Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.


Жоспар :
I. Кіріспе . . . 2
II. Негізгі бөлім
2. 1Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы, көлемі, өнімділігі . . . 3
2. 2 Қазақстандағы малазығы өндірісінің бүгінгі жағдайы және даму жолдары . . . 7
2. 3 Жем-шөп дайындаудың ағындық технологиялары . . . 16
2. 4 Еркекшөп . . . 25
III. Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29
КІРІСПЕ
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешкнінде мал шаруашылығына басты маңыз беріледі. Осындай жағдайда қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, етті ірі қара шаруашылығы сияқты дәстүрлі салаларға ерекше еөңіл бөлінеді. Соған байланысты, жылма-жыл өсіп келе жатқан мал басын жемшөппен қамтамасыз етіп отыру қажет. Осы тұрғыдан алғанда және республиканың табиғи жағдайларын ескере отырып, оқулықта табиғи жайылым мен шабындықтардың зор маңызға не екені атап көрсетіледі. Мұндай жер көлемі жағынан Қазақстан (187млн. га) дүниеде бесінші орынды иемденеді және сондықтанда, осы көрсеткіш бойынша жайылымдық мал шаруашылығымен айналысатын Монголия, Канада, Ресей және басқада ірі елдерден жоғары тұр. Жемшөптік алқаптарды ұқыпты пайдалану мәселелері бүтіндей ауыл шаруашылығы мамандарының кәсіби біліктілігіне байланысты. Сондықтан жайылым және шалғын шаруашылықтары курсынан тұратын бұл оқулық ауыл шаруашылық университеттерінің агрономия және зоотехния мамндықтары бойынша оқып журген шәкірттерге арналады. Қазақстан Республикасының жаппай кірісінің қалыптасу саласының маңызды бөлігіне ауыл шаруашылығының өндірісі жатады. Оның үлесі 30%-ға дейін жетеді. Облыс көлемінде мал санын көбейтуге бағытталған мәселені шешу мен оның тиімділігін арттыру негізінен жем-шөп қорын нығайту және мал азығын өндіру өндірісін өндірістік негізге ауыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Жем-шөп дайындайтын техникалардың пайдалану тиімділігін арттырудағы басты мақсаты мал азығын дайындаудың технологиялық процесін жетілдіруге, машина паркінің құрамы мен құрылымын тиімділеуге, машиналардың пайдаланушылық қасиеттерін жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар олардың жұмыстарының көрсеткіштері көп жағдайда олардың параметрлерінің тиімділігіне, жұмыс режимдері мен пайдалану формасын ұйымдастыруға және техникалардың сенімділік деңгейіне байланысты болады. Мал шаруашылығында сүт, ет және жүн өндірудің салалық көрсеткіштерін жақсартуда жаз айларында жасыл балауса шөп азығын пайдалану мен оны дайындаудың дұрыс ұйымдастыру үлкен орын алады. Бұл мерзімде біріншіден ауа-райының қолайлы жағдайы барлық малдардың жақсы өсуімен жоғарғы өнім беруіне, ал екіншіден жаз айларында малды биологиялық толық құнарлы шөп азығымен ұзақ уақыт бағуға мүмкіндік береді [1] .
2. 1 Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің
жағдайы, көлемі, өнімділігі.
Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер жалпы жер көлемінің 70% алып жатыр. Негізінен осы жерлер мал жайылымына (95%) және азғантай бөлігі (5-7%) шабындыққа пайдаланылады. Қазіргі уақытта табиғи жерлерден мал шаруашылығына керекті жылдық мал азығы қорының 50% ғана алынады.
Оның басты себептері табиғи жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалану және жақсарту жүйелерінің осы кезге дейін өндіріске кеңінен тарамауында. Республика аймақтарында орналасқан миллиондаған гектар өнімі төмен табиғи жерлерді жақсарту және тиімді пайдалану және жақсарту жүйелерінің осы кезге дейін өндіріске кеңінен тарамауында. Республика аймақтарында орналасқан миллиондаған гектар өнімі төмен табиғи жерлерді жақсарту және тиімді пайдалану шараларын енгізу үшін арқылы өнімдерін бірнеше рет көтеруге болатыны белгілі болды. Сонымен қатар жақсарту және тиімді пайдалану шаралары жүргізілген жерде сапалы мал азығын алуға болатыны анықталады.
Қазақстан Республикасындағы шабындықтар мен жайылымдар
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық жерлерінің көлемі үлкен: 2008 жылы статистикалық деректерге сәйкес ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылықтардың қолдануында 200, 1 млн. га жер болды, оның ішінде жайылымдар 187, 1 млн. га, мал азықтық дақылдар егістігі 2350, 4 мың га, егістік алқап 16, 2 млн. га және тыңаймаған жерлер 8, 6 млн. га құрады. 90-шы жылдардың ортасынан бастап егістік алқаптардың айтарлықтай көлеміне (10млн. га астам) егін және мал азық дақылдары себілмеді. Соның салдарынан олар арамшөп қаулаған, мал азығына пайдасы жоқ алқаптарға айналды [3] .
Шабындықтар - 4, 7 млн га, немесе 39 гектар жайылымға 1 гектардай ғана шабындық жер келеді екен. Мұндай қайшылықтың басты себебі құнарлы шабындықтардың астық өндірудің көлемін көтеру үшін жыртылып егістікке айналып кетуінде. Осыған байланысты республиканың көпшілік шаруашылықтарында, әсіресе астық өсіретін аймақтарда, қысқы азықтардың тапшылығы орын алады. Ол үшін өткен ғасырдың 70-80 жылдары пішен амалсыздан табиғи жайылымдардан дайындала бастады. Мұндай «шабылатын жайылымдар» үкіметтің жоспарына кіріп, көлемі 15-20 млн гектарға дейін жетті. Әрине мұндай «шабындықтардың» өнімі төмен болады (2, 0-3, 0 ц/га) да, пішеннің өзіндік құны өсіп, көпшілік жерлерде мал шаруашылығының тиімділігі төмендеп кеткені көрініс берді. Сол кездері егістік жерлерде мал азықтық дақылдар көптеп өсіріле бастады. Оның көлемі республика бойынша 10 млн гектарға дейін жетіп, пішеннің көлемінің үштен бірі, сүрлем, шырынды және жемдік азықтар толығымен егістіктен алынады. Бірақта әлі күнге дейін табиғи жайылымдар мен шабындықтардың және егістік жерде өсірілетін азықтардың өнімі қазіргі күннің сұранысына сай келмей отыр [2] .
Мал азығын өндіру ауыл шаруашылығы экономикасының ірі де күрделі саласы. Оның бүгінгі күннің талаптарына сай интенсивті дамуы және өркендеуі осы саладағы қорланған ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізуге байланысты.
Олардың негізгілеріне мына бағыттарды жатқызуға болады:
әр аймақтың биоклиматтық мүмкіндіктерін және экономикалық қалыптасу ерекшеліктерін ескере отырып мал азығының негізі көздерін - табиғи шабындықтар мен жайылымдарды және мал азықтық егістіктерді тиімді де ұтымды пайдалану;
шаруашылықтарда (шаруа қожалықтары, акционерлік кешендер т. б. ) ғылым мен алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибелердің жетістіктерін енгізе отырып табиғи табиғи шабындықтар мен жайылымдардың және мал азықтық егістіктердің өнімін көтеріп, сапалы, қоректілігі жоғары азықтар жинау;
мал азықтарын дайындаудың алдыңғы қатарлы технологияларын және әр мал түріне, жасына және алынатын мал өніміне қарай ғылымға негізделген тәуліктік, айлық және жылдық азық мәзірін жоспарлап шаруашылықтарға енгізу;
шаруашылықтарда мал азықтық жерлерді жақсартуға, тиімді пайдалануға және азық дайындау өндірісіне жаңа техникалар мен машиналарды енгізу арқылы азықтың өзіндік құнын төмендету.
Мал азығын өндіру ауыл шаруашылығының және ғылымның саласы ретінде егістік жерлерде азықтық дақылдарды өсірумен, екпе және табиғи жайылымдар мен шабындықтар жасап пайдаланумен айналысады. Бұл саланың алға қойған мақсаттары - мал азығы өндірісін республикада барынша интенсивтендіру [2] .
Арзан да қоректілігі жоғары азық дайындаудың негізгі көзі табиғи мал азықтық жерлер. Мұндай жерлер жоғарыда келтірілгендей республиканың 70% жер көлемін алып жатыр. Бірақ та осы табиғи жайылымдар мен шабындықтардан алынатын азық көлемі жыл бойы мал шарушылығында пайдаланатын барлық азық көлемінің шамамен 40% үлесін ғана түзеді екен. Оның басты себебі табиғи мал азықтық жерлерден алынатын өнімнің төменділігімен түсіндіріледі. Табиғи жайылымдарды жүйесіз пайдалану және күтіп-баптау жұмыстарының уақытында жүргізілмеуі салдарынан шалғындық топырақтың құнарсыздануына, өсімдік қауымынан бағалы өсімдік түрлерінің жойылып, орнына басқа құнарсыз шөп түрлерінің, арамшөптердің өсіп, шалғындықтарды төмпешіктер мен бұталардың басып, нәтижесінде өнімнің төмендеп кетуіне әкеліп соқтырады. Мұндай кемшіліктерді жою үшін табиғи мал азықтық жерлерді жақсарта отырып дұрыс пайдаланудың маңызы өте зор.
Далалық, шөлейт және шөл аймақтарда табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану ондағы бағалы шөп түрлерін сақтауға және өнімін көтеруге, нәтижесінде әр гектардан алынатын мал өнімдерін (ет, жүн) екі есеге дейін көтеруге болатыны анықталды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында тозып кеткен жайылымдар орнына изен, еркекшөп, тарлау т. б. Шөптер сеуіп екпе жайылымдар жасау экономикалық жағынан да өте тиімді болатыны көптеген зерттеу жұмыстарында дәлеленді [4] .
Шалғындық шаруашылығы жалпы мал азығын өндіру саласының негізігі бөлімі ретінде мал шаруашылығын қарқынды дамытуда, азықтың берік қорын жасауда алатын орны ерекше.
Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер жалпы жер көлемінің 70% алып жатыр. Негізінен осы жерлер мал жайылымына (95%) және азғантай бөлігі (5-7%) шабындыққа пайдаланылады. Қазіргі уақытта табиғи жерлерден мал шаруашылығына керекті жылдық мал азығы қорының 50% ғана алынады. Оның басты себептері табиғи жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалану және жақсарту жүйелерінің осы кезге дейін өндіріске кең тарамауында. Республика аймақтарында орналасқан миллиондаган гектар өнімі төмен табиғи жерлерді жақсарту және тиімді пайдалану шараларын енгізу арқылы өнімдерін бірнеше рет көтеруге болатынын ғалымдардың соңғы зерттеулері көрсетті. Табиғи шалғындықтарды жеңіл-желпі жақсартқанның өзінде өнімін 2-3 есе көтеруге, ал түбегейлі жақсартқанда - 3-5 есеге және одан да жоғары көтеруге болатыны белгілі болды. Сонымен қатар жақсарту және тиімді пайдалану шаралары жүргізілген жерден сапалы мал азығын алуға болатыны анықталды. Мысалы өнімі төмен, жақсарту жұмыстары жүргізілмеген табиғи шабындықтан дайындалған пішеннің 100кг 30 а. ө. Және 2, 0-2, 5 кг қорытылатын протеин болса, жақсарту технологияларын қолданған шабындықтан алынған пішеннің 100 кг-да 50-57 а. ө., 5кг және одан да жоғары қорытылатын протеин болады екен [2] .
Шалғындық шаруашылығы мезофильді өсімдіктер өсетін шалғындық жерлерді және ксерофильді өсімдіктер өсетін құрғақ далалық, шөлейт және шөл аймақтардағы мал азықтық жерлерді пайдалану және жақсартудың ғылыми-практикалық негіздерін қарастырады. Сонымен қатар «табиғи мал азықтық жерлер» деген термин де кең тараған. Оған негізінен табиғи шабындықтар мен жайлымдар алаңдары жатады. Мұндай мал азықтық жерлерге мезофильді өсімдіктер, далалық және шөлдік аймақтарда өсетін ксерофильді өсімдіктер, эфемерлер және тағы басқа өсімдіктер түрлері кездесетін шалғындарды жатқызады [7] .
Қазақстанның шабындық пен жайылымдарында мал азықтық өсімдіктердің 100 шақты тұқымдасына жататын көптеген түрлері өседі. Олар барлық өсімдіктер қорының 75-80% асады [8] .
Табиғи мал азықтық өсімдік қауымдастығының ішінде ең бағалылары және көп тарағандары астық (75 туысы, 436 түрі) негізінен орманды-далалық, далалық және таулы аймақтарда көп тараған. Күрделігүлділер тұқымдастары (114 туысы, 795 түрі) республиканың барлық аймақтарында кездеседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің (34 туысы, 611 түрі) табиғи мал азықтың қорындағы үлесі 5-7% аспайды. (Флора Казахстана в 9 томах 1956-1966гг. ) [8] .
Олар орманды-далалық, далалық аймақтарда, таулы аудандарда, өзен алқаптарында өседі. Қияқ тұқымдастары батпақты және ылғалы мол жерлерде, алабота тұқымдастары шөл және шөлейт аймақтарда, сортаң және кебір жерлерде өседі [8] .
Шабындықтар мен жайылымдар мал азықтық құндылығы жоғары өсімдіктерге бай. Сонымен қатар ол жерлерде мал азығының қоректілігін төмендететін зиянды және улы өсімдік түрлері де аз емес. Олардың кейбір түрлерінің дәрілік қасиеттері бар [8] .
Қорытынды
Шалғындық шаруашылығы негізінен мал азығы өндіру саласының негізі бөлімі ретінде мал шаруашылығын дамытуды және азықтық қорын жасчауға берік болып келеді. Мал азығын өндіруді дамыту ол ауыл шаруашылығының экономика жағынан өте күрделі мәселе болып келеді. Бірақ соған қарамай елімізде бұл сала өте қарқынды дамып келе жатыр. Негізгі біздің қазіргі мақсатымыз ауыл шаруашылығының жайылым мен шалғындық жерлерін дамыту болып келеді.
2. 2 Қазақстанның малазығы өндірісінің жағдайы және оны шешу жолдары
Елімізде азық-түлік бағдарламасына сәйкес, ет, сүт және басқа да мал шаруашылығының дамуы үшін ең басты атқарылатын шаралар алдымен мал азықтандыру жағдайын шешуге, азықтарды жүйелі түрде пайдалануға байланысты. Республикамыздағы әр түрлі деңгейдегі шаруа қожалықтары табиғи ауа райына байланысты азық сапасын және аймақты, азық құрылымының типіне байланысты сапалы малазығын дайындау үшін, ең алдымен, азықтандыру түрлерін, мал ағзасындағы зат алмасу үдерісін (трансформация), азық сапасын және мал орналасқан аймақтардағы азық түрлерін жете білулері қажет. Елімізде мал шаруашылығының негізгі тәуліктік азық құрамының (рационының) 60-70%-ға дейінгі бөлігін табиғи жайылымдар мен табиғи шабындық шөптер құрайды. Әлемде табиғи жайылымдарының көлемі бойынша Қазақстан бірінші орында тұр, яғни жайылым көлемі 189, 5 млн га-ға тең. Ол бес табиғи ауа райына байланысты аймақтың жайылымдық жерінде орналасқан. Мал азық қоры осы аталған аумағымызда жылына 25-28 млн тонна азық қуаттылығына, яғни бір миллиард пұт бидайға тең [5] .
Алайда, осы табиғи жайылымдардың бес техникалық мәдениетті пайдаланудағы жағдайы қазіргі кезеңде өте қанағаттанарлықсыз деп айтуға болады. Сонымен қатар, осы табиғи жайылымдарды, ғылыми тұрғыдан пайдаланбаудың әсерінен, олардың азықтық құрамдары төмендеуде (бір гектардан алынатын өнім азаюда), жайылымдағы азықтық шөптердің көптеген түрі жоғалып, олардың орнын улы (адыраспан сияқты) және арамшөптер басуда. Жер ресурстарының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнде тозған жайылым көлемі 26, 5 млн га құрайды, ал біздің есеп бойынша ол 48-50 млн-ға тең. Осы орайда, табиғи жайылымдар ұлтымыздың таптырмас байлығы екенін естен шығармаған жөн болар деп ойлаймыз [5] .
Қазіргі таңда 189, 5 млн гектар жердің 62 млн гектары - жайлымдық жер, ауыл шаруашылығында қолданылады және 22 млн га - тұрғылықты елді мекен-жай пунктінде. Ал ғалымдардың есебінше, қалған 83, 5 млн гектардың 9, 8-10, 6 млн га-да шартты ірі қара мал ұстауға болады. Яғни, бір шартты ірі қара малға, орташа есеппен, 8, 5-9, 1 гектардай жайылым үлесі тиеді. Ал егер осы жайылымдардың орташа өнімділігі әр гектардан 5-6 ц көк балауса шөп алынса, онда тәуліктік көк балаусамен жайылымдағы малдың (ірі қара) 70-75%-ы ғана қамтамасыз етіледі. Аталған жайылымдық аймақтың небары 40 млн гектары ғана сумен қамтамасыз етілген. Қалған аймақта жерасты суы (құдықтар) қолданылады. Ғалымдардың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесі бойынша, елді мекендер аймағындағы табиғи жайлымдардың бір гектардағы өнімділігі: құрғақ шөлейт аймақта көктемде 1 км қашықтықта 4, 3-4, 8 ц/ га көк шөп болса, 6-7 км қашықтықта ол 9-10 ц/га тең, жазда осы көрсеткіштер - 5, 3 және 9, 4 ц/га, ал күзде 2, 1-7, 2 ц/га шартты желінетін көк балауса шққпке тең. Жоғарыда аталғандай заңдылық белгіленген жартылай шөлейт және шөлейт аймақта да орын алады. Өкінішке орай, ауыл аймағында малды 5-7 км жерде бағып, жаяды да, кешке қарай қайта ауылға айдап келеді. Бұл - күннен-күнге, жылдан-жылға орын алып отырған жай. Осындай пайдаланудың нәтижесінде табиғи жайылымдар тозуда (деградацияға ұшырауда) және жоғары құнарлы шөп түрлері жоғалып, жалпы жайылымдардың өнімділігі мен сапасы күрт төмендеуде. Елді мекендер төңірегіндегі табиғи жайылымдарды тоздырмау және жайылымдағы құнарлы азықтық өсімдіктердің жоғалып кетпеуі үшін, сонымен қатар оларды қайта қалпына келтіру үшін ауылдағы малды топтастырып, кооперативтер құрып, алыстағы суаты бар жайылымға шығарыпбағу қажет. Сонда ғана қоршаған ортаға және ауылды мекендеген елге аз әсері тиетін болады [7] .
ҚазМШЖӨҒЗИ ғалымдарының көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі бойынша, шөлейт, жартылай шөлейт және құрғақ аймақтардағы табиғи жайылымдарда мал жайып бағуға бір сақа саулыққа 2-3 га жер үлесі, ал ірі қара мал мен жылқы малына бір басқа 7-10 гектар жайылым тиісті болу керек. Әр бас малға жоғарыда көрсетілгендей жайылым үлесі тигенде, есеп бойынша, табиғи жайылымдар қайтадан қалпына келеді де, тозу тоқтап, жайылым көлемі 30 пайызға үлкейеді. Мұның бәрі жайлымның жағдайына байланысты екенін ұмытпау керек. Малды жайып баққан кезде бақылау коэффициентін сақтай отырып, жайлым өнімділігі 30-40%-ға сақталу керек. Мысалы, жайылым өнімділігі 10 ц/га болғанда, малды бағып болған кезде жайылымда 3-4 ц/га көк балауса шөп (биомасса) қалуы және ондағы қалған азықтық өсімдіктердің биіктігі жер бетінен, кем дегенде, 10 см биік болу қажет [5] .
Соңғы жылдары дүниежүзілік малазығы өндірісі бағытындағы ғылыми тұрғыда атқарылған жұмыстар мен орындалып жатқан бағдарламаларды 3 бағытқа бөлуге болады:
- шабындық жайылымның өнімділігін көтеру жолдарының бірі - тыңатқыштар (азотнокалийно-фосфорный комплекс - АФК) өңдеу;
- жайылымдарды пайдалануды ғылыми тұрғыдан жетілдіру;
- малазықтық дақылдарды егетін егістікті (жыртылған жерлерді) тиімді пайдалану.
Тыңайтқыш пайдаланатын суармалы шабындық көлемі әр елдің мал азығы құрамында алатын мөлшері әр түрлі: Ұлыбританияда - 50%, Данияда - 100%, Францияда - 20%, Швейцарияда - 70%-ға дейін орын алады. Аталған елдер ғалымдарының зерттеулері бойынша, интенсивті технологияны енгізгенде, көп орылатын малазықтық дақылдардың құнарлы заттары жер қабатынан 4-5 есе жоғалғаны, әсіресе суда еритін азот элементінің көп шығындалатыны анықталған. Сондықтан бір гектар шабындыққа 300-350 кг азот тыңайтқышын сепкенде, жер қыртысының құнарлылығы жоғарылап, одан алынатын көк балауса өнімі біршама көбейеді [5] .
Батыс ғалымдарының зерттеулеріне қарасақ, олар егістік жерлерді игеріп, ондағы малазықтық көпжылдық өсімдіктерді өсіруге бет алған. Мал шаруашылығы дамыған өлкелерде мұндай өсімдіктерінің ішінде ең басты болып бұршақ тұқымдас дәнді дақылдар кеңінен орын алған. Мысалы, малазықтық қордағы көпжылдық бұршақ тұқымдас дәнді дақылдар АҚШ-тың егістік алқаптарының 30%-ын алады, Ұлыбританияда шамамен 50%-дан жоғары, ал Швецияның солтүстік аудандарында 65%-дан артық. Ғалымдар аталған елдерде осы бағыт болашақта да жол алады деп отыр. Жоғарыда мәліметтерге сүйене отырып, Қазақстанда да жақын жылдар ішінде малазығы өндірісін дамыту қажет деп білеміз, ол үшін төмендегілер қажет:
- елімізде ірі сабақты малазығының тұрақты қорын жасаужолдарының бірі - суармалы шалғындық шабындық жайылымдарды (өзендер мен көлдер бойындағы) және таулы аймақтағы шабындық жайылымдарды тиімді игеріп пайдалану. Бірақ, бірде-бір ғылыми-зерттеу институты осы мәселелермен, жетілдірілген технология жасап, аталған суармалы және тау өңіріндегі шалғындық шабындықтарды жақсартумен айналыспайды;
- республиканың барлық жер көлемінің 67%-ын жайылым алып жатыр. Сондықтанжайылымдарды шаруашылыққа ғана пайдаланып қоймай, оның қоршаған ортаның экологиялық құбылыстарына қатынасын да әрдайым ескеру. Жайылымдарды пайдалануды жетілдіру мен тиімді ғылыми жетістіктер жүйесін енгізу жұмыстарымен елімізде екі ғылыми институт қана шұғылданады, ол жетілікті емес;
- малазығы өндірісін биологияландыру үшін малазықтық өсімдіктердің(изен, кейрун, жусан, еркешөп т. б. ) тұқымын кең көлемде себу. Бүгінгі күні Қазақстанның егістік алқабында малазығына пайдаланылатын өсімдіктердің көлемі 2, 5 млн гектарды, яғни жалпы егістік алқабының 10%-ын құрайды. Бұл өте аз, кем дегенде 25-30% құрағаны жөн.
Жоғарыда айтылған бағыттарда жұмыстар атқарылған жағдайда, Қазақстанның малазығы өндірісі дамып, жоғары өнімді мал шаруашылығының сұраныстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік туар еді. Жалпы, жер құнарлылығы көтеріліп, қоршаған ортаның жағдайы жақсарса, елімізде азық-түлік қауіпсіздігі тұрақты орын алады [5] .
Малазығы өндірісінің негізгі жолы малға толық теңестірілген, тәуліктік азық құрамы (рацион) негізделген азық дайындауда, осыған орай еліміздің әр аймағында мал азықтандырудың өз ерекшелігі бар. Зерттеу жұмыстарында анықталғандай, басты құнарлы заттардың жетіспеушілігі мынадай: оңтүстік, орталық, солтүстік өңірлердегі сүт бағытындағы ірі қара мал азығында қанттың жетіспеушілігі - 40%, протеин - 3%. Ал аталған аймақтардың ет бағытындағы ірі қара мал азықтарында қант - 60%-ға дейін, протеин -37%-ға дейін жетіспейтіні анықталды. Малазығы өндірісінің басты мақсаты - құрылымы мол азықтық өсімдіктердің құрамында қант (судан шөбі, құмай-судан гибриді, құмай, азықтық қызылша т. б. ) пен протеинге (жоңышқа, түйежоңышқа, эспарцет, рапс т. б. ) бай азық егіп өсіру. Сонымен қатар, әр шаруашылық малазығы өндірісін өзінің қолында бағып отырған малынан алынатын өнімдерге сәйкес ұйымдастырғаны жөн [5] .
Ғылыми тұрғыдан алғанда, малазығы өндірісін аймақтарда ұйымдастырар алдында тәуліктік теңестірілген көрсеткіштер бойынша азық құрамын әр мал түріне қарай және өндірілетін өнім бағытында ескерген дұрыс. Аймақтағы малазығы өндірісі құнарлы да теңестірілген малазығы, ет пен сүт бағытындағы теңестірілгені жөн, сонымен қатар малазығын өндіріп даярлауда инновациялық жаңа технологияны пайдалану қажет. Осындай өндірісті ұйымдастырудың басты межесі - бағып отырған малдан алынатын өнімдердің сапасы мен өнімділігін республика көлемінде жоғарылату [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz