Бұрғылау және шегендеуші құбырлар.


Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Бұрғылау және шегендеуші құбырлар.
б) Сорапты-компрессорлы құбырлар.
в) Мұнай кәсіпшілік байланыс үшін арналған құбырлар.
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мұнай өндіруде құбырларды скважина бағанасын бекітуге, скважина ішіне канал жасауға, скважинаға жабдықтар түсіруге, кәсіпшілік ішінде мұнайды, газды және суды тасымалдауға қолданылады. Қолданылатын құбырлардың түрлері өте көп, бірақ негізгі үш топқа бөлуге болады:
1. Бұрғылау және шегендеуші құбырлар.
2. Сорапты-компрессорлы құбырлар.
3. Мұнай кәсіпшілік байланыс үшін арналған құбырлар.
Пайдаланау скважиналарының жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге байланысты жұмыстар жүргізу барысында бұрғылау құбырлары қолданылады. Жөндеу және бұрғылау жұмыстары жүргізілетін скважиналардың шегендеуші құбырларының диаметрлерінің кішілігі бұрғылау құбырларының әртүрлі өлшемдерін қолдануды шектейді. Мұнай және газ өндіру кезінде пайдаланатын бұрғылау құбырларының өлшемдері 25. 1- кестесінде көрсетілген.
Кесте 25. 1
Бұрғылау құбырлары жеті беріктік тобына (Д, К, Е, Л, М, Р, Т) жинақталған көміртекті және төмен шынықтырылған болаттардан жасалады. Бұрғылау құбырлары ГОСТ 631-80 бойынша жасалады.
Бұрғылау құбырларының шартты белгілері:
а) Құбыр 140 х 9 Д ГОСТ 631 - диаметрі 140 мм, қабырға қалыңдығы 9 мм, Д беріктік топты болаттан жасалған соңының ішкі беті ұлғайтылған құбыр.
б) Құбыр П 140 х 9 Д ГОСТ 631 - дәл сондай құбыр, тек жоғары дәлдікті жасалған.
в) Құбыр Н 140 х 9 Е ГОСТ 631 - Е беріктік топты болаттан, қарапайым дәлдікпен жасалған соңының сыртқы беті ұлғайтылған құбыр.
г) Муфта Н 140 х 9 Е ГОСТ 631 - сол құбырға муфта.
Сол резьбалы құбыр және муфтаның шартты белгісіне «Құбыр» және «Муфта» сөзіне кейін Л әріпі қойылады.
Бұрғылау құбырлары келесі ұзындықтарда дайындалады :
а) шартты диаметрі 60 - 102 мм - 6, 8 және 11, 5 м;
б) шартты диаметрі 114 - 168 мм - 11, 5 м.
Мұнай өндіру барысында көбіне диаметрі 146 мм ішкі диаметрі 130 мм (қабырға қалыңдығы 8 мм) және диаметрі 168 мм ішкі диаметрі 148 мм (қабырға қалыңдығы 10 мм) шегендеуші құбырлар қолданылады. Газ скважиналары үшін көп қолданылатын шегендеуші құбырлардың диаметрлері 168, 178, 219, және 273 мм.
Шегендеуші құбырлар ГОСТ 632 және ТУ 14-3-71-72 бойынша дайындалады.
Құбырлар келесі диаметрлерде жасалады: 114, 127, 140, 146, 168, 178, 194, 219, 245, 273, 299, 324, 340, 351, 377, 407, 426 және 508 мм. Қабырға қалыңдығы 6 мм-ден 12 мм-ге дейін өзгеруі мүмкін, 1 метр массасы - 16 - 134 кг. Ұзындығы 9, 5 - 13 м.
Шегендеуші құбырлар цементтеуші сақинасымен бірге қабатпен шегендеуші тізбектің ішкі бетін бөле отырып скважинаның құбыр сыртының кеңістігін саңлаусыздандырады.
Шегендеуші құбырлар кез-келген жағдайларда сорапты-компрессорлы құбырлар орнына қолданылады, мысалы үлкен диаметрлі скважинадан 5000-7000 м 3 /тәу су өндіру кезінде. Мұндай пайдалану барысында шегендеуші құбырлардың кемшілігі периодты түрде ажыратып және қосуға резьбаларының жарамсыздығы болып табылады.
Бұрғылау құбырлары да мұндай мақсатта кей жағдайларда қолданылады. Шегендеуші құбырларға қарағанда олар көп металл сыйымдылықты, бірақ резьбалар периодты түрде бұрап ажыратуға және қосуға бейімделген.
Сорапты-компрессорлы құбырлардан (СКҚ) скважинаға түсірілетін тізбектер құралады. СКҚ тізбектері негізінен келесі мақсаттар үшін қызмет атқарады:
- қабаттан өндірілетін сұйықты, сұйық және газ қоспасын немесе газды жер бетіне көтеру;
- скважинаға сұйық немесе газ айдау (технологиялық процесстерді, өндірісті қарқындатуды немесе жер асты жөндеуді жүзеге асыру) ;
- скважинаға жабдықтар түсіру;
Сорапты-компрессорлы құбырлардың шартты белгілері төменде көрсетілгендей:
Е беріктік топты болаттан жасалған диаметрі 60 мм, қабырға қалыңдығы 5 мм құбырлар:
- 60х5-Е ГОСТ 633-80 - тегіс құбырлар үшін;
- В-60х5 ГОСТ 633-80 - соңғының сырты ұлғайтылған құбырлар үшін;
- НКМ-60х5 ГОСТ 633-80 - жоғары саңылаусызданған құбырлар үшін;
- НКБ-60х5 ГОСТ 633-80 - жоғары саңылаусызданған муфтасыз құбырлар үшін.
Тегіс құбырлар дайындалуы оңай, бірақ олардың соңы резьба ойылғандықтан әлсіз болады. Соңының сырты ұлғайтылған құбырлар негізгі денесі бойынша және резьба бөлігінде бірдей беріктікке ие болады. Бұл құбырлар тең беріктікті деп аталады. Олардың муфталарының сыртқы диаметрлері тегіс құбырларға қарағанда үлкен болады. Тегіс және соңы ұлғайтылған сорапты-компрессорлы құбырлдардың конустығы 1:16, профиль бүрышы 60 0 . СКМ және СКБ құбырларының резьбалары конусты, бірақ трапециальды профильді.
Құбырлардың салмағы бойынша А дайындамасы бойынша (өте дәлдікті) ауытқу +6, 5 %-тен -3, 5 %-ке дейін және Б дайындамасы үшін (аз дәлдікті) +8 %-тен -6 %-ке дейін рұқсат етіледі.
Құбырлар болаттың келесі беріктік топтарынан жасалады: Д, К, Е, Л, М, Р. Бұдан басқа Д16Т маркалы алюмин құймасынан жасалуы мүмкін. Бұл құйманың аққыштық шегі шамамен 300МПа, шыдамдылық шегі 110 МПа, салыстырмалы тығыздығы 2, 72. Алюмин құймалы құбырлар болат құбырларға қарағанда едәуір аз салмақты, ал олардың беріктігі аз төмендейді. Яғни, алюмин құймалы құбырларды үлкен тереңдікке түсіруге болады.
Д16Т құймалы құбырлары күкіртсутек бар ортада үлкен коррозиялық төзімділікке ие болады.
Мұнай кәсіпшілігінде ішкі беті шынымен және эпоксидті смоламен қапталған СКҚ кеңінен қолдануда, эмалданған құбырлар аз таралған. Мұндай қаптамалар құбыр қабырғасына парафин қатудан және құбырдың ішкі бетін коррозиядан қорғау үшін қолданады. Бұдан басқа олар ағыстың гидравликалық кедергісін 20-30 %-ке төмендетеді.
Шынымен қапталған құбырлар аз деформацияда жеткілікті берік және жоғары температураға төзімді. Шыны беті тегіс парафин қатпайды. Бірақтан, шынымен қаптаудыңда өзіншілік кемшіліктері бар. Бірінші - қаптау барысында өте кішкене жарықшақтар пайда болады, оған тұздар қатады, нәтижесінде металл коррозияға ұшырайды. Екінші - құбырлар деформацияға түскен кезде шыны сынады. Бұған себеп металлдың серпінділік модулі (0, 21*10 6 МПа) және шынының серпінділік модулі (0, 057*10 6 МПа) бірдей емес. Яғни құбырларды терең түсіруде және оларды тасымалдауда құбырлар иілуден сақталмайды.
Эпоксидті смола шыныға қарағанда икемді, құбыр деформацияға түскенде сынбайды, парафин қатпайды, тегіс. Бірақ оныңда кемшіліктері бар. Смоланы пайдалануға болатын температура әдетте жоғары емес - 60-80 0 С жоғары емес.
Соңғы жылдары эмалданған құбырларды қолдану кеңінен таралуда. Олар үлкен беріктікке, жоғары температурада төзімдікке және парафин қатпайтын тегіс бетке ие болады. СКҚ ішкі бетін агрессивті ортадан қорғау үшін бірнеше қабатпен қаптайды. Эмалмен қаптау технологиясы шыны және эпоксидті смоламен қаптау технологиясына қарағанда едәуір қиын және күрделі.
Құбырларды эмалмен, шынымен және эпоксидті смоламен қаптау парафин қатумен тиімді күрес ретінде қарастырылады. Қаптау әдістері негізінен пайдалану шарттарына байланысты таңдалып алынады.
Жалпы кемшіліктері муфталы қосылыстың ішкі беті қорғаусыз қалады. Бұл жерлерге протекторлы сақиналар салынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz