Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.



Жоспар:

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
2. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.10
3. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары...11.12
4. Аурудан таза емес шаруашылықтағы ауруды жоюға бағытталған күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.13
5. Эпизотоотиялық тексеру карточкасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.14
6. Аурумен күрес шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.15
7.Эпизоотиялық ошақтар туралы мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... 15.16
8.АКТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.17
9.Тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.18
10.Жолдама қағаз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.19
11.АКТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.20
12.Эпизоотиялық жағдай сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.21
13.Жоспарға түсіндірме. . . . . . . . . . . .. . . .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21.22
14.Ауруға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.26
15.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.27
16.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.28
Кіріспе.

Аграрлық - өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде мал шаруашылығында істейтін еңбеккерлердің алдында өте келелі міндет тұр. Ол халықты жеткілікті мөлшерде азық – түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін шарушылықтарға күшті матералдық техникалық базаны шоғырландырып, әрі еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану қажет.
Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас қажет.Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда, ол түгел технологиялық циклдің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сондықтан да берік жемшөп қорынсыз, ғылыми негізінде жолға қойылған асылдандыру жұмысынсыз айтарылықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Мал фермаларынан алынатын өнімдердің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін малдар мен құстардың денсаулығына тікелей байланысты.Сондықтанда еліміздің мал дәрігерлері қызметінің алдында шаруашылықтардағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру мал шығынын азайту міндеттері тұр. Мұның өзі осы салада істейтін оқу және ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижелерін көтере түсуін, ғылым және озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгізуді және мал дәрігерлігі маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара білуіне тікелей байланысты.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, сөйтіп мал басын шоғырландыру мал дәрігерлігі қызметкерлерінің әдеттегі қалыптасқан жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін өзгертіп қана қоймай олардың өз жұмысына деген көзқарастарын өзгертуін талап етеді.
Мал дәрігерлігінің маман болып қалыптасуында індеттану және микробиология пәнің алар орны ерекше. Бұл пәндерде шаруашылықтардағы малдарды әр түрлі жұқпалы аурулардан алдын ала сақтау, санитарлық және басқа да шаралар жүргізудің негіздері белгіленеді, соның нәтежесінде шаруашылықтарда жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау және жоғарғы сапалы мал өнімдерін өндіру мүмкіндіктері туғызылады. Жоғарыда атап айтылған міндеттерді орындауда орта буынды мал дәрігерлік мамандардың алар орны ерекше.
Мал шаруашылығы – еліміздің халқын сапасы жоғары азықпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының ең манызды сапасы. Ірі қара малы шаруашылығы – мал шаруашылығының аса маңызды саласының бірі. Халқымыз мал шаруашылығын ет, май, сүт, тері сияқты әр түрлі өнімдерді алады. Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастай – ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс жидектерден шарап, нан сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болған.
Пайданылған әдебиеттер:
1. Шарапакова Н.Я. соавт. К вопросу о природной очаговости пастереллаза на территории Каракалпакии //Тезисы докл. IV науч. конф. по природной очаговости чумы.-Алма-Ата, 1965.-С.292-293.
2. Ганиев М.К., и др. Пастереллез. – Баку, Изд-во ЗЛМ, 1970. – 120 с.
3. И.А. Бакулов «Індеттану және микробиология негіздері» Қайнар, 1993- 2 с.
4. Айкымбаев А.М. и др. О случаях выделения возбудителя пастереллеза от сайгаков в феврале-марте 1984 г в Уральской области //Известия АН КазССР.- Алма-Ата, 1985.- №4.-С.39-41.
5. Ананьина Ю.В., Чернуха Ю.Г. Эколого-патогенетические особенности различных этиологических форм пастерелез //Тезисы докл. всесоюз. конф. по природной очаговости болезней.- новосибирск, 1989.-С.8-10.
6. Некрасова Л.Е. Сочетанные инфекции грызунов в Волго-Уральском очаге чумы: автореф. ...канд. мед. наук.- Алматы, 1989.-22с.
7. А.Б. Жаров «Патологические анатомия с/х животных» //Москва. «Колос» – 2003.
8. Ильясов Б.К. Эпизоотология пастерелез животных в Казахстане и меры борьбы с ним: автореф. ...докт. вет. наук: 16.00.03.-Алматы, 1999.-36с.
9. Ильясов Б.К. Связь между распространением лептоспироза среди сельскохозяйственных животных и заболеваемости людей //Животноводство и ветеринария в XXI век: Действительность и перспективы развития: материалы Международный научно-практической конференции. Семей, 2002.- С.158-163.
10. Кадымов Р.А., Кунаков А.А., Седов В.А. //В кн.: Инфекционные болезни овец. – М.: Агропромиздат, 1987.-С.119-125.
11. Сайдуллин Т. Ветеринарлық індеттану, 1,2 кітап.-Алматы, 1999.
12. Guidelines for the Control of Leptospirosis //Ed. By Faine S.-Geneva: WHO-82.
13. Глушков А.А. лептоспироз животных //лекция МВА.-М., 1983. – 55 с.
14. Ильясов Б.К. Пути передачи возбудителя инфекции и распространение лептоспироза человека //Животноводство и ветеринария в XXI век: Действительность и перспективы развития: материалы Международный научно-практической конференции. – Семей, 2002. – С.163-166.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.

"Эпизоотология, паразитология және ВСС кафедрасы"

"Індеттану және індеттік аурулар" пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: БҚО облысы,Қаратөбе ауданы "Көлкамыс"шаруашылығы шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.

Орындаған: ВМ-41 топ студенті

Тексерген: в.ғ.к., аға оқытушы

Жоспар:

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
2. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-10
3. Шаруашылықты аурулардан сауықтырудың күнтізбелік жоспары...11-12
4. Аурудан таза емес шаруашылықтағы ауруды жоюға бағытталған күнтізбелік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-13
5. Эпизотоотиялық тексеру карточкасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..13-14
6. Аурумен күрес шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15
7.Эпизоотиялық ошақтар туралы мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ...15-16
8.АКТ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16-17
9.Тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-18
10.Жолдама қағаз ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-19
11.АКТ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-20
12.Эпизоотиялық жағдай сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...20-21
13.Жоспарға түсіндірме. . . . . . . . . . . .. . . .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-22
14.Ауруға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 22-26
15.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26-27
16.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27-28


Кіріспе.

Аграрлық - өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде мал шаруашылығында істейтін еңбеккерлердің алдында өте келелі міндет тұр. Ол халықты жеткілікті мөлшерде азық - түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін шарушылықтарға күшті матералдық техникалық базаны шоғырландырып, әрі еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану қажет.
Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас қажет.Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда, ол түгел технологиялық циклдің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сондықтан да берік жемшөп қорынсыз, ғылыми негізінде жолға қойылған асылдандыру жұмысынсыз айтарылықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Мал фермаларынан алынатын өнімдердің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін малдар мен құстардың денсаулығына тікелей байланысты.Сондықтанда еліміздің мал дәрігерлері қызметінің алдында шаруашылықтардағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру мал шығынын азайту міндеттері тұр. Мұның өзі осы салада істейтін оқу және ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижелерін көтере түсуін, ғылым және озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгізуді және мал дәрігерлігі маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара білуіне тікелей байланысты.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, сөйтіп мал басын шоғырландыру мал дәрігерлігі қызметкерлерінің әдеттегі қалыптасқан жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін өзгертіп қана қоймай олардың өз жұмысына деген көзқарастарын өзгертуін талап етеді.
Мал дәрігерлігінің маман болып қалыптасуында індеттану және микробиология пәнің алар орны ерекше. Бұл пәндерде шаруашылықтардағы малдарды әр түрлі жұқпалы аурулардан алдын ала сақтау, санитарлық және басқа да шаралар жүргізудің негіздері белгіленеді, соның нәтежесінде шаруашылықтарда жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау және жоғарғы сапалы мал өнімдерін өндіру мүмкіндіктері туғызылады. Жоғарыда атап айтылған міндеттерді орындауда орта буынды мал дәрігерлік мамандардың алар орны ерекше.
Мал шаруашылығы - еліміздің халқын сапасы жоғары азықпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының ең манызды сапасы. Ірі қара малы шаруашылығы - мал шаруашылығының аса маңызды саласының бірі. Халқымыз мал шаруашылығын ет, май, сүт, тері сияқты әр түрлі өнімдерді алады. Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастай - ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс жидектерден шарап, нан сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болған.
Сонымен қатар ерте дүние ғалымдары жұқпалы аурулардың ауру адамдардан сау адамдарға берілетінін болжап білген. Осындай жұқпалы аурулардың бірі - пастерелёз.
Пастерелёз ауруы Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылының Көлкамыс шаруа қожалығынан табылған болатын. Көлкамыс шаруа қожалығы Қаратөбе ауданының солтүстік шығысында орналасқан. Шаруашылыққа көршілес тағы екі шаруашылық бар. Шаруашылық аудан орталығынан он үш километр қашықтықта орналасқан. Сондай - ақ шаруашылықты көршілес
шаруашылықтармен байланыстыратын жолдар бар. Шаруашылықтың территориясында тоғай, озен жоқ, көлдер мен тоғандар бар.
Шаруашылықта 700 сиыр, 900 кой, 100 жылқы, 600 тауық, 300 бұзау, 4 ит, 2 мысық бар. Шаруашылықта өндірілетін сиыр тұқымы - қазақтың ақ бас сиыры негізінен етті бағытта өсіріледі.
Қойдың тұқымы - Алтай қойы. Қойлар - жүндес, етті, өсімтал, далалық жағдайға бейім тұқым шаруашылықта ауыр жүк тартатын көшім жылқылары ұсталады.
Шаруашылық ірі және сулы азықты өзі дайындайды, ал жемді сатып алады.
Ұрықтандыру жұмыстары негізінен қолмен жүргізіледі, яғни қолдан ұрықтандырылады. Ұрықтандыру үшін шәуетті шет елден (Германиядан) алып келеді, бірақ кейде көршілес шаруашылықтардан асыл тұқымды мал әкеледі.
Шаруашылықта екі сиыр қорасы, қой қорасы, шошқа қорасы бар. Сондай - ақ малды туғызатын бөлім бар, бұнда төлдеуге дейінгі және төлдеуден кейінгі тұратын бөлімдер бар. Қолдан ұрықтандыру пункті бар. Изолятор, ветеринарлық емхана, дәріхана, биопрепараттар мен дезинфекциялық заттарды сақтайтын арнай бөлме бар. Малды негізінен қыста - қорада, жазда - жайлауда бағады.
Жануардың негізгі табыны өзінің өнімдері (төл) арқылы көбейеді.

Әдебиетке шолу

Пастеререллез ( Pasteurellosis) - жіті өткеде өлітиюдің белгілерімен , ал жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін сүт қоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Аурудың жұқпалы екендігін дәлелдеуге 1878 ж.Болингердің сиырлардың пастереллезін сипаттауы негіз болды.Аурудыі қоздырушысын тауықтан Е.М.Земмер(1878), Л.Пастер (1880), үй қоянынан Гафки (1881), сиырдан Китт (1887), буйволдан Гресте (1887) бөліп алды. Аурудың атауы пастердің қоздырушы микробты өсіріп, әлсіретіп, онымен тауықты иммундеуге бағытталған әйгілі тәжірибелеріне байланысты еді.Ғалымның құрметіне бұл микроб пастерелла,ал ол қоздыратын ауру пастереллез деп аталатын болды
Шарапакова Н.Я. мәлметтерi бойынша, пастереллез ауруының көптеп таралуына аталып отырған ауру қоздырушыларын алып жүрушiлер себеп болады. И. Я. Глебова ауру жануар денесiнде паразиттi түрде өмiр сүретiн кенелердiң ұзақ уақыт бойы ауру қоздырғышын алып жүрушiлер бола алатындығын дәлелдедi (Ауыл шаруашылық ғылымдарының Вестник журналы Бастау №9 2005 ж.)
Ганиев М.К.жүргiзген тәжiрибелерi нәтижесi көптеген ғалымдар пiкiрлерiне сайма-сай келедi. Өйткенi аталған ғалымдар да пастереллез ауруының туындауына еркiн өмiр сүретiн құстар мен кемiргiштер себеп болады. Құстар мен кемiргiштер пастереллез ауруының негiзгi көзi ретiнде саналып отыр.
И.А. Бакулов жіті өткеде өлітиюдің белгілерімен , ал жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін сүт қоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру.
Грузияның жеке секторында 8 сәтсiз аймақты зерттеген Капиашвили (1987) сальмонеллез, пастереллез, стафилакоккоз, колисептицемия және үйректердiң стрептококкозы қоздырғыштарын анықтаған. Аурудың өту барысы бойынша түрлi түрлер тiркелген, соның iшiнде түгелдей дерлiк жануарлар өлiмге ұшырауы байқалған (С. С. Яковлев. Эпизоотологическая ситуация птицеводства России\\Ветеринария-2000. -№9, - С.3-4.).
А. Б. Бижанов пен М. Умитжановтың 1999 жылғы деректерi бойынша пастереллез ауруы жыл сайын шығып отырған, өйткенi аналық құстар тобырын өзгелерiмен араластырған сәтте екiншi топ iшнде пастереллез ауруы қоздырғышын алып жүрушiлердiң көп болуы себеп болған. Көптеген iрi құс шаруашылықтары мен фермаларында ветеринарлық-санитарлық шараларды дұрыс ұйымдастырмау, уақытылы дұрыс азықтандырмау секiлдi факторлар салдарынан пастереллез ауруына шалдыққан құс саны күрт өсiп кеттi (А. А. Султанованың оқу-әдстемелiк нұсқауынан. Қазақстандағы жануарлар ветеринарлық проблемасының эпизоотологиялық жағдайы мен ғылыми жабдықталуы: Матер. Междунар. Научн.-практконф. Алматыдағы ветеринарлығы практиканың жағдайы мен даму перспективасы. 10 қыркүйек, 2003,-С.9-17).
В. И. Покровский мен Б. Ф. Семенованың (1999) берген мәлметтер бойынша осы мақсатта зертханалық жануарлардан 3, 7, 14, 21, 30, 60, 90 күндерi иммундалғаннан кейiн қан сарысулары алынған. Пастереллездiк және лептоспироздың гемаглютинин және аглютининдерді өсу және өшу динамикасын анықтау үшiн РИГА және РМА қойған.
5 топшаға бөлiнген 50 үй қоянының қан сарысуы зерттеуге алынды.
1-10 үй қояндарына iрi қараның пастереллезiне қарсы кешендi поливаленттi вакцина және iрi қараның лептоспирозына қарсы поливаленттi вакцина терi астына бiр уақытта, бiр мезетте дененiң түрлi аумақтарына РИГАдағы пастереллездiк гемаглютининдердi анықтау үшiн вакцина енгiзiлдi.
11-10 үй қояндары iрi қараның пастереллезне қарсы кешендi поливаленттi вакцина және iрi қараның лептоспирозына қарсы поливаленттi вакцина терi астына бiр уақытта, бiр мезетте дененiң түрлi аумақтарына РМА дағы лептоспироздың аглютининдерiн анықтау үшiн вакциналанды.
Иммунологияның маңызды бөлiмдерiнiң бiрi ретiнде ассоцирленген, кешендi иммунизацияны оқу қарастырылады.
Ананьина Ю.В., Чернуха Ю.Г. Қоздырғыш көзi болып ауырып жүрген және ауырып болған - пастереллаларды алып жүрушiлер табылады. Қоздырғыш алып жүру уақыты бiр жылдан астам уақытқа созылуы мүмкiн. Пастереллез қоздырғыштарын сау малдар да алып жүруi мүмкн.
А.Б. Жаров.Жануарлардың инфекциялық патологиясындағы этиологиялық маңыздылық екi түрге бөлнедi: Pasteurella multocida және Pasteurella haemolytica (Mannheimia haemolytica). P.multocida жануарладың геморрагиялық септицемиясының, сонымен қоса өкпе пастереллезiнiң қоздырушысы болып табылады. Ол вирусты және микоплазмалық этиологияның респираторлық қабынуына әкелiп соқтырады. P.haemolytica iрi қара және барлық жастағы қойларды пневмонияға шалдықтырып, сонымен қоса жаңа туған қошақандарды септицемияға ұшыратады.
Кадымов Р.А., Кунаков А.А., Седов В.А.Пастереллалардың бұл екi түрi iрi қаралар мен мегежiндерде түсiк тастау кезiнде, iрi қаралар мен қойларда артрит кезiнде, бұзаулар мен қошақандарда артрит және тағы басқа локальдi процестерде байқалады.
Аурудың инфекциялық табиғаты Болингер (1878 ж.) ірі қара малының пастерелёзін суреттеген соң, ал Китт (1885) қозжырғышын бөліп алған соң 1878-1887 жылы тұрақталды. Тауық пастерелезі (Е.М.Землер, 1878; Пастер 1880), қоян (Гафни, 1881), шошқа (Лоффлер, 1886), Буйбол (Гресте, 1887) пастерелезінің қоздырғыштары табылып, суреттелді. Бұл жылдары Пастер бактерия культурасын әлсірету тәжірибелерін жүргізді және құстардың иммунизациясын іске асырды. Оның микробиологиядағы сіңірген еңбектері үшін бұл қоздырғыш пастрелла деп, ал қоздырғышпен туындайтын ауру - пастерелёз деп аталды.
Ауру әуелден-ақ белгiлi, бiрақ оның жұғымталдығын 1878 жылы Е. М. Заммер, Пиррончито және Ривольят дәлелдеген болатын. Аталған ауру қоздырғышын 1880 жылы алғаш болып Л. Пастер ашқан. Сол жылы Л. Пастер өлген тауықтардан алынған бактериялар культураларын әлсiздендiруге алғаш тәжiрибе жасап, тауықтарды иммундеудi қолға алды. Ғалымның еңбегiне сүйене отырып ауру қоздырғышын пастерелла деп, ал аурудың атауын пастереллез деп атаған.
(Ауыл шаруашылық жануарларының эпизоотологиясы және инфекциялық аурулары оқулығы мәлметтерi бойынша А. А. Конопаткин, И.А.Бакулов,Я.В.Нуйкин и др.; Под ред. А.А.Конопаткина.-М.: Колос,1984г.)
И. Я. Глебованың (1965) мәлметтерi бойынша, пастереллез ауруының көптеп таралуына аталып отырған ауру қоздырушыларын алып жүрушiлер себеп болады. И. Я. Глебова ауру жануар денесiнде паразиттi түрде өмiр сүретiн кенелердiң ұзақ уақыт бойы ауру қоздырғышын алып жүрушiлер бола алатындығын дәлелдедi (Ауыл шаруашылық ғылымдарының Вестник журналы Бастау №9 2005 ж.)
Н. Г. Сердюк, П. Ф. Цимохтың (1970) жүргiзген тәжiрибелерi нәтижесi көптеген ғалымдар пiкiрлерiне сайма-сай келедi. Өйткенi аталған ғалымдар да пастереллез ауруының туындауына еркiн өмiр сүретiн құстар мен кемiргiштер себеп болады. Құстар мен кемiргiштер пастереллез ауруының негiзгi көзi ретiнде саналып отыр.
1878 жылы Боллингер iрi қара малында пастереллездi сипаттап, Китт (1885) ауру қоздырғышын анықтаған соң 1878-1887 ж.ж. аурудың жұқпалы екендгi дәлелдендi. Тауық (Е. М. Земмер, 1878: Пастер, 1880), үй қоянының (Гафки, 1881), шошқалардың (Лоффлер, 1886), буйволдардың (Греете, 1887) пастереллезiнiң қоздырғышына сипаттама берiлiп, анықталды. Осы жылдары Пастер құстар иммунизациясын iске асырды, алғаш болып бактериялар культурасын әлсiретуге негiзделген тәжiрибесiн iс жүзiнде көрсеттi. Микробиологияда ғалым құрметiне ауру қоздырғышын пастерелла деп, ал аурудың өзiн пастереллез деп атаған (Прудникова С.И. оқулығы бойышағылыми еңбектер жиынтығы. РАСХНИЛ, ИЭВС және ДВ бөлiмшес-Новосибирск,1996).
Грузияның жеке секторында 8 сәтсiз аймақты зерттеген Капиашвили (1987) сальмонеллез, пастереллез, стафилакоккоз, колисептицемия және үйректердiң стрептококкозы қоздырғыштарын анықтаған. Аурудың өту барысы бойынша түрлi түрлер тiркелген, соның iшiнде түгелдей дерлiк жануарлар өлiмге ұшырауы байқалған (С. С. Яковлев. Эпизоотологическая ситуация птицеводства России\\Ветеринария-2000. -№9, - С.3-4.).
А. Б. Бижанов пен М. Умитжановтың 1999 жылғы деректерi бойынша пастереллез ауруы жыл сайын шығып отырған, өйткенi аналық құстар тобырын өзгелерiмен араластырған сәтте екiншi топ iшнде пастереллез ауруы қоздырғышын алып жүрушiлердiң көп болуы себеп болған. Көптеген iрi құс шаруашылықтары мен фермаларында ветеринарлық-санитарлық шараларды дұрыс ұйымдастырмау, уақытылы дұрыс азықтандырмау секiлдi факторлар салдарынан пастереллез ауруына шалдыққан құс саны күрт өсiп кеттi (А. А. Султанованың оқу-әдстемелiк нұсқауынан. Қазақстандағы жануарлар ветеринарлық проблемасының эпизоотологиялық жағдайы мен ғылыми жабдықталуы: Матер. Междунар. Научн.-практконф. Алматыдағы ветеринарлық практиканың жағдайы мен даму перспективасы. 10 қыркүйек, 2003,-С.9-17).
В. И. Покровский мен Б. Ф. Семенованың (1999) берген мәлметтер бойынша осы мақсатта зертханалық жануарлардан 3, 7, 14, 21, 30, 60, 90 күндерi иммундалғаннан кейiн қан сарысулары алынған. Пастереллездiк және лептоспироздық гемаглютинин және аглютининдерді өсу және ұшу динамикасын анықтау үшiн РИГА және РМА қойған.
5 топшаға бөлiнген 50 үй қоянының қан сарысуы зерттеуге алынды.
1-10 үй қояндарына iрi қараның пастереллезiне қарсы кешендi поливаленттi вакцина және iрi қараның лептоспирозына қарсы поливаленттi вакцина терi астына бiр уақытта, бiр мезетте дененiң түрлi аумақтарына РИГАдағы пастереллездiк гемаглютининдердi анықтау үшiн вакцина енгiзiлдi.

Иммунологияның маңызды бөлiмдерiнiң бiрi ретiнде ассоцирленген, кешендi иммунизацияны оқу қарастырылады. Ассоцирленген вакцинация тарихында француз ғалымдары F. Widal және I. Siceard 1897 жылы құрсақ тифi және холераға қарсы екi вакцинаның қоспасын пайдалана отырып жақсы нәтижеге қол жеткіздi. Кейiнiрек F. Widal (1999) үш вакцинаны қосып, жақсы нәтиже алып, өз бiлiмiн ұштай түстi. Үш вакцинаны қатар еккендегi нәтиже олардың бiр-бiрлеп еккендегiсiнен айырмашылығы жоқ және үш вакцинаны бiрiктiрiп еккен тиiмдiрек деп есептедi.
Аталған ғалымдардың еңбектерiн A. Castellani одан әрi дамыта түстi. Ол тек үш немесе одан да көп антигенi бар бiрнеше вакцинаны қосып иммундап қана қоймай, мыңдаған адамдары да ассоцирленген вакцинамен Цейлон аралында иммундады.(4).
Бірақ практикаға ассоцирленген вакцинаны енгзген сәттен бастап антигендер бәсекелестік туралы теория туындады.
Қосарланған вакцинаны (тиф пен холераға қарсы) қолдану кезiнде E. Fridberger антигендер бәсекелестiгi теориясын ұсынды, приципитирленген сарысу алу үшiн альбуминдiк және глобулиндiк сарысулар қоспасымен жануарларды еккенде L. Michaelis та қосылды. (1989). Жануарларды бiр уақытта жылғы сарысуы және қой эритроцитiмен еккенде қой эритроцитiне антиденелер дамуының тежелуi байқалды.(5, 6, 9.)
Антигендер бәсекелестiгiнiң пайда болуы терiс көрiнiс бердi, өйткенi ассоцирленген вакцинаның әрi қарай өсiп - зерттелуiне кедергi келтрдi.
Француз иммунологi G. Ramon антиген бәсекелестiгi теориясын жоққа шығарды. Ол бiр антигеннiң екiншiсiн басуын тексерiп қана қоймай, керiсiнше иммунологиялық эффектiнiң күшеюiн дәлелдедi, дәлелдей отырып оны синергия деп атады.(7).
G.Ramon (1998) 20 антиген қоспасымен иммундаған кезде организмдегi антиденелердiң пайда болуын көрсеттi. Енгiзiлген антигендерге қарағанда организм жоғарғы титрлi антиденелердiң пайда болуымен сипатталады.(8).
Вакцинациядан кейнгi иммунитетке баға беру үшiн кешендi және жеке түрде бактерияға қарсы биотехнология лабораториясында пастереллездiк және лептоспироздың антигентерге қатысты үй қояндарындағы антиденелердiң пайда болуы зерттеліндi.
С.С.Яковлеваның мәлметтерi бойынша қазірi уақытта пастереллез Орталық, Солтүстiк және Оңтүстiк Америкада, Азия және Еуропада, Индияда, Пәкiстан, Иран, Ирак, Камерун, Лаос, Филиппин, Индонезия, Вьетнам, Оңтүстiк Корея, Таиландта тiркелiп отыр. Еуропада пастереллез Италия, Польша, Румыния, Венгрия, Россия, Украинада кездессе, Азияда - Қырғызстан, Түркмения, Қазақстанда тiркелген. Жұқпалы ауруларға қатысты сәтсiз аймақтар күннен күнге көбейiп отыр. Соның iшiнде пастереллез (Ресейде) құстардың колибактериозы мен сальмонеллезiнен кейiн үшiншi орында тұр.
А.А.Сұлтановтың 1995 жылғы мәлметтерi бойынша Қазақстан Республикасында құстар пастереллезi сәтсiз аймақ санына қатысты бактериялық инфекциялар арасында 1-ш орында, ал өзге жануарлар арасында: iрi қаралардың арасында 2-шi, ұсақ мал арасында 7-шi орын, шошқаларда 3-шi, жылғыларда 4-шi, түйелерде 5-шi орынды иеленiп тұр.
Сонау 1991 жылы Р. Н. Коровин бактериялық аурулар арсына аз қамтылған тауықтардың кмпилобактериозын және жақсы талқыланған, бiрақ қауiптiлiгi жоғары құстар сальмонеллезi, колибактериозi және пастереллездi жатқызды.
ВОЗ мәлметтерi бойынша (1985) пастереллез зооноздарды III және IV қауiптi тобына жатқызылды. Сондықтан пастереллездi сальмонеллез секiлдi жалпы биологиялық және экологиялық проблема ретiнде қарастырады. Ауру қоздырғышы септикалық әсер ететiн болса, ал аурудың өзi септицемиялық түрде өтетiнi белгiлi.(11).
Әр түрлi жылдары құс пастереллезiнiң көптеп таралуы туралы В. П. Сизов (1994), В. И. Ежов (1995), А. А. Әскеров (1991), Н. М. Никифорова (1992), П. Ф. Цимох (1996), Е. И. Буткин (1993), Е. М. Кожевников (1990), В. И. Зюбан (1996), Г. Г. Касьян, Г. П. Бородай (1999), Е. И. Иванова (1996), А. Н. Борисенкова (1992) және т. б. кеңiнен талқылады.

II. Шаруашылықты аурудан сақтандырудың күнтізбелік жоспары.

1. Көлқамыс шаруа қожалығы. Тексеру 18.08.13 ж. Жүргізілді.
2. Комиссия құрамы: Қаратөбе аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі М.Сенгалиев, шаруашылықтың мал дәрігері Д.Ашимов, мал дәрігерлік инспектор Р.Сұлтангереев, шаруашылық төрағасы К.Есболов, малшы Е.Жакашов.
3. Шаруа қожалығында 700 шошқа, соның ішінде 600 басы ұрғашы, 100 еркегі. Барлық шошқалар да 5-8 жастағы, және де 900 қой, 100 жылқы болды.
4. Шошқаға деген күтім қанағаттаранарлық. өсіру дәрежесі орта шама.
5. Шошқаны күніне 3 мезгіл құнарлы азықтармен азықтандырады, жаз мезгілінде ауыл маңындағы бөгеттерден, ал қыста құдықтан суарады.Жем шөппен толықтай қамтамасыз етілген.
6. Шаруа қожалық басқа шаруашылықтардан әкелінген шошқалардан тұрады, өзге шаруашылық шошқалармен ортақ жайылымдарда жайылып және бір құдық , бөгеттерден суарылады.
7. Қожалық емхана, оқшаухана, қасапхана, мал молалары, дезинфекциялық кедергілерімен жабдықталған.
8. Көлқамыс шаруашылығында соңғы екі жыл бойы инфекциялық аурудан таза деп саналып келді. Бұған дейін үш жыл қатарынан шошқаның патерелезі тіркелінген.
9. Инфекциялық аурудың пайда болу ерекшелігіне сипаттама:
Биыл шошқаны сойған кезде пастерелездің белігілері байқалды Аурудың алғашқы байқалған уақытты 14.08.13.ж. Ауруға шошқа шалдықты.
Диагнозды індеттанулық, патологиялық - анатомиялық тексеру нәтежесінде 14.08.1I.ж. мал дәрігер Д.Ашимов. қойды.
Қоздырғыш басқа шаруашылықтан әкелінген шошқа арқылы жұққан.
Шошқаны сою кезінде ауруды анықтап, ешқандай өлім - жетім болған жоқ.
Диогнозын тапқан соң ауру мен ауруға күдікті шошқаларды оңашалайды және емдейді. Ферманың қораларын дезинфекция жасайды. Қауіп төнген табынның шошқаларын преципитирлеген формолвакцинамен, шала сұйық гидрооксиалюминді АЗНИВИ формолвакцина немесе эмульгирленген пастереллезге қарсы ГНКИ вакцинасын имундайды.
Қортынды: Диагнозды дер кезінде қойылуы және дәлдігі қоздырушылардың ену жолдарын жойғаннан кейін эпизоотияға қарсы шаралардың нәтежесі нәтежелі болып, ауырған шошқаны аман алып қалып, аурудың басқа шошқаларға таралмауына жол бермедік.
Ұсыныстар: Пастерелезды болдырмау үшін басқа жақтан тек қана сау шаруашылықтардан жақсы нәтиже берген жағдайда ғана әкелуге болады. Барлық жанадан келген шошқаны 30 күн карантинге ұсатп, пастарелезге тексеріледі. Жоспарлы түрде пастарелезге шошқаны, кемірушілерді аулап тексеру, ашық су қоймаларын бактериологиялық тексеру керек. Батпақ жерлерді құрғатып тұру керек.
III. Аурудан таза емес шаруашылықтағы ауруды жоюға бағытталған күнтізбелік жоспары:

Келісілді Бекітемін
Казталовка ауданының ШК КөлқамысБас Мемл. Вет инспекторы
М. Сенгалиев төрағасы К.Есболов
Батыс Қазақстан облысы 12 мамыр 2013 ж
11 мамыр 2013 ж.

_______________________Көлқамыс____ ______________________
(шаруашылық аты)

Шошқа Пастерелезі___________________
(аурудың аты)

Жою шараларын өткізудің
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

№ рб
Шаралар
Орындау мерзімі
Жауаптылар
Ескерту
1
Шошқаны клиникалық тексеру
13-мамыр
Мал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Паратуберкулез
Қой бруцеллезі
Туляремияның
«Шошқаның тілме ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Листериозды балау, дауалау шаралары
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Торайлардың ауески ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары
Шошқа тілмесі кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер
Аурудың қоздырушысы және төзімділігі
Пәндер