Айғырды азықтандыру


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 3

1. 1. Әдебиетке шолу . . . 6

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері . . . 11

2. 2. Тұқымдық айғырларды азықтандыру . . . 13

2. 3. Асыл тұқымды айғырларды бағу және азықтандыру . . . 15

2. 4. Жылқыларды өсіру ерекшеліктері . . . 17

2. 5. Айғырлардың ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері . . . 19

2. 6. Жұмысшы жылқыларын күту, тазалау, тағалау, азықтандыру, суару және пайдалану . . . 20

2. 7 Азықтандырудың айғыр ұрығының сапасына әсері . . . 23

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27


І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылңының мән маңызы да өзгерді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе - көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті - дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Еліміздің ерте кезден-ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімділігімен ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайылымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайылымдарға малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардан алынатын өнімнің молайы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдірілуіне байланысты.

Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім жөне жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елімізге мәлім.

Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу төртібі белгіленді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.

Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда ( ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б. ) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25-30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып, жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет сауылады, ал онан кейін саууды көбейте береді (5 - 6 ретке дейін) . Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені 6 ай бойы сауады. Бие қымызының хим. құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол малдың физиол. күшіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына және тұқымына қарай өзгеріп отырады. Қымызда 1, 8-2, 2%-тей белок болады, сондай-ақ адам денсаулығына қажетті витаминдердің барлығы кездеседі. Әсіресе қымыз А және С витаминдеріне бай (қ. Қымыз) . Жылқы етінің сапасы өте жоғары, сіңімді. Сондай-ақ, жылқыдан көптеген мал ауруларын емдеу үшін қолданылатын қан сарысуы алынады. Қазір Қазақстанда 1 млн-нан астам жылқы өсіріледі (2002) . Жылына олардан 40 мың т-дан астам ет, 35 мың т-ға жуық қымыз өндіріледі. Жылқы өсірудің жалпы мамандандырылу бағыты республикамыздың табиғи-шаруашылық аймақтарына байланысты айқындалған. Жылқының асыл тұқымдарын көбейту мақсатында Қазақстанда 13 асыл тұқымды жылқы заттары (Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, т. б. облыстарда), жылқы тұқымын асылдандыратын 39 мемл. шаруашылықтар (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, т. б. ) ат жарыстыратын алаңдар және асыл тұқымды жылқы фермалары ұйымдастырылған. Қазақстанда асыл тұқымды жылқы саны 9 мыңнан асты (2000) . Республикада жылқының міністік, сыдыра желісті тұқымдары және қазақ жылқысы өсіріледі. Дала және құрғақ дала аймақтарында жылқы негізінен жұмыс көлігі ретінде пайдаланылады. Қуаң, қуаңшылық және тау бөктеріндегі аймақтарда ауа райы жылы, жылқыны жыл бойы жайылымда бағудың мүмкіншілігі бар. Бұл жерлерде жылқы ш. ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстанның кең байтақ жайылымы бар орталық, оңтүстік, шығыс және батыс аймақтарының көптеген аудандарында жылқы үйірлеп бағылады. Жылқыны үйірлеп бағудың бірнеше әдісі бар. Бос бағуда жылқы жыл бойы жайылымда болады, қатты боран не көк тайғақ болғанда ғана пішен, жем беріледі. Табындап баққанда жылқы жынысына және жасына қарай табынға бөлінеді. Шаруашылықтағы жылқының санына байланысты табында 150 - 180 бие, 180 - 200 бойдақ жылқы, ал жазық далада 350 жылқыға дейін болады. Боран және аяздан қорғау үшін жайылымда жеңіл-желпі жылқы қора, қалқа, ықтасын лапас салынады, құдық қазылады, суаттар жасалады. Жайылым орталығына әр жылқыға 3 - 5 ц пішен, 0, 5 - 1 ц жем қорын дайындайды. Құлынды 10 - 12 айлығында енесінен айырады. Қорада не қоршалған шарбақта 1 айғырға 20 - 25 биеден үйірлеп шағылыстырады. Қолда ұстап баққан жылқыны қыста ашық, жылы күндері жайылымға шығарады, қатты боран, аязды күндері қорада ұстап пішен және жем береді. Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 - 8 ц жем дайындайды. Қолда ұстап баққанда бие мен айғырды сұрыптап таңдап алып шағылыстырады және қолдан ұрықтандырады. Жылқыларды 1, 5 жасынан мінуге, жегуге үйретеді, үйірдегі жылқыны таңбалайды. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы пішен мен жем береді. Құлынды 6 - 8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңт., орталық және батыс аймақтарында бие сәуір-мамырда құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейін өсіп жетіледі де, қыста бағуға көнбісті келеді. Ет өндіру бағытында Ж. ө. кезінде жыл басында табын құрамында 35% бие, 6%байтал, 14% ұрғашы тай, 14% ұрғашы жабағы, 2% айғыр, 5% құнан, 10% еркек тай, 14% еркек жабағы; ет-сүт бағытында өсіргенде 45% бие, 5% байтал, 5% ұрғашы тай, 18% ұрғашы жабағы, 2% айғыр, 3% құнан, 4% еркек тай, 18% еркек жабағы болуы қажет. Қазақстанның әрбір аймақтарының табиғи экон. жағдайларына байланысты асыл тұқымды фермада ат қора-жайылым (көбінесе, қолда ұсталады) әдісін қолданғанда ат қорада әр жылқыға едені 10 - 14 м2 орын болады; ат қораның ауласын екіге бөледі: а) биенің күйтін байқайтын және шағылыстыратын алаң; ә) Тай мен құнандарды үйрету және баптау алаңы. Ат қораларда тайлар мен құнандарды жаттықтыратын және айғырларды серуендететін тапталған жол жасайды. Асыл тұқымды Ж. ө-тін фермасы жанынан мал емханасы салынады. Асыл тұқымды фермада жайылым - ат қора (көбінесе жайылымда бағылады) әдісін қолданғанда бие, айғыр және жас жылқылар тұратын жылқы қораларын салады, бас үйрететін және жаттықтыратын алаң жасайды. Жаттықтыруға және сатуға бөлінген жылқыны жеке қорада ұстайды. Ат қора жанына мал емханасын салады.

Курстық жұмыстың мақсаты: айғырларды азықтандыру нормаларымен, рациондарымен танысу. Айғырларды азықтандыру ерекшеліктері туралы білімді тереңдету.

Курстық жұмыстың міндеттері: жылқыны азықтандыру ерекшеліктері, тұқымдық айғырларды азықтандыру және бағып күту ерекшеліктері туралы түсінік беру.


1. 1. Әдебиетке шолу

Д. А. Сыздықов (2006) атап көрсеткендей - таза қолды «қазақы айғырларымен салыстырғанда» эритроциттер мөлшері және гемокрит көрсеткіші төмен. Мұның өзі міністік тұқымдарда қан түзілетін органдардың белсенділігі жоғары екендігін көрсетеді, 37, 7%, яғни басқа тұқымдармен салыстырғанда өте төмен және танымдық жағдайында физиологиялық нормада (32-44%) гемокрит көрсеткішінің төмендігі малдың қан аздығына ұшыратуы мүмкін.

Көрнекті ғалымдар П. Н. Кулешов, Е. А. Богданов жылқының функциялық, экстерьерлік, өнімділік ерекшеліктерін зерттей келіп, жылқының 5түрін конституциялық типі (сөлекет, нәзік, амаң, қағылез, босаң) болады деп пайымдайды.

Н. А Юрасов ат спортының ертеде Эллада, Римде, Византияда кейінірек басқа елдерде пайда болды соған орай тұқым мал жазбаларын тіркеп, жекелей іріктеуге берік негіз болады деген тұжыырым жасайды. Ресейде 1880 жылдан бастап пайда болған ат спорты бағытының дамуы жылқы жарыстар нәтежесін тіркеуге, таңдаулы жылқылардың шығу тегі жайлы мәліметтерді жариялауға мәжбүр етті.

Халықаралық аукциондарға асыл тұқымды жылқыларға сұраныс деген көп болды. Жылқы шаруашылығының теориясы мен тәжірибесіне орыс ғалымдары: КСРО ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор П. Н. Кулешов, Васханилдің корреспондент мүшесі, профессор В. О. Витт, профессор Н. А. Юрасов т. б. көптеген оқымыстылар үлес қосты. Қазақстанның жылқы шаруашылығының дамуына ат салысқандардың қатарында профессорлар Ю. Н. Бармицев, П. А. Федотов, Б. Х. Садыков, И. Н. Нечев, К. И. Дүйсембаев, Б. М. Муслимов Б. Р. Әкімбекоа, ауыл шаруашылығы ғылым кандидаттары М. Н. Борисов, А. И. Беляев, А. Р. Әкімбеков және басқалар. Жануардың сыртқы пішіні дегеніміз - малдың түр-тұлғасы, яғни дене бітімінің сыртқы көрінісі, экстерьері. «Экстерьер» атауын тұңғыш рет зоотехнияға 1768 жылы француз ғалымы К. Буржель енгізген. Оның пікірі бойынша, бастың көлемі мен пішіні арқылы жануардың дене бітімінің пропорционалдығы туралы қорытынды жасауға болады.

Жылқының мықтылығы мен шаруашылыққа жарамдылығын бағалауда дене бітімінің сыртқы көрінісін пайдалану К. Буржельге дейін де көптеген халықтарда кездескен. Ертедегі Римде Варрон (біздің заманымызға дейінгі І ғасыр) «Шаруа ісі туралы» деген кітабында жануарларды экстерьері бойынша бағалау жөніндегі ұсыныстар жасаған. Жануарлардың түсіне де айрықша көңіл бөлген. Арабтың мал дәрігері Абу-Бекра (ХІҮ ғасыр) жылқының экстерьері жөнінде кітап жазған. 1717 жылы Ресейде шыққан «Конска» деген кітапта Ю. М. Долгоруков экстерьерді бағалау әдістерін сипаттаған.

1933 жылы И. С. Поповтың, Н. А. Зальцманның, И. А. Мэргоиттыі мәліметтері бойынша ең көп ұрық беруге әсер тигізетін дәнді азық сұлы 121мл, активтілігін өсіретін бидай-117, концентрациясымен, абсолюттік санын жақсартатын тары 103 тең, тіршілігі өміршеңдіктілігін жүгері мен бидай- 119, 123, орташа әсерін тигізетіндәнді дақылдардың бірі арпа.

Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар (мысалы, “Ер Төстік”, “Алтын сақа”, т. б. ертегілерде), батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбуырылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқа аты, бергі заман батырлары Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген.

Қазақ халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын көптеп өсіретіні туралы деректер Ресей және Еуропа зерттеушілері Н. Бахметьевтің (1870), С. Вогактың (1873), А. Гердердің (1875), А. Вилькинстің, т. б. еңбектерінде жазылып қалған. Қазақ даласында өсірілген жықлылар 1-ші, және 2-ші дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған.

Екіншіден, қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда (қ. Аламан бәйге, Бәйге, Құнан бәйге, Жорға жарыс, Көкпар, Аударыспақ, Ат омырауластыру, Ат үстінен тартыс, Қыз қуу, Салма ілу, Күміс ілу, т. б. ) азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген. “Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін” деген мақалдың мәні осыны меңзейді. Қазақ халқының алыс қашықтыққа шабатын аламан бәйгелер ұйымдастыратыны туралы орыс саяхатшылары тамсана жазады. Мысалы, А. Вилькинистің 1885 ж. “Журнал коневодства и коннозаводства” басылымында жарық көрген “Заметки о лошадях Туркестана” деп аталатын мақаласында мынадай пікір айтылады: “Орта Азия халықтарының ішінде атты алысқа шабуға машықтыратын қазақтар мен түрікмендер 25-тен 40 верстке (1 верст - 800 м) дейін ат шабысын ұйымдастырған. Ал Әулиеата қазақтары қашықтығы 100 версттік бәйге ұйымдастырып отырған”. Осы мақалада тағы бір қызғылықты пікір бар: “ . . . Ташкент пен Орынбор арасына қосарға бір ат алып, 18 күнде барып қайтқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Жылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған (қ. Атбегілік) .

Үшіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек жылқымен ғана өлшенген. Жылқысының саны 5000-нан асатындар ғана бай санатына жатқызылған. Халықтың жылқы малына қатысты ерекше ықыласы, кең байтақ жайылымдардың болуы, жылқының қыста тебініп өзі жайыла алатындығы, т. б. факторлар қазақ даласында бұл түліктің көп өсірілуіне себеп болған. 1880 ж. Австрия-Венгрияда 3, 5 млн., Германияда 3, 3 млн., Францияда 3, 0 млн. Ж. болса, 1879 ж. Қазақстанның бір ғана Орынбор облысында 1, 8 млн. жылқы болған. 20 ғ-дың басындағы нәубеттерден кейін 1920 ж. Қазақстанда 8 млн-нан астам Ж. қалғандығы туралы ресми дерек бар. Шын мәнінде, ұлттық байлық саналған осыншама Ж. Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан 20 ғ-дың 30-жылдары қырғынға ұшыраған (қ. Ашаршылық) .

А. Красников (1969) жергілікті жылқы тұқымдарын - далалық (башқұрт, бурят, қазақ, моңғол), таулық (алтай, гуцул, карабах, қырғыз, локай, мегрел, тува, тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, саха-якут жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды - мініс, міністі-жегісті, желісті, ауыр жүк тартатын, жегіс тұқымдарына бөледі.

К. Г. Барминцев (1987) шаруашылыққа пайдалану қасиеттері бойынша жылқы тұқымдарын төрт топқа бөлді: жұмыс аттары, спорт аттары, сүт және ет өндіруге арналған жылқы, продуценттер.

З. С Никоро, Г. А Стакан, З. Н Харитонова жылқы гастерофилезін көптеген аймақтарда жан-жақты зерттеген. Бұл зерттеулер нәтижесінде гастерофилездің экстенсивтілігі 95-100%, ал интенсивтілігі бір басқа 153 тен 435 дернәсілге (кейде 1000 астам) жететіндігі анықталған.

Я. Я. Полферовтың (1987) адай, қарабайыр, арғымақ секілді қазақтың көне жылқы тұқымдарын жеке-жеке мақалаларға арқау етіп алып, сол заманғы ғылыми тұрғыдан мазмұнды баяандап берген. Автор зерттеуін одан әрі жалғастыра келе, қазақ жылқысын асылдандыруға, қандай мәдени тұқымдар сәйкес келетінін дәлелдеген.

Жануарлардың дене бітімі яғни конституциясы деп нені түсіну керек? Ғалымдар бұл терминге әр түрлі түсінік береді. Мәселен, Е. А. Богданов (1969ж) жануарлардың дене бітімін ұлпалар мен мүшелердің дамуына тән арақатынас деп анықтайды. Е. Ф. Лискун(1971ж) жануарлардың дене бітімі деп оларды біртұтас организм ретінде сипаттайтын биологиялық және шаруашылық қасиеттер мен белгілердің жиынтығы ретінде түсінді. Н. А. Кравченко(1975ж) жануарлардың дене бітімі деп олардың жеке ерекшеліктерін, тіршілік жағдайларына бейімделгіштігін және шаруашылыққа пайдалы өнімділігін анықтайтын, тұқым қуалайтын қасиеттерінің жиынтығынан келіп туындайтын, сол организмнің ұлпалары мен ағзаларының, мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметіндегі өзара біртұтас байланысты түсінеді.

1870 ж. Н. Бахметьев, (1871ж) . М. Бабаджанов, (1871) П. Великосельцев, (1875 ж. ) А. Гардер, (1885 ж) . С. Вогак, (1875 ж. ) А. Вилькинс, (1883 ж) . А. Жантурин, (1885 ж) . А. Каллер, (1892 ж) . И. В. Шумков, (1894 ж) . А. И. Добросмыслов, (1895 ж. ) В. Фирсов сияқты Ресейдің белгілі ғалымдарының қазақ жылқысына арналған арнайы зерттеулері жарық көрді. Бұл шығармалар кәсіпқой мамандар тарапынан жазылғандықтан әлі күнге дейін маңызын жоймаған сүбелі еңбектер. Осы еңбектер жарыққа шыққаннан кейін Россияның қажеттілігін кез-келген уақытта қанағаттандыра алатын таусылмас дария - «дала жылқы шаруашылығына» мемлекет тарапынан көңіл аударыла бастады.

У. Х. Алмішев, Т. К. Бексеитов (2011) жылқы суды және азықты жылқышы береді. Жылқыға өз уақытымен, қажетінше берілгін азықпен сол малдың денінің саулығы, жұмысқа жарамдығы, жүрісі көңіл күйі орнығады. Ешуақытта кезекші жылқышымен келіспей жылқыға өз бетінше тамақ, не болмаса су беруге болмайды. Ондай жағдайда жылқыны ауруға шалдықтыруы мүмкін. Жылқы жүрген кезде өте күш жұмсайды, сол себептен оған калориясы көп азық беруге болмайды.

И. Хантинский 1893-1903 жылдары «Коннозаводство» журналының Торғай обылысындағы тілшісі болып қызмет істеп, облыстағы әр жылдық ақпарлар мен хабарлар есебінде ондаған мақалалар циклын жазды.

С. Белинский, (1956) Ақмола, Жетісу облыстарының жылқы табындырын зерттеген «Шынтуайтына келсек қазақтың жылқы шаруашылығына, барлық Еуропа мемлекеттері қызғанышпен қарау керек. Себебі біздің кең-байтақ отанымыздағыдай әскери жылқыларды өсіріп баптайтын табиғи жағдай ешбір елде жоқ», - деп жазады.

Л. П. Давыдованың Ақтөбе (1930) , М. Т. Әбілбековтың Семей(1965) және И. Н. Нечаевтің Мәдиевпен бірлесіп Жезқазған (1975) облыстарында жүргізілген арнайы тәжірбиелері нәтежесінде, үйірдегі жылқылардың жайылым шөбін жылдың қай маусымында қандай мөлшерде пайдаланатыны белгілі болды.

М. Т. Әбілбековтың мәліметтері (1969) бойынша, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағы жаңдайындағы күзгі жайылымдарда бір жылқы 1 кг тірілей салмағымен есептегенде, орта есеппен құрғақ заттың 30, 1 грамына дейін жеген. Орталық Қазақстан жағдайында жүргізілген И. Н. Нечаев зерттеулері де (1975) осындай нәтежелер көрсеткен.

Л. П. Давыдованың 1930 жылы Ақтқбе облысында жүргізілген тәжірбиелер нәтежесінде жылдың барлық маусымы бойына жайылым шөбінің 51, 7%-ы ғана пайдаланылатыны белгілі болған. Осының негізінде бір сақа жылқыға қанша өріс көлемі қажет екені анықталған.

И. Н. Нечаевтың Орталық Қазақстанның шөлейт аймақтры жағдайында көп жылдар бойы жүргізілген бақылаулары желтоқсаннан сәуір айына дейінгі кезеңде тебіндегі бір құлынды биеге орташа өнімділігі гектарына 5, 06ц болатын, 18 гектардан 22 гектарға дейін жайылым қажеет екенін көрсеткен.

Бахметьевтің (1870), Великосельцевтің (1871), Вогактың (1871), Гардердің (1875), Вилькинстің (1875) т. б. еңбектерінде қазақ жылқысының тұрпаты (ғылыми тілде экстерьері), шыдамдылығы, бағылуы туралы тамаша пікірлер айтылады. Осы зерттеулерден «орыс армиясының қажеттілігін кез келген уақытта қанағаттандыратын таусылмас көз - дала жылқы шаруашылығына» мемлекет тарапынан назар аударыла бастады. Оның үстіне Россияның оңтүстігіндегі атап айтқанда, Дон аймағындағы жылқы шаруашылығы егіншіліктің дамуына байланысты дамымай қалды. Армияны атпен жабдықтау жолы біреу-ақ болады, ол - Орта Азия мен қазақ даласындағы жылқыны меңгеру. 1884 жылы мемлекеттік жылқы зауыттары басқармасының бастығы граф Воронцев-Дашковтың бұйрығымен Торғай, Орал облыстарына, Ішкі Бөкей ордасына мамандар жіберіле бастайды. Кейіннен мамандар Қазақстанның басқа жерлеріне де жіберіледі.

Қазақтың жылқысын жақсарту үшін орыс ауыр жүк тартатын жылқы тұқымымен қан араластыру арқылы қазақ жылқысының сапасын жақсартуға болатындығын Ю. Н. Барминцевтің деректерінен көруге болады. Осы әдіспен алынған будандардың тірідей салмағы артып және жергілікті қазақ жылқысының тұқымына тән ерекшеліктері (ауа райына төзімді келу, шыдамдылық, жұмысқа қабілеттілік) сақталынады.


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері

Жылқы - қарапайым қарынды мал. Денесінің ірілігіне қарамай қарнының сыйымдылығы небәрі 14-16 л көлемінде. Сондықтан жылқы бос уақытының бәрін дерлік азықтануға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс атқаратын жұмыс аттары үшін көңіл аударарлық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей жеген азығын түпкілікті өңдеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, жылқы жемшөпті ауыз қуысында мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан, азықтануға ұзағырақ уақыт жүмсайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айғыр бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеналық талаптары
Жеңіл салмақты айғырларды азықтандыру
Жоба құжатарын тексеру және құрылыс сапасын бақылау
Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері
Айғырларға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар. айғырларды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Жылқыны азықтандырудың негізгі көрсеткіштері
Жылқы гигиенасы
Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы
Мал азықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz