Дезинфекциялық дәрілік заттар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Дезинфекция сыртқы ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырушылары- зардапты микробтарды жою шараларын айтады. Бұл зардапты микробтарға бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар және риккетиялар жатады. Дезинфекция француздың des- жоямын, латының infectio- жұқтыру деген сөзінен тұрады, оның баламасы зарарсыздандыру яғни, жұқпайтын ету. Дезинфекцияның нәтижесінде сыртқы ортадағы заттар зарарсыздандырып, ондағы зардапты микробтар өлтіріліп, ауру жұқпайтын болады. Зарарсыздандырудан басқа «залалсыздандыру» деген ұғым бар. Микробтар өліп, дезинфекцияланған зат зарарсызданғанымен, онда микробтың уы, басқа да зиянды қалдықтар сақталуы мүмкін. Сондықтан да зарарсыздандыру әлі басқа да толық зарарсыздандыру емес. Сонымен қатар зарарсыздандыру мен стерильдеудің де айырмасы бар. Зарарсыздандыру, яғни дезинфекциялау, зардапты микробтарды жою болса, стерилдеу зардапты микробтармен қатар барлық микробтар атаулыны жою. Ескеретін жай, зардапты және зардапты емес микробтардың арасында айқын шекара жоқ және күнделікті өмірде зарарсыздандырудың нәтижесін зардапсыз микробтардың жойылғандығы арқылы анықтауға тура келеді. Ал енді қазіргі заманғы ірі өндірістік кешендерде дезинфекцияны аса көп мөлшерде шоғырланған зардапсыз, не болмаса шартты түрде ғана зардапты микробтарға қарсы жүргізеді.

Дезинфекция нысандары. Дезинфекция нысандарына яғни зарасыздандандыратын заттарға жататындар:

-мал қоралары: сиыр, қой, ешкі, жылқы, құс, қоян қоралары, терісі бағалы аңдар лапастары (шед), инкубаторлар, ара ұялары, мал төлдейтін қоралар, бұзау профилакторийлары, төл қоралар, оқшауханалар, карантин жайлары;

-ветеринариялық нысандар: емханалар, ауру малдарға арналған стационарлар;

-мал қораларының ішкі жабдықтары; мал тұрағы (стойло), астау мен науа, мал байлайтын жабдықтар;

-мал күту жабдықтары: қамыт-сайман, ер-тұрман, ноқта-жүген, тарақ-шетка;

-арнаулы жұмыс киімдері: етік, алжапқыш;

-су және су көздері, малдың жемі;

-әр түрлі жайлар мен бөлме ішіндегі ауа;

-мал серуендейтін аула, топырақ;

-сүрлем шұңқырлары мен мұнаралары, жем қоймалары;

-көлік жабдықтары және ыдыстар;

-көң, садыра, канализация ағындысы, сарқын су;

-мал өлекселері, шу, қасапхана тастандылары;

-мал мен құстан алынған шикізаттар; тері жүн, түбіт, қауырсын, мамық, қыл, сүйек;

-инкубациялық жұмыртқа;

-малдың сүті, желіні, сыртқы жыныс мүшелері.

Курстық жұмыстың мақсаты: дезинфекциялаушы заттарды және оларды қолдану әдістерімен танысу.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • Дезинфекция турлері.
  • Дезинфектанттар. Дезинфектанттардың микробтарға әсері.
  • Дезинфекцияны іске асыру жолдары мен құрал-жабдықтары.

II Әдебиетке шолу

Н. М. Колышев [1] топырақтағы туберкулез микобактерияларын осындай биологиялықжолмен зарарсыздандыру әдістерін қарастыруда. Шарушылықтарды туберкулезден сауықтырған соң, ферма мен оның маңайында территорияны зарарсыздандыру өте бір маңызды мәселе болып табылады. Мұндай жерде сиыр жоңышқа мен сұлыны араластырып егіп тастаса, осы өсімдіктердің ризосфералық микрофлорасының тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақ туберкулез микробактерияларынан толық зарарсыздандырады.

И. Д. Медведовтың [2] деректері бойынша сәуле қуаты табиғи көзі ретінде-күн, ал жасанды көзі ретінде сынап-кварц шамдарының маңызы зор екендігін айтты. Микробтарды жою үшін жарықтың ең қысқа толқынды ультракүлгін бөлігінің әсері күшті. Тура түскен күн жарығы аз да болса шашыранды күн жарығы микробтарға жойқын әсер етеді. Жарықтың күшіне әсіресе микробтардың вегатативті түрі сезімтал келеді. Споралық түрдегі микробтар да жарықтың әсерінен өледі, бірақ ол үшін ұзақ уақыт керек. Мысалы топалаңның қоздырушысының спорасы күн көзінен 60 күн өткенде барып жойылады. Біздің республиканың жағдайында егер көң мен қоқыстан тазалап, жазғы күні есік-терезесін ашып тастаса, мал қоралары іс жүзінде қандай да микробтан болмасын толық залалсызданады деуге болады.

В. Н. Жуленко [3] мәліметі бойынша ультрадыбыс микроорганизімдері механикалық жолмен бөлшектейді. Онымен кейбір ерекше жағдайларда бактерияларды атигендік құрамын сақтай отырып ыдырату үшін әр түрлі препараттар даярлауға болады.

Б. Шошаевтың [4] айтуы бойынша, сібір жарасы микробтарының спораларын екі сағаттың ішінде зарарсыздандыратын моляр ерітіндісі. Cусыз ортада микробтардың өсіп-өнуі күрт тоқтаиды, өйткені олардың барлық зат алмасу құбылыстары ылғалдылығы жеткілікті ғана қалыпты жағдайда өтеді. Құрғақ жерде микробтардың вегативті түрлері өліп қалады немесе уақыттылығын жояады. Кептіру арқылы тері, жүн, батпқтанғанмал серуендетін алаң, жайылым алқаптары, т. б зарасыздандырылады. Шөп пен құнарлы жем тек дұрыс кептірілгенде ғана бүлінбеи, дұрыс сақталады.

М. Қожабаевтың [5] айтуы бойынша бөлме жайларды залалсыздандыру үшін толқын ұзындығы 254-257нм ультракүлгін сәуле шығаратын бактериоцидтер лампалар:БУВ-15, БУВ-30, Н-6У, Н-60 қолданды. Ультракүлгін сәуле ауаны залалсыздандыру үшін өте қолайлы. Алайда бұл сәулелер сұйық ортаға өте алмайды. Сұйық заттарды, мысалы, сүтті өте жұқа қабатта ағызып, сәулелендіру арқылы эалалсыздыруға болады.

И. Д. Александровтың [6] айтуы бойынша судың буын дезинфекцялау үшін қолданылатын негізгі әрі сенімді әдістердің бірі. Оны құрғақ аудан гөрі бактериоциттік әсері өте жоғары. Әсіресе қысымы жоғарлаған кезде су буының микробқа қарсы әсері күрт артады.

З. Қ. Қожабековтың [7] деректері бойынша дезинфекциялық зат ретінде бұл топтағы ксилонафт-5 кеңінен таралған. Дезинсекция, дезинвазия, дезакоризация үшін 8%, ал дезтосқауыл мен дезбөстек (дезковрик) үшін 3% күйінде пайдаланылады. Альдегидтерге фармальдегид пен оның туындылары, глутар альдегиді мен басқа да диальдигидтер және олардың қосылыстары жатады.

И. Е. Мозговтың [8] деректеріне байланысты дезинфектанттың микробқа әсері оның физикалық күйіне (құрғақ, суйық газды), концентрациясына және температурасына байланысты. Физикалық дизинфекция заттарды физикалық әдістер арқылы залалсыздандыруға негізделеді.

Н. Т. Қадыровтың[9] деректері бойынша өлексе өртейтін қондырғылар анықталды. Далалы жағдайда өлексені өртеу үшін жер ошақты пайдалана алмайды. Жер ошақты 0, 5-0, 7м тереңдікте қазып бетіне темір салып, астын отынға толтырып, бетіне өлексені тастайды. Өлексені бстырып тағыда отын тастап, оны айналдыра киіз үи етіп қаңылтыр немесе бсқада жанбайтын затпенбастырып қоршап, төбесінен шаңырақ тәрізді тесік қалдырады. Отынға от қойғанда онымен бірге өлексе де түгел жанып кетеді. Ірі қара өлексесін өртегенде 2, 5-3т отын жұмсалып, 6-7сағат ішінде жанып болады.

В. В. Майскийдің[10] мәліметі бойынша, формалинге оның зарарсыдандыру қабілетін арттыру үшін сілті қосады 2% формальдегид пен 1% күйдіргіш натрийдің қоспасы қысаға мен таз (парша) кезінде қолданылады. 3% күйдіргіш натрий қоспасы туберкулез кезінде өте жақсы нәтиже береді. Ең дұрыс санитарлық тазалау-механикалық тазалаудан кейін қысыммен аққан жылы сумен шаю. Егер сондай суға 1-25% күйдіргіш натрий, кальциленген сода қосса нәтижесі еселеп артады.

Субботиннің [11] мәліметі бойынша, ауада күйдіргіш натрий көмірқышқыл газымен қосылып, көмірқыщқыл натрийға айналады да, кесек дезинфектанттың бетінде ақшыл қабат құрады. Бұл қабық ауадан ылғал мен көмірқышқыл газын оңай әрі сіңіруге бөгет болып күйдіргіш натрийдің жақсы сақталуына, көмектеседі, 2% ыстық (70ºC) әмбебеп дезинфектант ретінде көптеген бактериялық және вирустық инфекцияларға қарсы қолданылады. 10% дейін астұзын қосқанда спорацидтік әсері күшейеді.

И. Е. Мозговтың [12] айтуы бойынша, дезинфекциялық техника мен жабдықтарды таңдағанда зарарсыздандырылатын объектілердің ерекшеліктері мен аумағы ескеріледі. Мал қоралары мен кешендерді дезинфекциялар алдында оларды мұқият тазартып, барлық беткі жағын жоғары қысыммен берілген ыстық сумен жуу қажет. Сондықтан дезинфекция қондырғылары 20-50 атмосфераға дейін жоғары қысым беретін қуатты сораптармен және суды 80-90ºC дейін қыздыратын жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

И. Иванов [13] қыздыру немесе жоғары температураның әсері арқылы залалсыздандыру үшін қайнату, ыстық бу, құрғақ ыстық ауа, отпен күйдіру пайдаланады. Құрғақ ыстық ауа, ұзақ уақыттан кейін ғана әсер етеді. Сондықтан кейбір заттарды күйдіріп жібереді. Әйтседе бұл әдіспен кептіру шкафтарында мақта матасымен тігілген халат, киіз, лабораториялық ыдыстарды, саймандарды залалсыздандырады. Киім мен халатты таңатын материалдарды үтіктеуде осындай нәтиже береді.

В. Д. Cокловтың [14] мәліметі бойынша, химиялық дезинфекция сыртқы ортаны залалсыздандырудың ең негізгі әдісі болып табылады. Бұл әдіс әр түрлі химиялық дизинфекциялаушы препараттарды, яғни дезинфектанттарды, пайдалануға негізделген. Дезинфектанттардың бүгінгі күнге деиін өте көп, уқыт өткен сайын олар жаңа препараттармен толықтырылып отырады. тәсілдері де, ол үшін қолданылатын әр түрлі техникалық жабдықтар да үнемі жетілдіріпкеледі. Сондықтанда осы заманғы дезинфекция туралы ғылым негізінен химиялық әдістерін зарарсыздандыруды зерттеуге арналған.

III. Негізгі бөлім

2. 1. Дезинфекция түрлері

Індетке қарсы маңызына сай дезинфекция екі түрге бөлінеді: сақтық және лажсыз. Сақтық дезинфекциясы жұқпалы ауру болмаса да одан сақтану мақсатымен жүргізіледі. Лажсыз дезинфекция жұқпалы ауру шыққан сәтте оны тоқтату мақсатында іске асырылады.

Сақтық профилактикалық (дауалық) дезинфекция жұқпалы аурулардан таза шарушылықтарда әртүрлі жағдайда жүргізіледі. Соның бірі іске қосу дезинфекциясы. Ол жаңадан салынған мал қораларын тапсырған кезде пайдалануға бермес бұрын мал жіберер алдында жүргізіледі.

Барлық мал өсіретін шарушылықтарда сақтық дезинфекциясы мал шарушылығының технологиялық ерекшеліктері мен індеттік жағдайға байланысты жылдың белгілі бір маусымында жүргізіледі. Сондықтан мұндай сақтық дезинфекциясын маусымдық деп атайды. Маусымдық дезинфекция жұқпалы аурудан таза аймақтарда жылына бір рет малды алыс отардағы жайылымда баққанда мал қораларына күзде малды қыстауға әкелерде жүргізіліді. Егер малды жыл бойы қорада ұстап жақын жайылымға шығарған кезде дезинфекциялайды. Аурудан сау шарушылық, сау емес аймақта орналасса, онда сақтық дезинфекциясы жылына екі рет: көктемде және күзде жасалады. Сақтық дезинфекцияның үшінші түрі -технологиялық дезинфекция. Ол технологиялық циклдар аралығындағы үзіліс мезгілде жасалады. Мысалы, сиыр төлдетілетін қораны бұзаулаған сиырды әкетіп, оның орнына бұзаулайтын сиырды әкелердегі екі аралықта дезинфекциялайды. Бұзау профилакторийінде мұндай шара күнге жеткен бұзауды алып, оның орнына жаңа туған бұзауды әкелерде жүргізіледі. Мал бордақылайтын комплекстерде әрбір секцияны бордақылау циклі аяқталып, бордақыланатын малдың жаңа тобын әкелерде зарарсыздандырады.

Сақтық дезинфекциясын жасау үшін 20% жаңадан сөндірілген әк, 2%-ды белсенді хлоры бар әк, 2% күйдіргіш натрий, 1% формальдегид қолданылады. Бұл ерітінділер еденінде асфальт немесе басқа қатты төсеніштер бар кешендерді сумен жуып тазалағанда 1м 2 ауданға 0, 5л, ал жер еденді фермаларда механикалық тазалаудан кейін 1 литрден жұмсалады.

Лажсыз дезинфекция жұқпалы ауру білінген сәттен бастап, ол толық жойылғанға дейін жүргізіледі де, тежеу дезинфекциясы және қорытынды дезинфекция деп екі түрге бөлінеді.

Тежеу дезинфекциясы ретті түрде аурудың ең бірінші балауынан бастап жүргізіледі. Егер кезекті екі тежеу дезинфекциясының арасындағы уақыт ұзақ болып, бұл мезгілде жаңадан мал ауырса, онда ауырған малды бөліп, әкеткен соң және әрбір балаулық зерттеуден кейін тежеу дезинфекциясы жүргізіледі.

Өте жұғымтал ауру кезінде (аусыл) тежеу дезинфекциясын күн сайын таңертеңгі тазалық жүргізген кезде жасайды. Жұқпалы аурулардың негізгі басым көпшілігі апта немесе он күн сайын қораны залалсыздандырады. Созылмалы аурулар (бруцеллез, туберкулез) кезінде тежеу дезинфекциясының аралығында бір аптадан аспауы керек.

Корытынды дезинфекция кез келген жұқпалы ауруды жою шарасының ең соңғы сатысы. Оны карантин немесе шектеуді аларда жүргізеді. Бұл- індет ошағында ауру қоздырушы микробты жоюдың міндетті шарты болып саналады. Ол үшін мал қорасын, оның аймағындағы территорияны, малды күтуге арналған жабдықтар, малшылардың арнаулы жұмыс киімдерін, көң, көлік, т. б. түгелдей зарарсыздандыру керек.

Қорытынды дезинфекция кезінде қораға санитариялық жөндеу жүргізіп, тозығы жеткен бөліктерін жаңартады, қабырғаларын сылап, ағартады. Еденнің тақтайын алып дезинфекциялық ерітіндіге батырады, күн көзінде кептіріп, үстіріктейді, шіріп бүлінгенін отқа жағады. Тақтайдың астындағы топырақтың көң және садырамен ластаған қабатын алып, таза жаңа топырақ төгіп тастайды. Содан кейін ғана еденнің тақтайын төсейді. Жер еденді де топырағын ауыстырып жаңартады.

Лажсыз дезинфекция үшін әрбір жұқпалы ауру кезінде сол ауру қоздырушысының ерекшеліктері мен оның химиялық заттарға төзімділігіне сай тиісті дезинфектанттар қолданылады.

Дезинфекция әдістері.

Дезинфекцияны химиялық, физикалық және биологиялық тәсілдермен іске асырады.

Физикалық дезинфекция заттарды физикалық әдістер арқылы зардапсыздандыруға негізделген. Оған механикалық тазалау, сәуле қуаты, кептіру, қыздыру, жоғары жиіліктегі тоқ, ультрадыбыс жатады.

Механикалық тазалау дезинфекцияның кез келген түрінің міндетті құрама бөлігі болады. Зарасыздандыратын объектіні шаң мен түрлі қоқыстардан тазартқанның өзінде зардапты микробтардың негізгі бөлігінен босауға болады. Тазараған затқа дезинфекциялаушы фактордың тікел

ей жанасуына мүмкіндік туады. Әр түрлі қоқыс, әсіресе, малдың қиы дезинфектанттың әсерін бейтараптап, күшін әлсіретеді.

Зарарсыздандыратын объектіні қоқыстан, жемшөптің қалдығынан, төсеніш және көңнен тазалау үшін механикалық құралдар (күрек, сыпыртқы), вентеляция мен желдету және сумен шаю қолданылады. Ең дұрыс санитариялық тазалау- механикалық тазалаудан кейін қысыммен аққан жылы сумен (35-40ºС) шаю. Егер сондай суға 1-2% күйдіргіш натрий, демп ұнтағын немесе кальциленген сода қосса нәтижесі еселеп артады. Мұқият жуып-шайып тазалағаннан соң дезинфектант та аз жұмсалынады, әсері де күшті болады.

Қора мен басқа жайды желдетіп, вентиляциялау ауаны механикалық тазалау ідістері болып табылады. Ал суды механикалық жолмен тазалау үшін суды сүзіп, тұндырады. Бұндай ірекеттер судың микробтық көрсеткіштерін едәуір жақсартады.

Зарасыздандырудың механикалық тәсілдеріне сонымен бірге ағарту, сырлау, үстіріктеу, жуу, т. б. жатады. Фермада мал қоралары мен басқа да объектілерде тәртіп пен тазалықты сақтау, қоқыстануға жол бермей, ретті түрде санитариялық тазалық күнін өткізіп тұру, малдың үстін уақтылы тазалау, жайылым алқаптарының қоқыстануына жол бермеу, жалпы өндіріс мәдениетін қамтамасыз ету- жұқпалы аурудың алдын алудың басты алғы шарты.

Сәуле қуаты табиғи көзі ретінде- күн, ал жасанды көзі ретінде сынап-кварц шамдарының маңызы зор. Микробтарды жою үшін жарықтың ең қысқа толқынды ультракүлгін бөлігінің әсері күшті. Тура түскен күн жарығы аз да болса шашыранды күн жарығы микробтарға жойқын әсер етеді. Жарықтың күшіне әсіресе микробтардың вегетативтік түрі сезімтал келеді. Споралық түрдегі микробтар да жарықтың әсерінен өледі, бірақ ол үшін ұзақ уақыт керек. Мысалы топалаңның қоздырушысының спорасы күн көзінен 60 күн өткенде барып жойылады. Біздің республиканың жағдайында егер көң мен қоқыстан тазалап, жазғы күні есік-терезесін ашып тастаса, мал қоралары іс жүзінде қандай да микробтан болмасын толық зарарсызданады деуге болады.

Бөлме-жайларды зарарсыздандыру үшін әлбетте толқын ұзындығы 254-257 нм ультаркүлгін сәуле шығаратын бактериоцидті лампалар: БУВ-15, БУВ-30, БУВ-30 П; Н-6У, Н-60 қолданылады. Ультракүлгін сәуле ауаны зарарсыздандыру үшін өте қолайлы. Алайда бұл сәулелер сұйық ортаға өте алмайды. Сұйық заттарды, мысалы, сүтті өте жұқа қабатта ағызып, сәулелендіру арқылы зарасыздандыруға болады.

Кептіру микроорганизм тіршілігіне қолайсыз жағдай туғызады. Сусыз ортада микробтардың өсіп-өнуі күрт тоқтайды, өйткені олардың барық зат алмасу құбылыстары ылғалдылығы жеткілікті ортада ғана қалыпты жағдайда жағдайда өтеді. Құрғақ жерде микробтардың вегатативтік түрлері өліп қалады немесе уыттылығын жояды. Кептіру арқылы тері, жүн, батпақтанған мал серуендететін алаң, жайылым алақаптары, т. б. зарасыздандырылады. Шөп пен құнарлы жем тек дұрыс кептірілгенде ғана бүлінбей, дұрыс сақталады.

Қыздыру немесе жоғары температураның әсері арқылы зарарсыздандыру үшін қайнату, ыстық бу, құрғақ ыстық ауа, отпен күйдіру пайдаланылады. 70ºС кезінде ақзат (белок) ұйып, микроб тіршілін жояды. Құрғақ ыстық ауа ұзақ уақыттан (бірнеше сағат) кейін ғана әсер етеді, Сондықтан кейбір заттарды күйдіріп жібереді. Әйисе де бұл әдіспен кептіру шкафтарында мақта матасымен тігілген халат, киіз, лабораториялық ыдыстарды, саймандарды зарарсыздандырады. Киім мен халатты таңатын материалдарды үтіктеу де осындай нәтиже береді.

Су қайнағанда бактериялардың вегетативтік түрлері 15-30 минутта, ал споралық түрлері 45-120 минутта өледі. Бұл әдіс қолайлылығының арқасында құрал-саймандарды, арнаулы киімдерді, ыдыстарды зарарсыздандыру үшін кеңінен қолданылады. Суда қайнату үшін стерилизаторлар, кастрюлдер, қазандар пайдаланылады. Өңделетін заттарды суға толық батырып, қайнай бастаған мезгілден уақыт есебін жүргізеді.

Судың буы дезинфекциялау үшін қолданылатын негізгі әрі сенімді әдістердің бірі. Оның құрғақ ауадан гөрі бактериоциттік әсері өте жоғары. Әсіресе қысымы жоғарылаған кезде су буының микробқа қарсы әсері күрт артады. Автоклавта 1, 2-2 атмосфералық қысымда температура 115-120ºС-қа жетіп, бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды толық жоюды қамтамасыз етеді. Автоклавтан басқа жемшөп цехының бу бергішін, әртүрлі бу камераларын (Крупин камерасы, жылжымалы бу дезинфекция камерасы) пайдалануға болады.

Отты зарасыздандыру әдісі ретінде инфекция жұққан қоқысты, төсенішті, көңді, жем-шөп қалдықтарын, өлексені, т. б. өртеуге қолданады. Оттың жалынымен топырақты, құрал саймандарды, метелл ыдыстарды, жануарлардың металл торларын зарасызандырады. Бұл үшін дәнекерлеу шамы (паяльная лампа) пайдаланылады. Ол ұзындығы 70см жететін температурасы 400-600ºС жалын береді.

Гамма- сәулелері арқылы жүн, тері-терсекті, т. б. зарарсыздандырады. Азық түлік заттарын гамма сәулесімен өндеуге болмайды. Бұл мақсатқа электрондық сәулелер пайдаланылады. Олар радиация тудырмайды және тереңгі қабаттарға жеңіл өтеді.

Ультрадыбыс микроорганизмдерді механикалық жолмен бөлшектейді. Онымен кейбір ерекше ерекше жағдайларда бактерияларды антигендік құрамын сақтай отырып ыдырату үшін әр түрлі препараттар даярлауға болады. Ультрадыбыс тек қана сұйық ортада әсер етеді.

Биологиялық дезинфекция микроорганизмдердің тіршілік әрекетін пайдалануға негізделген. Бұл әдіс экологиялық зиянсыздығы және экономикалық жағынан шығынсыздығы арқасында өте тиімді болып табылады. Биологиялық жолмен зарарсыздандыруға көңді және өлексені биотермиялық өндеуден өткізу жатады. Бұдан басқа биологиялық дезинфекцияға топырақты табиғи биологиялық әдіспен зарарсыздандыру жатады. Ерте уақыттан бері топырақта ондаған жылдар бойы сақталатын топалаң қоздырушысының спорасын жою әдістері қарастырылып келеді. Осыған байланысты кейбір өсімдіктер өскен алқапта аталған микробтардың спорасы жойылып кететіні анықталды. Зерттей келгенде бұршақ тектес өсімдіктердің (мысалы, жоңышқа), тамырларының төңірегіндегі (ризосферасындағы) микробатрдың B. anthracis үшін антогонистік екені белгілі болды. Бұл антогонист микробтардың бөліп шығарған заттары топалаңның қоздырушысына жойқын әсер етеді.

Химиялық дезинфекция сыртқы ортаны зарарсыздандырудың ең негізгі әдісі болып табылады. Бұл әдіс әр түрлі химиялық дезинфекциялаушы препараттарды, яғни дезинфектанттарды, пайдалануға негізделген. Дезинфектанттарды пайдалануға негізделген. Дезинфектанттарың саны бүгінгі күнде өте көп, уақыт өткен сайын олар жаңа препараттармен толықтырылып отырады. Дезинфектанттарды пайдалану тәсілдері де, ол үшін қолданылатын әртүрлі техникалық жабдықтар да үнемі жетілдіріліп келеді. Сондықтан да осы заманғы дезинфекция туралы ғылым негізінен химиялық әдістермен зарарсыздандыруды зертеуге арналаған.

Көңді зарарсыздандыру . Көңді зарасызандырудың биологиялық, химиялық және физикалық жолдары бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антисептиалық және дезинфекциялаушы заттар
Ветеринариялық дәріхананың құрылымы
Микробтарға қарсы дәрілер
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Жалпы фармакология
Алғашқы ветеринариялық көмек
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Дәрілік заттарды егу
Өндірістік бақылау бағдарламасына қойылатын талаптар
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz