Нарықтық қатынастар жағдайында құс шаруашылығы өнімдерін өндірудің тиімділігін жоғарлату жолдары



Кіріспе

1. ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
1.1. Құс өсірудің даму кезеңдері, құс шаруашылығы
1.2. Құс шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің нарықтық
тұжырымдамасы
1.3. Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар

2. «АГРОИНТЕРПТИЦА» ЖШС ӨНІМІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
2.1. Бәсекеге қабілетті өнім өндірудың тиімді тетігі . кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру
2.2. «Агроинтерптица» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру.
2.3. «Агроинтерптица» ЖШС .нің маркетингтік қызметін және бәсекеге қабілеттілігін талдау.
2.4. «Агроинтерптица» ЖШС техника . экономикалық көрсеткіштерін талдау.

3. ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасындағы құс еті және жұмыртқа өнімдері нарықтарын талдау
3.2. Құс шаруашылығы өнімдерін өткізуді жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР
Құс өсіру алғаш бұдан 4 мыңдай жыл бұрын Үндістанда пайда болған, кейіннен басқа елдерге де таралған. 18 — 19 ғасырларда Еуропа, Азия және Америка елдерінде тауықтардың бірнеше тұқымдары өсірілді. Қазақстанда құс шаруаның негізі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары қаланды. Құс өсірумен әуелі Қостанай, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстары айналыса бастады. Кейін республикада инкубаторда құс өсіретін жерлер ұйымдастырылды. Қазір Қазақстанда Құс өсірумен селекциялық-генетикикалық жерлерде, асыл тұқымды құс зауытттары мен құс фермалары айналысады. 2013 ж. Қазақстанның барлық санаттағы шаруашылықтарында 46,3 млн тауық өсірілді, оның 12,3 млн-ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 17,6 млн-ы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың, 0,5 млн-ы шаруа қожалықтарының үлесіне тиеді. Балапандар инкубаторда шығарылады, оған 7 — 8 айлық мекиен тауықтардан бастап, ересек мекиендердің жұмыртқалары салынады. Азықтық жұмыртқа және ет өнімдерін өндіру үшін негізінен будан (жұмыртқа және ет бағыттарындағы тұқымдарды шағылыстыру арқылы шығарылған) құстар пайдаланылады.
Құс өсірудің әдісі, ең алдымен, өнім өндіру технологиясына және жергілікті жағдайларға қарай белгіленеді. Арнайы өндіріс орындарында балапандарды және жұмыртқалағыш мекиен тауықтарды ауасы, төсеніші тазартылып, жылуы, жарықтың берілуі мен ұзақтығы, т.б. реттеліп отыратын, терезесі жоқ құсханаларда жылу батареялары бар торлардың ішінде өсіреді. Құс тұқымын асылдандыру — құстан сапалы өнім алудың басты шарты. Арнайы іріктеліп алынған құс топтарын шағылыстыру арқылы алынып, өсірілген құстар төзімді әрі өнімділігі де өте жоғары болады. Құстарды құнарлылығы мол құрғақ, құрама жеммен азықтандырады. Құрама жемге әр түрлі дәндер және олардың қайта өңделген түрлері, балық және сүйек ұны, шөп ұны, минералдық азықтар, витаминді қоспалар, микроэлементтер қосылады. Құрама жемді құстардың жасына және беретін өніміне қарай ұнтақ және түйіршік түрінде өндіреді. Құстың еті адам организміне жұғымды да сіңімді диеталық тағамдар қатарына жатқызылады. Құс етінің құрамында белок, май, минералдық заттар, витаминдер мол. Құс етінде протеин көп, дәнекерлік тіндер аз болып келеді әрі бұлшық еттерінің арасында май қабаты болмайды. Сондықтан ол балалар мен науқас адамдарды тамақтандыруға пайдаланылады. Пісірілген жұмыртқа әр түрлі қоректік заттарға бай келеді, адамның жүйке жүйесін нығайтып, зат алмасуын жақсартады, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Жұмыртқаның ақ уызы жеңіл өнеркәсіп саласында жылтыр және хром былғары дайындауда пайдаланылады, тоқыма өнеркәсібінде бояулардың тез оңып кетпеуі үшін қолданылады; бекіткіш ретінде баспахана бояуларына, фотография өніміне қосылады. Жұмыртқаның сары уызы терінің
1. Байбараков Е. Производство яйц на промышленной основа.-Алма-Ата: «Кайнар»,
2.Басқарушы- өндірістік есеп (оқу құралы) / Ә.Д. Дәулетбеков,
3.Ластовецкий В.Е. Учет затрат по факторам производства
4.Пизенгольц М.З. Бухгалтерский учет в сельском хозяйстве. Т.2:
5. Промышленное птицеводство/ Ф.Ф. Алексеев, М.А. Асриян, Н.Б. Бельченко
6. Петрухин И.В. Применение химических и биологических веществ в
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- : Барлық Қазақстандықтардың өркендеуі, Қауіпсіздігі және хал – ауқатының артуы Ел Президентінің Қазақстант халқына жролдауы.А : Юрист, г.
8. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін.// Егемен Қазақстан  наурыз.
9. Сандрикова Т.С. Исчисление и анализ себестоимости продукции птицеводства.
10. Трусов А.Д. Калькулирование себестоимости продукции комплексных производств.
11. Фисин В.И., Отрыгальев Г.К. Птицеводство сегодня и
АзоевГ.Л., Членков А.Т. Конкурентные приемушества фирмы. – ОАО “Типография”,  год.
12. Баринов В.А. , Макаров Л.В. Основы маркетинга ;М: изд. РИОР, год.
Басовский Л.Е. Маркетиг: курс лекции; М: Инфра – М, год..
13. Березин И. Маркетинг и исследование рынка. М: Русская деловая литература,  год.
14. Беляевский И.К. Маркетинговый анализ . М:Финансы и статистика
15. Джумагельдиева Т.Л. Конкуренция: иеория и механизм развития. Алматы  год.
16. Голубков Е.П. Основы маркетинга. М: изд-во “Финпресс”  год.
Генри.А. Мар
17. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. А: Экономика  год.
18. Есімжанова С.Р. Маркетинг. Алматы, Экономика  жыл.
Ильюшенко Е.В. Маркетинг на предприятии. М. “Экоперспектива”  год.
19. ҚР Стасистикалық Агенттігінің жинақтары.
20. ҚР БСҰ кіруі. 2004 часть 2. Опредиление конкурентоспособности товаров.
21. Материалы международной конференций 18-20 мая 2005 Измаханова А.А. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдары.
22. Мамыров Н.К.,СахановаА.,Ахметова Ш.,Брузатии Ш., Госудаоство и бизнес.Алматы, Экономика 1999 год.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
халықаралық ортада бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату шараларын дайындау қажеттілігін көрсеткен. Сонымен қатар, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуге дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған орай нарықтық қатынастар жағдайында құс шаруашылығы өнімдерін өндірудің тиімділігін жоғарлату жолдары мәселесі өзекті болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе жүзінде шешудің маңыздылығын айқындайды. Осы мәселені шешудің маңыздылығына орай зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.

1. ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

1.1. Құс өсірудің даму кезеңдері, құс шаруашылығы

Құс өсіру алғаш бұдан 4 мыңдай жыл бұрын Үндістанда пайда болған, кейіннен басқа елдерге де таралған. 18 -- 19 ғасырларда Еуропа, Азия және Америка елдерінде тауықтардың бірнеше тұқымдары өсірілді. Қазақстанда құс шаруаның негізі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары қаланды. Құс өсірумен әуелі Қостанай, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстары айналыса бастады. Кейін республикада инкубаторда құс өсіретін жерлер ұйымдастырылды. Қазір Қазақстанда Құс өсірумен селекциялық-генетикикалық жерлерде, асыл тұқымды құс зауытттары мен құс фермалары айналысады. 2013 ж. Қазақстанның барлық санаттағы шаруашылықтарында 46,3 млн тауық өсірілді, оның 12,3 млн-ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 17,6 млн-ы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың, 0,5 млн-ы шаруа қожалықтарының үлесіне тиеді. Балапандар инкубаторда шығарылады, оған 7 -- 8 айлық мекиен тауықтардан бастап, ересек мекиендердің жұмыртқалары салынады. Азықтық жұмыртқа және ет өнімдерін өндіру үшін негізінен будан (жұмыртқа және ет бағыттарындағы тұқымдарды шағылыстыру арқылы шығарылған) құстар пайдаланылады.
Құс өсірудің әдісі, ең алдымен, өнім өндіру технологиясына және жергілікті жағдайларға қарай белгіленеді. Арнайы өндіріс орындарында балапандарды және жұмыртқалағыш мекиен тауықтарды ауасы, төсеніші тазартылып, жылуы, жарықтың берілуі мен ұзақтығы, т.б. реттеліп отыратын, терезесі жоқ құсханаларда жылу батареялары бар торлардың ішінде өсіреді. Құс тұқымын асылдандыру -- құстан сапалы өнім алудың басты шарты. Арнайы іріктеліп алынған құс топтарын шағылыстыру арқылы алынып, өсірілген құстар төзімді әрі өнімділігі де өте жоғары болады. Құстарды құнарлылығы мол құрғақ, құрама жеммен азықтандырады. Құрама жемге әр түрлі дәндер және олардың қайта өңделген түрлері, балық және сүйек ұны, шөп ұны, минералдық азықтар, витаминді қоспалар, микроэлементтер қосылады. Құрама жемді құстардың жасына және беретін өніміне қарай ұнтақ және түйіршік түрінде өндіреді. Құстың еті адам организміне жұғымды да сіңімді диеталық тағамдар қатарына жатқызылады. Құс етінің құрамында белок, май, минералдық заттар, витаминдер мол. Құс етінде протеин көп, дәнекерлік тіндер аз болып келеді әрі бұлшық еттерінің арасында май қабаты болмайды. Сондықтан ол балалар мен науқас адамдарды тамақтандыруға пайдаланылады. Пісірілген жұмыртқа әр түрлі қоректік заттарға бай келеді, адамның жүйке жүйесін нығайтып, зат алмасуын жақсартады, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Жұмыртқаның ақ уызы жеңіл өнеркәсіп саласында жылтыр және хром былғары дайындауда пайдаланылады, тоқыма өнеркәсібінде бояулардың тез оңып кетпеуі үшін қолданылады; бекіткіш ретінде баспахана бояуларына, фотография өніміне қосылады. Жұмыртқаның сары уызы терінің ерекше сорттарын илегенде, сабын қайнатқанда және косметикалық бұйымдар дайындағанда қолданылады. Жұмыртқа, сондай-ақ, медицинада, мал дәрігерлігінде сарысу, вакциналар және бактерияға қарсы дәрілер дайындағанда, фармакологиялық дәрі-дәрмектер жасағанда пайдаланылады.
Құс шаруашылығы -- ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.
Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда
Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс шаруашылығы мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі. Тауықтәріздестерден - тауық, күркетауық, тысыр тауығы (цесарка), тауыс және жапон бөденесі. Үйрек пен қаз да қолға үйретілген құстарға жатады. Кептер тәріздес құстар отрядынан қолға үйретілгені - көгершін.
Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат -- олардың жұмыртқасы мен етін алу. Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың - феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық қолтұқымы Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауық, көгершін және баққунақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торда қолдан өсіріледі. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені -- асыранды қаз.
Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде - жабайы сұр қаз, Қытаймен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қу тұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Асыранды қаздың жабайы арғы тегі сұр қаз бен қу тұмсық қаздар. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ олар өзара жүптасып, ұрпақ бере алады. Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 50-80 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін атақаздардың орташа салмағы 5 - 8 килограмм. Аналық қаздар 4 - 7 килограмм салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2,5-3 айлық қаздарды союға жібереді, оның әрқайсысы 3,5-4,5 килограмм ет береді. Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италиялық, рейн, үлкен сұр қаз деп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі. Еуропа елдерінде (Франция, Венгрия, Польша, т.б.) қаздың бауырын пайдалану мақсатында да арнайы өсіреді. Ондай қаз қолтұқымдарына тулуз, ланд, италиялық, рейн қаздары жатады.
Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні - үй тауығы. Тауық мүшелді жыл санауда 10-жылды иеленген. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі - Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл тауықҮндістан жерінде, Ява, Суматра, Цейлон, Зонд аралдарындағы орманды алқаптарда таралған. Оның тұрқы шағын, салмағы 600-800 грамм, ұясын жерге салып, жылына 8-12 жұмыртқа салады. Үй тауықтарының барлық қолтұқымдары жабайы банкив тауығынан ұзақ жылдардағы сұрыптау нәтижесінде шығарылған, Үй тауығынан алынатын жұмыртқа мен етіне байланысты, бірнеше бағытта өсірілетін қолтүқымдар бар. Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді. Әрбір қолтүқым белгілі бір мақсатқа сай (мысалы, жұмыртқа алу немесе дәмді ет үшін, т.б.) есіріледі. Қолтұқымның дене құрылысында, тіршілік әрекетінде өзіне тән белгілері болады. Ондай белгілер тұқым қуалап, ұрпақтарына беріліп отырылады. Үй тауығының қол тұқым дары негізінен мынадай бағытта өсіріледі: Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары. Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220 - 250 , кейде одан да көп жұмыртқа береді. Леггорн, минорка, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронежосындай қолтұқымдарға жатады. Қолтұқымдар арнайы ірі құс фабрикаларында өсіріліп, оларға ерекше күтім жасалады. Ондағы барлық жұмыстар (тауықтарды қоректендіру, жұмыртқаларды арнайы инкубаторда шайқау, т.б.) техника күшімен жүргізіледі. Етті бағытта өеірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок қолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта өсірілетін тауық қолтүқымдарының балапандары тез жетіледі әрі қарқынды өседі. Ондай 7-8 апталық балапандар орташа 1,5 - 1,8 кг салмақ тартады. Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды жаппай сойып, сатуға шығарады. Бройлер - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы отқа қақтау деген ұғымды білдіреді. Олардың еті жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында өте бағалы нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз жүмсалатындықтан, шаруашылық үшін тиімді. Бройлер балапандарын өсіру үшін арнайы жабдықталған құс фабрикалары жұмыс істейді, әйнегі жоқ кең бөлмелердегі еденге қалың төсеніш жасап, сапалы құрама жеммен қоректендіреді. Тәулік бойы жасанды жарық пен қараңғылық үнемі алмастырылып тұрады.
Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш бағытта да өсірілетін тауықтың қолтұқымдары (мысалы, ақ плимутрок) бар. Төбелестіру мақсатында малай, үнді, ағылшын қолтұқымдары өсіріледі. Ондай тауықтардың аяқтары ұзын, сіңірлі келеді. Денесі мығым, шоқысуға, тепкілесуге бейім. Қолға үйретілген үйректің арғы тегі -- жабайы барылдауық үйрек. Үй үйректері бұдан 6-7 мың жыл бұрын Месопотамия аймағында және Қытайда қолға үйретілген. Оны да еті, мамығы үшін өсіреді. Қолға үйретілген үйректің тағы бір түрі - мускусты үйрек. Ол алғаш рет Оңтүстік Америкада қолға үйретілген. Оның да еті жұмсақ әрі дәмді, майы аз болады.
Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Құс өсірудің өнеркәсіптік сипаты бар. Әсіресе арнаулы құс фабрикаларында тауық өсіру халықты етпен, жүмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір ғана құс фермасында 300 мыңнан астам құс өсіруге болады. Одан жыл сайын миллиондаған тонна жұмыртқа алынады. Қазіргі кезде түйеқұс өсіруге ерекше назар аударылуда. Бөдене өсірумен шүғылданатын да шаруашылықтар бар.

1.2. Құс шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің нарықтық
Тұжырымдамасы

Құс шаруашылығының өнімдері қай кезеңде де болмасын үлкен сұранысқа ие екені бесенеден белгілі. Қайта құру кезеңіне дейін елімізде құс жұмыртқасы мен етін өндіру және олардан алынған құнарлы өнімдермен тұтынушыларды қамтамасыз ету толығымен құс шаруашылықтары арқылы жүзеге асырылатын. Сонымен қатар өндірілген өнімнің біраз бөлігі шетелдерге жөнелтілетін еді. Бүгінгі таңда еліміздегі құс шаруашылығы өнеркәсіптік негізде қарқынды дамып, жұмыртқа, ет өндіру бағыттарындағы құс фабрикалары мен асылтұқымды зауыттар ашылып, репродукторлы шаруашылықтар мен инкубатор станциялары ұйымдастырылды. Тиімді технологияларды қолдану мен білікті мамандардың еңбегінің нәтижесінде бұл сала көп жылдар бойы еліміздегі мал шаруашылығының алдыңғы қатарында болды.
Қазіргі уақытта еліміздің құс шаруашылығы оң шешімін күтіп отырған басты мәселелердің бірі - отандық құс кросстарының жоқтығы. Осының негізінде елімізге жыл сайын шетелдік кросстардың асылтұқымды арғы тектік және аналық түрлері, инкубациялық жұмыртқалары 7-7,2 миллион доллар шамасындағы қаржыға сатып алынады. Бұл мәселенің шешілуіне тиісті іріктеп-сұрыптау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейінің төмендігі басты кедергі болып отыр. Осы олқылықтар Отанымыздағы құстардың тектік қорын жоғалтуға және тауар өндірушілеріміздің шетелдік асылтұқымды өнім өндірушілерге тәуелді болып қалуына себеп. Әлемдік және отандық генотиптер негізінде елімізде жоғары өнімді құстардың асылтұқымды жүйесін құру үшін асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жоғары деңгейге көтеріп, селекциялық-тектік орталықтар мен асылтұқымды зауыттардың ашылуы нәтижесінде бәсекелестікке тұрақты құс желілері мен кросстарын шығару қажет. Бұл мәселенің шешілуі шетелдерден келетін құс өнімдерінің көлемінің қысқарып, отандық тауар өндірушілердің жұмысына және биоазықтық қауіпсіздігіне оң әсер береді, құстар инфекцияларының өтуіне шектеу қойылып, құс шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнының анағұрлым төмендеуіне әкеледі.
Соңғы жылдары құс саны мен олардан алынатын өнімдер өндіру деңгейінің елеулі өсуі еліміздегі құс шаруашылықтарының тұрақты дамып келе жатқанын білдіреді. Бұл дегеніміз - қазіргі заман ағымына сай көпсалалы нарықтық экономика кезінде республикадағы осы саланың қарқынды дамып, еліміздің азық-түлік қорын толықтыру мүмкіндігіне қомақты үлес қосады деген сөз. Осыған орай еліміздегі тұтынушылардың сұраныстарының өсуіне байланысты құс өсірушілердің алдына Үкімет тарапынан үлкен мақсаттар қойылуда. Медициналық мөлшер есебі бойынша еліміздегі әр жанға шаққанда жылына 14 килограмм құс еті, 290 дана жұмыртқа өндірілуі қажет екен. Республика халқын бұл өнімдермен осы мөлшерге сай толықтай қамтамасыз ету үшін жылына 180 мың тоннаға жуық құс еті және 3,5 миллиард дана шамасында жұмыртқа өндіру мүмкіндігіне жету керек.
Қазіргі уақытта азық-түлік қауіпсіздігі мемлекетіміздің ұстанып отырған саясатының негізгі мәселесі болып табылады. Өткен жылы халқымыздың жан басына шаққандағы жұмыртқа тұтыну көлемі 172 дана болса, құс етін тұтынуы 12,2 килограмм деңгейінде болды. Ал бұл көрсеткіш Қытай, АҚШ және Батыс, Шығыс Еуропа елдерін айтпағанның өзінде, көршілес Ресейдегі деңгейден 32% кем болып отыр.
Еліміздегі осы саланың одан әрі қарқындап дамуына Қазақстан нарығының шетел өнімдерімен толып кету мүмкіндігі айтарлықтай кедергі тудыруы мүмкін. Жыл сайын жұмыртқаның 15-20%, құс етінің 60-65%-ы шетелдерден әкелінеді. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда ғылымның басты мақса ты - елімізде отандық асылтұқымды құстар шығару. Әрине, құс шаруашылығы өнімдерін ше телдерден әкелуге болады. Алайда, бұл іс-шара біреуге тәуелді болып қалу дегенді көрсетеді. Сондықтан осындай тәуелділіктен арылу үшін өзімізде асылтұқымды құс шаруашылықтарын ұйымдастырып, әртүрлі бағыттағы құс кросстарын шығарып, отандық құс өндірісін аналық құстардың түрлерімен қамтамасыз ету керек.
Өкінішке қарай, республикамызда құстардың тек шетелдік кросстары ғана пайдаланылады. Мәселен, бройлер өндірісінде - Смена, Сибиряк, Хаборд Флек, Гибро, Кооб, Титан, Иза, Росс - 308; жұмыртқа өндірісінде - Радонит, ақ және қоңыр Хайсекс, Яффа, Ломанн, хат Лайн кросстары.
Қазірдің өзінде қаншама адамды жұмыспен қамтыған жобаларға тағы бірі қосылса, жергілікті жұртты тағы да жарылқап тастары анық. Сірә, Жақсы басталған іс - жартылай біткен іс деген осындайда айтылса керек.
Қазіргі кездегі мал шаруашылығын одан әрі дамыту мәселесін, сондай-ақ ел экономикасының аграрлық секторының жалпы жағдайы талқылар болсам.
2014 жылғы қаңтар-ақпанда тұтастай республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 139,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнін деңгейінен 1,9%-ға жоғары.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі еттің барлық түрі 1,7%-ға, сиыр сүті - 2,1%-ға, тауық жұмыртқасы - 9,2%-ға өсуімен түсіндіріледі.
Қазақстанда мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі мақсаты еліміздің ішкі сұранысын мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету және оның экспорттық әлеуетін іске асыру болып табылады. Аталған мақсатқа ағымдағы жағдай мен ішкі сұраныстың арту перспективасын ескере отырып, қолда бар асыл тұқымды мал басының сапасын арттыру есебінен қол жеткізу мүмкіндігі бар. Іске асырылатын шаралар есебінен елімізде 2015 жылы асыл тұқымды мал басының жалпы санын 2 есеге дейін арттырып, ал 2020 жылы - 4 есеге арттыру жаспарлануда. Асыл тұқымды мал басының жалпы саны 2020 жылы 2 есеге арттырылмақ. Бұл өз кезегінде, ішкі рыноктың сұранысын жоғары сапалы сиыр етімен толық қанағаттандыруға және экспорттық әлеуеттің біртіндеп артуына алып келеді. Осы ретте, Қазақстан 2014 жылы 23 мың тонна, ал 2020 жылы 83 мың тонна сиыр етін экспортқа шығаруды көздеп отыр.
Осы жылдары республикамызға өзге елдерден 130 мың тонна шамасында ет алып келінді. Әлемдік ауқым бойынша бұл соншалықты көп көрсеткіш емес. Сонда да өзімізде ет өндірісін дамыту мәселесі мемлекетіміздің саясатынан тыс қалмауы керек. Осыған орай, тағы бір айта кететін жай, бүгінде Үкімет бройлер мен жұмыртқалағыш тауықтар өсіретін кешендер мен шаруашылықтарға көмек беріп жатыр. Ал соның арасында қаз, үйрек, күркетауық, бөдене, түйеқұстар шетте қалып отыр. Бұл құстарды өсірумен айналысатын өндірушілерге мемлекет тарапынан ешқандай да көмек көрсетілмейді, тіпті Үкіметте бар деп саналатын тізілімде жоқ екен. Ауылдық жердің тұрғындары мен фермерлік қожалықтар, әсіресе, өзен-көлі мол, астықты Солтүстік Қазақстанда осылармен айналысуға толық мүмкіндіктері бар.
Қазіргі уақытта, яғни Кеден одағына еніп, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер алдында құс өнімдерінің номенклатурасын кеңейту мақсатындағы іс-шараларды жеделдеткен жөн. Айталық, АҚШ-та өндірілетін және бірдей талаптар бойынша ішкі нарыққа шығарылатын, шикілей суытылған және мұздатылған құс өнімдерінің тауар ретінде 77 саудалық сипаттамасы бар екен. Ал біздің еліміздегі ассортиментімізде тек 10-12 аталым көрсетіледі. Демек, ассортименттегі өнімдер көлемін ұлғайту үшін түбегейлі өңдеуге баса назар аудара отырып, еліміздегі құс фабрикалары инвестицияны пайдалану жолдарын оңтайлы шешіп, құс өнімдерін өндіру технологиясын уақыт талабына сай жаңартулары керек.
Ендігі бір уақыт күттірмей тездетіп шешетін мәселе республикаға импорттық құс өнімдерін шамадан тыс алып келуден сақтау, құс етінің импортына тарифтік квота қою болмақ. Бұл - отандық тауар өндірушілерімізді алауыздық тайталастан қорғайтын заңды және орынды шешімдердің бірі. Бұл мәселедегі басты мақсаттың бірі - еліміздің ішкі нарығында ет өнімдерінің құнын бір деңгейде ұстап қалу. Осы жағдайда еліміздің құс өсірушілері өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете алады деуге болады. Республикаға келетін импорттық өнімдерге кедендік салық енгізбей және тарифтік квота қоймай болмайды. Себебі, құс шаруашылығының өнім нарығында шетелдікін емес, отандық тауар өндірушілердікін пайдалану керек. Еліміздегі құс шаруашылығы тұрақты дамуы үшін тұқымдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан тауар өндірушілерді арзан да сапалы тәуліктік балапанмен және инкубациялық жұмыртқамен қамтамасыз ету үшін алдымен құс тұқымын асылдандыру жұмыстарын жолға қоюымыз керек.
Құс шаруашылығы саласында пайдаланылатын жемазық қорының мәні өте зор. Өйткені, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнының 65-70%-ын жемазықтың бағалары құрайды. Құрамажемнің нәрлі болмауы (әсіресе, ақуыз жетіспеуі), оның амин қышқылдары мен алмасу қуаты бойынша өз мөлшері деңгейінде болмауы құс шаруашылығына әжептәуір шығын әкеледі. Өйткені, бір килограмм ет өндіру үшін ондай құрамажем ғылыми дәлелденген мөлшерден 1,5-2,0 есе көп жұмсалады, яғни өнімнің өзіндік құны өсіп, құстың генетикалық әлеуеттілігі толық жүзеге аспайды.
Республика экономикасы тұрақты дамып жатқанда, асылдандыру бағытында жұмыс жасап жатқан ғалымдар мен мамандарға қолайлы жағдай туғызу арқылы бұл дағдарысқа төтеп беруге болады. Осыған орай, бұл саланың әрі қарай дамуын аса маңызды мәселе ретінде қарастыру қажет. Генетикалық іріктеп-сұрыптау және құс шаруашылығының ғылыми-тәжірибе орталықтарын ұйымдастыру бағдарламасында жоғары деңгейдегі асылдандыру және ауыл шаруашылығы құстарының жоғары өнімді желілері мен кросстарын шығару керек. Сонымен қатар бағдарламада ғылыми дәлелденген жолмен күтіп-бағу негіздерін және азықтандыру мөлшерлерін анықтау зерттеулері қарастырылған. Осыны жүзеге асыру арқылы біз отандық құс шаруашылығын асыл- тұқымды және тауарлы өнім өндіруші елдердің қатарына шығатынына сенімдіміз. Қазіргі уақытта республикадағы құс шаруашылығының стратегиялық даму бағыты Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сай, нарықтық бәсекелестікке төтеп бере алатын жоғары сапалы құс өнімдерін өндіру және құс етін, тәуліктік балапандарды, инкубациялық жұмыртқаларды шетелден сатып алудан арылу болып келеді
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда бүгінгі күндері елімізде айтарлықтай шаруалар атқары - лып жатқаны белгілі. Рыноктағы жиі айтылатын сөздің бірі сана - латын бұл саланы дамыта беруден ел экономикасы ұтпаса, ұтыл - май - тыны да дау тудырмаса керек. Бас - қасын былай қойғанда, жұ - мыс кө - леміне қарай қарапайым халықты еңбекпен қамтудағы тигізер пай - да - сының өзі неге тұрады. Аймақ - тар - дағы елдің әл-ауқатын жақсар - ту - да жасалып жатқан жобалар - дың қатарында бүгінде Арқалық - т - а қанатын кеңге жайған құс фаб - рикасы - Агроинтерптица ЖШС қосуға болады. Әрине, аталған жобалардың құлашын кең - - ге сермеуіне алғашқы кезекте Үкі - мет пен жергілікті биліктің ық - палы мол болғанын айтқан абзал.
Құс фабрикасына келейік. Өткенге сәл шегініс жасасақ, сонау сексенінші жылдары Арқа - лық облыс орталығы болған ке - зеңде жап-жақсы жұмыс істеген бұл фабрика нарықтық қарым-қатынастар орнап, еліміздің эко - но - микасы жаңа жүйеге ауысқан тұста өтпелі кезең сынына шыда - май өз жұмысын тоқтатуға мәж - бүр болған. Содан бері қаншама уақыт ешкімнің керегіне жарамай бос тұрып, кейін мүлде назардан тыс қала берген. Осы қалпында 2000 жылдың ба - сында кәсіп - орынның бұрынғы цехтары мен құс ұстайтын база - ларының құр қаңқасы қалғаны да жергілікті жұртшылықтың есінен кете қойған жоқ.
Құс фаб - рикасын қайта жан - дан - - - дыруға об - лыс бас - шылығы ті - ке - лей бас - та - ма - шы бо - лыпты. Об - лыс әкімі қыз - метіне кел - ген сәтте әкім С.Ку - - лагин Арқа - лық - қа алғаш са - па - рында құс фаб - ри - касының қол - ға алына - тынын айтты. Алайда бұл күр - меуі көп мә - селе екені көпшілікке мәлім-тін. Сондықтан да болар әкім жоба - ның орындалуын өзі қадағалай - ды. Көп ұзамай инвестор да табылады.
2009 жылдан бастап Агроинтерптица ЖШС ауқымды жо - баның іске асуына арқау болса, қуатты өндірістік нысанның басталу сәті қала әкімі Теміржан Тө - леубаевтың келуімен байланысты.
Күрделі жөндеу жұмыстары - ның алғашқы кезеңінде инвестор қомақты қаржы жұмсаған. Іске жарамсыз нысандарды тазарту, қайта жөндеу, сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде Агроинтерптица ЖШС табандылық танытып, көп өтпей-ақ ілгері жылжиды. Алғашында жүзге жуық адам жұмыс істесе, жұмыс қарқынының үдей түсуіне сәйкес олардың саны да артқан. 2009 жылдың күзінде аталмыш фабрикада 200-ге жуық адам ең - бек еткен. Инвестордың қаржысы ортайған тұста Жол картасы бағдарламасы жүздеген жұмыс - шы - ның жалақысын төлеуде едәуір көмегін тигізеді.
Был - тыр - ғы жыл - дың қазан айын - да фаб - рикаға тауық балапанда - ры - ның алғашқы легі әкелініп, отыз мыңға жуық құс жөндеуден өт - кізілген жаңа цехтарға орналас - тырылады. Қазіргі таңда құс фаб - рикасында тәулігіне 220 мың дана жұ - мырт - қа шығары - лады. Фаб - ри - каның құ - рылған күнінен бері 60 миллион жұмыртқа алы - ныпты. Бүгіндері бұл кәсіпорын 350 адам - ды жұмыспен қамтып отыр. Фаб - риканың ендігі мақсаты - бұйырт - са, күніне миллион дана жұмырт - қа шығару. Бұл ретте Ар - қалық құс фабрикасы аймақтың әлеу - меттік-экономикалық әл-ауқа - тын артты - руда ғана емес, жалпы еліміз бойын - ша құс шаруашы - лығының дамуына өз үлесін қо - сып отырға - нын да айтқан ләзім.Қазіргі уақытта құс өнімдерін алуды, ірі мамандандырылған құс шаруашылығының, құс фабрикасының және де жеке құс шаруашылықтарының маңызы өте зор. Құстарды күтіп-бағумен, азықтандырудың әдәстерін және жаңа техника дамыған жетістіктерін пайдалану жағдайында бір шаруашылықта құс көп мөлшерде ұстауға (бірнеше мың), әрбір мекиен тауықтан жылына 280-290 дана жұмыртқа, 50-60 күндік еттік балапандардың салмағы 1800-2000г мөлшерде алуға мүмкіндік туады. Немесе жақсы күтіп-бағу нәтижесінде қаз балапандарының 60-70 күндегі салмағы 3,5-4,5кг дейін болуына толық жағдай бар.
Құстардың шаруашылық маңызына келер болсақ. Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді.
Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың -- ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстардың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес, бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көпшілік кұстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері -- омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Құстар ұсақ кемірушілерді жеп, ауыл шаруашылығына үлкен пайда келтіреді. Көптеген күндізгі жыртқыш құстар және жапалақтар көпшілігінде ұсақ кемірушілермен қоректеніп, оларды қырады. Құстардың зиянды жануарларды құртып, адамның шаруашылық әрекетіне пайда келтіретін фактыларды көптеп келтіруге болады. Сондықтан құстарды қорғау және егістік бау-бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды көбірек егу керек.

1.3.Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар

Құс шаруасындағы бәсекенің дамуына көптеген өзара байланысты факторлар әсер етеді. Ол факторлар өндірістің тиімділігіне ықпал ететін экономикалық, еңбек, материалдық, демографиялық және т.б. факторлар. Осы факторларды анықтап, құс өнімдері нарығындағы болып жатқан құбылыстарды талдау арқылы саладағы бәсекенің даму қарқыны мен ерекшеліктерін біле аламыз. Қандай да бір өндірістің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін саланың ерекшеліктерін, оған әсер ететін факторларды зерттеу керек. Бәсекеге қабілеттілік факторларын зерттеп, олардың сәтті әрекет ету жағдайларын анықтаған соң барып, кәсіпорын өзінің даму стратегиясын жасай алады. Күш жігерін неғұрлым бәсекелік артықшылықтарды дамытуға, қайтарымы мол бағытқа жұмылдырады. Өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлардың маңыздылары:
* Әлеуетті тұтынушы үшін тауардың пайдалылығы, тауардың пайдалылығы - оның тұтынымдық құны немесе тұтынушының талаптарын қанағаттандыру қабілеті;
* Тауардың бағасы, пайдалылығы бірдей екі немесе одан да көп тауардың ішінде сатып алушының бағасы арзан тауарға ықылас білдіретіні анық, бұл жерде сатып алушының әлеуметтік мәртебесін қолдану үшін сатып алынатын мәртебелік тауарлар есепке алынбайды, өйткені ондай тауарларды сатып алуда сатып алушы үшін баға шешуші рөл атқармайды;
* Өнімнің жаңашылдығы, бұл өнімге тұтынушы үшін маңызды, нарықтағы басқа тауарлардан ерекшелендіретін жаңашылдық енгізуді білдіреді, мысалы, құс өнімдерінің жаңа ассортиментін енгізу, өнімнің орама дизайнын өзгерту.
Нарықтағы кез - келген тауар онда қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесіне қарай тексеруден өтеді: әр сатып алушы өзінің жеке қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал сатып алушылардың жиынтығы бәсекелес тауарлармен салыстырғанда қоғамдық қажеттіліктерге неғұрлым толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бәсекелестердің өнімдерін өзара салыстыра отырып ғана анықтауға болады. Бәсеке бәсекелік артықшылықтармен тығыз байланысты. Ол бәсеке туындап дамыған кезде пайда болады. Отандық нарықта бәсеке кең сипат алған сайын бәсекелестік артықшылықтар компанияның нарықтағы жетістігінің аса маңызды күші болып табылады. Олардың ерекшеліктері мен құрылу механизмдері бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін негіз болып саналыды. Бәсекелік артықшылықтар кәсіпорын қызметінің бәсекелестерден экономикалық, техникалық, маркетингтік, ұйымдық сфераларында асып түсуінен көрінеді. Оны қосымша пайда, рентабельділіктің жоғары деңгейі, нарық үлесі, сату көлемі сияқты экономикалық көрсеткіштермен өлшеуге болады. Яғни бәсккелік артықшылықтар - өнімнің өзіндік құнының төмен болуының, тауарлар дифференциясының жоғары болуының, нарықты ұтымды сегменттеудің, жаңашылдықтар енгізудің, нарық талаптарына жедел жауап қайтарудың нәтижесі. Сонымен қатар экономикалық өсуді көрсететін еңбек өнімділігінің жоғары болуы, персоналдың жоғары біліктілігі, өндірілетін өнімнің жоғары сапасы, басқару шеберлігі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің кешенді жүйесі ретінде
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары
Сапа көрсеткіштерінің тобы
Азық - түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын ашу
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
Экономика салаларындағы қауіпсіздік мәселелері
Аудандағы шаруа қожалықтарының жұмысын тиімді арттырудың негізгі жолдары, жергілікті мемлекеттік органдардың рөлі
Кәсіпорынның негізгі шаруашылық қызметі
Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі
Ұлттық экономиканың негізгі өзегі болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудағы мемлекеттік аграрлық саясатының маңыздылығы
Пәндер