Ірі қара малының листериоз ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Кіріспе . . . 3 Әдебиетке шолу . . . 5

2. Негізгі бөлім.

2. 1Шаруашылықты аурудан сауықтырудың күнтізбелік жоспары . . . 25

2. 2Ауруды жою және одан сақтандыру шаралары . . . 27 2. 3 Шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайы туралы акт . . . 31

2. 4 Акт . . . 33

3. Қорытынды және ұсыныстар . . . 37

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 39

Кіріспе

Ауыл шаруашылығының саласы - ірі қара шаруашылығын дамытуда сиырлардан алынатын өнімді арттырып, ірі қара басын көбейту жолында кедергі болатын негізгі себептердің бірі - жұқпалы аурулар.

Листериоз- орталық жұйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретінде өтетін жұқпалы ауру. Осы ірі қара шаруашылығының өнімін және басын көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде балау жасап, аурудың алдын алудың маңызы зор.

Сиырлардың іш тастауымен, бұзаулардың және ересектерінің жүйке жүйесінің зақымдануымен, бұзаулардың катарлы энтеритке шалдығуымен, т. б. сипатталатын листериоз ауруы шаруашылыққа көп экономикалық зиян келтіреді.

Листериоздың ең қауіпті таратушылары және негізгі табиғи қорламасы- тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп, су және топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады. Ал ауыл шаруашылық малдары үшін ең басты жұғу көзі болып сүрлем саналады.

Листериозға белгілі бір аймаққа орын тебу және табиғи ошақтылық тән. Ірі қараларда маусымдылық байқалмайды, кез келген маусымда ауруға шалдығуы мүмкін.

Әдетте ауру қоздырушысы ірі қара денесіне негізінен ауыз арқылы, сонымен қатар, тыныс жолдары, көз конъюктивасы, зақымдалған тері арқылы енеді. Қан сорғыш жәндіктер: кене, бүрге, бит, т. б. қатысуымен трансмиссивті жолмен таралуы мүмкін. Көп жағдайда малдардың арасында листериозға шалдығуына кемірушілер арасында таралған індет себепкер болуы мүмкін.

Листериозды болдырмау үшін шеттен әкелінген ірі қараларды бұл аурудан сау шарушылықтан алу керек. Жемшөптің, әсіресе, сүрлемнің сапасын үнемі бақыланып, кемірушілермен күрес жүргізіледі.

Листериоз шыққан фермада малдарды жаппай қарап, ішінара ыстықтарын өлшейді. Орталық жүйке жүйесінде зақымданулар бар ірі қараларды бірден союға жібереді. Ауруы күдікті және ауру ірі қараларды оқшаулап, емдейді. Листерия алып жүруші және ауруы жасырын жануарларды анықтау үшін жаппай қан алып, АР және КБР бойынша тексереді. Оң нәтиже берген жануарларды да бөліп алып емдейді. Барлық қалған шартты түрде сау жануарларды АУФ штаммынан жасалған вакцина егілмесе бірден жемге антибиотиктер қосып береді.

Курстық жұмысымның мақсаты мен міндеттеріне мыналар жатады: ірі қара листериозына диагноз қойып, оған қарсы АУФ вакцинасын қолданып, осы препаратты листериоздың алдын алу үшін шаруашылықта қолдану. Көрсетілген мақсатты орындау үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдым:

  1. Шаруашылықтағы сиырларды және бұзауларды листериозға тексеру;
  2. Сиыр түсіктерін, аурудан өлген жануарлардың өлекселерін, ауру бұзаулардың көз конъютивасын, аузынан, жыныс мүшелерінен бөлінген сораларды листериозға тексеру;
  3. Ірі қара листериозына қарсы вакцинаны шаруашылықта қолданып, тиімділігін анықтау.

Міне, осы жоғарыда аталған жайттарды ескере отырып, мен осы өзімнің курстық жұмысымда ірі қаралардың листериозы індетін балаудың және алдын алудың тиімділігін, сонымен қатар осы ауру кезінде жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралардың неғұрлым озық нәтижелерін және тәсілдерін анықтап, қолдануды мақсат еттім.

2. Әдебиетке шолу

Т. Сайдуллиннің дерегіне сүйенсек листериоз- (histeriosis) нерв жүйесінің зақымдануымен, септицемиялық құбылыстармен, іш тастау және желінсаулармен сипатталатын малдардың жұқпалы ауруы. Листериозға адамдар да бейімді.

Малдардың листериозы жер шарындағы 56 елде, оның ішінде біздің елде де кездеседі.

Қоздырушы -histeria mocytogenes-оң грамды шеттері дөңгелектенген таяқша, спора мен капсула құрамайды. Әсіресе үй температурасында өсірілген жаңа культурадағылары қозғалуға қабілетті, фокультативті сенагроб, глицрені бар бауырлық ортада өседі. Листерин газсыз қышқыл құраумен қабат глюкозаны, рамкозаны ферметтейді, каталазаны шығарады. Листерийлардың күрделі антигендік құралы бар. Қазіргі уақытта олардың 15 санатикалық және 5 жгутикалық сентигендері табылған. Барлық әртүрлі сентигендік қатынастағы листерий түрлерінің өкілдері екі сералогиялық топқа бірігеді. Штамдарда типтеу мен аурудың диагнозын қоюға пайдаланылатың листериоздық бактерифак алынады. Листерийлар ерекше шығарады. Әртүрлі факторлардың ықпалымен, оның ішінде пеницилиннің, листерийлердің а-формаларын құрайтың қабілеті анықталды.

Листерийлер ұзақ уақыт сырт ортада сақталады, төменгі температурада, өлі тканьдерде өсіп-өну қабілеті бар, кебекте және сулыда 105 күнге дейін, пішенде және ет-сүйекті ұнтақта 134 күнге дейін өмір сүре алады, төменгі температурада тұздалған етте ұзақ уақыт өлмейді. Ластаған топырақта, қыста-8-ден 115 күнге дейін жерге көмілген өлекселерде 45-күннен 4-айға дейін сақталған Листерийлер 5% лизол ерітіндісінің немесе креолиннің әрекетінен 10 минуттан кейін өледі. 2, 5% формальдегид немесе күйдіргіш натрийдің ерітінділері оларды 20 минуттан кейін, ал 100мг активті хлорлы әктің 1л ерітіндісінде 1сағаттың ішінде өледі. [1]

Листериозға қойлар, ешкілер, ірі қара малы, шошқалар, жылқы, үй қояндары, тауықтар бейімділік білдіреді. Листериоз басты қауіпті қойларға төндіреді, өйткені оларда айтарлықтай аурулық тен жоғары өніммен аяқталуды байқауға болады, әсіресе жас мал мен буаз малдар ерекше сезімтал.

Инфекцияның қоздырушысы көзі-мұрын сорабынан, жыныс органдарынан, іш тасталған ұрықпен несеппен, сүтпен бөліп шығаратын ауру малдар. Листериоздың қауіпті таратушылары тышқан тәріздес кеміргіштер деп саналады. Клиникалық дені сау ауыл шаруашылық малдары мен кеміргіштерде ұзақ листерий тасушылық анықталған.

Шошқаның листериозының маусымдық сапасы бар және қоздырушының берілу механизімінің активтелуіне және малдардың резистенттілігінің төмендеуіне байланысты қысқы-көктемгі мерзімде білінеді. Листериоздың және ірі қара малының қатерлі катаральдік қозбасының, листериоз бен обаның, Ауески ауруының, сальшонеллездің немесе шошқа пастереллезінің листериоз бен тауықтардың пуллорозының бір мезгілде өтетінді жазылған.

Табиғи жағдайда залалдану мұрын және ауыз қуыстарының кілегей қабықтары, көздің дәнекер қабығы, асқорыту жолы сондай-ақ зақымдалған тері арқылы болады. Листериоз жекелеген жайлармен, сирегірек індетті түрде көрінеді. Нервтік формаларында өліммен аяқталуы 98-100%, септиколықта 50%-ке жетеді. Листерийларда ортада ұзақ уақыт сақталуына листерий тасушы малдардың бар болуына, сондай-ақ ауру жабайы фаунада қолдау табатын және ауыл шаруашылығы малдарына әр түрлі жолдармен берілетіндігіне байланысты кейбір пункттарда аурудың қайталануы-сипатты нәрсе.

Листерийлердің организимге енуі сепсистің дамуына, сонымен қатар симптомсыз ауруға әкеп соғады. Органимге листерийлердің таралуы нерогендік және гиматогендік жолдар арқылы болады ересек малдарда жиірек орталық нерв жүйесі, ал буаздық мезгілде жыныс ал кейінірек генерализденген гранулематоз дамиды. [2]

жасырын кезеңі 7-10 күн. Аурудың өтуі жіті, өкітілеу, созылмалы болады. Ауру бірнеше клиникалық формуда білінеді. Нервтік септицемиялық, аралас, симтомсыз, сондай-ақ жыныс жүйесі мен желімнің зақымдануымен. Шошқалардың жиірек орталық нерв жүйесі зақымданады. Ауру енжарлықтан, босандықтан, тәбеттің төмендеуіме, қалыптан тыс мінезден басталады. 1-7 күннен айналма қимылдар тепе-теңдікті жоғалту, діріл, көздің дәнекер қабағының қабынуы, стаматиттер байқалады. Дене температурасының көтерілуі аурудың басында болады немесе қалыпты жәйінде қалады. Аурудың ұзақтығы 10 тәулікке дейін. Басқа формасы жыныс жүйесінің зақымдануы іш тастаумен, шу түспеумен және метриттермен көрінеді. Листериоздың себебінен қоздырушының сүтпен ұзақ

бөлініп шығуымен жүретін желінсау пайда болады. Бұзаулар мен қозылардың листериозы септицемия түрінде, кейбір жағдайда орталық нерв жүйесінің зақымдануымен өтеді.

Листериозы бірталай аурудан ерекшелеу керек. Қатерлі катарльдік қызба дене температурасының жоғарылығымен керотиттермен, рениттарымен және столатиттарымен бөлектенеді: Бруцелез, компияобортериоз және трихомоноз негізінен тек қана іш тастаумен, орхит пен эпидемиттермен сипатталады осыған орай листериоздың клиникалық белгілері әр түрлі және жиірек алдыңғы қатарда орталық нерв жүйесінің зақымдануы тұрады. Листериозға диогноз қойғанда аралас инфекцияның мүмкіндігін естен шығармау керек.

Ең жақсы тиімділікті шартты сау мал тобын сақтандыру терапиясы береді. Ең тиімділері-хлортетрациклин, окситетрациклин, тетрациклин. Профилактикалық мақсатпен хлортетрациклинді 20гр дозасында, окситетрациклинді 1кг тірі массасында 25 г дозасында, окситетрациклинді 30 мг дозасында 1 кг тірі массасына 2-3 рет күніне клиникалық айығу сәтіне дейін және бірнеше күн өткен соң аурудың қайталануын профилактикалау үшін тағайындайды.

Листериозбен ауырып айығу процесінде малдың қанында аглютининдер мен комплемент байланыстырушы антителдер жиналады. Бірақ листериоздық сарысулар мен олардан бөлініп алынған гаммоглобулиндердің профилактикалық та, емдік те қасиеттері жоқ.

Листериоз ауруымен тұрған мал қораларын тазалайды және дезинфекциялайды, қораларға 20 % сулық ерітіндідегі формальдегидпен, формалинмен немесе формалиндік қоспамен аэорзольдік дезинфекция жасалынуы мүмкін, көңді залалсыздандырады. Мал қораларындағы және ферма аумағындағы кеміргіштерді жояды. Шарасыз сойылған малдардың басын, зақымданған ішкі органдарын, ішектерді утильдейді. Ұша мен зақымданбаған ішкі органдарды 2 кг-нан аспайтын бөліктер күйінде 2 сағат қайнатады. Малды сойған және утильдеген кезде

адамдардың өзінің профилактикасын сақтауға ерекше көңіл бөледі.

Листериозбен ауырған мал табылған шаруашылықты аурудан сәтсіз деп хабарлайды. Соңғы әкетілетінінен басқа мал әкелуге, не әкетуге, пісірілген бұйымдар жасауға . қайта өңдеу үшін ет комбинатына әкетілгендерінен басқасын, листеризбен ауырған малдармен жанастырылған жем-шөпті шығарып әкетуге тыйым салынады. Шаруашылықты аурудан сәтті деп ақырғы клиникалық ауру мал бөліп алынғаннан кейін 2 айдан соң және қорытынды механикалық тазалау мен ферма территориясы мен қораларын дезинфекциялағаннан кейін хабарлайды. Сиыр листериозы-орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретінде өтетін жұқпалы ауру.

А. В. Жаров, В. П. Шмиковтың дерегі бойынша қой листериозы-жетілмеген қан түзу мүшелері мен лимфоидты торшалардағы ісікті ұлпалардың таралуымен сипатталатын, тұқым қуалайтын созылмалы ауру.

В. А. Бусолдың деректерінде комплемент балау реакциясы үшін листериозбен ауырған ірі қара малдың ұлпалық антигенін қолданылады және серофлюоресценция реакциясы үшін листериозбен ауырған сиырлардың қан сарысуын пайдаланылады [3] .

В. Д. Егорова, Л. И. Притуланың дерегі бойынша ірі қара малдың листериозын балау мақсатымен қан сарысуын және ауру сиырлардың лимфа бездерінің 10%-тік сығындысын қолданды. Бірақ та мұндай антигендер өз түріне тән (типоспецификалық) қан сарысуымен айқын оң қорытындылар бермеді. Оның үстіне агар геліндегі преципитация реакциясына ауру сиырлардың ядро-цитоплазмалық және митохондриалды-сомальды фракциясының ұлпа клеткалары қолданылып, ол ойдағыдай тиімділік бермеген [4] .

В. Д. Егорованың айтуы бойынша агглютинация реакциясын қоюға листериозбен ауырған ірі қараның лейкоциттерінің жиынтығын антиген ретінде қолданды. Бұл жағдайда оң, теріс реакциялардың қорытындылары бірдей болған, сондықтан мұндай антиген ірі қараның лейкоз ауруын балауға жарамсыз [5] .

Осыған сәйкес А. Д. Валихов және т. б өз жұмыстарында лейкоцитарлық антиген алу жолдарын біршама жетілдірді. Бұл үшін олар онковирустық «С» типінің себіндідегі жиынтығын аяқ асты ауырған сиырдан алды. Себіндідегі вирустың белсенділігін жоюға эфир қолданды. Осы антиген ірі қараның 86 процентіне дейін листериоз вирусыменен залалданғанын анықтауға мүмкіндік берді. Дегенмен листериозбен ауырған немесеонковирутың «С» типімен залалданған ірі қараның лейкоциттерінен біртектес себінді

( монокультура) алу Қазақстанда жүргізілмеген.

199-ортаға ірі қараның 2% есебімен қан сарысуын қостық, 10мл клетка тұнбасына 10 мл-ге 0, 2 мг есебімен фитогеммаглютинин (ФГА), 100 Ед/мл пенициллин және 50 мкг/мл стрептомицин қостық. Сонымен сау сиырлардан алынған лейкоциттерге ірі қараның 20%-тік қан сарысуы, 10 мл клетка тұнбасына 0, 2 мл есебімен ФГА, 100 СД/мл пенициллин және 50 мкг/мл стрептомицин қостық. Клетка тұнбасын жеке-жеке көлемі 50 см3 Павлецский флаконына септік. Одан соң, оларды ыстықтағы 37С0 термостатқа орналастырып, 6-9 тәулік өсірдік. Қоректік ортаға 20 мкг/мл көлемде инсулин 3г/л глюкоза қосып, 35%-тік полиэтиленглюколмен өңделген ірі қараның 10%-тік қан сарысуын қостық.

2-3 флаконда жаппай бірқатар лейкоциттер түзілген соң, әр партиядан жекелеп алдық, ал қалған флакондардағы клеткаларды версенмен түсіріп алып, 1:2 қатынасында қан сарысуы, ФГА, пенициллин, срептомицин, инсулин РН 7, 2-7, 4 ортада термостатта алғашқы субкультура алғанша қайта өсірдік.

Жүргізілген тәжірибелердің нәтижесінде in vitro лейкоциттердің себіндісін өсіргенде 48, 72, 96 сағат өткен соң лимфоциттер мен лейкоциттердің алғашқы және субкультуралары алынып, мембраналарында бүршіктелген бөлікшелер бар көп ядролы синцития түзейтіндігіне көз жетті. Бұл лимфоциттер мен лейкоциттер клеткалардың өсінділерінде лейкоз вирусының өсіп өнетінін көрсетті [6] .

Ж. Б. Ахметов дерегі бойынша лейкоздар деп қан жасаушы клеткалардың жүйелі және үдемелі түрде өсіп кетуімен сипатталатын ісіктерді түсінеді [7] .

Н. А. Радчук дерегінде қанның түріне қарап - «ақ қан» ауруы деген ат берген болатын. Кейін ол «лейкемия» деген (лейкоциттер санының қанда көбейіп кетуі) терминге ауыстырылды. Бірақ лейкоздардың алейкемиялық, яғни қанда лейкоциттер санының көбеймейтін түрі түрі де бар, сондықтан біздің ғасырымыздағы 20- жылдарында «лейкоз» - яғни қан жасаушы ұлпаның жүйелі гиперплазиясы деген термин қабылданды. Қазіргі кезде лейкоздың орнынына гемобластоз термині қоданыла бастады. Бұл сөз қан жасаушы ұлпалар ісігі деген мағынаны береді [8] .

А. А. Канопаткиннің дерегінше тауықтар листериозын вирус қоздыратынын дәлелдеген. Одан кейін тышқан, құстар, теңіз шошқасы, ит, мысық лейкоздарын да вирустар тудыратыны анықталды. Дегенмен де адам лейкозының вирустар арқылы қоздырылуы әлі де толық дәлелденбеген. Тек Энштейн-Барр вирустарының Бернет лимфомасының дамуына қатысы бар екендігі жөнінде ғылыми деректер жиналуда [9] .

И. А. Бакулов, Е. И. Буткиннің айтуынша құс листериозы - қан түзгіш тканьнің уытты ісігімен сипатталатын созылмалы жұқпалы ауру. Сол ісіктерді құрайтын қан клеткаларының құрамына қарай лимфоидты, миелоидты, ретикулоэндотелиолды, эритробласталық болып жіктеледі. Солардың ішінде ең көп тарағаны лимфоидты лейкоз [10] .

А. Ф. Валихановтың көптеген зерттеулеріндегі деректер бойынша иондаушы радиацияның лейкоз пайда болуындағы ролін көрсетіп отыр. Мысалы, атомдық жарылысты басынан кешірген Хиросима мен Нагасаки тұрғындарының арасында басқа жапондықтарға қарағанда лейкоз 11-18 есе жиі ұшырайтыны анықталған. Семейдегі ядролық полигон айналасындағы тұрғындар арасында лейкоздар мен лимфосаркомалар санының Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда бірнеше рет көбейгені анық болып отыр. Рентгенологтар басқа дәрігерлерге қарағанда лейкозбен 8 рет жиі ауыратыны белгілі [11] .

В. М. Лемештің дерегінше листериоз өнім берушілік деңгейіне тәуелсіз әр түрлі жастағы малдарда кездесе береді, негізінен малдың 4-8 жас аралығында [12] .

Ф. М. Орловтың айтуынша ірі қара листериозы кезінде олардың бүйректерінде өте қатты зақымдалулар мен ұлғаюлар жүреді. Тіліп қараған жағдайда бүйректен ақшыл-сұр ошақты ісіктерді көруге болады [13] .

К. Б. Бияшев пен Б. К. Толыcбаевтың деректері бойынша листериоздың шығуы мен дамуы спецификалық вирус әрекетінің себебінен, инфекцияланған малдың генетикалық бейімділігі менолардың организмінің иммундық қорғанысының төмендеуінен болады [14] .

В. М. Нахмансон мен Л. Т. Бурбаның айтуынша көптеген химиялық канцерогендер (бензпирен, холантрен және т. б. ) ісіктерімен қатар листериозды шақыра алады. Лейкоздардың пайда болуында гендер мутациясының маңызы зор. Мысалы, созылмалы миелолейкозда 22-жұптағы аутосоманың біреуінің көлемінің кішілігі әрдайым кездесетін құбылыс. Оны филадельфия хромасомасы деп атайды [15] .

Х. С. Жұмабеков, К. Ю. Дербышевтың дерегінде листериоз туралы алғашқы хабарлар Германияда бұл дертке адам (Р. Вирхов), жылқы мен шошқа (Лейзеринг), сиыр (Зидамгродский) шалдығатындығы туралы басылғаны жөнінде айтылған. . Аурудың шығуы мен дамуы спецификалық вирус әрекетінің себебінен, инфекцияланған малдың генетикалық бейімділігі мен олардың организмінің иммундық қорғанысының төмендеуінен болады. Қазіргі уақытта бұл ауру барлық жануарларда, тіптен салқын қандыларда да (балық, рептилий) анықталып отыр [16] .

А. Жанұзақовтың зерттеулері бойынша листериоз ауруының белгілі бір тұқымдармен линияларға жататын малдың арасында басымдықпен таралуы жөнінде бақылаулар бар [17] .

В. Г. Гавримнің дерегі бойынша листериоздың қоздырушысын ауруды тек эндогендік және экзогендік факторлардың активтенуінен соң тудыратын латентті вирустарға жатқызады [18] .

В. П. Фролов, В. А. Макаровтың айтуынша листериоз ауруын таратпаудың негізгі шарасы -аурудан сәтті шаруашылықтарға лейкоздың вирусын тасымалдаушы малдар мен оны бөліп шығарушыларды әкелуден алдын -ала сақтандыру. Сәтсіз шаруашылықтан ірі қараны әкелуге тиым салынады [19] .

Г. Е. Аленечкинаның деректерінде ірі қара малдың қанындағы антигендерді табудың негізгі әдісі - иммуннодиффузия әдісі. Оған қоса осы мақсатта иммунноферменттік тест қолданылады [20] .

Ө. Ы. Ығылманұлының дерегінше ірі қара малының лейкозының вирусына қойлар мен ешкілер бейімді [21] .

Миеломды сырқат (плазмоцитома ) - Рустицкий - Калер сырқаты сүйек ұлпасында ісікке тән, лимфаоплазмобласт қатарына жататын, қан элементтерінің өсіп кетуімен сипатталады. Бұларды миеломды клеткалар деп те атайды. Оларды сүйек майында өсіп, сүйектердің пышақпен кесілетіндей жұмсарып кетуіне немесе сәл басқанда сынатындай морт болуына соқтырады. Кесіп қарағанда ми сауытында, төс сүйегінде, қабырғалар мен омыртқаларда қоңыр-қызыл, жұмсақ ісік түйіндері табылады. Рентгенмен қарағанда сол жерде әртүрлі дефектер көрінеді. Микроскоппен тексергенде сүйектерде остеолизис және остеопороз құбылыстары байқалып ісік түйіндерінің әртүрлі клеткалардан тұратыны анықталады. Миеломды клеткаларды плазмоцитты, плазмобласты, көп пішінді клеткалы және майда клеткалы деп ажыратады.

2. Шаруашылыққа жалпы сипаттама

Казталовка ауданы, «Қайнар» ЖШС шаруа қожалығында барлығы- 2000 шошқа, 500- ірі қара, 200- жылқы. Шаруашылықтың аймақтық агроклиматтық факторы- қоңыржай, оңтүстікте - субқоңыржай белдеуде орналасқан. Кәдімгі жайылым ландшафтары басым, мал шаруашылығын жүргізуге алғышарттар жеткілікті. Шаруашылыққа тән биомассасы жануар мен өсімдіктен құралады. Жабайы өсімдіктердің ішінде жайылымды құрайтын өсімдіктерді басым келеді. Жер қоры секілді, бұл да сарқылатын, бірақ көп мақсатта пайдаланылатын, қалпына келетін байлық.

Казталовка «Қайнар» ЖШС шаруашылығы өнімділігі бойынша шошқа және ірі қара шаруашылығына көңіл аударылған. Онда көбінесе шошқаларды

және ірі қара малдарды етті бағытта мамандандырылған. Төлдегіштер, ет өнімділігі аналыққа шаққанда өсірілген төлден алынған өніммен бағалайды.

Етті ірі қара шаруашылығы болғандықтан төлдегіштікті көтеруге селекция жүргізілген. .

Сиыр шаруашылығының технологиясына өзара байланысты ұйымдастырушылық шаралары мен ұдайы өсіп-өндіру жөніндегі практикалық әдістер, сиырларды азықтандыру және күтіп-бағу кіргендіктен, шаруашылықта бұл саланы жүргізу жүйесінің әртүрлі технологиялық жүйелеріне орай жүзеге асырылған. Ірі қара шаруашылығында әртүрлі технологиялық жүйелердің жұмыс істеуіне табиғи-климаттық жағдай әсер етеді.

Бұл шаруашылықта табиғи шөбі бар жерлерде қыстық күндерінің өзінде шошқаларды жасақтау, үйек салу, төлдету, жас малдарды өсіру және басқалары сала технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.

3. Шаруашылық экономикасындағы мал шарашылығының маңызы

Мал шаруашылығындағы тауар өндірісінің құнының 90 % құрайды, соның ішінде ет өндіру 70%.

Өсірілетін негізінен етті бағытындағы шошқалар. Бұл тұқымның шошқалары аймақтық қуаншылық табиғатына көнбісті келеді және сирек өсімдік жамылғысына жайылып, жақсы салмақ қосады.

Жалпы алдын-алу шараларына малдарды толық қоректі азықтармен, жарамды ішер сумен, талапқа сай қора-жайлармен қамтамасыз етіп, тиімді күтіп-бағу жағдайларын туғызу жатады. Бұлар шаруашылық өндірістік жұмыстар қатарында болғанымен де азықтық, судың сапасына, малдардың денсаулығына, фермада мал дәрігерлік гигиеналық және санитарлық нормативтер мен ережелерін сақтауына күнделікті қадағалауды қажет етеді. Жалпы алдын алу мал дәрігерлік шаралар ретінде ерекшелеген жұмыстардың бірі - клиникалық байқау.

Клиникалық байқаудың диагностикалау және профилактикалауда маңызы өте зор. Клиникалық байқаулар шаруашылықта жоспар бойынша немесе лажсыздан жүргізіледі және олар жекеше, топтық, жалпы, жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Шаруашылық өндірістік бағытта, байқаудың көздеген мақсатына орай оны жылына 2 рет, тоқсан сайын, ай сайын, одан да жиі жүргізуге болады. Жоспарлы байқаулар көктемгі және күзгі науқандар қарсаңында жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Листериозды балау, дауалау шаралары
Ірі қараның пастереллез ауруы
Некробактериоз
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Құтырық ауруы
Ірі қара пастереллез ауруы
Пастереллез сипаттамасы
Бруцеллиоз
Аймақта құтырық ауруының ақырғы рет орын алған уақыты
Ветеринария мамандығы бойынша оқу практикасының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz