Ірі қара малына қойылған негізгі ветеринарлық санитарлық талаптар



Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Әдебиетке қысқаша шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.16
2.1 Мал қораларының жарықтылығын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.18
2.2 Қорадағы жылу тепе.теңдігін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Ірі қараға арналған қорпа.жайға қойылатын санитариялық.гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.21
2.4 Судың қажетгілігін сақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.5 Төсенішті және көң.қи сақтайтын орын қажеттілігін анықтау ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24.25
Қолданған әдебиеттердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.27
Кіріспе

Ірі қараның шығуы өте күрделі мәселе. Бұл мәселенің күрделілігінің себебі осы уақытқа дейін ғылыми немесе сенерліктей ешқандай ірі қараның шығуы жөнінде деректер жоқ. Дегенменде қазіргі уақытта ірі қараның шығуы жөнінде кейбір қағидалар пайда болып жур. Сонымен қатар бұл мәселе келешекте де кеңінен зерттеуге тиіс.
Қазақстан Республикасында сүтті және етті тұқымды ірі қара малын дамытуда үлкен жетістікке жетті. Біріншіден ірі қара малының саны артуымен қатар малды асылдандыру мәселесі жөнделді. 1 қантар 1990 жылғы мәлімдеме бойынша ТМД-да ірі қара малының жалпы саны 118,3 млн басқа жетсе, оның ішінде сауын сиыр 41,7 млн-ға жетті. Қазақстанда жалпы ірі қара мал саны 9,7 млн-нан, ал сауынды сиыр 3,2 млн-нан асқан. Мал саны бойынша ТМД-да, Үнді және АҚШ мемлекеттерінен кейін үшінші орында. Сонымен қатар ірі қара малының сапасы жақсарды. 1932 жылы асыл тұқымды ірі қара малы 10% -ға жетсе, 1990 жылы 95%-дан асты. Сүтті ірі қара мал аймақтарында асыл тұқымды малдар өсірілді. Аз уақыттың ішінде ТМД-да 12 ірі қара мал тұқымы шығарылды, оған Кострома, Сычев, Лебедин, Алатау, Әулие ата, қазақтың ақ бас т.б. ірі қара мал тұқымдары жатады. Соның нәтижесінде ірі қара малының саны өсуімен байланысты сүт және ет өнімдері де көбейді.
Сүт өнімі жағынан ірі қара малы басқа ауыл шаруашылық малдарына қарағанда көп алда. Көптеген адыңғы қатарла шаруашылықтарда әр сиыр жылына 7000 кг-нан артық сүт сауса, ал аса сүтті сиырлардан бір маусымда (305 тәулік ішінде) 27600 кг-ға дейін сүт сауған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2004 жылы ірі қара саны 5 млн 803,7 мың бас болса, саның ішінде сиырдың саны 2 млн 379,4 мың басқа жеткен. Әрбір жыл сайын ірі қара басының саны көбеюде.
Бұл ұсынылып отырған курстық жұмысымның негізгі мақсаты – сауын сиырлардың тұратын қора – жайлардың ішіндегі ветеринарлық – гигиеналық талаптарды сақтау және оларға арналған нысандар, өлшемдер мен көлемдерін анықтау, малдан шығаратын жылуды, көмірқышқыл газды, жарықты, ондағы желдетуді, және ауа ылғалдылығын бойынша есептеу, жылу тепе – теңдігін, судың қажеттілігін анықтау болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Админ Е.И., Волосажар В.А., Гребель Г.Л. Сауыншыларға арналған оқулық//Е.И.Админ,В.А.Волосажар,Г.Л.Гребель,|- Алматы.:Жусубалиев К. Етті сиыр тұқымдарының анықтамалығы Алматы Қайнар 1977ж.
2. Бәшірова Ж., Жүнісова К. «Мал шаруашылығы негіздері» курсын оқыту.||Ж.Бәшіров,К.Жүнісов| Алматы «Рауан» 1994ж.
3. Бермаханов А., Тоқсанбаев С. «мал шаруашылығы комплексі операторының анықтама кітабі»А.Бермпханов,С.Тоқсанбаев| Алматы «Қайнар» 1979ж.
4. Едігенов Қ. «Товарлы-сүт фермасы қызметкерлерінің анықтамалығы»||Қ.Едігенов| Алматы «Қайнар» 1975ж.
5. Есенғалиев Қ.Ғ., Насамбаев Е.Ғ. «Зоогигиена және мал шаруашылығы объектілерін жобалау негіздері бойынша пәндік жобаны әзірлеудің әдістемелік нұсқаулары»||Қ.Ғ.Есенғалиев,Е.Ғ.Насимбаев.| Орал «Өркен» 1998ж.
6. Кәрімов Ж. «Ірі қара өсірушілерге кеңес»|Ж.Кірімов.| Алматы «Қайнар» 1975ж.
7. Кононов Г.А. «Мал дәрігерлігі жөніндегі анықтамалық»|Г.А.Кононов| Алматы «Қайнар» 1982ж.
8. Қуанышбеков М., Саркенов М. «Ірі қара өсіру технологиясы»|М.Қуанышбеков,М.Саркенов||-Алматы «Қайнар» 1984ж.
9. Левин А.Б. «Мал шаруашылығы негіздері»|А.Б.Лебин| Алматы «Мектеп» 1985ж.
10. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П. «Ветеринарлық гигиена»|Ж.Б.Мырзабеков,П.Ибрагимов||-Алматы «Білім» 2005ж.
11. Матусевич В.Ф. «Мал шаруашылығындағы комплекстеріндегі зоогигиена»|В.Ф.Матусевич|,-Алматы «Қайнар» 1978ж.
12. Наурызбаев И.Б., Асылбеков Б.А., Қоспақов Ж.Қ. «мал және мал қорасының гигиенасы»||И.Б.Наурызбаев,Б.А.Асылбеков,Ж.Қ.Қоспақов|,- Алматы «Қайнар» 1985ж.
13. Омарқожаұлы Н. «мал азығын бағалау және малды азықтандыру» |Н.Омарқожа ұлы,-|Алматы «Издатмаркет» 2005ж.
14. Омарқодаев Н. «Дербес шаруашылық малын азықтандыру»|Н.Омарқодаев|,- Алматы «Қайнар» 1989ж.
15. Оразбеков Ж. «Мал шаруашылығы негіздері» Алматы «Рауан» 1997ж.
16. Сәбденов «Төрт түлік»|Сәбденов|,- Алматы «Қайнар» 2002ж.
17. Төлебаев Б.Т., Бозымов Қ.Қ. «Қазақтың ақбас сиыры»|Б.Т.Төлебаев,Қ.Қ.Боқымов||,- Орал қаласы 1994ж.
18. Төреханов А.Ә., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.Қ., Жазылбеков Н.Ә. «Ірі қара шаруашылығы»||А.Ә.Төреханов,Ж.К.Каримов,Ш.Д.Даленов,Д.Қ.Найманов|,- Алматы «Триумф Т» 2006ж.
19. Ысқақбаев Б.Б. «Сиырды қолда өсіру»|Б.Б.Ысқақов|,- Алматы «Қайнар» 1987ж.
20. Ходанович Б.В. «Проектирование и строительство животноводческих объектов»|Б.В.Ходанович|,-Москва «Агропромиздат» 1990ж.
21. Гершун В.И., Туякова Р.К. «Практикум по ветеринарной гигиене»|В.И.Гершун|,- Костанай 2007ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті

Жұқпалы емес
аурулар кафедрасы

Ветеринарлық гигиена пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Ірі қара малына қойылған негізгі ветеринарлық санитарлық талаптар

Орындаған: ВМ-33 топ студенті

Тексерген: аға оқытушы
Дарменова А.Г

Жоспар.

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Әдебиетке қысқаша шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5-16
1. Мал қораларының жарықтылығын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-18
2.2 Қорадағы жылу тепе-теңдігін анықтау ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Ірі қараға арналған қорпа-жайға қойылатын санитариялық-гигиеналық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20-21
2.4 Судың қажетгілігін
сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 22
2.5 Төсенішті және көң-қи сақтайтын орын қажеттілігін анықтау
... ... ... ... ..23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..24-25
Қолданған әдебиеттердің тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6-27

Кіріспе

Ірі қараның шығуы өте күрделі мәселе. Бұл мәселенің күрделілігінің
себебі осы уақытқа дейін ғылыми немесе сенерліктей ешқандай ірі қараның
шығуы жөнінде деректер жоқ. Дегенменде қазіргі уақытта ірі қараның шығуы
жөнінде кейбір қағидалар пайда болып жур. Сонымен қатар бұл мәселе
келешекте де кеңінен зерттеуге тиіс.
Қазақстан Республикасында сүтті және етті тұқымды ірі қара малын
дамытуда үлкен жетістікке жетті. Біріншіден ірі қара малының саны артуымен
қатар малды асылдандыру мәселесі жөнделді. 1 қантар 1990 жылғы мәлімдеме
бойынша ТМД-да ірі қара малының жалпы саны 118,3 млн басқа жетсе, оның
ішінде сауын сиыр 41,7 млн-ға жетті. Қазақстанда жалпы ірі қара мал саны
9,7 млн-нан, ал сауынды сиыр 3,2 млн-нан асқан. Мал саны бойынша ТМД-да,
Үнді және АҚШ мемлекеттерінен кейін үшінші орында. Сонымен қатар ірі қара
малының сапасы жақсарды. 1932 жылы асыл тұқымды ірі қара малы 10% -ға
жетсе, 1990 жылы 95%-дан асты. Сүтті ірі қара мал аймақтарында асыл тұқымды
малдар өсірілді. Аз уақыттың ішінде ТМД-да 12 ірі қара мал тұқымы
шығарылды, оған Кострома, Сычев, Лебедин, Алатау, Әулие ата, қазақтың ақ
бас т.б. ірі қара мал тұқымдары жатады. Соның нәтижесінде ірі қара малының
саны өсуімен байланысты сүт және ет өнімдері де көбейді.
Сүт өнімі жағынан ірі қара малы басқа ауыл шаруашылық малдарына
қарағанда көп алда. Көптеген адыңғы қатарла шаруашылықтарда әр сиыр жылына
7000 кг-нан артық сүт сауса, ал аса сүтті сиырлардан бір маусымда (305
тәулік ішінде) 27600 кг-ға дейін сүт сауған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері
бойынша 2004 жылы ірі қара саны 5 млн 803,7 мың бас болса, саның ішінде
сиырдың саны 2 млн 379,4 мың басқа жеткен. Әрбір жыл сайын ірі қара басының
саны көбеюде.
Бұл ұсынылып отырған курстық жұмысымның негізгі мақсаты – сауын
сиырлардың тұратын қора – жайлардың ішіндегі ветеринарлық – гигиеналық
талаптарды сақтау және оларға арналған нысандар, өлшемдер мен көлемдерін
анықтау, малдан шығаратын жылуды, көмірқышқыл газды, жарықты, ондағы
желдетуді, және ауа ылғалдылығын бойынша есептеу, жылу тепе – теңдігін,
судың қажеттілігін анықтау болып табылады.

Әдебиетке шолу

Ж.Мырзабеков деректері бойынша ірі қара фермасы өндірістік бағыты,
экономикалық және климаттық жағдайларына қарай төмендегідей болады:
- асыл тұқымды мал фермасы – негізгі мақсаты жаңа тұқым шығару және қолда
бар ірі қара тұқымын жетілдіру, аса бағалы асыл тұқымды төл өсіру;
- тауарлы ферма – сүт, сиыр етін және аралас яғни сүт – ет өндіреді;
- одан әрі өсірілетін, яғни табын талықтыратын (тауарлы фермалар үшін) төл
өсіреді;
- ірі қара бордақылайтын арнайы ферма.
Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда малды күтіп – бағу әдісі мен
ферманың бағытына қарай 50, 100 және 200 сиырлық қоралар, жаңа туған
бұзаулар үшін профилакторийлер мен бұзаулар бөлімдері болуы керек, Бұлардан
басқа төлді одан әрі өсіретін болуы керек. Бұлардан басқа төлді одан әрі
өсіретін және бордақылайтын қора – жайлар және қолдан ұрықтандыратын орын
қарастырылады [10].
Н.Омарқожаевтің мәліметтері бойынша сауын сиырдың өнімділігін оны
ұстайтын қораның дұрыс салынуына да байланысты. Сауын сиырлар қорасы малға
қажетті жағдай туғызуға келетін арзан материалдардан салынады. Ол үш
бөлімнен – сиыр қора, азық сақтайтын бөлме және көң жинайтын лапастан
тұрады. Құрылыс материалы ретінде ағаш бөрене, қалың тақтай кірпіш не саман
қолданылады. Қораның аумағы бұзаулы сиырға 6*4 м,биіктігі 2,2 – 2,4м болып
салынса, оның ішкі аумағында сиырға 20м³ ал бұзауға 10м³ келеді де,
зоогигиеналық талапқа сай қажетті ауа алмасуы қамтамасыз етіледі. Егер
шаруашылықта бірнеше сиыр болса, әр басқа 6 – 7м², ал тана таныраққа 4 –
5м² келетіндей етіп жоспарлайды.
Дербес шаруашылықта әр түрлі мал өсірілетін болғандықтан оларды
орналастыратын мал қораның жоспарын барлық жағдайды келтіріп көрсету қиын.
Ол көптеген жағдайларға – мал түрлеріне, санына, жер ыңғайына және басқа да
жеке жайттарға байланысты келеді. Әсіресе малдың таза ауаға шығарылып
серуендейтін алаңы түрлі азықтар жинайтын бөлмелері болуға тиіс.
Қора еденінің ағаштан төселгені жақсы. Сонда малға сыз өтпей, көңін
жинау жеңілдейді. Егер еден бетоннан болса, оған зәр ағатын аралығы бар
ағаш, яғни саңылаулы еден төсеген жөн. Дұрысы қатты тапталған топыраққа
ағаш тақтайларды тығыз, әр метр ұзындығы 2 – 3см қиғаштатып нығыздап
отырғызса, тәулігіне 15 – 20 метрдей сиыр зәрін еденнің аяқ жағында
салынған жолмен қорадан сыртқа ағызып тұруға болады.
Сиырлар, жана – торпақ бұзау тұратын жерлерді бөлу үшін жеңіл
жылжытылып, құрастырылатын тақтай қабырғаларды пайдаланса қора аумағын мал
санына қарай бөлмелерге бөлу оңайға түседі. Сиыр науасының жоғарғы
деңгейі 60см, төменгі деңгейі 40см, артқы қабырғасы – 60 – 70см, алдыңғы
қабырғасы – 30см. Алдыңғы жағында сиыр мойнын салатын жері дөңгелектеніп
ойылады.
Қораға жеткілікті түрде таза ауа еніп, жарық түсуі тиіс. Ауа алмасуы
үшін 15*15 см етіп төбеден ауа сарғыш тесік қалдырады да, оның қақпаған
қора жылылығына байланысты ашып – жауып тұрады. Сауын сиырлар қорасының
ішінде малға жайлы болып табылатын жылу мөлшері 8 - 10ºС шамасында.
Қораға жеткілікті жарық түсу үшін, терезе еденнен 1,2 – 1,3м биіктікте
салады. Терезенің көлемі қораның еден көлемінің оннан бір бөлігіндей болса
жеткілікті. Терезе әйнектерін таза ұстап, жуып сүрітіп тұрады.
Сырттан жұқпалы індет енгізбес үшін қораның кіре берісіне алдына
дезинференциялық материал салынатын арнаулы жәшік қояды. Есік көлемін мал
еркін кіріп – шығатындай етіп салады.Сиырлар қорадан күнделікті шығарып,
таза ауада 2 – 3 сағат жүргізіп тұрса ғана денсаулығы сақталып, тәбеті
бұзылмайды. Қорадан шығарған уақытта сиырлардың тұяқтарын көріп, өсіп –
майысқан болса егеп, арасын қидан тазартады.
Көңнің тыңайтқыштық қасиеттері жоғары бөлу үшін ондағы азотты сақтап
қалу қажет.Ол үшін көң жинайтын жерді таптап, жиналған нәжісті нығыздап
жинайды. Оның арасына ауаны енгізу үшін үстін сиыр зәрімен ылғандандырып
тұрады.
Сауын сиырлар қорасының төбесін су өтпейтіндей етіп шатырлап жабады.
Күнделікті жұмыс үшін қорада қажетті айыр, күрек, сыпырғыш, шелек, қырғыш,
көң таситын қорап сияқты құрал – саймандар ғана тұрады.Бір бұрышына бекіту
жерге қойылған қорапқа салынып каустикалық сода, креалин, формалин сияқты
дезинфекциялық заттар, дәрілік қоспалар сақталынады [14].
Ж.Қ.Керімовтің деректері бойынша сиырлар қораларын салатын орын тұрғын
үйдің ық жағынан, яғни желдің жиі тұратын бағытына қарама-қарсы жақтан
таңдалады. Бұған қоса қора салынатын орынның тұрғын үй орналасқан жерден
сәл болса да төмендеу болғаны жөн.
Өрт сөндіруші органдардың талабына сай тұрғын үй мен мал қоралары
және жемшөп жиналатын жердің ара қашықтығы 20 метрден кем болмауы тиіс.
Мал қорасының күн түсетін жағынан сиырларды күндіз, жылы күндері
сыртта ұстау үшін қоршалмаған, ашық алаң жасайды. Бұның көлемі сиырлардың
саны мен түріне байланысты анықталады.
Қысы қатты аудандарда, шатырдың ішкі бетін жылу сақтайтын заттармен
қаптап сылап тастаған жөн.
Қораның есігін, әдетте оңтүстіктен немесе оңтүстік шығыстан шығарады.
Себебі қораның кіре беріс жағынан күн сәулесі үнемі түсіп тұрса, онда оның
алдында қыс кезінде қар мен мұз қатпайды, еріп кетеді. Есік пен терезелер
арасында ауа қозғалысы болмас үшін қора терезелерін де есік түскен
қабырғадан жасайды.Терезелер еден деңгейінен 1,5 метр жоғары
салынады.Олардың жалпы көлемі қора еденінің көлеміне байланысты және осы
екеуінің өзара қатынас әртүрлі мал үшін түрліше болып келеді. Ғылыми түрде
осы қатынас көрсеткішін жарық коэффициенті деп атайды [6].
Қ.Сәбденов деректері бойынша сиыр қораларын салғанда оның ішіндегі
ауаның дер кезінде тазартылып тұруын ескерген жөн. Себебі ауасы
тазартылмаған қорада зәр мен нәжістің ыдырауынан пайда болатын организмге
зиянды көптеген газдар жиналып, малдың денсаулығына, оның өнімділігіне әсер
етеді.Осындай себептердің салдарынан сиыр сүттілігінің 18% кемитіндігі
ғылыми түрде дәлелденген. Сондықтан қора ішіндегі ауаның тұрақты түрде
алмасып отыруы үшін зәр мен нәжіс жиналатын жердің төбесіне шатыр арқылы
құбыр орнатады. Бұл құбырдың ашылып-жабылып тұратын қақпағы болғаны дұрыс.
Сонымен қатар сауын сиырлар қорасының микроклиматына әсер етуші
негізгі факторлар – қора ішіндегі ауаның қозғалу жылдамдығы, температурасы,
ылғалдылығы. Әрине, қора ішіндегі микроклиматтың өзгеруіне жеткілікті
жердің бедері, ауа райы мен жыл маусымдарының әсер ететіндігі болса да
белгілі.
Енді қора микроклиматының өзгеріне ықпал тигізуші негізгі факторларға
және олардың мал мен құс организмдеріне тигізетін әсері мен зардаптарына
тоқтала кетейін [16].
Қ. Жаңабеков мәліметтері бойынша сауын сиырлар организмінде ұдайы
жүретін зат алмасу процессі сыртқы орта, яғни қора ішіндегі ауа
температурасының көрсеткішімен тікелей байланысты. Жануарлар
организмдерінде температураның тұрақты екендігі баршамызға мәлім және дені
сау мал мен құста дененің тұрақты температурасы сыртқы ортаға байланысты
өзгермейді.
Қора ішіндегі ауа температурасының қалыпты жағдайдан төмендеп, суды
организмге жемшөп арқылы әкелінген химиялық энергияның едәуір бөлігі дене
температурасының тұрақты деңгейде ұстауына шығындалады. Демек, әкелінген
жемшөптің тиімділігі төмендейді. Осының салдарынан сиырлардың өнімділігі өз
дәрежесінде болмайды, азаяды. Бұған қоса қора ішіндегі сууы жас төмендердің
әр түрлі ауру-сырқауға шалдығыуна да әсерін тигізеді.
Керісінше, қора ішіндегі ауа температурасының қалыпты жағдайдан
жоғары болуы да сиырлардың жемшөпке деген тәбетін төмендетеді де, олардың
өнімділігінің кемуіне әкеп соқтырады. Бірақ сауын сиырлардың түрлеріне,
тұқымына, өнім алу бағытына қарай қора ішіндегі ауа температурасының
көрсеткіші әртүрлі болып келеді.
Г.К.Волковтың деректері бойынша Мал қора ішінің микроклиматына ауа
ылғалдылығының тигізетін әсері зор. Сондықтан қора ішіндегі ауа
ылғалдылығының қалыпты жағдайдағы көрсеткішін білген жөн. Ол 60-70 пайызға
тең. Бірақ ауаның ылғалдылығы оның температурасына тікелей байланысты
келеді.
Малды шығарғанда қора есігі мен терезелерін ашып, оның ішіндегі ауаны
желдетіп тазартып отырады. Ал жауын-шашынды күндері малды сыртқа шығара
алмайсыз. Дегенмен қора ауасын желдету керек. Бірақ осы желдету кезіндегі
ауаның қозғалу жылдамдығы да мал организміне әсер ететіндігін айтпай кетуге
болмайды. Ауа қозғалысы жылдамдығының қалыптағыдан күштірек болуы, яғни
өтпе жел сиырларды, соның ішінде жас төлді әртүрлі суық тиюден өрщітіп
ауруларға, мысалы тыныс жолдары ауруларына шалдықтыруы мүмкін.
Н.Омарқожаев деректері бойынша Мал организмі үшін судың маңызы зор.
Себебі организм құрамының 60-70 пайызы судан тұрады және ондағы үздіксіз
жүретін химиялық реакциялар тек су ерітіндісінде ғана жүреді. Сондықтан
олардың ауруға шалдықпауы және одан мал өнім алу үшін құнарлы жемшөппен
азықтандырумен қатар оны уақытылы суарып тұру керек., 4-5 кун су ішпеген
малдың өлуі мүмкін. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда денедегі судың 10%
азаюы организмді ауыр, кері қайтпайтын әртүрлі органикалық өзгерістерге
ұшыратады екен, ал 20% кемуі тіпті өнім-жітімге әкеліп соқтырады.
Малдың қанды да өнімді болуына қалыпты температурадағы таза сумен
суарудың тигізетін әсері зор. Сиырларға берілетін судың көптеген қалыпты
температурасының 10-12 градус төмен болғаны дұрыс. Буаз малға берілетін
суды 12-15 градусқа дейін, ал жас төлдерге берілетін суды 15-20 градусқа
дейін жылытып берген жөн [14].
И.П.Наурызбаевтың деректері бойынша мал қораларындағы микроклиматтық
параметрлерді тәулігіне 3 рет өлшейді. Өлшеу жұмысы әр түлектің жасына қай
2-3 жерде еденнен 0,3-1,5м биіктікте жүргізіледі. Биітігі жағынан бұл
өлшемдер микроклимат параметрлерін анықтау барысында ауытқуы мүмкін. Солай
бола тұрса да мынадай принциптерді басшылыққа алу керек. Микроклиматты
өлшеу жұмыстары мал жататын жерлерде жүргізілуі тиіс. Өндірістік
жағдайларда қораның микроклиматын зерттеуді айына 3 рет жүргізетін жөн.
Микроклиматқа зоогигиеналық бақылау жасайтын приборларға күннің көзі,
қора қорасының суығы, жетдеткіш қондырғыларының суық ауасы әсер етпеуі
керек [12].
Г.А.Кононовтың деректерінде мал қоралары микроклиматына мынадай
сипаттама берілген: қораның микроклиматы дегеніміз – ортаның төмендегідей
факторларының жиынтығын: температураны, ылғалдықты, ауаның қозғалу
жылдамдығы мен салқындату қабілеттін, жарықтылығын, атмосфералық қысымды,
иондануды, ауаның газ құрамын, сондай-ақ тараған шаңды бөлшектер мен
микроорганизмдерді қамтитын шектеулі ортаның климаты. Осы факторларға қоса
қоршаған конструкциялардың мал арасындағы сәулелі жылу алмасуының көлемі
мал қорасының микроклиматына ықпал жасайды. Қораның микроклиматы
технологиялық жобалау нормаларын сақтауға ғана емес, сондай-ақ жергілікті
жердің ауа райы жағдайына байланысты [7].
В.Ф.Мотусевичтің мәліметтері бойынша мал шаруашылығы комплекстерінде
жылдың әр маусымындағы микроклимат әдетте, қора-жайға берілетін жылытылған
немесе салқындатылған ауаға байланысты. Осы мақсатпен біздің елімізде де,
шет елдерде де сұйық отымен немесе электр энергиясымен жұмыс істейтін жылу
генераторлары, электр колориферлері, су немесе бу колориферлері,
кондиционерлер және булап салқындатқыш құрылғылар сияқты жабдықтар
қолданылады [11].
И.В.Мотошканың деректері бойынша мал тұратын аймақта ауаның біркелкі
тарап және алмасып тұруына технологиялық процестерді механикаландыру
құралдары: тұрақты азық таратқыштар мен транспортерлер, қораның жабдықтары,
станоктар тығыз орналастырған комплексті – механикаландырылған сиыр
қораларында механикалық қозғалтқышысы бар сорып-шығару немесе желдеткіш
системасын тиімді етіп жасағанда ғана ауаны дұрыс алмастыруға болады.
Б.Б.Ысқақбаевтің деректерінде сиырды ық жақта, астына су жиналмайтын
көтеріңкі және кең етіп, арнайы салынған жылы, жабық қорада ұстайды. Ол
қораны қолда бар, арзан құрылыс материалдарынан салады. Қора ықшам, жарық
болуы керек. Жататын орын цемент-бетон болса, оның бетін тақтаймен жабады.
Малдың тұратын орны артына қарай еңістеу болуын естен шығармау керек.
Қораның есігі кең, мал еркін кіріп-шығатындай болуы керек. Есік алдынан жел
қағар қалқа істеледі. Қораның төбесін жаңбыр өтпейтін, су ақпайтындай етіп
күркелеп, қалың етіп жауып, шатырлайды [19].
Мүйізді ірі қара қораларына арналған зоогигиеналық талаптар бойынша
Ж.Бәшірованың және т.б. мәліметтерінде қораның ішіне түсетін жарықтың бір
қалыпты болуын, қоралардың дер кезінде тазартылып тұруын көздейді. Егер
қора еденінің аумағы әйнектелген терезе аумағына 15-20 есе артық болса,
онда қораға түсетін жарық бір қалыпты деп есептелінеді.
Ірі қара үшін еліміздің оңтүстік-шығыс аудандарында жартылай ашық, тек
үш жағында қабырғасы бар қоралар салады, солтүстік аудандардағы қоралар
төрт қабырғалы, олардың серуендеуге арналған алаңға шығатын есіктері бар.
Оңтүстік-шығыс аудандарда әр мал басына 5 шаршы метр, ал басқа жерлерде 7-8
шаршы метр, еден ауданы белгіленген, себебі бұл аудандарда күн аса суық,
аязды күндері малға жемді қораның ішіне береді. Ірі қараның төліне барлық
аймақтарда 3-3,5 шаршы метр еден ауданы белгіленген. Ал қораның биіктігі
2,8 метрден кем болмауы керек, терезелер еденнен 1,8-2м биік жерге
орналастырылады, қақпалардың ені 2,8 метрден кем болмайды, себебі мұнда
автомашина, жем таситын трактор жүруі керек. Солтүстік аудандарда қораның
ішіне қабырғаларды жағалай жем салатын науалар мен су құятын астаулар
қойылады [2].
А.Б.Левиннің деректері бойынша құрылыс материалдарына зоогигиеналық
баға беру үшін олардың жылу өткізгіштігінің, беріктігінің ұзақ сақталуының
және отқа төзімділігінің маңызы зор.
Қабырға, төбелік, шатыр, еден материалдарның жылу өткізгіштігі
неғұрлым жоғары болса, олар жылуды үйдің ішіндегі ауадан алып оны
айналадағы ортаға соғұрлым көп беретін болады. Айталық, бетонның жылу
өткізгіштігі ағашқа қарағанда анағұрлым жоғары. Іс жүзінде бұл сыртқы ауа
бірдей болғанда ағаштан жасалған қорада ауа бетон қорадағыдан гөрі мейлінше
жылы деген сөз.
Зоогигиеналық талаптар тұрғысынан алғанда ағаш ең жақсы құрылыс
материалы болып есептеледі. Жылу өткізгіштігі төмен және ылғал тартқыштығы
жоғары болғандықтан ағаштан жасалған қорадағы ауа тас немесе бетон қорадағы
ауадан гөрі жылы әрі құрғақ. Бірақ ағаш ұзаққа шыдамайды және біршама
тезірек шіри бастайды. Креазот немесе қара май жағу арқылы ағаштың
төзімділігін ұзартуға болады.
Бетон жанбайды, ұзаққа шыдайды және шірімейді. Құрылымы ұяшық секілді
көбік немесе газды бетонның жылу өткізгіштігі төмен. Жұмыр және жақпар
тастар негізінен іргетас үшін пайдаланылады [9].
Сиырларды магинамен саууда қойылатын мал дәрігерлік гигиеналық
талаптар бойынша Г.С.Кузнецовтың деректерінде былай делінген: Қазіргі
уақытта сиырларды машинамен сауу үшін сауын аппараттарының екі типі (үш
тактылы және екі тактылы) қолданылады. Сауу аппаратының бұл екі типінің
екеуінің де жұмысы вакуум әсеріне негізделген. Бұл сауу аппаратының яғни
екі тактылының кемшілігі – оларды дер кезінде ажыратпаса, вакуумның әсер
етуі салдарынан емшек ұшының ткальдері, кілегей қабық және желін ішіндегі
капиллярлар зақымданады.
Машинамен саууға дені сау, емшектері бір қалыпты жетілген, ірі, дұрыс
орналасқан емшектердің формасы цилиндр тәрізді сиырлар тағайындалады.
Желіндері мен емшектері ауруға шалдыққан, емшектері бір-біріне жақын немесе
өте қашық орналасқан, сондай-ақ жөнді сүт шығармайтын сиырларды машинамен
саууға болмайды. Машинамен сауу сиыр бұзаулағаннан кейін 15-ші күні
басталады да, суалтуға 20 күн қалғанда аяқталады. Сиырлады машинамен саууға
бірте-бірте 3-5 күннің ішінде дағдыландырады.
Сонымен қатар осы тақырып бойынша Қ.Едігеновтың мәлеметтерінде былай
делінген сиырларды қолмен сауғаннан гөрі, машинамен сауғанда сүттің сапасы
төмендеп, онда бактериялар көбейіп және қышқылдығы жоғарлағандықтан сүт
заводтары мұндай сүтті қабылдаудан бас тартады, тіпті қабылдағанның өзінде
өте арзан бағаға алады да, басқалай бір өнімдер даярлауға пайдаланылады.
Мұның өзі сиыр сауу жұмысына мән берілмеген, ешбір тазалық шаралары
сақталмаған шаруашылықтарда машинамен сауу әдістерін жете меңгергендіктен
болатыны белгілі.
Сондықтан жоғарғы сапалы сүт алу үшін сүтке микроорганизмдердің, ең
алдымен олардың сауу аппараттары арқылы енуіне жол бермеу керек. Мұны кез
келген шаруашылықта іске асыруға болады. Ол үшін сиырды машинамен сауу
жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, тазалық шаралары бұлжытпай орындалуы, қораның
ауласы үнемі тазартылып, сауу аппараттары мен сүт ыдыстары күнделіті жуып-
шайылып, таза ұсталуы тиіс.
Сиырларды байламай баққанда қойылатын зоогигиеналық және мал
дәрігерлік талаптар Қ.Едігеновтің деректерінде сауын сиырды байламай бағу
зоогигиеналық тұрғыдан алғанда өте пайдалы. Өйткені мал таза ауада ұзақ
уақыт болады да мұның өзі оның денсаулығына, өнімділігіне жақсы әсер етеді.
Сонымен бірге мұндай да малды күтіп бағу, азықтандыру, орналастыру және
сауу жұмысын ұйымдастырған жөніндеталап күшейеді.
Малды байламай баққанда, ең алдымен оның тыныс алуына, еркін жүріп
тұруына, жем жеуіне жайлы, сондай-ақ сиыр сауу жұмысын және зоотехникалық –
мал дәрігерлік шараларды жүзгізуге ыңғайлы орын қамдап алу қажет.
Малды ойдағыдай күтіп бағу үшін табындағы сиырлардың сауылатындарын
бір бөлек, сауылып кеткендерін бір бөлек топтайды. Малды байламай баққан
жағдайда сауу аппаратары мен түрлі тіпті сауын алаңдарын дұрыс пайдаланудың
маңызы зор [4].
Б.Б.Ысқақовтің мәліметтерінде сауын сиырларының бағым-күтімі
басқалардан ерекшелеу болуы керек. Сауын сиырларынң сүттілігі, сауылу
мерзімінің ұзақ болуы және жы сайын бұзаулауы, оның денінің саулығына,
азықты барынша көп, толық және тиімді пайдалануына байланысты.
М.Қуанышбековтің және т.б. еңбектерінде сиырды күтіп-бағу
технологиясын ғылыми негізде ұйымдастыру еңбек өнімділігін арттыруға, мал
өнімділігін көбейтуге бағытталған өзекті шаралардың бірі.
Сиырларды байлап-күтіп бағатын өнеркәсіптік типтегі фермалардың қорасы
кең габаритті, ұзындығы 75-85м, ені 21-25м автоматты желдеткіш қондырғы
орнатылған болу керек. Қора азық үлестіретін жол арқылы екіге бөлінеді.
Оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
Жылқының коңдылығы
Ірі қара мал қораларының жобалаудың нормативтік базасы
Күйіс қайыратын жануарлардың хабертиозының балау
Шошқа листериозы
«бұзау аусылы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Қараталақ ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ауру малдарды тіркеу журналы
Пәндер