ҚР Ұлттық қоры



Жоспар
Кіріспе
1. Ұлттық қордың мәні және рөлі
2. Ұлттық қордың құрылу қөздері
3. Ұлттық қордың статистикалық көрсеткіштері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттеің жинақтарын құру мақсатында және мемлекеттік және жергілікті бюджетке әлемдік бағаның әсерін төмендету мақсатында құрылады. Осыған сәйкес қорлар екі функцияны атқарады: жинақтаушы және тұрақты.
Қор мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы үрдісіне оған шикізат секторы қйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге де міндетті төлемдердің түсімдері негізінде қалыптасады:
— корпоративті табыс салығы
— қосымша құнға салық
— үстеме пайда салығы, бонустар, роялти
— ҚР келісілген келісім шарт негізіндегі өнімді бөлу бойынша үлесі.

Қор келесі түсімдер арқылы құрылады.
1) Республикалық және жергілікті бюджеттеің жоспарланған түсімдерінің 10% көлеміндегі арнайы трансферттер
2) Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер
3) ҚР заңымен шектелмеген басқада кірістер мен түсімдер
Қордың қаражаттары келесі бағыттарға жұмсалады:
1) Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жыл бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдерінің арасындағы айырма түрінде анықталатын республикалық бюджет шығының өтеу үшін
2) Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер.
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығындарды жабуға.

Қорды басқаруды келесі мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Қазастан Республикасының Президенті:
1) ҚР ұлттық банктін басқару бойынша Кеңес құрамын құрайды
2) қор мәселелері бойынша Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді.
3) қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады
4) ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітілген құжаттарды бағыттайды;
5) қордың қызметімен байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады.
1. Құлпыбаев С., Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010
2. Ынтыкбаева С.Ж., Қаржылық есеп /Алмата 1998
3. Мельников В.Д. Экономика, Алмата 2010

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЕУРАЗИЯ ИНСТИТУТЫ

Есеп және аудит кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ҚР Ұлттық қоры

Орындаған : Галимова Б.Е.
Тексерген: Суюншкалиева Д.С

Орал - 2015ж

Жоспар
Кіріспе
1. Ұлттық қордың мәні және рөлі
2. Ұлттық қордың құрылу қөздері
3. Ұлттық қордың статистикалық көрсеткіштері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттеің жинақтарын құру мақсатында және мемлекеттік және жергілікті бюджетке әлемдік бағаның әсерін төмендету мақсатында құрылады. Осыған сәйкес қорлар екі функцияны атқарады: жинақтаушы және тұрақты.
Қор мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы үрдісіне оған шикізат секторы қйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге де міндетті төлемдердің түсімдері негізінде қалыптасады:
-- корпоративті табыс салығы
-- қосымша құнға салық
-- үстеме пайда салығы, бонустар, роялти
-- ҚР келісілген келісім шарт негізіндегі өнімді бөлу бойынша үлесі.

Қор келесі түсімдер арқылы құрылады.
1) Республикалық және жергілікті бюджеттеің жоспарланған түсімдерінің 10% көлеміндегі арнайы трансферттер
2) Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер
3) ҚР заңымен шектелмеген басқада кірістер мен түсімдер
Қордың қаражаттары келесі бағыттарға жұмсалады:
1) Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жыл бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдерінің арасындағы айырма түрінде анықталатын республикалық бюджет шығының өтеу үшін
2) Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер.
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығындарды жабуға.

Қорды басқаруды келесі мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Қазастан Республикасының Президенті:
1) ҚР ұлттық банктін басқару бойынша Кеңес құрамын құрайды
2) қор мәселелері бойынша Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді.
3) қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады
4) ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітілген құжаттарды бағыттайды;
5) қордың қызметімен байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады.

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бо- лып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.
Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінін жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілденілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тарау және қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі, ал оның операциялары бойынша есепке алу мен есептеме ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасасылатын сенімгерлік басқару туралы келісімшарттың негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады.
Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер:
* мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; бонустар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
* мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);
* республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
* ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.
Ұлттық қордың қаражаттары:
* Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке кепілденілген трансферт түрінде;
* Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
* Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
* Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
* тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін;
* ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады.
Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды.
Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларды кредиттеуге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ұлттық қорға түсетін немесе бұл қордан алынатын активтер Ұлттық банк белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін кайтарусыз түсімдер осы Қордан кепілденілген трансферт болып табылады.
Ұлттық қордан үш жылдық кезеңге арналған кепілденілген трансферт мөлшері республикалық бюджет әзірленетін жыл алдындағы қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс, ол Үкімет белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
Есепті қаржы жылы ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілденілген трансферт сомасын Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы бойынша және Үкімет бекіткен тәртіпке сәйкес Үкіметтің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетте Ұлттық қордан аударылмаған кепілденілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Ұлттық қорды тиімді пайдалану және оны, материалдық емес активтерді қоспағанда,шетелдік қаржылық құралдарға орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары: 1) Ұлттық қорды калыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды карау және әзірлеу; 3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларын қарастыру және оларды талдау
Банктік емес ұйымдардың түрлері және жүзеге асыратын операциялары
Банктік емес кредиттік ұйымдар
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық инвестициялық портфелі
Қазақстан Республикасының ұлттық қоры жайлы
Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері
Әлеуметтік сақтандыру қоры
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны туралы
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесін реформалудың теориялық негіздері
Пәндер