Қой бруцеллезі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.
“Эпизоотология, паразитология және ВСС кафедрасы”
“Індеттану және індеттік аурулар” пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ : қой бруцеллезін балау, дауалау және онымен күресу шаралары
Орындаған:
Тексерген:
Жоспары:
Кіріспе . . . 3-4
- Ауруға сипаттама . . . 5-7Тарихи деректер мен қоздырушыларыІндеттік ерекшеліктеріӨтуі мен симптомдары, патологиялық - анатомиялық өзгерістеріАуруды балау, емдеуДауалау және күресу шаралары.
II. Негізгі бөлім. . . . … . . . 8-20
2. 1. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары . . . 8-9
2. 2. Инфекциялық ауруларды жою, одан сақтандыру шаралары . . . 10
2. 3. Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және эпизоотологиялық жағдай туралы акт . . . 11-19
2. 4. Жоспарға түсініктеме . . . 20
III. Қосымшалар . . . 21-22
IV. Қорытынды . . . 23
V. Ұсыныстар . . . 24
VI . Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 25-26
Кіріспе
Мал шаруашылығын дамыту қазіргі кезде кең қолдау табуда, бірақ та оған әр түрлі аурулармен қатар инвазиялық ауруларда өз зиянын тигізуде. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауында да Үкіметке мал шаруашылығын дамытуға, сонымен қатар ветеринария ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге тапсырма берілген болатын. Халықты сапалы өнімдермен және жануар тектес шикізаттармен қамтамасыз ету ветеринария ісінің дұрыс жүргізілуіне де байланысты.
Аграрлық өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде мал шаруашылығында істейтін еңбеккерлердің алдында өте келелі міндет тұр - ол халықты жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін шаруашылықтарға күшті материалдық-техникалық базаны шоғырландырып, әрі еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану керек.
Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас керек. Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда, ол түгел технологиялық циклдің бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан да, берік жемшөп қорынсыз, ғылыми негізде жолға қойылған асылдандыру жұмысынсыз айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Мал фермаларынан алынатын өнімдердің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін малдардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан еліміздің мал дәрігерлігі қызметінің алдында шаруашылықтағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру, мал шығынын азайту міндеттері тұр. Мұның өзі осы салада істейтін оқу және ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижелерін көтере түсуін, ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгізуді және мал дәрігерлігі маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара білуіне тікелей байланысты.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, сөйтіп мал басын шоғырландыру мал дәрігерлігі қызметкерлерінің әдеттегі қалыптасқан жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін өзгертіп қана қоймай, олардың өз жұмысына деген көзқарастарын өзгертуді талап етеді.
Мал дәрігерінің маман болып қалыптасуында індеттану және микробиология пәнінің алар орны ерекше. Бұл пәндерде шаруашылықтағы малдарды әр түрлі жұқпалы аурулардан алдын ала сақтау, санитарлық және басқа да шаралар жүргізудің негіздері белгіленеді, соның нәтижесінде шаруашылықты жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау және жоғары сапалы мал өнімдерін өндіру мүмкіндіктері туғызылады. Жоғарыда атап айтылған міндеттерді орындауда орта буынды мал дәрігерлік мамандардың алар орны ерекше.
Курстық жұмысымның мақсаты мен міндеттері. Орындалған курстық жұмысымның негізгі мақсаты болып Ақжайық ауданы, Алғабас ауылының «Cәбит» шаруа қожалығынан қойлардың бруцеллез ауруын анықтау және сауықтыру шаралары.
Бұл мақсатқа жету үшін біздің алдымызға келесі міндеттер қойылды:
- осы тақырыптағы әдебиеттермен танысу;
- қойлардың бруцеллез індетін балау және алдын алудың тиімді жолдарын қарастыру;
- аталған ауруға қарсы жүргізілетін ветеринарлық-санитарлық шаралардың неғұрлым озық, нәтижелі тәсілдері және басқа да аспектілерін меңгеру;
- қойларға экспермент жасау және лабораториялық тәжірибе жасағанда теориялық біліктілікті көрсету, материалдар мен құралдарды шаруашылықта және зертханаларда қолдана білу.
Осыларды ескере отырып, курстық жұмысымды халық игілігіне жарату үшін орындап, ұсынып отырмын.
I. Ауруға сипаттама
Қой бруцеллезі (B. ovis) - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхитпен сипатталатын жұқпалы ауру.
Індеттік ерекшеліктері . Бруцеллезге 60-тан артық үй және жабайы жануарлар бейім. Бұл аурудың табиғи ошағы болмайды.
Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады. Олар шаранамен, шумен, тастанды төлмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады. Қоздырушы микроб сонымен қатар, сүт, шәует, нәжіспен бөлінеді.
Бруцеллелармен ластанған өнімдер және малдан алынған шикізаттар, жануарларды күтуге арналған жабдықтар, жемшөп, төсеніш, су, топырақ - басты жұғушы факторлары болып табылады.
Дерттенуі. Бруцеллездің қоздырушысы ас қорыту және тыныс, несеп, жыныс жолдарының кілегейлі қабықтарынан және көз коньюктивасынан тоқтаусыз өтіп, сөл жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сөл түйіндерінде тұрақтайды. Кейіннен басқа да сөл түйіндеріне және үлпершек ағзаларға енеді.
Бруцеллез инфекциясының өрбуін 3 кезеңге бөледі: бастапқы латенция, генерализация және екінші латенция.
Бастапқы латенйия (регионарлық) кезеңінде қоздырушы белгілі бір ұлпаға қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық белгілері біліне қоймайды.
Генерализация кезеңі буаздықтың, төзімділіктің төмендеуі, күтімнің нашарлауы нәтижесінде байқалады. Буаздықтың екінші жартысында жиі өрбиді.
Екінші латенция кезеңінде аурудың клиникалық белгілері өше бастағанымен денеден ұзақ уақыт бойы микроб бөлініп шығады.
Өтуі мен симптомдары . Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серологиялық немесе аллергиялық реакциялар оң нәтиже бергенге дейін, 2-4 аптаға созылады. Егер ауру жұққан малдардың ішінде буаздары болмаса, бруцеллез симптомсыз өтеді.
Бруцеллездің басты белгілері - буаздықтың екінші жартысында іш тастау. Іш тастар алдында буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт қоңыр түсті сора ағады. Іш тастағаннан кейін әдеетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі іріңді, соңынан іріңді фибринді эндометрит байқалады. Дененің ыстығы көтеріліп, малдың сүті азайып кетеді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер . Іш тастаған малдың қағанағы қабынып, оның бетіне фибрин ірімтіктері, ірің жиналады, жатыры, бүйректері, көкбауыры ісінеді, бауырында абцесса болады.
Балау. Бруцеллезге диагноз кешенді түрде індеттанулық, клиникалық, аллергиялық және зертханалық тексерудің нәтижесінде қойылады.
Індеттанулық деректерден бұл жерде бұрынғы уақытта бруцеллездің болған-болмағаны, өткен жылдардағы бруцеллезге тексерудің қортындылары еске алынады. Айрықша көңіл бөлетін мәселе - шеттен әкелінген мал және оны карантиндеу ретінің орындалуы. Соңғы жылдары алынған төлдің санына, аналық малдың іш тастауы мен қысыр қалуына және оның себептеріне мұқмят талдау жасалынады.
Жануарларды клиникалық тексеру кезінде бурсит, еркек малда орхит, ұрғашы малда эндометрит, іш тастау, шуы түспеу сияқты құбылыстарға баса көңіл аударылады. Клиникалық тексеру арқылы енін, шылауын сипап қошқардың жұқпалы эпидидимитіне түпкілікті диагноз қоюға болады.
Бактериологиялық диагноз үшін жағындыларды микроскоппен қарап, ауру қоздырушысының өсіндісін алып, теңіз тышқанына биологиялық сынама қояды.
Серологиялық реакциялар бруцеллезге малды жаппай тексеру үшін кеңінен қолданылады. Бұлардың ішіндегі ең танымал әдістер: агглютинация реакциясы, комплемент байланыстыру реакциясы, комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, сонымен қатар роз бенгал сынамасы.
Аллергиялық тексеру бруцеллездің соңғы кезеңдерінде нәтижелі деп есептеледі. Бұл үшін бруцеллиниаллергені пайдаланылады. Оны тері ішіне және тері астына жібереді. Бірақ, аллергиялық әдістің сезімталдығы серологиялық рекциялардан төмен.
Емі. Бруцеллезбен ауырған малды емделмейді. Ол тез арада сойылады.
Иммунитет. Бруцеллезбен ауырған малда табиғи иммунитет қалыптасады. Оның ұзақтығы қойда - 2 жыл. Аурудан соңғы иммунитеттің ерекшелігі ол бастапқы кезеңде стерильді емес, соңынан иммунитеттің стерильді кезеңі басталып, организм қоздырушы микробтан арылады.
Американдық ғалым J. Buck (1930) ұзақ уақыт қоректік ортада өсіру арқылы уыттылығы төмен B. abortus 19 штамын алып, оны вакцина ретінде ұсынды. Бұл бруцеллезге қарсы қолданылған вакциналардың ішіндегі дүниежүзінде ең көп қолданылғаны. Оның артықшылықтары - қасиеттерінің тұрақтылығы және иммуногендігінің күштілігі, сонымен қатар кемшілігі - егілген жануардың организмінде антидене ұзақ уақыт сақталады да, серологиялық әдіспен тексергенде нағыз аурудан ажыруту мүмкін болмайды.
Мексикада 1953 жылы Хельберг пен Эльберг B. melitensis өсіндісінен стрептомицинге тәуелді Rev-1 мутантын бөліп алды. Қазіргі уақытта ол вакцина ретінде қойды бруцеллезге егі үшін кеңінен қолданылады.
Дауалау және күресу шаралары. Қой бруцеллезінің алдын алу үшін ең басты шара - аурудан сау шаруашылыққа сырттан инфекция қоздырушысын әкелдірмеу мақсатында неггізгі ветеринариялық - санитариялық талаптарды орындау. Жоспарлы түрде жануарларды бруцеллезге тексеріп тұрады. Өсіру үшін шаруашылыққа әкелінген малдарды 30 күн карантинде ұстап, бұл уақытта бруцеллезге аггютинация және КБР арқылы тексеріп, нәтижелері теріс болғанда ғана жалпы табынға қосады.
Бруцеллез шыққан шаруашылыққа карантин қойылады. Сонымен қатар, сауықтыру шаралары жүргізіледі.
Ауру шыққан шаруашылықты карантиндік реттілікте ұстап, барлық малды 15-30 күн сайын бруцеллезге серологиялық әдіспен тексеріп, оң нәтиже бергендерді жедел бөліп алып, сояды да, қораны дезинфекциялайды. Осылайша тексеруді қатарынан 2 рет теріс нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Екі рет теріс нәтиже алған соң, отарды 3-6 айға бақылауға қойып, 2 рет бруцеллезге тексереді. Тексеру теріс нәтиже берсе, отар сауықтырылды деп есептеп, қорытынды дезинфекция жасаған соң карантинді алады.
«Сәбит» шаруа қожалығында ауру қойлар сау қойлардан оқшауланды. Сау қойлар ауруға қарсы вакцинацияланды. Ал ауру қойлар жойылды. Осылай шаруашылық аурудан толық айықты.
II. Негізгі бөлім
2. 1 Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары
«Келісілді»
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Алғабас ауылының
Бас мемл. вет-сан инспекторы
Боранбаев А. С.
« 11» қазан 2013 ж.
«Бекітемін»
«Сәбит» шаруа
қожалығының жетекшісі
Құрманғалиев М. К.
« 11 » қазан 2013 жыл
«Сәбит» шаруа қожалығында қой бруцеллезін жою шараларын өткізудің
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Мал дәрігер Жумин Т.
Малшы Хайранбаев Б.
Бас мемл. вет-сан
инспекторы
Боранбаев А. С
Мал дәрігері.
Жумин Т.
Мал дәрігері
Жумин Т.
Малшы Хайранбаев Б.
Қожалық төрағасы
Құрманғалиев М. К.
Мемл. вет-сан инспектор
Боранбаев А. С.
Мал дәрігері Жумин Т.
Малшы Хайранбаев Б.
Студент: Куанов М. А.
2. 2. Инфекциялық ауруларды жою, одан сақтандыру жолдары .
Аурудың 10. 10. 2013 жылы 4-5 қой арасында басталғанын мал бақташысы байқаған. Ошақты комиссия құрамы аурудың жедел басталғанын, клиникалық белгілеріне, өлген малды сойып- жарып зерттеп, зертханалық қорытындысын ескеріп 12. 10. 2013 жылы «Сәбит» жеке мал шаруашылығында жұқпалы «қой бруцеллезі» деген қорытынды диагноз қойды.
Ауру және өлген малдан анықталынған, сіреспе ауруына тән клиникалық белгілері: Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серологиялық немесе аллергиялық реакциялар оң нәтиже бергенге дейін, 2-4 аптаға созылады. Егер ауру жұққан малдардың ішінде буаздары болмаса, бруцеллез симптомсыз өтеді.
Бруцеллездің басты белгілері - буаздықтың екінші жартысында іш тастау. Іш тастар алдында буаз малдың емшек үрпі сызданып, сыртқы жыныс мүшелері толықсып, сарпайынан қызғылт қоңыр түсті сора ағады. Іш тастағаннан кейін әдеетте шуы түспей, бастапқыда кілегейлі іріңді, соңынан іріңді фибринді эндометрит байқалады. Дененің ыстығы көтеріліп, малдың сүті азайып кетеді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер . Іш тастаған малдың қағанағы қабынып, оның бетіне фибрин ірімтіктері, ірің жиналады, жатыры, бүйректері, көкбауыры ісінеді, бауырында абцесса болады.
Патогенезі. Бруцеллездің қоздырушысы ас қорыту және тыныс, несеп, жыныс жолдарының кілегейлі қабықтарынан және көз коньюктивасынан тоқтаусыз өтіп, сөл жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сөл түйіндерінде тұрақтайды. Кейіннен басқа да сөл түйіндеріне және үлпершек ағзаларға енеді.
Бруцеллез инфекциясының өрбуін 3 кезеңге бөледі: бастапқы латенция, генерализация және екінші латенция.
Бастапқы латенйия (регионарлық) кезеңінде қоздырушы белгілі бір ұлпаға қалыптаса бастайды да, аурудың клиникалық белгілері біліне қоймайды.
Генерализация кезеңі буаздықтың, төзімділіктің төмендеуі, күтімнің нашарлауы нәтижесінде байқалады. Буаздықтың екінші жартысында жиі өрбиді.
Екінші латенция кезеңінде аурудың клиникалық белгілері өше бастағанымен денеден ұзақ уақыт бойы микроб бөлініп шығады.
Дифференциалдың диагноз. Жануарларды клиникалық тексеру кезінде бурсит, еркек малда орхит, ұрғашы малда эндометрит, іш тастау, шуы түспеу сияқты құбылыстарға баса көңіл аударылады. Клиникалық тексеру арқылы енін, шылауын сипап қойдың жұқпалы эпидидимитіне түпкілікті диагноз қоюға болады.
2. 3. Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және эпизоотологиялық жағдай туралы акт
1. «Сәбит» шаруа қожалығы. Тексеру 10. 10. 2013 ж. жүргізілді.
2. Комиссия құрамы: Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Қанатбаев С. Г., Ақжайық аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Боранбаев А. С., шаруашылық төрағасы Құрманғалиев М. К., шаруашылықтың мал дәрігері Жумин Т., малшы Хайранбаев Б. .
3. Шаруа қожалығында 2000 бас қой бар, соның ішінде 1400 басы ересек, 600 жас мал. Барлығы да 1-3 жастағы қойлар
4. Қойға деген күтім жоғары дәрежеде, өсіру дәрежесі жоғары.
5. Қойды күніне 3 мезгіл құнарлы азықтармен азықтандырады, жаз мезгілінде үш мезгіл, ал қыста екі мезгіл суарады. Жеммен толықтай қамтамасыз етілген.
6. Малдәрігерлік-санитариялық нысандардың жағдайлары емхана, дәріхана, зертхана, оқшаухана, қасапхана, санитарлық өткізгіштер, мал молалары, дезинфекциялық кедергілермен жабдықталған.
7. Эпизоотологиялық жағдай және берілген аурудың соңғы жылдары байқалуы (соңғы 2-3 жыл бойынша) . Соңғы 3 жылда шаруашылық инфекциялық аурулардан таза деп саналып келді. Бұған дейін қой бруцеллезі тіркелмеген. Қой бруцеллезі шаруашылықта анықталғаннан кейін қойларды айырбастауға, шаруашылық аумағынан шығаруға, топтауға және жем - шөп жөнелтуге тыйым салынады. Егер ауру шаруашылыққа микроб алып жүрушілермен енген болса, әуелі қойлардың аздаған бөлігі ғана ауырып, тек 10-14 күннен кейін індет жаппай байқалуы мүмкін, Ал егер микроб жеммен әкелінген болса, 2-3 күннің ішінде қойлардың басым көпшілігі, тіпті түгелдей ауруға шалдығады. Сол себептен шаруашылықты күн сайын тексеріп отырады.
8. Инфекциялық аурудың пайда болу ерекшеліктеріне сипаттама:
- аурудың алғашқы байқалған уақыты -01. 10. 2013 ж. ауруға шалдыққан түлік түрі -қой, саны-2000 бас, 1-3 жас мөлшері;
- Қой бруцеллезін індеттанулық, клиникалық, патологиялық- анатомиялық деректерге сүйеніп анықтайды. Зертханалық зерттеулердің нәтижесінде бактериялық инфекциялардан 01. 05. 13 ж. мал дәрігері Жумин Т. ажыратты.
- Қоздырушының берілу факторларына жем, су, нәжіс, төсеніш, күту құрал саймандары, өлексе, сойыс өнімдері, жатады.
Ауру негізінен жас төлге алиментарлық жолмен енесінің сүті арқылы, ал сақа жануарларға алиментарлық жолмен және шағылысқанда жанасу арқылы жұғады.
- Ауруға шалдығу көрсеткіші 20-30%, ауруға шалдығу динамикасы- 2- 15 күн. Өлім көрсеткіші- 5 бас.
- Бруцеллездің қоздырушысы ас қорыту және тыныс, несеп, жыныс жолдарының кілегейлі қабықтарынан және көз коньюктивасынан тоқтаусыз өтіп, сөл жүйесіне түседі де, одан маңайында орналасқан сөл түйіндерінде тұрақтайды. Кейіннен басқа да сөл түйіндеріне және үлпершек ағзаларға енеді.
Бруцеллез инфекциясының өрбуін 3 кезеңге бөледі: бастапқы латенция, генерализация және екінші латенция.
Іш тастаған малдың қағанағы қабынып, оның бетіне фибрин ірімтіктері мен ірің жиналады, жатыры, бүйректері, көкбауыры ісінеді, бауырында абцесса болуы мүмкін. Ересек малда іріңдеген өліетті орхит, ал ұрғашы малда мастит, аналық бездің кистасы кезхдеседі.
Гистологиялық тексеру кезінде әр түрлі мүшелер мен ағзаларда өліеттенген ошақтар табылады. Оларда лимфоидты торша элементтері, гистиоциттерден құралған микрогранулемалар және бөлікше аралық ұлппада полиморфты торшалардан құралған инфильтраттар кездеседі.
- Көрші шаруашылықта да қой бруцеллезі тіркелген.
9. Қой бруцеллезінің алдын алу үшін ең басты шара - аурудан сау шаруашылыққа сырттан инфекция қоздырушысын әкелдірммеу мақсатында неггізгі ветеринариялық - санитариялық талаптарды орындау. Жоспарлы түрде жануарларды бруцеллезге тексеріп тұрады. Өсіру үшін шаруашылыққа әкелінген малдарды 30 күн карантинде ұстап, бұл уақытта бруцеллезге аггютинация және КБР арқылы тексеріп, нәтижелері теріс болғанда ғана жалпы табынға қосады.
Эпизоотологиялық тексеру карточкасы
БҚО облысы Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы «Сәбит» шаруа қожалығы
Хабар «9» қазан 2013 ж. жіберілді. Тексеру «10» қазан
басталып, «18» қазан 2013 ж. аяқталды. Ауру түрі қой бруцеллезі
Мекен саны - 1. Қой саны- 2000
Ауру қой саны 50, оң нәтиже бергендер 35, өлтірілгені 15
Өлгені 5 . Болжам диагноз -қой бруцеллезі
Уақыты «1» мамыр 2013 ж. Диагноз дәлелденді «2» мамыр.
Соңғы диагноз қой бруцеллезі
Уақыты «8» мамыр
Бұрын осы аурумен ауырып жазылған иә
Ауызша жоқ құжат бойынша иә
«11» қазан 2013 ж.
Аурумен күрес жолдары
Оқшауланған уақыты «10»қазан Карантин салынған күн «11» қазан Зарарсыздандырылған мерзім «24» қазан 2013 ж.
Сақтандыру жолдары Rev-1 вакцинасымен иммундеу
Күні «10» қазан
Препарат Дозасы 2 мл, тері астына.
Эпизоотологиялық ошақтар туралы мәліметтер
Ошақ аты -қой бруцеллезі. Ошақ сипаты шектелген.
Ауру қой бөлек ұсталынды иә.
Жем-шөптің дайындалуы: осы шаруашылықта .
иә жоқ
Тасымалданып әкелінді
қайдан күні, айы, жылы
Жемнің сақталынуы қоймада
Суатқа сипаттама : құбыр
Көңді жинау, сақтау көңді алу автоматтандырылған, оны қора жанындағы шарбақтарда сақтайды
қандай әдіспен, қайда?
Көңді және пайдаланылған суды зарарсыздандыру: иә
қандай тәсілмен биотермиялық тәсілмен
Ауру қоздырушысын тасымалдаушылар - кемірушілер, ит
қатынас түрі - микробпен ластанған су, жемшөп, төсеніш, көң, өлексе, малдан алынған өнімдер мен шикізаттар.
Ауру қойдың осы шаруашылықтағы ошақпен байланыстылығы иә
Ауру қойдың басқа шаруашылықтағы ошақпен байланыстылығы ортақ ауру қоздырушысы зарарсыздандырылмаған асхана, қасапхана қалдықтарымен, әртүрлі көлік қатынас құралдарымен, микроб алып жүрушілермен енеді.
«10» қазаннан бастап, «11» қазанға дейін
Малдың жолда болуы «9»қазан келген уақыты «10» қазан
Транспорт түрі жүк машинасы. Ауру жұқтырылуы мүмкін иә .
Егіндікөл ауылындағы «Арман » шаруашылығынан.
Ауру қоздырушысының көзі ауру және микроб алып жүруші құстар.
түлік түрі
Қоздырғыштың берілу жолдары: ауру малмен бірге ұсталынды иә .
ауру қоздырушысын сақтаушылармен бірге ұсталынды жоқ .
малға күтім көрсетуші адамдар арқылы жоқ
Табиғи ошақтармен байланысы жоқ
Анықталған жоқ
Күні «11» мамыр 2013 ж. қолы
АКТ
«10» қазан 2013 ж. «Сәбит» шаруа қожалығы
Ақжайық ауданы
Алғабас ауылы
Біз, төменде қол қоюшылар: мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Боранбаев А. С., шаруашылық төрағасы Құрманғалиев М. К., шаруашылықтың мал дәрігері Жумин Т., малшы Хайранбаев Б. осы актіні « 10 » қазан 2013 ж. « 18 » қазан 2013 ж. аралыққа дейінгі уақытта шаруашылыққа қарасты қой бруцеллезі қарсы егілгендігі туралы жасадық.
Барлық егілген қой 2000 бас, 1-3 жастағы қойлар
түрі жасы
Ендірілген препарат Rev-1 вакцинасы . Ұсақ ұнтақты, ақ-сары түсті, суда жақсы ериді. жарамдылық мерзімі 1 - жыл.
биопрепарат аты, сериясы, мемл. бақылау № 14 , жарамдылық мерзімі, шығарған биофабриканың мекен-жайы
Биопрепарат ендірілді тері астына . Егілетін орын өңделінді 70% этил спирт
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz