Абай өмірбаяны



Абай Ибрахим Құнанбаев (1845-1904) қазақтың ұлы ақыны композитор филосов қазақ жазба классигі. Шын аты – Ибрахим. Туған жері – бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулиетінен. Ақынның арғы бабасы – Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Айдостың Айнара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай туады. Бұлардың әкесі момын шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, ор мінезді әйел болған. Сол Айнара ана балаларына:

«Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Торнақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әріде кетпес, беріде кетпес Тонайым,
Сірә да еңбас Төрғаным» - деген сипаттама берген (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А., 1985, 26-б). Анасы айтқанындай, Ырғызбай ортасынан оза шауын, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбайдың әйелі – Зереден құнынбай туады. Құнынбай мен Ұлжаннан-Абай туған. Болашақ ақын сабырлы мінезіне, кең пейіліне сай ел анасы атанған «кәрі әжесі» Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын – ажынға жайды, әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.
Осындаай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе төрт жыл оқығанынан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегіндегі ел жақсыларымен араласып өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жеке танысады. Билікке араласып біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы ындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады.
Әдебиеттер:

1. Абай Екі томдық шығармалар жиынтығы. – Алматы Жазушысы.
Т.1. Өлеңдер мен поэмалар – 1986-302б
2. Абай. Қалың елім қазағым: Шығармалары; Алматы Жалын 1995-383б.
3. Абай және қазіргі заман: өмірі мен әдебиеті мұраларының жаңа қырлары. Алматы ғылым 1994-336бет.
4. Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер: қазақ халқының мақал мәтердеріндегі, қара өлеңдеріндегі, халықтық педогогика және поэзиясындағы азаматтық тағылым хақында Алматы Рауан 1994-144б.
5. Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. – Алматы: Рауан, 1993. – 279б.
6. Абетаева Е. Абайдың педогогикалық және психологиялық көзқарастары // Ұлағат, - 2003. - №3 – Б. 49-55.
7. Керейбаев К. Абай жырларындағы адамгершілік тәрбиесі // Қазақстан мұғалімі. – 2000 – 12 сәуір (№11-12). Б.3
8. Рақымжанов Т. Халық позиясы және Абай // Ақиқат. – 2001. №8 –Б. 64-69
9. Сабыр А. Өсиетті – ұрпаққа өнеге // Қазақстан мектебі. – 2000 - №7 – Б. 71.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Абай өмірбаяны

Абай Ибрахим Құнанбаев (1845-1904) қазақтың ұлы ақыны композитор
филосов қазақ жазба классигі. Шын аты – Ибрахим. Туған жері – бұрынғы
Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің Арғын
тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулиетінен. Ақынның арғы бабасы –
Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды.
Айдостың Айнара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай туады.
Бұлардың әкесі момын шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, ор мінезді әйел
болған. Сол Айнара ана балаларына:

Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Торнақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әріде кетпес, беріде кетпес Тонайым,
Сірә да еңбас Төрғаным - деген сипаттама берген (Әуезов М. Жиырма
томдық шығармалар жинағы. А., 1985, 26-б). Анасы айтқанындай, Ырғызбай
ортасынан оза шауын, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар,
Өскенбай тарайды. Өскенбайдың әйелі – Зереден құнынбай туады. Құнынбай мен
Ұлжаннан-Абай туған. Болашақ ақын сабырлы мінезіне, кең пейіліне сай ел
анасы атанған кәрі әжесі Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп,
абысын – ажынға жайды, әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы
Ұлжанның тәрбиесінде өсті.
Осындаай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың
бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі.
Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды
медреседе төрт жыл оқығанынан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел
басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегіндегі ел жақсыларымен
араласып өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жеке танысады. Билікке
араласып біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы ындағы
көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан нәлендей
көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан
істерін көркем сөзбен, әсіресе өлеңмен насихаттамақ болды.
Жас кезінен-ақ Абай өмірі ішкі балалық дүниесін оңды-солды соққыға
алатын, әртүрлі өзгерістерге үшыраған. өзінің де қуаты мен ой қуатына лайық
келмейтін салмағы зор міндеттер басына түскен соң, Абай жаратылыстағы
зеректік, талаптылық өнерін ереіксіз осы жолға салған.
Сонымен, балалықтан асып бозбалалық, жігіттік шағына жеткен уақытта
қазақтың ескі сөзі, ескі жолбасы, мәлет, тақпақ, ескі биліктерінде елдің
маңдай алды кісілерімен қатар түскендей білім жаяды. Ақындар, шешендер,
батырлар болсын, барлығы жайындағы әңгімелер Абайға, енді таныс дүние
болады. Абай халық қазынасына жанасады. Халықтың қоғамдық тірлігіндегі
қайшылықтарды, ауыр шындықтарды да содан ұғады. Арызшы, мұңдыларды, зорлық,
қорлық көргендерді көп тыңдап, солардан үлкен сырлар ұғады. Құнанбай
үстемділігіне қарсы әділдік ойды ойлауды да сол халықтан үйренеді.
Құнанбайға көмекші Абай болмай, өз үшін көп нәр алып өсіп келе жатқан жас
болады.
Қаладағы оқудан шығыс ақындарын сүюді, ақындықты сүюді, ала келген
Абайға, ендігі зор тәрбиені қалың бұқара халқы бола бастайды. Ел даналығын
танып, соны ерте қамту жас талапкерге жаңа зор мектеп тәрізденеді. Бұл
жөніндегі азық білімді ол әкесінен емес, халықтан шыққан шешен, ділмар
ақынан, ескі әңгімешіден, көпшіліктен алады. Ең алғашқы өлең жайын
баяндаған жырында Абай Шортанбайды, Дулатты, Бұқар жырауды ауызға алса,
солардың сөзін бала күннен естіп, танып, жаттан өскенін сезінуге, болады.
Осындай мұраларды сүю Абайды қатал суық билер ортасында қалдырмай халық
мұрасына жақын етіп жүреді. Орыс әдебиетімен танысуы қанықпал етеді. Алайда
жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып,
көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді.
Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі - өз жанынан шығарған төл өлеңдері:
екіншісі – ғақилия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы: үшіншісі - өзге
тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой
ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін
жасауға, ішкі – сыртқы қылық – қасиеттерін, мінез – бітімдерін айқын
суреттер мен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың
ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.
Жалпы Абай халықтың өмір шындығын, көрген білгенінің бәрін
шығармаларына түсіріп отырады. Ол мектеп ашуды, бала оқытуды, ғылымды
білуді, халықты ағартып, оның мәдениетін көтеруді – қазақ өмірін прогресшіл
жолмен өзгертудің негізі деп санайды. Қазақ арасындағы берекесіздіктің,
басқа кемшіліктердің түп – тамырлары надандықта, оқымағандықта деп
түсінеді, халқының көңіл көзін ашу үшін жастарды білім алуға шақырады.
1981 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан
қайға бұлтты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан өледі.
Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдрахман
қайтыс болады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы
тақырынқа арналған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде
соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болады.
Осындай қабаттасқан қайғы-қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан
кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың
ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанында жерленеді. Бұл күнде
оларда қазақтың ұлы екі перзенті – Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес
махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы
үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі – қан, бірі – май боп енді екі ұртың...

Асыл мұра Абайдың сөздері

Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында қазылған бір
алуан шығармалары – қара сөз деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек
шығарма. Оның алты – жеті үлгісі қысқа келеді.
Абай Құнанбайұлы қазақ халқының жан дүниесін, дүниетанымын, ой
толғамын, рухани қазынасын өз бойына сіңіріп, көңіл сүлгісінен өткізіп,
сыншыл да сыршыл өлеңдер туғызды. Ал оның қаламынан туған туындылардың бір
сарысы - әлеуметтік – философиялық, этикалық, эстетикалық һәм дидактикалық
терең мәнді Қара сөздері. Бұл еңбектері Абайдың ақын ғана емес, ағартушы
– ұстаз, кең ауқымды филосов, он сегіз мың ғаламның сырын ұққан хакім,
ойшыл ғалым екенінен хабар береді.
Қара сөздері Абайдың тұрсымтағы философиялық – этикалық ой
қорытындыларының жиынтығы ғана емес, қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани
дүниесін, діни-философиялық көзқарастарын, әлеуметтік ахуалын көрсететін
айна іс ниетті. Бұл еңбек сонысымен аса қымбат, сонысымен бағалы.
Абай қара сөздерінде қандай ғана түйінді сөз айтпасын, онда имандай
шынын жасырмағандығы, ішкі еркіндігінің шексіздігі байқалады. Ол әр нәрсе
жөнінде өз байламын пайымдауын білдіргенде қайсібір білімпаздарға көкірегі
сәулелі, көзі ашық қарияларға жақпай қалмас на екенін де ешкімге
жалтақтамай, ешкімнен қорқып – үрікпей, дербес ойлай білгендігі анық
көрінеді. Абай сөзі, ол көтерген мәселе қазіргі күнге дейін өзектілігін
жоғалтпаған, қайта күн сайын арта түскендей.
Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлейін деп
ойладым... – дейді Абай Жиырма екінші сөзінде. Бұл бүкіл адамзатты
ойландыратын, терең ойға жетелейтін, жұрттың барлығы игі жақсылар ден
санайтындардың өзін таразыға салатын сөз.
Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын – қара
алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала – очерг тәрізді. Қазақ халқының қайдан
шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу сияқты. өзге қырық бес
сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында
Ғақлият тасдиқат деген атпен бөлекше көшірілін жүреті дін, мораль
мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады. Бұл – отыз сегізінші
сөз.
Осыдан соң қара сөзбен жазылған мысал, өсиет еңбегіндегі – Сакрат пен
оның шәкірті Аристодим әңімесі. Бұл – жиырма бесінші сөз.
Абай үшінші сөзінде қазақ халқының мінез-құлқындағы келеңсіз, нашар
қылықтардың қайдан және қалай туындайтынын саралап, ақиқат пен жалған
философиялық категориялар арқылы талдап беріп отырады. қазақтың бірінің
тілеуін бірі тілеспейтұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не?
- деген сұрақ қойып алып, ары қарай талдау жасап, ол талдауларды бір тон
философиялық категориялар арқылы таразылайды. Әрбір жалқау кісі қорқақ,
мақтаншақ келеді: әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді: әрбір
ақылсыз – надан, арсыз келеді: әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі
тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады - дейді.
Төртінші сөзінде ақын адам деген тылсым табиғаты мәңгі жұмбақ болып
қала берерлік құбылыс. Абай осы тылсым құдырет иесіне екі күйіне талдау
берген. Олар Күлкі және Қайғы. Дүниеде күлмейтін не қайғыланбайтын жан бар
ма? Бұл алма кезек болатын көңіл күйлері емес пе? Абайдың айтып отырғаны
өзгеше мәселе. өмірде күлкіге салынып қайғы ойламайтын қаңбақ жандар
болады, күлкіні біле бермейтін мұңды жандар болады, солардың іс әрекетіне
зер салған. Абай пайымдауынша күлкінің өзі мастық, ал әрбір мастың сөйлеген
сөзі бас ауыртады. Күлкіге құмар жан шаруадан, яғни, адар харекеттен
қалмақ. Уайым-қайға ойлағыш адам дүние шаруасына да, ахиретке де жинақырақ
болады. Бірақ адамның күлмей үнемі қайғыда жүру мүмкін емес, ондай адам іш
құса дертіне душар болмақ. Күлкі жауын өткен жаңбырдай көңіл күйін шайып
өтеді. Күлкісіз тірлік жоқ. Абай осы мәселесінің шешуін ұсынады. Әрбір
орынды хакерет өзі де уайым – қайғыны азайтады, орынсыз күлкімен азайтпа
қайғыны, орынды хакеретінен азайт! Бұдан әрі де Абай надан адамның қылығына
күлсең рахаттанып күлме, ыза болғандығыңнан күл, оның өзі қайғы, жақсы
жанның қылығына күлсең рахаттанып, жақсыдан ғибрат алдым деп күл дейді.
Абай бесінші сөзінде де, қазақ даласында көп таралған мақал –
мәтелдердің мазмұны арқылы да дәлелденген; қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін,
білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен. Ол тек қана мал үшін қам жейді
екен. Ал мал табу жолын біле ме? Оны да білмейді. Оның бар білетіні –
малдыларды алдап, арбап, мақтан, мал алмаса, онда әкесімен болса да
жауласудан тайынбайды екен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай мұрасын зерттеу
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі
Абайтану ғылымы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ
Пәндер