Бухгалтерлік есептің пайда болуы мен дамуы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 1. Бухгалтерлік есептің пайда болуы мен дамуы

Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезде пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.

Бухгалтерлік есептің пайда болуының алғы шарты - адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.

Жалпы адамзат өмірінің, адамзат қоғамы өмірінің негізі - материалдық өндіріс процесі. Осы материалдық өндіріс процесі дамуының белгілі бір кезеңде оны сандық түрде көрсету қажеттілігі және мүмкіншілігі туындады. Шаруашылықты өлшемсіз (салмағы және саны), кірістер мен шығыстарды салыстырмай, біріншісінің екіншісінен асып түсуін болдырмай жүргізу мүмкін емес. Осы кезде есеп пайда болды және ол барлық уақытта материалдық өндіріс процесіне қызмет көрсетті, сонымен бірге жетілдіріліп отырды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде-ақ адамдарды өздерінің өмірін сақтап қалу және ұзарту үшін қанша тамақ табу керек екендігі толғандырып, есеп есте сақтау арқылы жүргізілсе, құл иеленушілік құрылыс кезінде ауыл шаруашылығындағы өнімдерді, қолөнер өнімдерін өндіру ұлғайып, есеп жүргізудің қажеттілігі туындады.

Ертедегі римдіктер де бұл балауыз жағылған тақтай кестелерді бір-біріне кітап сияқты етіп байлап, оларды «Кодекстер» деп атады.

Орта ғасырларда Рим империясының есеп мамандарына инвентарлық кітап, кіріс-шығыс кітаптары белгілі болды. Олар қазіргі касса, кассир, кассалық жазу, шоттарды жабу, сальдоны (қалдықты) анықтау деген терминдерді білді.

Орта ғасырлардың аяғында бухгалтер деген термин Австрияда пайда болды. 1498 жылы Қасиетті Рим империясының императоры Максимилиан-I бірінші бухгалтер етіп Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехерді тағайындады. Осы оқиға жайлы Вена мемлекеттік мұражайында әлі күнге дейін сақтаулы император Максимилианның 1498 ж. 13 ақпанындағы бұйрығы куә. Осы уақытқа дейін мұны ақылы есеп жазбаларымен айналысатын «кезбе жазушылар» жүзеге асырып келді. Жоғарыда келтірілген күн «бухгалтер» және бухгалтерия ұғымының таралуының бастамасы болып саналады. Сол кезде бухгалтер мамандығына өте жоғары адамгершілік талаптар қойылатын. Кейбір елдерде бухгалтердің адамгершілік қасиетіне қарап, оны қазіргі уақытқа дейін шіркеу қызметкерінен кейінгі екінші орынға қояды.

Осы кезеңнен бастап біздің ғылымның және кәсібіміздің атауы есеп регистрінің негізгі түрі - кітаппен байланысты болды.

Есептің жетілдірілуі ескі және жаңа италиялық екі жақты бухгалтерияның пайда болуына жағдай туғызды. Екі жақты жазудың өмірге келуі адамзат қоғамының өмірі және шығармашылығы үшін ауқаттылық жасаған меншік капиталының дамуына (мүмкіндік жасады) жол ашты. Екі жақты жазу жүйесі XIII-XIV ғғ. дүниеге келді, оны солтүстік Италияның сауда орталықтарында қолданған еді. Генуяның муниципалдық жазуларында табылған екі жақты жазудың жүйесі 1340 жылмен көрсетілген.

Одан ерте екі жақты жазу 1299-1300 жж, Францияда Шампань провинциясындағы фирмада анықталған.

Бухгалтерлік есеп туралы ғылым ретінде 1458 ж. Бенедетто Катрульи өзінің кітаптарында жазған.

Ескі италиялық бухгалтерияның негізгі ерекшеліктері - есеп жүргізуші екі кітапты: журналды және Бас кітапты болып көрсетілуі. Журналда хронологиялық жазулар жазылса, Бас кітапта топтастырылып жазылды. Кітаптың барлық парағы номерленді жіне бір парақтың жоғалуы кітаптың құнын айтарлықтай түсірді.

Бухгалтерлік есеп туралы бірінші кітапты 1494 жылы италиялық ғалым-математик Лука Пачоли жазды. Лука Пачоли алғаш рет бухгалтерлік есеп туралы білімді бір жүйеге келтірді. Оның осы «Арифметика, геометрия салалары, пропорциялар және қатынастар туралы ілім» деген кітабында «Шоттар және жазулар туралы трактаттар» деп аталатын бөлімінде екі жақты бухгалтерияны жүргізу әдісін көрсетеді. Онда Пачоли постулаты деген атауға ие болған екі негізгі ережесі жазылған:

  • Барлық дебеттік айналымдардың сомасы сол шоттар жүйесіндегі кредиттік айналымдардың сомасына тең;
  • Дебеттік қалдықың сомасы әрқашан сол шоттар жүйесіндегі кредиттік қалдықтардың сомасына тең.

Постулаттардың мағынасы өте маңызды, өйткені олар шын мәнінде кәсіпорындарды шаруашылық өмірінің фактілерін қазір де тіркеу үшін кеңінен қолданылатын жазбалардың әмбебап сипатын нақты көрсетеді.

Ал жаңа екі жақты бухгалтерияда синтетикалық және талдамалық (аналитикалық) шоттар пайда болды.

Ал есептің мемориалдық кассалық (немістік) нысанында журнал екі журналға бөлінеді: кассалық журнал және мемориал.

Кейін XIV ғ. ортасынан бастап есептің журналды жүйесі пайдаланылса, XX ғ. басында Бас журнал немесе америкалық нысаны пайдаланылатын болды. Ал XIX ғ. аяғында есептің шахматтық нысаны пайдаланылса, қазіргі кезде есептің автоматтандырылған нысаны пайдаланылады. Бұл нысан есептің процесті бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде ерекше орын алатын әмбебап компьютерлік бағдарлама - «1С Бухгалтерия». Бұл бағдарлама «карапайымнан күрделіге» принципі бойынша құрылған. Оны қарапайым операциялар үшін де, есеп регистрлерін, Бас кітапты, жекелеген қорытынды есеп нысандарын құру үшін де пайдалануға болады.

Есептеуге ғылыми анықтама беруге алғашқылардың бірі болып күш салған итальян мектебінің оқымыстылары саналады. Мәселен, Франческо Вилла (1801-1884) есептеу кітап жүргізу өнеріне қажет экономикалық және әкімшілік ілімдерден тұрады деп есептеді. Осы кезеңде әр түрлі ғалымдар айтқан бухгалтерлік есептің анықтамалары бухгалтерлік есепті тәжірибелік қызметтің нысандарының бірі деген көзқарастан бас тартуға мүмкіндік берді, оның ең басты мақсаты кәсіпорын меншігіндегі мүліктерге бақылау жасау болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіру
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері
Ерте замандағы бухгалтер
Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы түсініктемелері
Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат
Бухгалтерлік есеп туралы ақпарат
Бухгалтерлік есептің пайда болу теориялары
Бухгалтерлік есеп пайда болуы және мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz