Нарық жағдайында инвестициялық жобаның тиімділігін талдау және бағалау


Мазмұны
Қысқартылған сөздер
Кіріспе 3
1 Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
1. 1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы 7
1. 2 Инвестицияның қызметі және операциялары 21
1. 3 Инвестициялық жобалар процесі түсінігі 23
2 Нарық жағдайында аймақтың дамуындағы инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау
2. 1 Еліміздегі инвестициялық белсенділікті талдау 34
2. 2 Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуын бағалау 39
3 Инвестициялық жобаларды қаржыландыру әдістерін жетілдіру жолдары
3. 1 Инвестицияларды қаржыландырудың несие формалары 46
3. 2 Ипотекалық несиелеу инвестицияларды ұзақ мерзімді қаржыландыру әдісі ретінде 50
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 60
Қосымшалар
Кіріспе
Инвестиция - бұл экономиканың әртүрлі сфераларының сақтау және одан әрі дамыту мақсатында салынған ұзақ мерзімді капитал салымдары.
Шынайы инвестиция (реальные) - бұл іс жүзіндегі кәсіпорынды техникалық қайта жабдықтандыру немесе жарақтандыру үшін капитал салымы.
Қаржылық (портфельдік) инвестиция - бұл мемлекеттің, басқа кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың құнды қағаздарын және акцияларын сатып алу үшін салым.
Сонымен қатар, инвестицияның жанама және тікелей түрлері бар:
Тікелей инвестиция - бұл ҚР-на берілген ресми техникалық көмек немесе грант көлеміне жатпайтын және ҚР кепілдігіне байланыссыз, инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестиция - бұл портфельге салым, басқаша айтқанда құнды қағаздарды немесе мүліктік құндылықтарды иемдену мақсатындағы салым.
Бүгінгі күндегі банктердің негізгі қызметі несие беру болып табылады. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде билік органдары банктің қаржылық қызметтеріне қарапайым халықтың қолы жету мүмкіндігін арнайы бақылап отырады. Сондай көрсетілетін маңызды қызметтердің біріне қарыз беру жатады.
Бұл қызметтерді тұтынушылар қатарына жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар жатады. Көбінесе, қарыздар инвестицияларды жүзеге асыру үшін немесе тұтынушылық мақсаттарды алынады.
Алайда, банктің барлық қаражаттарын несие түрінде ғана орналастыру мүмкін емес. Несие құралдарының үлкен бөлігі өтімсіз болып табылады, яғни олар банкке қолма-қол ақша қаражаттары қажет болған жағдайларда тез өтпейді.
Басқа жағынан, қарыз алушылардың несиені уақтылы қайтармауынан несиелер жоғары тәуекелді активтер болып келеді. Ал орта және ұсақ банктер үшін несие беру сол тұрған аймақтың даму деңгейімен тығыз байланысты болады. Сәйкесінше, аймақтағы экономикалық белсенділіктің төмендеуі банктің несиелік портфелінің сапасын нашарлатады. Сондай-ақ көптеген елдерде, банктердің несиелер бойынша алатын табысы салық салуға жатады.
Барлық айтылған себептерге байланысты көптеген банктер өз активтерінің үлкен бөлігін табысты активтердің басқа бір маңызды түрі - құнды қағаздар сатып алуға жұмсай бастады. Мамандардың бағалауы бойынша банк портфелі жалпы көлемінің 1/5-нен 1/3-не дейінгі үлесін құнды қағаздар сатып алуға бағытталған қаражаттар құрайды.
Коммерциялық банктердің құнды қағаздарының құрамына мемлекеттік бағалы қағаздар және заңмен реттелген акция түрлері кіреді. Банктер портфелінің бұл аталған активтері бірқатар маңызды қызметтер атқарады.
Олар банкті табыстылықпен, өтімділікпен қамтамасыз етеді, сонымен қатар банк активтерінің мұндай диверсификациясы тәуекелді төмендетіп, банк табыстарының бір бөлігін салық салудан босатады.
Аталған салымдар банктің табысын тұрақтандырады және басқа активтердің табыстылық деңгейі азайған уақытта банкке қосымша кіріс көзін қатамасыз етіп отырады.
Банктік инвестицияларға өтелу мерзімі бір жылдан асатын құнды қағаздарды жатқызуға болады. Бұл қағаздар әдетте, өтімді активтердің екінші қатарлы резервтеріне қосылмайды, ал олардың банк портфелінде болуы проценттік төлемдер түріндегі табыстар алумен шартталады. Инвестициялық құнды қағаздардың төмен өтімділігі оларды өткізетін нарықтардың болмауымен байланысты емес, банктің портфелінде сақталатын құнды қағаздардың көптеген эмиссиясы екінші нарықтарда толық айналыста жүреді.
Бұл қағаздардың кемшілігі олардың бағамының елеулі түрде тербелуінде болып отыр, өйткені бұл бағамдар процентердің нарықтық нормаларына толық тәуекелді. Облигацияның сатып алынғанға дейінгі мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым оның нарықтық құнының болашақ динамикасын дұрыс болжамдау қиынға түседі.
Коммерциялық тәжірибеде инвестициялардың мынадай негізгі түрлері қолданады:
1. Нақты (физические активы) активтерге инвестициялар;
2. Ақшалай активтерге инвестициялар;
3. Материалдық емес активтерге инвестициялар.
4. Нақты активтерге инвестициялар дегеніміз қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын жабдықтар, құрылғылар мен машиналар және өндірістік ғимараттар мен басқа да мүліктер.
5. Ақшалай актив инвестицилардан басқа жеке және заңды тұлғалардан алуға құқы бар ақша сомалары. Бұлар банк депозиттері, облигациялар, акциялар, несиелер мен қарыздар, банк кепілдіктері және т. б. .
6. Материалдық емес актив инвестициялары деп қайта оқыту бағдарламасын өткізу бойынша фирманың нәтижесі немесе қызметкерлердің біліктілігін көтеру, сауда белгілерін өңдеу, дайындау және өнеркәсіп меншігі құқын илену және т. с. с. .
Бұл инвестициялардың барлығы фирманың экономикалық жағдайын жақсартуда және одан әрі дамытуда мәні зор. ҚР-ның инвестициялар туралы заңы ҚР-дағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, ҚР-да инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.
Сонымен қатар, Қазақстанда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін реттейтін заңдарға: Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, «Банкроттық туралы», «Концессия туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР-ның инвестициялық қоры туралы» және басқа да нормативтік актілер жатады.
«Инвестициялар туралы» ҚР Заңында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1. инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту;
2. инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі;
3. инвестициялық преференциялар - ҚР-ның инвестициялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңды тұлғаларына ҚР-ның заңдарына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар;
4. инвестициялық жоба - жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені;
5. мемлекеттік заттай гранттар - Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын инвестициялық жобаны іске асыру үшін ҚР заңды тұлғасының меншігіне не жер пайдалануына өтеусіз берілетін мүлік.
6. уәкілетті орган - келісім-шарттар жасасуға және олардың орындалуын бақылауға тікелей байланысты құқықтар берілген орталық атқарушы орган.
ҚР-ның инвестициялар туралы заңдары ҚР-ның конституциясына негізделеді және осы Заңмен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Инвестициялар туралы заң мемлекеттік бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асырады және де коммерциялық емес ұйымдарға, оның ішінде білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни мақсаттар үшін капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейді.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және бар жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
Инвестициялық преференциялардың түрлері:
1. Инвестициялық салықтық преференциялар;
2. кеден баждарын салудан босату;
3. мемлекеттік заттай гранттар беріледі.
Шетелдік сөздер сөздігінде стратегия гректің ctrategia (stratos-әскери, tago-жүргізу, басқару әскерді ұрысқа бастау) деген сөзінен, яғни алғашқы кездегі мағынасы әскери өнердің құрама бөлігі, оның жоғарғы саласы дегенге саяды, кейіннен қоғамдық, саяси күресті басқару өнерінде, оны жүргізудің жалпы жоспарын білдіреді. Қазіргі кездегі Мемлекеттік және Үкімет құжаттарында стратегия бірде ұзақ мерзімді бағдарлама, кейде ұзақ мерзімді жоспар ретінде қолданылады. Мәселен, «Қазақстан -2030» атты құжат бірде бағдарлама бірде стратегия деп аталып жүрді. Негізінде әскери, саяси, экономикалық, әлеуметтік тағы басқа салаларда алдағы уақытта жүзеге асырылмақ ұзақ мерзімді мақсаттардың бағыты мен беталысы және олардың іске асырудың нақты шаралары деп қараса дұрыс.
Ел Президенттінің 1997 жылдың 11 қазандағы «Қазақстан -2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиісті мерзімді жеті басымдық аталған. Солардың үшеуі экономика саласына тікелей қатысты. Атап айтқанда: үшінші ұзақ мерзімді басымдық: шетел инвестицияларының деңгейі жоғары дамыған нарықтық экономикаға негізделе экономикалық өсу; бесінші ұзақ мерзімді басымдық; энергетика ресурстары; алтыншы ұзақ мерзімді басқарушылық; инфрақұрылым; әсіресе көлік және байланыс.
Үшінші ұзақ мерзімді және экономикалық дамытудың көптеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған құжат - ол «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы». Ол Ел Президентінің 2003 жылғы 17 маусымдағы №1096 Жарлығымен бекітілген. Бұл стратегияны әзірлеумен алғашқыда Идустрия және сауда министрлігі шұғылданды, кейіннен оны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Индустрия және сауда, Білім және ғылым, Көлік және коммуникация, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы министрлігімен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттікпен, Ұлттық Банкпен бірлесе отырып әзірледі.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны, инвестицияның пайда болуы және даму тарихы, инвестицияның қызметі және операциялары, инвестициялық жобалар процесі түсінігі қарастырылады.
Екінші бөлімінде нарық жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін, еліміздегі инвестициялық белсенділікті талдау, Қазақстандағы инвестциялық қызметтің дамуын бағалау жасалынады.
Үшінші бөлімінде инвестициялық жобаларды қаржыландыру әдістерін жетілдіру жолдары, инвестицияларды қаржыландырудың несие формалары, ипотекалық несиелеу инвестицияларды ұзақ мерзімді қаржыландыру әдісі ретінде көрсетілген.
1 Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
1. 1Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы
Инвестицияны ұғымы оллатын тілінен шыққан «салу» қаржы салу немесе қаржылындыру, қаржы тартуды білдіреді. Басты мақсаты экономиканың нықты салаларына қаржы салу арқылы пайда табу. Инвестиция құрамына: мүліктер, байлықтар, материалдық және интелектуалдық құндылықтар кіреді. Отандық және шетелдік тәжірибеде инвестицияның жіктелуі келесідей:
- қаржыландыру көздеріне байланысты:
● мемлекеттік;
● салалық;
● жеке меншік;
● аралас немесе бірлескен;
● меншікті;
● қарызға немесе несиеге алынған.
- Инвестицияның қолдануына байланысты:
● материалдық өндіріс салалары;
● қоржынды (портфельді) ;
● интелектуалды.
- Инвестициялардың негізгі бағыттарына байланысты:
● өндірістік;
● әлеуметтік;
● қоршаған ортаны қорғау.
- Инвестицияның пайдалану мерзіміне байланысты:
● қысқа мерзімді;
● орта мерзімді;
● ұзақ мерзімді.
Корпорацияның инвестиция қызметі дегеніміз - сол инвестицияны белгілі мақсаттар мен салаларға пайдалану. Инвестицияның обьектілеріне мыналар жатады:
● өндірістік, өндірістік емес қорлар;
● бағалы қағаздар (акция, облигация) ;
● заңды және жеке тұлғалардың банктердегі мақсатты салымдары;
● ғылыми техникалық өнімдер (интелектуалды байлықтар) ;
● табиғи ресурстар: жер, су, орман т. б.
ҚР - ның тиісті заңына сәйкес шетелдік заңды және жеке тұлғаларда инвестиция сала алады. Олар бірлескен компаниялар, шетелдік компаниялардың бөлімшелері.
Инвестициялардың субьектілеріне мыналар жатады:
● инвесторлар (қаржыгерлер) ;
● мердігерлер (орындаушылар) ;
● құрал - жабдықтар, т. б. материалдық құндылықтармен жабдықтаушылар;
● қаржы институттары, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар, қор биржалары т. б. ;
● шетелдік заңды және жеке тұлғалар және халықаралық ұйымдар, дүние жүзілік банктер.
Инвестицияның негізгі түрлері:
- Нақты (тікелей) инвестиция - экономиканың негізгі өндірістік салаларына бағытталады. Ол өндіріс құралдары мен материалдық байлықтарды және құндылықтарды молайтуға жұмсалынады.
- Қаржылық инвестиция - түрлі құнды қағаздар мен қаржы құралдарын жасауға қолданылады. Қаржылық инвестицияның түрлері:
● қоржынды (портфельдік) ;
● венчурлық (тәуекелдік) ;
● аннуитет.
Қоржынды (портфельді) инвестиция - кәсіпорының порфеліндегі (қоржынында) түрлі бағалы қағаздар жиынтығы.
Венчурлық (тәуекелдік) - кәсіпорынның өзінің акциясын және қаржыларын жаңадан ашылатын өндіріске салады, яғни жаңа бағытқа инвестиция салады, өйткені жаңа өнімдерге сұраныс көп болады.
Аннуитет дегеніміз - инвестицияның түрлі инвестициялық қорларға, сақтандыру қорлары, зейнетақы қорлары т. б. қорларға салу арқылы салушының белгілі бір кезеңнен алатын табысы.
- Адам капиталына салынатын инвестиция;
- Мемлекеттік инвестиция.
Инветициялық саясат дегеніміз - кәсіпорынның стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі болып есептелінеді.
Инвестиция саясатының мақсаты мыналарды көздейді:
● атқарылытын шаралардың экономикалық, ғылыми техникалық және әлеуметтік тиімділігін қамтамасыз ету;
● қор салынған инвестициялардан мол пайда табу және тиісті шығындарға жұмсау;
● инвестиция тартуды мемлекет тартуды мемлекет тарапынан қолдау табу;
● шетелдік, халықаралық қаржы, несие ұйымдарынан несие алу;
● инвестициялық жобаларды іске асыруда мимальді тәуекелділікті қамтамасыз ету.
Инвестиция саясатын іске асыруды мынадай факторларды ескеру керек:
● кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
● өндірістің техникалық деңгейі;
● кәсіпорынның меншікті капиталы мен қарыз қаражаттарының тиімді арасалмағы;
● инвестиция жобаларды іске асырудың тиімділігін қарастыру.
Инвестицияның капитал жұмсалымынан айырмашылығы капитал салымы бұл негізгі қорлардың ұдайы өнімдеріне қарастырылған шығындардың жиынтығын сипаттаса, ал инвестициялау бұл ұғымның сыртында сол кәсіпорынның негізгі өнім алуымен байланысты болатын шығындарының барлығын бірдей қамтиды. Негізгі қорларға инвестиция салу. Негізгі қорларды инвестициялаудың негізгі көздері мыналар:
- Меншікті қаржы ресурстары және ішкі шаруашылық резервтері (мүліктері) таза пайда амортизациялық төлемдер.
- Қарыз қаражат көздері, яғни банктердің несиесі, займдар, т. б. тартылатын қаржы ресурстары.
- Жеке және заңды тұлғалардың үлестік жарналары, яғни кәсіпорынның жарғылық капиталына қосқан үлес жарналары.
- Орталықтан берілетін ақша қаражаттары.
- Мемлекеттік бюджеттен қаражаттар нақты экономиканың салаларын (мұнай, газ, түсті металургия, ауыл шаруашылығы) инвестициялау.
Келесі бір көзі - қарыз қаражаттары. Оның негізгі қорлардан айырмашылығы - ұзақ мерзімді пайдалылығы және оларды сатуға болмайды. Мемлекеттік активтерге мыналар жатады:
● жер учаскелері;
● патенттер;
● лицензиялар;
● түрлі жңалықтар;
● товардың маркалары;
● «ноу - хоу»;
● интелектуалдық құндылықтар.
Мемлекеттік активтердің ерекшеліктері:
● Пайдалылығы;
● Пайдалылық мерзімінің белгіленбеуі;
● Сатуға болмайтындығы.
Қазақстанда нарықтық қатынастарды калыптастыру кезінде сауда - экономикалық байланыстарды жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы қайта және инфлияңия мен баға даңгейінің өсіп, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында басталады.
Міне, осы жағдайда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал - жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, оған көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушіліг сонымен бірге техникалық құрал - жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтардың болғаны әсер етті. Еліміздің тауар өндірушілері көптеген қиын жағдайларды бастан кешірді. Өндірілген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз болды. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдану көрсете алмады. Коммерциялық банкттердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестицияларды жүргізу мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осындай кезеңде лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылады. Кең түрде алып қарағанда, лизинг деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты болатын мүліктік қатынастардың барлық кешенін атауға болады.
Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:
- Инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
- Баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін (үлесін) анықтау;
- Инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;
- Инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
- Бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;
- Инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі талаптар;
- Портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
- Сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
- Пайдалар мен зияндардың есебі;
- Компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары.
Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.
Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг - бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктердің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
Қор (акция, облигация) ;
Коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктер) .
Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:
1. мемлекеттік бағалы қағаздар;
2. мемлекеттік емес (корпоративтік) бағалы қағаздар.
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:
-Купондық облигация - инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни 6 айда немесе жылына 1 рет табыс әкелетін түрі;
-Дисконттық облигация - инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.
Мысалға, облигацияның ағымдағы бағасы - 100 теңге, купон мөлшерлемесі - 10%, онда облигацияның ағымдағы табысын былай есептеуге болады:
Купон/баға*100=10/100*100=10%
Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:
10/150*100=6, 66%
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарына жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.
Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда. Екі жүйелі банктің қалыптасуы және кәсіпорындармен оларға қызмет көрсететін банктер арасындағы қатынастардың өзгеруіне байланысты щаруашылық құрылымының (мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және т. б. ) басшыларына алдындағы ең маңызды мәселелерінің бірі болып қаржы ресурстарын мобилизациялау мәселесін шешу, сонымен қатар оларды қолданудың тиімді жолдарын іздестіру болып табылады. Сонымен бірге, жүргізуші кәсіпорындардың трансформациясы кезінде және жаңа құрылған акционерлік қоғамдардың басышылары үшін көптеген мәселелер туындайды: құнды қағаздарды шығару және орналастыру, акционерлік қоғам мүлкінің максимизациялық құнын таңдау жолдары, дивидендтерді есептеу және төлеу, активтің әр түрлеріне қаражатты салудың тәуекелділік деңгейін талдауда, инвестициялық портфельді талдау кезінде және тағы басқалары. Мұндай жағдайларда банктің қаржылық жұмысын ұйымдастыруда екі негізгі бағыт бойынша ерекше талап қояды:
-банктің агенттік қызметті орындаудағы клиенттердің инвестициялық операцияларына қызмет көрсету;
-өз шотымен жүргізілетін меншікті инвестициялық қажеттілікке және банктің операцияларына қызмет көрсету.
Жоғарыда айтылған банктің қаржылық қызметіне сәйкес банктің инвестициялық қызметі ұйымдастырылады. Клиенттерді, сонымен қатар банктің есепті - қаржылық және инвестициялық қызмет көрсетуі - бір - бірімен тығыз байланысты поцестер, әдетте, банктегі қаржылық жұмысты екі ракурспен ұйымдастырылады: таза бухгалтерлік операцияларды, есепті - операциондық және операцияның инвестициялық түрлерін орындайды.
Әрине, нарықтық қатынас жағдайындағы банк қызметінің негізгі мақсаты - қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі жоспардан максималды пайда табу болып табылады.
Бұл мәселені шешу банктің қаржылық жоспарлау вариантын таңдауға және инвестициялық саясаттың бағыттарына байланысты болады:
- мүлік құнын максимизациялау (яғни, мысалы, акцияның нарықтық құнынан) ;
- жинақталған қарыз соммасының көлемін қарыз, облигация және жеке меншік қаражаттар (қайта бөлінген пайданың жарғылық және резервтік қорлар т. б. ) түрінде қатынасына оптимизациялау.
Осының барлығы банктің қаржылық қызметімен анықталады.
Нарық жағдайында қаржылық қызмет экономикалық конъюнктураның талдауының және қаржылық нарықтың жағдайының, қаражаттарды мобилизациялауда және салуда альтернативті варианттың дұрыстығына жауап береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz