Шошқаларды азықтандыру және бордақылау


МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ . . . 3
1. 1. Әдебиетке шолу . . . 9
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Шошқаларды ұстау жүйелері, әдістері және ветеринарлық гигиенадан баға беру . . . 11
2. 2. Шошқа шаруашылығының маңызы және биологиялық ерекшелігі . . . 15
2. 3. Шошқа өсірудің әдістері . . . 22
2. 4. Шошқаларды азықтандыру және бордақылау . . . 26
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36
Кіріспе.
Республикамызда азық - түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға мүмкіндік беретін мал шаруашылығының айрықша саласы.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда өндірілетін барлық еттің 13 % шошқа етінің үлесіне тиед, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына (ТМД) - 50 % дейін жетеді.
Шошқа еті мен майының жоғарғы тағамдық қасиеттері дүние жүзінің көптеген елдерінде оны пайдаланудың артуына басты себеп болып отыр.
Мысалы, Данияның ет балансында шошқа етінің үлесі 69, Германияда - 65, 9, Польшада - 60, 5% - ды құрайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының азық - түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) деректері бойынша 2000 жылы дүние жүзінде өндірілген жалпы ет көлемінің 38, 7% немесе 5 млн тоннасы шошқа етінің үлесіне тиген. Европа елдерінде шошқа етінің үлесі - 55, Солтүстік Америкада - 36% - ға дейін жетеді, ал Шығыс және Африка елдерінде керісінше, олардың ұлттық әдет - ғұрыпына байланысты бұл көрсеткіш 7 - 18% - дан аспайды.
Сонымен, қорыта келгенде өзінің жоғары өсімталдылығы, құрсақта даму кезеңіінің қысқа болуы, тез жетілгіштігі, азықты өнімімен өтеу қабілетінің жоғарлығы мен сойыс өнімдерінің жоғарғы шығымдылығы сияқты құнды биологиялық ерекшеліктері шошқа шаруашылығын дүние жүзінде халықты етпен қамтамасыз ету проблемасын шешуде алдыңғы қатарға шығарды.
Қазақстанда шошқа шаруашылығымен негізінен 15 облыс айналысады. Өсірілетін 13 тұқымның ішінде ең көп (93%) үлес ірі ақ тұқымға тиеді, ал отандық селекционерлер шығарған жетісу тұқымы - 4, 5, ақсайдың қара - ала шошқасының ьұқымдық тобы - 0, 7% құрайды. Қалған тұқымдардың саны аз және олар негізінен өндірістік будандастыруда пайдаланады.
Халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында мал шаруашылығының тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсірудің дамытудың маңызы зор.
Шошқа еті мен майы тағамдық құнарлылығы мен дәмдік ккал, ал сиыр етінде - 1500 ккал энергия бар. Шошқаның тұтас етінде орташа алғанда 52% бұлшық ет, 38% май және 10%сүйек ұлпалары бар. Ет өнеркәсібінің бүкілодақтық ғылыми - зерттеу институтының және басқа да ғылыми - зерттеу мекемелерінің зерттеулеріне қарағанда шошқа еті бағалы белоктарға, барлық аминқышқылдарына, минералдық заттар мен В тобының витаминдеріне бай. Адам ағзасын ауыстырылмайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етудің маңызды - көзі тері май ұлпасы - қыстырмай жоғары тағамдық құнарлылығымен бағаланады. Қыстырмайдың бұндай тағамдық қасиетінің үлкен практикалық мәні бар, сондықтан да ол елеулі мөлшерде (20 - 25%) әртүрлі шұжықтарға қосылады. Шошқа еті мен қыртыс майының қорытылуы 90 - 98% - ға дейін жетеді. Шошқа еті жақсы консервіленеді, оны тұздау мен қақтау бұл тағамның құнарын арттыра түседі. Шошқа етінен шұжықтардың әртүрлі сорттары, сен еттері, ветчина, рулеттер, буженина, грудинка, корейка және т. б. жоғары сапалы тағамдардың өте мол ассортименті дайындалады.
Шошқа еті мен майының жоғары тағамдық қасиеті дүниежүзінің көптеген елдерінде шошқа етінің пайдаланудың үлес салмағының артуына себепші болып отыр. Мәселен, ет балансында шошқа етінің үлесі Данияда - 69, ГФР - да - 65, 9, Польшада - 605% болып отыр.
Шошқаны сойған кезде, оның майы мен етінен басқа терісі, қылшығы, ішек - қарны, қаны сияқты өнеркәсіпке қажетті көптеген бағалы шикізаттар алынады.
Жоғарыда айтылған дүниежүзілік ет өндірісінің құрылымында шошқа еті қазіргі таңда бірінші орында, оның үлесіне 2000жылы - 38, 6, сиыр еті - 32, 2, құс еті - 20, 6, қой еті - 4, 3% және басқа еттер болған. Шошқа етін өндіруде алдыңғы орында Қытай - 17, 3 млн т, АҚШ - 6, 5 млн т, ТМД - 5, 3млн т, ГФР - 3, 2млн т, Франция - 1, 9млн т.
Дүниежүзінде шошқа етін өндіру 2000 - 2004 жылдар аралығында орташа есеппен 20, 9% - ға көбейеді. Қазіргі замандағы шошқа шаруашылығының өзіндік ерекшелігі, саланы интенсификациялау, аналық табынды жақсы пайдалану, толықтырғыш шошқаны өсіру және жемдеудің қарқындылығын арттыру, әр жануарға есептегенде өнім беру өндірісін ұлғайту. Мәселен, 80 - ші жылдардың басына қарай шошқадан 13 - 15- ден торай ала бастады және 1 кг өсімге жұмсалған азық шығыны 3, 5кг азық өлшемімен артпайтын, орта тәуліктік өсім 600гр алуға қол жеткізе бастады. Шошқа етін өндіру әртүрлі елдерде үлкен ауытқушылықпен, бір адам басына шаққанда 33, 2кг жетті. Соңғы жылдардағы бұл саланың қарқындылығының маңызды көрінісі, шошқа басының өсуі және шошқа етін өндірудің жоғарғы темпін айтуға болады. Саланы қарқындатудың маңызды факторларының бірі шошқа шаруашылығында селекциялық - тұқымдық асылдандыру жұмыстарының жақсаруы, бұрыннан бар немесе жаңадан шығарылған тұқымдарды одан әрі жетілдіру.
Қазіргі жер жүзінде практикалық мәні бар шошқа тұқымдарының саны жүзден асады, ал аз санды және құрып бара жатқандары 400 тартады, ең өнімді тұқымдардан бірінші кезекте ірі ақ және ландрас тұқымдарының бас саны өсіп келеді. Мәселен, барлық асыл тұқымдардың ішінде біздің елімізде ірі ақ шошқа - 85%, ГФР мен Данияда ландрас - 90%. Соңғы кездері Пьтрен, Дюрок, Гемпшир және тағы басқаларынан ареалы кеңейіп, молая түсуде. Бұған шошқа шаруашылығының барлық жерде дерлік ет бағытында дамуы ықпал жасап отыр. БҰҰ жанындғы азық - түлік және ауыл шаруашылығының комитетінің мәліметтері бойынша жер жүзіндегі шошқаның саны 850млн бас. Оның ішінде бірінші орында Қытай - 340 млн бас, ТМД елдерінде - 79, 5 млн, оның ішінде Қазақстанда - 2, 9 млн. Мәселен, 2001 жылы жалпы шошқа ет өндірісінде сиыр еті - 30, 1 %, шошқа еті - 38%, құс еті - 29%. Біздің елімізде жалпы өндірілген ет көлемінің ішінде шошқа етіне тиесілі үлес 34%. Дүниежүзін тұтас қарағанда біздің елімізде шошқа етін өндіру біркелкі емес. Айталық, Европада шошқа еті 50, 7%, Азияда 29, 9%, Америкада 18, 1%. Қазақстан шошқа етін өндіру жөнінен 8 - ші орында. Мейлінше аз шығынмен өнімнің үзіліссіз жоғары өндірісін қамтамасыз ету үшін шошқаның физиологиялық ерекшеліктерімен өндіріс технологиясының арасында экономикалық тұрғыдан жарасым болу қажет. Шошқалардың физиологиялық және функционалдық ерекшеліктеріне сай жағдай жасау - олардың ғұмырын ұзартып, жоғары резистентті болуына, стресске қарсы тұрақтылығына әсер етеді, өнімділік потенциалының мейлінше көрінуіне оңды ықпал жасайды. Шошқа етінің өндірісі 7, 3 млн т. дейін, оның ішінде Қазақстанда 300мың тоннаға дейін жетуі тиіс. Ет өндірісін шапшаң молайту үшін шошқа шаруашылығын өндірістік негізде дамыту қажет. Қазақстанда белгіленіп қойылған және салынған шошқа өсіру кешені - 7; бірінші - 108 мың басқа Қарағанды облысында, 54 мың бас Алматы және Семей облыстарында, 24 мың басқа Павлодар, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қостанай облыстарында. Өндірістік технологияның тиімділігі жылына 108 мың басты жемдеуге арналған 26 кішігірім кешеннің жұсмыстарының нәтижесімен дәйектеледі.
Соңғы уақытта шошқа етінің еншісіне Қазақстанда өндірілетін еттің 13% келеді, ал ТМД - да барлық өндірілетін еттің үлесінің 50% - на дейін шошқа етін құрайды. Солтүстік Америкада - 36%, бірақ Шығыста және Африка елдерінде әдет ғұрыпқа байланысты шошқа етінің үлесіне 7 - ден 18% - ға дейін келеді. Басқа ауыл шаруашылық малдарының өсіп жетілуіне қарағанда да шошқа санының өсуі қарқындай түсуде.
Қазақстанның барлық облыстарында шошқа тұқымын өсірумен айналысады. Солардың ішінде шошқаның ірі ақ тұқымының маңызы жоғары, себебі Қазақстанда өсірілетін шошқа тұқымының 93% - ын осы тұқым құрайды. Ал, Қазақстанда шығарылған Жетісу тұқымы - 4, 5%, ақсайдың қара ала тұқымдық шошқа тобы - 0, 7% үлесін құрайды.
Шошқа шаруашылығы республикамызда азық - түлік жоспарын шешуде өте маңызды роль атқарады. Осы міндеттерді шешуде және халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында, мал шаруашылығының ең тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсірудің маңызы зор.
Қазіргі шошқа етін өндіру технонлогиясыеың негізі - кешендерде етті тоқтаусыз өндіру болып табылады, ол үшін шошқаларды бір цехтардан екінші бөлімге ауыстырып отырады; оларды қашыру, буаз аналық шошқаларды ұстау, туған аналықтарды күтіп - бағу, торайларды өсіру және бордақылау. Осы технологиялық цикл етті үзбей өндірудің кепілі болып табылады.
Торайдың тууынан бастап етке өткізу уақыты - 222 күнге созылады, олардың 26 күні - емізу кезеңі, өсіріп - бағу - 80 күн, бордақылау - 116 күн. Өсіру және бордақылау өте жоғары өнімділікті талап етеді. Бір айлығында тәуліктік өсу - 230г, бағып - өсіру кезеңінде (26 - дан 106 күнге дейін) - 400г, ал бордақылау кезеңінде - 600 - 650г дейін сжетеді.
Үлкен кешендерде шошқаны ешқайда шығармай, ал буаз аналық шошқаларды 32 күнгі буаздығына және емізу циклын толық уақытқа дейін ұстайды. Ал бордақылау кезеңіндегі шошқаларды сұйық азықтармен (1 бөлім азыққа 3 бөлім су қосып) тамақтандырады.
Өндірістік негізде шошқа етін өндірудегі ең басты мәселе, шошқаларды құндылығы жоғары құрама жеммен қамтамасыз ету болып табылады, Қазақстанда «Алтын диірмен» корпорациясының 54 мың басқа есептелінген кешенінде 20 - 25мың басқа шошқа өсіріледі, бұл кешеннің жұмысы үздіксіз шошқа етін өндіру. Жоғарыда айтылған технологиялық циклдің барлығы дерлік жоғары деңгейде орындалады. Барлық шошқалар құрама жеммен белгіленген рецептура бойынша жемделеді. А йына 70 тонна ет үздіксіз технологиямен өндіріліп отырады.
Кейіңгі 20 жыл ішінде шошқа шаруашылығы саласының жеделдетіп өсіру, негізінен өндірісті мамандандыру және шоғырландыру арқылы жүргізіледі. Сол шоғырландырудың арқасында әртүрлі аймақтарда негізінен шаруашылықтың үш түрі пайда болды.
А - бордақылау өндірісі - жас малдарды басқа шаруашылықтардан алып бордақылау.
Б - репродукторлық шаруашылық, жас малдарды алып 4 айлық жасқа дейін өсіріп, бордақылайтын шаруашылықтарғы сатады.
В - ірі шошқа кешендерді, өнімді жабық цикл жүйесімен өндіру. Бұл шаруашылықтарда жас малдарды өндіріп, өсіріп әрі қарай бордақылап сойысқа өткізеді.
Г - асылтұқымды шаруашылықтар, негізінен асылтұқымды жас малдарды өсіріп басқа шаруашылықтарға сатады. С
Жабық цикл жүйесімен ет өндіретін шаруашылықтар өте тиімді. Кеңес одағы кезінде осы жүйемен істейтін 108; 54; 24; 12 мың басқа арналған шаруашылықтар Қазақстан Республикасының Қарағанды (108), Алматы (54), Шығыс Қазақстан (24), Қостанай (12) облыстарында салынып, іске қосылды. Осы кешендерден тек « Алтын диірмен» корпорациясы АҚ қарасты «Бекон» шошқа шаруашылығы (20 мың бас) жұмыс істеуде.
Кешендердегі технология үздіксіз шошқа етін өндіруге негізделген. Шошқаларды мамандандырылған бір қорадан екінші қораға ауыстырып отыру, шошқа шаруашылығындағы технологиялық циклдің негізі болып табылады, яғни аналықтарды қашыру, буаз және емізетін аналық шошқаларды бағу, торайларды өсіріп, бордақылау кезеңдеріне бөлінеді.
Үлкен кешендерде барлық өндірістік топтағы шошқаларды сыртқа шығармай, әсіресе аналық шошқаларды 32 күндік буаз мерзімінен бастап емізетін кезеңіне дейін ұстайды. Торайларды 15 күнінен 106 күніне дейін құрғақ құрама жеммен, ал бордақылауға қойылған шошқаларды сұйық жеммен азықтандырады.
Шошқа етін өндірістік негізде өндірудің ең бастысы, оларды үздіксіз жоғары деңгейлі құрама жеммен қамтамасыз ету болып табылады. Құрама жемді рецептісімен жасай алмаған жағдайда шошқалардың сапалық көрсеткіштері төмендеп кетеді, әсіресе өсіп - өну цехінде, торайларды өсіріп, оларды бордақылаған кезде. Осының салдарынан малдардың жылжу технологиялық ритмі бұзылады, бұл соңында шаруашылықта шошқа етін өндіруге кері әсерін тигізеді. Шошқа етін өндіруде екінші шешуші фактор - табында мықты дені сау малдармен жаңалап отыру. Шошқаларды өндірістік фермалармен кешендерде жоғары қарқынды пайдалану, мегежіндердің қысыр қалуына және торайлардың өмір сүргіштік қасиетін төмендетеді.
Торайларды енесінен 26 күндік жасында айыру, жегежіндерді қарқынды пайдалануын 0, 3 - 0, 4% көтерді, бірақ торайлардың өсімі жоғары деңгейде азықтандырғанның өзінде 2 айлығында 10 - 12кг салмақ тартуы керек.
Шошқа шаруашылығында әртүрлі механизацияларды пайдаланып, жұмыстарджы автоматты түрде игеру, малдарға әртүрлі стресс жағдайларын тудырып отырады. Бұндай жағдайлар температураның әртүрлі өзгеруінен вакцинация жасалғанда, тасымалдау кезінде, малдарды үлкен тығыздықта ұстауда, агрегаттардың қатты дыбыстарынан болып тұрады. Шошқалардың әртүрлі тұқымдары өндірістік технологияға әртүрлі бейімделеді, кейде малдардың ауруларға қарсы тұру күштері төмендеп азып - тозып, көбінесе өлімге ұшырайды.
Шошқаның жаңа технологияға нашар бейімделуінің негізгі белгілері: мегежіндердің көптеп қысыр қалуы, торайлаудың ұзаққа созылуы, каннибализм, ас қорыту органының ауруға шалдығуы (жара), салмақ қосудың төмендеуі және өнімді азықпен ақтау, етінің сапасының төмендеуі және тағы басқалар.
Кешендерде шошқа басының шоғырлануы малдәрігерлік - санитарлық нұсқаулардың заңдылығының сақталуын керек етеді, әсіресе басқа шаруашылықтан жас малдарды алып келіп, өсіру кезінде. Шошқа шаруашылығының шоғырлануы және оның өнеркәсіптік негізде көшірілуі шошқа етін өндірудің іс жүзіндегі бүкіл технологиясын қамтитын салаларды басқарудың бірқатар мәселелерін ғылыми тұрғыда жетілдіріп, өндірістік сынақтан өткіуді талап етеді. Өндіріс типті ірі шаруашылықтарда шошқа етін өндіру - осы замаңғы технологияның өндірістік қарқындылығымен барлық цехтар және звенолардың өзара байланыстылығымен, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процестерді жоғары дәрежеде механикаландыру және автоматтандырумен, табындарды стандарттап, біртектестендірумен сипатталады. Басқа үй малдарымен салыстырғанда шошқа - буаздық кезеңінен қысқалығымен, көптөлділігімен, шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Олардың тірілей салмағын арттыруға азық аз жұмсалады, сондай - ақ шошқа етін өндіруге көп еңбек жұмсалмайды. Қазіргі уақытта шошқа шаруашылығындағы етті бағытты анықтауда үлкен ғылыми - өндірістік жұмыс жүргізілуде.
Курстық жұмыстың мақсаты - шошқаларды бордақылау кезінде пайдаланылатын азықтармен және азықтандыру нормаларымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттер - шошқаларды бордақылау, өсіру және өсімін жеткізу туралы, шошқаларды тамақ қалдықтарымен бордақылаудың ерекшеліктерімен және шошқаларды бордақылау кезінде азықтандыру ерекшеліктері туралы түсінік беру.
1. 1. Әдебиетке шолу
В. Н. Баканов, В. К. Менькин [1] Өз еңбектерінде тұқымдық қабанды қалай азықтандыру туралы толық сипаттама берген. Соның ішінде шарушылықтағы асыл тұқымды шошқалар дұрыс азықтандырылып, зауыттық кондицияда болуы шарт. Арықтап не, керісінше семіріп кеткен шошқалардың ұрықтанушылық қабілеті төмендеп, ұрық сапасы нашарлайды. Оларды тазалықта ұстау керек. Қыс айларында оларды сабаннан немесе шөптен жасалынған щеткамен тазалайды, ал жазда суға түсіреді. Олардың тұяқтары тез өсіп жетіліп олардың қозғалып жүруіне кедергі келтіреді. Дұрыс ұрықтануы үшін ұрықтандыруға 14 күн қалғанда 100 кг тірідей салмағына шаққанда сақа мегежінге - 1, 5-1, 8 кг, екі жасқа дейінгі жас мегежінге - 1, 8-2, 4 кг құрғақ зат келетіндей етіп азықтандырады. Азық құрғақ затының әр 1 кг-да - 1, 5 а. ө., 105 гр қорытылатын протеин, 6 г лизин, 140 г «шикі» жасунық, 5, 8 г ас тұзы, 8, 7 г кальций, 7, 2 г фосфор, 11, 6 мг каротин, 7 мг В, 23 мг В 2 , 1, 16 мг В 3 , 29 мг В 4 , В 12 витаминдері болуы тиіс. Шошқаның тым семіріуінің де нәтижелі ұрықтануға кері әсер ететінін ескереді.
З. Д. Гильман [2] өзінің зерттеу жұмысында тамақтағы белоктан организмге майдың түзілуін түсіндірді. Ол пішіннің, көк азықтың және тағы басқа азықтардың нәрлілігін анықтаудың өзіндік түпнұсқа әдістерін зерттеді
А. Дәрібаев пен Ж. С. Әткешов [3] өз зерттеулерінде шошқаларға берілетін азықтарға және қосымша азықтарға сипаттама беріп, олардың құрамы туралы жазады. Азықтар қоспалар рацион құрамында жетіспейтін қажетті заттармен толықтыратын, малдан алатын өнім мөлшерін көбейтетін кез келген қосымша азықтар. Шаруашылықта мал мен құсты азықтандырғанда негізінде өсімдік және жануар тектес азықтарды қолданады. Егер бұл азықтар малды қоректі заттары мол азық қоспаларын қолданады. Технологиялық қасиеті, биологиялық құрамы, құрамындағы қоректік заттардың мөлшері және организмге әсер ету жағынан алғанда жем - шөп түрлері бір - біріне ұқсамайды.
А. А. Егеубаев, К. К. Құсайнов [4] Шошқаларды әсіресе қабандарды және еркек торайларды да піштіру шошқның бордақылану сапасын жақсарта түседі.
А. Б. Таңатаров [5] және басқалардың пікірі бойынша (2005) шошқаны көбінесе құрғақ азықтармен (сүт, көк сүт, балық ұны, ет сүйек ұны, ет ұны) енгізіп азықтандырады. Еске алатын жағдай, қабандарды май басып, семіріп кетпеуін қадағалау өте өажет. Жыл кезеңіне қарамай күнделікті серуендеуі күн тәртібіне енгізілді.
Н. О. Омарқожаев [6] мәліметі бойынша ТМД елдерінде ет өнімдерін өндіруде және оны пайдалануда шошқа еті ірі қара етінен кейін екінші орында. Шошқа етін өндіру келешекте де өсе беретініне де ешқандай күмән жоқ. Қазіргі кезеңде өндірілген жалпы еттің мөлшерінен 38 - 40 %-ы шошқа етінің үлесіне келеді. Жақсы жағдайда ұстап баққанда және толық құнды азықтандырғанда мегежіннен бір торайлағанда 10 - 12 және одан да жоғары торай алуға болады. Бір мегежін жылына 2 рет торйлағанда 20 - 24 торай алынып өсіріледі және оларды бордақылағанда жылына ең кем дегенде 2 - 2, 5 т ет өндіріледі.
Н. О. Омарқожаев [7] мәліметінде шошқаларға құнарлы жемді 2 - 2, 5 кг арпа, сұлы, жүгері, бұршақ, күнжара мен шрот қосындысы түрінде береді. Жеңіл қорытылатын энергия көзі ретінде қызылша, каротинге бай қызыл сәбіз, витаминді шөп ұнын қосады. Жазда оларды 1 - 1, 5 кг жоңышқа, беде, есекмия, бұршақ және бұршақ - астық тұқымдастар көгі түрінде көк азықпен алмастырылады. Көк шөпті шошқаларға алдын ала 5 - 10 мм етіп турап немесе мыжып, жеммен араластырып берген жөн. Асыл тұқымды шошқа азығына өндірісте дайындалған толық рационды құрама жемді көк сүтпен не сүт сары суымен ылғалдандырып тәулігіне 2 рет берсе болады.
В. Г. Козловский, Ю. В Лебедев, В. А. Медведев [8] және басқада ғалымдардың зерттеулері (1987) сүрлем салынған жоңышқада көптеген амин қышқылдары азаятынын көрсетеді.
Ұшаның төмен сапалы болып келуі шошқаны бордақылаудың бастапқы кезінде жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп жіберуден де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін шошқаны әр уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп - бағу қажет. Бордақылаудағы сақа шошқаның протеинге деген қажеттілігі аса жоғары болмайды. Ал өсіп келе жатқан торайлар үшін протеин мөлшерінің ерекше маңызы бар.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Шошқаларды ұстау жүйелері, әдістері және ветеринарлық гигиенадан баға беру.
Шошқаның биологиялық ерекшеліктері (азық талғамауы, көп төлділігі, тез жетілуі, салыстырмалы түрде стреске жоғары сезімталдылығы және т. б. ) олардың ауруларына қарсы шаралар белгілеуде негізгі факторлары болып саналады.
Шошқа етін өндірудің қазіргі технологиясы өндіріс цехтарынан тұратын конвейердің болуын қажет етеді. Атап айтқанда, онда мына цехтар қарастырылуы керек: торайлау цехы (онда мегежіндер торайлап, торайларды 35 - 65 күнге дейін өсіріледі) ; енесінен ажыраған торайлар цехы (бұл цехқа торайлар торайлау цехынан ауыстырылып 4 айлығына дейін өсіріледі) ; бұдан кейін жас шошқалар өсіру немесе бордақылау цехтарына жіберілді. Мегежіндер торайларын ажыратқаннан кейін бойдақ мегежіндер цехына, ал ұрықтанғаннан кейін олар буаз мегежіндер цехына ауыстырылады (одан қайтадан торайлау цехына оралады) .
Шошқа етін өндіру технологиясында өсірудің 1, 2 және 3 фазалы әдістері қолданылады.
• бір фазалы әдісте торайларды олар торайланған станоктарда өсіріп, бордақылайды;
• екі фазалы әдістерде торайларды торайлау цехынан, енесінен ажыраған торайлар цехына ауыстырып, сол жерде бордақылайды;
• үш фазалы әдісте торайларды үш жерден өткізеді: торайлау, өсіру және бордақылау.
Барлық әдістерде мегежіндерді торайларынан айырған соң ұрықтандыру цехына ауыстырады. Шошқа шаруашылықтарында оларды ұстаудың екі түрін қолданады: серуенге шығарып және серуенге шығармай . Серуендетіп бағудың өзі 2 түрлі варианттарға бөлінеді: уақтылы серуендету және өз еркімен серуендету.
Уақтылы серуендету жүйесінде шошқаны жекеленген немесе топтық станоктарда ұстап уақтылы оларды серуендету алаңына шығарып тұрады. Жекеленген станоктарда қабандарды, мегежіндерді және туған мегежіндерді торайларымен бірге ұстайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz