Етістіктің морфологиялық сипаттары



Мазмұны
Кіріспе 2
1. Етістік 3
1.1. Етістіктің түрлері 4
1.1.1. Сабақты және салт етістік 4
1.1.2. Болымды және болымсыз етістік 4
1.1.3. Етіс 4
1.1.4. Көсемше 5
1.1.5. Есімше 5
1.1.6. Тұйық етістік 5
1.2. Етістіктің шақтары 6
1.2.1. Осы шақ 7
1.2.2. Келер шақ 8
1.2.3. Өткен шақ 9
1.3. Етістіктің райлары 13
1.3.1. Ашық рай 14
1.3.2. Бұйрық рай 14
1.3.3. Шартты рай 16
1.3.4. Қалау рай 17
2. Етістіктің морфологиялық сипаттары 19
2.1. Жалаң етістіктер 19
2.2. Күрделі етістіктіер 20
2.3. Етіс формалары 21
2.4. Етістіктердің мағыналары 21
3. Етістікті оқыту әдістемесі 23
Қорытынды 37
Пайдаланған әдебиеттер 38
Кіріспе
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.
Заттың қимылын, амалын, жай-күйн білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістік не істеді? не істейді? не қылған? деген сұрақтарға жауап береді. СөйлемнІң баяндауыш, пысықтауыш қызметін атқарады.
Тұлғасына қарай етістік негізгі, туынды түбір болып бөлінеді.
Негізгі түбір етістіктер — қүрамы бөлшектеуге келмейтін. біртұтас морфемадан тұратын сөздер. Туынды түбір етістіктер сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалатын құрамы ең кемі екі морфемадан тұратын сөздер.
Қимыл, амал-әрекеттің жасалу мезгілін етістіктің шақ категориясы білдіреді. Етістіктің шақтарының ішкі мәнін анықтауда сөйлеушінің хабарлау кезі негізгі тірек нүкте қызметін атқарады. Қимыл-әрекеттің жасалу мезгілі сейлеушінің хабарлаған кезіндегі не одан бұрынғы, не хабарлап тұрған кезден кейінгі болып жіктелген. Осы ерекшелікке сай етістіктің шақтары үшке бөлінеді. Олар: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Тілде қимылдың жасалуының осы мағынасын білдіретін әр шақтың арнаулы морфемалары бар.
Рай категориясы қимылдың болмысқа катысы туралы сөйлеушінің түсінігін, көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде 4 түрлі рай бар: 1. Бұйрық рай. 2. Қалау рай. 3. Шартты рай. 4. Ашық рай.
Пайдаланған әдебиет
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ЫСБН 9965-08-235-9
2. А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.
3. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз ТарМУ 2003 ж.
4. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі Алматы, «Қайнар» 1993. Исаев С.М. Назарғалиев К., Даулетбекова Ж., Қазақ тілі 6-сынып /оқулық/.
5. Исаев С.М. Қосымова Г. Қазақ тілі 7-сынып. Алматы, «Атамұра» 2003.
6. Қараев М.Ә., Қазақ тілі Алматы, «Ана тілі» 1993.
7. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы Алматы, «Мектеп» 1988 ж.
8. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы Алматы, «Кітап» 1998 ж.
9. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Ана тілі» 1991.
10. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері Алматы, “Қазақ университеті” 1993ж
11. Даулетбекова Ж. Қазақ тілі /оқыту әдістемесі нұсқаулық/ 6-сынып. Алматы, «Ата мұра» 2002.
12.Исаев С., Қосымова Г., Назарғалиева К. Қазақ тілі /оқыту әдістемесі нұсқаулық/ 7-сынып, Алматы, «Атамұра» 2003.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Етістік 3
1.1. Етістіктің түрлері 4
1.1.1. Сабақты және салт етістік 4
1.1.2. Болымды және болымсыз етістік 4
1.1.3. Етіс 4
1.1.4. Көсемше 5
1.1.5. Есімше 5
1.1.6. Тұйық етістік 5
1.2. Етістіктің шақтары 6
1.2.1. Осы шақ 7
1.2.2. Келер шақ 8
1.2.3. Өткен шақ 9
1.3. Етістіктің райлары 13
1.3.1. Ашық рай 14
1.3.2. Бұйрық рай 14
1.3.3. Шартты рай 16
1.3.4. Қалау рай 17
2. Етістіктің морфологиялық сипаттары 19
2.1. Жалаң етістіктер 19
2.2. Күрделі етістіктіер 20
2.3. Етіс формалары 21
2.4. Етістіктердің мағыналары 21
3. Етістікті оқыту әдістемесі 23
Қорытынды 37
Пайдаланған әдебиеттер 38

Кіріспе
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.
Заттың қимылын, амалын, жай-күйн білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістік не істеді? не істейді? не қылған? деген сұрақтарға жауап береді. СөйлемнІң баяндауыш, пысықтауыш қызметін атқарады.
Тұлғасына қарай етістік негізгі, туынды түбір болып бөлінеді.
Негізгі түбір етістіктер -- қүрамы бөлшектеуге келмейтін. біртұтас морфемадан тұратын сөздер. Туынды түбір етістіктер сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалатын құрамы ең кемі екі морфемадан тұратын сөздер.
Қимыл, амал-әрекеттің жасалу мезгілін етістіктің шақ категориясы білдіреді. Етістіктің шақтарының ішкі мәнін анықтауда сөйлеушінің хабарлау кезі негізгі тірек нүкте қызметін атқарады. Қимыл-әрекеттің жасалу мезгілі сейлеушінің хабарлаған кезіндегі не одан бұрынғы, не хабарлап тұрған кезден кейінгі болып жіктелген. Осы ерекшелікке сай етістіктің шақтары үшке бөлінеді. Олар: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Тілде қимылдың жасалуының осы мағынасын білдіретін әр шақтың арнаулы морфемалары бар.
Рай категориясы қимылдың болмысқа катысы туралы сөйлеушінің түсінігін, көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде 4 түрлі рай бар: 1. Бұйрық рай. 2. Қалау рай. 3. Шартты рай. 4. Ашық рай.

1. Етістік
Етістіктің жұрнақтары есімнен етістік тудыратын жүрнақтар және етістіктен етістік тудыратын жүрнақтар болып екі топқа белінеді.
А. Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақтар
1. -ла, -ле, -да, -де- -та, -те: тазала, шегеле, қолда, көзде, ақта, көкте.
2. -лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен: көңілден, тамақтан, ашулан, еңбектен.
3. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: ақылдас, көмектес, оқиғалас.
4. -лат, -лет, -дат, -дет, -тат, -тет: думандат, өлеңдет, желдет.
5. -а, -е: сана, жаса, теңе, түне, орна, мөлдіре, қина, ойна,
6. -ар, -ер, -р: ағар, көгер, суар, ескір, тазар.
7. -ай, -ей, -й: азай, көбей, қарай, мұқай, есей.
8. -ық, -ік: жолық, кезік, тарық, бірік, толық.
9. -сы, сі: шешенсі, адамсы, менменсі, еркінсі.
10. -сын,-сін: жерсін, көпсін, азсын, жүрексін т. б.
Ә. Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
Етістіктен етістік жасайтын өнімді жұрнақтарға етіс жұрнақтары жатады.
1. -ын, -ін, -н: жуын, киін, таран,
2. -ыл, -іл, -л: қосыл, айтыл, (-ды), кесіл, (ді), қойыл, (ды).
3. -дыр, -дір, -тыр, -тір: алдыр, келтір, киіндІр, күлдір, айттыр.
4. -т: сөйлет, келтірт, тарат, қарат.
5. -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз: айтқыз, бергіз, жүргіз, барғыз, өткіз.
6. -ыс, -іс, -с: сөйлес, ақтас, айтыс, кешіріс.

1.1. Етістіктің түрлері
1.1.1. Сабақты және салт етістік
Заттың, кісінің ісін, әрекетін, қимылын білдіретін етістіктерді сабақты етістік дейміз. Сабақты етістіктің қимылы объектіге ауысып түседі де, ол объектінің табыс септікте тұруын керек етеді. Мысалы: Мен бұл кітапты оқығанмын. Сабақты етістіктен байланыстыра кімді? нені? (не?) деген сұрақ қоюға болады: кімді жіберді? кімді көрді? нені берді? нені алды?
Заттың, кісінің күйін білдіретін, табыс септеудегі тура толықтауышты меңгере алмайтын етістікті салт етістік дейміз. Мысалы: отыр, күл, қуан, үйықта.

1.1.2. Болымды және болымсыз етістік
Қазақ тіліндегі барлық етістіктер болымды, болымсыз болып бөлінеді.
Болымсыз етістіктер болымды етістіктердің түбіріне ма, -ме, (-ба, -бе, -па, -пе) жүрнағын жалғау арқылы жасалады. Мысалы: бар -- барма, көтер -- көтерме, сөйле -- сөйлеме, сөйлес -- сөйлеспе, шық -- шықпа, шығар -- шығарма, жаз -- жазба, жалғыз -- жазғызба.
Болымсыз етістіктің жұрнағы сүрау шылауымен тұлғалас. М ы с а л ы: Сен бүгін келдің бе? Ол осыны түсіне ме? Суретті ол салған ба? Бүл мысалдарда сұрау шылауы көсемше, есімше, жіктік жалғауына аяқталған сөздерден кейін келіп тіркесіп, сөйлемге сұрау мағынасын беріп түр.
Етістіктің болымсыздық жұрнағы -- сөзде көсемше, есімше, рай жұрнақтарын, жіктік жалғаудан бұрын қолданылатын қосымша. Мысалы: көрме-й-дІ, кел-ме-ген, айт-па-й-мын, ал-ма-ғай-сың, бер-ме-се. Етістіктің жүрнағы өзі жалғанған сөзіне болымсыздық мағына береді.

1.1.3. Етіс
Қимылдың объекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістіктің түрін етіс дейміз. М ы с а л ы: Олар сөйлесті, Мұнда етіс қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіріп тұр. Ол таранды дегенде, етіс қимылдың объектісі мен субъектісінің бір зат екенін білдіреді.
Етіс төрт түрлі: 1. Өздік етіс. 2. Ырықсыз етіс. 3. Өзгелік етіс. 4. Ортақ етіс.

1.1.4. Көсемше
НегІзгі қимыл амалды және негізгі қимылды айқындайтын қосымша қимылды білдіретін етістіктің түрін көсемше дейміз. Мысалы: Ол келе жатыр, Сен оқып жүрсің. Бұлардағы негізгі қимылды білдіретін етістіктер (келе, оқып) көсемше формасында түр. Сен күлімсіреп қарадың. Ол ентігіп сәйледі дегендер де негізгі қимылды қарадың, сөйледі етістіктері білдіреді. Олардағы күлімсіреп, енгітіп деген көсемшелер негізгі кимылдың қалай жасалғаныи білдіретін қосымша қимылды білдіреді.
Қөсемше қалай? қайтеді? не істеп? қайтк ел і? сияқты сұрақтарға жауап береді.
Көсемше етістіктің түбіріне төмендегі жүрнақтардын жалғануы арқылы жасалады:
1. -ып,іп,-п: жазып, келіп, санап.
2. ~а, ~е, -й: бара, келе, санай.
3. -ғалы, -гелі, -цалы, -келі: барғалы, келгелі, айтқалы, кеткелі.

1.1.5. Есімше
Есім сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрін есімше дейміз. Мысалы: Оқыған адам, білгеннен үйрен.
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:
1. -қан,-кен,-ған,-ген: барған, кеткен.
2. -ар, -ер, -р, -с: барар, келмес.
3. -атын,-етін: баратын, келетін,

1.1.6. Тұйық етістік
Жақтық, шақтық мағынада қолданылмайтын, етістіктің есімге ұқсас түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістік у жүрнағы арқылы жасалады. Мысалы: келу, беру, көру, түсіну, ұялмау.

1.2. Етістіктің шақтары
Етістіктің кимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың ету мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Шақ, кез, сәт, уақыт, мерзім сөздері -- мезгілдін синонимдері.
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдын мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болуы мүмкін: 1) үнемі қайталанатын, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрган кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет; 2) сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен кимыл, іс-әрекет; 3) сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін әйтеуір болуға тиісті қимыл, іс-әрекеттер. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Ы. А.). Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі (А.). Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр. Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр (Ж. Ж.). Бұл сөйлемдердегі салғызды, қалмайды, құлпырар, жатыр етістіктері мезгіл (шақ) мағынасын білдіруі жағынан бірдей емес. Салғызды, деген салғызу кимылының сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін білдірсе, қалмайды, құлпырар етістіктері қалмау, құлпыру қимылдарының әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын, ал жатыр етістігі бұл қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып отырғанын білдіріп тұр.
Бірақ мезгіл мағынасы бар сөздің бәрі бірдей шақ мәнін білдіре бермейді. Мысалы, кеше, бүгін, ертең, биыл сияқты сөздер мезгілдік мән білдірсе де, олардың шақтық қасиеті жоқ. Өйткені бұл сөздерде шақтық мағынаны білдіріп тұратын грамматикалық тұлға жоқ. Демек, шақтык мағына сөздің жалпы мағынасынан ғана көрінбейді, ол мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық тұлға болу керек. Сондай-ақ ондай сөздердің мезгілдік мәні шақтық жағынан кейде айқын да бола бермейді. Мысалы, бүгін, биыл деген сөздер сөйлеп тұрған кездегі мезгілді білдіретін сияқты. Егер бүгін, биыл, отыр десек, мезгілдік мағына -- сөйлеп тұрған сәтті білдіреді. Ал бүгін, биыл отырған (отырыпты) дегеңде өткен мезгілді, бүгін, биыл, отырар (отырмақ) болса, әлі болмаған мезгілді білдіреді. Міне, осыдан анық көрінетіндей, шақтық мағына жекелеген мезгілдік мәндегі сөздер арқылы емес, етістіктің грамматикалық тұлғасы арқылы беріледі.
Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалары мен етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Шақтық мағына осы тұлғалар арқылы дара етістікте де (кел-іп-ті, кел-ер), күрделі етістікте де (келіп отыр, келіп кет-кен, келіп кет-пек) беріліп отырады.
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де үшеу. Сөйлеп тұрган сәтке байланысты яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді.
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол аркылы жақтық мағына берілді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады: оқы-ған-мын, оқы-р-сың, бар-ып-ты, бар-ды-м, бар-мақ-сың т. б.
Күрделі етістікте жіктік жалғау оның құрамындағы көмекші етістікке жалғанады: сөйлеп отыр-ған-сың, сөйлеп отыр-ар-мын.
Шақтар:
1. Осы шақ
2. Келер шақ
3. Өткен шақ

1.2.1. Осы шақ
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналык белгілері:
1. Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді. 2. Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекеттерді көрсетеді.
1. Трактор жер жыртып жүр. Нұрлан хат жазып отыр. Мал өрісте жатыр. Осы сөйлемдегі жыртып жүр, жазып отыр, жатыр етістіктері -- сөйлеп тұрған сәттегі қимылдар. 2. Трактор жер жыртады. Нұрлап хат жазып тұрады. Мал өрісте жатады.
Бұл сөйлемдердегі жыртады, жазып тұрады, жатады етістіктері -- қалыптасқан, дағдыға айналған іс-әрекеттер. Міне осылай, етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде қайталанып тұратынын және сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіреді.
Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.

1.2.2. Келер шақ
Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрган сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге келеңсіңдер.
Бұл сөйлемдегі бармақ, келесіңдер деген етістіктер бару, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.
Келер шақтың түрлері:
Келер шақ мағынасы мен жасалуына карай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді.
1. Болжалды келер шак.
Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың сіздер кел-ме-с-сіздер.
Ескерту: Болжалды келер шақ -- с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады: барма-с-пын, келме-с-пін. Кейде I жақ жіктік жалғауы -пын, -пін ықшамдалып -н түрінде ғана жұмсалады. Мысалы, бар-ма-с-пын -- бар-ма-н, сөйле-ме-с-пін- сөйле-ме-н болып та колданыла береді. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай).
2. Мақсатты келер шақ.
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Мақсатты келер шак етістіктің түбіріне -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пак,, -пек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-пын, Сіз ерте кет-пек-сіз.
Етістіктің -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағынын үстіне -шы, -ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстеулі (жіктелуі) арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын. Сен ерте кет-пек-ші-сіз.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, және -шы, -ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады. Мысалы: кел-мек-ші, емес-пін, бар-мақ емес-сің.
Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі. Жақ жекеше көпше
I. Бармақпын, бармақшымын бармақпыз, бармақшымыз
бармақсыңдар, бармақшысың-дар
II. бармақсың, бармақшысың бармақсыздар
бармақсыз, бармақшысыз бармақшысыздар
III. бармақ-, бармақшы-, бармак,-, бармақшы-.
3. Ауыспалы келер шақ.
Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасаладьг. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде тунделетіп... деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы осы шақ мағынасын білдіріп тұр. Ол ертең тұрады. Ауылға меп кешке келемін деген сөйлемдердегі тұрады, келеміп етістіктері ауыспалы келер шақ мағынасын беріп тұр.
Ауыспалы келер шақтык ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнін білдіретін басқа сөзден де байқалып отырады. Жоғарыдағы мысалдағы ертең және кешке сөздері осындай мән беріп, қызмет атқарып тұр.
Мына мысалдарды салыстырып көріңдер.
Осы шақ келер шақ
Ол мектепте окиды. Ол сабағын кешке оқиды.
Бұл жерде ағаш өседі. Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі.
Мен ылғи ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын.
Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады.
Ескерту: Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта I жақ жіктік жалғауы (-мын, -мін) кейде ықшамдалып, -м түрінде жалғанады: айт-а-мын, -- айт-а-м, кел-е-мін -- кел-е-м, сөйле- й-м.
Бірінші жақтың мұндай ықшамдалып қолданылуы көбіне ауызекі сөйлеу тіліне тән.

1.2.3. Өткен шақ
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде сен оннан асқансың. Шалдың бір баласы болыпты. Демалыста оқушылар қалаға баратын.

Берілген мысалдағы бітірді, оқыдым, асқансың, болыпты, баратын деген етістіктер бітіру, оқу, асу, болу, бару қимылдарының (іс-әрекеттерінің) болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.
Өткен шақтың түрлері:
Өткен шақ мағынасы мен жасалуына карай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеліп колданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м. Сен үйге келме-ді-ң.
Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі. Жақ жекеше көпше
I. келдім, айттым, алмадым келдік, айттық, алмадық
II. келдің, айттың, алмадың келдіңдер, айттыңдар,алмадыңдар келдіңіз, айттыңыз, алмадыңыз келдіңіздер, айттыңыздаралмадыңыздар
III. келді-, айтты-, алмады-. келді-, айтты-, алмады-.
Осы кестеден көрінетіндей, жіктік жалғаулары жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікке ерекше түрде жалғанады: жақ жекеше және көпше.
Жедел өткен шақтың жұрнағы (-ды, -ді, -ты, -ті) мен III жақтың жіктік жалғауын (-ды, -ді, -ты, -ті) шатастырмау керек. Бұл қосымшалардың тұлғасы, дыбысталуы бірдей болғанмен, мағынасы, қызметі баска-басқа. III жақ жіктік жалғауы шақ мағынасын білдірмейді, ал жедел өткен шақ жұрнағы жақ мағынасын білдірмейді. Мысалы, барып-ты, бара-ды деген сөздерде соңғы -ты, -ды жалғаулары шақ (жедел өткен шақ) мағынасын беріп тұрған жоқ, қимылдың 3-жақ (ол) арқылы болатынын білдіріп тұр. Бұл сөздердегі шақтық мағына ол жалғаудың алдында тұрған -ып, -а, тәрізді көсемше жұрнақтары арқылы берілген. Керісінше бар-ды дегенде -ды жұрнағы шақ мағынасын (жедел өткен шақта) беріп тұр да, III жақ мағынасын білдіріп тұрған жоқ. Өйткені I және II жақтарда (бар-ды-м, бар-ды-қ және бар-ды-ң, бар-ды-ңыз, бар-ды-ңдар, бар-ды-ңыздар) да жедел өткен шақ қосымшасы (-ды) сақталады, 3-жақта арнайы жалғау жоқ.
III жақтың жіктік жалғауы тек көсемшенің -ып, -іп, -п және -а, -е, й жұрнағынан кейін ғана жалғанады: кел-іп-ті, қара-п-ты, кел-е-ді, қара-й-ды. Ал жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және туыңды түбірлеріне және етіс, болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады: кел-ді, қара-ды, кел-тір-ді, қара-т-па-ды т. б.

2. Бұрынғы өткен шақ.
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылга барыпты. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
а) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: (мен) бар-ған-мын, (сен) кел-ген-сің, (ол) айт-қан.
Бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісі.
Жақ жекеше көпше
I. айтыппын, келіппін айтыппыз, келіппіз
II. айтыпсың, келіпсің айтыпсыңдар, келіпсіңдер
айтыпсыз, келіпсіз айтыпсыздар, келіпсіздер
III. айтыпты, келіпті айтыпты, келіпті
I. айтқанмын, келгенмін айтқанбыз, келгенбіз
II. айтқансың, келгенсің айтқансыңдар, келгенсіңдер
айтқансыз, келгенсіз айтқансыздар, келгенсіздер
III. айтқан-, келген-, аитқан-, келген-,
Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге е(еді) көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады. Есімше түрінде е көмекші етістігі екен түріңде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде е (еді, екен) көмекші етістігі ғана жіктеледі. Бұрынғы өткен шақ күрделі түрінің жіктелу үлгісі.Жақ жекеше көпше
1. оқыған едім (екенмін), оқыған едік (екенбіз) оқып едім оқып едік
2. оқыған едің (екенсің), оқыған едіңдер (екенсіңдер) оқып едің оқып едіңдер
оқыған едіңіз (екенсіз), оқыған едіңіздер(екенсіздер) оқып едіңіз оқып едіңіздер
3. оқыған еді (екен), оқыған еді (екен), оқып еді оқып еді
Ескерту: Бұрынғы өткен шақтың есімшеден болған (мысалы, білгенмін, оқығансың) және еді көмекші етістігінен кұралған күрделі (мысалы, білген едім, біліп едім) түрлері тұжырымды, айғақты мәнді білдіреді. Ал көсемшеден болған (мысалы, біліппін, оқыгансың) және екен көмекші етістігінен кұралған күрделі (мы-салы, білген екенсің, білген екен) түрі айғақсыз мәнді білдіреді, сөйлеушінің көзі толық жетпейтіндігін байқатады. Сондықтан да бұрынғы откен шақтың бұл түрі ертегілерде жиі кездеседі. Мысалы: Баяғыда бір кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Ол бала тентек болып өсіпті т. б.
3. Ауыспалы өткен шақ.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Сен кітапханаға қашан баратын едің? Бірінші сөйлемде бару кимылының болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірак болуға тиісті екекін аңғарамыз,
Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістзгімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.
Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі.
көретінмін, қарайтынмын баратын едім
көретінсің, қарайтынсың баратын едің
көретінсіз, қарайтынсыз баратын едіңіз
көретін-, қарайтын-, баратын еді-, көретінбіз, қарайтынбыз баратын едіқ
көретінсіңдер, қарайтынсыңдар баратын едіңдер
көретінсіздер, қарайтынсыздар баратын едіңіздер
көретін-, қарайтын-,баратын еді,-
Ескерту: Есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін түрінде тіркесіп, жіктеліп қолданылған еді көмекші етістігінен жасалған етістіктің күрделі түрі бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ мәнінде жұмсала береді. Оның шақтык мағынасы көбінесе ол етістікпен тіркескен басқа сөзден айқындалып тұрады. Мысалы: Ол ауылға жиі баратын еді. Ол ауылға бүгін (ертең) баратын еді. Бірінші сөйлемде жиі деген сөздің арқасында бару кимылының болып кеткендігін байқаймыз (ауыспалы өткен шақ). Екінші сөйлемде бүгін (ертең) сөздері арқылы бару қимылының әлі болмағандығын аңғарамыз (ауыспалы келер шақ).

1.3. Етістіктің райлары
Сөйлемде етістік кимылды, іс-әрекетті, жай-күйді білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге сол кимылдың, іс-әрекеттің, жай-күйдін өтуі, бір жағынан, айтушының я сөйлеушінің пкірімен екінші жағынан, ол пікірдің ақикат шындыққа қатысын білдірумен байланысты болып отырады. Мысалы: Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, темір кессең, қыска кес, ұзартуың онай (мақал). Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Жүзі жылы жандарды құшақтағым келеді (Қ. Б.).
Бұл мысалдағы кессең және кес, жазбаймын, құшақтағым келеді деген етістіктер кесу, жазбау, құшақтау кимылын, іс-әрекетін білдіріп қана тұрған жоқ, сонымен бірге сол қимыл, іс әрекеттің орындалу шартын (кессең), орындалуын талап етуін (кес), белгілі бір мезгілде, шақта іске асуын, орындалуын хабарлауды (жазбаймын), орындалу ниетін, жүзеге асуда ықыласын (кұшақтағым келеді) білдіріп, сөйлеушінің шындыққа, болмысқа деген пікірін, көзқарасын айқындап тұр. Бұл мағыналар белгілі грамматикалық тұлғалар аркылы берілген. Мысалдағы кессең де-гендегі шарттылық -- се жұрнағы арқылы, кес дегендегі талап ету, бұйрық мәні 2-жақ бұйрықтық тұлға (формасыз тұлға немесе нольдік форма) арқылы, жазбаймын дегеңдегі қимылдың белгілі шақта орындалуы көсемшенің -й жұрнағы арқылы, құшақтағым келеді дегендегі қимылдың болу ниеті, ықыласы етістік түбіріне -ғы жұрнағы және одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып, оған кел көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалған.
Сөйтіп, сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа катысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады.
Етістіктің райлары кимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай және қалау рай.
1) Сөздің түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан өзгеше басқа грамматикалық мағынаның арнайы грамматикалық формасыз, сырттай түбір мен немесе басқа тұлғамен сәйкес түрде берілуін формасыз тұлға немесе нольдік форма деп атайды. Оған мысалы, жіктік жалғаудың 3-жағы (мен келсе-м, ол келсе-), бұйрық райдың 2-жағы (сен кел-,) жатады. Бала, келді, келген деген сөздерді жіктесек (жекеше: мен бала-мын, келді-м, келген-мін 2-ж. сен бала-сың, келді-ң, келген-сің, 3-ж. ол бала-, келді-, келген-,) III жақта жалғанған жалғау жоқ, сен кел, сен оқы дегендегі бұйрықтық мағына арнайы формасыз (жалғаусыз) сырттай етістік түбірімен сәйкес тұлға арқылы беріліп тұр. Ал шынында етістіктің түбірінде бұйрықтык мағына болмайды: келген, келіпті дегенде түбірі -- кел, онда ешқандай бұйрықтық мағына жоқ.

0.1.1. Ашық рай
Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы аркылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрскет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, кимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуга тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашык райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді.
Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (Ж. Ж.).
Берілген мысалдағы отыр, келемін, шашпақ, жырттық, қайнады, салдық деген етістіктер белгілі бір шақты білдірумен қатар сөйлеушінің соған байланысты пікірін, шындық деп баяндауын білдіріп тұр: әркімнің өз ойымен отыруы, (нақ осы шақ); сөйлеушінің тау ішінде түнделетіп келе жатуы (ауыспалы осы шақ); сөйлеушінің мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ болуы (мақсатты келер шақ); сөйлеушінің жер жыртуы, егін салуы және еңбектің қайнауы (жедел өткен шақ).
Сөйтіп, етістіктің үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді ашық рай дейміз.

0.1.2. Бұйрық рай
Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттің тыңдаушыға (П-жақ) я бөгде біреуге (3-жақ) немесе өзіне (І-жақ) қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды (Ж. Ж.). Ғылым таппай мақтанба (А). Қызсын еңбек, қайнасын күш майданда (И. Б.). Мен жазайын сізге хат, Оқып көрсін ол шындап (А.).
Мысалдағы тыңда, мақтанба, қызсын, қайнасын, жазайын, көрсін деген етістіктер белгілі бір жаққа қаратыла бұйыра, талап етіле айтылып тұр: (сен) тыңда, мақтанба (2-жақ), (ол) қызсын, қайнасын, көрсін (3-жак), (мен) жазайын (І-жақ).
Сөйтіп, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.
Етістіктін бұйрық рай тұлғасы бұйрықтық мағынамен бірге талап, тілек ету, ниет мағыналарын да білдіреді. Әдетте бұйрықтық, талап ету мағынасы II және III жақтарда анық көрінеді де, I жақта ол көбіне ниет ету мәнінде келеді.
Етістіктің басқа рай түрлеріне қарағанда, бұйрык райдың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең басты ерекшелік бұйрык райдың жасалуынан көрінеді. Егер басқа рай түрлері етістік түбірлеріне белгілі жұрнақтар жалғануы арқылы жасалып, одан кейін жіктеліп келсе, бұйрық рай түрі жұрнақ арқылы жасалмай, етістік түбірлердің ерекше жіктелуі арқылы, яғни жіктік жалғаулары арқылы жасалады. Ол жіктік жалғаулары етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына бірдей жалғана береді.
Екінші ерекшелік -- бұйрық райдың II жақ анайы түрінің арнайы қосымшасы болмай, сырттай ғана тұлғасы жағынан етістіктің негізгі және туынды түбір тұлгасымен, етіс және болымсыз етістік тұлғаларымен сәйкес, ұқсас келеді. Мысалы: (сен) кел, ойла, барғызба, сөйлетпе. Ал екінші жақ анайы көпше түрінде -ық, -іқ, -ң, жалғауының үстіне -дар, -дер, кептік жалғауы үстеледі. Мысалы: (сендер) кел-ің-дер, бар-ың-дар, сөйле-ң-дер.
Бұйрық райдың екінші жак сыпайы түрі етістік түбіріне -ңыз, -ңіз, -ықыз, -іңіз жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (сіз) кел-іңіз, бар-ыңыз, сөйле-ңіз. Екінші жақ сыпайы түрінің көпшесі осы жекеше түрінде -дар, -дер көптік жалғауы жалғану аркылы жасалады. Мысалы: (сіздер) кел-ңіз-дер, бар-ыңыз-дар, сөйле-ңіздер.
Бұйрық райдың 3-жағы (жекешесі де, көпшесі де) етістік түбіріне -сын, -сін жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: (ол) кел-сін, бар-сын, сөйле-сін.
Бұйрық райдың I жағы етістік түбіріне (жекеше) -айын, -ейін, -йын, -йін көпше -айық, -ейік, -йық, -йік жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (мен) кел-ейін, бар-айын, (біз) кел-ейік, сөйле-йік, бар-айық.
Ескерту: Етістіктің бұйрық рай түріне кейде -шы, -ші жұрнағы жалғанып та жұмсала береді. Ондайда бұйрық райлы етістік бұйрық, талап ету мағынасынан гөрі өтініш, тілек, жалыну мағынасын білдіреді. Мысалы: (мен) алайын -- алайыншы, (сен) ал -- алшы, (сіз) алыңыз -- алыңызшы, (ол) алсын -- алсын-шы. Сондай-ақ шартты райдың -са, -се тұлғасының II жағынан кейін жалғанған -шы, -ші жұрнағы да бұйрық, тілек, өтініш мағынасын білдіреді. Мысалы: (сен) барсаңшы, (сіз) барсаңызшы, (сендер) барсаңдаршы, (сіздер) барсаңыздаршы

0.1.3. Шартты рай
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, оқыт-са, айтпа-са.
Шартты рай тұлғасына жіктік жалғауы жалғанып қолданылады. Бірақ шартты рай тұлғасы тиянақты бола алмайды. Сондықтан шартты райдағы етістік жіктелгенмен, сөйлемді тиянақтап, аяқтап тура алмайды: басқа бір етістікпен кейде көмекші етістікпен іліктесіп, тіркесіп келеді, я бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрады. Мысалы: ...Жарқырап бір көрінсек дейміз (Ғ. Мұст). Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа (мақал). Бірінші мысалда көрінсек деген шартты райлы етістік дейміз көмекші етістігімен тіркесіп келуі арқылы ғана сөйлемді аяқтап, тиянақтап, ойдың шартын білдіріп тұрса екінші мысалда жанассақ деген шартты райлы етістік II жақта жұмсалып бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде қолданылған, басыңқы сөйлемнің шартын білдіреді, бірақ өзі сөйлемді тиянақты ете алмай тұр.
Сөйтіп, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалатын рай түрі шартты рай деп аталады.
Шартты рай етістіктің жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі: I жақта жекеше -м, көпше -қ, -к, II жақта анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ндер, сыпайы жекеше -ңыз, -ңіз, көпше -қыздар, -қіздер жалғаулары жалғанады да, III жақтың арнайы жалғауы болмайды.
Шартгы райдың жіктелу үлгісі.
I. барсам, көрмесем, оқытсам барсақ, көрмесек, оқытсақ
II. барсаң, көрмесем, оқытсаң барсаңдар, көрмесеңдер, оқытсаңдар барсаңыз,көрмесеңіз, оқытсаңыз барсаңыздар, көрмесеңіздер, оқытсаңыздар
III. барса-, көрмесе-, оқытса- барса-, көрмесе-, оқытса-,
Ескерту: 1. Шартты рай жұрнағы -са, -се жалғанған етістік әрқашан қимылдың, іс-әрекеттің болу шартын білдіре де бермейді. Мысалы: Мен болсам ауылда калдым. Оның окуы бітсе керек еді ғой. Бұл мысалдағы болсам, бітсе деген етістіктер шартты рай тұлғасында жіктеліп (I және III жақ) тұрса да, ол іс-әрекеттің ешбір болу шартын білдіріп тұрған жок.
2. Шартты рай тұлғасындағы етістік бағыныңқы сөйлемнін баяндауышы кызметінде келіп, мезгілдік мағынаны және да, де, та, те шылаумен тіркесіп, қарсылықты мағынаны білдіреді. Мысалы: Мен келсем, сен кетіп қалыпсың. Сен айтпасаң да, мен оны біліп отырмын. Берілген мысалдағы келсем, айтпасаң да деген шартты рай тұлғалы етістіктер өздері бағыныңқы сөйлемнін баяндауышы болып, келесі басыңқы сөйлемнің мезгілін және оған қарсы мағынаны білдіріп тұр.
3. Шартты райлы етістік I жақ жіктік жалғауында тұрып, оған -шы, -ші жұрнағы жалғанса, ол кейде өкіну, налу мағынасын білдіреді. Мысалы: Оның атын сұрасамшы. Оның осында келетінін білсемші. Ауылға барғанша, кұрылысқа қалсаңшы.

0.1.4. Қалау рай
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың. Берілген мысалдардағы оқығым келеді, жетсе игі еді, айтқайсың деген етістіктер іс иесінің (мен) оқу іс-әрекетін, (ол) үйіне жету кимылын, (сен) айту іс-әрекетін қалау мәнін, соған ынтасын білдіріп тұр.
Қалау рай мынадай жолдармен жасалады.
1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде III жақта қолданыла береді. Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді, (-еді, -іпті, -ген, -ер), (сенің) бар-ғы-ң кел-еді, (-ді, -пті, -ген, -ер), (сіздің) бар-ғы-ңыз кел-ер, (-ді, -іпті, -ген, -ер), (оның) бар-ғы-сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер) (біздің) кет-кі-міз кел-ген (-ді, -еді, -ер, -іпті), (сендердің) кет-кі-лерің кел-ді. Демек, калау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып жіктеледі.
2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді.
3. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай-мын, (сен) бар-ғай-сың, (сіз) бар-ғай-сыз, (ол) бар-ғай. Кейде -ғай, -гей, -қай, -кей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те қалау рай жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай едім, (сен) барғай едің, (сіз) барғай едіңіз, (ол) барғай еді.
Қалау райдың бұл жасалу жолы сирек кездеседі.
Қалау райдың жіктелу үлгісі.Жақ -ғы, -гі, -кы, -кі, -кел -са, -се, - игі еді -ғай, -гей, -қай, -кей
1. баргым келді (-еді..) барсам игі еді барғаймын, барғай едім
11. барғың келді(-еді.ң) барсаң игі еді барғайсың, барғай
барғыңыз келді(-еді) барсаңыз игі еді барғайсыз барғай едіңіз
111. барғысы келді(-еді..) барса игі еді барғай, барғай еді
. барғымыз келді(-еді..) барсақ игі еді барғаймыз, баргай едік
. барғыларың келді(-еді) барсаңдар игі еді барғайсыңдар. барғай едіңдер барғыларыңыз келді (-еді..) барсаңыздар игі еді, барғайсыздар, барғай едіңіздер
. барғылары келді (-еді..) барса игі еді, барғай, барғай еді

1. Етістіктің морфологиялық сипаттары
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.
Морфологиялық сипаттары
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.

1.1. Жалаң етістіктер
Жалаң етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Жалаң етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. т.
Түбір етістіктер
Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.
Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.
Туынды етістіктер
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістік күрделі грамматикалық категория
Етістік - - қазақ тіліндегі сөз таптары
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
ЕТІСТІК. ЕТІСТІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Ағылшын тіліндегі тарихи морфология
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Етістік категориялары
Етістіктің ерекшеліктері
Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Пәндер