Некробактериоз


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.

“Эпизоотология, паразитология және ВСС кафедрасы”

“Індеттану және індеттік аурулар” пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ : БҚО, Теректі ауданы, Аңқаты ауылы «Айсұлу» асыл тұқымды мал зауыты мүйізді ірі қара некробактериозын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.

Орындаған:

Тексерген:

Жоспар

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Әдебиетке шолу

2. 1. Ірі қара некробактериозының қоздырушысы, клиникалық белгілері, патологиялық өзгерістері . . . 5-11
2. 2. Ауруды балау, емдеу, дауалау және алдын алу шаралары . . . 12-16

IIІ. Негізгі бөлім
3. 1. Шаруашылыққа сипаттама . . . 16
3. 2. Шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайы туралы АКТ . . . 17-19
3. 3. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары . . . 20-22

3. 4. Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және инфекциялық ауруларды жою, одан сақтандыру шаралары . . . 23-30

VI. Қорытынды . . . 31-32

V. Қосымшалар . . . 33-37

VІ . Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 38-39

КІРІСПЕ

XX-шы ғасырдың соңындағы қоғамдық өзггерістер, нарық экономикасының қалыптасуы мемлекетімізде мал шаруашылығы саласына кері әсерін тигізді. Атап айтқанда, мал саны күрт азайды, азық сапасы мен малды күтіп бағу деңгейі төмендеп зоогигиеналық талаптар сақталмады. Осының бәрі малдың өнімділігін азайтып, денсаулығын төмендетті.

Қазіргі экономикамыздың қалыптасу, даму барысында басты мақста-малды күтіп бағудағы бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру, қарапайым да тиімді де технологияларды шаруашылықтарға енгізу малшылардың, ғалымдардың және болашақ мал мамандарының міндеті.

Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың, оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден-бір кепілі-шаруашылық жағдайында зоогигиеналық талаптарды, ветеринариялық-санитариялық нормиалар мен ережелерді бұлжытпай орындау.

Mал дәрігері мамандары мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеріп, аурулардың алды алу, малдың өнімділігін көтеру және олардан мол өнім өндіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын ескеруі шарт.

Әсіресе, сыртқы ортаны зерттеп оны малға зиянсыз және қолайлы ету ең басты мәселе.

Mал шаруашылығындағы мамандар жануарларға қолайлы жағдай жасауға, жалпы санитариялық және гигиеналық шараларды орындауға, мал ауруларының алдын алып, олардың өнімділігін көтеруге бағытталған негізгі зоогигиеналық нормалар мен талаптарды іс жүзінде енгізіп, пайдалануға тікелей қатысады. Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам жабайы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жанурлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады.

Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауру малдан сау малға тікелей жанасқанда ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т. б. ) бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробиология, иммуннология, т. б. ) тудыруға түрткі болады.

Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан өзінің сан ғасырлық тарихында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күресудің өзіндік мол тәжірибесін жинақтады.

Сондай-ақ сол заманғы шаруашылық және тіршілік жағдайына сай жұрт жаңарту, жайылым ауыстыру, көші-қоңды реттеу, ауру малды оқшаулау, өлексені көму, не өртеу сияқты шараларды алсақ, індеттің тарауына қарсы қалыптасқан тұтас бір жүйені көреміз.

Бақай құрт немесе сарып - негізінен сирақтың бақайы, кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер мен басқа да мүшелер мен ағзалардың іріңдеуі және өліеттенуі арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Аңқаты ауылдық округіндегі «Айсұлу» шаруа қожалығында орын алған мүйізді ірі қаралардың некробактериоз (сарып, бақайқұрт) ауруын балау және алдын алу шараларын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті: Бұл ауруға қарсы күрес жүргізуде санитарлық-малдәрігерлік шаралар, ауырған малды дер кезінде анықтау, оларды сау малдан оқшаулау; ауру малдың сүтін сатуға және ветеринарлық бақылаудың рұқсатынсыз союға тыйым салу, малды алдын-ала егу, т. б. шараларды жүзеге асыра отырып ауруды балау, емдеу, алдын-алуды жүзеге асыру.

ІІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.

2. 1. Ірі қара некробактериозының қоздырушысы, клиникалық белгілері, патологиялық өзгерістері

Бақай құрт немесе сарып - негізінен сирақтың бақайы, кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер мен басқа да мүшелер мен ағзалардың іріңдеуі және өліеттенуі арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру [3] .

Қоздырушысы. И. А. Бакуловтың пікірінше, ауасыз тіршілік ететін (ауа сыбағасыз), Грамтеріс, спора түзбейтін, қозғалмайтын немесе айнала орналасқан талшықтары бар, таяқша тәрізді микробтарды біріктіреді.

Микробтардың түрлі органикалық қышқылдарды түзу қабілеті ізінде бұл тұқымдастар мына туыстарға бөлінеді:

1. Васteroidеs - нағыз бактероидтар.

2. Fusobacterium (мұнда тағы Sphaerophorus) .

3. Саmpylobacter.

Түрлерге бөлінуі себінділік және биохимиялық қасиеттеріне байланысты .

Бактериоидтар адам мен жылы қанды жануарлардың асқазан жолдарын жайлайды және басқа бактериялармен бірге қалыптағы микробтар дүниесін құрады.

Соқыр және тұщы ішектерде ішек таяқшсына қарағанда, бактероидтардың саны жүздеген есе көп.

Бактероидтар дизентерия бактерияларының, сальмонеллалардың және т. б. антагонистері (әсерлері бір-біріне қарама-қарсы) .

Алғашқы рет некробактериоз қоздырғышын 1884 жылы бұзаудың күл ауруында Леффлер ашқан.

1891 жылы микробтың таза себіндісін Schmeri егіп шығарды және үй қояндарындағы патологиясын, сондай-ақ некробактериоздың адам терісіндегі белгілерін сипаттады.

Васteroides flagilis себіндісін 1898 жылы Neilon және Zaber аппендицитте (соқыр ішек өсігінің қабынуы) қабыну ошақтарынан бөліп алды [4] .

Ю. Н. Голощапова , індетті ошақтардан бактероидтар басқа ауа сыбағалы және ауа сыбағыз микробтармен бірге бөлінеді, олар антибиотиктерге сезімтал емес.

Бактероидтар перитонит, аппендицит, перитифлит, эндометрит, пиометрит, іріңді аднексит, кольпит, цервицит, бартолинит, қан қағынудан аборт (іш тастау) тудырады.

Әсіресе хирургиялық (операциядан кейін) жәрдемнен кейін орасан ірі шеті шектелген бітеу жаралар (абсцестер) шығуы мүмкін [5] .

Я. Р. Коволенко, А. А. Волков және т. б. мәліметінде, бауырда және тағыда басқа ағзаларда (кейде тек қана ауа сыбағасыз қоздырғыштардан) ұлпалардың өлі еттенуі (некроз) тән, өкпеде аспирациялық және өліеттенген қабыну кездеседі.

Әсіресе жаман болжам эндокардитте, менингитте (құлақтан тараған) мидың бітеу жарасында болады.

Сирек жағдайда бактероидтар несеп және өт жолдарының, мұрын-жұтқыншақ, сүйек, буын, тері, шел дерттерін тудырады.

Жаңа туған төлде өлім-жітім көп болады (Пертифилит - воспаление брюшины, покрываюшей слепую кишку, с образованием спаек и инфильтрата, Аднексит - воспаление придатков матки) .

Бақайқұрт адамда сирек кездеседі дифтерит, баспа, жұтқыншақ артындағы бітеу жара, отит, мастоидит түрінде байқалады. Іріңді пневмония, плеврит болуы мүмкін.

Бақайқұрт сиыр, қой, бұғы, үй қояны, құс шаруашылықтарының, тағы аңдар саулығына, әсіресе хайуанаттар паркіне зор зиян келтіреді.

Теңіз шошқаларында мойын бездерінің қабынуымен (лимфоденит) байқалады.

Ауа сыбағасыз микробтар тудыратын дерттерде шірік лоқсытқыш іиіс, газдар шығады .

Адамда іріңдеткіш дерттерде және септицемияда В. fragillis микробының маңызы зор. В. melaninogenicus ауыз, өкпе, әйелдердің жыysc ағзалары ауруларында кездеседі [6] .

А. А. Конопаткин, В. tһеtaiotomic zon қой некробактерио-зында сипатталған. Бірқатар жануарлардың іріңді ошақтарынан В. melaninogenicus табылған.

В. oralis мұрын, жұтқыншақ, тыныс және ұрғашы жануарлардың жыныс ағзалары ауруларын тудырады.

В. nodosus қой тұяқ шірудің басты себебі: F. nucleatum аспирациялық пневмонияда, плевра эмпиемасында, бадамша без манындағы абсцесстерде (бітеу жараларда) кездеседі.

Ғ. necrophorum жануарлардан және адамнан табылады.

Аралас індеттердің этиологиясын зертеуде Qorlach және Ваrlett бактериялық бірлесу (әсерлестік) үлгісін ұсынды - бір ауру жалғыз микробпен ғана қоздырылып қоймай, оның табиғаты көпмикробты болады.

Бактероидтар, фузобактериялар және т. б. спора түзбейтін ауа сыбағасыз микробтардың патогендік мәні өте маңызды. Вирустың синергия да (бірлесу) болуы мүмкін.

Жануарларға бір микроб себіндісімен ауру жұқтырғанда патологиялық жағдай қиындықпен тудырылады. Микробтардың орасан зор мөлшері керек.

Клиникалық белгілері: жасырын кезеңі бірнеше күн. Бір немесе екі бетінде де ісікшелер пайда болады. Сарғыш түсті іріңді жентектелген ағулар танауларынан шығады, іші өтеді. Ұзақтығы 4-21 күн.

Ересек малдың аяқтары зақымдалады, желінде және дененің әр түрлі бөлтектерінде шелдегі абсцесстер (Б. А. Лукьяновский еңбегі бойынша) пайда болады [22] .

Індеттік ерекшеліктері. Сарыппен барлық үй жануалары, көптеген жабайы аңдар ауырады. Бұл ауруға әсіресе солтүстік бұғысы, қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, үй қояны, құстардан тауық бейім.

Ересек жануарлардан гөрі жас төлдер жиі ауырады. Зертханалық жануарлардан қолдан жұқтыруға тек қана үй қояны мен ақ тышқан бейім. Адам да ауырады [23] .

Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және бактерия алып жүруші мал. Күйісті жануарлар ауырып жазылған соң бактерия алып жүруші болып қалады. Қоздырушы таз қарын мен ішекте айлап сақталады да, оны күйіс қайырғанда үнемі аузындағы жынынан, сирегірек нәжісінен бөліп алуға болады. Некроз таяқшасы организмнен сыртқы ортаға сілекеймен, нәжіспен, өліеттенген жердегі бөліндімен шығады. Бұл микроб мал қораларында, көңде, топырақта, жайылымда, тоқтау суларда жиі кездеседі.

Қоздырушы жануар денесіне жарақаттанған тері немесе кілегейлі қабықтар арқылы енеді. Аурудың біліну қарқыны мен таралу ауқымына әсер ететін себептер: күтімнің нашарлауына байланысты жануар организмінің өорғаныс қабілетінің төмендеуі, фермалардағы, жайылымдықтардағы, суаттардағы, мал айдайтын жолдардағы антисанитариялық жағдай, мал ұстайтын жерде көң мен садыраның қордалануы, малды шалшықты жайылымдарға жаю [24] .

Малды ұзақ уақыт ылғал қораларда ұстау немесе сазды жерде жаю тұяғы мен сирағының төменгі жағындағы терісінің жібіп, тұяқтың жұмсарып, терінің балбырауына әкеп соғады. Ол жерде қан айналымы бұзылып, жарықшақтар пайда болып, жарақаттарға сарыптың бактериялары еніп, өніп-өсуіне жағдай туады.

Аяқтың сарып болуына тұяқты дұрыс күтпей, оның тұрқының өзгеруі, жарықшақтар пайда болуы, сынуы, табаны мен өкшесінің жарақаттануы әсер етеді. Ауру қоздырушысы малды пішкенде, иттің құйрығы мен құлағын кескенде, акушерлік жәрдем көрсеткенде асептика ережелерін сақтамаудың нәтижесінде, жаңа туған төлдің кіндігі арқылы және басқа жолдармен енеді.

Минералдық қоректің тапшы кезінде, маса-шіркей талағанда жануарлардың бұл ауруға төзімділігі төмендейді.

Азықта сым, темір, шеге, шыны сынықтары тақылеттес заттар болғанда, тікенді қатаң шөпті жайылымдарға малды жайғандааузының кілегейлі қабығы жарақаттанады [25] .

Бақайқұрт, жануарларда шамалы ғана індеттік тұтану ретінде байқалып, жекелеген шаруашылықтарды, фермаларды немесе мал отарларын қамтиды.

Ал кейде аусыл, шешек, эктима, әртүрлі стоматит ауруларымен қабаттасып өтеді. Ауру әсіресе қой және бұғы шаруашылықтарына зор зиян келтіреді.

Дерттенуі. Негізінен жарақаттанған немесе қабынған тері, болмаса кілегейлі қабықтар арқылы жұғады. Қоздырушы енген жерінде қолайлы жағдай болғанда ғана өсіп-өнеді.

Ұлпаның жарақаттануы (механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық әсерлер) нәтижесінде оған оттегінің келуі қиындайды, қан тамырлары үзіліп, гематома, тромба, флегмонапайда болады, ұлпалар өліеттенеді, яғни ауасыбағасыз микроб үшін қолайлы жағдай туады.

Алғашқыда бактерия түскен ұлпа шағын ғана ошақ болып ойылады да, кейіннен айналасы қабына бастайды, қан тамырлары зақымданып, фибрин ұйып, көп мөлшерде белокты заттар бөлінеді, тромба пайда болып, нәтижесінде бұлшық ет, тарамыс, сіңір, шеміршектер мен саусақ сүйектері өліеттенеді [16, 17] .

Бастапқы өліеттенген ошақтағы қоздырушылар тромбаларда молынан өсіп, тромбадан үзілген бөлшектермен бірге қанға түсіп ішкі ұлпалардың капилярларында тоқтайды.

Содан өкпеде, бауырда, ішекте, көк бауырда, мида, басқа мүшелерде метастазалар пайда болады. Дерт процесінің орын тебуіне байланысты бронхопневмония, плеврит, перитонит, абцесса, флегмона, т. б. өрбиді. Қосалқы инфекциялардың (стафилакоктар, стрептококтар, газды домбығу микробтары, т. т. ) қабаттасуы нәтижесінде ауру асқынып, зілді нышан алады.

Егер аурудың соңы сәтті аяқталса, дерт процесі тоқтап, бастапқы өліеттенген телімдер бітіп, жануар жазылады [8, 9] .

Өтуі мен симптомдары. Н. Т. Щербаков баяндауынша, инкубациялық кезеңі 1-3 күн. Клиникалық белгілері жануардың түлігі мен жасына, аурудың түрі мен өтуіне байланысты.

Жас төлде сарып жіті, ал ересек малда жітіден төмен және созылмалы өтеді. Әртүрлі мүшелердің дертке шалдығуына байланысты аурудың 4 түрі боады: терідегі, кілегейлі қабықтардағы, ішкі ағзалардағы және сүйектегі [10] .

Ғалым Р. С. Галиевтің ойынша, терідегі сарып - аурудың ең жиі кездесетін түрі. Ол сыртқы мүшелердің зақымдануы арқылы білінеді де, көбінесе малдың сирағында ұшырасады.

Сиыр мен шошқаның мойыны, тұла бойы, желіні, жас төлдің кіндігі, құлағы және құйрығы зақымданады.

Көбінесе дерт алдымен артқы аяқты қамтиды, бастапқыда бір аяғында болып, кейіннен екінші аяғына аусады. Қойдың бір мезетте бірнеше аяғы зақымдануы мүмкін. Әуел баста болмашы жарақат пен сызаттың маңайы қызарып, домбығады.

Мал ақсап, ауырған аяғын сілкіп, бей-жай күйге түсіп, жемшөптен қалады, денесінің ыстығы 40ºС-қа дейінкөтеріледі, 1-2 күннен соң қалпына келеді. Қабыну процесі бақайдың арасы мен май өкшеден тілерсекке қарай өрбиді. Бұл кезде жануар аяғын баса алмай, жатып қалады.

Ауру зілді өткенде қабыну флегмонаға айналып, арыдағы бұлшық еттерді, сіңір мен тарамысты қамтиды. Содан кейін ойылып, жағымсыз иісі бар ірің ағады. Қабынған телімдердің жаппай ойылып, өліеттенуі нәтижесінде тұяқ көбесінен сыпырылып түсіп қалады [31] .

Кейде тұяқ қана емес, тіпті тілерсегінен (А. Ф. Бурденюк), саусақтың фалангалары буын-буынынан үзіліп кетуі мүмкін. Мұндай күйге ұшыраған қой тұра алмай, тізерлеп қалады. Жылқыда ауру зілді өткенде гангреналық дерматит өрбіп, дерт қанға шабады да, өлі тиеді.

Кілегейлі қабықтардағы сарып әдетте бір апталық жас төлде кездеседі де, ересек жануарда сирек байқалады. Ауру ауыздың өліеттеніп уылуы ретінде өтеді. Ауыздан басқа танаудың, жыныс мүшелері мен ішектің кілегейлі қабықтары зақымданады.

Аурудың өрбуіне себеп жас малдың тісі шыққан кезде ауыздың қызыл иегі, үрты мен тілінің кілегейлі қабығы жарақаттанып, оған зарарланған жемшөп пен төсеніштен, енесінің ластанған емшегінен сарыптың қоздырушысы түседі. Нәтижесінде ауыздың кілегейлі қабығы қабынып, қабыршақтанады.

Ауру жіті өтеді де, жануар 7-10 күн ішінде арықтап, өлі тию мен жүрек қызметінің жетімсіздігінен өледі [12] .

Ішкі ағзалардағы сарып кезінде дененің ыстығы көтеріліп, нәжісінің түсі сұрғылт-жасылданып іші өтеді. Құрсақ еттері, әсіресе бауырдың тұсы аурсынады. Жануардың жүні үрпиіп, қарны қабысады.

Өліеттенген энтериттен жазылмайтын болғандықтан ондай малды сойып тастау керек.

Басқа ішкі мүшелер зақымданған кезде сарыптың өзіне тән белгілері болмайды. Ауырған мал табыннан бөлініп қала береді, бей-жай, жемшөпке селсоқ, жүдейді, өнімділігі төмендейді.

Ауру үрдісі өкпеде орын тепкенде бронхопневмония, плеврит өрбіп, демі сырылдап, булығып жиі жөтеледі. Өліеттенген ошақ мида болса жүйке қызметі бұзылып, ал жүректе болса жүректің кемістігі білінеді. Мұндай жағдайда сарыпқа диагноз тек сойғанда ғана патанатомиялық әдіспен қойылады [15] .

Жыныс мүшелеріндегі сарып әдетте қойда кездеседі де, өте ауыр өтеді. Ауырған мал отарға ілесе алмай, селқостанып, жемшөпке қарамайды. Денесінің ыстығы 40-42ºС-қа жетеді.

Сарпайы сызданып, айналасы өліеттеніп, ойылады. Қынаптан іріңді, кейде қан аралас сұйық ағады. Ауырған жануар жиі-жиі несеп шығаратындай ыңғай білдіреді, көбінде жатып қалады, ыңырсып, тістерін шықырлатады.

Сиырдың жыныс мүшелерінің кілегей қабығы бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері зақымданады. Ауру бұзаулағаннан кейінгі акушерлік көмек көрсеткенде жұғады [13] .

Сиырда жыныс мүшелеріндегі сарып, оның сирақтағы түрімен қабаттасып өтеді (C. П. Панасюк) . Кейде тууға таяп қалған буаз сиыр ауруға шалдығып 8-9 айлығында іш тастайды. Тастанды төлдің денесі семіп қалуы (мумификация) мүмкін.

Мұндай жағдайда шаранадан өте жағымсыз иіс шығады. Сиырдың ұзақ уақыт шуы түспей, соңы созылмалы метрит пен эндометритке ұласады. Кейбір сиырдың қынабы мен жатырының кілегейлі қабығы өліеттеніп, тері астында эмфизема байқалады, тіпті іші өтіп, жөтеледі.

Ауырған мал 8-10 күн ішінде өледі. Осылай ауырған сиырдан бұзау тірі туған күннің өзінде, жас төл бірер күн ғана тұрады да, өліп қалады. Енесі сау бұзауға туған кезде кіндігі арқылы сарып жұқса, аурудың оншама сыртқы белгілері білінбей-ақ, 4-5 күндігінде өледі [6] .

Сүйектегі сарып остит немесе остеомиелит ретінде негізінен ірі қарада 6 айдан 3 жасқа дейінгі (В. А. Балабанов мәліметінде) аралықта кездеседі.

Аурудың қоздырушысы жілік майы мен сүйектің кемікті затында қауырт көбейеді де, дерт жіліктер мен ұсақ сүйектерді, сонымен қатар омыртқаны зақымдайды.

Ауру сирақта болса, мал ақсап, тамыр соғысы жиілеп, ыстығы 41ºС-қа дейін көтеріледі. Зақымданған аяғы сіресіп, әрең бүгіледі. Жануар тұяғының ұшынан басуға тырысады.

Бара-бара сүйектері томпайып, аяқтың бұлшық еттері сола бастайды. Малдың күйі нашарлап, арықтайды, ақсауы үдей түседі, ыстығы бір түсіп, бір жоғарылайды.

Ауру омыртқа сүйектерінде орын алса, жануардың тұла бойы мен сирақтары салжанады [11] .

Малдың әр түлігінде олардың жасына қарай сарыпты ңмынандай клиникалық ерекшеліктері болады. Ересек ірі қараның негізінен зақымданатыны сирақтары (панариций) мен жыныс мүшелері (өліеттенген вагинит, метрит, эндометрит) .

Патологиялық өзгерістер. Сиыр, қой, жылқы және бұғыда патологиялық өзгерістер негізінен сирағының бақайы мен тілерсек буынында шоғырланады.

Б. К. Бияшевтың мәліметінше, дертену басталғанда тері қызарып, домбығады.

Кейіннен сыздануы тежеліп, іріңдеген флегмонаға айналады да, маңайындағы ұлпа өліеттенеді. Мұндай ұлпаны тілгенде іріңдеген жасыл-сұр немесе қоңырқай түсті өліеттенген масса көзге түседі.

Тері мен дәнекер ұлпаның өліеттенуі буынның қабы мен тарамыстарға жетіп, шеміршек пен сүйек зақымданады.

Сүйек жұмсарып, пішінін өзгертіп, саусақ бунақтары (фалангалары) сирақтан ажырап, түсіп қалады [20] .

Аузында некроз процесі бар өлексе өте азып, аузы көбікті сілекейге толы болады. Тілі, ұрты, жұтқыншағы ойдым-ойдым болып қабыршақтанып, ұлпаларының құрылымы бұзылып, ыдырап, іріміктенген иісі жағымсыз массаға айналады.

Ауру асқынғанда дерт тілдің тереңгі қабаттарына шауып, өліеттеніп ойылады, таңдай сүйегі мен көмекей шеміршегі некрозға ұшырайды. Өліеттену кей жағдайда өкпеге, көкірек қуысына шабады.

Көкеттің беткі қабатында іріңді фибрин байқалады. Өкпенің көкірек қабырғасына жабысып қалуы мүмкін, ал өкпенің өзінде шектелген, өліеттенген ошақтар кездеседі. Жұтқыншақтағы және бронхалардағы сөл түйіндері қанға толып, ұлғаяды.

Ұртының бұлшық еттерінің арасында үлкендігі грек жаңғағындай телімдер кездеседі. Құста өңештің өліеттенуі ұшырайды.

Сиыр мен бұғының таз қарын және жұмыршақ қарны өліеттеніп, зақымданады, жалбыршақ қарынның қатпарлары мүжіліп, бүлінеді [13] .

Ұрғашы малдың жыныс мүшелері зақымданғанда денесінің артқы жағы іріңді сорамен ластанып, жүніне жабысқан кепкен жалқақтар көрінеді. Қынаптың ішінде іріміктенген бөлінді болады, кілегейлі қабығы ісініп, қабыршақтанып әр жері ойылады. Кейде қынаптың бір беті бір бетіне жабысып қалады да, оған түтік жіберу мүмкін болмайды. Қуық несепке толы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой некробактериозы
Инфекция қоздырушысының бастауы ауру және бактерия алып жүруші мал
Cепсис.Некробактериоз.Диплококкты септицемия
Тағамдық түрлерін ветеринариялық-санитариялық токсикологиялық бағалау
Шаруашылықтағы қой ауруларының алдын - алу жұмыстарын ұйымдастыру
БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылының Қайнар шаруа қожалығындағы ірі қара некробактериозына қарсы ветеринарлық шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және оның экономикасы
Инфекциялық аурулар
Сепсис. Некробактериоз
Қоянның сойыс өнімдерінің жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық- санитариялық сараптау
Трихофития кезіндегі биопрепараттар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz