Бруцеллиоз


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

Әдебиетке шолу . . . 6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Бруцеллезді балау . . . 9
  2. Бруцеллезді арнайы дауалау шаралары . . . 11
  3. Жануарлар бруцеллезіне қарсы қолданылатын тірі вакциналар . . . 13
  4. Бруцеллезге қарсы өлі вакциналар қолдану . . . 16
  5. Бруцеллезбен күресу жолдары . . . 19
  6. Жануарлар бруцеллезін алдын алу және емдеуге қолданылатын деректер . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Бруцеллез - жұқпалы ауру, ол малдың барлық түлігіне және басқарооролр да жануарларға: ірі қараға, түйеге, бұғы, жылқыға, қой менод ешкіге, итке, кемірушілерге және құстарға жұғады. Ауру қоздырғышы 1886 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Д. Брюс анықтаған. Оның негізінен бірнеше түрі бар. Олар: мелитензис бруцелласы, абортус бруцеллесы, суис бруцелласы, нетома бруцелласы, канис бруцелласы. Бұл түрлердің өзі бірнеше жіктерге бөлінеді. Бруцелла микроскоппен қарағанда шар, тырнақша, өте қысқа таяқша тәріздес, былайша айтқанда микрококктар мен таяқшалар арасынан орын алатын микроорганизм. Олар көбіне ретсіз, бірі - бірімен тізбектеліп немесе қосарланып жатады, спора құрмайды, қозғалу қабілеті жоқ. Қоздырғышы организмге клетка ішінде тіршілік ететін болғандықтан бұұл аурумен ауырған малды емдеу өте қиын. Бруцеллезге шалдыққан жануардың қанағақ қабықтары қоймалжыңды инфильтрленген, қалындаған, фиброн мен ірің үлпектерімен тұмшаланған, кейде оларда қан құйыолу байқалады. Іш тасталған ұрықтар ісінген, кіндік жуандаған, тері асты клетчаткасы серозды - геморрагиялық инфильтрленген, ұрықтың ұлтабарынан сарғыш немесе ақ кілегейлі немесе үопек массаларды табуға болады. Ішектің, қуықтың сірілік және кілегейлік қабықтарында қан құйылу болуы мүмкін. Іш тасталған аналықтарда іріңді - некроздық эндометрит, интерстициялдық желінсау, буындар мен бурсалар зақымданса - олардың қабықтарының қалыңдауын, қуыстарда сірілі - фибриноздық эксудатты байқауға болады. Ауру еркектерінде аталық жыныс пен ен қосалқысында - қабынды - некроздық ошақтар байқалады.

Қазіргі уақытта бруцеллез індеті әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде біздің елдеде кездеседі. Бұл ауруды кеңінен зерттеп, оның таралу себептерін және онымен күресу шаралары жөнінде көптеген зерттеулер жарық көрді. Бруцеллез ауруы еліміздің дамуына кедергі келтіріп, малдан алынатын өнімдердің сапасын төмендетіп, экономикасына үлкен зиянын тигізуде. Бруцеллез індетімен ауылшаруашылық малдары ғана ауырып қана қоймай, сонымен қатар адамдарда ауырады. Адамдарға ең қауіптісі болып негізінен қой-ешкілердің бруцелла індетінің қоздырғыштары болып табылады.

Қазақстан Республикасы мал шарушылығында ірі қара және қой бруцеллезі жөнінен індеттік ахуал әлі күнге күрделі жағдайда қалып отыр. Соңғы 8 жыл ішінде республика бойынша тіркелген бруцеллезден таза емес пункттер саны ірі қара бруцеллезі бойынша 5-28 ге дейін болса, ал қой ешкі бруцеллезі бойынша бұл көрсеткіш 5-тен 268-ге дейін жетіп отыр. БҚО осы жылдарда республикада ірі қара бруцеллезінен таза емес пункттер санынан бірінші орында, яғни 44 пункт бар. Қой бруцеллезінен таза емес 25 пункт бар, бұл республика бойынша Жамбыл, Алматы, Қызылорда, ОҚО, ШҚО облыстарынан кейінгі 6 орында, яғни ірі қара және қой бруцеллезі БҚО үшін үлкен экономикалық және әлеуметтік мәселе болып саналады.

Республикалық СЭС мәліметтері бойынша елімізде жыл сайын бруцеллезге шалдыққан 2500 - 3000 адамға дейін тіркеледі.

Адамдардың негізгі бруцеллез жұқтыру көзі жануарлар болып табылатын болғандықтан, бруцеллезбен күресу шаралары өте жоғары дәрежеде және тиімді болуы керек.

Бруцеллезді балау және онымен күрес шараларын ұйымдастыру үшін қажет мәліметтер, індеттанулық зерттеулерге сүйене отырып алынады. Сондықтанда бруцеллез эпизоотологиясы жөніндегі мониторинг өткізудің осы індетке қарсы шаралар ұйымдастырғандағы маңызы зор.

Жануарлар бруцеллезін індеттанулық зерттеу, бруцеллездің даму динамикасын анықтау, сонымен қатар оның өту сипатын талдау індетке қарсы шараларды ғылыми тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Мал бруцеллезіне қарсы күресті жүргізгенде жалпы ұйымдастыру-шаруашылық шараларынан басқа, арнайы ветеринариялық іс-шараларды ғылыми негізделген әдістемелер бойынша іске асырудың үлкен маңызы бар.

Осы себепті Батыс-Қазақстан облысы шаруашылықтарындағы бруцеллезге қарсы жүргізілетін әр түрлі іс-шаралардың тиімділігін анықтау қазіргі таңда өте өзекті болып саналады.

БҚО шаруашылықтарда індеттанулық зерттеулер жүргізу арқылы мал бруцеллезінің пайда болу және шаруашылықтардың одан әлі күнге тазармау себептерін анықтау және облыстағы бруцеллезге қарсы жүргізілген арнайы ветеринариялық шараларды талдау негізінде мал дәрігерлік тәжірибеге ғылыми-негізделген арнайы шаралар жүйесін ұсыну.

Осы мақсатқа жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:

- БҚО ветеринария тарихы туралы алғашқы деректерді зерттеу және облыс шаруашылықтарындағы мал бруцеллезі жөнінен соңғы жылдардағы індеттік ахуалды талдау;

- өндіріс жағдайында қолданылуға ыңғайлы бруцеллезді балаудың кейбір әдістерінің тиімділігін анықтау;

- бруцеллезге қарсы инактивтелген өлі вакцина алу әдісін ойластыру;

- жануарлардың бруцеллезіне қарсы иммунитет деңгейін және бруцеллезді дауалау тәсілін жетілдіру;

- бруцеллезді дауалау және емдеу дәрмектерін ойластыру;

- бруцеллезге қарсы шараларды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу.

БҚО шаруашылықтарындағы бруцеллез жөнінен індеттік ахуал анықталып, оны талдау нәтижелері бруцеллезге қарсы шараларды жоспарлағанда пайдаланылды.

Бруцеллезді балау және дауалау жөніндегі жаңа ұсыныстар бруцеллезге қарсы шаралар тиімділігін анағұрлым арттыра түседі.

Бруцеллезге қарсы инактивтелген өлі вакцина және оны дауалау және емдеуге арналған дәрмектерді өндіріс жағдайында қолдану шаруашылықтарды сауықтыру мерзімін қысқартты. Дипломдық жұмысты орындау барысында алынған нәтижелер бруцеллездің алдын-алу және онымен күрес жөніндегі ұсыныстар ретінде мақұлданып облыс шаруашылықтарында бруцеллезбен күрес шараларын өткізгенде пайдалануда.


Әдебиетке шолу

И. П. Дербеденов - айтуы бойынша бруцеллез індеті - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және сонымен қатар жыныстық қабілетінің төмендеуіне алып келетін жұқпалы ауру. Онымен ірі қара мал, қой және ешкі, түйе, жылқы, киік, шошқа, ит, кеміргіштер мен құстар да ауырады. Адамдарға ауру көзі болып жануарлар саналады, сондықтан бруцеллез зооантропоноздық аурулар қатарына жатқызылады. Ауруды қолдан салқын қанды жануарларға да жұқтыруға болады. Бруцеллез қоздырушысы белгілі болғаннан бері қаншама уақыт өтіп, қаншама ғалымдар осы індеттің эпизоотологиясын, клиникалық және ауруды балау саласында жетістіктерге жете отырып, бруцеллез ауруының берілу жолдарымен таралу көздерін жете зерттеген. Бірақта, осы жүргізілген жұмыстардың жетістіктеріне қарамастан жануарлар арасындағы бруцеллез індетін жою мәселесі толығымен шешілген жоқ.

Бруцеллалар: грамм теріс, жиі кокк тәрізді формада кездеседі, (таяқша, овоид тәрізді) қозғалмайды, капсула болуы мүмкін. Бруцеллалардың 6 түрі белгілі. Brucella melitensis қойлар мен ешкілерде бруцеллез тудырады. (бұл қоздырғыштың 3 биотипі бар, ол адамдарда бруцеллездің қиын, жіті түрін тудырады) . Brucella bovis ірі қараның қоздырғышы болып табылады. 9 биотипі бар. Brucella suis, негізінен, шошқаларда кездеседі. 4 биотипі бар. Адамдарда оңай өтетін түрде болады, жиі созылмалы формалары дамиды. Brucella canis - иттердің бруцеллез қоздырғышы, Brucella ovis - қошқарлардың жұқпалы эпидидимитін шақырады, Brucella neotomae - АҚШ-та шөл атжалмандарының қоздырғышы және т. б. Бруцеллалардың түрлі жануарларға көшіп-қону мүмкіндігі белгілі бір эпизоотологиялық мағынаға ие болады. Brucella melitensis-тің ешкілер мен қойлардан сиырлар мен шошқаларға; Brucella suis-тің шошқалардан қойлар мен ешкілерге көшуі дәлелденген.

Түрлі жануарлар, барлығынан бұрын ірі қара және ұсақ мал, аурудың негізгі резервуары немесе көзі болып табылады. Сонымен бірге, бруцеллез ошақтары жабайы фаунада сақталып қалған (негізінен, аша тұяқты жануарлар, қоянтәрізділер, кеміргіштер) . Бруцеллезбен залалданған жануарлар қоздырғыштарды сүтпен, несеппен, нәжіспен, ұрық сұйықтығымен аурудың барлық мезгілінде бөліне береді. Бруцеллезбен ауырып, іш тастаған малдардың плацентасы және ұрығы бруцеллалардың сыртқы ортаға бөлінуіне байланысты ерекше қауіп төндіреді. [1] .

К. С. Омаров - қазіргі уақытта бруцеллез өте қауіпті зоонозды жұқпалы аурулардың бірі болып саналады, ол мал шаруашылығына, адамның денсаулығын және экономикаға дүние жүзілік мәселе болып табылады.

Оның жалпы халықтық денсаулық сақтауға маңыздылығы - бұл жұқпалы аурудың жануардан адамға тіке немесе тікелей емес берілуіне қатысты, ал бұл өз алдына ауруға, мүгедектікке және қызмет жасау қабілетінің жойылуына әкеліп соқтырады.

Европалық Одақ және Норвегия елдерінде қазіргі кезде бруцеллез бойынша біршама сәтті жағдай қалыптасқан.

Бруцеллезбен ең көп залалданған жануарлар саны және адамдардың жоғары залалдану мөлшері Жерорта теңізі бассейнінде, Латын Америкасы және Орта Азия елдерінде тіркелген.

РФ - да және ТМД елдері жануарлар бруцеллезімен күресте өте жақсы нәтижелерге жеткен, бірақ соңғы жылдары адамдардың ауруының өсу қалпы байқалады. Ең жоғары аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанда, Орта Азия республикаларында және Ресей федерациясы территориясында кездеседі. Бруцеллездің қауіптілігі оның көптеген жағдайларда жасырын, белгілерсіз өтуі немесе белгілері оған тән емес болуы мүмкін.

КСРО тарауына және егеменді елдер арасында жаңа шекаралар пайда болуына байланысты, нарықтық қоғам қатынастарының республика ішінде және оның шекарасынан тыс жерлерде құрылуына, халықтың көшіп-қонуына қатысты, онымен бірге, осы жағдайларға сәйкес, жануарлардың да орын ауыстыруы, фермерлік шаруашылықтар құрылуы, фермерлердің түрлі аймақтардан жануарлар сатып алуына байланысты ірі қара мен ұсақ малдардың бруцеллезінің өзіне тән алдын-алуының ролі жоғарылай түскен.

Қазақстан бруцеллезден ең сәтсіз аймақтардың біріне жатады. Мұнда адамдардың бруцеллезбен үлкен деңгейде зақымдалуы тіркелген.

Адамдардың бруцеллезбен ауруы оның жануарлар арасында таралуына көп көңіл бөлу керектігіне назар аудару қажеттігін білдіреді, себебі жануарлар бруцеллезі бар кезде адамдардың да бұл аурумен ауруы тоқталмайтындығы белгілі.

Бруцеллез әрбір шаруашылыққа жекелеп алғанда және мемлекетке жалпы өте үлкен экономикалық зиян келтіреді. Ол іш тастау; әлсіз, өмірге қабілетсіз төлдің тууы; қысырлық; сүт өнімділігінің төмендеуі сияқты бірқатар факторлардан құралады. Шаруашылыққа сүтті пастерлеу, өнімдерді залалсыздандыру, сонымен қатар көрші бруцеллез ауруынан таза шаруашылықпен байланыстың бұзылуы сияқты шектеу шараларын жүргізу де үлкен зиян келтіреді. Шаруашылықтарда бруцеллезді жою шараларын ұйымдастыру, сонымен бірге адамдар ауруы пайда болған кезде үлкен шығындар жұмсалады. Кейде ауру емдеуге келмейтін және адамды мүгедек жасайтын жағдайларға да әкеледі [2] .

И. Г. Галузов - қазақстанда бруцеллез жөнінде 1933 жылға дейін іс жүзінде ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілген жоқ десе де болады. Академик С. Н. Вышелесскийдің басшылығымен 1933 жылдың бас кезінде Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында бруцеллезді анықтау жөніндегі жұмыс ұйымдастырылды. Онан кейінгі жерде осы институт жанынан бруцеллезді, сондай - ақ тағы басқа да жұқпалы ауруларды анықтау тәсілдерін игеру жөніндегі мал дәрігерлік мамандар даярланды.

Бруцеллездің жалпы алғанда жеткілікті зерттелмеуі, оның республикада барған сайын тарап, экономикалық үлкен зиян келтіруі, аурудың малдан адамға жұғуының жиілей түсуі, Қазақстанда барлық істі үйлестіріп отыратын және кеңес беретін орталық болып табылатын ғылыми мекеме құруды талап етті. Міне, осыған орай Қазақ мал дәрігерлік ғылыми - зерттеу институты жанындағы ірі қара ауруларын зерттейтін зертхананы қайта құру негізінде 1937 жылдың бас кезінде бруцеллезді зерттейтін арнайы зертхана құрылды, бұл зертхананың індет жаппай тарап кеткен шаруашылықтар мен аудандарда, облыстарда осы індет бойынша эпизоотиялық, эпидемиологиялық жағдайды анықтауға, індетті анықтау тәсілдерін іздестіруге және оны жетілдіре беруге, шет аймақтардағы зертханалардың қызметкерлерін даярлап шығаруға, олардың мамандығын артыра түсуге, бруцеллезге қарсы шараларды жүзеге асыру ісіне ғылыми-әдістемелік басшылық етіп отыруға, малды індеттен алдын-ала сақтандыру, ауырғандарын емдеу, ауру малды іріктеп бөлек шығару, вакцина егу тәсілдерін әзірлеп, сыннан өткізуге, облыстық мал дәрігерлік зертханалардың жұмысына басшылық етуге міндетті болды.

Бруцеллездің жаппай таралуы және адамдардың бұл ауруға шалдығуының жиілеп кетуі медицина мамандарының да назарын аудара бастады. Осыған орай Қазақ санитарлық-бактериологиялық институты жанынан бруцеллез бөлімі ашылды [3] .

П. А. Карасевтың айтуы бойынша - Бруцеллез жөніндегі ғылыми - зерттеу жұмыстары бірте-бірте кең қанат жайды. Бұл жұмысқа зоотехникалық - мал дәрігерлік институтың эпизоотология және микробиология кафедралары (М. И. Иванов, П. А. Буланов) қатыса бастады. Өлкелік патология институтында (Г. Н. Удинцев) бруцеллезді зерттеу жөнінде бөлім ашылды, Қазақ ССР Ғылым академиясының Зоология институтында академик И. Г. Галузо, Көз аурулары институтында профессор В. П. Рощин және доцент В. М. Киселева, Медицина институтының патология кафедрасында профессор В. П. Очкур, эпидемиология кафедрасында профессор Г. Н. Удинцев жұмысты кең көлемде жүргізді. Орта Азияның обаға қарсы күрес жүргізетін институтында бруцеллезді зерттеу жөнінде бөлім ашылды.

Мал дәрігерлігі және медицина мамандары жұмысты кешенді түрде және тығыз байланыс жасай отырып жүргізді.

Республикамыздың жекелеген облыстарында бруцеллезге қарсы күрес жөніндегі шараларды жүзеге асыру ісіне тікелей ықпал жасап отыру үшін және бұл аурудан өту барысының ерекшеліктерін зерттеу үшін облыстық мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу станцияларында тиісті жұмыстар атқарыла бастады. Бұл жұмыстарға Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының бруцеллезді зерттеу жөніндегі зертханасы басшылық етті. Мұндай жұмыстар Орал, Гурьев, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Целиноград облыстық станцияларында жүргізілді және осы уақытқа дейін жұмыс жүргізіп келеді.

Республика қазіргі кезде осы ауруды зерттеу жөнінде еліміздегі және ТМД аумағында жетекші орталықтардың бірі болып отыр, бұған институт ғалымдарының еңбектерінде, отандық және шет елдік арнаулы журналдарда жарияланған бруцеллездің әр алуан мәселелері жөніндегі монографиялар, кітаптар, нұсқаулар, жүздеген ғылыми еңбектер дәлел бола алады.

Қазақстанда бруцеллезді зерттеу ісіне, , К. П. Студенцов, , В. Г. Уваров, В. К. Антонов, Г. Н. Удинцев, , Н. Д. Беклемишев, П. П. Очкур, И. Қ. Қарақұлов, М. И. Иванов, П. А. Буланов, , М. И. Солоницын, П. И. Островидов, И. Л. Жалобский, А. А. Пальгов, М. М. Ременцова, Б. Р. Узбекова, Ф. И. Усманова, В. М. Киселова, К. Т. Мирошниченко, Н. В. Сафронов, Н. П. Иванов, И. Ф. Задорожный, В. И. Белобаб, В. Б. Тен және басқа ғалым-мамандар зор үлес қосып, республикадағы, облыстардағы немесе тікелей шаруашылықтардағы мал дәрігерлік қызметке басшылық етті, көптеген нақтылы мәселелерді шешуге өз үлестерін қосты және қазіргі таңға дейін бруцеллез індетімен күресу үстінде .

бруцеллез індетінің тоқтаусыз жалғаса беруі негізінен індеттің қоздырушы көзі, берілу механизмі және ағзаның осы індетке бейім келуінен туындайды. Аталған бұл көрсеткіштер тек індеттің пайда болуына ғана емес, сонымен қатар індеттік үрдістің пайда болуына алып келед. Көрсетіліп отырған осы көрсеткіштердің барлығы бірдей емес. Бұлардың ішіндегі ең белсендісі, қауіптісі - індеттің қоздырушысы, яғни ауру мал.

Індеттік тізбекті жою үшін бруцеллез індетімен күресу жолдары жасалынады. Бруцеллез індетін жою немесе алдын-алу іс шараларын жүргізудегі бір ерекшелік оларды кешенді түрде қолдану. Біріншіден індет көзін және қоздырушының берілу механизмін анықтап алу қажет. Елімізде бруцеллезге қарсы іс-шараларды ұйымдастырылған және бекітілген нұсқауға сай жұмыс жоспарлы түрде жүргізіледі. Бұл індеттен сауықтыру үшін мал дәрігерлері, медицина мамандары, шаруашылық басшылары және жергілікті кешендердің бірігуінің арқасында жүргізілген іс-шаралар ғана жемісті болады [4]

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Бруцеллезді балау

Бруцеллезді балау клиникалық, серологиялық және аллергиялық әдістерді қолдана отырып жүргізіледі.

Клиникалық белгілері Ірі қара малда бруцеллез көп жағдайда клиникалық белгілері білінбей, үстіртін не жасырын түрде өтеді. Ауырған аналық малдың негізгі белгісі - іш тастау. Буаз аналықтардың іш тастауы 3-4 айлық немесе 6-8 айлық кезінде болады. Аборттың болу мезгілі ауру микробының жұғуына тығыз байланысты. Ал, бруцеллез микробтары буаз сиырларға 1-2 ай немесе 7-8 ай шамасында мезгілі көп жағдайда малдың туу қарсаңында болады және алғаш туатын құнажындарда бруцеллезбен ауырған жағдайда жаппай іш тастауы байқалады. Оның саны 30-50 пайызға дейін жетеді [13, 15, 28, 29, 32] . Ауру сиырда аборт бір рет болады, ал екі не үш рет іш тастауы өте сирек кездеседі. Сиырда іш тастауына 2-3 күн қалғанда оның сыртқы жыныс ағзалары ісініп, қызарады және жатыр алды бөлімінен қызғылт иіссіз кілегей ағады. Мұндай малдың буындары қабынып, жүргенде қатты қиналады, көпке дейін оның шуы түспейді, жатыр ішінде шіриді. Ақырында мал эндометритке, метритке, вагинитке ұшырайды. Оның желіні қабынады. Мұндай жағдайда аналық малдың ұрықтану қабілеті жойылады.

Ауырған ірі қараның негізгі белгісінің бірі - буындарының ісініп қабынуы, әсіресе, тобық, тізе буындары. Бастапқы кезде буын іспей, ұстап қарағанда мал ауырсынады, содан соң ісініп, ісігі күннен-күнге ұлғая береді. Бара-бара буынға ірің микробтары түсіп, буын ісігі қатты қызып, мал мүлдем жүре алмай қалады. Ісік тесіліп, одан ірің ағады. Буында өзіне тән емес ұлпалар өсіп, ол әк тұздарымен қапталып буын қозғалысы бұзылады.

Бруцеллезбен ауырған бұқаларда іріңді орхит, эпидидимит, артриттер және синовиттер болады.

Бруцеллезбен ауырған сиырларда патологиялық өзгерістер сөл түйіндерінде, паренхиматозды ағзаларда және жыныс ағзаларында болады. Жыныс ағзаларының кілегей қабықтары ісініп, қызарады, жатыр алды бөлімінен қоңыр-қызыл түсті кілегей ағады. Ұрықтың қабығы қалыңдап ісіп қызарады, үсті іріңді-фибринге, қиыршыққа толы және өлі еттенуі байқалады.

Малдың тірі кезінде оның бруцеллезбен ауырғанын балау үшін негізінен серологиялық және аллергиялық әдістер қолданылады.

Серологиялық тексерулер Малдың бруцеллезге шалдыққан-шалдықпағанын анықтау үшін зертханаларда қан сарысуы арнаулы нұсқауға сәйкес серологиялық тексеруден өтеді. Бұл тәсілдің негізгі шарты- малдың ағзасындағы өзіне тән антиденелердің қан сарысуын агглютинация (АР), комплемент байланыстыру (КБР), комплементті ұзақ байланыстыру (КҰБР), Роз бенгал сынамасы (РБС), сүттің сақиналы реакциялары арқылы анықтау.

Агглютинация реакциясы (АР) пробиркадағы қан сарысуына бруцеллездік антигенді қосу арқылы ірі қара, қой, ешкі, жылқы және басқа да жануарлардың бруцеллезін анықтайды. Райт реакциясы айқындылығы мен қарапайымдылығына байланысты адамдардың және ауыл шаруашылығы малдарының барлық түлігінің бруцеллез ауруларын анықтауда кең пайдаланып келеді. Реакцияның ең маңызды жағы - індетпен жаңадан залалданған малдарды табуға көмектеседі [39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46] .

Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР) бірінші рет 1909 жылы сиырдың індетті іш тастауының себебін анықтау үшін қолданылған. Көптеген иегерлер КБР-ның айқын, тұрақты және ұзақ тұратын реакция екенін, оның бруцеллез ауруын АР-ға қарағанда тез анықтайтынын, әсіресе бұрыннан індет созылмалы болып келе жатқан шаруашылықтан ауру малды тез табуда маңызы жоғары екенін көрсетіп отыр.

Комплементті ұзақ байланыстыру реакциясын (КҰБР) қою тәртібі мен тәсілін 1940 жылы В. И. Иоффе, 1949 жылы В. С. Калинин, С. И. Гинзбург және Н. И. Шершевский жобалады.

1956 жылы П. А. Триленко бұл реакцияны ауыл шаруашылығы малдарының бруцеллезін анықтау үшін ұсынды.

Зерттеушілердің қорытындысы бойынша, КҰБР ірі қара мен ұсақ малдың бруцеллез ауруына өте сезімтал, былайша айтқанда, ауырған малды КБР-на қарағанда жақсы айқындайды [47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56] .

Сүтпен қоятын сақина реакциясы. Сүтпен қоятын сақина реакциясын сауын сиырға диагноз қою үшін Флейшауэр 1937 жылы ұсынды. Бұл реакцияның маңызы мынада, егер сүтте өзіне тән агглютининдер болса, онда боялған антигендер топтасады да, пайда болған агглютинат қаймақпен бірігіп, сүттің бетіне көтеріліп, боялған сақина жасайды. Сүттің төменгі бөлігі бояусыз қалады.

Сүтпен қоятын сақиналы реакция өте қарапайым. Сондықтан оны шаруашылықта, фермаларда және жайлауларда да қоя беруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бруцеллез
Бруцеллез ауруы кезіндегі иммунитет
Бруцеллезді балаудың жедел әдісі
«ОҚО Сайрам ауданы бойынша ауылшаруашылығы малдарының «бруцеллез (сарып)» ауруынан алдын алу және онымен күресу шаралары
Шығыс Қазақстан облысы Уржар аумағындағы мал шаруашылығындағы бруцеллез індетінің таралуын зерттеу
Бруцелла
Бруцеллезді балау, сақтандыру шаралары
ЖАНУАРЛАР БРУЦЕЛЛЕЗІН БАЛАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Бруцеллез ауруы, сақтандыру шаралары
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz