Туляремияның



Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.13
1.1.Тарихи деректер мен қоздырушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Морфологиясы мен тинкториальды қасиеттері және культурасын
өсіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3.Төзімділігі, патогенезі және індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.4. Дерттенуі және өтуі мен симптомдары. Патологиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.5. Ажыратып балау, иммунитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.6. Диагноз. Емі. Дауалау және күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1.Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және эпизоотологиялық жағдай туралы акт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2.Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.3.Эпизоотологиялық тексеру карточкасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.4.Эпизоотиялық жағдай сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5. Жоспарға түсіндірме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

III. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
V. Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
VI.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Кіріспе
Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен мал шаруашылығының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі жұқпалы ауруларды тиімді профилактикалау және күресудің тиімді шарттарын қолдану үшін барлық жағдайдың жасалуы болып табылады. Мал дәрігерлік шараларды жоспарлау, ғылыммен тәжірибенің жетістіктерін кеңінен пайдалану мүмкіндіктерін қамтамазыз ету, осы бағыттағы негізгі проблемаларды шешу үшін жасалынуда. Бұған халықтың мәдениетімен мал дәрігерлік білімді кеңінен насихаттау себепкер болады. Біздің елде халық шаруашылығының дамуының жалпы жоспарына кіретін індетке қарсы шаралардың жоспарлы жүргізілуіне барлық мүмкіндік бар. Бұл әр шаруашылықта, ауданда, әр облыста малды күтіп бағумен азықтандыру жағдайын жақсартуға, малдардың жұқпалы ауруларымен күресу саласындағы ғылымның жаңа жетістіктерін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Біздің елде індетке қарсы шаралар кешенді сипатта жасалады, яғни індеттік тізбектің барлық буындарына әрекет жасау арқылы. Індетке қарсы шаралар біздің елде «Ветеринария туралы» заңында белгіленген. Жұқпалы аурулармен күресуде мал шаруашылығындағы сақтық шаралармен қатар мал дәрігерлік ағарту жұмыстарының үлкен маңызы бар, сонымен қатар үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен малдәрігерлік қызыметтің тығыз қатынаста жұмыс істеуі үлкен нәтежиелер береді.
Жалпы ауыл шаруашылығын, соның ішінде ветеринария саласын дамытудың бірден бір жолы – малдардың індеттік ауруын алдын алу. Осыған орай мал шаруашылығы мамандарының алдына қойған мақсат міндеттері болады. Осы мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мал басын көбейтіп, оның өнімділік сапасын арттыру керек. Бұл үшін мал мамандары шаруашылықта жүргізілетін мал дәрігерлік, зоотехникалық қызмет көрсетуді, малдардың бағылуы мен азықтандыруына, азық сапасын көтеруін, ветеринарлық шаралардың уақытылы және жоғары деңгейде өткізуді талап етеді.
Осы курстық жұмыста жұқпалы аурулардын ішінде қойда өте қауіпті болып табылатын – қойдың туляремиясы ауруы туралы жан-жақты мәліметтер беріледі,
VI. Қолданылған әдебиеттер:
1. Сайдулдин Т. С. “Індеттану және жұқпалы аурулар”. Алматы, 2008 ж.
2. Сайдулдин Т. С. Ветеринарлық індеттану (1-ші және 2-ші кітап), Алматы, 1999 ж.
3. Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие. М.: Колос.
4. Ветеринарное законодательство РК. Астана, 2005 г. Т 1, 2, 3.
5. А.А. Поляков “Ветеринарная санитария”. Уч. пособие, М.: “Колос”, 1979 г.
6. Ветеринарное законодательство под ред. А.Д.Третьякова, М.: “Колос”, 1972, Т1; 1973 -Т2; 1981-Т3, 1988-Т4.
7. Эпизоотология и инфекционные болезни. Учебник под ред.
А.А.Конопаткина.-М.: Колос, 1984.
8. Конопаткин А.А., Глушков А.А. «Инфекционные болезни с/х животных в
тропических странах». Учебник, М.: МВА, 1984 г.
9. Руководство по общей эпизоотологии под ред. Бакулова И.А. и
А.Д.Третьякова, М.: «Колос», 1979 г.
10. Карантинные и малоизвестные болезни животных. Под ред. А.И.Бакулова,
М: «Колос», 1983 г.
11. Болезни пушных зверей. Под ред. Е.П.Данилова, М.: «Колос», 1984 г.
12. Таршис М.Т., Константинова В.М. Математические методы в эпизоотологии. М.: «Колос», 1975 г.
13. ІІ Вестник сельскоозяйственной науки Казахстана – 2002 - №9 52с. Сущих В.Ю.
14.Мал дәрігерлігі жөніндегі анықтамалық Алматы, «Қайнар» 1982
15. Иммунология. Петров Р.В. Москва, «Медицина» 1987
16. Вакционология Медуницын.Н.В. Москва, «Триада -х», 1999
17. Обшая эпизоотология Сидорчук А.А и др. Мовква «Колос» 2004
18. Індеттану терминінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі, Әбуталипов Ә. Алматы 1995
19. Патологическая анатомия селскохозяйственных животных В.П.Шишкова, А.В.Жарова, Москва «Колос» 2003.
20. ІІ Зоотехния М.И. Бащенко, Хмельничий Л.М. 2005 №3
21.Иммунология (учебник) Е.С.Воронин и др. Москва, «Колос-прес», 2002
22. Иммунология. Петров Р.В. Москва, «Медицина» 1987
23. Вакционология Медуницын.Н.В. Москва, «Триада -х», 1999
24. Обшая эпизоотология Сидорчук А.А и др. Мовква «Колос» 2004
25. Індеттану терминінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі, Әбуталипов Ә. Алматы 1995
26. И.А. Бакулов «Індеттану және микробиология негіздері» Қайнар, 1993- 2 с.
27.Некрасова Л.Е. Сочетанные инфекции грызунов в Волго-Уральском очаге чумы: автореф. ...канд. мед. наук.- Алматы, 1989.-22с.
28.А.Б. Жаров «Патологические анатомия с/х животных» //Москва. «Колос» – 2003.
29.Ильясов Б.К. Эпизоотология пастерелез животных в Казахстане и меры борьбы с ним: автореф. ...докт. вет. наук: 16.00.03.-Алматы, 1999.-36с.
30.Ильясов Б.К. Связь между распространением лептоспироза среди сельскохозяйственных животных и заболеваемости людей //Животноводство и ветеринария в XXI век: Действительность и перспективы развития: материалы Международный научно-практической конференции. Семей, 2002.- С.158-163.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Эпизоотология,
паразитология және ВСС

кафедрасы

Індеттану және індеттік аурулар пәнінен

Тақырыбы: Қойдың туляремия ауруын балау, дауалау және күресу шаралары.

Орындаған: ВМ- топ студенті

Тексерген:

Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .5-13
1.1.Тарихи деректер мен
қоздырушылары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Морфологиясы мен тинкториальды қасиеттері және культурасын
өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3.Төзімділігі, патогенезі және індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... .. 7
1.4. Дерттенуі және өтуі мен симптомдары. Патологиялық
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.5. Ажыратып балау,
иммунитеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .10
1.6. Диагноз. Емі. Дауалау және күресу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
II. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.1.Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және

эпизоотологиялық жағдай туралы
акт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2.Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.3.Эпизоотологиялық тексеру
карточкасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.4.Эпизоотиялық жағдай
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..21
2.5. Жоспарға
түсіндірме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 24

III.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5

IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
V.
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
VI.Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.33

Кіріспе
Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен мал шаруашылығының
алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі жұқпалы ауруларды тиімді
профилактикалау және күресудің тиімді шарттарын қолдану үшін барлық
жағдайдың жасалуы болып табылады. Мал дәрігерлік шараларды жоспарлау,
ғылыммен тәжірибенің жетістіктерін кеңінен пайдалану мүмкіндіктерін
қамтамазыз ету, осы бағыттағы негізгі проблемаларды шешу үшін жасалынуда.
Бұған халықтың мәдениетімен мал дәрігерлік білімді кеңінен насихаттау
себепкер болады. Біздің елде халық шаруашылығының дамуының жалпы жоспарына
кіретін індетке қарсы шаралардың жоспарлы жүргізілуіне барлық мүмкіндік
бар. Бұл әр шаруашылықта, ауданда, әр облыста малды күтіп бағумен
азықтандыру жағдайын жақсартуға, малдардың жұқпалы ауруларымен күресу
саласындағы ғылымның жаңа жетістіктерін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Біздің елде індетке қарсы шаралар кешенді сипатта жасалады, яғни індеттік
тізбектің барлық буындарына әрекет жасау арқылы. Індетке қарсы шаралар
біздің елде Ветеринария туралы заңында белгіленген. Жұқпалы аурулармен
күресуде мал шаруашылығындағы сақтық шаралармен қатар мал дәрігерлік ағарту
жұмыстарының үлкен маңызы бар, сонымен қатар үкіметтің жергілікті атқарушы
органдармен малдәрігерлік қызыметтің тығыз қатынаста жұмыс істеуі үлкен
нәтежиелер береді.
Жалпы ауыл шаруашылығын, соның ішінде ветеринария саласын дамытудың
бірден бір жолы – малдардың індеттік ауруын алдын алу. Осыған орай мал
шаруашылығы мамандарының алдына қойған мақсат міндеттері болады. Осы
мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мал басын көбейтіп, оның
өнімділік сапасын арттыру керек. Бұл үшін мал мамандары шаруашылықта
жүргізілетін мал дәрігерлік, зоотехникалық қызмет көрсетуді, малдардың
бағылуы мен азықтандыруына, азық сапасын көтеруін, ветеринарлық шаралардың
уақытылы және жоғары деңгейде өткізуді талап етеді.
Осы курстық жұмыста жұқпалы аурулардын ішінде қойда өте қауіпті
болып табылатын – қойдың туляремиясы ауруы туралы жан-жақты мәліметтер
беріледі, яғни аурудың таралуы, белгілері, жою, сақтандыру шаралары және
тағы да басқа мәліметтер беріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Орындалған курыстық
жұмысымның негізгі мақсаты болып: БҚО, Чапай ауданы, Қамысты ауылында
қойдың туляримиясын анықтау және сауықтыру шаралары.
Бұл мақсатқа жету үшін біздің алдымызға келесі міндеттер қойылды:
- Осы тақырыптағы әдебиеттермен танысу;
- Қойдың туляримиясын балау және алдын алудың тиімді жолдарын қарастыру;
- Аталған ауруға қарсы жүргізілетін ветеринарлық – санитарлық шаралардың
неғұрлым озық, нәтижелі тәсілдері және басқа да аспектілерін меңгеру;
- Қойларға эксперимент жасау және лабораториялық тәжірибе жасағанда
теориялық біліктілікті көрсету, материалдар мен құралдарды
шаруашылықта және зертханаларда қолдана білу
Індеттану ғылымының алдағы уақыттарда қойып отырған міндеттері
негізінен індеттану процессін қазіргі тұрғыдан тереңірек зерттеп,
анықтап және солардың негізінде індетке қарсы қолданатын
әрекеттердің сенімді кешенді жүйесін құрып оны іс жүзінде қолдану болып
табылады. Олардың ішінде малдарды ауруларға қарсы жаппай егудің
жетілдірілген әдістері мен оны механизмдердің көмегімен жасау
міндеттері тұр.

I. Әдебиетке шолу
1.1.Тарихи деректері мен қоздырушысы
Туляремия (Tularaemia) – талмауратып, қанталап, ыстығы көтеріліп, іші
өтіп, арықтап, сөл түйіндері жаппай қабынып, жүйке жүйесі зақымдануы арқылы
ерекшеленетін табиғи ошақты ауру.Септицимиямен, безгекпен, кілегейлі қабық
пен лимфа түйіндерінің, жоғары тыныс алу жүйелері мен ішектің бұзылуымен,
бауырда, өкпеде некротикалық қабынумен көрініс табады.
Туляремия – аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру оба ауруының бұршақ
түріне ұқсас болады, бірақ өзінің жеке қоздырғышы бар, бөлек ауру.
Туляремия қоздырғыштары жай көзге көрінбейді, тек қана бірнеше мың
есе үлкейтіп көрсететін микроскоп арқылы анықтауға болады
1912 жылы Коле және Хапин бұл аурудың қоздырушысын АҚШ-тың Калифорния
штатының Туляре округінде саршұнақ тышқанның кенесінен тауып B. Tulаrense
деп атады. Ауру солтүстік жарты шарында Америка, Европа және Азияда
тараған. Ірі өзендердің алқабында су тышқандары, ал далалы аймақтарда
кемірушілердің қауырт көбейген жылдары байқалады.
Тұңғыш рет ауруға шалдығу 1908 жылы тіркелді. Туляре(Калифорния, США)
графында бас кеміргіштердің салдарынан. Кейін баяғы штатта АҚШ ауруды
адамнан және қойлардан (1921) кездестірді. Э. Френсис оны туляремия деп ат
қоюды ұсынды. Туляремия солтүстік Америкада, Жапонияда, бөлек-бөлек елдерде
Еуропада, Азияда және Африкада тіркелді. Біздің елімізде оны тұңғыш рет
1921 ж. тіркеді. Ол мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.
Қоздырушысы – Francisella tularensis үш түр тармағынан тұрады:
америкалық, евразиялық және орта азиялық. Аса полиморфты, ұсақ коктар
тәріздес, нәзік қауашақпен қоршалған бактериялар. Қозғалмайды, спора
түзбейді, анилин бояуларымен жақсы боялады. Ауасыбағалы, арнаулы қоректік
орталарда ғана цистин мен қан қосылған ет – пептон агарында, ұйытылған
жұмыртқа сарыуызы бар ортада 2-7 тәулік өткенде үлбіреген аса нәзік өсін
береді.
Инфекцияның көзі табиғатта жабайы кеміргіштер мен қояндар болса,
таратушылары мен тасымалдаушылары – қансорғыш кенелер. Ауруды қоздырушы
туляремия бактериялары болып табылады.
Туляремия қоздырғыштары жай көзге көрінбейді, тек қана бірнеше
мың есе үлкейтіп көрсететін микроскоп арқылы анықтауға болады.
Облыстағы туляремия ошақтары далалық алқаптарының неғұрлым сулы
жерлерінде орналасады. Кенелер бактерияның негізгі тасымалдап, оны ұзақ
уақыт сақтайды. Кенелер 2 жылға дейін аш күйінде жүре алады. Кенелердің
неғұрлым белсенділігі сәуір айынан мамыр айының соңына, кейде қара күзге
(қыркүйек, қазан) дейін жалғасады. Кенелер сай алқаптарында, ағаштар
айналасында, жол бойында, үй жануарларының жолдарында кездеседі. Кенелер
бұталардың басына шығып, өткен-кеткен адамдарға, жануарларға шабуылдай
береді. Олар әсіресе күндіз белсенді болып келеді.

1.2. Морфологиясы мен тинкториальды қасиеттері және культурасын өсіру
Туляремияның қоздырғышы боялған жағындыларда кокк немесе таяқша
тәрізді болады, өлшемі 0,3- 0,7 × 0,2- 0,4 мкм, сонымен бірге бұлардан да
кіші клеткалар кездеседі, мөлшері тіпті одан да кем болады, олар
бактериялық сүзгіштен өтеді. Кокк формалы бактериялар культураларында
таяқша тәрізділері жануарлар организмінде кездеседі (0,15 мкм). Бактерияның
бұл түріне полиморфизм тән, қасиетті қоректік ортада өсіргенде байқалады:
культура препараттарында, кәдімгі бактериялармен қатар шар және жіп тәрізді
формалары кездесіп отырады. Бұл микроб қозғалмайды, спора түзбейді, майда
капсуласы болады, культурада кілегей бөліп шығарады, мұнысы жағынды жасаған
кезде оңай байқалады. Осы қоздырғыш анилин бояуының барлық түрімен боялады,
бірақ басқа бактерияларға қарағанда солғын болады. Жануарлардың өлексесінен
алған жағынды- таңбаларда Романовский-Гимзе әдісімен жақсы боялады, ақшыл-
көк түсті болады. Бұл бактериялар тканьде әр түске боялмайды, олардың
пастереллалардан айырмашылығы тап осында.
Бактерия универсальды қоректік орталарда өсіп-өнбейді. Оны өсіру
үшін Мак-Қойдың ұйыған сары уыз ортасы қолданылады.
Туляремия бактериясы- нағыз аэроб, оның температуралық режимі 36-
37º С, рН 7,2-2,7. Ұйыған сары уыз ортасында микробтар жарқырауық жұқа
қабыршақ күйінде өсіп-өнеді, қабыршақтың бәрі ирек болып келеді, аз ғана
еккен жағдайда жарқырауық төмпешік тәрізді колония немесе колониялар тобы
өсіп-өнеді.
Ауру қоздырғыш штаммдарының колониялары S-формаға сәйкес келеді.
Сұйық қоректік ортада туляремия микробы (ортаның бетінде ғана) құрғақ
ортаға қарағанда анағұрлым нашар өседі.

1.3. Төзімділігі, патогенезі және індеттік ерекшеліктері
Туляремияның қоздыруышысы жоғарғы температураға төзімсіз. 60°С-та
5-10 мин өледі. Керісінше, төменгі температура мен ылғалды ортаға төзімді.
Суда 13-15°С-та 3 ай, мұздатылған етте 1,5 ай кемірушілердің өлексесінде 4
айға дейін, дәнде 133 күн сақталады. Тура түскен күн сәулесі 30 мин
өлтіреді. Кәдімгі дезинфектанттар әдеттегі концентрациясында бұл микробтан
толық зарасыздандырады.
Туляремия ауруын қоздырушы – жәй көзге көрінбейтін өте ұсақ
микроб, табиғат жағдайлары бұл микробқа түрліше әсер етеді, мысалы: күн
сәулесі тікелей түссе туляремия микробы бір сағаттың ішінде жойылады. Ал
суыққа өте төзімді келеді, яғни микроб салқын суда немесе ылғалды жерде
ұзақ уақыт өзінің тіршілік қасиетін жоймайды. Туляремия микробы
залалсыздандыруға қолданылатын улы дәрілердің әсеріне төзімсіз, тез арада
жойылады.
Ауру асқазан, ауа-шаң, трансмиссиялық жолмен жұғады. Бактерия
организмге зақымдалған тері, көздің кілегей қабығы, тыныс алу жолы арқылы
түседі. Қоздырғыш әуелі орналасқан жерінде көбейеді, одан соң сөл
түйіндеріне, одан қанға өтеді. Осыдан тарап бүкіл организмді уландырады.
Аурудың көзге түсер белгілері жануарлардың түрі мен жасына қарай,
төзімділігіне, сондай-ақ қозыдырғыштың ретикулоэндотелиалды элементтерге
бай келетін органдарда өсіп-өну қабілетіне байланысты болады. Бактерияның
қандағы концентрациясы терминалды сатыға жеткенде жануарлар өледі.
Туляремия табиғи жағдайда омыртқалылардың 125 түріне
(сүтқоректілер, құстар, балықтар), омыртқасыздардың 101 түріне (жәндіктер,
кенелер) жұғады. Әдетте, негізінен, кемірушілер, қоян, тышқан, су
егеуқұйрығы, ондатра, құндыз, атжалман ауырады. Табиғи жолмен кейбір
жыртқыш аңдарға, жабайы құстарға, қос мекенділер мен балықтарға жұғатындығы
анықталды. Ит пен мысықтың туляремияға биімділігі төмен. Адам бұл ауруға
өте сезімтал.
Ауыл шаруашылық малдарының ішінде қой туляремияға сезімталдылығы
төмен. Оларға ауру табиғи ошағындағы кемірушілерден жұғады. Аурудың жұғуына
қан соратын буынаяқтылар (кене, бүрге, маса, сона, т.б.) негізгі себепкер
болады. Малда ауру білінбей жасырын өтеді. Қоздырушы микроб жануардың
ұлпаларында оншалықты өсіп-өнбейді, қан мен бөлінділерде әдетте болмайды.
Сондықтан бұл жануарлар микробтың ауру ошағындағы айналымына қатыспайды. Үй
жануарларынан қойдың, сиырдың, жылқының, шошқаның, солтүстік бұғысының,
түйенің, мысықтың, үй қояны мен құстардың бірен-саран ауырған, кей жағдайда
кішігірім қаулауы белгілі болған. Жас төлдің бейімділігі жоғары.
Ауру қоздыруышсымен ластанған жем мен судан, ауадан, қансырғыш буын-
аяқтылар шаққанда жұғады. Табынның ішінде әдетте, ауырған малдан сау малға
туляремия берілмейді. Ауру көбінесе қан сорңыш жәндіктер, кемірушілер
жаппай көшетін көктем-жаз мезгілінде байқалады.
Туляремияның табиғи ошағы ұзақ уақыт (50 жылдан артық) сақталады.

1.4. Дерттенуі және өтуі мен симптомдары. Патологиялық өзгерістері
Дерттенуі жеткілікті зерттелмеген. Денеге енген туляремия микробы сөл
жүйесінде өсіп-өніп, тарайды. Оның нәтижесінде денеде орны шектелген және
жалпы реакциялар байқалады. Бұдан соң бактериемия өрбіп, қан тамырлары мен
сөл жүйелері зақымданып, ішкі ағзаларда миллиарлық өліеттену байқалады.
Ауыл шаруашылық малдарынан қой, әсіресе, қозылар ауырады. Жасырын
кезеңі 4-12 күн. Ауырған мал селқостанып, денесінің ыстығы артады. Тамыр
соғуы жиілеп, ентіге дем алады. Қанда гемоглобин азайып, кілегейлі қабықтар
бозғылт тартады. Мойынның, жауырын алдының сөл түйіндері ұлғаяды. Іші қатты
өтіп, тез арықтайды.Сирақтары сарғайып, жансыз қалады. Қозылардың 10-50%
ауруға шалдығып, оның 30%-ға дейіні 28-60 күн ішінде өліп қалады.
Сиыр, жылқы, түйе белгілері өшкін түрде ауырады. Кей жғдайда ауруды
тек серологиялық зерттеу арқылы ғана білуге болады. Буаз мал іш тастайды.
Шошқаның ыстығы көтеріліп, күйзеледі және жемнен қлады, тынысы жиілеп,
денесі терлейді. Сақа шошқалар жазылады да, торайлар әдетте өліп қалады.
Өлген қойдың тері асты шелі қанталап, өліеттенеді, сөл түйіндері
талмауратып қабынады, бауыры ұлғаяды, өкпеде ошақты пневмония кездеседі.
Кемірушілердің денесіндегі өзгерістер псевдотуберкулезге ұқсас келеді.
Балау үшін індеттанулық деректерді, аллергиялық, серологиялық және
бактериологиялық тексерудің нәтижелері пайдаланылады. Ауыл шаруашылық
малдарында туляремияға күдік бұл індет кемірушілердің арасында тарағанда
туады.
Бактериологиялық зерттеу үшін тірі малдың сөл түйінінен шприцпен
сорып алынған материал, ал өлген малдың ішкі ағзаларының кесінділері
пайдаланылады. Қоздыруышының өсінің қоректік ортада бөліп алу қиынға соғады
да, зертханалық тышқанға биосынама қояды. Сонымен қатар, агглютинация
реакция мен қосалқы гемоглютинация реакциялары арқылы серологиялық
зерттеулер жүргізіледі. Аллергиялық зерттеу тері ішіне тулярин жіберу
арқылы жүргізіледі.

1.5. Ажыратып балау, иммунитеті
Туляремияны анаплазмоздан, псевдотуберкулезден, туберкулезден,
бруцеллезден, кокцидиоздан ажыратуға тура келеді. Ол үшін індеттанулық және
клиникалық деректер, аллергиялық және зертханалық зерттеулердің нәтижесі
негізге алынады.
Туляремиядан ауырып жазылған жануарларда иммунитет қалыптасып,
қанында телімді антиденелер пайда болады. Ауырып жазылған жануарлардың сары
суында агглютининдер табылады, клетканың қорғаныс реакциясы ерте бастан
қалыптасады. Жоғары сезімталдылықтың баяу типі сарысу антиденелері
түзілуінен бұрын өтеді және бұл құбылыс туляремия кезінде иммуитетті
анықтаудың белгісі бола алады. Адамды егу үшін арнайы вакцина қолданылады.

1.6. Диагноз қою. Емі. Дауалау және күресу шаралары
Материал лабораторияға әкелініп, туляремияға зерттеледі.
Материалды лабораторияға жеткізу кезінде өте қауіпті инфекциямен жұмыс
істеу тәртібі бойынша сақтық шаралары сақталады. Зерттеуге бауыр, бүйрек,
талақ, ірі жануарлар өлексесінің ұлғайған сөл түйіндері алынады. Зерттеу
схемасында бактериоскопия, таза культура алу, биологиялық сынама (үлгі)
кіреді. Жануарлар органдарынан алынған жағынды- препараттар Ромоновский-
Гимза бойынша боялады. Бактериоскопияны бағдарлаушы әдіс деп санайды,
препаратта көкшіл түсті кокк бактериялардың жиынтығы болатыны ескеріледі.
Бактерияны индеикациялау үшін тікелей иммунофлуоресценция реакциясы
ұсынылады.
Қоректік ортада өсіп-өндіру, яғни бактерия культурасын алу үшін
өлген жануарлардың органдары пайдаланылады. Бұл мақсатта арнайы қоректік
орталар ( Мак- Койдың ұйыған сары уызы, Дрожевкина мен Емельянованың
орталары) қолданылады. Сонымен бірге бір мезетте ЕПА мен ЕПС- да бақылау
мақсатындағы өсіп-өндіру ауамен және ауасыз жағдайда жүргізіледі. 37ºС
температурада термостатта туляремия бактериясын ұйыған сары уыз ортасына
мол етіп еккенде 18-24 сағаттан кейін тұтас қабыршақ пайда болады, ол 2-3
тәулік ішінде ең жоғарғы шегіне жетеді. Аз егілсе бытыраңқы коллониялар 3-
5 күн дегенде және кейінгі мерзімде байқалады. Сондықпан екпені 10-14 күн
бойы инкубациянған дұрыс. Дрожевкинаның ортасында культура диффузды
орналасып, өсіп-өнеді және мұнда микробтың бар жоқтығы микроскопиялық
әдіспен анықталады. Жаңадан алынған бактерияның морфологиялық деректері
(қозғалмайтың кокк бактериялары), тинкториальды қасиеттері бойыншв
(грамтеріс бактериялар), сары уыз ортасында өсіп- өну сипатына қарай,
универсальды қоректік орталарда өсіп- көбейетіндігіне, сондай-ақ арнайы
сарысу қосып пробиркада жасалған АР нәтижесіне қарай ұқсастырады.
Қандай болсын материалдан туляремия бактерияларын табу үшін ең
қолайлы және сенімдісі-биологиялық сынама жасау әдісі. Ақ тышқан немесе
сиректеу теңіз шошқасы зарасыздандырылады. Органдар мен сөл түйіндері
бөлшектерінен жасалған суспензияны 0,5 мл мөлшерінде тері астына немесе көк
шандырға енгізеді. Сондай-ақ материалды жүні жаңа қырқып алынған орынға
жағады. Ақ тышқандар 3-4 күн, кейде 8-12 күн, теңіз шошқалары 4-6 күн
дегенде, инфекциялануы шамалы болса 8-20 күн ішінде өледі.
Серологилық диагноз агглютинация, преципитация, тікелей емес
гемагглютинация және антиденелер бейтараптау әдістері көмегімен қойылады.
Туляремияны зерттеген кезде неғұрлым дәл нәтиже беретіні-
агглютинация реакциясы. Туляремияны анықтау үшін АР жасағанда антиген
ретінде формалинмен өлтірілген клетка микробтары алынады. Қолданардан бұрын
антигенді физиологиялық ертіндіде сұйылтады, сөйтіп 1 мл-інде 1 млрд.
Микроб клеткасы болатын суспензия алынады. АР пробиркалық және тамшы
әдістерімен жасалады. Туляремия үшін диагностикалық титрлер 1:25 және 1:50.
Дені сау қой барлық жағдайда АР бойынша теріс нәтиже береді. Тікелей емес
гемаглютинация реакциясы (РНГА) туляремия антигенімен немесе антиденелерді
эритроциттер мен қойылады. Бұлардың алғашқысы ауыл шаруашылық жануарлары
мен жабайы жануарлардың сарысуын зерттеу үшін, екіншісі жануарлардың
өлексесіндегі антигенді анықтау үшін преципитация реакциясының
сезімталдылығы шамалы.
Аллергиялық әдіс. Туляремия кезінде жануарлардың сезімділігі ерте
аурудың бесінші күніне дейін дамиды. Сондықтан аллергиялық әдіс туляремияны
ерте кезінде анықтау үшін және ретроспективті диагностика үшін
пайдаланылады. Аллерген ретінде тулярин қолданылады. Препарат терінің ішіне
енгізіледі, реакция нәтижесі екі рет 24 және 48 сағаттан кейін тексеріледі.
Емі. Антибиотиктер (стерптомицин, левомицетин, дегидрострептомицин,
олететрин, тетрациклин, хлортетрациклин, окситетрациклин, генамицин)
қолданылады. Қажет болғанда хирургиялық жолмен зақымданған сөл түйінін
тіледі.
Негізінен аурудың табиғи ошағында кемірушілердің өсіп-өнуін тұрақты
бақылауға алуға саяды. Сонын нәтижесінде індеттанулық болжам жасауға
мүмкіндік туады. Мал қораларында, жем қоймаларында кемірушілерге қарсы
күрес жүргізудің, жануарларды қан сорушы жәндіктерге қарсы домдаудың маңызы
зор. Ауруға шалдыққан қойды оқшаулап, арықтағандарын сойып, дезинфекция,
дератизация жүргізіледі. Өлексені жинап, жоюға баса көңіл бөлінеді.

II. Негізгі бөлім.
Аурудан таза емес шаруашылықтағы ауруды жоюға бағытталған шаралардың
күнтізбелік жоспары төмендегідей үлгіге сәйкес жасалынады:

Күнтізбелік жоспар

Келісілді Бекітемін
БҚО облысы, Чапай ауданының Атамекен шаруа қожалығының
Бас мемл.вет. инспекторы төрағасы _______________Қанатов А.Т.
_________________ Кабулов А.А.. 20 шілде 2012 жыл
17 шілде 2012 ж.

Атамекеншаруа қожалығы

2. Қойдыңтуляримиясы ауруынан сақтандыру шараларын өткізудің күнтізбелік
жоспары

№ рбШаралар Орындау мерзімі Жауаптылар Ескерту
1 2 3 4 5
1 Негізгі жыл бойы мал дәрігері,
шаруашылықтық-ұйымдас төраға, малшы
тыру шаралары
2 Малды клиникалық жылына 2 рет мал дәрігері,
тексеруден өткізу, төраға, малшы
диспансерлеу
3 Қораларды жылына 2 рет мал дәрігері,
профилактикалық төраға, малшы
зарарсыздандыру,
өңдеу
4 Арнайы диагностикалықжылына 2 рет мал дәрігері,
тексерулер өткізу төраға, малшы
(нұсқауға сәйкес);
5 Шаруашылықтағы басқа жыл бойы мал дәрігері,
жақтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туляремия-(Tularaemia)
Қой туляримиясы
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Ластану, б иологиялық улы заттардың таралу ы және денеге түсу ерекшеліктері
Бактериофагтар
Нақты қоздырғышқа типті инфекция формасы
Топырақтың эпидемиологиялық маңызы
Қан сорғыш жәндіктер
Тырысқақ қоздырғышы
Пәндер