Қабандар (шошқа)



Мазмұны

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

2. Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

3. Қабандарға арналған қора.жайларға қойылатын негізгі ветеринариялық.санитариялық талаптар
3.1.Қабандарға арналған қора.жайларға қойылатын негізгі ветеринариялық.санитариялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3.2. Қабандар гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.3.Мал фермалары мен кешендеріндегі ветеринариялық.санитарлық шаралардың негізгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
1. Кіріспе

ХХ ғасырдың соңындағы қоғамдық өзгерістер, нарық экономикасының қалыптасуы мемлекетімізде мал шаруашылығы саласына кері әсерін тигізді. Мал саны күрт азайып, азық сапасы мен малды бағып-күту деңгейі төмендеп зоогигиеналық талаптар сақталмады. Осының бәрі малдың өнімділігін азайтып, денсаулығын төмендетті. Сонымен қатар бұл өзгерістердің бәрі бұрынғы кеңес тұсындағы қалыптасқан малды күтіп-бағудың (олардың физиологиялық ерекшеліктеріне тән) жоғары технология жетістіктерін жоққа шығарды. Мал шаруашылығындағы қол жеткен техникалық прогресс тез арада ғайып болып, үлкен мал кешендері бос қалып, ал шағын мал қораларында тиісті зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды, нормаларды іске асырушы керекті жүйелер істен шықты.
Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу, даму барысында басты мақсат –малды бағып-күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру, қарапайым да әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға енгізу малшылардың, ғалымдардың және болашақ мал мамандарының міндеті. Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың, сақтаудың бірден-бір кепілі – шаруашылық жағдайында зоогигиеналық талаптарды, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен ережелерді бұлжытпай орындау.
Мал шаруашылығы кешендерінде және басқа да мал ұстайтын қора-жайларда мал санының барған сайын көбейе түсуіне байланысты онда түрлі індеттер мен жұқпалы ауруларға қарсы күресті күшейтудің маңызы зор. Сонымен қатар, экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін малды бағып-күтуде физиологиялық ерекшеліктеріне сай келетін ең қолайлы жағдай туғызу керек. Ол үшін малды құнарлы, сапалы азықпен қамтамасыз етуде, малды бағып-күтуде олардың орналасу тығыздығын ескеретін, кәріз жүйесін, кешенді қора-жайлар салудың және пайдаланудың ең тиімді жүйелерін қарастыру қажет. Екіншіден, кешендік ғимараттарда тұратын малдардың бөлек күтілуін қамтамасыз ету үшін ветеринариялық-санитарлық шараларды сақтау арқылы сырттан жұқпалы індеттердің енуіне жол бермеу керек.
Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигиеналық норма мен ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай жобалауға, салуға және пайдалануға бақылау жасап отыру қажет.
Қазіргі уақытта әр жеке шаруашылық малға арналған құрылыстарды өз қаржыларымен жүргізеді. Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс берушінің ұсынысымен жоба жасауға арналған тапсырманы орындаудан басталады. Жобалық тапсырманың малдың жасы, жынысы, түріне қарай зоогигиеналық талаптарын ұстау, қатаң сақтау олардың ауруға шалдығуын азайтады. Жобалық ұсыныстар мен тапсырмаларды жасауға мал шаруашылығы мамандары белсенді араласуы қажет.
Санитария латынның sanitas (денсаулық) сөзінен шыққан, сондықтан кең мағынада қолданғанда бұл ғылымға денсаулыққа қатысты мәселелер
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Аликаев В.А. Зоогигиена.-М., 1978.
2.Бегенова А., Жұмақаева А., Ахметов А. Ветеринарлық гигиена.-Астана,2007.
3.Ветеринария негіздері: Оқулық / Жалпы ред.басқ.профессор А.Қ.Бұлашев.-Астана: Фолиант, 2009.-448 б.
4.Волков Г.К., Репин В.М. и др. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов.-М.: Агропроииздат, 1986.
5.Жұмақаева А.Н., Егоров В.И., Бегенова А.Б., Ахметов А.Н., Қалиев Ж.Қ. Елді мекендер шекаралары көлеміндегі жеке қосалқы шаруашылықтарда жануарларды ұстау бойынша нормативтер.-Астана, 2008.
6.Галкин А.Ф. Основы проектирования животноводческих ферм.-М.: Колос, 1975.
7.Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена.-Алматы: Қайнар, 1994.
8.Испенков А.Е., Сапего И.П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах.-Минск.: Урожай, 1984.
9.Карелин А.И. Гигиена промышленного свиноводства.-М.:Россельхозиздат, 1979.
10.Кондратьев М.И., Кельдюшева И.Я. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах.-Алматы.: Қайнар, 1983.
11.Кузнецов А.Ф. и др. Гигиена животных.-М.: Колос, 2001.
12.Қырықбайұлы С., Төлеуғали Т.М., Майқанов Б.С. Ветеринарлық-санитарлық сараптау практикумы.-Алматы, 2007.
13.Мырзабеков Ж.Б. және т.б. Жалпы зоогигиена.-Алматы.: Каз НИИНТИ, 1992.
14.Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. Ветеринариялық гигиена. Оқулық.-Алматы: «Білім» баспасы, 2005.-432 бет.
15.Мырзабеков Ж.Б. Ветеринариялық гигиена.-Алматы, 2006.
16.Мотес Э. Микроклимат животноводческих помещений.-М.: Колос, 1967.
17.Наурызбаев И.Б., Асылбеков Б.А., Қоспақов Ж. Мал және мал қорасыныңигигиенасы.-Алматы.: Қайнар, 1985.-170 б.
18.Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы.-Алматы, 1995.
19.Справочник фермера / Под общ.ред. Булашева А.К.-Астана, 2000.
20.Шекенов Е., Қазыханов Р. т.б. Зоотехния негіздері: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007.-456 б.
21.Өтесінов Ж., Оразалиев Б. Зоогигиена және санитарлық талаптар. Оқу құралы.-Астана.: Фолиант, 1912.-152 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

2. Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5

3. Қабандарға арналған қора-жайларға қойылатын негізгі ветеринариялық-
санитариялық талаптар
3.1.Қабандарға арналған қора-жайларға қойылатын негізгі ветеринариялық-
санитариялық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...9
3.2. Қабандар
гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .17
3.3.Мал фермалары мен кешендеріндегі ветеринариялық-санитарлық шаралардың
негізгісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 24

1. Кіріспе

ХХ ғасырдың соңындағы қоғамдық өзгерістер, нарық экономикасының
қалыптасуы мемлекетімізде мал шаруашылығы саласына кері әсерін тигізді. Мал
саны күрт азайып, азық сапасы мен малды бағып-күту деңгейі төмендеп
зоогигиеналық талаптар сақталмады. Осының бәрі малдың өнімділігін азайтып,
денсаулығын төмендетті. Сонымен қатар бұл өзгерістердің бәрі бұрынғы кеңес
тұсындағы қалыптасқан малды күтіп-бағудың (олардың физиологиялық
ерекшеліктеріне тән) жоғары технология жетістіктерін жоққа шығарды. Мал
шаруашылығындағы қол жеткен техникалық прогресс тез арада ғайып болып,
үлкен мал кешендері бос қалып, ал шағын мал қораларында тиісті
зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды, нормаларды іске
асырушы керекті жүйелер істен шықты.
Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу, даму барысында басты мақсат
–малды бағып-күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру,
қарапайым да әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға енгізу
малшылардың, ғалымдардың және болашақ мал мамандарының міндеті. Бұл ретте
мал шаруашылығын дамытудың, сақтаудың бірден-бір кепілі – шаруашылық
жағдайында зоогигиеналық талаптарды, ветеринариялық-санитариялық нормалар
мен ережелерді бұлжытпай орындау.
Мал шаруашылығы кешендерінде және басқа да мал ұстайтын қора-жайларда
мал санының барған сайын көбейе түсуіне байланысты онда түрлі індеттер мен
жұқпалы ауруларға қарсы күресті күшейтудің маңызы зор. Сонымен қатар,
экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін малды бағып-күтуде физиологиялық
ерекшеліктеріне сай келетін ең қолайлы жағдай туғызу керек. Ол үшін малды
құнарлы, сапалы азықпен қамтамасыз етуде, малды бағып-күтуде олардың
орналасу тығыздығын ескеретін, кәріз жүйесін, кешенді қора-жайлар салудың
және пайдаланудың ең тиімді жүйелерін қарастыру қажет. Екіншіден, кешендік
ғимараттарда тұратын малдардың бөлек күтілуін қамтамасыз ету үшін
ветеринариялық-санитарлық шараларды сақтау арқылы сырттан жұқпалы
індеттердің енуіне жол бермеу керек.
Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигиеналық норма мен
ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай жобалауға, салуға және пайдалануға
бақылау жасап отыру қажет.
Қазіргі уақытта әр жеке шаруашылық малға арналған құрылыстарды өз
қаржыларымен жүргізеді. Мал қораны салу ең алдымен тапсырыс берушінің
ұсынысымен жоба жасауға арналған тапсырманы орындаудан басталады. Жобалық
тапсырманың малдың жасы, жынысы, түріне қарай зоогигиеналық талаптарын
ұстау, қатаң сақтау олардың ауруға шалдығуын азайтады. Жобалық ұсыныстар
мен тапсырмаларды жасауға мал шаруашылығы мамандары белсенді араласуы
қажет.
Санитария латынның sanitas (денсаулық) сөзінен шыққан, сондықтан кең
мағынада қолданғанда бұл ғылымға денсаулыққа қатысты мәселелер түгелдей
жатады. Атап айтқанда, адам мен жануарлардың тіршілік- ортасы (тұрақ
жайынан бастап экологиялық жағдайларына дейін ) және олардың тіршілігіне
қатысты барлық қажеттіктері (азық, су, ауа, жарық т.б.) жатады. Санитария
–жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шаралар
жиынтығы болса, ал ветеринариялық гигиена –мал күтімін жақсартып, ауруларын
болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды
қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Ветеринариялық гигиенаның негізгі міндеттері:
- Қоршаған ортаның мал организміне және денсаулығына тигізетін
әсерінің заңдылықтарын зерттеу;
- Қоршаған ортаның мал организміне қолайлы параметрлерін ғылыми-
тәжірибелік тұрғыдан негіздеу, зоогигиеналық және ветеринариялық-
санитариялық нормативтер, нормалар мен ережелерді жасау және ұйымдастыру;
- Мал қораларының жобалық тапсырмасын жасау, мал тіршілігін қамтамасыз
ететін жүйклерді (желдеткіш, жарық, микроклиматты қолайландыру, көнді
шығару және сақтау, ферманы сумен қамтамасыз ету, мал суару, азық тарату
және азықтандыру және тағы басқалар) жасайтын санитариялық құрал-
жабдықтарды іріктеу.
Шошқа саласында соңғы жылдары шошқа етін өндіру қарқынды әдістермен
жүргізіледі. Осы мақсатпен ірі мамандандырылған шошқа фермалары және
кешендері құрылды.
Қазіргі заманда ғылыми-зерттеу әр түрлі өндірісті топты шошқаларды
азықтандыру және ұстап-бағу жағдайларын, қора-жайлардағы оңтайлы
микроклимат, кешенді механикаландыруға қажетті тиімді жабдықтарды толық
анықтады. Әр түрлі өндірістік топты шошқаларды бір қорада ұстап-баққан
жағдайда, оларды оңтайлы түрде азықтандыру, ұстау, микроклимат жасау мүмкін
емес. Осы себептен кешенді механикаландырылған, толық жабдықталған және
зоогигиеналық талаптарға сай келетін қоралар бөлінеді.
Көлемі ірі шошқа кешендері еңбекті тиімді ұйымдастыруға, толық
механикаландыруға және автоматтандыруға, еңбектің қарқынын жоғарылатуға,
өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және өндірілетін өнімнің көлемі мен
сапасын жоғарылатуға мүмкіндік жасайды. Мамандандырылған кешендерде шошқа-
қабандарды далаға шығармай және режиммен далаға шығарып ұстап-бағады.

2.Әдебиеттерге шолу

Басқа ғылымдар секілді мал гигиенасы да қоғамдық формациямен біргі
дамып келеді. Гигиеналық шаралар, әдістер адамзаттың өмір тәжірибелеріне
негізделген. Ол сонау ертеден малды қолға үйретуден бері белгілі.
Гигиеналық шаралар қазақ даласында да ерте заманнан бастап
қалыптасқан. Оның айғағы – көшпелі шаруашылықты сан ғасырлар бойы тіршілік
арқауы еткен қазақтар малды ауру, індеттен сақтандырудың бірегей жүйесін
қалыптастырған. Аурудан сақтандырудың ең басты кепілі –әр маусымдағы
жайылымды түліктің түрі, жасы, жынысы және қолданыс аясына қарай бірнеше
сегментке бөліп, үйлесіммен пайдалану және малға жоғары қондылық алдыру
мақсатында малшылар жайылым мен өріс мәселесіне ерекше мән берген.
Көптеген малды аурудан сақтандыруға бағытталған гигиеналық ережелер
арнайы түрде жазылмаса да қазақ даласында атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа
маңызы зор тәжірибелік шара есебінде күні бүгінге дейін сақталған.
Кеңес дәуірінде көптеген колхоздар мен совхоздар құрылған соң, мал
гигиенасы жайлы кең түрде жоспарлы нұсқаулар жасалынып, тәжірибеге ережелер
мен талаптар енгізу керек болды. Осы кезенде көптеген гигиенаға қатысты
әдебиеттер жарық көре бастады, мал гигиенасы жөнінде М.Ф.Иванов, И.А.
Добромысловтардың оқулықтары жарық көрсе, гигиенаны дамытудың басты бағытын
жасауға К.А. Котляр, А.В.Озеров, В.М.Пичугин, В.А.Аликаев, А.П.Онегов және
басқалары белсене атсалысты.[1]
1960 жылдары мал шаруашылығы интенсивті технологияға көшті, сөйтіп мал
кешендері және үлкен зауыттар мен фабрикалар салынды. Оларда аз орында көп
мал түрлері және құс ұсталды. Осыған сәйкес мал қора-жайларында
ветеринариялық сақтандыру шараларын, зоогигиеналық нормалар мен ережелерді
жетілдіру қажеттігі туды. Осы кезде М.В.Демчук, А.Т.Семенюта, В.И.Мозжерин,
А.И. Белкин және тағы басқа көптеген ғалымдар басшылығымен үлкен бір
зоогигиена саласындағы ғылыми ұжымдар белсене жұмыс істеді. Қысқа мерзімнің
ішінде жаңадан салынған барлық кешендерде зоогигиеналық және ветеринариялық-
санитариялық баға берілді, нормалық құжаттар мен типті жобаларды жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасалды.[2]
А.Қ.Бұлашевтің зерттеуінде 1830-1840 жж. бастап 1930жж аралығында
Қазақстандағы ветеринария қызметінің ұйымдастырылуын ветеринариялық-
санитариялық талаптар тұрғысынан қаралған. Қазақстанда алғаш зоогигиена
саласын дамытып зор үлес қосқан ғалымдар профессор В.А. Аликаев пен
профессор В.Ф.Матусевич болды. [3]
Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу, даму барысында басты мақсат-
малды бағып-күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру,
қарапайым да әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарда енгізу
малшылардың, ғалымдардың және болашақ мал мамандарының міндеті. Бұл ретте
мал шаруашылығын дамытудың, оның өнімділігін арттырудың және малдың
денсаулығын сақтаудың бірден-бір кепілі – шаруашылық жағдайында
зоогигиеналық талаптарды, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен
ережелерді бұлжытпай орындау.[4]
Кейінгі кезде осы салада еңбек етіп, ғылымға өз үлестерін қосып жүрген
ғалымдар: Мырзабеков Ж.Б., Гершун В.И., Тәжібаев А.С., Сағындықов Қ.А.,
Байшағыров Д.А., Асылбеков Б.А., Жамансарин Т.М. және т.б.[5]
Жануарлар гигиенасы (ветеринариялық гигиена, зоогигиена) ілімі мал
денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу,
малдың өнімділігін көтеру және олардан мол өнім өңдіру жөніндегі
мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді. Әсіресе, сыртқы отраны
зерттеп оны малға зиянсыз және қолайлы ету зоогигиена үшін басты мәселе
болып табылады.
Мал организміне ықпал ететін сыртқы факторлардың ішінде табиғи
жарықтың маңызы аз емес. И.П.Павловтың ілімі бойынша жарықты сигнал
тітіркендіргіші деп қарауға болады. Сол тітіркендіргіштің әсерімен зат
алмасуы, орталық нерв жүйесіне байланысты организмнің бүкіл тіршілік
қызметі өзгереді. Мәселен, табиғи жарық организмнің физиологиялық
белсенділік кезіндегі зат алмасу процестері жедел жүреді, тәбеті артады,
асқазан мен ішектің қозғалысы күшейеді. Жарықтың азаюы малдың организмін
салыстырмалы тыныш күйге түсіреді, нерв процесін тежейді (И.Г. Шарабрин,
1985). Мал организміндегі газ және энергия алмасуы азық пен температура
факторларымен де, сондай-ақ сәулелі энергияның ықпалымен де өзгеруі
мүмкін.[6]
Жануарлар ауруларының алдын алу шарасын жүргізу ветеринариялық-
гигиеналық нормативтерге, ветеринариялық-санитариялық нормаларға және
ветеринариялық-санитариялық ережелерге негізделген.
Гершун,Муслимовтың еңбектерінде жануарларды гигиеналық-санитариялық
талаптарға сай бағып-күту, өсіру және азықтандыру негізінде олардың
денсаулығын сақтау және өнімділігін арттырудың нақты жолдары жан-жақты
қарастырылып, көптеген мысалдар келтірілген. Мал шаруашылығы мамандықтары
бойынша оқып жүрген жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық
болып табылады.[7]
Ветеринариялық-гигиеналық нормативтер – ол қоршаған ортаның
биологиялық, физикалық, химиялық факторларының минимальды немесе сандық
көрсеткіштердің жоғарғы шамасын сипаттайтын қажет немесе қауіпсіз деңгейін
көрсетеді. Бұлар жануарлардың бірқалыпты өмір сүруіне қажетті қоршаған орта
жағдайын анықтайды.
Ветеринариялық-санитариялық нормалар –арнайы нормативтік құжаттар
түрінде ресми бекітілген ветеринариялық-гигиеналық нормативтер (қора-
жайдағы ауа алмасу нормасы, жарықтану нормасы, жануарлар алаңы нормасы және
тағы басқалар). Осы ветеринариялық-санитариялық нормалар негізінде әртүрлі
мал шаруашылығындағы мекемелерінде ветеринариялық-санитариялық ережелер
жасалады.[8]
Ветеринариялық-санитариялық ережелер – мал өсірумен, тасымалдаумен,
сойыс малдарымен, олардың өнімдерін өндеумен айналысатын барлық
кәсіпорындарға және жеке тұлғаларға міндетті түрде орындалуы тиіс арнайы
Үкімет органдары ресми түрде бекіткен ветеринариялық-санитариялық нормалар
мен талаптар жиынтығы.
Ауа қозғалысы мал организмінің жылу шығаруына, қора-жайды желдетуге
және онда жылу сақтауға айтарлықтай әсер етеді. Егер желдің жылдамдығы 4
баллдан асса, малдың терісі әжептәуір тоңазиды. Шамалы ғана жел қабан
терісін тым тәуір салқындатады. Мысалы, бір сағат шамасында желдеткенде
оның терісінің қызуы 3,50С төмендейді. Ауа қозғалысының жылдамдығы
секундына 0,1-0,4 метрге дейін артқанда ауа температурасының 50С суығына
тең келеді (Н.М.Комаров, 1971). Тіпті ауа қозғалысының жылдамдығы сәл ғана
ұлғайғанның өзінде ауаның суыту қабілеті айтарлықтай өседі. Сондықтан да
микроклиматтың бұл факторын температурамен үйлестіре білу керек.[9]
М.И.Кондратьевтің оқу құралында (Астана.: Фолиант баспасынан
шыққан) ауыл шаруашылығы үшін салынатын объектілердің құрылысы мен олардың
ішіндегі температураның, ауа ылғалдылығы мен тазалығының зоогигиеналық
талаптарға сай болуын қадағалау, малдың түрлі індеттер мен аурулардан аман
болуына септігін тигізетін шаралар қарастырылған.[10]
Мемлекеттің барлық аймағында шошқа сапасын жақсартуда негізгі тұқым
ретінде ірі ақ шошқа алынды.
Жаңа тұқым шығаруда мамандар төмендегідей мақсаттар көздеген:
шығарылған тұқым өнімділік бағытынан, биологиялық ерекшелігінен,
шаруашылықта пайдалану сапасынан, жергілікті ауа райына және азықтың
жағдайға үйреншіліктігінен жергілікті шошқадан асып түсуі қажет. КСРО-да
тұқым шығару жұмысын ұйымдастырушы және ынталды бастаушы академик М.Ф.
Иванов болды. Ол жаңа тұқым шығаруда бірден-бір, өте сирек әсерін зерттеп
пайдаланған.[11]
Малды көп қатарлы клеткаларда ұстаған кезде қора-жайлардың қатты
шаңдалып, микробтардың шоғырлануына қарсы тиімді күресу үшін
желдеткіштердің көмегімен бұзылған ауаны ығыстыра отырып, тікелей клеткалар
мен батареяларға берілетіндей етіп қондырылады. Сонымен бірге, желдету
арқылы ауаны жасанды иондармен байытуға да болады (Г.К.Волков, 1987).
Мұндай қоралардың шаңы 3-4 есе, ал микроорганизмдер саны 3-5 есе азаяды.
Бұл кезде қораны мал тұрған кезде де аэроиондай беруге болады.[12]
Мал қора-жайы ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі
көмірқышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын
жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін
малдардың төсеніштерін күнделікті ауыстырып түру керек немесе қалың қамыс
(сабан) немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану, мал жататын
орынның тазалығын сақтау, жөнделген жақсы жұмыс істейтін канализация мен
желдету жүйесін пайдалану (малды қора-жайда дұрыс, қысылыспайтындай
орналастыру). Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында
кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады, себебі еден асты саңлауынан
кіретін аммиак қосындысы қора-жай ауасын 80 есе немесе одан да жоғары
дәрежеде ластауы мүмкін (В.М.Пичугин). Ал малды байлап өсіретін қора-
жайдағы ауада аммиак жиналуының алдын алу үшін төсенішке (1 кг суперфосфат-
2,5 кг төсеніш материалға) суперфосфат қосу ұсынылған, осының нәтижесінде
ол ауадағы аммиакты қосып алып, байланыстырып қиды азотпен байытып, оның
сапасын жақсартады.[13]

3. Қабандарға арналған қора-жайларға қойылатын негізгі ветеринариялық-
санитариялық талаптар
3.1. Қабандарға арналған қора-жайларға қойылатын негізгі
ветеринариялық-санитариялық талаптар
Ветеринариялық-санитариялық талаптар дегеніміз арнайы нормативтік
құжаттар түрінде ресми бекітілген ветеринариялық-гигиеналық нормативтер
(қора-жайдағы ауа алмасу нормасы, жарықтану нормасы, жануарлар алаңы
нормасы және тағы басқалар). Осы ветеринариялық-санитариялық талаптар
(нормалар) негізінде әртүрлі мал шаруашылығындағы мекемелерінде
ветеринариялық-санитариялық ережелер жасалады.
Фермалардағы ветеринарлық-санитарлық талаптардың орындалуын бақылауды
ветеринарлық мамандар жүргізетінін білу керек. Ферма орны және ғимарат
салатын құрылыс орны ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан сәтті, ыңғайлы
болуға тиіс, яғни ол жер өткен уақыттарда жұқпалы аурулар болған
оқиғалармен байланысты болмауы керек. Малшаруашылық объектілерді бұрынғы
өлексе қорымы, тері шикізаттық кәсіпорын, қоян өсіретін шаруашылық, аң
өсіретін шаруашылық және құс фермасы орнына салуға болмайды.
Құрылыс орнын жазық немесе сәл дөңес, күн сәулесімен жақсы қызатын
жерден таңдайды. Ферма құрылысын басым жел бағытына бүйірінен
орналастырады, ол ферма аумағынан ластанған ауаның тез аласталуына ықпал
етеді. Жерасты сулары жер бетінен 2 м-ден әрі болуы керек.
Ферма және жайылым аралығында темір жол, су арналары болмауға тиіс.
Елді мекен иен ферманың арақашықтығы мүмкіндігінше кем дегенде 3 км
болғаны жөн, сондай-ақ, жақын маңда ішуге және өндірістік мақсатқа тұтынуға
жарамды су көзі болуы керек.
Санитарлық-қорғаныс аумағы –малшаруашылық объектілердің сыртқы
қабырғалары немесе олардың қоршаулары мен елді мекенге дейінгі аралықтағы
аумақты қамтиды.. Мысалы, шошқа кешені 500-2000 м.
Зооветеринарлық үзіліс жерлер - әр түрлі малшаруашылық кәсіпорындардың
аралықтарындағы біріне-бірінің қолайсыз әсерін болдырмауға мүмкіндік
беретін ең аз арақашықтық. Мысалы, ірі қара фермасы мен шошқа, жылқы, қой
фермасының арақашықтығы -150 м, аң өсіретін шаруашылық арасы 300 м болады.
Ферма құрамына кіретін үйлер мен құрылыстар өндірісті дұрыс
ұйымдастыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетіндей болып
орналастырылады.
Номенклатуралық талаптар бойынша шошқа фермаларын мынадай
сыйымдылықпен салу ұсынылады: жай бағылатын -300,400 және 600 негізгі
мегежіндерге, шошқа бордақылайтын фермалар мен фабрикаларда -4000, 6000,
8000, 12000, 30000, 108000 шошқаға, ал аралас фермаларда -50, 100, 200 және
одан да көп негізгі мегежіндерге, оларда 1000,2000 шошқа болатын бордақылау
бригадалары болады, асыл тұқымды фермаларда -100 және 200 мегежінге
мөлшерленіп салынады.
Шошқа шаруашылықтарында әрбір өндірістік топтың жануарларын жеке
қораларда орналастырады. Осыны ескере отырып бұндай шаруашылықтарда
қабандарға, бойдақ және ұрықтанған мегежіндерге, бордақылауға арналған және
карантиндік қоралар салынады. Барлық қорада топтап ұстауға арналған екі
немесе төрт қатарлы орналасқан станоктар болады.
Алайда, фермерлік шаруашылықтарда бір алаңқайда 1000 шошқа
орналастыруға болады.
Әрине, фермада қолайлы микроклимат қалыптастыру құрылыс
материалдарывның гигиеналық қасиеттерімен және сыртқы қоршаулардың жылу
ұстау сапасымен анықталады.
Станоктардың түрі мен конструкциясы шошқаларды күтіп-ұстаудың түріне
байланысты болады.
Станоктың көлемімен бірге шошқаны азықтандыру жабдықтарының әр басқа
арналған ұзындығының да үлкен маңызы бар, әсіресе жануарларды топтап
ұстаған кезде. Азықтандыру орны жетпесе шошқалар арасында талас туып
күштісі әлсізін науадан ығыстырады.
Станоктардың еденін негізінде құрама етіп жасайды: қи алаңын торлы, ал
дем алатын орынды тегіс. Шошқалар тәуліктің көп уақытын жатып өткізітінін
ескеріп (шамамен 20 сағаттай), әр уақытта еденді жылы ұстайды, әсіресе
оларды төсенішсіз ұстағанда (ол үшін еденді жылы етіп жасайды немесе арнайы
жылыту көздерін пайдаланады).
Шошқалардың серуендеу алаңының көлемі шамамен әр басқа 8-10 м2 болу
керек.
Қабандарға арналған қора жағдайы микроклиматқа қойылатын зоогигиена
талаптарына сай болуы керек. Мал шаруашылығындағы микроклимат деген түсінік
қорадағы температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жарық, газдар
құрамы, сонымен қатар қорадағы шаң мен микроорганизмдер және шу деңгейін
анықтаумен байланысты.
Мал қоралары ауасының микрофлорасы. Мал қоралары ауасында сапрофитті
микроорганизмдердің де, шартты патогенді микроорганизмдердің де, кейде
патогенді микроорганизмдердің де жетілуіне жағдай баршылық. Мәселен, оған
ең алдымен жоғары температураны, ауаның ылғалдылығы мен өте шаңдануын,
ультракүлгін сәулелердің жоқтығын және тар жерге шамадан көп малды күтіп-
бағуды жатқызуға болады. Малдың тіршілік ететін ортасында микробтардың саны
қарқынды көбеюін микробизм деп атайды. Микробиоз дегеніміз нақты шектелген
кеңістіктегі микроорганизмдердің кәдімгі ассоциациясының болуы және
микробтардың бір-бірімен тепе-теңдігі.
Мысалы, ауаның температурасы 00 С-тан 100 С дейін көтерілгенде қора-
жай ауасындағы бактериялар құрамы бірнеше (2-3) есе артады. Ауаның
температурасы одан әрі көтерілгенде микроорганизмдер саны 5 есе, тіпті одан
да астам көбейеді. Ауа ылғалдылығы артқан сайын бактериялардың көбеюге
деген қабілеті жақсы сақталады. Құрғақ ауада (салыстырмалы ылғалдылығы 40-
60 пайыз) микроорганизмдердің біраз бөлігі жойылады, немесе жетілуі
нашарлайды.
Көптеген аурулардың, әсіресе тыныс жол ауруларының қоздырғыштары ауа
арқылы, көбінесе оның конвекциялық ағымымен тез тарайды да, қорадағы малға
аса қауіп туғызады.
Шошқа қоралардың басқа қоралардан айырмашылығы еденнен буланатын бу
мөлшері шошқаның демі арқылы шығаратын буынан 1,5 есе көп болады. Өйткені,
шошқа қоралардың едені үнемі ылғалды жағдайда болады. Алайда, жылытылмайтын
шошқа қораларында ауаның ылғалдылығы 90 пайызға жеткенде не одан артқанда
еденнен ылғалдың қарқынды булануы тоқтайды.
Жабық мал қоралары ауасының микроорганизмдері түрі, құрамы бойынша
негізінен сапрофиттер болып келеді. Мұнда кокктар, саңырауқұлақтар
споралары (пеницилдер, аспиргилдер, мукорлар) көп болады.
Шошқа немесе қабандар қора –жайларының 1м3 ауасындағы микроорганизмдер
саны 25-150 мыңға дейінгі аралықта ауытқып отырады.
1-кесте.
Мал қора ауасындағы микроорганизмдердің шекті мөлшері

Малдарды күтіп-бағу жүйелері 1м 3 ауадағы микроб саны, мың
Шошқа:
Қабандар мен қысыр мегежіндер 60-қа дейін
Өсіруге қалдырылған торайлар 50-ге дейін
Бордақыдағы шошқа 100-ге дейін

Олардың құрамы, көбінесе сол қора-жайдың құрылысын салғанда,
жабдықтарын құрғанда, оны пайдалану кезінде санитариялық-гигиеналық
талаптардың мұқият сақталғанына, жеделдету, канализация жұмыстарының
сенімділігіне, технологиялық тәртіптердің және тағы басқалар сақталуына
байланысты. Бұл талаптар қатаң сақталмайтын қора-жайлардың ауасы, әсіресе
гемолитикалық стрептококк (2,4 мыңға дейін), ішек таяқшалары тобының
бактериялары (1м3 100-ге дейін және одан да көп), іріндегіш көкшіл
таяқшалар, пастереллалар, стафилококктар секілді шартты патогенді
бактериялар да және басқа да бактериялар түрлерімен ластанады. Қора-
жайлардың ауасында шартты патогенді және патогенді емес микроорганизмдер
құрамының артуына жоғары температура мен желдетудің аздығы мүмкіндік
жасайды.
Ауаның аэрозольдармен ластануына қарсы шаралар. Мал қоралары ауасының
ластануына қарсы күрес және шаруашылықтар террриториясының ауасын қорғауға,
ауаны тазартуға, зарарсыздандыруға бағытталған жалпы шаралар мен жеке
шешімдер жатады. Шаралардың бірінші тобына малды күтіп-бағу мен
азықтандырудың барлық ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық
нормалары мен ережелерін қатаң сақтап, дер кезінде орындау, қолайлы
микроклиматтың қалыптастыру жұмыстарын үздіксіз және нақты ұйымдастыру, көң
шығару, қора-жайды мұқият тазартып дезинфекциялау, сусымалы азықпен малды
белгілі бір ережеде сақтап азықтандыру жатқызылады.
Малды көп қатарлы клеткаларда ұстаған кезде қора-жайлардың қатты
шаңдалып, микробтардың шоғырлануына қарсы тиімді күресу үшін
желдеткіштердің көмегімен бұзылған ауаны ығыстыра отырып, тікелей клеткалар
мен батареяларға берілетіндей етіп қондырылады. Сонымен бірге, желдету
арқылы ауаны жасанды иондармен байытуға да болады, мұндай қоралардың шаңы 3-
4 есе, ал микроорганизмдер саны 3-5 есе азаяды. Бұл кезде қораны мал тұрған
кезде де аэроиондай беруге болады.
Шаруашылықтар территорияларының ауа бассейнінің ластану дәрежесін
азайту үшін қораның бүйір қабырғасы жел өтіне қарсы салынады, санитариялық
аралықтар, соның ішінде елді мекендер арақашықтықтары сақталуы тиіс,
қораның лас ауасын аэродинамикалық аймақ құру мақсатына есептелген
биіктікке жоғары қарай шығару керек. Сондай-ақ ауа тасқыны жиналатын орын
дұрыс анықталып, желдеткіш камералары ғимараттың бүйір жағына
орналастырылады. Мұндай жағдайда зиянды газдар мен микрофлоралардың жиналуы
қора-жайлар үшін 20 пайздан аспайды. Осылайша сору желдеткіштерінде,
көбінесе, қорғаныш қүнқағарлар, төмен қарай иілген трубалар орнатылады.
Сонда лас ауаның таралуы 2-5 есе кемиді.
Мал қора ауасындағы зиянды газдарды азайту шаралары.
Шаруашылықтардағы мал өсіретін қора-жай ауасын зерттеген кездегі көптеген
мәлімет анықтамалар бойынша егер малды күтіп-бағу жұмысы жақсы
ұйымдастырылып, күнделікті өте сапалы төсеніштерді (сабан, қамыс, ағаш
ұнтағы) пайдаланылып ондағы канализация және желдетілу жүйесі жақсы жұмыс
істесе, онда қора-жай ауасында әртүрлі улы газдар: аммиак, күкіртті сутегі,
көмірқышқыл газы болмайды. Мал қора-жайының ауасында үлкен көлемде
көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті сутегі қосындылары болуы осы мал
қора-жайының тазалығының өте төмен екендігінің көрсеткіші.
Мал қора-жайы ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі
көмірқышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын
жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін
малдардың төсеніштерін күнделікті ауыстырып түру керек немесе қалың сабан
немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану, мал жататын орынның
тазалығын сақтау, жөнделген жақсы жұмыс істейтін канализация мен желдету
жүйесін пайдалану және малды қора-жайда дұрыс, қысылыспайтындай
орналастыру. Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында
кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады, себебі еден асты саңлауынан
кіретін аммиак қосындысы қора-жай ауасын 80 есе немесе одан да жоғары
дәрежеде ластауы мүмкін. Ал малды байлап өсіретін қора-жайдағы ауада аммиак
жиналуының алдын алу үшін төсенішке (1 кг суперфосфат-2,5 кг төсеніш
материалға) суперфосфат қосу ұсынылған, осының нәтижесінде ол ауадағы
аммиакты қосып алып, байланыстырып қиды азотпен байытып, оның сапасын
жақсартады.
Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын орыннан аммиак, күкіртті
сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация жүйесіне гидравликалық
қақпалар орнатады.
Мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың
қалыптан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін фермадағы еңбекті дұрыс
ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация
және желдету жүйесімен қамтамасыз ету керек.
Қораны жарықтандыру. Жақсы жарықтандырылған қоралар аурулардан
сақтандыру, сонымен бірге малдың денсаулығын және өнімдіңлігін сақтау
факторлары болып табылады.
Жарық табиғи және жасанды болып бөлінеді, ол жарық коэффициенттермен
қалыптасады (нормаланады).
Табиғи жарық коэффициенті деп әйнек көлемінің еден көлеміне қатынасын
айтады. Жасанды жарықты анықтау үшін қорадағы барлық электр шамының қуатын
есептеп, алынған шаманы қора көлеміне бөледі, Втм2. Малға табиғи және
жасанды жарықтың нормасы: 1:8-1:20 және 3,3-5 Втм2 шамасында.
Шошқа, қабандар қораларының микроклиматын оптимальды ету оларды
аурулардан сақтаудың негізгі жолы болып табылады.(2-3 кестелерді қарау
керек).
2-кесте.
Әртүрлі жастағы шошқа қораларындағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

Көрсеткіштер Қабандар Бордақылы Енесінен ажыратылған торайлар
шошқалар мен өсіруге арналған төл
Температура, 0С 13...19 14...20 18...22
Салыстырмалы
ылғалдылығы, пайыз

Ауа қозғалысы, мс75 75 70
Зиянды газдардың
концентрациясы:
Көміртегі 0,3 0,3 0,2
диоксиді, пайыз
Аммиак, мгм3 0,2 0,2 0,2
Күкіртті сутегі, 20 20 20
мгм3
Ауаның микробпен 10 10 10
ластануы, 1 м3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаның гигиенасы
Қабандарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық – санитариялық және гигеналық талаптар, малдарды күтіп- бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Шошқа шаруашылығы
Торайды бордақылау кезеңі азық нормасы мен рационын келтіру
Бонитировка, шараның маңызы, бонитировкалаудың нәтижесі негізінде өңдеу
Отандық шошқа тұқымдары
Жабайы шошқалар
Шошқаның рационындағы азық қуатын және оның қоректілігін ормалау
Республикада азық - түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының алатын орны
Қабанды нормалап азықтандыру ерекшеліктері
Пәндер