Ұлттық экономикадағы тұтыну жинақтау



Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейлері ... ... ... ... .4
1.2 Тәуелсiздiк жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы ... .8

II БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖИНАҚТАУ
2.1Жиынтық сұраныс және ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Тұтыну және жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 Ұлттық экономиканың тепе.теңдікте қызмет етуінің деңгейі ... ... ...21

III БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ
3.1 Инвестициялардың функционалдық ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3.2 Тұтынуға бейімділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
КІРІСПЕ

Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтыну мен жинақтау iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, нарықтық экономикада тұтыну мен жинақтау арқылы әр елдiң адамдардың жалпы өмiр сүру деңгейiн, соған байланысты сұраныс қалыптастырушы ретiндегi экономикадағы маңызды орнын ескерiп өту болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.
5. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.
6. Деловая неделя. 1997. №12,
7. Государственное регулирование экономики / Под общ. ред. д.э.н. проф. В.И.Кушлина и д.э.н., проф. Н.А. Волгина. — М.: Экономика, 2000.
8. Государственное регулирование рыночной экономики / Под.ред. Петрова Р.П. СПб, 1999.
9. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития Япоти // Российский экономический журнал. 1992. №10.
10. Елемесов P., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. — Алматы: Каржы-Каражат, 1997.
11. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахтан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Уни-верситет «Туран», 1999.
12. АльПари. 1997. №10.
13. Вопросы экономики. 1990. №5.
14. Заявление Кабинета Митстров Республики Казахстан об эконо-мической политике в 1994 г. // Казахстанская правда. 1994. 5 февраля.
15. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., СахановаАН. Пмново-финансовые механизмы регулирования экономики. ~ Алматы: Экономика, 1998.
16. 16.Казахстан 1991 — 2001 годы: Информационно-аналитичесский сборник. Агентства PK no статистике. — Алматы: Экономика, 1998.
17. 17.Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современностъ, перспективы. — Алматы: Бастау, 1998.
18. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1995.
19. Класс Эклунд. Эффектная экономика — шведская модель: (Пер. со швед.).- М.: Экономика, 1991.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық экономикадағы тұтыну жинақтау

Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейлері ... ... ... ... .4
1.2 Тәуелсiздiк жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы ... .8

II БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖИНАҚТАУ
2.1Жиынтық сұраныс және ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Тұтыну және жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуінің деңгейі ... ... ...21

III БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ
3.1 Инвестициялардың функционалдық ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.2 Тұтынуға бейімділік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

КІРІСПЕ

Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтыну мен жинақтау iс-әрекетi болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Бiрақ шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс - бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, нарықтық экономикада тұтыну мен жинақтау арқылы әр елдiң адамдардың жалпы өмiр сүру деңгейiн, соған байланысты сұраныс қалыптастырушы ретiндегi экономикадағы маңызды орнын ескерiп өту болып табылады.

І. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейлері

Ұлттық экономика жүйесін экономикалық ғылымда баланстық, яғни оның қызмет етуінің деңгей бағыттарының бірі болып табылады.
Ұлттық экономика әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы - тұрғыладың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.
Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесіне алғашқы рет баға беру Ф.Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне жатады. Ол осы туралы өзінің көз қарасын экономикалық кесте деген белгілі еңбегінде баяндалған. Ф.Кенэ Францияның XVIII - ші ғасырдағы экономикасын негізгі ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті.
Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген Ұлы тоқырау деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті.
Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шөт жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп-зерттеумен қоян-қостық айналыса бастады.
Алғашқы рет ұлттық есеп-шөт жүйесінің кестесі 1953 жылы БҰҰ-ның статистикалық бөлімінде басылып шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлтық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнеленген, онда әрбір есеп-шөт табыс және шығын матрицаларда көрсетілген. Ұлттық деңгейін құрудағы ертеректегі талпыныстан А.Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін қоғамдық матрицаларда қолданады.
Стандарттық сипаттамалар - ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылысы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шөт жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы: жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім.
Стандарттық сипаттамалар ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толықтанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шөт жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздыысы жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады.
Жиынтық қоғамдық өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетнудің материалдық емес өндіріс оған еңбейді.
Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖҚО) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық практикасында қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім өлшерін есептегенде мынаны ескереді:
Өндіріммен өнім массасы материалдық өндіріс өнімнің ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндірістің қызметтерің де өндіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өкілеті жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құралған материалдық илігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖКӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды заттай және құндылық, ЖКӨ натуралды заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді, өндіріс құрал-жабдықтар өндірісі (І-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (ІІ-ші бөлімше).
Қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып топтау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп шотын болдырмайды.
Ұлттық экономикалық қызмет етуінің ең маңызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табығының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз %), меншіктен табыс, корпорация пайдалы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰЖ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:
ҰТ=ТҰД - жанама салықтар
Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды иегеру арқылы анықтаймыз.
ҰТ=ЖҚД-МШ
мұндағы: ҰТ=ұлттық табыс,
ЖКӨ=жиынтық қоғамдық өнім
ИШ=материалдық шығындар.
Өзінің қозғалсында ұлттық табыс төрт стадиядан өтеді, өндіріс, балу, айырбас және қолдану.
Өндіріс стадиясына ұлттық табыс барлық салада құралатын таза өнім түрінде болады, болу стадиясында әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас стадиясында - тауардың өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды, қолдану стадиясында - қорлану мен резерв түрінде болып келеді.
Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейі - ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейімен өсуі, сондай-ақ өндіріс аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50 % құрайды. Ұлтық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына келе, шамамен 8-10% болады.
Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табамыз: тұрғындар өмір денгейнің айнасы - жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
Әлемдік қауымдастыққа ететін елдер бойынша өмір деңгейін анықтау үшін жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін қолдануға болады.
Ұлттық экономикалық қызмет деңгейін, яғни ұлтық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіш қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құндылық сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Жалпы ұлттық өнім жалпы ішкі өнімнен осы елдесі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегі өнімнен (пайыз, дивиденд, жолақы және т.б.) артық болады.
Сыртқы экономика операция бойынша сальдо ЖӨ өзіне тікелей сол елде өндірілген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер, жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-да қолданса, онда олардың құны ЖІӨ-ге енгізілмейді.
Бұл жағдай мынандай кезде де ескеріледі американдық өндіріс факторы басқа елде қолданса, онда олардың құны да ЖІӨ-ге енбейді. Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн санасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық территориясында өндірілетін болғандықтан, сондай-ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны ендіреді.
Қазақстан Респубикасында ЖІӨ-нің жылдың ағымдағы бағасы 1995 жылы 992,5 млрд. теңге мөлшерін бағаланды немесе, бір тұрғынға 60,2 мың теңдеген кеседі. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы 53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-і мен пара-пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша, Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда - 18,7 % бұрынғы одақпен салыстырғанда - 69,3% деңгейін құрады.
Ұлттық экономикалық қызмет ету деңгейін методология бойынша статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың амортизациясын материалдық өндіріс саласының таза өнімін және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс енгізіледі.
Ұлттық экономикадағы қызмет етудегі ұлтық өнім еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкінді туды.
ТМД елдері мен Қазақтанда ЖҰӨ-ң экономикалық есептеудегі қызмет ету деңгейі. 1988 жылы енгізілді, сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсетіліктерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.
Жалпы ұлттық өнімнің жиынтық қоғамдық өнімнен айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз, кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.

1.2 Тәуелсiздiк жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы

Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып қалыптасу кезеңi 1991 жылы, яғни Кеңес Советтiк Социалистiк Одақтың тарау кезiмен тұспа тұс келдi.
Сол алғашқы жылдары бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикалары сияқты Қазақстанда аса ауыр экономикалық, саяси дағдарыстарға тап болды.
Дәл осы кезде Қазақстанның жеке дербес экономикалық тұғырының болмауын өте айқын байқауға болатын едi. Себебi Қазақстан Республикасының экономикасы iс жүзiнде негiзiнен осы шикiзат өндiрумен және тапсырумен ғана ғана шектелiп қойған болатын.
Сонымен бiрге әлеуметтiк жағдайда тым ауыр хал кештi. Жарты ғасырдан көп жылдар бойы бұрынғы Кеңес Одағындағы Социалистiк қоғам саясаты азаматтардың ынталы әрекетiн басып оған әркез мүмкiндiгiнше кедергi келтiрiп, шектеу саясатымен айналысып отырған және оларды енжарлық пен ынтасыздыққа бейiмдеп келдi.
Оның үстiне Қазақстан үшiн жаңадан тәуелсiз мемлекет құру осы алғашқы жылдары өте оңайға тиген жоқ болатын.
Шыныменде тәуелсiз мемлекттi құру мен оны қалыптастыру шын мәнiнде барлық мәселенiң ең бастысы болатын.
Бiрақ Қазақстанның Ел басы Н.А. Назарбаевтың бастамасы бойынша бұл күрделi iстер сол кезеңдерде жеткiлiктi денгейде дұрыс жүзеге асырылып басқарылды деп айтуға бүгiн толық негiз бар.
Сонау 1990-шы жылдардың басында шынмен де үлкен iстердi алғаш бастауға тура келдi, сол себептен де болар кейбiр кезеңдерде бiздiң елiмiздiң дамуында да сан-салалы жаңылысулар мен қателесiп ұтымсыз жолдарды таңдау жағдайына жол берiлген кезеңдер болды.
Қазiр мiне тәуелсiздiктен кейiн он жыл өткеннен соң сол кезеңдерге көз салар болсақ бүгiнгi күнге дейiн орасан зор жұмыстардың жасалғанына оңай көз жеткiземiз.
Кеңес Одағы ыдырағанға дейiн Қазақстанда экономикалық бағыттар көп жағдайда тек ауыл шаруашылығы мен тығыз көп байланысты болып келедi.
Қазақстана жағрапиялық орналасуы жағыныан өте қолайлы мемлекеттердiң қатарына жатқызуға болады.
Жалпы бұл Қазақсатанның болашағына мол жақсы ықпал етерi сөзсiз. Яғни, Қазақсатнда тоғыз жолдың торабында Азия мен Еуропа материктерiнiң қиылыспа тұсында орналасқан және осыған сәйкес бiздiң елде темiр жол мен, су жолы , автомобиль және әуе жолдары арқылы қарым қатнас жасау экономикалық дамуға зор мүмкiндiк ашады.
Ал табиғи ресурстарға келетін болсақ Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазналарға соның iшiнде мұнайға мол. Оны қазiрдiң өзiнде жақсы игеру үстiндемiз.
Қазiрше Қазақстанда мұнай өндiру көбіне сырттан келген шет елдiк инвесторлардың көмегiмен және қаржысының негiзiнде жүзеге асырылуда. Мысалы Қазақстан мұнайын игеруге ниет бiлдiрген ең алғашқы және iрi мемлекттер ретiнде Америка құрама штаттарын мен ағылшын мемлекеттерiн атауға толығымен болар едi.
Каспий теңiзiнiң мұнайына байланысты осы арада мынаны айта кеткен жөн және оның үстiне жағалауында бұрынғы Кеңес Одағының орнына жаңа мемлекеттердің пайда болуы бұл маңда түбірінен жаңа геосаяси жағдаят туғызды, яғни Каспий теңізі екі мемлекеттің теңізінен бес мемлекеттің теңізіне айналды.
Егер Қазақстан Республикасының бар мүмкiндiгiн түгелiмен толық және ұтымды пайдаланар болсақ оның болашағы жарқын мүмкiндiгi мол үлкен мемлекеттер қатарына қосылары еш бiр күмән келтiруге болмайды.
Қазiр Қазақстанда Ел басы Н.А. Назарбаевтың белгiлеген даму және өркендеудiң таяу отыз жылына белiленiп бекiтiлген статегиялық 2030 бағдарламасы бар.
Қазақстанның өзге елдермен жақсы және тату, түсiнiсушiлiк қатынастарды дамытып нығайтуы, яғни оң әрі конструктивті сыртқы дипломатиялық саясат ұстануы оның дербес мемлекет ретiнде дамып өркендеуiне қосымша кепiлдiк берерi сөзсiз.
Қазақстанның болашақта дамыған, мықты мүмкiндiгi мол мемлкетет боларына сенiммен қарай келiп, бірақ берік сенімге тіреліп отырған бір шындық.
Толассыз тарихи даму кезеңдерi осы елдiң барлық азаматтарын тәуелсiз Қазақ мемлекетiнiң тәуелсiз де дербес және демократиялық жолмен даму жолында әрбiр азаматтың өзiндiк үлес-көмегiн көрсетуi қасиеттi парызы деп мiндеттейдi.
Қазақстанның тамаша табиғаты оның жарқын болашағына өзiндiк мол мүмкiндiк туындырады, осы тұрғыда айтар болсақ мемлекетiмiздiң тағы бiр табыс көзi ретiнде оның осы бiр көркем табиғатына туризмдi балау арқылы көп табыстарды қазнаға тарауға болады және ол туризмнiң инфроқұрылымдарын салуға ықпал етедi сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын бередi.
Тәуелсiз Қазақстан үшiн және ондағы болашақ ұрпақтар үшін талай сын сағаттарды бастан өткергендiгiне қарамастан бiздiң ел өзiнiң тарихи мұраларын сақтап та қала алады.
Қазақ тарихына қиянат жасап оны жасанды етiп бұрмалаған Кеңес дәурiрiндегi үгiт ендi тоқтатылып Қазақстан өз тарихын қайта қалпына келтiрiп оны объективтi тұрғыда зерттеп, болашақ ұрпақ үшiн зерделей бастады.
Мiне бұл да Қазақстанның бұдан былай дұрыс та қарқынды дамуының кепiлi және үлкен мүмкiндiктi ел боларына көңiлге сенiм ұялатады.
Елiмiзде iстелiп жатқан осындай аса мәндi де маңызды әрекеттер көп. Соның бiрi Қазақстан астанасының Алматыдан Ақмолаға көшiрiлуi бұл тек қана тарихи ғана мәнi бар оқиға болып қана қалған жоқ сонымен бiрге тәуелсiз Қазақстан үшiн стратегиялық үлкен қадам болды.
Ендi бұл астананы көшiрудiң қандай экономикалық қиыншылықтар кезеңiнде жүргiзлгенiн ескерер болсақ, бұл қадам Қазақстан үшiн ерлiкпен пара-пар деуге толық негiз бар.
Қазiр Ақмола қаласы жаңа есiмге ие болып Астана атанды.
Астананаң даму қарқыны жыл өткен сайын қарқындай түсуде, ол көркейiп Еуразиядағы ең көркем де осы күнгi iрi қалалардың бiрiне айнала бастады және сәулет денгейi өте жоғары қайталанбас стильде салынуда. Бұл да жарқын Қазақ болашағын меңзерi сөзсiз.
Ал ендi халықаралық тұрғыда Қазақстанның беделi өте жоғары деп бағалауға болады.
Атап айтқанда халықаралық көлемдегі ірі саяси немесе экономикалық проблемаларды қарастыру кезiнде көп жағдайда сол бiздiң аймақтарға қатысты болса Қазақстанның пiрiмен әркез есептесiп, оның пiкiрiн ескередi.
Әрине осы салада Ел басы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың тарихи ролi мен атқарған әректтерi, яғни iстерi орасан зор болды.
Осы тұрғыдан талдау жасамас бұрын осы үлкен мүмкiндiктердiң қалай игерiлетiнiн ең алдымен есте ұстаған жөн болар деймiн.
Ысырап пен қолда барды берекесiздiк танытып , бағаламау кез келген елдiң байлығын жылдам сарқатыны белгiлi.
Қазақстанның үлкен мүмкiндектерi ең алдымен оның еңбек ресурстарынды және содан кейiн ғана оның табиғи байлықтарына тәуелдi деуге болады. Оған қазiргi кездерi ең танымал елдердi мысал ретiнде келiруге болады.
Мысалы Жапон мемлекетiнде адамдардың интеллектуальдық мүмкiндiктерi шикiзат көзi жоқ елдi ең жоғарғы индустрялы мемлекетке айналдырғаны бiрiмiзге белгiлi. Егер Қазақстан өзiнiң сыртқы және iшкi саяси және эконмикалық, әлеуметтiк саясатын дұрыс ұстанса болашақта тез дамуы алдынғы қатарлы елдер қатарыны өтерi сөзсiз. Ол үшiн ең алдымен әлеуметтiк және саяси ахуал бiр қалыпты әрi тұрақты болуы тиiс. Осы жайлы әсiресе Ел басы Н.Ә. Назарбаев жиi айтады менiңше бұл өте ең бiр қажеттi факторладың бiрi болып табылатыны ешбiр күмән келтiрмейдi.
Биiк мақсаттарға қол жеткiзу жолында, Қазақстанның әрбiр азаматы өз мүддесi үшiн де және ел мүддесi үшiнде аянбай енбек етiп үнемi iзденiстер жасауы шарт. Ал мемлекет тарапынан азаматтардың барлық бостандықтар мен құқықтардың еркiн жүзеге асырылуына жағдайлар жасалуы тиiс.
Тек сонда ғана бiзiң Қазақстан өркениеттiтi елдердiң қатарына кешiкпей қосылары анық. Қазақстан тәуелсiздiк алғалы оның территриясында тек жақсы бастамалар ғана орын алып отыр.
Осы кезде Қазақстанда бұрын тұрып қалған заводтар иен фабикалар қайта iске қосылып экономикалық мүмкiндеiктерi жандана түстi.
Сонымен бiрге салық саласында да белгiлiенген жеңiлдiктер кәсiпкеррлiктi жан - жақты жандандыра түстi.
Ендi Қазақстанның мүмкiндiктерiне тоқтам жасап кетер болсақ ол ең алдымен оның табиғи, еңбек ресурстары мен өзiнiң индустриялық кешенiне негiзделген.
Қазақстан ТМД елдері бойынша өзiнiң экоонмикалық даму денгейi бойынша ең алғашқы қатарлардан көрiнуде.
Ұлттық тенгеннiң баламы бiр қалыпты және ұтымды болуда.
Мiне осының бәрi қорыта айтқанда Қазақстаннның ең өркенниеттi елдер қатарына қосылуына толық негiз бола алады.
Тағы бiр айта кетер жағдай ол Қазақстан жастарының басым көпшiлiгiнiң жаңа технологияны игеруге өте жоғары ынта мен ұмтылыс бiлдiруi. Бұл қазiргi кезеңде сөзсiз маңызды.
Осының бәрi топтап келгенде Қазақстанның дамуына мол мүмкiндiктер ашады және оған бiздер сенемен қараймыз.

2 БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖИНАҚТАУ
1.1 Жиынтық сұраныс және ұсыныс

Нарықтық механизмнің қызмет етуі барлық тауарлар, қызмет-тер және өндіріс факторларының нарығындағы тепе-тендікті тек орнатумен бітпейді, ол сонымен қатар экономикалық жүйенің тұтас оптималды дамуын қамтамасыз етеді. Осыған дейін нарықтық тепе-тендікті жекелеген жергілікті нарықтарда, салыстырмалы қарағанда, бір-бірінен тоуелсіз және автономиялы түрде орнайтын тепе-тендік деп жеңіл түсінгенбіз. Шынында, бұл процесс омірде дол осылай жүрмейді.
Ұлттық экономиканың кандайында болмасын, барлық нарық-тардың дамуы мен реттелуіне бағытталған әрекеттер мезгіл мен экономикалык кеңістікте түрақты түрде бір-бірімен келісімді бо-луға тисті. Осы мәселелерді дүрыс шешу үшін экономикалық жүйенің жекелей жоне жалпы тепе-тендік болмысын арнайы бөліп алып талдау керек. Тауарлар нарығы тепе-тендік жағдайда болу үшін, болып түрған баға дәрежесінде болжам етілген өнімнің щығарылуы жиынтық сұранысқа немесе жоспарланған жиынтық шығындарға тен. болуы керек.
Жиынтық сұраныстың екі нысаны болады: натуралдық-заттық және құндық.
Жиынтық сураныстың натуралдық-заттық нысаны халық-тың, фирмалардың және мемлекеттердің тауарлар мен қызметтерге қоғамдық қажеттігін көрсетеді. Оның қүрылымы, біріншіден, жеке және басқа өндірістік емес қажеттерді қамтамасыз ететін өнімдер мен қызметтердің белгілі түрлерін алуы мүмкін; екіншіден, барлық өндірістік құралдар мен өндірістік қызметтердің (технологияны жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен дайындықтар, өндіріске қызмет ететін информация, байланыс және т.б.) жиынтығы болуы мүмкін.
Жиынтық сұраныстың қун жагының мазмуны жиынтық табыстың әр дәрежесіне тағайындалған отандык тауарлар мен қыз-меттер үшш жоспарланған шығындардың сомасымен аныкталады.
Жиынтық сураныс (AD) -- бұл нарықта ақша формасында орын алып отырған халыклың, кәсіпорындардың және мемлекеттің қажеттері. Жиынтық сұраныстың экономиканың секторларына сәйкес болінуіне қарай, оны (AD) төрт топқа белуге болады:
тұтыну (С ) -- үй шаруашылықтарының сұранысы;
инвестициялар (I) - кәсіпкерлердің күрделі жабдықтарға сұра-нысы;
мемлекеттің сатып алуы (G) -- мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге сұранысы;
таза экспорт (X) -- отандық тауарларға шетелдіктердің сұраны-сы мен шетел тауарларына отандастардың сұранысының айырымы.
Басқаша айтқанда, AD түпкі өнімдерге сұраныстың жалпы сомасына тең болады:
С + I = G + X.
Егер сатып алушының табысы ессе, оның нақты тауарға сұранысы да өседі. Осы сияқты, егер жалпы ұлттық өнім кобейсе, жиынтық сұраныс та өседі. Ал, AD мен ЖҰӨ қатынастарын сипаттаудан бүрын, ЖҰӨ-нің өзгеруіне әсер ететін жағдайлармен таны-сайық.
Макроэкономиканың фундаменталдық пропорцияларының біреуі, ол белгілі уақыт мерзімінде барлық сатылудың құн мөлшері -- ақша ұсынысының, оның осы мерзімдегі экономиканың барлық секторларының арасындағы айналу санының көбейтіндісіне тең болуға тиісті. Басқаша: егер бір жылда барлық ақша массасы толык 5 айналым жасаса, яғни әрбір ақша бірлігі орта есеппен 5 рет экономиканың бір секторынан басқасына өтіп отырса, онда елдегі түпкі тауарлардың жылдық сатылымының көлемі 5-тің ақша ұсынысына кобейтілгеніне тең болады. Біздің мысалда V = 5 жылдык айналымға. Айтайық, ақша ұсынысы (М) 200 млрд ақша бірлігі, сонда:
MxV=20Qx5=1000 млрд ақша бірлігі=бір жылда сатылган барлық түпкі тауарлардың құны;
MxV - бага дорежесі х Q = ЖҰО;
бүнда 0 - бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтердіН мөлшері.
Қорытып келгенде:
MxV=PxQ;
бүнда Р -- бағаның дәрежесі.
Осы теңдіктен мынадай маңызды жағдайды айқындаймыз: жиынтық сұранысқа ақша массасының көлемі және оның эконо-миканың секторларының арасындағы айналысының шапшаңдығы әсер етеді.
Жиынтық ұсыныс (AS) кәсіпкерлер нарыққа жеткізген мате-риалдық игіліктер мен қызметтердің санымен белгіленеді. Осы жағдайда кәсіпкерлер ондірістің потенциалдық көлеміне жетуге тырысады, өйткені экономикалық жүйенің қандайы болмасын осыны мақсат түтады. Ал өндірістің бұл колемін ендірістік шы-ғындардың молшері белгілейді. Осының ішінде (шығындардың) еңбек пен капиталдың орны маңызды болады. Осындай жағдайда жиынтық ұсынысты ЖҮӨ-нің көлеміне теңестіруге болады:
А8=ЖҰӨ=баганың дәрежесіх2; А8=жалақы + рента + процент + пайда.
Жиынтық ұсынысқа әсер ететін факторлар: өндірістің технологиясы, жеке тауарлар нарығында өзгерістер тудыратын шығындар.
Ұзақ мерзімде өндірістің нақты көлемі үшін жиынтық сұраныстың маңызы елеулі емес фактор болып табылады. Жиынтық сұраныс бағаның дәрежесін өзгертеді, бірак ол ЖҮӨ-нің нақты көлемін өзгерте алмайды. Сондықтан Үкіметтің микродәрежедегі басты міндеті -- жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа әсер ететін факторларды дүрыс белгілеп және соған сәйкес шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Нарық жағдайындағы ұлттық өндірісті реттеу механизмнің екі негізгі бағыты бар. Бірінші -- нарық жүйесі өзін-өзі автоматты түрде реттейді дейтін классикалық бағыт. Осының өкілдері Д.Ри-кардо, Д.Стюарт-Милль, Ф.Эджворт, А.Маршалл, А.Лигу. Екінші -- кейнстік -- нарық жүйесіне мемлекет қажетті түрде араласуға міндетті (әсіресе депрессия жағдайында) деп есептейтін бағыт.
Экономист-классиктер баға, жалақы, проценттік ставка икемді деп түсінген, яғни, сұраныс пен ұсыныстың балансын сипаттап, жалақы мен баға оз еркімен жоғары және төмен жылжып отырады. Бұлардың айтуы бойынша, жиынтық ұсыныс AS, ЖҮӨ-нің потен-циалдық көлемін керсететін тік түзу сызық түрін алады. Бағаның төмендеуі жалақыны томендетеді, сондықтан толық жұмыспен қам-ту сақталады. Нақты ЖҰӨ-нің көлемі азаймайды. Осында барлық өнім баска бағамен сатылады. Баскаша айтқанда, жиынтық сұра-ныстың төмендеуі ЖҮӨ және жұмыспен қамтуды темендетпейді, ол тек бағаны төмендетеді. Сойтіп, классикалық теория бойынша, мемлекеттің экономикалық саясаты тек бағаның дәрежесіне әсер етеді, ол өндірістің колемі мен жұмыспен қамтуға әсер етпейді. Сондықтан мемлекеттің өндіріс колеміне және жұмыспен камту процестеріне кірісуі қажет емес.
Экономикалық тепе-тендік туралы кейнстік кезқараспен та-нысайық. Экономикалық ғылымда классицизм 30-жылдарға дейін үстемдік еткен. Осы жылдары жарық көрген Дж.М.Кейнстің Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы де-ген еңбегінде классикалық теорияның негізгі түжырымдары сы-налды. Біріншіден, Кейнстің дәлелі бойынша, неоклассикалық үлгілерде көрсетілгендей, экономика кедергісіз дамып отырмайды, ал жалақы мен бағалар сонша икемді емес. Екіншіден, инвестиция-лар, жинақ және проценттің ставкалары арасындағы негізгі байла-ныстар күмән тудырады. Осылардың нәтижесінде, Кейнс бойын-ша, мемлекеттің кірісуінсіз, автоматты түрде тепе-тендікке жету мүмкін емес. Жалақының қысқарылуыньщ арқасында толық жұмыс-пен қамтамасыз етілу мүмкіндігіне Кейнс сенбейді. Оның түжы-рымы бойынша, жұмыссыздықтың болуына қарамастан, жалақы төмендемейді және нарық тепе-тендіксіз жағдайда қалады. Жалақының томенгі шегі болуына байланысты жұмыссыздықтың белгілі қөлемі ылғи болады. Осындай жұмыссыздықты жою үшін жиынтық сұранысты кеңейту керек, бұл жағдай еңбекке сұранысты өсіреді.
Кейнстің дәлелдеуі бойынша, бағаның төмендеуі экономиканы қүлдыраудан автоматты түрде алып шыға алмайды және проценттің ставка дәрежесі қолма-қол ақшаның сұранысы мен ұсынысына тоуелді болады. Басқаша айтқанда, тұтынушылар өз табыстарынан жинақ жасауға шешім алғанда, олар тұтынуға тағай-ындалған табыстарының колемінен жинақ жасайды. Проценттің ставкасы қандай икемді болмасын, ол жиынтық сұраныстың төмендеуін тоқтата алмайды. Сондыктан, тепе-теңдікке жұмыспен қамтамасыз ету толык болмаған жағдайда жету мүмкін.
Осы аталған екі концепцияның экономикалық даму үшін қандайы қолайлы деген сұрақ туады. Осылардың мынасы дүрыс, ал мынау олай емес деуге болмайды. Нарық барлық жағдайды озі ғана, мемлекеттердің кірісуінсіз шешеді деп айту оңай емес. Кейнстің корсетуі бойынша, мемлекет нарық экономикасына әсер ете алады жоне бұл үшін оның қарамағында кажет қүралдар бар.

2.2 Тұтыну және жинақтау

Жоғарыда айтылған болатын, тұтыну мен инвестициялар жи-ынтық сұраныстың маңызды күрамы болып табылады. Ал инвес-тицияларға жинақтау манызды осер етеді.
Мынадай орынды сұрақ туады: I мен S-тің тепе-тендігінің классикалық үлгісінін кейнстік үлгіден айырмашылығы неде?
Айырмашылықтары мынада:
Біріншіден, классикалық үлгі бойынша, соншама ұзақ мерзімді жұмыссыздық болуының мүмкіндігі аз деп есептеледі. Бағаның иксмділігі бүзылған тепе-тендікті орнына келтіріи отырушы еді. Ал Кейнс ұсынған үлгі бойынша, 1 мен S-тің тең болуы жұмыс-пен толық қамтамасыз етшмеген жағдайда мүмкін болады. Толык жұмыспен қамтылған жағдайда тепе-тендікке жету инвестициялык процесс жанданғанда мүмкін болады.
Екіншіден, классикалык үлгі нарыққа икемді баға механизмінщ болуы тон деп түжырымдайды. Кейнс бүндай жағдайдың болуына сенімсіздік бшдірді: кәсіпкерлер өздерінің өнімдеріне сұраныстың күлдырауына тап болып, бағаны томендетпейді. Олар ондірісін қысқартып, жұмыскерлерді азайтады. Бұл оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі
Ұлттық экономикадағы тұтыну және жинақтау
Тепе-тең өсу модельдері және экономиканың болжамды даму модельдері
Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Экономикалық өсудің кейнстік модельдері
Ұлттық экономикадағы тұтыну және жинақтау туралы
Жиынтық сұраныс және ұсыныс
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теориясы
Макроэкономикадағы тепе-теңдік
Пәндер