), j (й) дыбыстары акустика-артикуля - циялық табиғаты бойынша сонор немесе үнді дыбыстардың тобына жатады.
Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстар сөздегі дауыстылардың ыңғайына қарай әр түрлі вариантта айтыла береді. Мәселен, ал, ел, ол сөздерін алайық, мұнда л соноры дауысты дыбысқа байланысты бірде жуан (ал), бірде жіңішке (ел), бірде ерінмен (ол) айтылып тұр, олар атқаратын қызметіне қарай бір ғана фонеманы құрай алады. Фонема сөзде әлденеше фонетикалық-комбинаторлық вариантта кездесе береді. Демек, В. Радлов л сонорының фонематикалық қасиетін теріс түсінген.
В. Радлов Фонетикасын сөз еткенімізде мына үш мәселе есте болуы қажет: оның бірі -- екпін мәселесі, екінші мәселе -- дыбыстардың дистрибуциясы, үшіншісі -- түркі тілдерінің үндестік заңы. В. Радлов көп буынды сөздерде сөз аяғына түсетін негізгі екпінн басқа көмекші екпіндердің болатынын, көмекші екпіннің фонетикалық табиғаты үнді (музыкалық) екпін екенін айтады. Сонымен қатар дыбыстардың, әсіресе, дауыссыз дыбыстардың, дистрибуциялық ережелеріне едәуір көңіл аударып, дыбыс тіркесімдері жайында біраз мәлімет берген.
В. Радлов түркі тілдерінде сингармонизмнің екі түрі бар екенін атап (палаталды -- езу, лабиалды -- ерін), ерін үндестігі әлсізденіп бара жатыр деп қорытады.
П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Фонетика тарауында дыбыстардың артикуляциясы (жасалуы), дыбыстардың комбинаторлық түрде алмасуы, сөз шенінде қолдану жайы, үндестік заңы мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Дауыстылардың протеза, элизия, редукция құбылыстары жайында да азын-аулақ мәлімет беред. [3]
П. М. Мелиоранский дыбыстардың құрамына тоқтай келіп қазақ во - кализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, ы, і, о, ö, у, ÿ), консонантизм саласы жиырма бір дауыссыз дыбыстан (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, p, л, к, г, ч, 1, қ, ғ, ң, й, ǐ-дж) құралатынын атап өтеді. Дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң деп жіктеп, графикаға қатысын да анықтайды. Қу, ту, би сөздерінде айтылатын у, и дыбыстарын естілуіне қарай созылыңқы дыбыстар деп таниды. П.М. Мелиоранский, В. Радлов айтқан пікірді қуаттай отырып л сонорының жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема деп түсінеді. Тіл ортасы к, г және тіл арты қ, ғ дыбыстарын көмей дыбыстары деп, олардың артикуляциялық-жасалу орнын теріс көрсеткен.
Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В. Катаринскийдің. Грамматика киргизского языка (Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И. Лаптевтың Материалы по казах-киргизскому языку (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың Записки по грамматике киргизского языка (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді.
Аталған еңбектердің фонетика тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады. Н. Катанов Опыт исследования урянхайского языка (Казань, 1903) атты еңбегінде қазақ тілі дыбыстарын өзге түркі тілдердің материалдарымен салыстыра, қазақ тіліне тән кейбір заңдылықтарды көрсетеді. Октябрь революциясына дейін қазақ тілі жайында жазылған шағың еңбектерде фонетика мәселелері грамматиканың құрамына еніп, соған байланысты әңгіме болып келді. Қазақ тілінің дыбыс құрылысы белгілі жүйеге салынып әржақты талданған емес. Фонетика құбылыстары жай ғана артикуляциялық фонетика тұрғысынан қаралды да, зерттеу әдістері анықталмай қалды.
Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі -- совет дәуірі тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде жаңа ғылым -- қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген маман-кадрлар шықты. қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған -- фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті.
Фонетика саласы фонология, эксперименттік (тәжірибе) фонетика, салыстырмалы фонетика, тарихи фонетика тәрізді тармақтарға жіктеле бастады. Республикамыз өзінің даңқты елу жылдық тойын тойлағалы отыр. Осы даңқты елу жыл ішінде қазақ фонетикасы жайында нелер істелді, қандай табыстарға жеттік, алдағы кезде қандай шұғыл міндеттер тұр -- осылар жөнінде өз пікірлерімізді ортаға салмақпыз.
Мектептерде қазақ тілін оқыту және жазу ережелерін (алфавит, графика, орфография) жетілдіру ісімен байланысты әуелгі кезде қазақ фонетикасы жөнінде біраз шағын ең-бектер -- мақалалар жарың көрді.
Г. В. Архангельский жазған Грамматикада қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Бұл ғалым қазақ тілі дыбыстарын дауысты, шала дауысты және дауыссыз деп үш топқа жіктеп көрсетеді. Ауыздың ашылу түріне қарап дауыссыздарды ашық (а, ә), жарты ашық (е, о, ө), қысаң (ы, і) және жарты қысаң (ұ, ү) деп төрт топқа жіктеп өтеді.
Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда -- тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
3.1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда Баяншы деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге Әліппені пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.
Бастауыш сыныптардың білім беру жүйесінің мазмұнының негізгі арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған өміріміздің игілігіне айналдыру.
Бастауыш сыныптарда қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыру үшін ат салысып жүрген ғалым педагогтер М.Ералиева, С.Дүйсебаев, П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады [1].
Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданған.
1930-31 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын (Әліппе оқулығы) және С.Жиенбаев, С.Кеңесбаев, Л.И.Воскресенская, З.Т.Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады. Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері А.Садуақасов, С.Жиенбаев т.б. шұғылданды.
Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал, Сауаттылыққа оқыту әдістемесі атты еңбектер және С.Жиенбаевтың Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі, Қазақ тілін оқыту әдістемесі жарық көрді.
А. Байтұрсынов - - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған Букварь для киргизов деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы Әліпбидің жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл Әліпбидің 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы Әліпбиі (Оқу құралы) қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол Әліпби әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа Әліпбиі бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл Әліпбидің мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық Әліпби көңілдегідей болып шыққан.
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын Оқу құралын жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі Тіл құралы деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
Тіл құралы - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары - - фонетика - - дыбыс туралы ғылым, морфология - - сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын Тіл жұмсар деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.
А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда Баяншы деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге Әліппені пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.
Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп Оқу құралды жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы Тіл құралын ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп Тіл жұмсарын, төртінші - - сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, Баяншыны жазды.
А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.
Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері .
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрінде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз . Жазудың тарихына көз жіберсек , әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз . Жазу өте ерте заманда жасалып , мыңдаған жылдар бойы өзгеріп , дамып келді . Жазуды мыңдаған жыл бойы дамып жетілуімен бірге , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар бүтіндей сөзді не ызыңды , немесе дыбысты белгілейді . Әрбір жазбаша таңбалық графикалық формасы , белгілі бір мағынасы болады . Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарлы , не жеке сөзді , не буынды , не дыбыстық белгілеуіне қарай бөлінеді. Жазу - адамның ой - пікірін , сөзін қашыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сызба таңбалардың жүйесі . Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды . Мыңдаған жылдар бойы дамып жетілумен қатар , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған . Өз ойын жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланған . Алғашқы адамдар жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны , ағаштың қабығын , тағы да басқаларын пайдаланған . Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар тұтас хабарды , не сөзді , не буынды , не дыбысты белгілейді . Әр жазбаша таңбаның графикалық формасы , белгілі бір мағынасы болады .
Жазуға үйретудің маңызы .
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру . Жазу дағдысының психалогиялық негізі мидың үлекн жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір - бірімен күрделі байланысқа түсуі , екінші сигнал системасының жинақталып , бір арнаға бағытталуы болып табылады . Жазу тілі көзбен қабылданады , қолмен іске асады . Ауызша сөйлеу есіту - кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді .
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты , сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады .
Ең алғашқы ерте дәуірде адамдар қандай , да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады . Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді . Бұл кезең - идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады . Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру ролін атқарады .
Кейінірек иероглифтік жазу шықты . Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген .
Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу . Бұл кейінірек шыққан .
Жазудың құрамына алфавит , графика және орфография ( еміле ) енеді . Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі . Графика дыбыстың , буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса , солай таңбалануы . Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу . Алфавитпен графиканы меңгеру - оқу мен жазудың ( сауат ашудың ) ең алғашқы ең қарапайым , бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді . Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияның ( немесе жазу , сауатты жазу ) игеруді қажет етеді .
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып , сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым - қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады , яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді , жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді . Міне , жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады . Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін ( таяқша , дөңгелек , қосу сызықтары ) сызып , жүргізу арқылы жаттықтырылады . Бұл кезеңде бала басымен , бүкіл денесімен жоғары көтеріліп , төмен еңкейіп , екі жағына қисайып , неше түрлі қозғалыстар жасайды . Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса , көп ұзамай , бірте - бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап , азайта түседі . Ал кейін әріп бөліктері аса күш салмай - ақ қосып жаза алатын болады . Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып , әуелі әріптерді , сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады . Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде - ақ дағдыланады деудің жөні жоқ . Себебі олардың кейбіреулері бір , тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды . Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады .
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет - сауатты жазуға ( немесе орфографияға ) үйрену міндеті туады . Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді .
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип , яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (басшы , башшы емес ) , сөз шекарасында да ( боз құнан , бозғұнан емес ) біріккен сөздерде де ( Үмбетбай , Үмбетпай ) емес сақталып жазылады .
Тілімізде орыс тілінен енген , аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар ( Ленинград , клуб , педагог тб ) бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады , яғни д , г, б дыбыстары қатаңдап т , к , п дыбыстарына айналып айтылады . Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады : Ленинградқа, педагогке , клубтан т. с .с . Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі . Қысқасы жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді .
Сауат ашу кезеңдерінде жазу жұмыстарына қойылатын талаптар .
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады . Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады :
а ) әріпті дұрыс жазу , дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау ;
ә ) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды - қысқалы етпей , тегіс , бірдей жазу .
б ) әріптердің бірін оңға , бірін солға қисайтпай , барлық әріпті бірдей , оңға қарай , сәл көлбете ( 45 ) жазу ;
в ) әріптердің , сондай - ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап ( сөздер бір - бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс ) отыру .
г ) бірте - бірте жазу қарқынын тездете түсу .
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс .
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар :
а ) дәптер партаның үстіне , баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып сәл көлбетіле ( оңға 65 ) қойылады ;
ә ) бала басын оңға не солға , иықтарын кеудесін алға не артқа қисайтпай , аяқтарын қатар қойып , алдына түзу қарап отырады .Бұл олардың омыртқалары , көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет ;
б ) балалар табандарын еденге ( партаның табан тақтайына ) еркін басып отырады . Тізені қатты бүкпей , бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай , аяқтарын я алға , я артқа сілтемей отырғаны дұрыс ;
в ) партаға көкіректі тіремеу керек . Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады ;
г ) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан 3 см - дей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн ;
д ) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25 - 30 см сақталуға тиіс .
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек . Өйткені ұзақ уақыт бір - екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе , бала шаршайды да , сабаққа зейін қоюдан қалады , сондықтан 3 - 5 минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп , сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды . Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет . Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы ( жазба таңбасы ) берілген . Сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады , ал сауат ашу аяқталғаннан кейін , баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі . Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа , буынға талданады .
Жазу сабағына қойылатын педагогикалық талаптар .
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін , олардың зейін , қабылдау , ес , ойлау , қиял ерекшеліктерін , сезім , ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білуі керек . Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз , оның толқуы сабақ үстінде кушті , ал бөліну қасиеті мүлде жоқ , көлемі өте шағын болады . Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап - ақ балаларды тыңдай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz