Ветеринарияда микроэлементтерді қолдану



Мазмұны
Реттік саны Бет нөмірі
I. Кіріспе 3
II. Әдебиетке шолу 4
III. Негізгі бөлім 6
3.1. Заттардың алмасуы туралы ғылым 6
3.2. Азықтың және мал организмінің химиялық құрамы 7
3.3. Азықтың негізгі қоректілік заттары және олардың маңызы 10
3.4. Ағзадағы микроэлементтердің орналасу мөлшері және беретін қасиеттері 11
3.5. Дәрілік препараттардың ағзаға тигізетін әсерлері 18
IV. Қорытынды 21
V. Пайдаланылған әдебиеттер 22
Кіріспе
Әр түрлі ағзалар жасушасының өзіне тән өзгешеліктері болғанымен, олар құрамындағы химиялық элементтер сипаты жағынан ұқсас келеді. Жалпы жасуша құрамында Д.И.Менделеев таблицасының 70 элементі кездескенімен, тірі организмдерде олардың 24 тұрақты түрде ұшырасады. Жасуша құрамында 62% шамасында оттегі, 20% шамасында көміртегі, 10% шамасында сутегі және 3% шамасында азот болады. Оттеті мен сутегі су мен органикалық заттар құрамына енсе, көміртегі — органикалық заттар негізін құрайды. Азот амин қышқылдарының, белоктардың, нуклеин қышқылдарының, АТФ-ның, гемоглобиннің, көптеген ферменттер мен дәрумендердің құрамына енеді.
Жасуша құрамында 2,5% шамасында кальций, 1% шамасында фосфор кездеседі. Кальций сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің құрамына енеді, қанның ұю процесін, ет талшықтарының жиырылуын жандандырады, жасуша мембранасының өтімділігін реттейді. Фосфор да сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің, нуклеин қышқылдарының АТФ-тың, кейбір ферменттердің құрамы на енеді.
Микроэлементтер организмнің өсіп даму процесін реттеуде, оның түрлі дерттерге төзімділігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Дегенмен, әр микроэлемент белгілі бір қызмет атқарады.
Ағзадағы минералды заттардың жалпы мөлшері онша көп емес, дене массасының 3,5-4 пайызы шамасында. Олар ағзада жинақ-талған мөлшеріне қарай макро, микро- және ультра элементтер болып бөлінеді. Физиологиялық маңызы жоғарыда баяндалып өткен химиялық заттар макроэлементтерді құрайды. Микроэлементтер денеде өте аз мөлшерде (103-105 пайыз) кездеседі. Оларға темір, мыс, кобальт, марганец, мырыш, йод, бром, фтор, никель жатады. Ультраэлементтердің (алтын, күміс, селен, радиоактивті элементтер) денеде нышаны ғана болады (106 пайыз және одан да аз).
Курстық жұмыстың мақсаты- Фармакология пәнінен алынған білімімді тереңдету. Ветеринарлық микроэлементтердің қолданылуы туралы терең білім алу.
Курстық жұмыстың міндеттері- берілген мақсатқа жету барысында келесі міндеттер атқарылады:
 Микроэлементтердің ағзадағы рөлін бағалау;
 Ветеринарлық микроэлементтердің химилық құрамын бағалау шаралары.
V. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Легошин Г.П., Обухов Л.С. /Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий/ – 2009ж. - 17-20 б.
2. Наурызбаев И.Б. /Мал қорасының гигиенасы/ И.Б.Наурызбаев, Алматы.: Қайнар 1985ж. -170 б.
3. Шванн Т. /Биохимия сельскохозяйственных животных/-М.: Колос 1984ж.- 452 б.
4. Дмитриева Е. А. /Оценка эффективности применения ингаляций эфирных масел в комплексной терапии внебольничных пневмоний / Е. А. Дмитриева./ Москва.: 2006 ж. -22 б.
5. Томмэн М.Ф., Мартыненко Р.Ф. /Аминокислотный состав кормов /ВИЖ. — М.: Колос 1972. - 288 б.
6. Я.Пуркинье /Биохимия животных/- Киев.: М 1984ж.- 518 б.
7. Құлдыбаев М.М. /Ауыл шаруашылығы микробиологиясы/ М.М. Құлдыбаев- Алматы.: Білім 1994ж.-288 б,
8. Бабенко О. В. /Экстремальное химическое воздействие соединениями тяжелых металлов / О. В. Бабенко, В. И. Агапов, М. М. Авхименко/ Мед. помощь. 2000 ж. 35–39 б.
9. Гичев Ю. П. /Загрязнение окружающей среды и здоровье человека (печальный опыт России) / Ю. П. Гичев. – Новосибирск.: СО РАМН 2002 ж. -230 б.
10. Сюрин С.А. /Ароматерапия в реабилитации больных хронической обструктивной болезнью легких / С. А. Сюрин, А. А. Деревоедов / – 2005ж. – № 4. –10 – 14 б.
11. Игнатова Г. Л. /Состояние процессов перекисного окисления липидов при хроническом бронхите / Г. Л. Игнатова/ 1998 ж. – Т. 36 б.
12. Измеров Н. Ф. /Медицина труда на пороге XXI века / Н. Ф. Измеров // Медицина труда и пром. экология./ 2000 ж. -1-5 б.
13. Кащенко Г. Ф. /Эфирные масла – аромат здоровья : древний и современный опыты профилактики и лечения заболеваний эфирными маслами / Г. Ф. Кащенко / Симферополь.: 1996 ж. -96 б.
14. Кеңесбаев І. /Фразеологиялық сөздік/, Алматы.: Ғылым 1977 ж.-23 б.
15. Крылов А. А. /Фитотерапия в комплексном лечении заболеваний внутренних органов / А. А. Крылов./ Киев.: 1992 ж. -238 б.
16. Қазақ әдебиеті газеті № 11, 18.03.2005 ж.
17. Мұсақұлов Т., /Орысша-қазақша түсіндірмелі сөздік І-том Қазақ мемлекет баспасы/, Алматы.: 1959 ж.- 607 б.
18. Статья опубликована в журнале /Птицеводство/, №3, 2010 ж. -17 б.
19. Төреханов А. Ә., Ж.К. Каримов, Ш.Д. Даменов, Д.Қ. Найманов, Н.Ә. Жазылбеков /Ірі қара шаруашылығы/ Алматы.: Триумф Т 2006 ж. - 354-368 б.
20. Ходанович Б.В. /Проектирование и строительство животноводческих объектов/Б.В.Ходанович/ Москва.: Агропромиздат 1990 ж. – 228 б.
21. Чечеткин А.В. /Биохимия животных / А.В. Чечеткин/ Москва.: Высшая школа 1982 ж.- 511 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Реттік саны

Бет нөмірі
I.
Кіріспе
3
II.
Әдебиетке шолу
4
III.
Негізгі бөлім
6
3.1.
Заттардың алмасуы туралы ғылым
6
3.2.
Азықтың және мал организмінің химиялық құрамы
7
3.3.
Азықтың негізгі қоректілік заттары және олардың маңызы
10
3.4.
Ағзадағы микроэлементтердің орналасу мөлшері және беретін қасиеттері
11
3.5.
Дәрілік препараттардың ағзаға тигізетін әсерлері
18
IV.
Қорытынды
21
V.
Пайдаланылған әдебиеттер
22

Кіріспе
Әр түрлі ағзалар жасушасының өзіне тән өзгешеліктері болғанымен, олар құрамындағы химиялық элементтер сипаты жағынан ұқсас келеді. Жалпы жасуша құрамында Д.И.Менделеев таблицасының 70 элементі кездескенімен, тірі организмдерде олардың 24 тұрақты түрде ұшырасады. Жасуша құрамында 62% шамасында оттегі, 20% шамасында көміртегі, 10% шамасында сутегі және 3% шамасында азот болады. Оттеті мен сутегі су мен органикалық заттар құрамына енсе, көміртегі -- органикалық заттар негізін құрайды. Азот амин қышқылдарының, белоктардың, нуклеин қышқылдарының, АТФ-ның, гемоглобиннің, көптеген ферменттер мен дәрумендердің құрамына енеді.
Жасуша құрамында 2,5% шамасында кальций, 1% шамасында фосфор кездеседі. Кальций сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің құрамына енеді, қанның ұю процесін, ет талшықтарының жиырылуын жандандырады, жасуша мембранасының өтімділігін реттейді. Фосфор да сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің, нуклеин қышқылдарының АТФ-тың, кейбір ферменттердің құрамы на енеді.
Микроэлементтер организмнің өсіп даму процесін реттеуде, оның түрлі дерттерге төзімділігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Дегенмен, әр микроэлемент белгілі бір қызмет атқарады.
Ағзадағы минералды заттардың жалпы мөлшері онша көп емес, дене массасының 3,5-4 пайызы шамасында. Олар ағзада жинақ-талған мөлшеріне қарай макро, микро- және ультра элементтер болып бөлінеді. Физиологиялық маңызы жоғарыда баяндалып өткен химиялық заттар макроэлементтерді құрайды. Микроэлементтер денеде өте аз мөлшерде (103-105 пайыз) кездеседі. Оларға темір, мыс, кобальт, марганец, мырыш, йод, бром, фтор, никель жатады. Ультраэлементтердің (алтын, күміс, селен, радиоактивті элементтер) денеде нышаны ғана болады (106 пайыз және одан да аз).
Курстық жұмыстың мақсаты- Фармакология пәнінен алынған білімімді тереңдету. Ветеринарлық микроэлементтердің қолданылуы туралы терең білім алу.
Курстық жұмыстың міндеттері- берілген мақсатқа жету барысында келесі міндеттер атқарылады:
Микроэлементтердің ағзадағы рөлін бағалау;
Ветеринарлық микроэлементтердің химилық құрамын бағалау шаралары.

II. Әдебиетке шолу
Ғалымдар Г.П.Легошин және Л.С.Обуховтардың [1] ірі қараны зерттегенде белок алмасуының биохимиялық көрсеткіштеріне мән берген. Оған: жалпы белок, азот амины, иодтың белокпен байланысы, альбуминдер, глобулиндер, азот қалдығының белокпен қатынасы жатады. Осылардың 4-6 көрсеткіштерін ескеріп сұрыптағанда үлкен нәтижеген жеткен. Сонымен селекцияның болжау нәтижесі сүт өнімінен 3-4 рет есе жоғарылауына себеп болған. Әрине бұл тәсіл шығу тегі бойынша сұрыптаудан көбінесе дәлірек, әрі зор сенім туғызады.
Жануарлардың ет өнімділігін арттыруға және етінің сапасын жақсартуға бағытталған азықтандыру өсіру мен бордақылаудың барлық кезеңдерінде олардың жақсы жетілуін қамтамасыз етуі тиіс.
И.Б.Наурызбаевтың [2] деректері бойынша микроклиматқа зоогигиеналық бақылау жасайтын приборларға күннің көзі, қораның суығы, желдеткіш қондырғыларының суық ауасы әсер етпеуі керек.
Ағзадағы минералды заттардың жалпы мөлшері онша көп емес, дене массасының 3,5-4 пайызы шамасында. Олар организмде жинақталған мөлшеріне қарай макро, микро- және ультра элементтер болып бөлінеді. Физиологиялық маңызы жоғарыда баяндалып өткен химиялық заттар макроэлементтерді құрайды. Микроэлементтер денеде өте аз мөлшерде (103-105 пайыз) кездеседі. Оларға темір, мыс, кобальт, марганец, мырыш, йод, бром, фтор, никель жатады. Ультраэлементтердің (алтын, күміс, селен, радиоактивті элементтер) денеде нышаны ғана болады (106 пайыз және одан да аз) .
Неміс зоологы Т.Шванн [3] Жануарлар мен өсімдіктер құрылымы мен өсуіндегі үйлестік жайлы микроскопиялық зерттеулер жайлы деген кітабын жариялап, торша жайлы жинақталған мағлұматтарды қорытындылады да, тіршіліктің көзі торша деген тұжырым жасады. Т.Шванн ұсынған торшалық теория мына үш қағиданы негіздеген:
1.Өсімдіктер организмі де, жануарлар организмі де торшалардан құралады.
2.Өсімдіктер мен жануарлар торшалары бірдей заңдылықпен дамиды және де бір-біріне құрылысы мен қызметі жағынан ұқсас болады.
3.Әрбір торшаға өзіндік тіршілік тән болады.
Е. А. Дмитриева [4] санатория тәжiрибесiне кең енгiзу үшiн толық емес ремиссиядағы Хобды Ақтау комплекстi программасы жасалды. Оның негiзiне В.В.Николаевский, А.Е.Еременко, А.А.Тихомирова және соавторлардың ұсыныстары бойынша емдiк әдiстерi, процедуралар, аппаратты физиотерапия, массаж және эфир майлары бар ингаляцияларының курстарын жетілдірілген. Дәрi-дәрмекпен терапия (бронхолитиктер, қақырық түсiретiн дәрi-дәрмек және витаминдар) жасалған.
Микроэлементтердiң қолдануының әдiстерi әр түрлi бола алады: тамыр емес жемдеу вегетацияның iшiнде, топыраққа тозаңдандыру немесе сулау және микроэлементтердiң енгiзуi қана егу алдындағы өңдеу жолымен. Өзi тиiмдi және алғашқы екi қабылдаулар экономикалық тиiмдi болып табылады. Өсiмдiктiң бұл екi қабылдауларын қолданулар жолымен 40-100% барлық микроэлементтердi қолданады, бiрақ енгiзу оларды өсiмдiктiң топырағына жанында тек қана бiрнеше пайыздарды сiңiредi, топырақ енгiзiлген микроэлементтен процентасы оныншы еншiлерi тiптi басқа мағнада. Тез ерiгiш тұздардың топырағына енгiзудiң орынсыз көрсеттi
Жоғарыда айтылған ауысымның кроссаның балапандары үшiн қорытынды жасауға болады - тiрiдей массасының жоғарылатуы, орташа тәулiктiк және салыстырмалы өсiмдер үшiн 7 өте ұтымды дозамен және Цамаксаның қолдануын схема, сақталу былайша құстың жемдеуiн 1-шiден 21 күне дейiн негiзгi рационға 4 % препараттың қосымшасы болып табылады .
М.Ф.Томмэнің [5] деректеріне қарағанда мал бордақыланғанда күніне 1000 г қосымша салмақ қосқызу үшін әр кезенде (алғашқы 10-20 күн, негізгі 70-80 күн, ақырғы 30 күн) малдың салмағына қарай (300-500 кг аралығында) 7,4-8,7; 7,4-9,2; 8,4-9,7 азық өлшемі қажет болса, қорытылған протеин 605-740 г; 650-780 г: 690-825 г қажет болады .
ХІХ-ғ.басында торшаның құрылымын жан-жақты зерттеу жұмыстары басталды. Чех ғалымы Я.Пуркинье [6] құстың жұмыртқа торшасында, ал 1831 жылы ағылшын ғалымы Р.Броун өсімдік торшасында ядро болатынын анықтады.
М.М. Құлдыбаевтың еңбегінде [7] микроорганизмдер әлемі өте бай және әр қилы. Олар адам мен жануарлар денесінде және өсімдіктерде, топырақта, суда, ауада мекендеп, қақаған аязды Арктикада, өте ыстық Экватор бойында да, шөл далаларда да тіршілік етеді.
Микроорганизмдердің табиғатта өтіп жататын көптеген құбылыстарға тікелей қатысы бар. Олардың халық шаруашылығына, адам өміріне тигізетін пайдасы да, зияны да мол.
Бұл оқулық ауыл шаруашылығы микробиологиясының теориялық және практикалық мәселелерімен танысатын жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен зерттеушілерге арналған.

III. Негізгі бөлім.
3.1. Заттардың алмасуы туралы ғылым.
Тiршiлiк - заттар мен энергияның үнемi алмасуынан тұрады. Тiптi жеке организмдегi әрбiр клетканың өзiне тән тiршiлiгi бар. Ескiрiп, мезгiл жетiп, тозғандарының орнына жаңа жас клеткалар пайда болып отырады. Сөйтiп ескi мен жаңаның үздiксiз алмасып келуi - бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты заңды құбылыс. Ағза өзiнiң тiршiлiгiне қажеттi заттарды өмiр бойы өзiн қоршаған ортадан алады.
Ағзаға қоректiк заттар үздiксiз келiп отырғанда ғана оның өсуi және клеткаларының жаңарып тұруы мүмкiн. Азықтың қоректiк заттары тiрi дене түзiлетiн пластикалық, яғни құрылыс материалы болып табылады. Онсыз ағзада жойылып кеткен клеткалардың орнына жаңа клеткалар пайда болмайды. Дүниедегi тiрi организмнiң бәрi де қоректену арқылы тiршiлiк етедi.
Ағзаның жаңа клеткаларын түзу, оларды ұдайы жаңартып отыру және iшкi органдардың iс-әрекетi мен малдың жұмыс iстеуiне, қозғалуына энергия керек. Ағза бұл энергияны заттар алмасу үрдісiнiң нәтижесiнде өз клеткаларындағы заттардың ыдырауынан алады. Сөйтiп малдың жемшөп арқылы қабылдаған қоректiк заты тек пластикалық құрылыс материалы ғана болып қоймайды, сонымен қатар тiршiлiкке қажеттi энергияның да көзi болып табылады.[8]
Ағзада тоқтаусыз жүрiп жататын энергия шығыны мен оның орнын толықтыру процесi зат алмасуы деп аталады. Заттардың алмасуы дегенде азықтың ас қорыту жолына түсу кезеңiнен бастап, ағзамен шығарылып тасталғанға дейiнгi болатын түрлi өзгерiстердiң жиынтығын түсiнедi. Заттардың алмасуы екi бiрдей үрдістiң - ассимиляция мен диссимиляцияның бiрлiгi болып табылады. Ассимиляция - организмге сыртқы ортадан енген басқа заттардан оның клеткаларында өзiне тән заттардың түзiлуi. Ассимиляция процесiнiң нәтижесiнде қорытылған азық ферменттердiң қатысуымен химиялық өзгерiстерге ұшырайды және организмге қажеттi заттарға айналады. Диссимиляция - ассимиляцияға қарама-қарсы процесс. Ол ағза клеткаларындағы органикалық қосылыстардың ыдырауы мен тотығуы. Диссимиляция кезiнде тозып, ескiрген клеткалар мен торшалар бұзылып, қарапайым химиялық қосылыстарға айналады. Ыдырау өнiмдерiнiң бiр бөлiгiн организм қайта пайдаланады, ал пайдаланбағандары сыртқа шығарылып тасталады. Диссимиляция кезiнде энергия босап шығады. Мiне, осы энергия организмнiң тiршiлiк әрекетi үшiн жұмсалады.
Сөйтiп, мал ағзасында болатын тiршiлiк әрекеттердiң, зат алмасу үрдісінің әсерiмен кемiген заттардың орны азық арқылы толықтырылып, олардың химиялық құрамы қажеттi бiр мөлшерде үнемi сақталатын болады. Мұнсыз малдың денсаулығы бұзылып, қалыпты өмiр сүре алмайды. Егер ағза қажеттi мөлшерде қорек ала алмаса, яғни организмде қажеттi заттар жеткiлiксiз болса, мұның өзi организмнiң әлсiреуiне, өнiмдiлiгiнiң төмендеуiне әкелiп соғады. Сайып келгенде малдың денсаулығын күшейтiп, өнiмдiлiгiн арттыру азықтандыруға тiкелей байланысты. Сондықтан малды дұрыс азықтандыру, рационда организмге қажеттi қоректiк заттардың болу мөлшерiн қадағалап отыру - мал санын көбейтiп, өнiмдерiн молайтуда шешушi роль атқарады. [9]

3.2. Азықтың және мал организмiнiң химиялық құрамы.
Табиғатта кездесетiн қайсыбiр зат, қайсыбiр өнiм болмасын, олар химиялық элементтердiң қосылыстарынан тұрады. Күнделiктi көрiп, пайдаланып жүрген жемшөп пен мал өнiмдерi де осы химиялық элементтердiң күрделi қосылысы. Өсiмдiк пен жануарлар ағзадан 50-ден астам химиялық элемент кездеседi. Соның iшiнде 18-i тiршiлiк үшiн өте қажет. Ал 6 элемент: көмiртегi, оттегi, сутегi, азот, кальций және фосфор өсiмдiк пен мал организмiнiң негiзгi бөлiгiн (98,5 пайыз) құрайды.
Қалған элементтердiң мөлшерi 1,5% ғана, бiрақ соған қарамастан олардың өсiмдiк пен жануарлар ағзасында атқаратын рөлі өте үлкен. Мысалы: темiр, мыс қанның қызыл түйiршiгiн (гемоглобиндi) түзуге қатысса, ал басқа микроэлементтер мал ағзасында биохимиялық процестердi жүргiзетiн арнаулы ақуыздар, ферменттердiң, дәрумендердің және гормондардың құрамына кiредi.[10]
Өсiмдiк пен жануарлар ағзасында көмiртегi, оттегi, сутегi, азот, кальций, фосфор т.б. элементтердiң күрделi қосылысынан қоректiк заттар - ақуыз, көмірқышқыл, май түзiледi. Бұл заттардың үлес салмағы өсiмдiкте және жануарлар денесiнде әр түрлi (1 кесте).

1- кесте
Жемшөптiң және мал ағзасында жалпы химиялық құрамы (%)
Заттар

Өсiмдiк
Мал

Шабындық пiшен
Азықтық қызылша
Арпа
Күнбағыс күнжарасы
Жартылай бордақылан-ған өгiз
Қондылғы орташа өгіз
Семiз шошқа
Жаңа туған бұзау
Су
14
88
14
9
56
54
44
73
Белок
10
1
9
36
18
19
13
18
Май
3
0
2
11
20
22
39
4
Көмірқышқыл:
а) Азотсыз экстрактивтi
заттар
б) Клетчатка

41
26

9
1

68
4

23
14

1
-

1
-

1
-

1
-
Күл
6
1
3
7
5
4
3
4

ЕСКЕРТУ: Көмірсулар үлес салмағы мал ағзасында 1%-тен
аз, сондықтан олардың мөлшерi әдетте көрсетiлмейдi.

Мал ағзасының клеткалары көбiне ақуыздан құралса, өсiмдiктердiкi - клетчатка және басқа көмірқышқылдан тұрады. Қоректiк заттардың қоры өсiмдiктерде крахмал және басқа көмірқышқылдар күйiнде, ал мал ағзасында май күйiнде жинақталады. Әдетте жас малдың ағзасында су көп болады - 73 пайызға дейiн жетедi.
Мал ағзасына қажеттi қоректiк заттардың мөлшерi әр түрлi азықтарда бiрдей болып келмейдi. Сондықтан әр түрлi азықтардың қоректiлiгiн салыстыру үшiн олардың химиялық құрамын бiлу шарт (2 кесте). Ол төменде келтiрiлген схема бойынша анықталады.[11]
2- кесте
Мал ағзасына енетін қоректік заттардың химиялық құрамы
Су
K
Құрғақ заттар
Органикалыј заттар
Белок
Минералдық заттар
Азотты заттар
(протеин)
Амидтер
Май
Азотсыз заттар
Углеводтар
Клетчатка
Азотсыз экстрактивтi заттар
Басқа азотсыз экстрактивтi заттар
қант
Крахмал
Амин қышқылдары
Fe
Cl
S
Mq
Ca
P
т.б.
Si

Қандай да болмасын бiр азықтың азғантай мөлшерiн 100-1050С температурада өзiнiң тұрақты салмағына дейiн кептiру арқылы (арнайы жасалған кептiру шкафтарында) оның құрамына кiретiн су мен құрғақ заттың мөлшерi анықталады.
Өсiмдiкте су байланған және бос күйiнде кездеседi. Өсiмдiк клеткаларына келген су протоплазмадағы органикалық заттармен тез араласып, байланыс жасайды. Мұны бiз байланған су деймiз. Өсiмдiктiң жапырағын күнге кептiрсек те, бұл су жоғалмайды, ал бос су тез жоғалып буға айналып кетедi. Мұндай байланған суды өсiмдiктi 100-105 градуста кептiргенде ғана ажыратып алуға болады.
Құрғақ зат - органикалық және минералдық заттардан тұрады. Құрғақ затты отқа қыздырғанда жанып кеткен бөлiгiн органикалық, ал жанбай қалған күлiн минералдық заттар дейдi.[12]
Органикалық заттың құрамына азотты (ақуыз) және азотсыз қосылыстар: май, көмірқышқыл сияқты қоректiк заттар, ал ақуздың құрамына мiндеттi түрде және белгiлi бiр дәрежеде азот кiредi. Сондықтан лаборатория жағдайында әр түрлi азықтағы ақуыздың мөлшерi бiлу үшiн алдымен "Кьельдалдың" әдiсi бойынша олардағы азоттың мөлшерiн анықтайды, онан шыққан санды ақуызда орта есеппен 16 процент (100:16-6,25) азот бар екенiн ескере отырып 6,25-ке көбейтедi. Мәселен, жүгерi сүрлемiнiң құрамында 0,32 пайыз азот болды делiк. Сонда 0,32- нi 6,25-ке көбейтемiз де, 100г сүрлемде 2,0% (немесе грамм) қорытылмаған "шикi" протеин бар екенiң анықтаймыз.

3.3. Азықтың негiзгi қоректiк заттары және олардың маңызы.
Мал азығының құрамына кiретiн қоректiк заттар өздерiнiң қасиетiне қарай әр түрлi болып келедi. Ғылыми тұрғыдан олар химиялық қасиетi мен биологиялық ролiнiң ұқсастығына қарай топтастырылып зерттеледi. Сол қоректiк заттардың топтарына мыналар жатады: ақуыздар (протеиндер), майлар, көмірқыщқылдары (органикалық заттың басым көпшiлiгi осы үшеуiнiң үлесiне тиедi), минералдық элементтер мен витаминдер.
Ақуыздар (протеиндер). Азықтың азотты қосылыстары протеин деп аталады. Протеин екi топтан - құрамы жағынан өте күрделі қосылыс - белоктардан және ең қарапайым азотты заттардан амидтерден құралады.
Ақуыз - күрделі молекулалы азотты органикалық қоректік зат. Мал ағзасы, өнімі жемшөп ақуызынан түзіліп, құралады. Әрбір тірі клетканың құрамы ақуыз жиынтығынан тұрады. Атап айтқанда, ол тірі протоплазманың негізгі болып саналады. Ф.Энгельстің "Белок жоқ жерде тіршілік жоқ" деген тұжырымды сөзі осының айғағы. Әрине, әрбір организмнің тіршілік етуі үшін белоктан басқа да заттар: су, минералдық тұздар, көмірқышқылдар, май, майға ұқсас заттар, дәрумендер тағы басқа заттар керек. Дегенмен, ағзадағы барлық үрдістері мен құбылыстарға араласып, шешуші рөл атқаратын ақуыз және оның туындылары, сондықтан оларды негізгі тіршілік арқауы деп атайды.
Құрамында ақуызы бар қоректік заттардың орнын ақуызы жоқ басқа қоректік заттар баса алмайды, өйткені ол бүкіл ағзаны құрайтын жаңа клеткалар мен тканьдер және малдың өнімін құрауға жұмсалатын бірден-бір маңызды органикалық қосылыс.[13]
Құрғақ затқа шаққанда ақуыздың элементарлық құрамы төмендегідей (пайыз есебімен):
Көміртегі - 50,6-54,5
Оттегі - 21,5-23,5
Сутегі - 6,5-7,3
Азот - 15,0-17,6
Күкірт - 0,3-2,5
Фосфор - 0,4-0,9
Мал ағзасында атқаратын рөлі, маңызы жағынан амин қышқылдары екі топқа бөлінеді:
Бірінші топ Екінші топ
Глицин Лизин
Серин Метионин
Аланин Триптофан
Цистин Лейцин
Пролин Изолейцин
Тирозин Феналаланин
Цитрулин Треонин
Аспарагин қышқылы Валин

3.4. Ағзадағы микроэлементтердің орналасу мөлшері және беретін қасиеттері.
Дене органдары мен ұлпалары күлінің құрамында 60-тан астам минералды элементтер анықталған, солардың 45-і тұрақты түрде кездеседі.
Денедегі мөлшеріне қарай минералды тұздар макро-,микро-және ультрамикроэлементтер болып бөлінеді. Макроэлементтер едәуір көп мөлшерде кездеседі, оларға Na, K, Ca, Mg, S элементтер жатады.
Микроэлементтер денеде өте аз мөлшерде (10-3-10-5%) кездеседі. Оларға Fe, Cu, Co, Mg, Zn, I, Br, F, Ni жатады. Ультрамикроэлементтердің (алтын, күміс, селен, радиоактивті элементтер) денеде ізі ғана болады (10-6 және одан төмен).
Na - негізінен биологиялық сұйыктар құрамында кездеседі де, қан мен лимфаның осмостық қысымын реттеуде маңызды рөл атқарады.
К - жүректің қалыпты қызмет атқару үшін қажет.
Cl - денеде N және К байланыста болады, оның иондары көптеген ферменттік процестердің жүруін қамтамасыз етеді, бұлшық ет пен жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетіп, торша қабығының өткізгіштігін азайтады, қызметін реттеуге қатысып, қанның ұюында ерекше рөл атқарады.
Р - аралық зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады.
Ол көмірсулар алмасуындағы фосфорлану процесіне, ет жиырылуын қамтамасыз ететін биохимиялық әрекеттерге қатысады.
Mg - торша ішінде жинақталатын катион. Ол митохондриялар да болады да, тотықтырғыш фосфорлану процесінің маңызды белсендіргіші болып табылады.
S - организмге белок құрамында келеді. Ол ағзада ақуызды заттар - креатин, муцин, мукоидтар, липтонин, цистин, цистеин амин қышқылдары, көптеген биологиялық белсенді заттар (глютатион, инсулин, питуитрин, кофермент - А мен белок тектес гормондар), таурин мен оның туындылары және басқа органикалық заттар құрамында кездеседі. Күкірт ағзада күкірт қышқылын түзіп, тоқ ішекте түзілетін уытты заттарды залалсыздандыру үрдісіне қатысады.[14]
Микроэлементтер - ағзаның өсуі, даму үрдісін реттеуде оның әртүрлі ауруларға төзімділігін қалыптастыруда, мал өнімділгін арттыруда үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезде мына төмендегі микроэлементтердің биологиялық маңызы толығырақ зерттелген.
Fe - организмге азық құрамында бейорганикалық қосылыс түрінде түседі. Ол денеге гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу - тотықсыздану ферменттері - пероксидаза, оксидазалар, қаталаза мен биологиялық тотығу процесін жүргізетін цитохромдық ферменттер құрамында кездеседі.
Cu - барлық органдар құрамында кездеседі, бірақ оның ең көп мөлшері бауырда жинақталады. Мыс гемокупреин түрінле эритроциттердің құрамында болады, кейбір тотығу - тотықсыздандыру ферменттерінің құрамына кіргендіктен, ол ұлпалық тыныс процестерінде маңызды рөл атқарады.
Со - В12 дәрумендерінің құрамына енетіндіктен қан түзу процесінде маңызды рөл атқарады. Кобальт организмдегі ферменттік процестерге, зат алмасу қарқынына, өсу, даму процестеріне жағымды әсер етеді, жүректің, ас қорыту ағзаларының, жүйке жүйесінің, ішкі секреция бездерінің, сұйек кемгінің қызметін жақсартады.
Mg - дененің барлық органдары мен ұлпаларының құрамында кездеседі, бірақ сүйекте, бауырда, бүйректе, ұйқы безінде, гипофизде ол көбірек жинақталады. Бұл элемент белоктарды ыдырататын ферменттердің құрамына енеді, кейбір тотығу-тотықсыздану ферменттерінің белсенділігіне ықпал етеді, белоктың, көмірсудың, майдың амласуын жандандырады. Ол организмнің өсіп-дамуына қанның түзілуіне, сүйектің жетілуіне жағымды ықпал жасайды.
Zn - барлық ұлпаларда кездеседі, карбоангидраза мен алкогольдегидроазаның, инсулиннің құрамына енеді, ақуыздар мен көмірсулар алмасуын жандандырады. Мырыш тұздары гипофиз, ұйқы және жыныс бездері гормондарының белсенділігін арттырып, зат алмасу процесіне әсер етеді.
I - зат алмасу мен өсу процстерін күшейтетін қалқанша без гормондарының құрамында болады, ол жетіспесе жемсау (зоб) ауруы өршиді.
Br - гипофиз гормондарының құрамында кездеседі, үлкен ми жарты шарлары торшаларындағы қозу және тежелу процестерінің туындауын реттейді.
F - сүйек пен тіс кіреукесінде болады. Ол көптеген ферменттердің әрекетін әлсіретіп, зат алмасу процесін баяулатады, қан құрамынадағы Са мен Р ара қатынасына әсер етін, сүйектің қатаюын шапшаңдағыды.
Ni - кейбір ферменттердің белсенділігін күшейтіп, ашу процесін жандандырады.
Күшән (мышьяк) - торшалардың ферменттік жүйесіне әсер ету арқылы тотығу процестерін тежеп, синтездік процестерді күшейтеді.
Су мен тұздардың алмасуын реттейтін орталықта гипоталамуста орналасқан. Аталған орталыққа денедегі су мөлшерінің ауытқуларын төрт түрлі рецепторлар хабарлап тұрады. [15]
Хром (Cr, Chromium) - өсімдіктер мен жануарлардың қаптамасының құрамына кіретін биогенді элемент болып табылады. Жануарларда хром липид, нәруыз, көмірсутектің алмасу процестеріне қатысады. Азық мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық белсенді заттар және олардың қауіпсіздігі
Биологиялық препараттарды тасмалду кезіндегі ветеринариялық бақылау
Антиботиктердің тиімді әсері
Аналық без аурулары
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Ветеринариялық мақсаттағы биопрепараттар мен диагностикалық заттарға қатысты заңнамалық қағидалар
Биологиялық препараттарға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері жайлы
Мыңгүлді кермек (l. myrianthum) тамырының сапалық талдауы
Пәндер