Тура және ауыспалы сөздердің мағыналары



Мазмұны
Кіріспе 2
Негізгі бөлім
І. Тура және ауыспалы сөздердің мағыналары 4
1.1. Сөздің тура мағынасы 5
1.2. Сөздің мағынасын ауыстырып қолданудың
жолдары мен түрлері 7
1.3. Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы
ІІ. Сөздің тура және ауыспалы мағынасының
оқыту әдістемесі 21
ІІІ. Сөз мағыналарының түрлерін тарихи
тұрғыдан қарастыру
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 26
Кіріспе
Курстық жұмыс мақсаты: сөздің тура және ауыспалы мағыналарын нақты әрі терең зерттеу, сөздің тура және ауыспалы мағынасын оқыту әдістемесін қарастыру, ауыспалы мағыналы сөздерді дұрыс қолданып, олардың өзара қарым-қатынасын тани білу.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады.Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык, мағына және грамматикалық мағына. Тіліміздегі сөздер бір ғана заттың атауы болып қоймай, әлденеше заттың атауы болып қолданыла береді. Сөздердің бастапқы мағынасын тура мағына дейміз де, сол бастапқы мағынаның негізінде пайда болған туынды мағынаны ауыспалы мағына дейміз. Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді. Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады.
Курстық жұмыстың құрлымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыста қаралатын мәселелерге сөздің тура мағынасы, аусыпалы сөздің қолданудың жолдары мен түрлері, сөздің тура және ауыспалы мағынасының оқыту әдістемесі.
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі:
1. Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996.
2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1973.
3. Аханов К. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. Алматы, 1956.
4. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971.
5. Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. Алматы, 1989.
6. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
7. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы, 1970.
8. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997.
9. Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы, 1971.
10. Жұбанов Қ. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы, 1971.
Қосымша:
11. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы, 1975.
12. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998.
13. Қалиев А., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1979.
14. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2005.
15. Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдері. Алматы, 1988.
16. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. Алматы, 1994.
17. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. Алматы, 2004.
18. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы, 1996.
19. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
Негізгі бөлім
І. Тура және ауыспалы сөздердің мағыналары 4
0.1. Сөздің тура мағынасы 5
0.2. Сөздің мағынасын ауыстырып қолданудың
жолдары мен түрлері 7
0.3. Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы
ІІ. Сөздің тура және ауыспалы мағынасының
оқыту әдістемесі 21
ІІІ. Сөз мағыналарының түрлерін тарихи
тұрғыдан қарастыру
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 26

Кіріспе
Курстық жұмыс мақсаты: сөздің тура және ауыспалы мағыналарын нақты әрі терең зерттеу, сөздің тура және ауыспалы мағынасын оқыту әдістемесін қарастыру, ауыспалы мағыналы сөздерді дұрыс қолданып, олардың өзара қарым-қатынасын тани білу.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы -- сөз. Сөз дегеніміз -- заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады.Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык, мағына және грамматикалық мағына. Тіліміздегі сөздер бір ғана заттың атауы болып қоймай, әлденеше заттың атауы болып қолданыла береді. Сөздердің бастапқы мағынасын тура мағына дейміз де, сол бастапқы мағынаның негізінде пайда болған туынды мағынаны ауыспалы мағына дейміз. Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді. Ауыспалы мағына -- сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады.
Курстық жұмыстың құрлымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыста қаралатын мәселелерге сөздің тура мағынасы, аусыпалы сөздің қолданудың жолдары мен түрлері, сөздің тура және ауыспалы мағынасының оқыту әдістемесі.

І. Тура және ауыспалы сөздің мағыналары
Тіліміздегі сөздер бір ғана заттың атауы болып қоймай, әлденеше заттың атауы болып қолданыла береді. Сөздердің бастапқы мағынасын тура мағына дейміз де, сол бастапқы мағынаның негізінде пайда болған туынды мағынаны ауыспалы мағына дейміз. Мыс: Құрман ұстаның 8 сиыры бар (тура).
Семіздің аяғы - сегіз (ауыс).
Сөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы -- оның тура мағынасы болып есептеледі. Цирктерден қолға үйретілген арыстанды көруге болады, дегенде арыстан сөзі -- жыртқыш, қайсар аң ұғымын береді, сол аңды көз алдымызға елестетеді.
Ал Арыстан еді-ау Исатай бұл пәнидің жүзіңде... (М) дегендегі арыстан аң ұғымын емес, асқан ерлік пен күш-жігердің, намыс пен ежеттіліктің батыр тұлгасы ұғымын береді. Яғни тура мағынасы ауысып, келтірінді басқа мағынаға айналады. Сондықтан сөздің мұндай мағынасын ауыспалы (келтірінді) мағына дейді.
Завод деген сөз жеке тұрып та, сөйлемде келсе де, бір-ақ мағынаны -- заводты білдіреді. Сондықтан мұндай сөздерді бір мағына білдіретін сөздер дейміз. Ал бас сөзі бірнеше мағынаны білдіреді: 1. Адам басы; 2. Таудың басы; 3. Жұмыстың басы; 4. Сөздің басы; 5. Бұлақтың басы т. б.
Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді: Қол -- адамның дене мүшесі. Бұл -- осы сөздің тура мағынасы.
Сен менің оң қолымсың деген сөйлемде оң қолымсың деген сөз көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр. Ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген үғымды, қолы жеңіл -- ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Бұлар -- қол сөзінің ауыспалы мағыналары. Кейде бір сөз бірнеше мағынада да қолданыла береді. Мысалы: Ақ сөзі бірде түсті білдіріп, ақ көйлек деген тіркесте қолданылса; бірде сүт, айран дегенді білдіреді.
Мақал-мәтелдердің көпшілігі ауыспалы, келтірінді мағынамен беріледі.
Мысалы: Әркімнің өзі шығар биігі бар.
Кісінің шырайына қарама, райына қара.
Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма.
Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы онын лексикалық мағынасы болады: Тау, тас, орман. Ал осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады: Тау мен тасты жел бұзар; Орман -- ел байлығы деп, сөйлем құрастырсақ, тау, тас, орман, ел, байлық деген сөздер, бір жағынан, жеке-жеке ұғымның атауы болып, лексикалық мағынаны білдіреді. Екінші жағынан, ол сөздердің барлығы да жалпы зат атауы мәнін білдіріп, зат есім болып түр. Бұл -- сол сөздердің грамматикалық мағынасы. Егер бұларға грамматикалық талдау (грамматикалық тұлғалары мен атқаратын қызметтеріне қарай) жасасақ, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұрғанын байқаған болар едік. Мысалы: тау және тасты деген сөздер әркайсысы белгілі бір ұғымды білдірсе (бұл -- лексикалық мағынасы), оның үстіне бұл екі сөз де жалпьг жансыз зат атауы және табыс септік жалғауы арқылы бұзу қимылының тура объектісі мәнін (нені бұзар?) білдіріп тұр. Сондай-ақ жел -- әрі жалпы жансыз зат атауы, әрі қимылды атқарушы (бастауыш) -- не бұзар? Бұзар -- жалпы қимылды білдіреді және -ар қосымшасы арқылы шақтық (болжалды келер шақ), 3-жақта түруы арқылы жақтық, баяндауыштық мәнде тұр. Бұлардың барлығы -- грамматикалық мағыналар. Сондықтан сөзде бір лексикалық және бір я бірнеше грамматикалық мағына болады дейміз.
Сөздер толық (лексикалық) мағынасы бар негізгі сөздер және лексикалық мағынаны білдіре алмайтын көмекші сөздер болып та бөлінеді: Жұмыстан кейін киноға бардым десек, сөйлемдегі жұмы-стан, киноға, бардым дегендер -- толық мағыналы сөздер, өйткені олардың әрқайсысы өздігінен тұрып белгілі бір ұғымды білдіре алады. Ал сөйлемдегі кейін сөзі өздігінен тұрып ешбір ұғым білдіре алмайды, өзінің алдындағы сөзге тіркесіп барып мезгілді, уақытты білдіреді. Сондықтан кейін сөзін көмекші сөз дейміз. Асқар келгенде, Ботагөз ұйықтап қалып еді деген сөйлемде Асқар келгенде, Ботагөз, уйықтап негізгі толық мағынаны, ал қалып еді сөздері көмекші мағынаны білдіріп тұр. Калып еді етістіктері өздігінен толық мағынаны білдіре алмай, ұйықтап көсемшесіне тіркесіп барып бір істі, әрекетті (бір мағынаны) білдіреді.
Сонымен, сөздер толық, негізгі, көмекші, қосымша мағыналарды да білдіре алады. Сөз бір мағынаны да, бірнеше мағынаны да білдіреді.
Сөз белгілі зат, құбылыс, ұғым, түсініктердің атауы болады да, негізінде, сол бастапқы атауы мағынасында айтылады. Кейде сөйлем ішінде сөз бастапқы, тура мағынасында қолданылмай, өзге бір түсінік ретінде ауыспалы мағынада да қолданылады. Мысалы, Құрман ұстаның сегіз сиыры бар. Апай майлы төстікті отқа үйте бастады деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы тура мағыналарында қолданылған. Ал Семіздің аяғы сегіз (М. М.), Ол үйдің дастарқаны майлы деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарында айтылмай, ол сөздерге жаңа келтірінді, ауыспалы мағыналар жүктелген. Мұндағы сегіз деген сөз санды білдірмей, көп деген ұғымды білдіріп тұр, яғни мал семіз болса, еті көп болады деген ұғымды береді. Дастарқаны майлы дегендегі майлы деген сөз дастарқанға май жұққан, кірлеген деген ұғымды бермей, ол үйдің дастарқанының үстінде асы мол болады, яғни ол үй асты мол береді деген ұғымда айтылып тұр.
Сөйтіп, сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал-әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын тypaмaғынa дейді. Ал сөз мағынасы ауыстырылып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылса, оны сөздің кeлтipiндi немесе ayыcпaлымaғынасы дейді.
Тіліміздегі сөздер бір ғана заттың атауы болып қоймай, әлденеше заттың атауы болып қолданыла береді. Сөздердің бастапқы мағынасын тура мағына дейміз де, сол бастапқы мағынаның негізінде пайда болған туынды мағынаны ауыспалы мағына дейміз.

0.1. Сөздің тура мағынасы
Сөздің заттар мен құбылыстардың және олардың белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты лексикалық мағынасы тура мағына деп аталады. Мысалы, оқу - етістік, кітап, газет, хат, деген зат есім сөздермен тіркесіп қолдана береді (кітап оқу, газет оқу, хат оқу). Сөздің бастапқы лексикалық мағынада көптеген сөздермен емін-еркін қарым - қатынасқа түсіп, тіркесу қабілеті ескеріліп, тура мағынаны кейде еркін мағына деп те атай береді.
Сөз тура мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталады. Мысалы,үй, биік, бару деген сөздердің әрқайсысының белгілі бір мағынасы бар. Үй сөзі - затты (баспана) тікелей атаса, биік сөзі - сын - сапаны, беру сөзі - қимылды атайды. Бұл сөздердің осы тура мағыналарында басқа сөздермен тіркесіп қолданылу өрісі олардың өзі белгілейтіншындық болмыстығы құбылыстардың өзара қатынасымен белгілінеді. Мысалы, үйдің биік, аласа, кең, тар болуы жылы немесе салқын, ағаштан қамыстан, кірпіштен, пәнелден салынуы мүмкін. Осыған орай үй сөзі биік, аласа, кең, тар, оғаш, кірпіш, қамыс, панель, жылы, салқын деген сөздердің әрқайсысымен тіркесіп, биік үй, аласа үй, кең үй, тар үй, т.б. түрінде жұмсала береді.
Сөздің лексикалық мағынасының келесі бір түрі - фразеологиялық мағына. Ну орман, қас батыр, тас төбе, су жаңа, мидай дала, асқар тау, шырт ұйқы, тал түсте, қыпша бел, оймақ ауыз, күлім көз т.б. деген сөз тіркестерінің құрамындағы ну, қас, тас, су, мидай, асқар, шырт, тал, қыпша, оймақ, күлім деген сөздердің осы тіркестердегі мағыналары мен қолданылу өрісіне назар аударсақ, бұлардың жоғарыда біз сөз еткен тура (еркін) мағыналы сөздерден мүлдем басқаша екенін көреміз.
Ну орман деген сөзтіркесіндегі ну сөзі қалың (тек орман жынысына ғана қолданылады) деген мағынаны білдірсе, қас батыр деген тіркестегі қас сөзі нағыз деген мағынаны білдіреді. Мұнымен бірге, бұл сөздер бірлі-екілі сөздермен ғана тіркеседі. Жоғарыда аталған тас төбе, су жаңа, мидай дала, тал түсте, асқар тау. Шырт ұйқы, қыпша бел, оймақ ауыз деген сөз тіркестерінің құрамындағы бірінші сөздердің осы тіркестеріндегі мағынасында қолданылу өрісі өте-мөте тар, басқа сөздермен қарым қатынасқа түсіп, олармен тіркесіп жұмсалуға икемсіз.
Сөздің тұрақты сөз тіркестерінде жүзеге асатын лексикалық мағынасы фразеологиялық мағына деп аталады. Фразеологиялық мағынаның табиғаты сөздің тура немесе еркін мағынасынан басқаша болады. Сөз өзінің тура, еркін мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып, көптеген басқа сөздермен тіркесіп жұмсалуға оңтайлы, икем болса,фразеологиялық мағынасында тек белгілі бір сөздермен ғана тіркесіп ,санаулы ғана тұрақты сөз тіркесінің құрамында қолданылады. Мысалы, су өзінің су құю, су тасу, сумен жуу, су төгу деген сөз тіркестеріндегі мағынасы тура (еркін) мағына. Су деген сөз тура мағынасында басқа да сөздермен емін-еркін тіркесе береді. Ал су жаңа немесе судай жаңа деген тұрақты сөзтіркестерінің мағынасы - фразеологиялық мағына. Себебі су - судай деген сөздер өте, тіпті деген мағынасындабасқа сөздермен емес, тек жаңа сөзімен (су жаңа, судай жаңа) немесе қараңғы сөзімен ғана (су қараңғы) тіркеседі: екіншіден, бұл сөздер (су, судай) өте, тіпті деген мағынаға басқа сөздермен тіркескенде емес, жаңа және қараңғы деген сөздермен тіркескенде ғана ие болады.
Сөз жеке- дара күйінде емес, әдетте, сөйлемде қолданылады. Сөздің сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруына байланысты туған лексикалық мағынасы - синтаксистік шартты мағына деп аталады. Мысалы, қазақ тілінде түлкі сөзі аңның бір түрі деген негізгі мағынасынан қу, ала аяқ деген мағынаныда (Қарасақ көп адамдар түлкі боп жүр) білдіреді (А.Байт). Ала аяқ, қу - синтаксистік шартты мағынаға жатады.

0.2. Сөз мағынасын ауыстырып қолданудың жолдары мен түрлері
Ауыспалы мағына -- сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, "түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу" (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған. Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.
Тілімізде әр түрлі мағынада қолданылатын сөздер жиі кездеседі. Сөздің әр түрлі мағынаға ие болуы сөз мағынасының ауыспалы түрде қолданылуы нәтижесінде іске асады. Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы болғандықтан, сана- сезіснің дамуымен байланысы туып жататын ұғым өрісін де бейнелейді. Мысалы, жол деген сөз өзінің нақты (конкретті) мағынасымен бірге 1. Идея, бағыт; 2. Тәсіл; 3. Дәтүр, жоба секілді дерексіз (абстракті) туынды мағыналарда қолданылады.
Егер сөз кең саладан арнаулы бір тар салаға, яғни жалпы халықтық лексикадана арнаулы лексикаға ауысса, оның мағынасы нақтыланып, белгілі бір ұғымдағы терминдік мағынаға ие болады. Мысалы, түбір деген сөз өсімдік атаулының жердегі тамыры - түбірі деген жалпылама мағынаны білдірсе, көрнекті ғалым А.Байтұрсыновтың Тіл танытқышы арқылы лингвистикалық терминге ауысқанда, сөздердің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түп бөлшегі, морфема деген мағынаны білдіреді.
Сөз мағынасының метафоралық қолданылуы.
Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы бірде метафора мен метонимия тәсілі арқылы болса, бірде мағынаның қызмет бірлігі мен синекдоха тәсілдері арқылы болады. Енді осы тәсілдердің әрқайсысына тоқталайық. Сөз мағыналарының метафоралық қолданылуы арқылы атаудың ауысуы белгіленетін заттардың тұлға, тұс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді.
Белгіліерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі (Абай) деген сөйлемдегі кілт сөзі Шешуші деген мағынаны білдіреді. Бұл мағына - кілт сөзінің тура мағынасы (ашқыш, ашатын құрал) негізінде жасалған туынды мағына.
Мәселенің кілті дегендегі кілт сөзінің мағынасы да осы аталған мағынамен барабар шешуші дегенді білдіреді. Немесе көз деген сөзді алсақ, ең алдымен, адамның, айуанның, жәндіктің көру мүшесінің аты. Осы көз дегенді атқаратын қызметіне қарай, сен осыған көз бол десек, сен осыны қарап тұр дегеннің орнына қолданылады. Көзден жас шығады дегендегі көздің қызметіне қарай, бұлақтың көзі деп қолданылса, жалпы бір заттың, құбылыстың шығатын, басталатын орны есебінде (күштің көзі, ақылдың көзі) айтылады. Мұндай сөздер метафора (ауыспалы) деп аталады. Метафора көркем сөз стилінің бейнелеуші, мәнерлеуші тәсілі ретінде айырықша қызмет атқарады.
Ұлы Абайдың Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің деген жолдарындағы талаптың тұлпары - метафора негізінде жасалған сөз тіркесі. Бұл сөз ауызекі тілде тұлпардай жүйрік ат секілді сөз орамында келеді. Ұлы Абайдың жаңалығы сонда, ол талаптың жәй, жұпыны, қарапайым ғана болуын емес, ұшқыр, арынды талап болуын тілек етіп, талапты тұлпармен тіркестіреді. Мұндағы тұлпар сөзінің реңкін дербес мағына деп есептеуге болмайды. Ол ұлы ақынның сөз қолданысындағы ерекшелік, үлкен жаңалық. Өйткені, талаптың тұлпары дегендегі тұлпар сөзінен туатын мағына реңкі жалпы халықтық сипатқа ие болмағандықтан, сөздің лексикалық тұрақты мағыналарының мазмұнына енбейді, тек Абайдың поэтикалық тілінің аясында зор жаңалығы; табысы есебінде қаралады.
Сөз мағынсының метономиялық өзгеруі.
Метонимия - грек сөз атын өзгертіп, қайта ат қою деген мағынаны білдіреді.
Бір заттың не құбылыстың атауы екінші затқа не құбылысқа өзара іргелес,шектес болуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метонимия деп аталады.
1.Үйі мәз боп, қой сойды. Сүйіншіге шапқанға (Абай).
2. Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң. Өзі барып жығылды шалқасынан (Абай).
Бірінші мысалдағы үй өзінің негізгі мағынасы баспана емес, үй-іші, жанұя дегенді білдіреді, екніші мысалдағы аяқ деген сөз, оның ішінде құйылған сусын; сұйық зат дегенді білдіріп тұр.
Метонимиялық ұғымдар қазақ тілінде мынандай тіркестерде жиі қолданылады. Абайды оқыдық, Ахмет Байтұсыновты жатқа біледі, қолында - Мағжан Жұмабаев, Қастеевті қызықтап қарап тұр, Мұқан Төлебаев құлағының құрышын қандырды, Жүсіпбек Аймауытовты жаттадым т.б.
Синекдоха.
Сөздерді ауыстырып қолдану арқылы көп мағыналы сөз тудырудың бір түрі синекдоха деп аталады. Мұның негізінде аталатын заттардың, құбылыстардың, іргелестігі мен шектестігі, бір-бірімен, жапсарлас болып келуі жатады. Бұл жағынан синекдоха метонимияға жақын. Синекдоханың метонимиядан айырмасы - аталатын заттардың ара қатынасының сандық белгілерінен көрінеді.
Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны) үлкеннің орнына кішіні қолданудың немесе керісінше қолданудың немесе керісінше қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы - синекдоха деп аталады.
Егер, бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тура және ауыспалы мағыналы сөздер
Қазақ тіліндегі сөз мағынасының даму ерекшеліктері
Грамматикалық мағына және оның түрлері
Сөздің лексикалық мағынасы
Лингвистикалық парадигмадағы омонимдердің орны
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық тұлғалар
Қимыл ұғым атауларының көп мағыналылығы
СӨЗДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі бір буынды көпмағыналы сөздер
Пәндер