Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 тарау. Малды бордақылау және оны ұйымдастыру
1.1.Малды бордақылау және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2.Малды жайып семірту және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Негізгі бөлім
2 тарау. Ірі қараны үлкен өндірістік кешенде және бордақылау аландарында бордақылау ерекшеліктері
2.1.Малдардың бордақылау алаңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2.Асылдандыру жұмысын ұйымдастыру шаруашылықтары ... ... ... ... ... ... 17
2.3.Өнеркәсіптік комплекс жағдайындағы төлдерді өсіру мен азықтандыруды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.4.Бордақыланған малдарды етке өткізу және тасу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден – халқымызды ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден – жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тынайтқыштарды да өндіреді. Қазіргі уақытта әлемнің қандай мемлекеттерінде болмасын сүт және ет өндіру қарқынды өндірістік технологияға негізделген. Мал өнімінің көбеюі, шаруашылықты шоғырландыру және мамандандыруға да көп байланысты.
Көптеген ғылыми деректер және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың көрсеткіштеріне қарасақ, мал өнімінің өндірістік технологияда дамуы, оның көбеюі, ірі қара тұқымының сапасына, мал азығының өзіндік құны мен азық сапасына көп байланысты болып тұр.
Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде.
Ал кейінгі жылдарда ірі қара мал тұқымдарының асылдануын ерекше көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл-тұқымды ірі қара малы шығуда, ал асыл тұқымды ірі қара малдары экономикалық табиғи аймақтарға жақсы бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы. Себебі селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының негізгі мен электронды есептеу техникасының әсері өте зор болды.
Бордақылау дегеніміз – ет малын аз уақыт ішінде мейлінше азықтандыра отырып, салмағын көтеру және етінің сапасын жақсарту.
Бордақылауға 1-1,5 жастар бұқаларды кәрі бұқаларды өнім бермейтін кәрі сиырларды, малдың тобын толтыруға жарамайтын, бұзаулауға жарамайтын төлдерді бордақылауға қояды.
Бордақылайтын малдарды, тұқымына, жынысына, жасына, қондылығына қарай бірнеше топқа бөледі. Арық өгізшелерді семіртудің алдында жоғары сіңірімді белоктық азыфқтармен қамтамасыздандырады. Бордақылаудың алдында малдардың салмағын өлшейді, әрі қарай малдың салмағын ай сайын өлшейді. Жоспарлы үстеме салмақ қоспайтын (привес) малдарды жеке азықтандырады.
Жайылымдық жері мол аймақтарда мал семірткен тиімді. Бұл кезде мал тәулік бойы жайылады. Жайып-семіртілген мал 4-5 айда 100-150 кг-ға ауырлайды, ол жас малдың бұған дейінгі салмағының 60-70 пайызы, ал сақайған мал 30-50 пайызға ауырлайды. Мал дұрыс жайылып-семіртілсе күніне 1000 г-дай қосымша салмақ қосады. Жайылымда семірмеген малды қосымша 1-2 ай бордақылау керек.
Ірі өндірістік фермаларда (шаруашылықтарда) сүттің молаюы асылдандыру жұмысының жақсаруына байланысты, әрі сүт және ет өндіру кешендерінде асылдандыру жұмысының бағыты да өзгеруде. Асылдандыру жұмысының негізі жеке бір аймақта бір жоспар бойынша төл алу, оны өсіру, бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау.
Pеспублика облыстарының қолайлы жерлерінде мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын орналастыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алексеев А.В. Мал өсіру негіздері.-Алматы, 1974.
2. Әсілбеков М. Ақ жол газеті.-Жамбыл, 2011.
3. Байжұманов А.Б. Мал өсіру.-Алматы: Қайнар, 1987.
4. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә. Мал өсіру және селекция / Оқулық.-Алматы: Бастау, 2006.-592 б.
5. Борисенко Е.Я. Разведение сельскохозяйственных животных.-М.: Колос, 1967.
6. Дәрібаев А.Д. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру практикумы. – Талғар, 1994. - 26 б.
7. Зоотехния негіздері. Оқулық. –Астана: Фолиант, 2007.-456 б.
8. Керімбеков Ж., Төреханов А., Дәленов Ш., Жазылбеков Н. Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы.-Алматы, 2005.
9. Керімбеков Ж., Төреханов А., Найманов Д., Дәленов Ш., Жазылбеков Н. Ірі қара шаруашылығы.-Алматы: Триумф-Т, 2006.
10. Кравченко Н.А. Разведение сельскохозяйственных животных.-М.: Колос, 1973.
11. Красота В.Ф., Лобанов В.Т., Джапаридзе Т.Г. Разведение сельскохозяйственных животных.- М.: Агропромиздат, 1990.
12. Кулешов П.Н., Крупный рогатый скот. — 7 изд. — М.—Л., 1931.
13. Легошин Г.П., Обухов Л.С. Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. - 2009. - N 8. - 17-20б.
14. Левин А.Б. (Аудармашылар Ә.Ермаханов, Ә.Жұмашев) Мал шаруашылығы негіздері.-Алматы, 1985.
15. Омарқожаұлы Н., Әкімбеков Б.Р. Мал шаруашылығы: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007.-424 б.
16. Омарқожаұлы Н.,Шуркин Р. Мал шаруашылығы практикумы.-Астана, 2007.
17. Пшеничный П.Д., Кормление сельскохозяйственных животных.
18. Садыкулов Т.С., Байжуманов А.Б., Бегимбеков К.Н. Мал өсіру пәнінің практикумы.-Алматы, 1998.
19. Садыкулов Т.С. Разведение и селекция сельскохозяйственных животных.-Алматы,2003.
20. Суленов Ж.С., Тореханов А.А. Казахский тип бурого скота.-Алматы, 2005.
21. Тойшибеков М.М., Ертаев Е.Е. Генетика и биотехнология животных.-Алматы, Ғылым, 1995. Т.1.
22. Томмэнің М.Ф., Мартыненко Р.Ф. Аминокислотный состав кормов /ВИЖ. — М.: Колос, 1972. — 288 б.
23. Тореханов А.А. Воспроизводство в скотоводстве.-Алматы, 2005.-220 б.
24. Тореханов А.А., Естаев Б.З., Алмантай Ж.Т. Оценка быков мясных пород по собственной продуктивности и качеству потомства.-Алматы: Бастау, 2003.
25. Төреханов А. Ә., Ірі қара шаруашылығы.- Алматы,Триумф " Т ", 2006.
26. Төреханов А.Ә., Ж.К.Каримов, Ш.Д.Даленов, Д.К.Найманов. Ірі қара шаруашылығы: Оқулық / -Алматы.:Триумф «Т», 2006.-408 б.
27. Чернопятов И.Н., Руководство к торфяному хозяйству. С 72-мя политипажами. СПб. , 1857 г.
28. Чижик И.А. Конституция и экстерьер сельскохозяйственных животных.-Л.,Колос, 1979.
29. Чирвинский Н.П., Общее животноводство 1888.
30. Эрнст Л.К., Кравченко Н.А. и др. Племенное дело в животноводстве.-М.: Агропромиздат, 1987.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.

Биотехнология, мал және балық
шаруашылық кафедрасы.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде
және бордақылау алаңдарында бордақылау

Жетекшісі:

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..6
1 тарау. Малды бордақылау және оны ұйымдастыру
1.1.Малды бордақылау және оны
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2.Малды жайып семірту және оны
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Негізгі бөлім
2 тарау. Ірі қараны үлкен өндірістік кешенде және бордақылау аландарында
бордақылау ерекшеліктері
2.1.Малдардың бордақылау
алаңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2.Асылдандыру жұмысын ұйымдастыру
шаруашылықтары ... ... ... ... ... . ...17
2.3.Өнеркәсіптік комплекс жағдайындағы төлдерді өсіру мен азықтандыруды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 20
2.4.Бордақыланған малдарды етке өткізу және
тасу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 26

Кіріспе
Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығындағы ең маңызды сала,
біріншіден – халқымызды ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді,
екіншіден – жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала
маңызды органикалық тынайтқыштарды да өндіреді. Қазіргі уақытта әлемнің
қандай мемлекеттерінде болмасын сүт және ет өндіру қарқынды өндірістік
технологияға негізделген. Мал өнімінің көбеюі, шаруашылықты шоғырландыру
және мамандандыруға да көп байланысты.
Көптеген ғылыми деректер және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың
көрсеткіштеріне қарасақ, мал өнімінің өндірістік технологияда дамуы, оның
көбеюі, ірі қара тұқымының сапасына, мал азығының өзіндік құны мен азық
сапасына көп байланысты болып тұр.
Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да
ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде.
Ал кейінгі жылдарда ірі қара мал тұқымдарының асылдануын ерекше
көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл-тұқымды ірі қара малы шығуда, ал
асыл тұқымды ірі қара малдары экономикалық табиғи аймақтарға жақсы
бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы. Себебі
селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының негізгі мен
электронды есептеу техникасының әсері өте зор болды.
Бордақылау дегеніміз – ет малын аз уақыт ішінде мейлінше азықтандыра
отырып, салмағын көтеру және етінің сапасын жақсарту.
Бордақылауға 1-1,5 жастар бұқаларды кәрі бұқаларды өнім бермейтін кәрі
сиырларды, малдың тобын толтыруға жарамайтын, бұзаулауға жарамайтын
төлдерді бордақылауға қояды.
Бордақылайтын малдарды, тұқымына, жынысына, жасына, қондылығына қарай
бірнеше топқа бөледі. Арық өгізшелерді семіртудің алдында жоғары сіңірімді
белоктық азыфқтармен қамтамасыздандырады. Бордақылаудың алдында малдардың
салмағын өлшейді, әрі қарай малдың салмағын ай сайын өлшейді. Жоспарлы
үстеме салмақ қоспайтын (привес) малдарды жеке азықтандырады.
Жайылымдық жері мол аймақтарда мал семірткен тиімді. Бұл кезде мал
тәулік бойы жайылады. Жайып-семіртілген мал 4-5 айда 100-150 кг-ға
ауырлайды, ол жас малдың бұған дейінгі салмағының 60-70 пайызы, ал сақайған
мал 30-50 пайызға ауырлайды. Мал дұрыс жайылып-семіртілсе күніне 1000 г-дай
қосымша салмақ қосады. Жайылымда семірмеген малды қосымша 1-2 ай бордақылау
керек.
Ірі өндірістік фермаларда (шаруашылықтарда) сүттің молаюы асылдандыру
жұмысының жақсаруына байланысты, әрі сүт және ет өндіру кешендерінде
асылдандыру жұмысының бағыты да өзгеруде. Асылдандыру жұмысының негізі жеке
бір аймақта бір жоспар бойынша төл алу, оны өсіру, бұқаларды ұрпақ сапасы
бойынша бағалау.
Pеспублика облыстарының қолайлы жерлерінде мал бордақылау алаңдарын,
асыл тұқымды мал шаруашылықтарын орналастыруға болады. Айталық, Қазагро
холдингі жалпы қуаты жылына 8,2 мың тонна ет өндіретін он бордақылау алаңын
және жылына 14,9 мың тонна өнім беретін төрт ет комбинатын қаржыландырып
отыр. Соның ірілерінің бірі - БҚО-ның Зеленов ауданы Янайкин ауылында
орналасқан Crown Батыс ЖШС-інің мал бордақылау кешенінің қуаты - 2073
тонна. Аталмыш кешен жұмысымен 1 наурыз күні шетелдік меймандар да танысты.
Шетелдік технологияға негізделген осындай өндіріс орындары толық қуатында
жұмыс жасайтын болса, экспортқа бағытталған ет өнімі көлемін де арттыруға
болады. Бұл жөнінен Елбасы қойып отырған талап та осы.

Әдебиетке шолу
Бордақылау аланыңың көпшілік иелері малды аукциондардан немесе тікелей
фермерлерден сатып алады да, бордақылағаннан кейін сою пунктіне және ет
комбинатына тапсырады. Алайда малды сатып алмайтын, тек бордақылауға
қабылдап алатын бордақылау алаңының иелері де бар. Мұндайда мал иесі
фермерлер болып қалады. Алаң иесі малды өзіндегі немесе сатып алған азықпен
бордақылайды, ал бордақылау аяқталғаннан кейін фермерлерден бордақылаған
кезінде аздаған ақы (мәселен, әр басқа күніне 5 центнер) және азықтың
құнын алады. Мұның өзі алаң иелеріне тұрақты пайда береді, ал фермерлер
тиісті қондылыққа дейін бордақыланған мал алады.
І.Бонд, В.Гаррст, А.Вебcтер (2003) және басқа да шетел ғалымдарының
алаңдағы малды бордақылауға климат факторлары мен күтіп-бағу жағдайының
әсерлерін зерттеулеріне қарағанда, қыс айларындағы төменгі температураның
салмақ қосу деңгейін кемітуге елеулі әсер етпейтіндігі байқалды. Мұндағы
шешуші факторлар – ылғалдық, жел, жаңбыр және лайсаң. Мәселен, лайсаң
батпақта малдың тәулігіне салмақ қосуы 25-27% кемитіндігі және қашада
жайғанда 1 кг салмақ қосуға жұмсалатын азық 20-33% артатындығы байқалды.
Жаңбырлы күндері (тәулігіне 12 мм) етті малдың өнімділігі жел әсеріне
қарағанда көп, лайсаң күндерге қарағанда аз кемитіндігі аңғарылды.
Тәулігіне салмақ қосуы 15 % кеміп, азықты пайдалану тиімділігі 20 % артады.
Сонымен қоса, бордақылау алаңы өкпек желдің ығына, елді мекендерден 8 км
және тұрғын үйлерден 3,5 км шалғай орналастырған жөн. Табаны топырақпен
жабылған алаңды салғанда ыза суы ең кемі 3 м тереңдікте, ал мал қашасы -4-
60 көлбеулікте болуы тиіс. Табаны топырақпен жабылған ашық алаңды
пайдаланғанда және қи садырасы өздігінен ағызылғанда мұндай жағдайдың
айрықша маңызы бар.
М.Ф.Томмэнің (1972)деректеріне қарағанда мал бордақыланғанда күніне
1000 г қосымша салмақ қосқызу үшін әр кезенде (алғашқы 10-20 күн, негізгі
70-80 күн, ақырғы 30 күн) малдың салмағына қарай (300-500 кг аралығында)
7,4-8,7; 7,4-9,2; 8,4-9,7 азық өлшемі қажет болса, қорытылған протеин 605-
740 г; 650-780 г: 690-825 г қажет болады.
Өсіп келе жатқан жануарларды азықтандырудың деңгейі мен сипаты
төлдерді мақсатқа сай бағыттап өсірудің негізгі факторларының бірі болып
табылады. И.Н.Чернопятов, Н.П.Чирвинский, П.Н.Кулешов (1857,1888,1931)
тиісті азықпен азықтандыру арқылы жас жануардың дене пішінін өзгертуге,
оның жұмсаған азықты белгілі дәрежеде өтеуіне, жетілуі мен өнімділік
деңгейі әр түрлі жануарларды қалыптастыруға әсер етуге болады деп атап
көрсетті. Жануарларды азықтандырудың үш типін көрсетуге болады: ірі
азықтар, мұндай рационда ірі және балауса азықтар басым; жем азықтар;
құрама азықтар –брикеттер мен түйіршіктерді пайдаланатын көлемді жем,
пішендеме-жем.
Ғалымдар Г.П.Легошин және Л.С.Обуховтардың (2008) ірі қараны
зерттегенде белок алмасуының биохимиялық көрсеткіштеріне мән берген. Оған:
жалпы белок, азот амины, иодтың белокпен байланысы, альбуминдер,
глобулиндер, азот қалдығының белокпен қатынасы жатады. Осылардың 4-6
көрсеткіштерін ескеріп сұрыптағанда үлкен нәтижеген жеткен. Сонымен
селекцияның болжау нәтижесі сүт өнімінен 3-4 рет есе жоғарылауына себеп
болған. Әрине бұл тәсіл шығу тегі бойынша сұрыптаудан көбінесе дәлірек, әрі
зор сенім туғызады.
Жануарлардың ет өнімділігін арттыруға және етінің сапасын жақсартуға
бағытталған азықтандыру өсіру мен бордақылаудың барлық кезеңдерінде олардың
жақсы жетілуін қамтамасыз етуі тиіс.
П.Д. Пшеничныйдың (1933) мағлұматтары бойынша қоректік құндылығы жақсы
ет беретін динамикалық және динамостатикалық қаңқа бұлшық еттері ірі
қараның алғашқы 6 айында барынша жедел өседі. Өсудің кеш қалуын кейін
жақсы азықтандыру арқылы жоюға болады, бірақ бұл басқа бұлшық еттердің,
әсіресе май, дәнекер ұлпаларының, сүйектер мен шеміршектердің өсуіне
себепші болады. Ет майлы болғанымен, дәмі мен белоктық құндылығы нашар
болуы мүмкін.
А.Ә. Төрехановтың (2006) дерегінше сиыр жақсы өсіп-жетіліп, одан мол
өнім алынуы үшін оның дұрыс азықтандырылуы басты шарт деп есептейді. Ол
үшін сиыр ағзасына қандай қоректік заттар қаншалықты мөлшерде қажет
екендігін білу керек. Себебі бұл қажетті қоректік заттар малдың жасына,
өнімділік бағытына, тұқымына байланысты. Сауын сиырларға, буаз сиырларға,
сақа және тұмса сиырларға берілетін азық мөлшері, азық түрлері мен оның
қоректілігі түрліше болады. Сондықтан әрбір сиыр оның өзіне өлшеніп
жасалған мөлшердегі азықпен азықтандырылады.
Сиырды нормамен азықтандыру дегеніміз, оның сүттілігіне, сүтінің
майлылығына, қоңдылығына, жасына, қашан және қанша бұзаулағандығына және
басқа жағдайларына қарай азықтандыру болып табылады.
Сиырға берілетін азықтарды олардың қоректілігіне, құнарлығына және
басқа қасиеттеріне қарай ірі, шырынды және жем азықтар деп бірнеше топқа
бөледі.
Ірі азықтарға организмге сіңімділігі төмен, құрамында клетчаткасы көп
пішен, топан сияқты азықтар жатады. Шырынды азықтардың құрамында көп
мөлшерде су болады. Оларға: көк шөп, сүрленген шөп, тамыр жемістілер (мал
азықтық қызылша, сәбіз және т.б.) мен тамыртүйнектілер – картоп, топинамбур
және т.с.с. жатады. Бұларды сүтейтуші азықтар деп те атайды, өйткені
сиырды мұндай азықтармен азықтандырғанда сүттің көбірек шығуына себепші
болады.
Жем азықтар қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Жемге: сұлы, қара
бидай, арпа, тары, жүгері, қытай бұршақ т.б. дәндері жатады. Өндіріс
қалдықтарынан: кебек, күнжара, кептірген жом, сірне т.б. жатады. Соңғы
кездері құрама жем өте маңызды орын алып келеді. Бұл бірнеше азықтардан,
әсіресе әр түрлі дәнді-дақылдарды араластырып дайындалады.
А.Д. Дәрібаевтың (1994) мәліметінше сиырға жем шөп бергенде тұз, бор,
сүйек ұны және сол сияқты минерал азықтарды да қосып береді. Азықтың
қоректік бағасы оның құрамындағы кездесетін заттардың мөлшеріне байланысты
болады. Мал азығының құрамына: қоректік заттардан ақуыз, май, минералдық
заттар, углеводтар, дәрумендер кіреді.
А.С.Гурьянованың тәжірибесі бойынша, мал жас уақытынан азықтың белгілі
бір түріне үйретілген болса, азықтың осы түріне организмі бейімделгендіктен
сұйсініп жейді, сондықтан өсу кезінде де осы азық түрімен азықтандыру
тиімді нәтиже беретіні сөзсіз.
Ірі қара өнімінің қалыптасуына оның күтіміде көп әсер етеді. Оның
ішінде зоогигиеналық шаралар: ауаның және қораның температурасы, қораның
жарықтығы, ауаның ылғалдылығы және оның газ құрамы, әрі дер кезінде
серуендеу – міне бұлар организмнің дұрыс жұмыс істеуіне, зат алмасуының
дұрыс болуына әсер етеді,-деген А.Ә.Төреханов өз еңбегінде.
Облыста ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытудың 2011-2015 жылдарға
арналған бағдарламасы жасалып, бекітілді. Ол бойынша ет бағытындағы мүйізді
ірі қара малдарын сатып алу, мал бордақылау алаңдары мен репродукторлар
құру жұмыстары ұйымдастырыла бастады. Аталған бағдарлама бойынша 2011-2015
жылдарға белгіленген межелерге сәйкес, облысқа өткен жылы 1600 бас аналық
мал сатып алу тапсырылған болатын. Бұл тараптағы тапсырыстар Ауыл
шаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ мен Аграрлық несие корпорациясы АҚ
арқылы қаржыландырылып, тауар өндірушілерден түскен тапсырыстарға сәйкес,
нақты мал сатып алуға 750 миллион теңге көлемінде несие беріліп, 2011 жылы
облыс бойынша 4393 бас аналық сиыр, 108 бас өндіруші-бұқа сатып алынып,
тапсырма артығымен орындалды. Қазір облыста 15 мал бордақылау алаңдары мен
кешендері жұмыс істейді. Оларға қосымша, биылдан бастап Сыбаға
бағдарламасы аясында ет бағытындағы репродукторлар мен мал бордақылау
алаңдарын құру жоспарлануда. Қазіргі кезде осы бағытта 53 жоба ұсынылып,
қаралу үстінде деп М. Әсілбеков(2011).
Cайдулдин .Т (1984ж) оқулықтарына тоқталсақ, жануарлардың қандай да
бір тұқымын жетілдіру барысында бір жетістікке жетумен қатар жаңа
қиындықтар пайда болуын, сонымен қатар іріктеу мен жұптаудың әдістерін
жетілдіру және тереңдету қажеттілігін селекцияның алдында тұрған үлкен
сұраныс нұсқайды.
Бордақылау кезінде толық құнды түйіршік азық мақта күнжарасы мен шрот,
сүрлемнің әртүрлі,пішендеме, сабан, пішен,арпа,сұлы, жүгері сабағы,азықтық
бұршақ, тәтті сірне қолданылады.минералды азықтарды брикет түрінде, ал ас
тұзын жалау үшін кесектей береді. Ұнтақ азық негізінен ірілетіп жармаланған
дәннен даярланады.
Я. Ж. Жолондзьдің және басқа да ғалымдардың мәліметі бойынша, ірі қара
малды бордақылауды мамандандыру мен шоғырландырудың артықшылығын жете
пайдалану үшін, оны шаруашылық мал бордақылайтын бірлестіктер мен арнаулы
шаруашылық комплекстерінде жүргізу керек. Мұндай арнаулы шаруашылықтарда
мамандандырылған шаруашылықтарға қарағанда 1 ц қосымша салмаққа жұмсалатын
азықтың шығыны 30-40% төмен, ал еңбек өнімділігі 5-6 есе жоғары болады.
Мал бордақылаудың ойдағыдай болуы көптеген факторларға байланысты.
Соның ішінде ең бастылары- берік жемшөп қорының болуы, азықтандыруды дұрыс
ұйымдастыру, малды бордақылау кезінде дұрыс күтіп бағу. Сонымен қатар малды
ойдағыдай бордақылауға малдың жасы, тұқымы, типі, жынысы және
бордақыланатын малдың қоңдылығы да әсер етеді.
Бордақыланатын жас малдың қоңдылығы орташа, салмағы шаруашылықтағы ірі
сиырдың салмағының 60-70 процентіндей болғанда ғана жақсы нәтижеге жетуге
болады. Мұндай малды бордақылауға қоймас бұрын оны соған бағыттап өсіру
керек. Бордақыланатын малды туған күнінен бастап үздіксіз жақсы
азықтандыруды қамтамасыз етіп, оның рационы керекті протеинмен, минералдық
заттармен және витаминдермен толықтырылуы тиіс. Рационның құрамындағы
азықтардың арақатынасы дұрыс болуы керек. Азықтандыру дәрежесі төмен
болғанда жас малдың өсуі баяулайды, еті нашар өсіп- жетіледі. Малды ұзақ
уақыт нашар және азықтың бір түрімен азықтандыру оның өсіп-жетілуін
тежейді, кейін оны қанша жақсы азықтандырғанымен, ол өнім бере алмайды,
жеген азығын өнімімен өтей алмайды. Сиыр етін өндірудің өзіндік құны шұғыл
өседі, ал еттің сапасы, оның қоректілік қасиеті, дәмділігі нашарлайды.

1 тарау. Малды бордақылау және оны ұйымдастыру
1.1.Малды бордақылау және оны ұйымдастыру
Мүйізді ірі қара малдарды арнайы ашық аланда бордақылап семіртуге
болады. Мал бордақылауға қойған кезде 1 кг өсу салмағына шығындалатын еңбек
шығыны, жабық аландағымен салыстырғанда 2,5-4 есе азайып, өнімнің өзіндік
құны 60-65%-ға төмендейді.
Бордақылауға 1-1,5 жастар бұқаларды кәрі бұқаларды өнім бермейтін кәрі
сиырларды, малдың тобын толтыруға жарамайтын, бұзаулауға жарамайтын
төлдерді бордақылауға қояды.
Бордақылайтын малдарды, тұқымына, жынысына, жасына, қондылығына қарай
бірнеше топқа бөледі. Арық өгізшелерді семіртудің алдында жоғары сіңірімді
белоктық азыфқтармен қамтамасыздандырады. Бордақылаудың алдында малдардың
салмағын өлшейді, әрі қарай малдың салмағын ай сайын өлшейді. Жоспарлы
үстеме салмақ қоспайтын (привес) малдарды жеке азықтандырады.
Бордақылау дегеніміз – ет малын аз уақыт ішінде мейлінше азықтандыра
отырып, салмағын көтеру және етінің сапасын жақсарту.
Мал бордақылауға пайдаланылатын негізгі азықтар: сыра, шарап
өндірісінің қалдықтары малға жақсы тамақ болады, бидайдың сабанында болатын
дән сабағы, жүгерінің, арпаның, бидай кебегінің жармалары, пішеннің
түрлері, шалғын шөп, қызылша қалдығы-сығынды, ащы сығынды, жаздық бидайдың
сабаны, сірне, азықтық сірне, крахмал-сірне өндірісіндегі, дәнді-астық
тұқымдастарынан дайындалған пішен, арпаның кебегі, жүгерінің сүрлемі, тамыр
жемістілер мен түйнек жемістілер, дәннен дайындалған жем, аралас құрама
азықтар, күнжара майынан алған дән қалдығы. Сығындыны малға беру үшін 5-12
күннің аралығында малды үйретеді. Егер бордақылаудағы мал сығындыны, онды
жемесе, дәмдеп дәмін келтіріп беру қажет. Қосымша қоспа азықтар, жем, тұз
қосылады. Сақа сиырларды бордақылауға қою 60-90 күнге, ал төлдерді
бордақылап семірту 120-150 күнге созылады.
Мүйізді ірі қара мал бордақылауды –семіртуді жеткілікті түрде,
пішендемемен, сүрлеммен, жеммен де т.б. азықтармен ұйымдастыруға болады.
Бордақылаудағы малды күніне азықтандырудың мөлшері үстеме салмақ 800 г
(привес) есептеледі.

Кесте -1
Тірілей салмағы, кг
Көрсеткіштері
180 228 276
Ащы сығынды 70 60 50
Шалғындық жерге
дайындалған пішен 2 3 5
Бидайдың сабаны 3 2 -
Аралас құрама азық1 2 2,5
Сірне - 1 1,5
Ас тұзы, г 50 50 60

Кесте-3
Бордақылаудағы 1,5-2 жасар төлдердің рационы

Азықтар, кг Бірінші кезең Екінші кезең Үшінші кезең
35 күн 35 күн 30 күн
Жаңа қара бидайдан45 40 35
дайындалған
қойыртпақ қалдық
Шалғын жерден
дайындалған пішен 2 3 4
Бидайдың 3 2 -
сабанындағы дән
сабағы
Жарма, жүгерінің
жарылған дәні 0,5 0,5 1,2
Арпаның кебегі 0,5 1,7 1,4
Бор, г 10 15 30
Ас тұзы, г 40 40 40

Малды берілген азықтың мөлшеріне қарай әр жерде сүрлеммен, жеміс
түбірлерімен, картоппен, көк шөппен, өнеркәсіп өндірісінің қалдықтарымен
бордақылайды. Кейде жайып та семіртеді. Бордақылау мерзімі малдың жасына,
берілетін азығына байланысты. Жас мал 100-120 күнде, сақа мал 80-90 күннің
ішінде семіреді.
Қазіргі кезде жануарларды өнеркәсіптік негізде бордақылау үшін
түйіршіктелген және брикеттелген құрама азықтарды, сондай-ақ монодиета деп
аталатын азық қоспасын пайдаланады. Монодиета әр түрлі табиғи және
синтетикалық заттар қосылған түйіршіктелген азықтан тұрады. Пішіндемені де
кеңінен қолданады. Түйіршіктелген және брикеттелген сабанды –дәнді
моноазықтарды пайдаланудың бірқатар артықшылықтары бар. Олардың құрамында
мұндай азықта жақсы сақталатын қажетті қоректік және биологиялық активті
заттардың бәрі бар. Құрғақ азықтарды үлестіруді механикаландыру оңай, бұл
жағдайда қалатын қалдықтардың мөлшері едәуір кемиді. Түйіршіктелген және
брикеттелген азықтарды сақтау үшін қоймалар да аз қажет болады.
Бордақылаудағы мал үшін рационда қыс кезінде: 40-50% жемдік азық, 25-
30%-ірі азық, 20-40 г –шырынды азық. Ал жас кезінде, 35-40 % -жем, 15-20%
ірі азық, 35-40 % -көк шөп және тағы басқалар.
Азықтандыру түрі рацион құрылысына байланысты: пішендік, сүрлемдік,
жемдік, сүрлем-пішендік, сүрлем-тамыр жемістілер, сүрлем-сығынды, сүрлем-
пішендеме жемдік, шөптік + шөптік сүрлем, шөптік жемдік т.б,
Минералдық азықтар: ас тұзы ұсақталған күйінде немесе қатты тұз
түрінде бордақылауға мүйізді ірі қара малға 40-60 г, сиырға 50-60 г
беріледі.
ВИЖ-дің тәжірибесі бойынша бордақыланған малдардың рационындағы қант
пен протеиннің қатынасы зерттелген, нәтижесінде шортгорн мен симментал
тұқым малдарының буданына берілген 1 кг азық өлшемінде 105 г қорытылған
протеин және 21 г қант болған, ал сол будан малдарының денесіне май бітуі
көбейген, ал шароле мен симментал будандарының денсінде май бітуі төмен
болған.
Малдың жасына қарай бордақылаудың өзінше ерекшеліктері болады, ет
ұлпасының бітуі және қалыптасуы олардың биологиялық ерекшеліктеріне
байланысты, май ұлпасы көбінесе сақа уақытында көбірек бітеді. Сондықтан
бордақылауды бірнеше кезеңге бөледі. Оған: 13-15 айға дейінгі, 18-20 айға
дейінгі, екі жастан жоғары (бракқа шыққан сиырлар, бұқашықтар, өгіздер)
малдар жатады. 13-15 айдағы бордақыланған жас малдарды қарқынды өсіріп,
содан кейін бордақылайды, олардың тірі салмағы 420-450 кг-нан кем болмауы
қажет, ал 18-20 айлық жас малдардың салмағы 340-360 кг болғанда, оларды үш
айлық бордақылауға қойып, тәулігіне 900-1000 г салмаққа жеткізіп, олардың
сатар алдыңдағы салмағы 430-470 кг жетуі қажет, ет шығымы 56-60%-ға жетуі
тиіс. Осындай бордақылау мезгілдерінде рациондағы жемнің үлесң 30-35% –ға
жетеді. Кәрі малдарды 2-3 айдай бордақыласа, олардың тәуліктік қосатын
салмағы 900-1000 г жетуі тиісті және осы уақытта 60-90 кг салмақ қосады.
Малдардың жасына, жынысына және тірі салмағына байланысты азықтандыру
рационын құрастырады. Мал рационы жан-жақты сапалы болуы қажет. Барлық,
бордақылау кезіндегі жұмыстар, әсіресе мал азығын тарату және қораны
тазалау механизация тәсілімен өтеді.
Мамандандырылған шаруашылықтар малды бордақылауды жом және барда беру
арқылы іске асырады. Бордақылауға қоятын малдардың тірі салмағы 250-270 кг-
нан кем болмауы қажет, ал бодақылау мерзімі 90-120 күнге дейін созылады.
Жоммен бордақылау. Алдын ала дайындау 7-10 күнге созылады. Осы уақытта
малдарды жомды жеуге үйретеді, бірте-бірте мөлшерін көбейтеді. Бір жетіден
кейін, жомның мөлшері 45-55 кг-ға дейін жетсе, ал сақа малдарға 60-70 кг
дейін жеткізеді. Жоммен бордақылау екі мезгіл бойы өтеді: біріншісі 30-50
күн болса, екіншісі 40-60 күнге созылады. Бордақылау аяқтылар кезінде
жомның мөлшерін азайтып, шөп пен жемді көбірек береді. Шөпті, әрбір 10 кг
жомның орнына 0,5 кг-нан береді. Жемді малдың жасына қарай алғашқыда 1,5-
2,0 кг-нан берсе, екінші бордақылау уақытында 2-3 кг-нан береді.
Жомның құрамында қальций көп, сондықтан басқа минералды заттарды
қосады, әсіресе фосфоры бар заттарды. Қосымша 60-80 г ас тұзын және арнайы
премиксты да қосады. Рационда протеиннің үлесін көбейту үшін, өсімдік
ұньағын және тағы басқа азықтарды қосады. Жомды малға тәулігіне үш рет
береді, оған патока қосады.
Бардамен бордақылау. Бардамен бордақылау екі мезгіл бойы өтеді,
алғашқыда оған үйретеді, бірте-бірте беру мөлшерін көбейтеді. Наннан
жасалынған барданы сүрлейді, ал картоптан жасалған бардаға, салмағына қарай
6-8 % ұсталған сабан қосады. Жаңадан дайындалған барданы 25-300 С дейін
суытады. Малдардың жасына қарай тәулігіне 50-80 кг-ға дейін барда, 4-7 кг
шөп және 1-3 кг жем береді. Тәулігіне малға барданы 3 рет берсе, әр
бергенін екі бөліп береді және берген сайын ұсатылған көлемді азықты
қосады. Барданы малға берген уақытында, оларды суармайды, ал сүрленген
барданы берсе тәулігіне бір рет суарады. Барданың құрамында көміртегі және
кальций аз болғандықтан, оның рационына арпа, жүгері, сұлы және минералды
заттарды да қосады, оған мел, трикальциифосфат т.б. Малдардың жасына қарай,
бардамен бордақылаған мезгілдерінде малдар тәулігіне 800-1000 г салмақ
қосады.
Сүрлем азықтармен бордақылау. Мамандандырылған шаруашылықтарда және
фермаларда ірі қараны жүгері сүрлемінеде бордақылайды. Тәжірибелер
нәтижесі бойынша сүрлеммен бордақылаған мезгілдерде, оның үлесі 40 %–дан
60% –ға дейін құрайды. Ал, жүгері сүрлемінің құрамында протеин аз
болғандықтан, рационның құрамына карбамид, аммоний тұздарын және минералды
заттарды қосады. Сүрлеммен бордақылау мезгілдерінде рационға қосымша 10-20%
тамыртүйнекті азықтарды қосқан жөн, ол малдың тәуілік қосатын салмағын
жоғарылатып, сою сапасын және азық төлеу қабілетін жақсартады, ал жем
азықтарын тәулігіне әр малға 2-3 кг-нан береді.
Сүрлеммен бордақылау мезгілдерінде, сүрлемді молымен беруге тырысады.
Егерде малдар қорада ұсталса, онда ертемен сүрлем, сосын жем және көлемді
азықты таратады, күндіз тамыртүйнекті және сүрлемді, ал кешке – сүрлем және
көлемді азықтарды таратады. Кейінгі уақыттарда сүрлем мен көлемді
азықтардың орнына сенажды қолданып жүр.
Жеммен бордақылау. АҚШ-та, Англияда т.б. шет мемлекеттерде жеммен
бордақылау кеңінен тараған. Жеммен бордақылау мезгілдерінде, рационның 50%-
ын жем құрайды. Мысалы, Англияда малдарды қарқынды бордақылау арқылы 3
айлығынан 12 айлығына дейін арпа дінінің 18-22% ылғалдығымен берді. АҚШ-та
жас малдардың өсіп-даму мезгілдерінде және бордақылау уақыттарында жүгері
сүрлемін кеңінен пайдаланды. Кейбір Еуропа мемлекеттерінде малдарды
комбикорм беру арқылы бордақылайды. АҚШ пен Англияда мал астауларын бір
жетіге дейін толтырып қояды. Малдар қажетіне қарай азықтанады. Қазақстанда
малдарды сенаж бен жемді қосып бордақылайды. Оңтүстік облыстарында малды
бордақылау ашық, немесе жартылай ашық алаңдарында өткізіледі. Шығын аз
кетеді, ал нәтижесі жоғары, еттің өзіндік құны азаяды. Ал, қыс айларында 1
ц өнімге мал азығының шығыны 10-12%-ға жоғарылайды. Малдарды ашық және
жартылай ашық алаңдарда бордақылау Орта Азия, Закавказье, Оңтүстік
Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде кең таралған.

1.2.Малды жайып семірту және оны ұйымдастыру
Жайылымы мол аймақтарда малды жайып семірту технологиясын қолдану
арқылы ірі қара етін өндірудің нәтижесі өте жоғары, өзіндік құны арзан.
Малды жайып семірту Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресейдің оңтүстік шығысында,
Батыс және Шығыс Сібірде тағы басқа ТМД аймақтарында кеңінен тараған.
Малдый жайып семірту ірі қара етінің өнімін көбейтуде маңызы өте зор,
жайылымды дұрыс пайдалану ет өнімінің өзіндік құнын төмендетуге көп әсер
етеді. Жайылым уақытында жас малдардың тірі салмағы 40-60 %–ға жоғарыласа,
ал сақа малдардың тірі салмағы 25-30 %–ға дейін жоғарылап, семіздігі де
жақсарады. Ет шығымы жайылым соңында 52-55% және одан жоғары болады.
Жайып семіртудің нәтижесі мал тобын құруға, жайылым алдындағы
малдардың күйіне және жайылымды дұрыс пайдалануына байланысты. Әсіресе,
етке өткізетін, немесе сатуға арналған малдарды бұрынырақ жайылымға
жібереді. Жайылатын малдарды жынысына және жасына қарай топ-топқа бөледі.
Жасы жағынан мал жастарының айырмашылығы 6 айдан артпауы керек. Малдардың
тобы біркелкі болса, жайылымды ұтымды пайдалануға мүмкіндік туады, сонымен
қатар тәуліктік қосатын салмағы да жоғарылайды. Жайып семіртудің нәтижесі,
оның топтағы санына да байланысты. Малдардың жайылымдағы табын саны 100-ден
170-ке дейін болғаны дұрыс. Малды жайып семіртудің нәтижесі, оның жайылымға
шығар алдындағы азықтандыру деңгейіне және шығар алдындағы күйіне де
байланысты. Жайылым алдындағы рационы көлемді және сүрлем азықтарынан
тұрса, ал тәуліктік қосатын салмағы 500 г жетсе, жайып семіртудің нәтижесі
де жақсы болады. Күйі төмен малдар жайылым уақытында 800-1000 г дейн
тәулігіне салмақ қосады.
Әр түрлі табиғи-экономикалық аймақтарда малды жайып семіртудің өзінше
ерекшеліктері бар. Оған мал жайылымының ұзақтығы және жайылымның молдығы
жатады. Мал жайылуға әр түрлі аймақта әр малға 1 га-дан 4 га-ға дейін жер
көлемі бөлінеді.
Малды тәңертең ерте және кешкі мезгілдерде шаруашылық кестесі бойынша
жаяды, әрі жайылым жерлерін ауыстырып тұрады. Арасында мал демалатын
орындарды және суаратын жерлерді белгілейді. Демалатын жерлерде мал басына
есептеп 50-100 г-нан тұз және минералды заттарды астауға қойып таратады.
Жайылым азайған кезде, немесе күнге күйген мезгілдерінде, малға қосымша
екпелі көк майса беруді ұйымдастырады, жайылымның соңында әр малға 1 кг-нан
3 кг-ға дейін жем береді. Күйі төмен малдарды бордақылауға қояды.

2 тарау. Ірі қараны үлкен өндірістік кешенде және бордақылау аландарында
бордақылау
2.1.Малдардың бордақылау алаңдары
Бордақылау мезгіліне, ауа райына және малдардың бордақылау алдындағы
салмағына байланысты, бордақылау алаңын ашық, жартылай ашық алаңдар және
жеңіл қорасы бар деп бөледі.
Ашық алаңда бордақылау мезгілінде ет өніміне қаржы аз жұмсалып, еңбек
нәтижелі болады. Бұл тәсілдің арқасында 1 кг тірілей салмақтың өзіндік
құны, кешендер мен фермаларға қарағанда 65-68 % азаяды.
Ашық алаңдарда (көлеңкелі) ірі қара малды бордақылағанда, сол аумақтың
ауа райын ескереді. Мұндай алаңдар оңтүстік аймақтарда, әсіресе Орта Азия
және Закавказье Республикаларына өте қолайлы. Басқа аймақтарда бордақылау
алаңының үш қабырғасы немесе төрт қабырғасы болу қажет. Кеңес дәірінде жоба
бойынша 1,2,5,10 және 20 мың басқа арналған бордақылау алаңдары салынған.
1 және 2 мыңдық бордақылау алаңы
Осындай көлемде ірі қара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығын өркендету
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары
Ірі қаралар мен қойларды бордақылау
Қыс маусымында кешендегі ауаның жарықтың микроклиматтың ерекшеліктері, бақылау әдістері
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Ірі қара малды бордақылау және жайып семірту
Ірі қара малдың төлдерін етке өсіру және етке союға дайындаудың тиімді, заманауи технологияларын орынды пайдалану
Пәндер