Бұзау трихофитиясы



КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Мал шаруашылығын шоғырландыру және мамандандыру арқылы бірте-бірте өнеркәсіптік негізге көшіру бұл саланы одан әрі дамытудағы басты бағытқа айналып отыр. Малдың жұқпайтын және жұқпалы ауруларымен күресте жалпы алдын алу шараларының үлкен маңызы бар, оған малдың денсаулық жағдайына бақылау жасау, оны азықтандырудың, бағып-күтудің және пайдаланудың зоогигиеналық нормаларын сақтау жатады. Төлдің денсаулығын сақтау бірінші кезекте азықтың мөлшері мен сапасына, рацион құрылымына байланысты болады. Ал азықтың сапасы көбінесе қайсы бір аймақтың табиғат-климат жағдайына байланысты болады, сондықтан да азықтың өсіп келе жатқан төлдің тек азық өлшемі жөніндегі емес, сондай-ақ сапалы азықтар мен мниералдық заттар мен витаминдермен қамтамамыз ететіндей болуына ұмтылу керек. Жұқпалы ауруларды тудыратындар-микробтар, вирустар, ең қарапайым ұсақ тіршілік иелері-саңырауқұлақтар. Ауру қоздырғыш микробтар – тек микроскоппен қарағанда көрінетін өте ұсақ организмдер. Жұқпалы ауруды қоздырғыштар организмге түрлі жолдармен енеді және әр түрлі жабайы және үй жануарларынан жұғатын, адамдар мен жануарлардың жұқпалы аурулары болып табылады. Зооноздар қоздырғыштарының қатарына микроорганизмдердің көптеген түрлері – бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, құрттар, паразиттік жәндіктер жатады. Зооноздарды екі топқа бөледі: үй жануарларынан жұғатын зооноздар және жабайы жануарлардан жұғатын зооноздар. Үй жануарларынан жұғатын аурудың бірі –трихофития (бұзау таз). Ауру қоздырғыштар ауру малдан дені сау малға да түрлі жолдармен – топырақ, су, жем, ауа арқылы жұғуы мүмкін. Жұқпалы аурудың өлген малдардың өлексесі ауру қоздырғыштарды таратудың қауіпті факторы болып табылады; сондай-ақ малдың қиының да орасан зор қауіпі бар, өйткені оған мұрыннан, жатырдан, ауыздан аққан сұйықтық, сонымен бірге малдың садырасы, терісінің қотыры да түседі. Терінің суланып қабынуы нәтижесінде орыны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру трихофития ауруы шаруашылыққа зиян келтірумен қатар, зор экономикалық шығын келтіреді [1,2].
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Артемов Б.А. Эпизоотология и инфекционные болезни сельскохозяйственных животных Москва: Колос. 1984, c.251-256
2.Боранбаева Р.С. Түйе дерматомикозының биологиялық қасиеті //Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Алматы, 2008. – І-том. – 597-599 б.
3.Қожанов Қ.Қ. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру шаралары. Алматы – 2005
4. Кашкин П.Н., Хохряков М.К., Кашкин А.П. // Определитель патогенных, токсигенных и вредных для человека грибов. – Ленинград «Медицина». Ленинградское отделение. -1979. -262 с.
5. Орешкин С.С., Ананьев П.К., Золотов В.С. //В кн.: Пушное звероводство и кролиководство. – Алма-АТА: Кайнар, 1988. – 304 с.
6.Толысбаев Б.Т., Бияшев К.Б., Мықтыбаева Р.Ж. Ветеринариялық санитариялық микробиология, оқулық. - Алматы - 2008. - 590 б.
7 Поляков И.Д., Иванова Л.Г. Клинические проявление дерматомикозов у различных видов животных, вызванной возбудителями трихофитии верблюдов / Бюлл. ВИЭВ. – Москва - 1988. – Вып. 65. – с. 43-46
8.Толеутаева C.Т. Поливалентная вакцина «Ушвак» против трихофитии с/х животных. // Вестник с.-х. науки Казахстана - Алматы, 1986. - №7. - С.51-53.
9. Толеутаева С.Т., Поляков И.Д. Иммунизация верблюжат разного возроста против трихофити 1989. –с. 66-68
10. Сайдуллин Т. Ветеринарлық індеттану, 1, 2 кітап. - Алматы, 1999.
11. В.В. Анников., Л.Г. Белов., В.А. Каптюшин. Иммунопрофилактика инфекционных болезней животных: учебно-методическое пособие по эпизоотологии для студентов ветеринарных вузов и ветеринарных врачей. -Саратов, 2007.
12.Медуницин Н.В.Вакцинология. - М.: «Триада-Х», 1999. - 272 с.
13.Тұрсынқұлов С.А. Қазақстан республикасындағы түйе трихофитиясының эпизоотологиясы және осы індетке қарсы қолданылатын биологиялық препараттар. // Жаршы. - Алматы, 2006. - №7. - 51-54 б.
14.Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни сельскохозяйственных животных. М.,-1993г
15.Конопаткин А.А., Глушков А.А. «Инфекционные болезни с/х животных в тропических странах». Учебник, М: МВА, 1984 г. 16.Курасова В.В. Методы исследования в ветеринарной микологии. М.,-1971. 17.Никифоров Л.И., Литвинов А.М. Лабораторная диагностика дерматомикозов. Методические указания МГАВМ и Б им.К.И.Скрябина.-М.2000г. 18. Нетрусов А.И. Микробиология : учебник для студ. биол. спец. ун-тов 19.Нетрусов, И.Б. Котова. - М. : Издательский центр "Академия", 2006. - 352 с. - (Высшее профессиональное образование) Экземпляры:всего:1кх(1) 20.Саркисов А.Х., Королева В.П. Диагностика грибных болезней животных. М.,1971г. 21.Cаркисов А.Х. Микология. Микотоксикозы. Дерматомикозы Москва, 2000. 399c 22.Саркисов А.Х. Дерматофитозы животных с современные средства их профилактики 1981, -c.3-11 23.Воронин Е.С., Петров А.М., и др. Иммунология. М:. 2002 24.У.Б. Таубаев., Г.Г. Абсатиров.// Метод. указание. Ветеринарные биологические препараты.- Уральск. - 2005. 25.Конопаткин А.А., Глушков А.А. «Инфекционные болезни с/х животных в тропических странах». Учебник. - М: МВА, 1984 г. 26.Руководство по общей эпизоотологии под ред. Бакулова И.А. и А.Д.Третьякова. -М: «Колос», 1979 г. 27.Карантинные и малоизвестные болезни животных. Под ред. А.И.Бакулова, М: «Колос», 1983 г. 28.Болезни пушных зверей под ред. Е.П.Данилова, М: «Колос», 1984 г. 29.Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие. М.: Колос. 30.Литвинов А.М., Никифоров Л.И. трихофития нутрий и современные методы борьбы с ней / Ветеринарная микология и микробиология. – М, 1987. – Труды ВИЭВ. – Т. 65. - С.68 31.Никифоров Л.И. Специальные меры борьбы при трихофитии пушных зверей / Ветеринарная микология и микробиология. – М, 1987. – Труды ВИЭВ. – Т. 65. - С. 28-29. 32.Королева В.П., Иванова Л.Г. Возбудители дерматомикозов животных и их лабороторная диагностика / Ветеринарная микология и микробиология. – М, 1987. – Труды ВИЭВ. – Т. 65. - С. 36-37. 33.Ветеринарное законодательство под ред. А.Д.Третьякова, М: “Колос”, 1972, Т1; 1973 -Т2; 1981-Т3, 1988-Т4. 34.Ветеринарное законодательство РК, Астана, 2005 г. Т 1,2,3. 35.Арысбекова А.Т. Ет қоректі жануарлардың дерматомикоздарына қарсы қос валентті вакцинаның тиімділігі //Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Алматы, 2008. – І-том.–557-560б. 36.Бакулов И.А., Буткин Е.И., Ведерников В.А, Юрков Г.Г. Індеттану және микробиология негіздері. – алматы: Қайнар, 1993. – 400 бет 37.Осидзе Д.К. Ветеринарные препараты. - М:.1981 38.Субботин В.М. Современные лекарственные средства в ветеринарии.-Ростов-на-Дону:"Феникс",2000.-59 39.Саркисов А.Х., Королева В.П., Квашникова Е.С., Грезин В.Ф. Диагностика грибных болезней (микозов и микотоксикозов) животных трихофития Москва: Колос, 1971 с.10-15 40.Иванова Л.Г. Определиние видов возбудителей дерматомикозов животных Москва. 1978, - с.3-11 41.Мук Б.К. и др. Роль дикой фауны в распространении дерматомикозов среди сельскохозяйственных животных //Эпизоотология, эпидемиология, средства диагностики, терапии и специфической профилактики инфекционных болезней, общих для человека и животных. - Львов, 1988. - С.195-196. 42.Нофеев А.А. Трихофития в антипургических очагах в Ульяновской области //Эпидемиология и инфекционные болезни. - М., 2001. -№2.- 42с. 43.Гуславский И.И., Густокашин К.А. О значении вакцинопрофилактики в инфекционный патологии с-х животных //Вестник Алтайского гос. аграр. ун-та. - 2001. - №3. - С.96-97. 44.Домарадский И.В. Возбудители дерматомикозов и близких к ним заболеваний. - М.: «Медицина», 1971. - 288 с. 45.Петровская В.Г. Проблема трихофитии. - Л., 1967 46.Геведзе В.И. Трихофития крупного рогатого скота. - Минск, 1989 47.Головина Н.П. Разработка и использование метода селекции по признаку спорообразования у трихофитонов при изготовлении вакцины ТФ-130 Москва. 1984, -с. 12-15 48.Ганиев М.К., Аскеров А.А., Мирзазаде С.Р. Трихофития.-Баку,1970.-21c 49.Петров О.В. Некоторые антигенные и структурные компоненты капсулы Tr. verucossum //Труды ВИЭВ. - 1971. - Т.39. - С.189-197. 50.Миносян В. Г., Муромцев А.Б. и др. Диагностика, лечение, и профилактика трихофитии животных //Материалы междун. науч.-произв. конф. по протозоологии //Вестник ветеринарии. - М., 1998. - №1.С.77-79. 51.Хейфиц И. Вакцины против трихофитии 1986. –с. 90-91 52. Яблочник Л.М. Ветеринарные препараты (Справочник). Москва: Колос, 1981 c.301-305. 53.Емцев В.Т. Микробиология : учебник для студ. вузов / В. Т. Емцев, Е. Н. Мишустин. - 6-е изд., испр. - М. : Дрофа, 2006. - 444, [4] с. : ил. - (Высшее образование) Экземпляры: всего:10 - кх(1), чз(9) 54.Эпизоотологический метод исследования : учеб. пособие для студ. вет. вузов / В. В. Макаров [и др.]. - СПб. : Издательство "Лань", 2009. - 224 с. : ил. - (Учебники для вузов. Специальная литература) Экземпляры: всего:3 - чз(3) 55.Эпизоотологический словарь-справочник / сост. Д. И. Козлова. - М. : Россельхозиздат, 1986. - 189 с Экземпляры: всего:5 - чз(2), ан(3) 56.Эпизоотология и профилактика заразных болезней сельскохозяйственных животных : Сборник научных трудов. - А. : Бастау, 1997. - 272 с Экземпляры: всего:2 - чз(1), ан(1)

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Мал шаруашылығын шоғырландыру және мамандандыру
арқылы бірте-бірте өнеркәсіптік негізге көшіру бұл саланы одан әрі
дамытудағы басты бағытқа айналып отыр. Малдың жұқпайтын және жұқпалы
ауруларымен күресте жалпы алдын алу шараларының үлкен маңызы бар, оған
малдың денсаулық жағдайына бақылау жасау, оны азықтандырудың, бағып-күтудің
және пайдаланудың зоогигиеналық нормаларын сақтау жатады. Төлдің
денсаулығын сақтау бірінші кезекте азықтың мөлшері мен сапасына, рацион
құрылымына байланысты болады. Ал азықтың сапасы көбінесе қайсы бір аймақтың
табиғат-климат жағдайына байланысты болады, сондықтан да азықтың өсіп келе
жатқан төлдің тек азық өлшемі жөніндегі емес, сондай-ақ сапалы азықтар мен
мниералдық заттар мен витаминдермен қамтамамыз ететіндей болуына ұмтылу
керек.
Жұқпалы ауруларды тудыратындар-микробтар, вирустар, ең қарапайым ұсақ
тіршілік иелері-саңырауқұлақтар. Ауру қоздырғыш микробтар – тек
микроскоппен қарағанда көрінетін өте ұсақ организмдер. Жұқпалы ауруды
қоздырғыштар организмге түрлі жолдармен енеді және әр түрлі жабайы және үй
жануарларынан жұғатын, адамдар мен жануарлардың жұқпалы аурулары болып
табылады.
Зооноздар қоздырғыштарының қатарына микроорганизмдердің көптеген түрлері –
бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар,
құрттар, паразиттік жәндіктер жатады. Зооноздарды екі топқа бөледі: үй
жануарларынан жұғатын зооноздар және жабайы жануарлардан жұғатын зооноздар.
Үй жануарларынан жұғатын аурудың бірі –трихофития (бұзау таз).
Ауру қоздырғыштар ауру малдан дені сау малға да түрлі жолдармен – топырақ,
су, жем, ауа арқылы жұғуы мүмкін. Жұқпалы аурудың өлген малдардың өлексесі
ауру қоздырғыштарды таратудың қауіпті факторы болып табылады; сондай-ақ
малдың қиының да орасан зор қауіпі бар, өйткені оған мұрыннан, жатырдан,
ауыздан аққан сұйықтық, сонымен бірге малдың садырасы, терісінің қотыры да
түседі.
Терінің суланып қабынуы нәтижесінде орыны шектеулі, беті қабыршақтанып
зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру трихофития
ауруы шаруашылыққа зиян келтірумен қатар, зор экономикалық шығын келтіреді
[1,2]. Кейінгі жылдары трихофитияның активті спецификалық
профилактикасының дәрілері жасалады. ЛТФ-130 вакцинасын ірі қара малы үшін
(трихофитон-130 штаммасының құрғақ вакцинасы), СП-1жылқы үшін және
Ментавик бағалы терілі аңдар мен үй қояндары үшін пайдаланылады.
Вакциналар зиянсыз, профилактикалық және емдеу мақсатымен қолданылады.
Егілген малдардың иммунитеті практика жүзінде өмір бойы сақталады.
Жалпы жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жалпы профилактикалық және арнаулы
мал дәрігерлік шаралар ескере отырып, ауру қоздырғыштардың шаруашылыққа
тарап кетуіне жол бермеу керек. Малдың денсаулығын сақтаудың аса маңызды
шарты аурудан сақтандыру үшін зоогигиеналық нормаларды сақтаудың маңызы
зор. Сайып келгенде мұның өзі мал шаруашылығындағы еңбек өнімділігін де
арттырады. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен
міндеті. Егер де ауруға шалдыққан бұзаудың трихофитиясына ертерек диагнозын
қойып, ған қарсы вакцинаны қолданып, басқа да шараларды шұғыл жүзеге
асырса, онда кесел көп тарамайды. Сондықтан трихофитияны анықтауды
кешіктірмей жүргізудің маңызы зор. Осыған орай көрсетілген мақсатты орындау
барысында төмендегі міндеттер қойылады:
1. Аурудың алдын-алу үшін малдарды күтіп-
бағудың және ұстаудың ветеринариялық-санитариялық ережелерін сақтау қажет.
2. Трихофитияның алдын-алу бойынша профилактикалық шаралар жүргізу.
3. Трихофитиядан
таза емес пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда жүргізілетін шараларды
қатаң сақтау. Осы жоғарыда атап кеткен жайттарды
ескере отырып, осы дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты Батыс Қазақстан
обылысы, Казталовка ауданы Қараоба ауылы Ақбота шаруа қожалығында орын
алған бұзау трихофитиясы (бұзау таз) ауруын балау және алдын алу шаралары
маңызды орын болып табылады. Бұл ауруға
қарсы күрес жүргізуде санитарлық-малдәрігерлік шаралар, ауырған малды дер
кезінде анықтау, оларды сау малдан оқшаулау; ауру малдың сүтін сатуға және
ветеринарлық бақылаудың рұқсатынсыз союға тыйым салу, малды алдын-ала егу,
т.б. басты рөл атқара отырып, сапалы тәсілдерін анықтап, сапалы жүзеге
асыруды мақсат еттім.

I ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 1.1 Бұзау
трихофитиясы

Трихофития (Trichophytia)- терінің суланып қабынуы нәтижесінде орыны
шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен
ерекшеленетін жұқпалы ауру. Трихофития шұғыл шектелетін дөңгелектеу
дақтардың теріде құралуымен, терінің тақырлануымен немесе жүн қалдықтарының
сақталуымен, терінің және фолликулдардың сірілік-іріңді экссудат бөлінуімен
және қабыршақ құралуымен сипатталатын малдар мен адамның жұқпалы ауруы.
Ауру барлық жерде кездеседі. Кейінгі
кезде малдың күтім жағдайының жақсарғанына және спецификалық профилактика
жабдықтарының практикаға кеңінен енгізілуіне байланысты трихофитиямен ауыру
әжептәуір бәсеңдеді. Трихофитиямен барлық мал түліктері,
құстар, терісі бағалы аңдар, тышқан, егеуқұйрық, жабайы аңдар ауырады. Жас
жануарлардың сезімталдығы жоғары болады да, ауруға тез шалдығып, клиникасы
көбінесе асқынған түрде кездеседі. Ауру малдың барлық
мезгілдерінде кездессе де, қыста жиі байқалады. Оның себебі - бұл маусымда
малдың күтімінің нашарлауы және күн сәулесінің ауру қоздырушысына әсерінің
төмендеуі. Індеттің қаулауына жануарлардың топтастырылуы күшті әсер етеді.
Жас төлдерді енесінен бөлу және жеке табындарға топтау, сырт жерден мал
әкелу аурудың қаулауына қолайлы жағдай туғызады.
Трихофития көбірек ірі қара малын, жылқыны,
иттерді, мысықтарды зақымдайды. Шошқалар, қойлар мен ешкілер сирек ауырады.
Жабайы хайуандар да, әсіресе, кеміргіштер ауырады. Екі айлықтан бір жасқа
дейінгі бұзаулар ауруға аса бейімді. Ауру қоздырушысының
негізгі бастауы - ауырған жануарлар. Олардан инфекция тікелей жанасу немесе
әр түрлі заттар арқылы беріледі. Аурудың таралуына тышқан тұқымдас
кемірушілер де себепкер болады. Қоздырушының сыртқы ортада өте төзімді
болуы, оның қора жайда, мал жүретін алаңдарда, жайылымда ұзақ сақталып,
ауырған мал болмаған кездің өзінде әр түрлі заттар, әсіресе көң мен топырақ
арқылы аурудың қайтадан таралуына себепкер болады. Қоздырушыны
тасымалдаушы эктопаразиттер де бола алады. Малдың залалдануы ауру малдар
мен сау малдар қорада, жайылымда, тасымалдағанда жұғысуы арқылы болады.
Қоздырушының берілу факторлары гриб жұққан күтім заттары, төсеніш, көң т.б.
бола алады. Аурудың таралуына тышқан тәріздес кеміргіштер маңызды ролі бар.
А.К. Ахметованың мәліметтері бойынша өткен ғасырдың 90-шы жылдары
Қырғызстан мен Қазақстан Республикасында трихофитияның клиникасымен ауырған
жануарлар саны микроспорияның клиникасымен ауырған жануарлар санынан артық
болған [3]. Аурудың
шығуы жыл бойы бола береді, бірақ жиірек бұған дымқылды ауа райы – күз бен
қыс және мал терісінің күтімсіз болуы қолайлы жағдай туғызады. Егер аурумен
күрес жүргізу шаралары сапасыз болса шаруашылық тұрақты түрде аурудан
сәтсіз жағдайда қалуы мүмкін.
Трихофитондар тері мен жүннің эпидермисінің мүйізді қабатында болатын ақзат
–кератинге әуес болады. Бұл микроб әр түрлі токсиндер мен кератинді
ыдырататын ферменттер бөліп шығарады. Олар терінің мүйізді қабатын
жұмсартып, қабыну процесін тудырады. Өзіне сәтті жағдайда қоздырушы жүннің
фоликуласына өтіп, кутикуланы, жүннің ішкі қынабын бүлдіреді. Бұның
нәтижесінде жүн талшығының қорегі бұзылып, оның түсіп қалуына әкеп соғады.
Зақымданған жерде гиперкератоз өрбиді. Қабыну реакциясының дәрежесі
қоздырушысының уыттылығына, терінің және жалпы организімнің жағдайына
байланысты болады. Қоздырушы терінің негізгі қабаты дермаға өтіп, онда
қабыну реакциясын тудырып, микроабсцессалардың пайда болуы мүмкін.
Трихофитияны алғаш ашқандардың бірі болған орыс ғалымы А. Матчерский
(1860), ол тері ауруларына нақты мәлімет беріп, өсімдік тектес паразит
туғызатынын баяндады [4]. Д. Вирюжский адамдар мен
жануарлар кездесетін тері аурулары әр түрлі дерматофиттердің
саңырауқұлақтары туғызатынын дәлелдеді. Ол культураға себілген
дерматофиттердің дамуын, өсуін, түрін нақтылай көрсетіп, дәлелдеді [5].
Трихофития (Trіchophytіa) — малдың барлық түлігінде
кездесетін жұқпалы тері ауруы. Онымен адам да ауырады. Терінің жүні
қырқылып түсіп, орынында іріңді-сулы қалың қабыршақтар пайда болып,
үгітіліп тұрады. Аурудың қоздырғышы айыртұяқтыларда — Tr. verrucosum,
жылқыда — Tr. equіnum, ал ит-мысықтарда, аңдарда, кеміргіштерде — Tr.
gypseum атты саңырауқұлақтар. Ауру қоздырғыштары сыртқы ортаның әсеріне өте
төзімді келеді, жүн-қылшықтың арасында 6 — 10 жыл, малдың қиында 3 — 8 ай,
топырақта 140 күнге дейін сақталады [6,7]. Қабынған тері
қышып, жануар үйкеніп, қоздырушыны денесінің басқа жерлеріне де енуіне
жағдай жасайды. Микроб қан мен сөл арқылы тарап өсіп-өнген жерлерінде
көптеген дерт ошақтарын тудырады. Бұндай жағдайда зат алмасуы бұзылып,
жануар арықтап кетеді. Клиникалық белгілері айқын білінген кезде
аллергиялық реакция өрбіп, содан соң қан сарысуында телімді антиденелер
пайда болады.
Қоздырушының организмге енетін жері – әсіресе зақымданған тері. Теріге
түскен соң грибтің споралары немесе мицелиі жүн фолликулаларының ішіне
кіріге еніп, тікелей мүйізденіп кеткен клетка қабыршағының астындағы
эпидермиске өсіп өнеді. Грибтердің эндотоксиндері мен кератиннің толық
ыдырамаған өнімдері ісіну процесін тудырады, кейіннен қабыршаққа айналатын
тез жарылғыш күлдіреуіктер пайда болады, соның салдарынан зақымданған тері
түлейді. Грибтердің элементтері лимфа мен қанға, ал олармен бірге жаңа
зақымданулар тудырып терінің басқа жерлеріне түседі.
Сонымен қабат грибтердің мицелиі мен оның токсиндері
тамырлық қынап клеткаларының ісінуі мен дегенеративтік өзгерістерін
тудырады, осының нәтижесінде жүннің қорек алуы бұзылады, олар ыдырайды және
сыңғақ келеді. Грибтің тері мен жүнде өсіп – өнуіне қарамастан,
трихофитияда дене температурасы көтеріледі және лейкоцитоз байқалады,
өйткені гриб токсиндері бүкіл организмге де әсер етеді. Көптеген малдарда
зат алмасуының бұзылуынан шегіне жеткен арықтық дамыйды.
Аурудың бірнеше клиникалық формаларын ажыратады: сыртқы,
тереңдегі (фолликулярлық), көрнексіз (атиптік). Жасырын кезеңі 8-30 күн.
Теріде шеті айқын жиектелген, беті ақ таңдақ, сұрғылт түсті дөңгелек дақтар
пайда болады. Ірі қара малында ең алдымен қабыршақтанған дақтар көбінесе
басы мен мойынында, сирегірек тұла бойы мен арқасында, сауыры мен
құйрығында кездеседі. Тік ішек тұсының және басқа жерлердің терісі, ал сүт
ішетін және еміп жүрген бұзауларда –ауыздың айналасындағы, көз, маңдай маңы
және құлақтар түбінің терілері зақымданады. Алғашқы дақтар маңдайында,
көзінің айналасында, езуінде, құлақтың түбінде байқалады. Ал ересек
жануарларда қабырға үстінде пайда болады. Жылқының бас терісінде,
құйрығының түбінде, сирақтарында байқалады. Ит пен терісі бағалы аңдардың
басы мен мойыны, сирақтарының терісі зақымданады. Бұл хайуандардың арасында
иттің терісіне түсетін дақтардың қабыршақтары қалың болады. Мысық пен қой
сирек ауырады. Қойдың терісінде процес негізінен арқасында, төсінде,
жауырынында, мойыныңда байқалады. Шошқада сыдырылып түсе бастайтын дақтар
басының, жон арқасының және төсінің терісінде болады.
Трихофитияның сыртқы формасында әуелі тек терінің
сау жерлерінің үстінде көтеріңкі келген жүні ұйпалақтанып шұғыл шектелген
дақтар пайда білінеді. Дақтар біртіндеп үлкейеді және абсестке ұқсас жұқа
қабыршақтармен жабылады, 1-2 айдан кейін қабыршақтар түсіп, терісі түлеген
тақыр жерлері қалады. Одан кейін жүннің өсуі басталады.
Аурудың бұндай формасы ересек ірі қара малында
байқалады. Трихофитияның клиникасы бар жануарлардың басқа түрлері тіркелген
шаруашылықтарда (ірі қара малы, жылқы) трихофитияның клиникасы басқа
жануарларда да сонымен қатар осы жануарлар мен тіелей байланысты, яғни
қарым-қатынас жасайтын адамдарда да тіркелді [8].
Ірі қара терісінде шеті айқын жиектелген, беті
ақ таңдақ, сұрғылт түсті дөңгелек дақтар пайда болады. Сиырда
қабыршақтанған дақтар көбінесе басымен мойынында, сирегірек тұла бойы мен
арқасында, сауыры мен құйрығында кездеседі. Алғашқы дақтар
маңдайында, көзінің айналасында, езуінде, құлақтың түбінде байқалады. Ал
ересек жануарларда қабырға үстінде пайда болады.
Жылқының бас терісінде, құйрығының түбінде,
сирақтарында байқалады.
Түйеде 2005-2007жылдар аралығында Алматы облысы,соның ішінде
МеркурАҚ, Еңбекші-Қазақ ауданы, Ащы су Сары тоқым, Жамбыл ауданы және
Бақанас аудандарындағы жеке түйе шаруашылықтарынан зардапты сынамалар
алынып тексерілді [9]. Осы түйе шаруашылықтарынан 3000 бас әр
жастағы түйелер клиникалық тексерістен өткізді. Өткізілген клиникалық
тексерістердің арқасында дерматофития (трихофития) ауруы 3 айдан бастап 2
жастан жоғары боталарда жиі байқалатындығы анықталды. Дерматомикозбен
ауырған боталардың тері-жүн үстінде үлкенді-кішілі домалақтанған зардапты
аймақтар байқалды. Зарарланған тері-жүн аймақтарының шет
жақтарындағы жүндері оңай жұлынып түсетіндігі байқалды. Зарарланған
жерлердегі тері-жүнінің түр-түсі әппақ асбестенген және қоңырқай домалақ
қабыршықтар түзеген. Осындай клиникалық белгілерді сауындық түйелер
арасында да кездесті [10]. Қойдың терісінде
процесс негізінен арқасында, төсінде, жаурынында, мойнында байқалады. Ал
қозының басында, көзінің айналасында, құлақтарында кездеседі.
Қой сирек ауырады.
Шошқада сыдырылып түсе бастайтын дақтар басының, жон арқасының және төсінің
терісінде болады [11]. Мысық сирек ауырады.
Иттердің басы мен мойыны, сирақтарының терісі
зақымданады. Иттің терісіне түсетін дақтардың қабыршақтары қалың болады.
Терісі бағалы аңдар дерматомикозының жасырын кезеңі 8 күннен 30 күнге
дейін. Трихофитондық ззақымдалуларды бағалы терілі аңдардың бас, мойын,
аяқтарынан, ал сирегірек денесінің басқа жерлерінен кездестіруге де болады.
Теріде төмпектер пайда болып, олар жарылады, содан соң қабықшалар түзеді.
Қабықшаларды ажыратып алғанда гипермияланған теріні көруге болады. Кейде
қолмен басқанда ірің тәрізді сұйықтық бөлінеді. Емдік көмек көрсетілмесе
жануар денесін сұр-қоңыр түсті қабықшалар басады. Қышу белгілері көбіне
байқалмайды. Әдетте жануардың жалпы жағдайы
төмендемейді, дегенмен өте ауыр зақымдалулар кезінде тәбеті жойылып,
арықтайды, жас төлдерінің өсуі нашарлайды [12].
Дерт процесінің салмағына байланысты аурудың үстіріт, терең
(фолликулярлық) және өшкін (кәдімгі емес) түрлерін ажыратады. Сақа
жануарларда әдетте үстірт және өшкін түрлері, ал жас төлде (бұзауда)
фоликулалық түрі кездеседі. Малдың күтімі
нашар болса ауру жадағай түрден фоликулалық түрге ауысып, бірнеше айға
созылады. Бір жануардың өзінде терінің жадағай және терең зақымдануы
қатарынан байқалуы мүмкін. Тереңдегі (фолликулярлық) форма бұзауларда
байқалады және терінің зақымданған жерінен экссудат бөліп шығаратын, кепкен
соң көбіне қалыңдағы 1см жуық қалың қабыршақ құрайтын көрнекті қабыну
процесімен сипатталады. Зақымдану уақыт
өткен сайын, әсіресе баста, ұлғая береді және бүкіл бетіне қамыр жағылған
сиақты түрге енеді. Ауру бұзаулар қондылығын жоғалтады, жетілуі мен бойының
өсуі төмендейді. Көрнексіз (атиптік) форма әдетте жазда болады. Тек
қана қабыну белгілерінсіз терінің жүні түсіп тақырлануы байқалады.
Жылқыда сауырының, бүйірлерінің, басының, мойнының, кеудесінің, арқасының
терілері жиерек зақымданады, аурудың келтірілген клиникалық кез –келген
формасы болуы мүмкін. Иттер мен мысықтарда басының, мойнының және
аяғының терілері зақымданады (басымырақ тереңдегі форма).
Қойлар мен ешкілерде трихофития сирек кездеседі, зақымданулар құлақтарының
түбінде, маңдай, мұрын, қабақ, желке, аш бүйірі маңында қомақталады.
Шошқаларда басының, кеудесінің, арқасының терілері зақымданады, бірақ ауру
ірі қара малыныкіне қарағанда зарарсыз өтеді.
Бағалы терілі аңдарда трихофития ауыл шаруашылығы малдарынікі
сияқты өтеді. Дерт процесінің салмағына байланысты аурудың үстірт, терең
(фолликулалық) және өшкін (кәдімгі емес) түрлерін ажыратады. Сақа
жануарларда әдетте үстірт және өшкін түрлері, ал жас төлде
(бұзауда)фолликулалық түрі кездеседі. Малдың күтімі нашар болса ауру
жадағай түрден фолликулалық түрге ауысып, бірнеше айға созылады. Бір
жануардың өзінде терінің жадағай және терең зақымдануы қатарынан байқалуы
мүмкін. Үстірт түрі. Алғашқыда теріде жүн ұйпаланған, мөлшері 1-5см,
дөңгелек дақтар пайда болады. Сипап көргенде ұсақ бүртіктер сезіледі.
Біртіңдеп дақ ұлғая бастайды, оның беткі қабыты бастапқыда сыдырылады да,
кейіннен асбест тәрізді қабыршақ пайда болады.Қабыршақты сыпырып алғанда,
астында жүні сыдырылған терінің суланған қабыты қөрінеді Дененің
зақымданған тұсы қышынады, 5-8 аптадай уақыт өткенде қабыршақ түсіп қалады
да, орынында жаңадан жүн шыға бастайды [13]. Терең
түрі кезіндетерінің қабынуы күштірек байқалады да, ауру ұзаққа созылады.
Әдетте ірің бөлінеді де, қураған экссудат кепкен қамыр тәрізді қалың
қабыршақ түзеді. Қабыршақты басып көргенде астынан ірің шығады, ал оны
сыдырып алса астында қызыл шақаланып ойылған, іріңдеген беткейі көрінеді.
Ол жерде іріңдеткіш миробтар түсіп, процесс асқынып кетуі мүмкін. Жануардың
денесіндегі қысағы ошақтарының саны әр түрлі болуы мүмкін. Кейде бірен-
саран болады да, кейде өте көп болып, бір-бірімен қосылып жатады. Ауру
ұзаққа созылып (2 айдан артық), жазылған жердің орнында тыртық пайда болуы
мүмкін. Жас малдар ауырған кезде қатты жүдеп өспей қалады.
Аурудың үстірт түрі әдетте жазғы уақытта, ал
терең түрі күз-қыс айларында кездеседі. Жануарлардың қай түлігінде болмасын
тығыз, жайсыз, антисанитариялық жағдайда ұстау, нашар азықтандыру аурудың
ауыр өтуіне әкеліп соғады.

Өшкін түрі әдетте жаздың күнң сақа жануарларда байқалады. Ауырған
малдың басында, кейде денесінің басқада жерлерінде жүні түсіп, беткі қабаты
сыдырылған ошақтар байқалады, бірақ та, айтарлықтай қабыну процесі
болмайды. Қабыршақтысыдырып алғанда тегіс, тақыр тері көрінеді. Ол жерде
2апта өткенде қайтадан жүн шығады [14].
Балау клиникалық белгілері негізге аланады. Сонымен қатар,
індеттанулық деректерде ескеріледі. Диагнозды ауру кең таралмай тұрғанда
қоюдың маңызы бар. Күмәнді жағдайда лабораторияға терінің зақымданған
жерінің қырындысын жібереді (қабыршақтар, жүн-зақымданған және сау
жерлердің аралығындағысы дұрыс). Зертханада зерттеу үшін материалды
зақымданған теріден, ем қолданылмаған қабыршақтанған телімінің шетінен
алады. Қажет болса қоректік орталарға грибтерді сеуіп өсіреді.
Микроскопияны шаруашылықтың өзінде-ақ жүргізуге болады. Ол үшін
зерттелінетін қылшықты немесе қабыршақты Петри тостағаншасына салып,
күйдіргіш натрийдің 10-20% ерітіндісіне шылап, 20-30 минут бойы термостатта
ұстайды немесе сәл жалынға қыздырады. Төсеніш шыныға орналастырған
материалға глицериннің 50% судағы ерітіндісін тамызып, жабын шынымен жауып,
микроскоппен кіші, содан кейін орта үлкейткіш объектив арқылы қарайды.
Жіктеп анықтау. Уақ
және ірі қара малдарының трихофитиясын микроспорийден айыра білу керек.
Люминисценттік зерттеу әдісін пайдаланып бұны оңай жасауға болады.
Microsporum түрінің грибтерімен зақымданған жүн ультракүлгін сәулелерде
жасыл жарқырау береді, ал Тrichophyton түрінің грибтерімен зақымданғандары
сәуле шашыратпайды. Зақымданудың дөңгелек формасы, қалың қабыршақтары жоқ,
ал микроскопиялық зерттеулерде қышыма кенелері табылатын қышымадан да
трихофитияны ажырату қажет. Зарарсыз этиологиялы есекжем, тері қабынуы
жекелеген малдарда ғана болады; зақымдану сипаты бөлек – трихофитияға
сыпатты шұғыл шектелген дөңгелек дақтарсыз, жүндер омырылып сынбайды [15].
Трихофитияны микроспориядан, қышыма қотырдан,
эгземадан, жұқпацтын дерматиттен ажырату керек. Ол үшін клиникалық,
індеттанулық деректер пайдаланылады, микроспопиялық зерттеудің нәтижесі
алынады. Трихофитонның споралары микроспорумға қарағанда ірірек болады және
тізбектеніп орналасады. Люминисценттік микроскоппен қарағанда микроспорум
саңырауқұлақпен зақымданған жүн талшығы ашық жасыл түсті сәуле шығарады, ал
трихофития кезінде мұндай құбылыс байқалмайды. Қышыма қотыр кезінде
терінің зақымдануы басқаша болады, микроскопия кезінде қышыма кенесі
көрінеді. Эгзема мен дерматит кезінде трихофитиядағыдай орны шектелген дақ
байқалмайды және жүннің талшықтары қырқылмайды [16].
Емі. Ауырған жануарды оқшаулап, бөліп алады. Қабыршақтарды
жұмсарту үшін вазелин немесе балық майын жағып, 1-2 күннен кейін сыдырып
алады. 5-10% салицел майын, 10% салицел спиртін, 10% йод тұнбасын немесе
“Ям” сүртпе майын жағады. Жемге қосып 20 мгкг (ұсақ жануарларға 4мгкг)
мөлшерде 10-15 күн бойы гризеофульвин береді.
Өзіне тән препарат ретінде емдік мақсатпен трихофитияға қарсы вакциналар
қолданылады. Вакцинаның емдік дозасы дауалық мақсаттағысынан екі есе
жоғары. Вакцинамен емдегенде басқа дәрі-дірмектерді қолданудың қажеттілігі
болмайды. Өте асқынған ауру кезінде вакцинаны 3 рет енгізеді, ал
қабыршақтарға жұмсартатын сүртпе майы (балық майы, вазелин, күнбағыс майы)
жағады. Егер емі уақытылы басталып және ұқыпты, жүйелі түрде
жүргізілсе онда ол қоздырушының таралып кетпеуінің алдын алуға мүмкіндік
береді. Емдеу уақытында малды оқшаулау керек. Емдеу мақсатымен ЛТФ-130
вакцинасы және көптеген дәрілер қолданылады. Препаратты таңдағанда бірнеше
рет қолданылуы қажеттігін ескеру керек. Егер препарат майлық негізде
дайындалмаған болса (вазелин, өсімдік және минеральдік майлар), онда
терінің зақымданған жерлерін әуелі вазелинмен майлайды және жұмсарғаннан
кейін жүнін қырқады, қатты қабыршақтарын алып тастайды. Фунгицидтік дәрілер-
жалғыз йод, трихоцетин, РОСК, СК-д, Ям майы сияқтылар нәтижелі. Азықпен
қосып қолданылатын гризиофульвин антибиотигі сынақтан өтіп жағымды нәтиже
көрсетті. Көптеген басқада дәрілерді пайдалануға болады. 150-160 С дейін
қыздырылған өсімдік және минеральдік майлары, күкіртті әк ерітіндісі, 10%
салицилдік спирт, 5-10% салицилдік май, креолиндік линимент және т.б.
Ауру малдар тақырланған
жерге жүн қсіп шыққан соң сауықты деп саналады. Сауыққан соң малдардың
терісін жылытылмаған 1,5% күйдіргіш натрий ерітіндісімен немесе 2% кроелин
ерітіндісімен сүрту керек. Иммунитет. Ауырып жазылған жануарларда қуатты
бнлсенді иммунитет қалыптасады. Олар трихофитиямен сирек жағдайда ғана
қайтадан ауырады. Трихофитиядан айыққан малдарда
иммунитет құралады және олар, тәртіп бойынша қайталап ауырмайды. Қанның
сарысуында антителдер бөлінеді. Кейінгі жылдары трихофитияның активті
спецификалық профилактикасының дәрілері жасалады. ЛТФ-
130 вакцинасын ірі қара малы үшін (трихофитон-130 штаммасының құрғақ
вакцинасы), СП-1жылқы үшін және Ментавик бағалы терілі аңдар мен үй
қояндары үшін пайдаланылады. Вакциналар зиянсыз, профилактикалық және емдеу
мақсатымен қолданылады. Егілген малдардың иммунитеті практика жүзінде өмір
бойы сақталады [17].

1.2 Бұзау трихофитиясы қоздырушысының сипаттамасы
Трихофития тері мен оның
туындыларын зақымдайтын саңырауқұлақтар тудыратын дерматофитоздар
(дерматомикоздар) деп аталатын аурулар тобына жатады. Әсіресе,
микроспорияға өте ұқсас болады да, бұл екі ауруды қысаға (стригущий лишай)
деген ортақ атаумен атайды. 1841ж. Груби микроспорияның, ал 1845 ж.
Мальмстен трихофитияның қоздырушысын ашты. А.Х. Саркисов бастаған кеңес
ғалымдары (1971) трихофитияға қарсы ТФ-130 вакцинасын енгізді.[18]
Трихофития- трихофитоз, бұзаутаз,
жұқпалы (теміреткі) грибок ауруы жануарлар мен адамдар арасында, төменгі
сатыда орналасқан тегі Trichophyton қоздырғыштары арқылы ауыру туғызады.
Бұл аурудың биологиялық сипаттамасы малдардың арасында тері үстінде,
жүндерімен қоса қабыршақ тәрізді сынық жүн аралас қатпарлар тудырады.
Trichophyton verrucosum
қоздырғышы бүкіл дүние жүзінде және соның ішінде Қазақстан Республикасында
кең тараған. Trichophyton verrucosum ірі қара мен
қойларда, зебулерде, буйволдарда және бұғыларда негізгі аурудың
қоздырғыштары болып табылады. Аурудың ғылыми негізін 1845 жылы швед ғалымы
Мальмстен ашты. Ірі қара малының қоздырғышын 1972-1976 жылдары біздің
елімізде алғаш рет зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың бірі
В.П.Королева болды [19]. Бұл қоздырғыштың түрін ең
алғаш рет бөліп алып зерттеу жұмыстарын Bodin 1896 жылдары жүргізген.
Бірнеше жылдардан кейін француз ғалымы Sabourand (1908- 1910 жылдары)
Trichopyton ауруының үш түрін (album, faviforme,discoides sabourand ),
анықтап жазды, бірақ бұл жазылған түрлердің бәріде бүр түрге жататындығын
(Georg,1950ж.) терең зеттеп Trichophyton verrucosum деп атады. Осы
дерматомикоз ауруларының классификациясын алғаш рет француз ғалымы Сабуро
ұсынды [20]. Біздің елімізде
елімізде дерматимикоз ауруларын зерттеуге ғылыми еңбек сіңіргендер
П.И.Матчерский, П.Н.Кашкин, Н.П.Специвцева және басқалар болды. Ауруларды
алдын алу, емдеу жұмыстарын іске асыру арқылы еңбек сіңірген ғалымдар
А.Х.Саркисов, В.В.Петрович, Л.И.Никифоров, Л.М.Яблочкин және тағы басқалар.
Бұл аталған саңырауқұлақ қоздырғышы адамдарға да өте жұқпалы. Басқа
жағдайларда бұл қоздырғышпен буйволдар, ешкілер, қойлар және маймылдар да
ауырады [21] Ірі қара малының Trichophyton
gyrseum қоздырғышымен ауыратындығы өз еліміздегі және шет ел әдеби
жұмыстарында кездесетіндігі мәлім.
Совет үкіметі кезінде трихофития ауруымен ауырған малдардан түскен
патологиялық материалдар әр түрлі шет мемлекеттерден, атап айтқанда Англия,
Болгария, Венгрия, Югославия, Голландия, Монголия, Дания, Куба, АҚШ және
Араб елдерінен алынды. Барлық алынған патологиялық материалдардан
Л.Г.Иванова зерттеу жұмыстарын жүргізіп тек қана Trichophyton verrucosum
қоздырғышын бөліп алды [22]
Дерматомикоздар-терінің инфекциялық ауруы. Онымен ауыл шаруашылық
жануарларының барлық түрі, терісі қымбат аңдар мен жабайы жыртқыш аңдар
және кеміргіштер аурады. Бұл ауруға адам да шалдығады.
Дерматомикоздың қоздырғыштары (құрғақ теміреткенің және
таз қотырдың қоздырғыштары) қарапайым грибтер (Fungi imferfecti)
Hyphomycetales қатарына, Trichophyton, Microsporum және Achorion туыстарына
жатады. Дерматомикозды алғаш ашқандардың бірі болған орыс ғалымы
А.Матчерский (1860), ол тері ауруларына нақты мәлімет беріп, өсімдік
тектес паразит туғызатынын баяндады.
Д. Вирюжский адамдар мен жануарлар кездесетін
тері аурулары әр түрлі дерматофиттердің саңырауқұлақтары туғызатынын
дәлелдеді [].
Р.С. Боранбаеваның мәліметінше түйе трихофитиясының өсінділерін
идентификаттау жұмыстары осы саңырауқұлақтардың негізгі морфологиялық,
культуралдық, негізгі биологиялық қасиеттері Н.Н. Кашкиннің., М.К.
Хокряковтың., А.П. Кашкиннің ғылыми анықтама әдістерімен сәйкестендіріле
отырып жасалынған [2].
Трихофития – жұқпалы ауру, бұл ауру кезінде тері түлеп қабыршақтанып
кетеді немесе тері мен фолликулдер қабынады. Бұл қоздырғыштар денеге жанасу
арқылы енеді. 1845 жылы қоздырғыштардың біреуін швед оқымыстысы М.
Мальмстен ашып, оны Trichophyton деп атады. Қазіргі кезде бұл грибтің
бірнеше түрі белгілі болып отыр. Tr. Faviforme, Tr.gypsenm, Tr.eguinum және
басқалар.
Қоздырушысы - жетілмеген саңырауқұлақтар Fungy imferfecti тобына жататын
Trichophyton туыстығының өкілдері. Ашатұяқтыларда аурудың негізгі
қоздырушысы – Trichophytan verrucosum, жылқыда- Tr.eguinum, түйеде – Tr.
Sarkisovi, терісі бағалы аңдарда, қоян, теңіз тышқаны мен басқа
кемірушілерде – Tr.mentagrophytes. Бұлардың барлығының морфологиясы ұқсас,
жіп тәрізді мицелиялардан және дөңгелек, сопақша келген споралардан тұрады.
Патматериалда және өсіндіден даярланған жағындыда қоздырушының әрбір
түрінің өзіне тән морфологиялық ерекшеліктері болады. Әсіресе, спораларының
орналасуына (тізбектеліп, немесе ретсіз) мән беріледі. Бұл саңырауқұлақтар
Суслоагар, Сабуро ортасында өсіріледі. Өсіндінің шоғырының (колониясының)
морфологиялық ерекшеліктері қоздырушының түрінанықтауға қажет деректер
болып табылады [23]. Грибтердің
морфологиясы. Патологиялық материалдан жасалып, сілтінің 10% ерітіндісімен
өңделген препараттарда трихофитондар зақымдалған шаштан басталады.
Қалқалары болатын түп-түзу мицелий грифтері шаштың ұзына бойына қаз-қатар
орналасады. Дөңгелек немесе сопақша пішінді бір клеткалы споралар шаштың
сыртына немесе ішінде,тізбек тәрізденіп орналасады, шаштың түбінде
споралардан сақина түзіледі. Қайталап айта кетейік, мицелийлер мен споралар
шаштың ішінде (endrothirix) немесе оның айналасында (estothrix) орналасады,
сондай-ақ шаштың ішінде де, сыртында да (neondotthrix) орналасуы мүмкін,
қайткен күнде де шаштың өне бойына қаз-қатар боп орналасады [24].
Културасын өсіру. Trichophyton туыстас саңырауқұлақтар қоректік
ортада өсе береді. Бұларды өсіру үшін Сабуро агары пайдаланылады. Осы
грибтің спорасы бар патологиялық материалды еккенде 26-280с температурада
10-20 күн ішінде ауасы бар жерде грибтің колониялары пайда болады, олардың
пішіні әр түрлі: қыртысы тегіс, кейде айналасы ирек болады.

Саңырауқұлақтар шым-шытырық боп тарамданып өседі. Микроконидийлердің
төрт түрі болады: эндо немесе атроспоралар (3-7мкм); эгзоспоралар, немесе
конидийлер (3-5мкм); алейрийлер (3-7 мкм); хламидоспоралар (7-10мкм),
сондай-ақ макронидийлер (ірі, пішінді ұршық тәрізді ұзындығы 15-20мкм, ені
3-5 мкм споралар, 5-8 камерадан құралады) бұлар мицелийдің шет жақтарында
жеке-дара немесе топтанып-бүршіктеніп орналасады.
Р.С. Боранбаеваның деректерінде, алынған зардапты сынамаларды микроскоптың
көмегімен қарағанда, тері қабыршақтарының және өскен жүндерінің түп жағында
мицелийлер тармақталып өсіп артроспоралар құрап, ал шаштың ішкі құрылысында
шынжыр тәрізді артроспоралар түзілгені байқалып, артроспоралардың диаметрі
3,5-6,5 мкм, ал кейбіреулері 6 мкм құрайтындығы келтірілген. [2,1]
Төзімділігі. Ауру қоздырушысы сыртқы ортаға
төзімді келеді. Зақымданған жүн талшығында жылға дейін, көң мен сыдырада 3-
8 ай, топырақта 5 ай бойы сақталып, кейбір қолайлы жағдайда тіпті өсіп-өне
алады. Ультракүлгін сәуле жойқын әсер етеді, қайнаған суда 2 минут ішінде,
құрғақтай қыздырғанда 60-62 градуста 2 сағатта өледі. 2-5% карбол қышқылы,
1-3% сілтілер, 1-3% формальдегид, 1-2% салицил қышқылы ерітінділері
трихофитондарды 15-30 минут аралығында өлтіреді.
Зақымдалған қылшықта саңырауқұлақтар 4-7 жылдан астам уақыт тіршілік
етеді. Патологиялық материалда ауру қоздырғыштыгын 1,5 жылға дейін,
топырақта екі айға дейін сақтап қалады. Алайда олардың қайсыбіреулері
топырақта өніп-өсіп, грибтің осы түріне тән спора түзуі мүмкін. УФЛ
саңырауқұлақты патологиялық материалда болсын немесе культурада болсын
бәрібір 30минут ішінде өлтіріп жібереді [25,26].
Зардаптылығы. Trichophyton тұқымдас грибтер ірі қараны, жылқыны, қойды,
шошқаны, есекті, түйені, мысықты, теңіз шошқасын, үй қоянын, егеуқұйрықты,
терісі бағалы аңдарды және жыртқыш аңдарды табиғи жағдайда да, жасаңды
жолмен жұқтырғанда да ауруға ұшыратады. Табиғи жағдайда ірі қара малы мен
жылқы бұл ауруға қабылдағыш келеді, ит пен мысық сирегірек шалдығады. Осы
ауру жануарлардың бірінен біріне ауысып беріліп отырады, көбіне төлдер
ауырады. Трихофитондар зертханалық жануарлар үшін
өте зардапты. Тері үстінде арнайы жасалған (скорификацияланған) орындарға,
зардапты трихофитон өсінділерін үйкеп жұқтырылған зертханалық жануарларда
(қояндарда, теңіз шошқаларында) 10 тәулік өткеннен кейін жұқтырылған
жерлері қызарып, қабыршақтанып, асбестеніп қанталаған қабыршақтар түзейді
[27,28]. Патогенезі. Дерматомикоздардың
патогенезі грибтерінің оның организмінде паразиттік өмір сүруіне
негізделген, осының салдарынан тері және оның сүйектеніп кеткен орындары
зақымдалады. Сонымен бірге бұл арада макроорганизм де үлкен роль атқарады.
Өсуіне қолайлы жағдай туса, грибтер әуелі қылшық түбіне орналасады, осында
өсіп көбейеді. Саңырауқұлақ орналасқан жер қабынады, қылшық түбінің ісініп
кетуі себепті ол сыңғақ болады. Саңырауқұлақтар осы орыннан ұлғайып қан
тамырларының қабырғасы арқылы қан мен лимфаға өтеді, кейіннен қан мен лимфа
жолдары арқылы қайтадан теріге келеді, ауру мүлде асқындырады, түйнектер
тым көбейіп кетеді [29].
Антигендік құрылымы. Трихофитондардың споралары мен мицелийлерінің
полисахаридті және протеинді антигендер болады [30].
Иммунитеті. Аурудан жазылып кеткен
жануарларда ұзақ мерзімді және күшті иммунитет пайда болады, бұдан кейін
осы ауруға қайталап шалдықпайды. Трихофитиймен ауырған және жазылып кеткен
жануарлардың қанының сарысуында агглютининдер, преципитиндер және
комплемент байланыстыратын антиденелер болады. Аурудың күшейген шағында
антиденелердің ең жо,ары титрі 2-3 ай бойы сақталады. Аурудың клиникалық
белгілері білінген кезде жануарлардың 70-80%-де аллергиялық реакция
байқалады [31].
Дерматомикоз (трихофития) қоздырғышының (макро-микроконидилерінің)
өміршеңдігін анықтау. Дерматомикоз (трихофития)
ауруының сыртқы ортада, яғни жануарлардың жүн-тері үстіне түсіп қолайлы
жағдайда өсіп-өніп, індет таратуына себеп болатыны микро және
макроконидилерге байланысты.
В.П. Кашкин, Л.И.Никифоровтың мәліметіне сүйенсек осы микро
және макроконидилердің иммуногендік қасиеті бар екенін дәлелдеген. Осыған
байланысты вакциналық штаммдарды лиофильді кептіру немесе кептірілген
вакциналық штаммдарды ерітіндімен еріту кезінде 1см3 вакцинаның мөлшерінде
қанша миллион микроконидий бар екенін анықтау өте маңызды. Вакциналық
штаммдарды лиофильді кептіру кезінде ең төзімділік қабілеті жоғары кезі –
стационарлық өсу кезеңі. Ал
микроконидилерді лиофильдеп кептіру кезінде ыстыққа ең өте сезімталдық
көрсететін кезі – логарифмді немесе экспониальді кезеңі. Осыларды ескере
отырып жоғарыда айтылған авторлар бір тұжырымға келіп, штаммдарды лиофильді
кептіру кезеңі стационарлық кезең екенін ескертеді.
Дерматомикоздар қоздырғыштарының колония түзу қабілеті әртүрлі
қоздырғыштарға түрліше боп келеді [32]. Л.И.
Никифоров осы айтылған нұсқауларды дәлелдеу үшін микроконидилерді өсіру
кезінде ең көп саңырауқұлақтардың жиынтығын жинауға, лиофильді кептіру
кезінде олардың ұзақ сақталуы мерзімін тексеру үшін 1351963 штаммын
қолдана отырып, өсінділерді 5, 15, 25, 35 және 45-ші күндері кептірілген
вакциналық штаммдар қолданылды [33].
В.П.Королева, Л.Г.Ивановалардың айтуы бойынша және тәжірибелік жұмыстардың
нәтижелері алынған мәліметтерге бірін-бірі толықтырады, сол себептен
Trichophyton mentagrophytes, Tr. Eguinum, Microsporum canis, M. eguinum
үшін-10-14 күн; Trichophyton verrucosum, Tr. Sarkisovii -25-30 күн.
Дерматомикоз қоздырғыштарының өсуі, колония түзуі және басқа қабілеттерін
осы күндерде жүргізеді [32].
Дерматомикозбен ауырған ауыл шаруашылық жануарларынан алынған сынамалардағы
дерматомикоз қоздырғыштарының өміршеңдігін анықтау үшін флакондағы
(құтыдағы) кептірілген вакцинаның 1см3 көлемінде 1см3 физиологиялық ертінді
қосып толық еріткен соң, саңырауқұлақ суспензиясына 9см3 стерильденген
физиологиялық ерітінді бар шыны құтыға ауыстырылады, әбден ерігенше мұқият
араластырып, алғашқы ерітіндіден 0,5 см3 алып, 4,5см3 физиологиялық
ерітіндісі бар екінші құтыға қосылады. Осы аталған әдіс бойынша әр келесі
құтыға 0,5 см3 еріген суспензияны араластыра отырып құтыдан саңырауқұлақ
қоздырғыштары бар суспензияны Петри табақшаларына құйылған сусло-агар
үстіне себіледі. Әр Петри табақшаларына себілген саңырауқұлақ
қоздырғыштарының суспензиясын сусло-агар қоректік ортасының толық бетін
жабатындай етіп Петри табақшалары жақсылап шайқатылады [34].
Себінді жасалған сусло-агары бар
Петри табақшаларын түбін жоғары қаратып төңкеріп астыңдағы бетіне жасалған
серия себіндісінің немерін, дайындалған және сұйытылған уақытын қарандашпен
жазып, термостатқа 26-280с температурада 10-14 тәулікке қалдырылады.
Өсіп шыққан дерматомикоз
қоздырғыштарының санын Горяев камерасын қолдан отырып микроскоп арқылы
қарап микроконидилерді санап нәтижесін зерттейміз. Дерматомикоз
қоздырғыштарының өміршеңдігін тексергенде олардың саны 1см3 көлемінде 20
миллионнан кем болмау керек [35]. Дерматомикоз қоздырғыштарының
өміршеңдігін микроскоп көмегімен Горяев камерасында қарап саағанда,
ерітілген сұйық вакцинада 20 микроконидий бар болса, осы аталған вакцинаның
1см3-де 20 миллион микроконидий бар деп айтуға болады. Себебі әртүрлі
саңырауқұлақтардың ең жоғарғы оптимальды өсу кезеңі бар. Сол кезеңде
жиналып алынған саңырауқұлақтар жиынтығының 1см3 ерітіндісінде
микроконидилер саны 600-800 миллионнан асады. Микроконидилердің осындай
аралық мөлшерде көп болуы тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Осындай әдістермен әртүрлі дерматомикоз ауруы
қоздырғыштарының немесе алейрилердің өміршендігін анықтауға болады.
Дерматомикоз ауруы клиникалық
жағынан ұқсас болғанымен әр түрлі дерматофитоз оздырғыштарымен ауру
туғызады. Қазіргі кезеңде дерматомикоз аурулары негізгі үш топқа бөлінеді:
трихофитондар, микроспорумдар және ахориондар (парша). Осыған байланысты
дерматомикоз ауруы – трихофития, микроспория және парша (қоздырғышы
ахориондар) аурулары деп аталады [36]. Клиникалық жағынан дерматомикоз
ауруы ұқсас болғаны соншалықты, ұзақ жылдар бойы аталған ауруды - бұзаутаз
(стригущий лишай) деген терминмен аталып келді. Негізгі микологиялық терең
зерттеулер арқасында дерматомикоз қоздырғыштары биологиялық жағынан
айырмашылықтары бар. Сондықтан да ең бірінші медицина да, ал содан кейін
ветеринария саласында аталып жүрген бұзаутаз (стригущий лишай) –
трихофития, микроспория және фавус (парша ) терминдерімен ауыстырылды [37].
Trichophyton verrucosum қоздырғышымен зарарланған тері мен жүнде кездесетін
қоздырғыш спораларының көлемі 5-10 мкм, жүннің теріден өсу кезіндегі
астыңғы сыртқы жағынан – эктотрикс тәрізді болып орналасады. Бұл өте жай
өсетін саңырауқұлақ [38]. Біздің жүргізілген тәжірибелік жұмыс
жағдайында бұл саңырауқұлақ қоздырғышы сусло агар қоректік ортасында 5-7-ші
күндері 26-28с температура аралығында байқала бастады. 14- ші күні дөңгелек
ақ ұнтақ ұн тәріздес шеткейлі өскен шоғырдың диаметрі 10-15 мкм. 20-25-ші
күн аралығында сусло агар қоректік ортасында толық ақ, сарғыш, тері
тәріздес қатпар, сопақ немесе шоғырдың ортасы көтеріңкі, тегіс немесе
бұдыр, тегіс қатпарлы емес, шоғырдың өсу шеткейі тегіс, дөңгелектеу күн
сәулелі тәріздес шоғырдың диаметрі 5-8мм. 2%-ды глюкоза қосылған ет -
сорпа – пептонды агар қоректік ортасында өскен өсінділер бірінғай және
сусло-агар қоректік ортасындағы өсінділермен ұқсас [39].
Штам Trichophyton verrucosum әр түрлі вариантта кездеседі: қоңырқай, жай
өсетін шоғыр, тері дәріздес, дұрыс қатпарланбаған, көтеріңкі немесе қуысты,
мицелиялары көтеріңкі емес немесе көтеріңкі қабықты ақ мицелий. Шоғырдың
шет жақтары барқыт тәріздес дөңгелек болып өседі. Морфологиялық элементтері
әр түрлі толықшалау келген мицелий мен көп емес артроспоралардан тұрады.
Кейбір жағдайларды екі контурлы, шеткі және клетка аралық хломидиоспоралар
кездеседі. Микроконидин көп емес. Шоғырлары аздап қатпарланған, шектеулі,
ақ және сарғыштау, қызғылттау ақ ұнтақ ұн тәріздес. Морфологиялық
элементтері сопақ, ұзыншалау немесе таяқша тәріздес микроконидий және
мицелий таяқшалары бір жерде ғана шоғырланып орналасады. Макроконидин
көбінесе кездеспейді, олар дұрыс емес, цилиндір немесе түйреуіш тәріздес
формада кездеседі. Қабықшалары өте жұқа, үш, алты көлденең орналасқан
бөлшектерге бөлінген [40].

1.3 Бұзау трихофитиясына қарсы дауалау және күресу шаралары.
Төл аурулары жұқпалы және
жұқпалы емес болып бөлінеді, оған күрес шаралары ірі қара мал ауруларында
үш бағытта және төл ауруларының таралу ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу
керек. Бірінші бағыт. Ауру қоздырғыштарының көзін оқшаулау және
жою. Бұл шараларды ұйымдастырғанда ауру қоздырғыштарының көзі тек қана
ауырған төлде ғана емес, ауырмаған ірі қара малдардан екенінде есте ұстаған
жөн. Сондықтан да ауру қоздырушы көзі ретінде ауырған төлмен бірге микроб
алып жүруші ірі қара малдарды да оқшаулау керек.
Екінші бағыт. Аурудың таралуына қарсы шаралар
жүйесі. Аурудың пайда болу және таралуына төлдердің күтіліп бағылуы,
азықтандырылуы көп әсерін тигізеді. Аурудың таралуына жол бермеу үшін жалпы
мал дәрігерлік санитарлық шаралардың орындалуымен қатар, төлдерді өсіру
технологиясыдұрыс ұйымдастырылуы керек. Бұл үшін: а) сыртқы ортада ауру
қоздырғыштарының көбейіп кетпеуі үшін мал қораларын, оның айналасы мен
құрал-саймандар жоспарлы түрде дезинфекциялануы керек; б) жас төлдерді
арнаулы бокс жүйеде ұстаған жөн; в) төлге сүт, жем беретін ыдыстарды
қайнатқаннан кейін немесе дезинфекциялағаннан кейін пайдаланылады; c)
әсіресе, төлді азықтандырудың режимі қатаң сақталуы керек.
Үшінші бағыт. Төлдердің індетті ауруларға қарсы
төзімділігін арттыру. Төл организмінің жалпы резистенттілігін арттыруға
бағытталған жұмыстардан басқа, бұл шаралар кешені белгілі-бір індетке қарсы
спецификалық иммунитет қалыптастыруды да көздейді [41].
Трихофитияның жалпы дауасы мал фермасында
ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау, малды дұрыс күтіп,
азықтандыру, қора жайда ретті түрде дезинфекция жұмыстарын жүргізуге саяды.
Малдардың күтім ережесін сақтау, инвентарь мен малдың күтім заттарын
профилактикалық дизинфекциялау, дератизация, барлық жастағы малды толық
құнды жем-шөппен азықтандырудың үлкен маңызы бар. Аурудың алғашқы шығуын
білу үшін бүкіл малды ай сайын қарап отыру керек, бұның малды тұрғылықты
орнына қою алдындағы топтау кезінде үлкен маңызы бар. Аурудан сәтті және
қауіп төнген шаруашылықтарда жаңа туған жас бұзауларды профилактикалық
мақсатпен бір айлық жасынан бастап ЛТФ-130 вакцинасымен иммундайды.
Шаруашылыққа сырттан әкелінген мал аруашылыққа сырттан әкелінген мал 30 күн
дауалық карантинде ұсталуы қажет. Оқшауханадан щығарар алдында ондай
жангуарлардың үстін 2% тотияйын, күйдіргіш натрий немесе басқа
дезинфектантпен шылау керек. Аурудың алдын алу мақсатымен жемге қосып
гризеофульвин, метионинді күкірт береді [42,43].
Ауру анықталса шаруашылық несесе оның бөлімшесі аурудан сәтсіз деп
хабарланады. Ауруларды оңашалайды және фунгицидтік дәрілермен емдейді
немесе вакцинотерапия жасалады. Бұл топтағы малдарды бағу үшін жеке адамдар
бөлінеді. Басқа малды профилактикалық мақсатпен вакциналайды.
Сау емес шаруашылықтарда трихофитияны болдырмау үшін бейім
жануарларды арнайы вакцинамен егеді. Адам мен
жануарлар дерматомикоздары осы уақытқа дейін әлемнің барлық жерлерінде
таралған. Көптеген бактериялық және вирустық инфекциялар бойынша тұрақты
сауықтыруға қол жеткізген мемлекеттерде бұл дерматомикоздар тіркеліп келеді
және әр түрлі жануарлардың жаңа туған төлдері үшін ошақ көзі болып келеді,
осылармен қарым-қатынас жасайтын адамдарға осы ұзаққа созылатын тері
індетін тұрақты жұқтыру қаупін тудырып келеді. Химиотерапиялық және
профилактикалық биопрепараттардың кең таралуына қарамастан дерматомикоздар
әлі де таралған [44]. Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылықты
сау емес деп жариялап, жануарларды бір табыннан екінші табынға ауыстыруға
тиым салады. Ауырған малды оқшаулап емдейді. Қалғандарына вакцина егіп,
ауруға шалдыққандарын уақыттылы бөліп алу мақсатымен әрбір 5 күн өткен
сайын дәрігерлік бақылаудан өткізеді. Жаңадан ауырған малды бөліп алған
кезде, бірден қора- жайға дезинфекция жасалады. Ағымдағы дезинфекция 10 күн
өткен сайын 1% сілті және 5% формальдегидтің қоспасымен 10% карболды
күкірт қышқылымен, формалин-керосин эмульсиясымен (10 бөлігі формалин, 10
бөлігі керосин, 5 бөлігі креолин, 75 бөлігі су ) жасайды. Сонымен қатар,
құрал-сайман, жұмыс киімі зарарсыздандырылады. Шаруашылық соңғы ауырған мал
жазылған соң 15 күн өткенде, қорытынды дезинфекция жасап барып, сау деп
есептеледі [45,46]. Спецификалық
профилактика үшін келесі вакциналардың маңызы зор. Ірі қара малдардың
трихофитиясына терапиялық және профилактикалық мақсатта ЛТФ-130 вакцинасы
қолданады. Препарат ірі қара малдардың трифофития ауру қоздырғышына қарсы
белсенді иммунитеттің қалыптасуына септігін тигізеді. Вакцинаны араға 10-14
күн салып, профилактикалық мақсатта бұзауларға бұлшық етке енгізеді (1
кесте).

Кесте 1 - Мүйізді ірі қара малдардың трихофитиясына терапиялық және
профилактикалық мақсатта ЛТФ-130 вакцинасы қолдану

Бұзаулардың жасы Доза
1айдан 4 айға дейін 5 мл
5 айдан 8 айға дейін 8 мл
8 айдан жоғары 10 мл

Егілген жануарларда иммунитет вакцинациядан соң 30 күнде қалыптасып, 5
жылға дейін сақталады. Вакцинаны емдік мақсатта 2 есе көп енгізеді. Ауру
айқын білінген жағдайда үшінші рет 10-12 күннен соң препаратты сол мөлшерде
енгізеді [47,48,49]. Жануарлардың дерматомикозына қарсы
Вермет вакцинасы ұсынылған. Вакцинаны араға 7-14 күн салып бұлшық етке екі
қайтара жануарлардың трихофитиясына қарсы профилактикалық және емдік
мақсатта келесі мөлшерде (мл) қолданылады: (2 кесте)

Кесте 2 - Жануарлардың дерматомикозына қарсы Вермет вакцинасын
қолдану

Бұзаулардың жасы Профилактикалық мөлшерде Емдік мөлшерде
1 айдан 4 айға дейінгі 1,0 мл 2,0мл
бұзауларға
4 ай және одан жоғары 2,0 мл 4,0мл
бұзауларға

Жануарларда иммунитет 25-30 күннен соң қалыптасып, екінші рет препаратты
енгізген соң 12айға дейін созылады. Емдік әсері 2-ші рет иммундеуден кейін
15-20 күн өткен соң байқалады. Ірі қара малдардың
дерматомикозына қарсы Поливак – ТМ инактивтелінген вакцинасы қолданылады.
Препарат ірі қара малдардың трифофития және микроспория қоздырғыштарына
қарсы белсенді иммунитет қалыптастыру үшін қолданылады. Вакцинаны бұлшық
етке 1 рет араға 10-14 күн салып егеді, дозасы (мл):(3кесте)

Кесте 3 - Ірі қара малдардың дерматомикозына қарсы Поливак – ТМ
инактивтелінген вакцинасының қолданылуы

Жануар жасы Профилактикалық дозасы Емдеу дозасы
1 – 12 айдағы 4мл 8 мл
1 жастан жоғары 8 мл 8 мл

Вакцинаны емдік мақсатта 2-3 қайтара араға 10-14 күн салып егеді.
Иммунитет екінші рет еккеннен кейін 20-30 күннен соң түзіледі де, 12 айға
дейін сақталады [50,51]. Есейіп келе жатқан
жас малдарды егілу жасына жеткен соң иммундайды. Малдарды қайта
топтастыруға тиым салынады. Ауру малдар білінген қораларды тазалайды және
дезинфекциялайды. Одан кейін дезинфекция әрбір ауырған мал табылған сайын
жүргізіліп отырылады. Күнделікті дезинфекция он күн өткен сайын бір реттен
кем емес болуы қажет [52]. Жердің
үстін активті хлоры 5% кем емес хлорлы әктің шала ерітіндісімен,
формальдегидтің 4% ерітіндісімен зарарсыздандырады. Көнді биотермиялық
жолмен зарарсыздандырады. Күтім заттары, жегу әбзелдері, күтуші адамның
киімі де дезинфекциялануы керек. Барлық жұмыс әркім өз басының
профилактикасын сақтау арқылы жасалады [53]. Қорытынды
дезинфекция жасалған жағдайда клиникалық ауру малдардың ақырғы шығуынан 2
ай өткен соң шаруашылық трихофитиядан сәтті деп хабарланады.

II ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР 2.1.
Зерттеу материалдары мен әдістері

Жұмыс 2011-2012 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданы, Қараоба селолық округінің Ақбота шаруа қожалығында және
Казталов аудандық ветеринарлық зертханасында жүргізілді.
Зерттеу материалдары ретінде ауруға
шалдыққан бұзаулардың терісінің зақымдалған жерінің қырындысы,
қабыршақтары, жүн (дұрысы зақымдалған және сау жерлердің аралығындағысы)
пайдаланылды. Бұзаулардың
трихофития ауруын анықтау үшін індеттанулық клиникалық әдістері қолданылды.
Трихофития созылмалы жұқпалы ауру малдың терісі мен жүніне зақып келтіреді.
Бұл ауру малдың барлық түрінде және адамда да, бірақ көбінесе ауыл
шаруашылық малдарының төлдерінде, әсіресе бұзауда жиі кездеседі. Оны
трихофитон және микроспорон тұқымдас өте қарапайым саңырауқұлақтар
тудырады. Мал ауырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трихофития кезіндегі биопрепараттар жайлы
Трихофития кезіндегі биопрепараттар
Жазық терінің терең трихофитиясы
Гибридомалық технология мен моноклональды антиденелер негізінде таралған ауруларға диагностикумдар өндіру
Саңырауқұлақтарға қарсы заттар
Бұзауларды өсіру гигиенасы
Бұзаулардың сальмонеллез ауруы кезіндегі патоморфологиясы
Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар
20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландырудың есептік режимдрі
Шу және оның мал организміне әсері
Пәндер