Банк клиенттерінің несие төлеу қабілеттілігі



Мазмұны
бет

Кіріспе 3

I Шағын және орта бизнесті несиелендірудің негізгі теориялық түсінігі 6
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі: маңызы, міндеттері және қалыптасу ерекшеліктері 6
1.2 Шағын және орта бизнестің заңнамалық негізі 15
1.3 Шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы несиенің ерекшелігі 18

2 ҚР.дағы шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру үдерісі 21
2.1 Екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендірудегі қойылатын талаптары 21
2.2 «Альянс Банк» АҚ мысалы негізінде шағын және орта бизнесті несиелендіру ерекшеліктері 38
2.3 Шағын және орта бизнесті несиелендіруге кедергі келтіретін мәселелердің сипаттамасы 47

3 ҚР.дағы шағын және орта бизнесті несиелендіру үдерісін жетілдіру жолдары 51
3.1 Қазақстандағы Шағын және орта бизнесті несиелендірудегі басым шаралар 51
3.2 . Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі 53
3.3 Несиелік ресурстарды тарту бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің ағымдық механизмін жетілдіру 60

Қорытынды 64

Пайдаланылған әдебиеттер 67

Қосымшалар
Кіріспе

Диплом тақырыбының өзектілігі. Елбасының халыққа жолдауында: «Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші.Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады.Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді.Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаң¬ғыртудың қозғаушы күші болып табы¬лады»,-дегеніндей шағын және орта кәсіпкерлік – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi болып табылады. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттырудың мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Нормативтік-құқықтық актілер:
1. «Альянс Банк»Акционерлік Қоғамының «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры» бағдарламасы бойынша несиелеу регламенті. 9 ақпан 2009 жыл.-2-81 беттер.
2. «Альянс Банк»Акционерлік Қоғамының несиелік саясаты.КС-01П-СКУ-006. Қазан,2008жыл. 3-34 беттер.
3. «Альянс Банк»Акционерлік Қоғамының шағын және орта бизнес туралы ережесі. КС-02П-СКУ-041. Сәуір,2009жыл. 4-8 беттер.
4. «Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы». – Алматы. Юрист,2007. -192 бет
5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»ҚР Кодексі(салық кодексі). 2001 жыл 12 маусым № 209-11 2004 қаңтардағы жағдай бойынша.- Алматы: «Бико» Баспа үйі 2004
6. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы.-Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңы.- Алматы: «Жеті жарғы», 1998. -84 бет.
7. Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. 6 наурыз 2010 жыл.
8. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. 2 наурыз 2006 жыл
9. Положение по кредитованию субъектов предпринимательства по программе «Альянс-Кредит»-1-СС и «Альянс-Кредит»-2 СС в АО «Альянс Банк».Корпоративный стандарт, февраль 2009год.

Нұсқамалық материалдар:
10. «Альянс Банк» Акционерлік Қоғамының 2007 жылдық есебі
11. «Альянс Банк» Акционерлік Қоғамының 2008 жарты жылдық есебі
12. «Реструктуризация проблемных кредитов.Критерии определения проблемных долгов, подлежащих возможной реструктуризации. Схема взаимодействия с кредитным подразделением.Сбор документов.» в АО «Альянс Банк» № 3 әдістемелік құжат.
13. КакоммерцNEWS//Информационный вестник.№1(75) 2010.
14. Статистикалық бюллетень. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. №1(170) қаңтар 2009жыл.
15. Статистикалық бюллетень. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. №9(178) қыркүйек 2009жыл.
16. Статистикалық бюллетень. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. №11(156) желтоқсан 2007жыл.
17. Статистикалық бюллетень. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. №1(148) қаңтар 2006жыл.

Бұқаралық ақпарат көздеріндегі мерзімдік басылымдар:
18. Б.Қ. Мейірбеков « Қазақстандағы шағын бизнес: проблемалар мен мәселелер» //Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының ХАБАРШЫСЫ.(журнал). Бас редакторы: академик Б.Т. Жұмағұлов №2(12) 2004. 164бет
19. Баско О.В.,Домбаева В.Р. «Проблемы доступа малых предприятий к финансовым ресурсам»// «Деньги и кредит»-№5/2009. 56 стр.
20. Г. Бекмағанбетов. « Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері» «Экономика негіздері» мектепте, колледжде және ЖОО оқыту. Республикалық ғылыми -әдістемелік, педагогикалық журнал. Бас редактор: Д. Бохаев. №5, 2006.16-18 беттер
21. Кишибекова Г.К.Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік несие желісі есебінен қаржыландыру //ҚазЭУ хабаршысы № 2/ 2008 ж. 146-150 бет.
22. Манабаева А.А.« Шағын және орта бизнестің экономикадағы маңыздылығы мен артықшылығы және кемшіліктері»//«Экономика негіздері» мектепте, колледжде және ЖОО оқыту. Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. Бас редактор: Д. Бохаев. №2, 2006.8-13 беттер
23. Мәсімов Қ.Ел тағдыры кәсіпкерлер қолында// «Егемен Қазақстан»-26 ақпан 2010жыл. 3 бет.
24. О.Б. Мамырбаева, Д.О. Аташева «Шағын кәсіпкерлікті несиелеу тиімділігі»//Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік АкадемиясыныңХАБАРШЫСЫ.(журнал). Бас редакторы: академик Б.Т. Жұмағұлов. №1(11) 2004. 140 бет
25. Отчет акима области Сагиндыкова Е.Н. по итогам социально- экономического развития Актюбинской области за 2009 год и о задачах на 2010 год.// Актюбинский вестник. 25 января 2010год.9-10 стр.
26. Райхан Н « Шағын кәсіпкерлік: кеше мен бүгін»// Ақиқат.(журнал) 2005-№5-44-47 беттер
27. Савинова Д.В. «О формировании механизма привлечения кредитных ресурсов в малый бизнес»// «Деньги и кредит»-№5/2009. 59 стр.
28. Сапунов М.К. «Большие надежды малого предпринимательства»// «Деньги и кредит»-№5/2009г.53 стр.
29. Стацурина Ю.А. «Основные направления государственной поддержки малого и среднего бизнеса а Казахстане»// «Банки Казахстана»-№9/2009.30 стр.
30. Тұрлыханұлы Б.Дағдарысқа қарсы шаралар туралы// «Егемен Қазақстан», 2009 жыл 1 желтоқсан. 6-7 бет
31. Э. Хуршидова. «Кәсіпкерлік қызметті қолдау мен қорғауды құқықтық реттеу» //Заң. Бұқараға - құқықтық сауат. (журнал).№10,2005 30-33беттер

Оқу құралдары:
32. «Менің алғашқы капиталым» // Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі –Алматы, 2008ж
33. «Тұтынушыларды қорғау» // Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі-Алматы, 2008ж
34. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері. Лекциялық курс.- Орал: Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің баспасы. 2001ж
35. К. Бердалиев. Менеджмент.Лекцияларкурсы.- Алматы: Экономика, 2005.
36. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы.-Алматы: Экономика 2003
37. Окаев К.О., Смагулов Н.Т., Яновская О.А., Бикетова Е.Б., Асангалиева Р., Абдуллина З.Т., Даирова Р. Предпринимательство в РК.- Алматы: Экономика, 2000
38. Под ред. М.Г. Лапусты.Предпринимательство.-М.:Инфра-М.,2001
39. Под. ред. профессора Е.Б. Жатканбаева. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан – Алматы: Қазақ университеті,2001
40. Перар Ж. Управление международными денежными потоками.-М.:Финансы и статистика,1998.

Интернет ресурстар:
41. www.alb.kz
42. www.nationalbank.kz
43. www.statbaz.kz
44. HTTP:BDPORTAL.ALB.KZ
45. www.kkb.kz
46. www.akorda.kz

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
бет

Кіріспе
3

I Шағын және орта бизнесті несиелендірудің негізгі теориялық
түсінігі
6
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі: маңызы, міндеттері
және қалыптасу ерекшеліктері
6
1.2 Шағын және орта бизнестің заңнамалық негізі
15
1.3 Шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы несиенің ерекшелігі 18

2 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің
несиелендіру үдерісі
21
2.1 Екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті
несиелендірудегі қойылатын талаптары
21
2.2 Альянс Банк АҚ мысалы негізінде шағын және орта бизнесті
несиелендіру ерекшеліктері
38
2.3 Шағын және орта бизнесті несиелендіруге кедергі келтіретін
мәселелердің сипаттамасы
47

3 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті несиелендіру үдерісін жетілдіру
жолдары
51
3.1 Қазақстандағы Шағын және орта бизнесті несиелендірудегі басым
шаралар
51
3.2 . Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті
дамытудағы тәжірибесі
53
3.3 Несиелік ресурстарды тарту бойынша шағын және орта бизнес
субъектілерінің ағымдық механизмін жетілдіру
60

Қорытынды
64

Пайдаланылған әдебиеттер
67

Қосымшалар

Кіріспе

Диплом тақырыбының өзектілігі. Елбасының халыққа жолдауында:
Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші.Әртараптандырудың өзегі
кәсіпкерлік болады.Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды
игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз
келеді.Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып
табылады,-дегеніндей шағын және орта кәсіпкерлік – бүгінгі өркениетті
дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін
салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен
компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы
ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа
көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын
және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын
бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады.
Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық
банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі,
басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық
сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің,
экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады.
Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады,
несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы
байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп
отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру
мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін
тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік
талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес
несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін
анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы,
несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен
қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске
несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан
экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің
талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының
бiрi болып табылады. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн
ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент)
және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына
қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде
мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай
қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге
бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың
тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда
жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн
жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттырудың
мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Диплом жұмысын жазу барысында А.Қ.Мейірбековтың,
М.Б.Бисенғазиевтің, А.Ш.Хамитовтың, К.О. Окаевтің, Н.Т. Смагуловтың,
О.А.Яновскаяның, Е.Б.Бикетованың, Р.Асанғалиевтің, З.Т.Абдулинаның,
Р.Даировтың еңбектері ,сонымен қатар мерзімді басылымдар ақпараттар көздері
пайдаланылды. Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен
тәсілдері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту
мүмкін емес. Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп
жатқанымен, нақты шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелері әлі де
болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты –
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау,
несиелеу үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар
несиелеу үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-
қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
– шағын және орта бизнестің экономиканың дамуындағы алатын рөлін
көрсету және оның мазмұнын ашу;
– кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік
мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
– шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік
мәліметтеріне сүйене отырып шағын және орта бизнес субъектілерін
несиелеуге зерттеулер жүргізу;
– бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен
тұжырымдар жасау.
– Альянс БанкАҚ мысалы негізінде несиелеу жүйесін қарастыру.
Диплом жұмысында шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қаржы-несиелік
және инвестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары ұсынылды;
– республикадағы шағын және орта бизнесті дамытуды тежейтін және
несиелеуге кедергі болып отырған негізгі факторлар және олармен
күресудің іс-шаралары анықталды;
– коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу үдерісін
жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілді.
Тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар, ұсыныстар мен
тұжырымдар жасалған, оның ішінде маңызды дегендері төмендегілер:
– шағын және орта бизнесті несиелеу анықтамасы оның даму
ерекшеліктері;
– Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту мен оны несиелеудегі кедергі
болып отырған негізгі факторлар;
– екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу
тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Диплом жұмысының маңыздылығы. Бұл жұмыстың теориялық маңыздылығы
қазіргі жағдайда өте жоғары.Тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы
шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды
шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша ұсыныстармен
анықталады.

Диплом жұмысының көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытынды, 13 қосымшадан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Шағын және орта бизнесті несиелендірудің негізгі теориялық түсінігі

1.1 Шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі: маңызы, міндеттері
және қалыптасу ерекшеліктері

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның
қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің
алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер
кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен
байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде
тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып
келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі
араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, кәсіб түсінігі
негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп
тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер,
гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар
мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады.
Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі
Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша
кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор
Шумпеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық
дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті
жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ, шағын және орта
мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы
бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың
кәсіпкерлік ісі туралы.
Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы
дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі
замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта
және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы
көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық ,
қаржылық, еңбек ресурстары және мамандаған кадрлар бар. Олар жоғары
дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа
әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта
дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және
қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда
болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап
етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей
айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай
салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім
көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта
және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас
ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады.
Ірі кәсіпорындар – эконамика қаңқасы, экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен
және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар
жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда
пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған
кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ –
түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің
барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып
табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің
жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге
қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын
кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау
керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар,
шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін
фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500
адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын
фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын,
географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі
үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі
стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару
сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау
барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара
алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде
кәсіпкерлік және бизнес ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік
пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып,
отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер -
өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін
қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты
пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке
тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек
заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ кәсіпкерлік және бизнес түсініктері экономикалық тұрғыдан
қарастырғанда синонимдер болып табылады. Бизнес түсінігі экономикалық
тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика
бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс
жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық
қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы
жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін
қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі
адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір
формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпкерлік –
азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға
(жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға
бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық
басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің
өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге
асырылады .
Соған қарамастан, тәжірбиеде кәсіпкерлік пен бизнес терминдері
бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, кәсіпкерлік және
шағын бизнес бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын
бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін
қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын
боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар
басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды?
Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік,
экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде
кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету
керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске
халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу,
азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы
Жарлығымен Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен
қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді
дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып
табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар
мыналар:
• халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
• қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау
мәселелеріндегі рөлін күшейту;
• шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
• шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру
және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін
қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік
аспектілігінде.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге
септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда
болады, тұтыну секторы ұлғаяды.
Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар
жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен
толықтырады, экспорттық потенциалын артырады және жергілікті шикізат
ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын
дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол
сияқты кейбір бөлек түйіндер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе
жартылай фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде
маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да
мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге
қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы
болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын
адамдардың экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады
және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды. Қазақстан Республикасындағы шағын
кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада
шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның
үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, қоғамның орташа тобы
ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.
Шағын бизнестің еліміздің экономикасын дамытуға ықпалы барған сайын
елеулі бола түсуде. Шағын кәсіпкерлік жаңа кәсіпорындар құру жолымен
халықты жұмыспен қамтамасыз етуде нарықты әртүрлі тауарлармен толықтырып
отыр.
Аймақ тұрғысынан алғанда, шағын бизнестің өнеркәсібі неғұрлым
дамыған және халық тығыз қоныстанған аудандарда көбірек шоғырланатыны
байқалған. Шағын және орта бизнес саласында қолданған проблемалар тиісті
шешімін тауып отыр. Отандық кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан
барынша қолдау көрсетіліп келеді. Әлемдік тәжірибе шағын және орта
бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп
отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар
саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары
мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес
субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың
толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып
табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты,
мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін
талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға,
жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен
сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық,
әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда.
Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға
мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың
қалыптасуы;
-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.
Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес
қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік
экономикаға өтімділік, икемділік береді;
-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын
иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға,
дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың
жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер,
оқып жатқан адамдар) тарту;
-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының
қалыптасуы;
-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және
игеру;
- ірі кәсіпорындарға біртұтасталатын бұйымдарды дайындау және жеткізу
жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және
тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің
экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына
жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын
және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын
себептерді айтпауға болмайды.
Тиімді инфрақұрылым шағын кәсіпкерлікті дамытудың және барлық
деңгейде оны қолдаудың нәтижелі шараларын жүзеге асыруды анықтайтын
факторлардың бірі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметінің инфрақұрылымы – ол, әр түрлі қызмет түрлерін
көрсету арқылы кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайын қалыптастыратын орта,
шағын бизнес кәсіпорындары оның тұтынушылары болып табылады. Бұл
инфрақұрылым шағын жеке фирмаларды құру және дамыту үшін қолайлы жағдай
түғызу қажет, сондай-ақ оларға шағын кәсіпорындардың принциптік ерекшелігі
күшінде рынокта сатып ала алмайтын, немесе рынокта жоқ қызметтерді көрсету
үшін. Ең алдымен шағын бизнестер үшін бизнес оқулар, кадрлар даярлау, шағын
кәсіпкерлікті қолдау агенттіктері (заңдылық, маркетингтік, бухгалтерлік,
консалтингалық қызметтер); кәсіпкерлікті қолдау қоры (несиелендіру,
кепілдеме-кепілдік қолдау); лизингтік фирмалар; бизнес-инкубаторлар (мүлік
және басқа алдыңғы қатарлы шағын кәсіпорындарды қолдау саласындағы іс-
шаралар кешені); инновациялық орталықтар мен технобақтар (жоғарғы оқу
орындары мен ірі кәсіпорындары бар жоғары технологиялық фирма
кооперациясының нышаны) және тағы басқалар туралы сөз болып отыр. Осы
кәсіпкерлерге қызмет көрсететін және оларға ақпараттық, қаржылық,
технологиялық қолдауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ шағын бизнес
өкілдеріне консультациялық, сақтандыру, заңды қызметтер көрсететін
құрылымды дамытудың және жоғарылатудың тиімділігі шағын кәсіпорындар
қызметінде тұрақтылықты, сапаны, бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуға
ықпал етеді.
Бірақ, шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру идеясы
Қазақстанның көптеген аймақтарында қолдау тапқанына және тарағанына
қарамастан, жұмыс істеп тұрған ұйымдардың туындап келе жатқан тәжірибесі
республиканың шағын кәсіпкерлігін қолдаудың нарықтық инфрақұрылымын табысты
дамыту үшін жеткіліксіз. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың республикалық
жүйесінің дамуын тежеп отырған бірқатар мәністер бар: шағын кәсіпкерлікті
қолдау инфрақұрылымы объектілерін құру жөнінде бірыңғай әдістемелік
ұсынымдар әзірленген жоқ, жергілікті жерлердегі атқарушы өкіметпен өзара іс-
қимыл жасау схемалары жасалған жоқ және т.б.
Бизнес-инкубаторлар, технопарктар, кәсіпкерлік құқықтарын қорғау
жөніндегі қауымдастықтар, мемлекеттік уәкілетті органдар көптеген
кәсіпкерлер есептеу, бизнес-жоспарлау, маркетинг, қаржылық талдау, құқықтық
мәдениет машықтарын әлсіз меңгергендіктен, шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді күшейту керек.
Кәсіпкерлерге заңдардағы және қажетті құжаттарды рәсімдеудің сол немесе
өзге тәртібіндегі көптеген өзгерістерді уақтылы байқап отыру қиын.
Шағын фирмалардың инновациялық қызметі лайықты ғылыми-техникалық
инфражүйесіз табысты дами алмайды.Олар берік зерттеулердің орталығының
айналысындағы архитектуралық жоспарланған арнайы бөлінген аймақты ұсынады.
Басты мақсаты - өнеркәсіпке академиялық ғылымнан шыққан жаңа технологиялар.
Ғылыми бақтарда шоғырланған ұйымдардың территориялық жалпылығы,
ғылыми-техникалық және өндірістік ойлармен қарқынды айырбасқа қолайлы
мүмкіншіліктер көрсетеді.
Техникалық бақтарды жасаудың экономикалық негізгілерінің бірі
олардың структурасында түзіледі. Ғылыми-сыйымды өндірістегі еңбек
өнімділігі 5-6 орташадан артатынын есепке алсақ, технобақтар жасай келе
республикалық өнім көлемінің 10%-на дейтін жетуі мүмкін.
Бақтардың маңызы – полюс немесе өсу шегі ортадығы мағынасында. Бұл
пропульсивный және лидирующий салаларымен тығыз байланысты.
Пропульсивный саласы басқа салалармен сұраныс және ұсыныс бойынша
байланыста өзінің жоғары импульстілігін береді.
Лидирующая саласы – бұл салалардың ерекше түрі.Салыстырмалы түрде
жаңа болып келеді. Олар технология мен техниканың жаңа деңгейлермен,
генерациялау қабілеттілігімен, ықпалын тигізетін сфераларда жаңалықтарды
қабылдаумен және беруімен ерекшеленеді.
Республиканың әрбір аймағы өсу шегі полюсінің орталығы бола
алмайды. Аймақ орталық болады, егер бұл территорияда пропульсивные,
лидирующий салалары қалыптасса. Сондықтан да табиғи ресурстарды белсенді
игерген аймақтар емес, инновациялық зоналар Қазақстан экономикасының өсу
шегі орталық полюсі болып табылады.
Парктердің шығарылған өнімдері ұлттық салаларды жаңартуға қолдануы
мүмкін. Мысалы: биотехнология ауыл шаруашылығында, фармацевтикада, тамақ
және химия өнеркәсібінде, тау-кен орындарында, энергетикада, жаңа
материалдар жасауда қолдануға болады.
Кәсіпкерлерге ғимаратты, құрал-жабдықтарды, іскерлік қызметтердің
кең спектрін жалға беретін технобақтар шағын инновациялық бизнестің өзіндік
инкубаторы бола алады. Сонымен қатар шетелдің басқару, ұйымдастыру,
маркетинг тәжірибелері мен байланысты бұл үйрету эффектісін де орындайды.
Шетел инвесторларымен парктің шектеулігінде фирмааралық коммуникация болуы
мүмкін.
Шағын кәсіпкерліктің инновациялық қызметін қолданудың формаларының
бірі инновациялық орталық және технологияларды беру қызметін атқаратын,
ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды өңдейтін ғылыми-техникалық
орталықтардан көрініс табады.
Отандық кәсіпкерлік қазіргі кезде Ресей кәсіпкерлігімен
технологиялық тығыз қатынаста Ғылыми-техникалық орталықтар ресейлік
реконверсия бағдарламаларына кәсіпорындардың қосылуына әсерлі роль атқара
алады. Ғылыми-техникалық орталықтардың (ҒТО) негізгі мәселелері:
- академиялық институттар арасындағы кооперацияны жүзеге асыру (жоғары
оқу орындары мен өнеркәсіптер арасында);
- кәсіпорындарға көмек көрсету, ең алдымен шағын және орта
кәсіпкерлерге алдыңғы қатарлы технологияларды және құрал-жабдықтарды
қолдануға көмектесу.
Бұл мәселелерді ҒТО келесі функцияларды орындау барысында шешеді:
- инновациялық қызмет субъектілеріне құқықтық информациялық,
консалтингтік қызмет көрсету.
- маркетинг облысындағы консалтингтік қызмет көрсету: өнімнің
сертификациясы, патент, санаткерлік, технологияны беру каналдары.
- назарларымен бірлескен фирмалардың байланысқан ұйымы
- информациялық қызмет көрсету: стратегиялық потенциалды партнерлар
мен инвесторларды, жарнамалық компанияларды іздестіру.
- ғылыми және инновациялық потенциалды аймақ бойынша базалық
мәліметтер құру.
Инновациялық жобалардың менеджерлерінің кадрларын дайындау.
ҒТО бизнес-инкубатор немесе бизнес-орталық түрінде іске асады. Ол
үшін арнайы офистік және өндірістік жабдықтаумен қамтамасыз ету керек.
Белгілі шарттарға және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің белгілі уақытына
ұсынылады.
Бастапқыда ҒТО жергілікті органдардың қолдауын мұқтаж етеді, яғни
мемлекеттік бюджеттермен тікелей қаржыландыру, салықтық льготтар мен
жалдамалық льготтар, несиелеумен серік болу.
Шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптаса басталуы
мен дамуы нарық-реформаларының басталуына тұспа тұс келуімен және тауарлы
нарықтың , кәсіпкерлік іс әрекеттің кең ауқымда құлаш жаюымен
байланыстыруға болады. Әрине мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі,
нарық экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен шағын және орта
бизнеспен айналысуға міндет етеді. Бастапқы кезең ретінде көрінген мұндай
бизнес 1995-1996-шы жылдары делдалдық қызметтерді іске асырумен байлданысты
болды. Кейіннен Қазақчстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы кооператив түрінде
көрініс тапты. Оған негіз болған 1988 жылғы кооперация туралы заң,
экономиканың мемлекеттік және ұжымшарлық кооперативтік секторлардың тең
құқықтық әрекет етуін қамтамасыз етуге бағытталды.
1994 жылғы 10 маусымдағы қабылданған Қазақстан Республикасы
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы осы саланы дамыту жөніндегі алғашқы ресми құжат еді.
Бағдарламаның басты мақсаты-экономиканың қуатты жеке секторын, жеке
кәсіпкерліктің әсіресе, шағын кәсіпкерліңтің, жетік инфрақұрылымын
қалыптастыруға қолайлы құқықтық, әлеуметтік –экономикалық қаржы және
ұйымдық жағдайлар жасау болды. Бұдан кейін келесі 1995 жылғы 20 маусымда
шағын бизнес орталықтарының Республикалық желісін құру мен дамыту
бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты шағын бизнестің кең
дамыған құрылымын құру арқылы шағын өндіріс кәсіпорындарына қолайлы жағдай
жасау. Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытудың түйінді мәселелерінің
біріне оны мемлекет тарапынан қолдау жасайтыны белгілі.Барлық дамыған
елдерде үкімет шағын кәсіпкерлік пен бизнес дамытудың ұзақ мерзімді саясаты
мен стратегиясын дайындаған. Қазақстанда шағын кәсіпкерлік пен бизнесті
мемлекеттік қолдау қажеттілігі 1992 жылдың 4 шілдесіндегі Жеке
кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Қазақстан Республикасы Заңында
атап өтілді. 1992-1996 жылдар аралығында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен
дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасы дайындалды. Бұл құжаттардың мазмұнын
талдау барысында республикамыздағы кәсіпкерліктің қалыптасу үрдісіне әсер
ететін көптеген мәселелерді анықтады. Сонымен бірге, сын көзбен қарағанда,
кейбір кемшіліктердің бар екенін жасыруға болмайды. Мысалы, шағын
кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау шараларын жүзеге асыруды ресурстармен
(қаржы, материалдық ресурстар,, еңбек және т.б) қамтамасыз етуді
негіздеудің жоқтығы, нақтылықтың болмауы, шаралардың аяқталуына байланысты
нәтижелер(табыстың ұлғаюы, жұмыссыздықтың азаюы, халықтың әл-ауқатының
жақсаруы) шамасының көрсетілмеуі- экономиканың макро және микро деңгейінде
елеулі жетістіктерге жетуге мүмкіндік бермеді. Әйтсе де, аталған
бағдарламалар, жоғарыдағы кемшіліктерге қарамастан, елімізде шағын бизнесті
қалыптастыру мен дамытудың негізін қалау үшін батыл қадамдар жасауға
мүмкіндік туғызды деуге болады.Заң шығарушы және атқарушы органдар шағын
кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуда жаңарту проблемаларына көп көңіл бөлді.
Мұның бәрі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде, бірқатар заң
актілерінде және тағы басқа экономикалық реформаларды терендету
құжаттарында бейнеленді. Осы жылдар аралығында шағын кәсіпкерлік пен
бизнесті қаржы-экономикалық және ақпараттық қолдау салаларында және оның
инфрақұрылымында оңтайлы өзгерістерге қол жеткізілді.
Қысқа мерзім аралығында тағы бірқатар заң және нормативтік актілер
қабылданды:1997 жылдың 19 маусымында Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы Заңда шағын кәсіпкерлік нысандарына жыл бойына орта есеппен
жұмыскерлер саны 50 адамнан аспайтын заңды тұлға немесе заңды тіркелмеген
жеке тұлға жататындығы белгіленген Қазақстанда шағын кәсіпкерлік
субъектілері құқықтық –ұйымдық нысанда беске бөлінеді:
- толық серіктестік
- командит серіктестігі
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік
- қосымша жауапкершілікті серіктестік
- өндірістік кооператив.
2001 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті
дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.
Бұл құжатта шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, бірінші кезекте, оны
одан әрі тұрақты дамытуға,экономикалық нақты секторында шағын бизнестің
үлесін арттыруға.
2001 жылдан бастап орташа және ұзақ мерзімді несиелеу көлемінің
көбеюі байқалды. Егер 2001 жылы қысқа мерзімді және орташа мен ұзақ
мерзімді несиелердің үлесі салыстырмалы бірдей болса 49,3% және 50,7%, онда
2002 жылы сәйкесінше 46,5% және 53,5% тең. Соңғы екі жылда Республика
бюджеті қаржыларынан шағын кәсіпкерлік мұқтаждарына 50 млн. тг. бөлінді. Әр
облыс және аудан экономиканың осы секторын жергілікті бюджеттерден
қаржылауды жүргізуде.
2001 жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7
мамырдағы Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау жөніндегі 2001-2002 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы №597
Жарлығы;
Бұл мерзім Қордың отандық тауарөндірушілерді қолдау бойынша шаралар
Бағдарламасы жөніндегі мемлекеттік бюджет қаражатын, сондай-ақ ЕБРР; 2005-
2007 жж. аралығында республикалық бюджеттен Қорға шағын кәсіпкерлікті
қолдау үшін 29 млрд теңге мөлшерінде капитализациялауға қаражат бөлінген.
Қордың жарғылық капиталын өсіруге республикалық бюджеттен бөлінген
қомақты көлемдегі қаражаттың арқасында, 2007 жылғы 1 қазанға шаққанда, Қор
өз қаражаты есебінен жобалық қаржыландыру және лизинг бойынша жалпы сомасы
21 800 млн теңгеден асатын 2000-нан аса жобаны қаржыландырды. 20 мыңнан аса
жұмыс орны мақұлданып, құрылды.
Оның ішінде жобалық қаржыландыру бойынша 19 000 млн теңгемен 1700-
ден аса жоба, қаржы лизингі бойынша 2500 млн теңгеден асатын сомаға 200
жоба қаржыландырды.
Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыру кредит жүйесінің үшінші
деңгейін дамытуға, экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол
жеткізуіне, халықтың жұмыс бастылығы пен жеке жұмыс бастылықтың өсуіне және
кәсіпкерлік бастамашылық пен белсенділіктің артуына мүмкіндік туғызады.

1.2 Шағын және орта бизнестің заңнамалық негізі.

Жас тәуелсіз Қазақстанның өмірге қадам басқан алғашқы күндерінен
бастап, оның нарықтық экономикасын қалыптастыруда шағын бизнеске бірден-бір
басты мән берілуде, ал шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мемлекеттік
экономикалық саясаттың басым саласы ретінде заң жүзінде танылған.
Республикадағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды жүзеге
асырудың негізгі бағыттары бірқатар заңдарда көрініс тапқан. Атап айтқанда,
1992 жылғы 4 шілдедегі Шағын кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы,
1997 жылғы 4 маусымдағы Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
және Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңдары мен 1999
жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі
мәселелер деп аталатын Үкімет қаулысында шағын кәсіпкерлікке қатысты
негізгі қағидаттық тұжырымдар тегіс бекітілген.Тұтас алғанда, Қазақстан
Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау төңірегіндегі
заңнамалық құжаттары еліміздегі кәсіпкерлік қызмет аясын кеңейтуге барынша
қолайлы жағдай жасап отыр.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарының бірі
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін Заңнаманың және нормативтік құқықтық
келісімдердің орындалуына тиімді бақылау жасап, кәсіпкерлердің құқықтық
сауаттылығын көтеру, дауларды шешу практикасын жетілдіру жолымен қамтамасыз
етілуі мүмкін қолайлылық тудырудың құқықтық режимін оңайлату екені атап
көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы заңы Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы I тарауы 2 бөліміне сәйкес шағын
бизнес субъектілеріне заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер)
және орташа жылдық жұмысшылар саны 50 адамнан аспайтын және жылдық активі
60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын заңды тұлғалар жатады.
Сонымен қатар заңның III бабының 3 пунктіне сәйкес заңды тұлға
құрмайтын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-құқықтық нысандардағы
заңды тұлғалар:
толық серіктестік;
жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
өндірісті кооператив – шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін.
Шағын бизнес субъектілерінің қызметін ынталандыру мақсатында
мемлекет оларды құрудың (тіркеудің) жеңілдетілген тәртібін ұсынады. Бұл ең
алдымен тіркеу мерзімінен байқалады.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік (нормативтік актілер
жиынтығы) II бөлімінің 9 бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
мемлекеттік тіркеу және олардың бөлімшелері мен өкілдіктерін есептік
тіркеу – қажетті құжаттар тіркелген қосымшамен өтініш берілген күннен
бастап үш күннен кешіктірмей жүргізіледі. Салыстыру үшін басқа заңды
тұлғалар мен олардың бөлімшелерін және өкілеттіктерін мемлекеттік тіркеу он
күндік мерзімде жүргізіледі. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілері
тіркеу мақсатында олардың орналасқан мекен-жайын куәландыратын құжатты
ұсынбайды, ал өзге субъектілер үшін мұндай құжатты тапсыру міндетті. Заң,
сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы Үкіметі
бекіткен типтік жарғы негізінде қызмет етуді ұсынады, бұл тіркеуге қажетті
құжаттарды әзірлеуді едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік
субъектілері болып табылатындарды тіркеу үшін олардың бөлімшелері мен
өкілдіктерін мемлекеттік алынатын жинақ көлемі, жинақ төлеу едәуір жоғары –
20 айлық есеп көрсеткіштер бекітілген тәртіпте жүзеге асады.
Егер бір немесе бірнеше заңды тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісінің
өлшеміне сай келетін шаруашылық серіктестігін құрған жағдайда құрылатын
субъектісінің жарғылық қорындағы олардың үлесі 25%-тен аспауға тиіс. Шағын
кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардан, олардың
филиалдары мен өкілдіктерінен 2280 теңгені құрайды (Қазақстан
Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы №1660 қаулысымен
бекітілген.Өзгерістермен 2007 жылдың 15 қазанына берілген).
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық салудың, кеден бажын
төлеудің жеңілдікті режимін қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық
режимін белгілеу (салықтық каникулдар, мүліктік гранттар, салықтық
несиелер, салық ставкаларын кеміту, затты сипаттайтын құжатқа сәйкес кеден
баждары бойынша жеңілдіктер).
Салық кодексінде шағын кәсіпорындар қызметін салықтық реттеу
жүйесін жетілдіруге бағытталған көлемді шаралар қарастырылған. Олардың ең
бастысы ұйымдастыру-құқықтық үлгісіне, кіріс деңгейіне, сондай-ақ ауыл
шаруашылық тауар өндірушілеріне ерекше тәртіп енгізуге байланысты шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген тәртіп ұсынуды жан-жақты қарастыру
болып табылады.
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен
ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық
немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін
белгілейді. Бұл орайда, осы Кодекстің 146-162 – баптарын қоспағанда,
жоғарыда аталған салықтарды есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс
ету тәртібі 77-140, 315-322, сондай-ақ 141-174-баптарда белгіленген шағын
бизнес субъектілеріне қолданылмайды. 132-134, 135 баптардың 2 пункті
қолданылады.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-
ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың төменде аталған тәртіптерінің
біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
2) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
4) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы
тұрақты ұй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткізетін
адамдарға қолданылмайды.
Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қызметі ара-тұра
сипатта болатын жеке Кодекстің 369 бабының 2 пунктімен анықталған.
Қазақстан Республикасының Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы заңына II тараудың 10 бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің бухгалтерлік есебі – есеп берудің жеңілдетілген тәртібі мен
үлгісін қарастыратын тәртіпте ұсынылуы мүмкін. Бұл норма тек акцизделген
өнім өңдеуді өткізумен (алкогольдік және темекі өнімдерін бөлшектеп сатуды
ескермегенде) айналысатын субъектілерден басқа барлық шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне қатысты. Бухгалтерлік есепті жүргізудің жеңілдетілген үлгісі
1997 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің
Бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің №451 бұйрығымен бекітілген №23
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі мен есеп беруі бухгалтерлік есеп
стандартымен анықталады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды
тұлғалардың қызметін ынталандыру және оларға қаржылай қолдау көрсету
мақсатында шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңының III
тараудың 14 бап 6 пункт сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінің дамуын
ынталандырады, мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық
қолдау көрсету үшін арнайы қор құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін
оқыту және консалтингілеу, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа
менеджменті жүйесін ендіру жөніндегі операцияларды қоса қаржыландырудың
гранттық жүйесін дамыту болып табылатыны қарастырылған (бұл 4 тарау, 19
баптың 5-6 пунктысы).
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеуден өткізу үшін бюджетке алым төлегені туралы квитанция
немесе оны растайтын құжат табыс етіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілері
өздерінің орналасқан жерін куәландыратын құжат табыс етпейді. Шағын
кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметін Қазақстан
Республикасының Үкіметі мазмұнын белгілейтін үлгі жарғының негізінде жүзеге
асады. (2 бөлім, 6-7 бап). Қазақстанда кәсіпкерлік қызметінің көптеген
түрлерінің лицензияланатынына байланысты бұл сала шағын кәсіпкерлікті де
назардан тыс қалдырмаған. Мемлекеттік тіркеудегі субъектілеріне
лицензияларды қысқа мерзімде рәсімдеуге құқық берілген лицензиат қажетті
барлық құжаттарды толық тапсырғаннан соң тіркеу 10 күннен кешіктірмей, ал
жалпыға бірдей мерзім 1 ай.
Сондай-ақ көрсетілген мерзімде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
лицензия берілсе, немесе лицензияны беруден бас тарту туралы жауап болмаса,
онда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алған табысы лицензиясыз қызметтен
алынған табыс болып табылмайды. Мұндай табыс тәркіленбейді. Айта келу
керек, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғау мақсатында лицензия
әрекетін тоқтату мен оны қайта алудың ерекше тәртібі бекітілген. Егер
барлық лицензиат үшін өкілетті орган шешімінің негізінде лицензия әрекеті
тоқтатылса, онда шағын бизнес субъектілеріне қатысты мұндай тоқтату тек сот
тәртібінде ғана мүмкін болады.
Шағын бизнесті дамыту мен қолдауға ықпал ететін шаралар ішінде, заң
шығару республикалық мемлекеттік меншіктегі қолданылмай отырған
ғимараттарды, тұрмыс нысандары мен жабдықтарды шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне 1 жыл мерзімге мүліктік жалға (арендаға) берудің арнайы
жеңілдетілген тәртібі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік
меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру
құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға
беру ережесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі
№327 қаулысымен бекітілген (өзгерістермен 2007 жылдың 15 қазанында
берілген).

1.3 Шағын және Орта бизнесті қаржыландырудағы несиенің ерекшелігі

Қажетті қаржы –несиелік қаражатттардың жоқтығы шағын және орта
кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын себептерінің бірі.Шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы-несиелік қаражаттарға қол жетпеуі
экономиканың осы секторының дамуына кедергі болатын мәселелердің арасында
маңызды орын алады, ол шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің
көпшілігінде өндіріс процессінде пайда болатын барлық шығындарды өтеу үшін
алғашқы капиталдың жоқтығына байланысты.Өзіндік қаржылар есебінен нарықта
жұмыс істейтін субъектілердің қаржылық капиталы жеткіліксіз.Олар негізінен
өз шығындарын өтейді және нарықта болуына мүмкіндік беретін шамалы пайда
алады.
Барлық қажетті мүлігі, айналым қаржыларын толықтыруға және
технологиялық процесстерді дамыту мен жетілдіруге, қызметкерлердің еңбек
жағдайын жақсартуға , өнімді жаңартуға, оның қасиеттерін, сапасын, сыртқы
әлпетін жақсартуға, шығарылатын өнім көлемін арттыру мақсатында
инновациялық жаңалықтарды енгізуге қаржысы бар, аяқтарында берік тұратын
кәсіпорындар шамалы.
Сондықтан да мемлекетіміздің тәуелсіздігін жариялаудың бірінші күнінен
несиелеу жүйесіне көп көңіл бөлінді.2003 жыл басына шағын және орта
кәсіпорын субъектілеріне берілген несиелік қаржылардың жалпы көлемі 145,4
млрд. теңгеге тең. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге өсі
тенденциясы тән. Сонымен, 2002 жылы шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерін дамытуға бағытталған несиелердің жалпы жиынтығы 6,3 есе өсті
1997 жылмен салыстырғанда. Соның ішінде қысқа мерзімді несиелеу көлемдері
20,1-ден 67,6 млрд тейді.нгеге немесе 47,5 млрд тенгеге көбейді,өз
кезегінде орташа және ұзақ мерзімді несиелеу көлемдері 2,8 ден 77,8 млрд
тенгеге немесе 75,0 млрд тенгеге Ұлттық валютада несиелеу 3,1 есе көбейді,
шетелдік валютада -9,3 есе.
Мемлекет жағынан әйелдер кәсіпкерлігіне көбірек назар аударылды.
Екінші деңгейлі банктермен әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілеріне 01.01.2003жылы 9410 млн. тенге көлемінде несиелер берілсе,
сонғы жылдары, яғни жылы бұл салаға 320 млрд тенге, 01.12.2007 жылы 614
млрд. тенге, 01.12.2008 жылы 600 млрд тенге, 01.12.2009 жылы 710 млрд
тенге көлемінде несие берілді. Несиелеу шектерінің күрт кеңеюі бірінші
кезекте 1997-1998 жж. субъектілердің нормативті-құқықтық базасын
дайындаумен, екіншіден шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуінің тез
қарқындарына байланысты.
Шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылық-несиелік қолдау
көрсететіні негізгі субъектілер екінші деңгейлі банктері, несиелік
серіктестіктер, республикалық және жергілікті бюджеттер, ломбарттар,
әртүрлі қорлар, шетелдік инвесторлар,АДБ несиелік бағыттары, қайырымдылық
және басқа да ұйымдар.Қолдаудың ең тараған түрі-бұл несиелер және қаржылық
лизинг.
ҚР Ұлттық Банктінің мәліметтеріне сәйкес 1997-2002 жж. аралығында
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер қысқа мерзімді
сипатта.Қысқа мерзімді несиелердің жоғары үлесі екінші деңгейлі банктердің
тез айналмалы сауда-делдалдық операцияларды несиелеуге қызығушылығын
көрсетеді.Орташа және ұзақ мерзімді несиелердің төмен үлесі өндіріс және
ауыл шаруашылық секторын қаржыландыру жоқ ынталығын көрсетеді, ол кепілдік
мүліктің жоқтығына, несиелер толтыру қиыншылықтарымен және банктердің
басқада талаптармен байланысты.Атап кету керек, 2007 ж бастап орташа және
ұзақ мерзімді несиелеу көлемінің көбеюі байқалды.Егер 2001 жылы қысқа
мерзімді, ұзақ және орташа мерзімді несиелер көлемінің үлесі салыстырмалы
бірдей болса, 49,3 және 50,7 %, онда 2007 жылы сәйкесінше 46,5 % және 53,5
% тең. Соңғы жылдары екінші деңгейлі банктер тарапынан бұл салаға
01.11.2008 жылы 216 млрд, 01.03.2009 жылы 192 млрд тенге несие көлемінде
берілді.
Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыру кредит жүйесінің үшінші
деңгейін дамытуға, экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол
жеткізуіне, халықтың жұмыс бастылығы пен жеке жұмыс бастылықтың өсуіне және
кәсіпкерлік бастамашылық пен белсенділіктің артуына мүмкіндік туғызады.
  Несиелердің ең үлкен үлесі өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығы мен
көрсетілетін қызметтерге келеді. Ең төмен көрсеткіштер көлік пен байланыс.
Осы үлгімен 2828 бағдарламасы бойынша ауыл кәсіпкерлері нақты қаражат
алады.
Бұл әрине жақсы нәтиже , себебі мемлекет өндіріс саласына көп мән
беріп отыр. Қазіргі таңда дағдарыстан шығудың бірден бір жолы бұл ауыл
шаруашылығын, өнеркәсіпті дамыту, себебі бұл салалар өнімдері арқылы біз
отандық тауарларымызды нарықта толықтырамыз және онымен қоса экспортқа
шығаруға мүмкіндігіміз бар.
Несиелендіру механизмін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық
қаржыландыру, факторинг, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді
қалыптастыру.

2 ҚР-дағы шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің
несиелендіру үдерісі

2.1 Екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті
несиелендірудегі қойылатын талаптары

Шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржылық қамтамасыз етілуіне
кедергі келтіретін мәселерінің ең бастысы алғашқы капиталды жинактаумен
байланысты, сондықтан да кәсіпкерге оңтайлы шарттармен несие алуы үлкен
мүмкіндік береді.
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге екінші деңгейлі
банктер несиелеу үшін арнайы несиелік бағдарламаларды белсенді қолдануда.
Бұл бағдарламалар бір-бірінен несиелік тәуекелділігімен, анықталған несие
лимиттерімен, несие мерзімімен, зайым алушының есептілігінің формаларымен
ерекшеленеді. Осы сияқты несиелердің өнімдері бүгінгі таңда түрлі
формалармен көрсетіледі, мысалы овердрафт, кепілсіз жедел
несиелер,микронесиелер және т.б.
Екінші деңгейлі банктермен шағын және орта бизнес субъектілерін
банктің меншікті қаражаттар есебінен несиелендру үшін арнайы бағдарлама
құрылған. Банктің негізгі өнімдері болып келесілер ұсынылады:
1) Жобалық қаржыландыру
Бұл жобаның мазмұны банк өз капиталы есебінен өндіріске инвестиция
құю. Капитал көзі ретінде несие пайдаланылады, ал салымның тиімділігін
жоғарлату мақсатында жобалық қаржыландыру ретінде жаңа, рентабельділігі
жоғары, өтімділігі жоғары өнеркәсіптерді, құрылыс және инфрақұрылым
кешендерін, жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған бизнесті талап
етеді.Бұл жоба қаржыландыру көзінің түрлілігімен ерекшеленеді,мысалы
қаржыландыру нысаны ретінде:аккредетив,лизинг, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігі
Банктік қарыз тартуды басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде меншікті несиелік қабілетін бақылау
Банк маркетингі
Несиегердің банкпен несие қатынасы
Банктердің халықаралық операциялары
Банк несиелері мен қарызға алынған қаражаттардың есебі мен аудиті
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін жетілдіру жолдары
Банктік тәуекелдің деңгейі
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ (мысал ретінде Тұран - Әлем Банк АҚ)
Банкілік маркетингті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Пәндер