Прокариоттар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Негізгі бөлім
1.1 Прокариоттарға жалпы сипаттама , олардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Бактериялар , олардың классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Цианобактериялар (көк . жасыл балдырлар), aрхебактериялар ... ... ... ... 7
1.4 Бактериялардың құрылысы және тіршілік процестері , көбеюі ... ... ... 10
1.5 Вирустардың құрылысы және тіршілік процестері , қасиеттері ... ... ... 18
1.6 Вирустардың шығу тегі. Бактериофагтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
II. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
III. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Тақырыптың көкейтестілігі. Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ- сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ - ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Зерттеу мақсаты: Өсімдіктер дүниесінің талломды ядроға дейінгі тармағы, дробянкалар бөліміне сипаттама беру.
Зерттеу міндеті: Прокариоттарға, олардың өкілдері: вирустар, бактериялар, көк жасыл балдырларға сипаттама беру.
Зерттеу обьектісі: Өсімдіктер систематикасы
Зерттеу пәні: Өсімдіктер систематикасы
Зерттеу әдістері: Өсімдіктер систематикасынан түсіндіру, сипаттау, тәжірибе, өзіндік жұмыс және бақылауды атауға болады. Ал оқыту құралдарына ақпараттық оқыту технологиялары, электронды оқулықтар, виртуальды зертхана, интернет, өз білімін тексеру тапсырмалары, бақылау және ғылыми әдебиеттер.
Зерттеу көздері: Биологиялық оқулықтар, биологиялық ғылыми жұмыстар.
Зерттеудің ғылыми практикалық маңыздылығы:
• Прокариоттардың жалпы сипаттамасын білу;
• Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығын білу;
• Олардың маңызы мен зиянын түсіну;
• Олардың өкілдерімен танысу;
• Бактерия, вирустардың шығу тегімен, түрлерімен, құрылысымен, тіршілік процестерімен, көбеюімен танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. Ә.Ә.Әметов «Ботаника» Алматы 2000ж
2. Ж.Ж.Жатқанбаев «Биология» Алматы 2008ж
3. Н.Шоқанов «Микробиология» Алматы, «Санат» 1997ж
4. Ж.Ж.Жатқанбаев «Биология» 1 том Алматы, 2009ж
5. Мәкенова М. Ботаника курсының практикумы. Алматы, 2000.
6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. «Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы»
7. Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова «Ботаника» Алматы, «Санат» 1998ж
8. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары Алматы 1994ж
9. Гордеев Т.Н. Крукберт В.В. Практический курс растений М. 1986
10. Абдрахманұлы О. Өсімдіктер систематикасы (төменгі сатыдағы өсімдіктер) Алматы 2003
11. Комарницский Н.А., Кудряшов А.В., Уранов А.А. Ботаника (систематика растений) М. 1975г
12. Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі Шымкент 2000ж
13. Биология Қазақстан мектебінде. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2005 жылдан бастап
14. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. Алматы, «Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж.
15. Ү.Т.Арықпаева «Микробиология және вирусология»
16. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.
17. Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ
18. Тулемисова Ж.К., Касенова Г.Т., Музапбаров Б. Микробиология и вирусология: Методические пособие
19. Т. И. Серебрякова Ботаника с основами фитоценологии. Анатомия и морфология растений : учеб. Для вузов
20. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004ж

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Негізгі бөлім
1.1 Прокариоттарға жалпы сипаттама , олардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Бактериялар , олардың классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Цианобактериялар (көк - жасыл балдырлар), aрхебактериялар ... ... ... ... 7
1.4 Бактериялардың құрылысы және тіршілік процестері , көбеюі ... ... ... 10
1.5 Вирустардың құрылысы және тіршілік процестері , қасиеттері ... ... ... 18
1.6 Вирустардың шығу тегі. Бактериофагтар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...22
II. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
III. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі. Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1 -- 10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы -- олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар -- нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы -- онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ- сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы -- мұнда ДНҚ - ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Зерттеу мақсаты: Өсімдіктер дүниесінің талломды ядроға дейінгі тармағы, дробянкалар бөліміне сипаттама беру.
Зерттеу міндеті: Прокариоттарға, олардың өкілдері: вирустар, бактериялар, көк жасыл балдырларға сипаттама беру.
Зерттеу обьектісі: Өсімдіктер систематикасы
Зерттеу пәні: Өсімдіктер систематикасы
Зерттеу әдістері: Өсімдіктер систематикасынан түсіндіру, сипаттау, тәжірибе, өзіндік жұмыс және бақылауды атауға болады. Ал оқыту құралдарына ақпараттық оқыту технологиялары, электронды оқулықтар, виртуальды зертхана, интернет, өз білімін тексеру тапсырмалары, бақылау және ғылыми әдебиеттер.
Зерттеу көздері: Биологиялық оқулықтар, биологиялық ғылыми жұмыстар.
Зерттеудің ғылыми практикалық маңыздылығы:
* Прокариоттардың жалпы сипаттамасын білу;
* Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығын білу;
* Олардың маңызы мен зиянын түсіну;
* Олардың өкілдерімен танысу;
* Бактерия, вирустардың шығу тегімен, түрлерімен, құрылысымен, тіршілік процестерімен, көбеюімен танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.1 Прокариоттарға жалпы сипаттама , олардың маңызы
Қазіргі кезде барлық ағзаларды прокариоттар және эукариоттар деп екіге бөлуге болады. Бұл ұғымдар karion - жаңғақ ядросы деген түсінік беретін грек сөзінен туындаған.
Прокариот ұғымы "ядроға дейінгі", ал эукариот - "жақсы немесе анық ядросы бар" дегенді көрсетеді.
Прокариоттарды, сондай-ақ, бактериялар деп те атайды. Прокариоттарға көк-жасыл балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, спирохеттер, микоплазмалар, хламидиялар жатады.
Прокариоттардың маңызы
Ертеде прокариотты организмдер арқылы өте көп жұқпалы аурулар тараған. Көптеген елдерде халыктың аурудан қырылып қалғаны тарихтан белгілі. Олар -- тырысқақ, күйдіргі, оба (әр жануарларда әртүрлі аталады), т.б. аурулар. Қазақстанда осы аурулардың табиғи ошақтары әлі күнге дейін бар. Жұкпалы ауруларға жататын жіңішке ауруы, сарып, іш өту және сүзек сияқты ауру түрлері адамдар үшін қазір де қауіпті. Көптеген ішек ауруларын прокариоттар тудырады.
Асқазан, тоқ ішек жаралары және қарындағы ісік, қарып асты безінің ісік аурулары -- хеликобактер пилориум микроорганизмі арқылы таралады. Аурулардың осы микроорганизмдер арқылы тарайтынын 1983 жылы Австралия дәрігерлері Б. Дж. Маршал мен Дж. Р. Уоррен ашқан. Б. Маршал осы микроорганизм жасушасының себіндісін (культурасын) ішіп, өзіне тәжірибе жасап көрген. Жарты айдан соң ол гастритпен қатты ауырып, әрең дегенде тетрациклин және денол дәрісін ішіп жазылған.
Ішек және асқазан аурулары тазалық сақтамаған кезде қол орамал арқылы прокариотты организмдерден жұғады. Сондықтан да қоғамдық орындарға барғанда, қолды сабынмен жақсылап жуған дұрыс және шыбын-шіркей, тарақандардан сақтанған жөн. Қазіргі кезде ғылымның жетістіктеріне байланысты, осы прокариоттар тарататын қауіпті ауруларға қарсы емдеу жұмыстары жақсы жолға қойылған. Прокариоттардың өзінен өндірілетін биологиялық белсенді заттар -- антибиотиктерді пайдаланып емдеу жұмыстары қолға алынды. Бірінші антибиотик пенициллинді өткен ғасырдың 40-жылдарында микробиолог Александр Флеминг ашты.
Микробтардың қатысуымен әртүрлі антибиотиктер, дәрі-дәрмектер, витаминдер және ферменттер алынады. Қазіргі кезде микробиологиялық өндірістер жүздеген миллиард долларға өнімдер шығарады. Прокариоттарды зауыттардың өздерінде тот баспайтын үлкен ыдыс -- ферменттерде есіріп, оларды күнделікті өмірде пайдаланады.
Біздің республикамызда Ақмола облысы Степногор қаласында "Прогресс" атты микробиологиялық зауыт бар. Осы зауыт жылына жүздеген мың тонна витаминделген азық-түліктік үстемелер, аминкышқылдары, инсектицидтер (жәндіктерге қарсы ұлы заттар) және микробтан жасалынатын ферменттер шығарады.
1 г топырақтың құрамында 300 млн-нан 2 млрд-қа дейін бактериялар болады. Барлық сыра, шарап, спирт және техникалык өнімдер (ацетон, сірке қышқылы) шығаратын зауыттар прокариотты организмдерді пайдаланады. Адамзат ертеден-ақ май, ірімшік, әртүрлі сүттен алынатын өнімдерді алу үшін ашытқы бактерияларын пайдаланған. Ұлттық тағамдар мен сусындар үшін (айран, қымыз, шұбат, күрт, т.б.) ашытқы бактерияларын қолданған. Көк-жасыл балдырлар пайдалы прокариоттарға жатады. Олар атмосфералық азотты игеріп, оны нәруыз құрамына байланыстырады.
Көк-жасыл балдырларды топыракты биологиялық азотпен тыңайту үшін қолданады. Мысалы, жапон шаруалары көк-жасыл балдырларды күріш шаруашылығына пайдаланады. Көк-жасыл балдырлар органикалық заттармен ластанған сулы жерде жақсы өсетіндіктен, олар ластанудан тазартудың биоиндикаторы болып саналады.
Прокариот клеткаларының эукариот жасушаларынан айырмашылығы - олардың генетикалық материалы - сақиналы ДНҚ құрамына ақуыздар кіретін күрделі хромосомаларға жинақталмаған және де мембранамен қапталмаған. Прокариоттарда белгілі бір қызметтер атқаратын мембраналық құрылымдары болмайды. Бактериялар екіге жай бөліну арқылы көбейеді, сондай-ақ екі клетка арасында генетикалық ақпарат алмастыру түрінде жүретін жыныстық көбеюді байқауға болады. Прокариоттар клеткаларының пішіндеріне сәйкес ұсақ болып келеді. Олардың көлемі шамамен 1-10 мкм. Прокариот клеткаларының құрылымы мен химиялық құрамдарында өздеріне тән ерекшеліктері болады. Цитоплазмалық мембранадан тыс орналасқан құрылымдары (жасуша қабықшасы, капсула, сілемейлі қап, талшықтар, ворсинкалар) көбінесе беттік құрылымдар деп аталады. Цитоплазмалық мембрана мен цитоплазма протопласт деп аталады.

1.2 Бактериялар , олардың классификациясы
Бактериялар (гр. bakterion -таяқша) -- тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк - жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды, ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы ағзалар.
Бактериялар классификациясы
Тiрi дүние жүйесiнде бактериялар клеткалылар империясына, Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера) дүниесiне жатады. Молекулалы - биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екi дүние тармағын: Архебактериялар және Эубактериялар (Серавин, 1991) немесе үш дүние тармағын: Архебактериялар, Эубактериялар және Оксифотобактериялар (Мамонов және т.б., 1992) қарастырады.
Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердiң тобы ретiнде және ескi оқулықтардағы бактерияны бiр бактериялар дүние деңгейiнде қарастыру, қазiргi кезде ескiрген. Л.Н. Серавиннiң (1991) пiкiрiнше, бактериялар -- бұл ерекше клеткаға дейiнгi (прокариотты) бактериоидты деңгейлi құрылысы бар организмдер, оның құрылысы: процитке, процит отарына, полипроциттерге бөлiнедi.
Бактериялар бiздiң планетаның қарапайым организмдерi болып табылады, олар құрылысы және тiршiлiк ету процестерi бойынша әртүрлi болып келедi:

1.3 Цианобактериялар (көк - жасыл балдырлар), aрхебактериялар
Көк-жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған өсімдіктер. Түрлерінің жалпы саны 1,4 мың шамасында болады.
Құрылысы. Бұлар негізінен колониялы және көп клеткалы, сиректеу бір клеткалы, түсі алуан түрлі болып келетін организмдер (көк-жасыл, сарғыш, қанықтау-жасыл). Олардың түсі клеткада әртүрлі мөлшерде болатын әртүрлі пегменттердің: көк-жасыл түсті фикоцианның, хлорофиллдың, каротиноидтардың және қызыл түсті фикоэритриннің орайласып келуімен тікелей байланысты болады. Көк-жасыл балдырлардың клеткаларыңда қалыптасқан ядросы, хроматофорасы1 және клетка шырынына толы вакуольдері болмайды. Клетка қабықшасы негізінен пектиңді заттардан тұрады және аздап шырышпен қапталған. Клетка қуысы цитоплазмамен толтырылған, ол екі қабаттан тұрады: қатты клетка қабықшасына жақын жатқан, мембраналар мен пигменттерден тұратын, көк-жасыл түске боялған қабат -- хрома-топлазмадан және ДНК-дан тұратын, түссіз ортаңғы бөлік -- центроплазмадан. Клеткасының құрылысының балдырлардың фотосинтез процесі жүретін органелласы осыңдай қарапайым болып келуі, көк-жасыл балдырларды дробянкалармен көп жақындастырады. Көп клеткалы көк-жасыл балдырлар әдетте жіп төрізді болып келеді. Жіптерінің ұзындыққа өсуі клеткалардың жай екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Жіп тізетін біртектес клеткалардың ішінде гетероциста деп аталынатын біршама үлкен, қабықшалары қалың, клетканың ішін-дегі тірі заттарынан айрылған, сарғыш-қоңыр түсті дөңгелек өлі клеткалар болады. Көп жағдайда бір клеткалы жө-не жіп тәрізді көк-жасыл балдырлар өз бойынан шырышты заттар бөліп шығарады және бірігіп біршама үлкен колония түзеді.
Коректенуі. Көк-жасыл балдырлар автогрофты жолмен қоректенеді. Алайда олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүруіне байланысты миксотрофты (аралас) қоректенуге қабілетті болып келеді. Яғни фотосинтезбен бірге, органикалық заттарды да өз бойына сіңіре алады. Артық қор заттары ретінде гликопротеид (гликогенге ұқсас), валютин (белок) немесе көк-жасыл балдырларға тән цианофицин (липопротеид) түзеді.
Көбеюі. Көк-жасыл балдырлар негізінен вегететативтік жолмен көбейеді. Бір клеткалы организмдердің көбеюі клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің, ал көп клеткаларының жіптерінің гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нөтижесінде жүзеге асады. Жіпшенің вегететативтік көбеюге қажетті участогі гормогония деп аталынады. Арнайы маманданған көбеюі органдары болмайды. Көк-жасыл балдырлар еш уақытта талшықты формалар түзбейді. Жыныстық көбеюі жоқ. Қолайсыз жагдайларда клеткалардан қабықшалары қалың споралар түзіледі. Олардың ішінде қор заттары мол болады. Бүл жерде спораларды тыныштық қалыпқакөшкен клеткалар деп түсінген жөн, өйткені олар вегететативтік клеткаларға қарағаңда сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына көп төзімді келеді.
Классификациясы. Көк-жасыл балдырлар үш класқа бөлінеді: хроококкалар класы, хамесифондылар класы гормогониялар класы.
Хроококкалар класына мына туыстар жатады: глеокапса), микроцистис, мерисмопедия; хамесифондылар класына -- дермокарпа, паширенема хамесифон ; гормогониялар класына -- осциллатория, спирулина, лингвия, анабена носток, толипотрикс , ривулярия глеотрикия.
Таралуы және шаруашылыктағы маңызы. Көк-жасыл балдырлар өте өзгергіш және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына тез бейімделеді. Олар тұщы және теңіз суларыңда, топырақтың бетіңде, топырақта, жалаңаш жар тастардың бетіңде, қардың астыңда және ыстық қайнар блақтарда да өмір сүреді. Кейбір планктонды түрлері ыластанған сулардың көкшіл түске боялуына ("цветение") өкеліп соқтырады (анабена туысы), ал екінші біреулері, шіру процесінің өнімдерін минерализациялап, суды тазартады. Көк-жасыл балдырлардың топырақта кездесетін түрлері -- формидиум және плектонема ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті келеді. Ностоктың колониясын қоршап тұратын шырышты заттарға, ауадағы азотты бойына сіңіретін бактериялар қоныстанады. Көптеген түрлері саңырауқүлақтармен селбесіп, қыналар түзеді.
2 мың түрге жуық 54 бактериялар тiршiлiк етедi Бұл үш млрд жыл бұрын пайда болған өте көне организмдер. клеткалардың пiшiнi доғалы, цилиндрлi таяқша тәрiздi. Ционобактериялар бiржасушалы болуы мүмкiн немесе көпжасушалы жiпше құрайды клетканың жарғақшасы целлюлоза, нуклеин және пектин заттарынан тұрады. Сыртынан клеткалар тығыз қапшық тәрiздi сiлемеймен қапталған. Барлық прокариоттар сияқты оларда ядро болмайды. Цианобактериялар клеткаларының түсi әр түрлi - көк - жасылдан күлгiн қызыл және қараға дейiн. Мұндай спектр ерекше пигменттер жинағымен анықталады: олар - хлорофилдер, ксантофилдер және фикобилиндер Цианобактериялар жасушаның екiге бөлiну арқылы көбейедi.
Тiршiлiк ету ерекшелiгi фотосинтезбен атмосфералық азотты азотфиксациялау қабiлетi болып табылады. Көне дәуiрде Архей заманында атмосфера оттегiмен цианобактериялардың фотосинтез қызметiнiң арқасында байыған.
Цианобактериялардың негiзгi бөлiгi тұщы суларда, ал кейбiр аздау түрлерi теңiздерде мекен етедi Шалшық сулардың қарқынды гүлдеуi цианобактериалардың көбеюiмен байланысты. Азотфиксациялайтын цианобактериялар ауа азотын меңгерiп оны басқа организмдер пайдалана алатын қолайлы қосылыстарға айналдырады.
Цианобактериялардың маңызы: зат және энергия айналымында үлкен рөл атқарады.

Көк-жасыл балдырлар:
А-оосиллятория; Б-носток; В-анабена; Г-лингвия; Д-ривулярия; Е-глеокап-са; Ж-хроококк: 1-жалпы түрі; 2-кіші үлкейткішпен қарағанда; 3-үлкен үлкейткішпен қарағанда; 4-гетероциста.

Архебактериялар (грекше Archaios -- көне және бактерия) физиологиялы-биохимиялық қасиеттерi бойынша нағыз бактериялар-эубактериядан ерекше, клетканың құрылысы прокариотты болып келетiн микроорганизмдер тобы. Архебактерияның мембрана липидiнiң құрамы, эубактерияда да, эукариоттарда да кездеспейтiн глицерин мен изопреноидты спирттiң эфирi кiредi. Архебактерия клетка қабықшасы эубактериядағы муреиннен емес, қышқыл полисахаридтен, ақуыз немесе псевдомуреиннен тұрады. РНК-полимеразасы 9-12 субьбiрлiктен тұрады (эубактерияларда 4-8).
Рибосомаларға оған кiретiн ақуыздың күштi қышқылды болуы тән. Эукариот хромосомына тән, архебактериялардың генетикалық материалында жүздеп қайталанатын нуклеотидтi тiзбектермен интрондар қатысады. Архебактериялар рибосомды және тасымалдаушы РНК-дағы нуклеотидтер тiзбегiнiң құрамы бойынша, басқа микроорганизмдерден ерекшеленедi. Архебактериялар зат алмасу типi бойынша, физиологиялық және экологиялық ерекшелiгi бойынша әртүрлi болады, оның iшiне: аэробтар мен анаэробтар, хемогетеротрофтар мен хемоавтотрофтар, нейтрофилдер мен ацидофилдер кездеседi. Кейбiр архебактериялар (галлобактериялар) фотосинтездiң, жарықты хлорофил емес, бактериородоксин сiңiретiн ерекше типiне ие.
Архебактериялардың бес топқа жататын (25 тұқым) 40 тан астам түрi бар. Кейбiр зерттеушiлер Архебактерияларды жеке дүниеге, ал басқалары (Mendosicutes) және (Archaebacteria) прокариттар дүние үстi мен бөлiмiне жатқызады.
Архебактерияларды 1977 жылы Л.Маргун мен Д.Ненни (АҚШ) солай атап дүние деңгейiне бөлiп шығарды. Бұл микроплазмаға тән, метантүзушi, аэробты күкiрт қышқылдаушы, анаэробты күкiрттi қайта түзушi, термоацидофильдi күкiрттi аэробтар мен галафилдер. Архебактериялардың клетка пiшiнi шар, цилиндр, спираль, сәуле, төртбұрыш, қорап тәрiздi және т.б. болып келедi. Олар, прокариоттар сияқты нуклеидтен, эукариоттарға тән мембраналы органелла: митохондрия, лизосома, Гольджи аппараты, эндоплазмалық тордан тұрады. Барлығында клеткалы қабықша, кей түрлерiнде талшық пен фибриллдер болады. Кейбiр түрлерi моноқабатты липидтi мембрана түзедi. Көбiсiнде гликоген кездеседi.
Клеткалы қабықша құрамында муреин орнын басқа биополимерлер қышқыл, ақуыз немесе псевдонуклеин құрайды. Оның нуклеиннен айырмашылығы, оның құрамында мурамды қышқыл болмайды. 100 градустан жоғарғы температурада дамуы мүмкiн.

1.4 Бактериялардың құрылысы және тіршілік процестері , көбеюі
Бактериялар - ядросыз, микроскопиялық бiр клеткалы организмдер (құрылымның прокариоттық типi).Бактериялардың тұқым қуалау материялы (нуклеоид) цитоплазмада орналасқан сақина тәрiздi нуклеин қышқылымен (ДНК) берiлген. Бактериялардың нуклеин қышқылындағы гендердiң саны адам клеткасындағыдан 500 есе аз.
Бактерия клеткасы жарғақшамен қоршалған. Оның iшiнде сiлемейлi капсуланы, клеткалық қабықшаны, және цитоплазмалық жарғақшаны керуге болады. Клеткалық қабықша муреиннен тұрады. Клеткалық қабықшалардың бояғыштармен бояу қабiлетiне қарай грамм - оң және грамм терiс деп ажыратады (бұл әдiс зат ғалымы Грамм ұсынған). Грамм оң бактериялардың муреин қабақшасына басқа заттардың - полисахароид және ақуыздардың молекулалары ендiрiлген, ал грамм терiс бактерияларда клеткаларының қабықшаларына ерекше қасиет беретiн муреин үстiнде липидтер қабаты (майтәрiздес заттар) орналасқан. Кейбiр бактериялардың плазмалық жарғақшасы клетканың iшiне майысып, фотосинтезбен тыныс алуда қатысатын ферменттердiң негiздерiн құрайды. Бактериялардың цитоплазмасында клетка органоидтарынан тек рибосомалар ғана бар. Эукариот клеткаларына тән органоидтар (ядро, митохондриялар, пластидтер, Гольджи аппараты) бактерияларда болмайды.
Клеткалар бiрiгу ерекшелiктерiнiң түрлерi жағынан бiрнеше топқа бөлiнедi: шар тәрiздес - кокктар, жұп байланысқан кокктар - диплококктар, жiп тәрiздес стрептококктар, жүзiм шоғы тәрiздес - стафиллококктар, жiп тәрiздi - таяқшалар мен бациллалар, спиральдi иiрiлген - спириллалар, ұзын, қатты иреленген-спирохеттер.

Бактериялар клеткаларының пішіндері

Жалпы бактерияларды екі топқа бөлуге болады: грамша бояуға оң қарайтын (грамполажительные) және грамша бояуға теріс қарайтын (грамотрицательные). Бұлайша шектеп бөлу, бактериялардың фиксацияланған клеткаларының қабықшаларын кристаллвиолетпен (кристалды күлгін бояумен) бояуға және препараттарды одан өрі йодтың ерітіңдісімен өңдеуге (обработка жасауға) негізделген. Бұл жағдайда иод кристаллвиолетпен қосылып, суда ерімейтін, спиртте немесе ацетонда нашар еритін ерекше бір комплекс түзеді. Осыдан кейін препараттарды спиртпен өңдегенде, түзілген комплекс бактериялардың бір түрлерінің клеткаларының қабықшаларын түгелімен жуылып кетеді де, препараттар түссізденеді. Екінші бір түрлерінде комплекс клетка қабықшаларымен тығыз байланысып, жуылмастан сақталады. Сондықтанда мүңдай клеткалардың түсі көк болады. Иод пен кристаллвиолеттің комплексін сақтап қалған бактериялар, грамша бояуға оң қарайтын (грамположительные), ал спиртте жуылып түссізденетіндері грамша бояуға теріс қарайтын (грамотрицательные) болып табылады.
Бактериялардың клетка қабықшаларының құрылысына талдау жасаудың негізінде, грамша бояуға оң қарайтын бактериялардың (грамположительные) мурейін торының көп қабатты болатындығы және оның салмағының клетка қабықшасының бүткіл құрғақ заттарының 90% түзетіңдігі дәлелденген. Грамша бояуға теріс қарайтын бактериялардың (грамотрицательные) мурейін комплексі клетка қабықшасының салмағының 5-15% ғана құрайды және бір қабат түзіп орналасады. Мурейін каркасының сыртында борпылдақ белоктік қабат болады, оны өз кезегінде липополисахаридті жөне липопротейдті қабаттар жауып тұрады.
Бактериялардың клетка қабықшаларының Грам тәсілі бойынша боялу ерекшеліктері, аса маңызды таксономиялық белгі болып табылады. Сондықтанда оны бактериялардың түрлерін анықтағанда үнемі ескеріп отырады. Бұл тәсілді алғашқы рет 1884 жылы неміс ғалымы К. Грам ұсынған.
Клетка қабықшасының құрамы мен құрылысы жағынан бактериялардың өсімдіктер мен жануарлардан айқын айырмашылығы болады. Бактериялардың клеткаларының көпшілігінің сыртын кілегейлі сауыт қаптап тұрады. Мұңдай сауыттың болуы бактерияның фагацитозға берілмеуін қамтамасыз етеді және олардың ауыру таратқыштық (жұқтырғыштық) қабілетін күшейте түседі. Қысқасы сауыт бактерияны сыртқы ортаның қолайсыз өсерінен сақтап тұратын жабын, сонымен бірге ол клетканы кеуіп қалудан сақтайды. Сауыт пен клетка қабықшасының астыңца цитоплазмалық мембрана орналасады. Ол цитоплазманың ортасына қарай өтіп митохондридың, эндоплазматикалық тордың, гольджи аппаратының қызметтеріне (функцияларына) ұқсас қызмет атқаратын мембраналық комплекс түзеді. Сонымен бірге сыртқы цитоплазмалық мембрананың клетканың ортасына қарай өтіуінің нәтижесіңде мембраналық структуралар пайда болады, оларда фотосинтез процесіне қатысатын пигменттер болады. Соңғылары а,Ь,с,й бактерия хлорофилдері мен каротиноидтар түріңде берілген. Химиялық құрамы жағынан бұл пигменттердің баддырлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің пигменттерінен айырмашылығы болады (Е.Н. Кондратьев, 1972). Бактериялардың клеткаларының цитоплазмасыңда қосалқы заттар болады, олардың құрамында мынадай артық қор заттары жиналады: крахмал, гликоген, майлар. Сонымен бірге көптеген бактериялар фосфорды жартылай фосфаттардың түйіршігі түріңде және қарапайым күкіртті бойына жинақтауға қабілетті болып келеді.
Кейбiр бактерияларда қозғалыс органоидтары талшықтары болады.
Спораның түзiлуi тек кейбiр бактерияларға ғана тән, мысалы клостридиуль бациллалары.
Бактериялардың қоректенуі. Бактерияларды қоректену түрлеріне қарай автотрофты және гетеротрофты деп негізгі екі топқа бөлуге болады.
1. Автотрофты қоректенетін бактериялар көп болмайды, олар органикалық емес заттарды синтездеуіне қарай фототрофты және хемотрофты болып бөлінеді. Фототрофты - бактерияның ішіндегі ең мадыздысы пурпурбактериясы. Мұндай бактериялар жасыл өсімдіктер сиякты тіршілігіне жарықтың энергиясын пайдаланып, ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді де, ауаға бос оттегін бөліп шығарады. Сөйтіп өзіне керекті көміртегін ауаның құрамындағы көмір қышқыл газынан алады.
Хемоттрофты бактерияларға лептотрикс (темір бактериясы), беггиотоа (күкірт бактериясы) жатады. Олар ауадағы көмір қышқыл газынан көміртегін сіңіру үшін күрделі органикалық заттардың ыдырауының нәтижесінде және органикалық емес заттарды тотықтырғанда босайтын химиялық энергияны пайдаланады.
2. Гетеротрофты қоректенетін бактериялар өте көп. Олар паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді. Жалпы бактерияларда паразитизм өте кең таралған. Тіптен бактериялардың басқа түрлерінде паразит ретінде өмір сүретіндері де кездеседі. Адамға жұқпалы аурулар тарататын бактерияларға обаны (чуманы), туберкулезді, холераны, дизентерияны, дифтерияны, менингитті және басқаларды қоздыратын бактериялар жатады. Ұсақ бірклеткалы организмдерді ұстап алатын жыртқыш бактерияларда болады. Ал сапрофиттері өлі органикалық заттардың қалдықтарында мекендеп, олармен қоректенеді (жануарлардың өлекселерінде, өсімдіктердің қалдықтарында).
Жалпы бактериялар қанша майда болғанымен өте обыр организмдер. Бактериялар, кейбір деректер бойынша тәулігіне өз салмағынан 20-30 есе артық азық қортады.
Бактериялардың тыныс алуы. Тыныс алу ерекшеліктеріне қарай бактерияларды аэробты және анаэробты деп бөледі. Көпшілік бактериялар аэробты организмдер, олар оттегі бар жерде өсіп жетіледі. Анаэробты бактериялар оттегі жоқ ортада өмір сүреді және олардың көпшілігі паразиттік тіршілік етеді.
Бактерияның көбеюі. Бактериялар үш түрлі жолмен көбейеді: вегетативтік, жыныссыз және жынысты. Вегетативтік көбею бактерияларда клетканың жай екіге бөлінуі арқылы әрбір 20-30 минут сайын қайталап жүріп отырады. Бұл процесс әдетте бактерияның хромосомы (ДНК-ның сақина тәрізді молекуласы) екі есе артқан жағдайда жүреді. Бактериялардың аздаған түрлері бүршіктену арқылы да көбейеді.
Жыныссыз көбеюі спора түзу арқылы жүзеге асады. Көптеген бактериялар қолайсыз жағдайда ДНК-ның молекуласының айналасында цитоплазманың тығыздалуының нәтижесінде қалың қабықпен қапталған эндогендік споратүзеді. Бактерияның споралары өте төзімді келеді және ұзақ уақыттар бойы тіршілігін жоғалтпайды (20-30 жыл бойы, кейде одан да көп жыл). Бактерияларда жақын уақыттарға дейін жыныстык көбею белгісіз болып келді. Тек соңғы кездері жүргізілген зерттеулердің, әсіресе генетикалық талдаудың (анализдің) негізінде бактерияларда жыныстық процесстің болатындығы анықталды. Ол екі клетканың бір-бірімен тікелей түйісуінің нәтижесінде жүреді. Мұндай клеткалардың бірінен (аталықтың қызметін аткаратын, донар клеткасынан) арнайы өсінді (көпірше) пайда болады, ол арқылы аталық клетканың материалы (ДНК), реципиент-клеткасына (аталықтың қызметін атқаратын клеткаға) өтіп құйылады. Мұны капуляциялық процесс деп атайды.
Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Бактериялар табиғатта заттар айналымына қатысады. Олар органикалық күрделі заттарды минералды (өте жай) заттарға айналдырып, өсімдіктің пайдалануына жарамды етеді. Бактериялар болмаса жер бетін аз уақыттың ішінде жануарлардың өлекселерімен өсімдіктердің қалдықтары жауып кеткен болар еді. Түптеп келгенде, оның өзі неше түрлі жұқпалы ауырулардың көбеюінен жер бетіндегі тіршіліктің жойылып кетуіне әкеліп соққан болар еді. Бактериялардың көмегімен органикалық заттардың ыдырауын шіру деп атайды. Шіру процесі барлық жерлерде жүреді, және шіру кезінде көмір қышқыл газы, көптеген иісті газдар (индол, күкіртті сутегі, метан жөне т.б.) бөлініп шығады. Шіру процесі табиғаттағы азот айналымыңда ерекше орын алады жөне аэробты жағдайда жүреді. Топырақтың шіріткіш бактериялары жерді жануарлардың өлекселерінен және өсімдіктердің, басқа органикалық заттардың қалдықтарынан тазартады, олардың ыдыраған заттарын жалпы заттар айналымына қатыстырады. Шіри бастаған заттарда бактериялардың жаппай пайда болуы, олардың көбеюіне қолайлы жағдай туғандықтан болады, бұл жағдайда бактериялардың спорасы айналаны қоршап тұрған ортадан шіри бастаған денеге түседі. Ауыл шаруашылығыңда бактериялардың, әсіресе топырақ бактериясының маңызы ересен зор. Топырақтың құнарлылығы осы бактериялардың іс-әрекетіне (тіршілік қызметіне) тікелей байланысты. Мысалы, түйнек бактериясы бүршақ тұқымдас өсім-діктердің тамырларыңда түйнек түзеді. сияқты ауадағы бос азотты бойына сіңіріп, оны топырақтағы минералды азотқа айналдырады. Мұндай жердің топырағы өдетте құнарлы келеді. Сол себепті бұршақ тұқымдас өсімдіктерді ауыспалы егіске кеңінен пайдаланады.
Кейінгі кездерде геологиялық барлау жүмыстарында бактерияларды пайдаланады. Мысалы, темір бактерияларының тіршілігінің нәтижесінде, рудалы жер қабаттары пайда болған.
Күкірт бактериялары тіршілігінің әрекетінен Қара теңізде, Каспий және Азов теңіздеріңде әр түрлі органикалық заттардың шіруінен балшықты қоспалар түзілген. Оның суының қол-аяқ ауруларын емдейтін шипалық қасиеті бар. Қысқасы бактериялар болмаса жер бетіңдегі тіршілік дәл қазіргі деңгейге көтеріле алмаған болар еді. Бәлкім микроорганизмдер болмаса жерде қүралмаған болуы мүмкін.
Бұлардан басқада бактериялардың адам өміріңде пайдалы жақтары көп. Мысалы, бактериялардың көпшілігі ферменттердің көмегімен органикалық заттарды анағұрлым қарапайым қосылыстарға ыдыратады. Азотсыз қосылыстардың бактериялар арқылы айрылуы немесе ыдырауы ашу деп аталынады. Ашудың бірнеше түрі бар: сүт қышқылды ашу; май қышқылды ашу; сірке қышқылды ашу және т.б. Осылардың ішінде сүт қышқылды бактерияны алсақ, ол сүттен әртүрлі тағамдар жасауға пайдаланылады: айран ашытуға, қымыз ашытуға, сыр жасауға, ірімшік жасауға, құрт жасауға т.б. Мал азығын сүрлеуде осы сүт қышқылды бактериялардың ашу процесіне негізделген Алайда бактериялардың пайдалы жақтарымен бірге зияңды жақтарыда аз болмайды. Көптеген адамда және жануарларда болатын жұқпалы ауыруларды осы бактериялар туғызады. Оларға чуманы, түберкулезді, холераны, дизентерияны, дифтерияны, менингитті және басқаларды қоздыратын бактериялар жатады.
Әртүрлі тамақ өнімдерінің бұзылуы: еттің, балықтың, жұмыртқаның, колбасаның, майдың дәмінің бұзылуы, сүттің ашуы бактериялардың тіршілігімен тікелей байланысты. Мұндай бұзылуды болдырмау мақсатында өртүрлі тәсілдер қолданылады:
1) төменгі температурада (0°С төмен) мұздатып қатыру; 2) сірке қышқылымен тағамды мариноват ету; 3) түздау; 4) вареньяға қант қосу; 5) кептіру және ыстау; 6) жоғарғы температурамен өсер ету. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокариоттар систематикасы
Прокариоттар мен эукариоттардың генетикалық ақпаратының құрылысының ерекшелігі
Прокариоттар мен эукариоттардың құрылыстары. Прокариоттар көбею жолы
Бактериялар систематикасы
Прокариот және эукариот гендері
Геннің экспрессиясы
Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологияның мақсаттары және міндеттері
Зат алмасу қарқыны
Геном - генетикалық хромосомалардың гаплоидты жиынтығы түрі
Прокариот және эукариоттардың генетикалық аппаратының құрылысының ерекшелігі
Пәндер