Туйе обасы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.5
I. Ауруға анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.7
1.1. Аурудың тарихи деректері мен қоздырушысы және індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.7
1.2. Түйе обасының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.10
1.3. Өтуі мен симптомдары және патологиялық.анатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.4. Ауруды балау және емдеу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12.13
1.5. Дауалау және күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.16
2.1. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.18
2.2. Инфекциялық ауруларды жою, одан сақтандыру шаралары ... ... ... ... ... 18
2.3. Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және эпизоотологиялық жағдай туралы акт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.24
2.4. Жоспарға түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.28
IV. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
V. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30.32
Кіріспе
Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде өте кең таралуын ғана емес, спорадия ретінде бірен-саран жағдайда байқалуын да қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп, оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұматтардың жиынтығы ретінде қарастыра бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы аурулардың табиғатын зерттейті барлық пәндерді:
Микробиологияны,вирусологияны,иммунологияны, эпидемиологияны, эпизоотологины, патологиялық-анатомияны,патологиялық физиологияны және тағы басқаларын бір ғылым ретінде қарастыру іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану пәні біршама дербес, бірақ бір-бірі мен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар нақты індеттану, инфекциялық аурулар, және ветеринариялық санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Нақты індеттану індет процесін зерттейді. Ол жалпы індеттану және жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар індет процесін зерттейді.
Инфекциялық аурулар бөлімі ауруларды дерттің басқа да түрлері сияқты дәрігерлік тұрғыдан қарастырады. Олардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін, балау, емдеу және дауалау әдістерінзерттейді. Ветеринариялық санитария жұқпалы ауруларды қоздыратын зардапты микробтарды сыртқы ортада жою жолдарын қарастырады.
Қазақстан Республикасында түйе шаруашылығы маңызды зор роль атқарады. Аграрлық - өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде Түйе шаруашылығында істейтін еңбеккерлердің алдында өте келелі міндет тұр. Ол халықты жеткілікті мөлшерде азық – түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін шарушылықтарға күшті матералдық техникалық базаны шоғырландырып, әрі еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану қажет.
Жалпы түйе шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас қажет. Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен
Қолданылған әдебиеттер.

1. Сайдулдин Т. Ветеринарлық індеттану. 1, 2 кітап. Окулық, Алматы, 1999. 2. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Оқулық, Алматы, 2009.
3. Қазақстан Республикасының Ветеринарлық заңнамасы. Т. 1,2,3, Астана,
2005.
4. Сидорчук А.А. и др. Общая эпизоотология. М.: «Колос», 2004.
5. Ветеринарное законодательство. Под ред. А.Д. Третьякова, М: «Колос»,
1973, Т. 1; 1973, Т. 2; 1981, Т. 3; 1985, Т. 4.
6. Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Уч. пособие. М.: «Колос». 2003.
7. Эпизоотология и инфекционные болезни с/х животных. Учебник, под
редак. А.А. Конопаткина. - М.: «Колос», 1984.
8. Инфекционные болезни животных. Учебник, под редак. А.А. Сидорчука,
М.: «Колос», 2007.
9. Руководство по общей эпизоотологии. Под ред. Бакулова И.А. и
Третьякова А.Д., М: «Колос», 1979.
10. Карантинные и малоизвестные болезни животных. Под ред. Бакулова
А.И. М: «Колос», 1983.
11. Болезни пушных зверей. Под ред. Данилова Е.П. М: «Колос», 1984.
12. Таршис М.Т., Константинова В.М. Математические методы в
эпизоотологии. М: «Колос», 1975.
13. Поляков А.А. Ветеринарная санитария. Уч. пособие, М.: «Колос», 1979.
14. Бакулов И.А. Індеттану және микробиология негіздері. Алматы, 1993.
15. Кадымов Р.А. и др. Инфекционные болезни овец. М.: «Колос», 1987.
16. Осидзе Д.Ф. Инфекционные болезни животных. М. Агропромиздат, 1987.
17. Таршис М.Г.и др. Болезни животных, опасные для человека. М. «Колос»,
1997.
18. Юров К.П. и др. Инфекционные и паразитарные болезни лошадей. М.:
«Колос», 2010.
19. Частная эпизоотология. Под ред. В.В. Максимовича. Минск, 2010.
20. Мырзабаев К.Е., Есенғалиев Ғ.Ғ. Індеттану және індетті аурулар пәнінен
курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. БҚАТУ, 2009.
21.Толысбаев Б.Т.,Бияшев К.Б. Микробиология және иммунология.Алматы, 2008
1.3 Мерзімді басылым жорналдары. Интернет:
11. Жорналдар: WWW. Vetsan. Ru
.1. Ветеринария WWW. BeeKelping. Orc. Ru
. Жаршы.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.

"Эпизоотология, паразитология және ВСС кафедрасы"

"Індеттану және індеттік аурулар" пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: БҚО, Ақжайық ауданы, "Алмалы" шаруа қожалығы түйе
обасын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.

Орындаған: ВМ-4 топ студенті
Тексерген: в.ғ.к., аға оқытушы

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
I. Ауруға анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-7
1.1. Аурудың тарихи деректері мен қоздырушысы және індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-7
1.2. Түйе обасының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..8-10
1.3. Өтуі мен симптомдары және патологиялық-анатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4. Ауруды балау және емдеу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-13
1.5. Дауалау және күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15- 16
2.1. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-18
2.2. Инфекциялық ауруларды жою, одан сақтандыру шаралары ... ... ... ... ... 18
2.3. Шарушылықты эпизоотологиялық тексеру картасы және эпизоотологиялық жағдай туралы акт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-24
2.4. Жоспарға түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-28
IV. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
V. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30-32

Кіріспе
Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде өте кең таралуын ғана емес, спорадия ретінде бірен-саран жағдайда байқалуын да қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп, оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұматтардың жиынтығы ретінде қарастыра бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы аурулардың табиғатын зерттейті барлық пәндерді:
Микробиологияны,вирусологияны,иммун ологияны, эпидемиологияны, эпизоотологины, патологиялық-анатомияны,патологиялы қ физиологияны және тағы басқаларын бір ғылым ретінде қарастыру іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану пәні біршама дербес, бірақ бір-бірі мен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар нақты індеттану, инфекциялық аурулар, және ветеринариялық санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Нақты індеттану індет процесін зерттейді. Ол жалпы індеттану және жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады. Жекеше індеттану жеке аурулар індет процесін зерттейді.
Инфекциялық аурулар бөлімі ауруларды дерттің басқа да түрлері сияқты дәрігерлік тұрғыдан қарастырады. Олардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін, балау, емдеу және дауалау әдістерінзерттейді. Ветеринариялық санитария жұқпалы ауруларды қоздыратын зардапты микробтарды сыртқы ортада жою жолдарын қарастырады.
Қазақстан Республикасында түйе шаруашылығы маңызды зор роль атқарады. Аграрлық - өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде Түйе шаруашылығында істейтін еңбеккерлердің алдында өте келелі міндет тұр. Ол халықты жеткілікті мөлшерде азық - түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін шарушылықтарға күшті матералдық техникалық базаны шоғырландырып, әрі еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану қажет.
Жалпы түйе шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас қажет. Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда, ол түгел технологиялық циклдің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сондықтан да берік жемшөп қорынсыз, ғылыми негізінде жолға қойылған асылдандыру жұмысынсыз айтарылықтай нәтижеге жету мүмкін емес.
Түйе фермаларынан алынатын өнімдердің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін түйелер мен малдардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтанда еліміздің мал дәрігерлері қызметінің алдында шаруашылықтардағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру түйе шығынын азайту міндеттері тұр.
Түйе шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, сөйтіп түйе басын шоғырландыру мал дәрігерлігі қызметкерлерінің әдеттегі қалыптасқан жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін өзгертіп қана қоймай олардың өз жұмысына деген көзқарастарын өзгертуін талап етеді.
Мал дәрігерлігінің маман болып қалыптасуында індеттану және микробиология пәнің алар орны ерекше. Бұл пәндерде шаруашылықтардағы малдарды әр түрлі жұқпалы аурулардан алдын ала сақтау, санитарлық және басқа да шаралар жүргізудің негіздері белгіленеді, соның нәтежесінде шаруашылықтарда жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау және жоғарғы сапалы мал өнімдерін өндіру мүмкіндіктері туғызылады. Жоғарыда атап айтылған міндеттерді орындауда орта буынды мал дәрігерлік мамандардың алар орны ерекше.
Түйе шаруашылығы - еліміздің халқын сапасы жоғары азықпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының ең манызды сапасы. Түйешаруашылығы - мал шаруашылығының аса маңызды саласының бірі.
Менің курстық жұмысымның мақсаты түйе шаруашылығында кездесетін түйе обасының ауруын зерттеп балау және алдын алу шараларын ұйымдастыру болып табылады.

I. Ауруға сипаттама.
1.1. Аурудың тарихи деректері мен қоздырушысы және індеттік ерекшеліктері.
Түйе обасы туралы алғашқы мәлімет XIX ғ аяғында араб елдерінде байқалған індет жайында баяндалды. Багдат шахарының маңында түйелердің жаппай қырылуы адамдардың арасында обаның тарауына себеп болды деген тұжырым жасалды. Ауру қоздырушысы бактерияны 1894 ж Гонконгта болған эпидемия кезінде Китазато иен Иерсен таза өсінді күйінде бөліп алды.
Қазакстанда 1926 ж адамдар арасында оба байқалды. Оның себебі, біраз бұрынырақ басталған майтышқандардың оба індеті еді. Кейінірек індет түйелер мен қояндерға тарады. Қазіргі кефзде түйенің обасы Үндістанда, Пәкістанда, Индонезияда, Үндіқытайда, Африканың экваторлық белдеуінде, Брализия, Перу, Аргентинада байқалады тұрады. Егеуқұйрықтар тудырған оба ошақтары Азия, Африка және Америка құрлықтарның портты қалаларында ұшырасады. Соңғы кезде оба Францияның, Испанияның, Италияның порттарында тікеліп тұрады.
Қазақстан аймағында оба эпидемиясы Маңғыстауда болғандығы жөнінде алғаш рет 16-шы ғасырдың басында келген. Қазақстан аумағының 40%. обаның табиғи көзіне жатады да, респиликамыздың 6 облысы ортаазияның тегіс аймақтағы ошақты көз аймығы болып есептеледі, оған Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары жатады. Сонымен қатар Еділ-Жайық құмдауыт көзіне Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары кіреді.
Қоздырушысы - Enterobacteriaceae тұқымдастығына жататын Yersinia pertis бактериясы. Грамтеріс, сопақша, қысқа таяқшалар. Анилин бояулары екі жақ ұшына жақсы сіңетіндіктен боялғанда тірі биполярлы (қос пулюсті) болып келеді. Сондықтан да ұзақ уақыт бұл микробты пастереллаларға жатқызып келді (синдромы Pasteurella pertis). Ауасыбағалы, кәдімгі қоректік орталарда жақсы өседі. Тығыз орталарда вирулентті R- және вирулентсіз S-шоғырлар кездеседі. Y.pertis экзо-және эндотоксиндер түзеді. Соматикалық ыстыққа төзімді және қауашақтық ыстыққа төзімсіз антигендер болады. Қауашақтық антиген вирулентті штамдарына тән және иммуногендендік қасиеттері бар. Бұл микробтың белгілері кемірушілердің псевдотуберкудезінің қоздырушысы Yersinia pseudotuberculosis бактериясына ұқсайды.
Түйе обасы қоздырушысының төзімділігі сыртқы ортада онша емес. Қайнатқан кезде 1 мин, 60 градуста қыздырғанда 1 сағ ішінде өледі. Шикі сүтте 5 күн, тұздалған етте 130 күнге дейін, топырақта 27, қақырықта 165, іріңде 30, кемірушілердің өлексесі мен терісінде 23 тәулікке дейін сақталады. Қоздырушылары спора түзбейтін бактериялық инфекциялар кезінде қолданылатын дезинфектанттар үйреншікті концнетрациясында бұл микробтан толық зарарсыздандырады.

1.2. Түйе обасының індеттік ерекшеліктері.
Адамның, түйенің, және кемірушілердің оба ауруының қоздырушысы ортақ бір микроб. Үй жануарларының бұл аурумен түйеден басқа сирек жағдайда есек, қашыр, шошқа, қой, ешкі, мысық және ит ауырады.
Түйе обасы - нағыз табиғи ошақты транссмисивтік зооантропонозды ауру. Оның табиғаттағы негізгі ошағы және синантропты қосалқы ошағы болады.
Аурудың табиғаттағы ошағын кемірушілер мен олардың эктопаразиті - бүрге қалыптастырады. Бұндай табиғи ошақтар Австралиядан басқа барлық континенттер табылады. Олар кемірушілер мен олардың эктопаразиттеріне әсер ететін географиялық ортаның жағдайына байланысты қалыптасып, сақталады. Оба микробын табиғи ошақтарда алып жүретін 300-ден артық кемірушілердің түрлері анықталды. Олардың ішінде қоздырушының сақталуында маңызды роль атқаратындары: саршұнақ, суыр, аламан, құмтышқан, сұртышқан. Ал синантроптық ошақта оба микробының негізгі сақтаушысы - егеуқұйрықтар, олардан ауру қоздырушысы басқа кемірушілерге ауысуы мүмкін. Індет ошағының қай түрінде болмасынмикробтың өзіне тән тасымалдаушысы - бүрге. Оның 120 түрі оба қоздырушысын тасымалдайды, олардың ішінде, әсересе, егеуқұйрық бүргесі Xenopsula cheopis, үй бүргесі Pulex irriata, суыр бүргесі Oropsulla silantievi.
Қазақстан жерінде обаның үш тұрақты ошағы анықталған: далалы саршұнақ ошағы, қыратты су ошағы, және шөлейтті суыр ошағы. Саршұнақ жайлаған дала ошағы Еділ мен Жайықтың арасындағы селеулі далада орналасқан. Індеттк жағдайдын шиеленісуі жыл маусымында екі рет, сарышұнақ інінен шығып, шағылысу мерзімі - сәуірде және балаларын өргізетін шілдеде байқалады. Суырлар мекендеген қыратты алқапқа шығыста Алатау, Алтай, Сауыр тауларының бөктері жатады. Бұл өлкеде індет шығу қаупі суырлардың белсенді кезеңі сәуір-тамыз айларына дөп келеді. Құмтышқан ошақтары Еділ мен Жайықтың төменгі сағаларының аралығын, Ембі бойын, Маңғыстауды, Үстіртті, Арал теңізінің терістігін алып жатыр. Мұнда ауру қоздырушысының бастауы қатарына құмтышқаннан басқа саршұнақтар, дала және үй тышқандары, қосаяқ жатады да, індет процесі жыл бойы үзілмей, көктем-жаз мезгілінде шегіне жетіп, шілде-қырқүйекте мейлінше басылып, қарашада біраз көтеріледі. Бұл ошақтар арнайы обаға қарсы ғылыми зерттеу институтының тұрақты бақылауында.
Обамен негізінен кемірушілер ауырады да, бұл жануарлар қоздырушының табиғаттағы басты резервуары болып табылады. Кемірушілердің денесінде обаның микробы 2-4 айдан 1 жылға дейін сақталды. Әдетте оба кемірушілер арасында індет ретінде байқалып, көктем мен күзде ең шегіне жетеді. Кемірушілерге микроб бүрге шаққанда беріледі. Бүргенің денесінде қоздырушы жылдан артық, ал кенеде 5-6 айға дейін сақталады. Микроб табиғатта кеміруші-бүрге- кеміруші айналымында беріліп отырады.
Түйе үшін обаның қоздырушысының бастауы табиғи ошақтағы кемірушілер. Ауру түйеге денесінде қоздырушы бар бүрге мен кене шаққанда немесе обамен ауырған кемірушлердің бөлінділерімен ластанған шөпті жегенде жұғады. Ауырған түйе қоздырушыны мұрыннан аққан сорамен, сүтпен, несеппен, тастанды төлмен, жарақаттанғанда қанмен бөліп шығарады. Кейбір деректер бойынша ауру жіті өткенде түйе жазылған соң 30 күн бойы, ал созылмалы өткенде одан да ұзақ уақыт микроб бөліп шығарады. Адамға оба түйеден әдетте ауырған малды сойған кезде терісін сыдырғанда, ұшысын бөлгенде, ауырған түйенің еті мен сүтін тағамға пайдаланған жұғады. Микроб адам денесіне тері арқылы және кілегейлі қабықтар арқылы тамшы тозаңмен енеді. Сонымен қатар, микроб алып жүруші бүргелер шаққанда да жұғады.
Оба адамда кенеттен байқалады. Оның денесі қалтырап, ыстығы көтеріліп, басы айналады. Беті ағарып, бозғылттанып, көкшіл рең пайда болады. Онымен қатар терісі, өкпесі, сөл түйіндері, ікшеттері зақымданады. Ауырған адам жүрек қызметінің әлсіреуінен өледі. Емдеу үшін обаға қарсы қан сарысуы мен гамма-глобулинін, арнаулы бактериофагты, антибиотиктерді қолданады. Иммундеу үшін тірі және өлтірілген вакциналар пайдаланады.
Дерттенуі. Оба қоздырушысы түйенің денесіне әр түрлі жолмен енуі мүмкін. Соған байланысты аурудың бірнеше клиникалық түрі қалыптасады. Микроб көбінесе денеге тері арқылы енеді. Мұндай жағдайда терінің өзінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Теріден өткен микроб сөлмен маңындағы сөл түйініне жетеді, онда қабыну процесі өрбіп, геморрагиялық лимфаеденит немесе периаденит байқалады. Оны бастапқы түйнек деп атайды. Бұдан кейін микроб пен оның улары қанға өтіп, қан арқылы бүкіл денеге тарайды. Дененің әр жеріндегі беткі және тереңде орналасқан сөл түйіндеріне жайылып, обаның түйнекті түрі пайда болады. Қоздырушының экзо және эндотоксиндерінің әсерінен ішкі ағзалар дегенерацияға ұшырап, жаппай қанталайды. Қандағы микробтың мөлшері шамадан тыс көбейгенде жануарларға өлітиеді де, обаның өлітиген түрі пайда болады. Сонымен қатар, көп жағдайда суланып қанталап пневмония басталып, бара келе өкпе ұлпасы өліеттенуге ұшырайды. Бұл обаның өкпедегі түрі. Аурудың барлық аталған түрі кезінде организмде аса күшті улану (интоксикация) байқалады. Жалпы алғанды бұл процестерді геморрагиялық - септицемияның шектен тыс шиеленісуі ретінде қарастырған жөн.

1.3. Өтуі мен симптомдары және патологиялық-анатомиялық өзгерістері.
Жасырын кезеңі 3-10 тәулік. Ауру жіті, жітіден төмен және созылмалы өтеді. Ең алғашында жануардың бүрге шаққан жерінде ісік пайда болады да, маңындағы сөл түйіндері 2-3 есе ұлғайып, сипағанда бейжай күйге түсіп, мал оттан және күйістен қалады. Тамыр соғысы жиілеп, аритмия басталады. Өлітиюді белгілері өрши түсіп, жануар 2-8 күн өткенде өліп қалады.
Жіті төмен өткенде аурудың белгілері сәл бәсеңдеу байқалады. Бейжай күйіндегі жануардың іші өтіп, тез ариды. Терісі серпімділігін жоғалтып, жүні ұйпаланады және оңай жұлынады. Буаз інген тастайды. Өкпесі қабынған малдың тынысы жиілеп, жөтеліп, танауынан сора ағады. Организмдегі жалпы интоксикацияның белгілері еселей түсіп, ауру басталған соң басталған соң 9-15 тәуліктей уақыт өткенде түйе өледі.
Созылмалы өткенде дененің ыстығы оқтын-оқтын көтеріліп, жануарда жалпы әлсіздік бақалады. Кейде беткі сөл түйіндері ұлғайып, жүгенде ақсайды. Ауру 20 күннен артық созылып, жануар арықтап кетеді. Кейде ауырған түйенің халі жақсарып, жазылып кетуі де мүмкін. Бірақ, мұндай жағдай сирек кездеседі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Обаға тән ең басты потологиядық құбылыс геморрагиялық диатез деп есептеледі. Кілегейлі және сірілі қабықтар, әр түрлі ағзалар мен ұлпалар қанталайды. Үлпершек ағзалар мен жүрек қанға толады, өкпе қабынып, көкбауыр ұлғаяды. Сөл түйіндері шектен тыс ұлғайып, кейде іріңі ошақтар кездеседі, қанталап, төңірегіндегі дәнекер ұлпа ісінеді. Кейде сөл түйіні тұтастай өліеттеніп, оның орнына ірің жиналады. Сөл түйіндерінің іріңдеп өліеттенуі мен тыртықтануы қатар жүруі мүмкін. Ішкі ағзалар да әр түрлі дәрежеде дегенерациялық өзгерістерге ұшырайды.

0.4. Ауруды балау және емдеу шаралары.
Ауруды балау үшін індет жағдайын (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық) ескереді, клиникалық және патологиялық-анатомиялық деректерді пайдаланады.
Обаға түйе осы аурудың табиғи ошағы бар аймақта шалдығады және оба індетті бұл сәтте кемірушілердің арасында байқалады. Осындай індет ахуалы қалыптасқан аймақта әрбір себебі аймақта әрбір себебі айқындалмаған түйе ауруының кезінде күдік туады. Түпкілікті диагноз тиісті бактериологиялық зерттеулердің нәтижесіне негізделеді. Бұл үшін ауырған түйенің қанын, түйнек шыққан телімнің ішіндегісін, ауыздан және танаудан аққан сораны, өлекселден ішкі үлгершек ағзалардың кесіндісін, зақымданғани сөл түйінін және іріңді алады. Өлексені сойғанда, ауырған түйеден материал алғанда сақтық шараларын аса мұқият сақтап, аурудың адамға жұғуына жол бермеу үшін барлық тиісті шаралар қолданылады. Бұл жұмыстарды атқарған сәтте обаға қарсы күресетін медицина мекемесінің маманы қатысуы қажет. Патматериалды ыдысты металл биксте немесе ағаш жәшікке салып, арнайы зертханаға жөнелтеді.
Зертханалық тексеру кезінде даярланған жағындыны Никифоров ерітіндісіне 20 мин бойы батыру арқылы бекітеді, қалған спиртті қолмен-қол жағып жібереді. Жағындыны грам және биполярлығын анықтау үшін метилен көгімен бояйды. Микроскопия тек қосымша тәсіл бола алады. Негізгі әдіс- қоректік ортада өсіп алу. Ол үшін материалды ет пептон агары мен сорпасына, Хоттингер агары мен сорпасына егеді де, 28-30°С жағдайында 12-24 сағат өсіреді. Микробты айқындау үшін арнайы бактериофаг қолданылады және теңіз тышқанына немесе ақ тышқанға жұқтырып, биосынама қояды.
Обаның микробын міндетті түрде кемірушілердің пседотуберлезінің қоздырушысынан ажырату қажет. Ал аурудың өзін туляремиядан, топлаңнан, пастереллезден, трипанозомоздан ажыратқан жөн, өйкені бұл аурулар кезінде де сөл түйіндері зақымданып, дененің ыстығы көтеріледі, сепсис және пневмония байқалады.
Обаны балау үшін ұсынылған серологиялық реакциялар қосымша мәлімет қана береді, негігінен ретроспективалық диагноз үшін пайдаланады.
Емі. Обамен ауырған малды емдемейді, ауырған түйені жояды.
Иммунитеті. Обамен ауырған түйеде, егер жазылып кеткен жағдайда берік иммунитет қалыптасады. Адамды иммундеу үшін Гирард пен Робис ұсынған ауру қоздырушысының ЕV штамынан даярланған вакцина қолданылады.
Бұл вакцинамен түйені егуге болады. Түйеге вакцина тері астына 300 млрд. Микроб клеткасы мөлшерінде жібергенде 4-6 айға иммунитет қалыптасады.

0.5. Дауалау және күресу шаралары.
Обаның алдын алу үшін табиғи ошақтарында және таралуы мүмкін аймақтарда ауруға қарсы жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Ауру шығуы мүмкін аймақтарда ретті түрде жүйелі бақылау жүргізіліп, кемірушілердің өсіп-өнуін қадағалап, әдейілеп ұсталынғандарын бактериологиялық тексеруден өткізеді. Арнайы ветеринарлық- санитариялық шараларды ретті түрде жүргізу қажет.
Уақыт өткізбей, ерте ауруға диагноз қою - обамен күресудің негізгі тетігі. Кемірушілердің арасында оба байқалысымен ол аймақты түйенің обасынан сау емес деп жариялайды. Бұл аймақтағы түйе біткенді түгел есепке алып, тұрақты ветеринариялық бақылау тағайындайды.
Сау емес аймақта карантин қойылып, айналасын қауіп төнген аймақ деп жариялайды. Сау емес аймақтағы обамен ауырған және күдікті түйелерді жедел оқшаулап, құртады, өлексені терісін алмастан, өртеп жібереді. Ауырған мал тұрған орын, қора-жай мұқият тазаланып, дезинфекцияланады. Кемірушілерді жою үшін дератизация жүргізеді. Түйелердің үстін апта сайын инсектициттермен домдайды. Сау түйелерді егіп, егілген түйелерді есепке алады, егер кемірушілердің арасында оба ұзаққа созылса, түйелерді 6-ай өткен соң қайталап егеді. Ауру бар аймаққа түйені әкелуге немесе әкетуге тиым салынады. Союға малды 9 күн бақылауда ұстап, күніне 2 рет температурасын өлшеп, ауруға ешбір күдік болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Інгендерді сауу үшін олардың қоңы жақсы болса және сауыншыны эктопаразиттердің шағуынан қорғау шаралары қарастырылған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Түйенің сүтін тек қайналып қана тағамға қосуға болады. Аура жайлаған пунктте түйенің жүнін дайындап, шетке шығаруға тиым салынады.
Каратин кемірушілер арасындағы індет басылған соң, ең соңғы ауруға шалдыққан немесе күдікті түйе өлген соң немесе сойылған соң, 60 күн өткеннен кейін алынады.

II. Негізгі бөлім
Шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайы туралы акт.

1. Алмалы шаруа қожалығы, 20.09.2013 ж.
2. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, округі Бас Мемл. вет. инспекторы Ермеков Қ.А., шаруашылықтың мал дәрігері Мухамбеткалиев С.О., шаруа қожалығының төрағасы Қарағойшин Қ.Б.
3. Тексеру жүргізілген түйе саны 100, 20 айдан 1 жасқа дейінгі боталар, 3 жастағы құнаншалар, 5 жастағы інгендер, 5 буралар.
4. Түйега күтім көрсету және оларды өсіру жоғары дәрежеде.
5. Түйе күніне 3 мезгіл құнды азықтармен азықтандырылды,
6. Шаруашылыққа түйеге эпизоотологиялық жағдайлары таза басқа шаруашылықтан әкелінеді және шаруашылық ішінде асылдандыру жұмыстары жүргізіледі.
7. Малдәрігерлік-санитарлық нысандардың жағдайлары және малдәрігерлік қызымет көрсету деңгейі жақсы ұйымдастырылған.
8. Соңғы екі жылда шаруашылық инфекциялық аурулардан таза деп саналып келеді.Бұған дейін бес жыл қатарынан түйенің обасына тіркелінген жоқ. Аурудан таза емес деп жарияланған күннен бастап, түйе обасынаоң нәтиже беруіне байланысты түйенің 50 пайызы ауыстырылды, ал қалғаны шаруашылықтық көрсеткіштерге байланысты бракқа шығарылды. Түйенің обосына бойынша шектеу алынғаннан кейін табын жылына 2 рет тері астына EV штамдалған вакцинасын қою әдісімен тексеріліп отырылды. Вакцина нәтижесіне сәйкес жылына түйе оң нәтиже берген 5 - 8 түйе бөлініп алынып, қосымша тексерулер өткізілді. Оң реакция берген түйені сойып қарау барысында обаға тән белгілер анықталған жоқ. Биыл жарақаттануына байланысты сойылған түйені малдәрігерлік сараптау барысында, оның кілегейлі және сірлі кабықтар, әр түрлі ағзалар мен ұлпаларда канталаулар байқалды.
9. Инфекциялық аурудың пайда болу ерекшеліктеріне сипаттама:
- аурудың алғашқы байқалған уақыты. 26.08.2013 ж., ауруға шалдыққан түлік түрі - түйе, мал саны - 100 бас, жас мөлшері 1-5 жас аралығында;
- ауруды індеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық, зертханалық деректерге сүйеніп анықталды. Диагнозды 30.08.13 ж ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топалаң ауруының шошқадаға белгілері
Мал сою цехы
Оба аса қауіпті жұқпалы ауру
Ірі қара мал обасы ауруы
Сиыр обасының қоздырушысы
Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы
Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер
Ірі қараның обасы
Пәндер