Пастереллез


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Жұқпалы емес аурулар және
морфология» кафедрасы
«Фармакология» пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Пастереллез
Орындаған: ВМ-31 топ студенті
Тексерген: оқытушы
Орал, 2013 ж.
Жоспар
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Әдебиетке шолу . . . 5
ІІІ Негізгі бөлім . . . 8
3. 1. Ауруға жалпы сипаттама . . . 8
3. 2 Эпикриз . . . 10
3. 3. Пастереллездің өту барысы және клиникалық белгілері . . . 12
3. 4 Пастереллез ауруының алдын - алу шараларының
ветеринарлық ережесі . . . 16
3. 5 Жарып - сою хаттамасы . . . 20
3. 6 Жолхат . . . 22
IV. Қорытынды . . . 23
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 24
VІ. Қосымшалар . . . 25
Кіріспе
Пастереллез - мал мен кейбір жабайы жануарлар қаның қағындыратын Pasteurella микробтары тудыратын жұқпалы жіті жүру. Бұл індет ерте заманнан белгілі болғанымен, оның жұқпалы екендігін өткен ғасырдың аяғында 1880 жылы Луи Пастер дәлелдеді. Бұл ғалым осы ауруға шалдыққан тауықтарды зерттеп, олардың денесінен бөліп алынған микробтарды бірінші болып жасанды қоректе өсірді. Сондықтан Пастердің құрметіне себіндіде өсірген ауру қоздырғышы пастерелла деп, ал ауру пастереллез деп аталып кеткен. Аурудың аса бір көрнекті белгілері өкпенің фибринді қабынуы, тері асты шел мен ет аралық шелдің көлемді домбығуы, кілегей қабық пен сірі қабықтарда көптеген қанталаулар, сондықтан да пастереллезді геморрагиялық септицемия дейді.
Пастереллез ауруына ірі қара, шошқа, қой, үй қояны, құстар және жабайы өгіздер, ешкілер, шошқалар, бұғылар, бұландар, ақбөкендер, киіктер шалдығады. Ауру жас малға және ересек малға бірдей қауіпті, дегенмен ауруға тән белгілер айрықша ересек малда кездеседі. Пастереллалар тыныс жолдарының, ас қорыту жүйесінің кілегей қабықтарын үнемі мекендейді. Организмде резистентіліктің әлсіреуі кезінде санитарлық жағдайлар сақталмағандықтан, суыққа шалдығудың, шаршап - қалжыраудың, аштыққа ұшыраудың, жем шөпте витаминдердің жетіспеуі салдарынан, тағы басқа стресс себептер әсерінен микробтардың патогендігі күшейіп, олар ауру тудырады.
Пастереллез жиі негізгі зардапты асқындырады, мысалы а витоминоздарды, жүдеуді және әр түрлі індетті ауруларды - шошқа обасы, торайлар тұмауы, етқоректілер обасы тағы басқалар. Адамдарға жұғу ықтималдығы да өте жоғары. Бiрақ адамдарға жұғу фактiлерi мен оның клиникалық көрiнiсi әлi толық зерттелмеген. Түбегейлi жiктелуi, дифференциалдық диагноз қою белгiлерi де жоққа тән. Көп жағдайларда бұл ауруға шалдыққандар өлiмге ұшырап жатады.
Пастереллез - ұлпаны зақымдайтындықтан ол емге ырық бере қоймайды. Әсiресе, бұл ауруды антибиотиктермен емдеу нәтиже бере бермейдi. Аурудың жануарлар арқылы адамға жұғуы әбден мүмкiн. Мәселен, өлген жануар денесiн ұстаған адам пастереллез жұқтырып алуы ықтимал. Бұл iндет сирек тарайды. Жануарлардан жұғатын болғандықтан халқымыз бұрынырақта бұл ауруды да оба деп атаған.
Аурудың негізгі көзі - сырқат жануар мен . Адамдар инфекцияны ауру малды, құсты сойып, етін жіліктегенде, оны тазалап, өндеу кезінде, сонымен қатар ауру малдың тырнап, тістеуінен де жұқыруы мүмкін. Пастереллездің жасырын кезеңі 1 - 7 күн. Клиникалық айқындалуына сәйкес пастереллезді 3 топқа бөлуге болады. Терілік түрі (көп таралған түрі ), әртүрлі ауру малдың тырнап, тістеуі нәтижесінде таралады. Ауру қабыну түрінде басталады ( ісіну, қызыару) және денеде субфебрилдік қызу ( 37, 1 ден 37, 6), айқын токсикалық синдром және қан кернеуі, дененің қызаруы байқалады; - септикалық түрі дене қызуымен буындардың қабынумен сипатталады. Адам денесінде полиморфтық бөртпелер пайда болуы мүмкін.
Өкпенің қабынуы пневмония, эмиема клиникасына ұқсайды; - жасырын түрінде симтоматикалық белгілері білінбей өтеді. Жалпы алғанда ауру болжамы жайлы, бірақ нерв жүйесі, бүйрек үсті бездерінің тапшылығы анықталған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Пастереллездің алдын- алудағы негізгі және ұтымды тәсіл - жануарларды вакцинациялау. Эпизоотологиялық жағдайға байланысты медика- санитарлық шаралар жүргізіледі, оның ішінде ең мбастысы - ауыл шаруашылығында жануарлар мен құстарды күтумен, жануарлар өнімдерін өңдеумен айналысатын мекеме жұмысшыларының жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы үнемі қадағалауда болуы керек.
Аурудың манифестирлеушi белгiлерi болып өкпенiң крупозды қабынуы, терiасты және бұлшықетаралық клетчатканың серозды және кiлегей қабықтарында болатын көптеген қан құйылулары бар ауқымды iсiктер табылады ( осы себептерге байланысты бұл ауруды геморрагиялық септицемия немесе гемосептицемия деп аталады ) . Iрi қара, шошқа, қой және құс атаулы жануарлар арасында көптеп таралады.
Сонымен қоса бұғы, марал, жабайы теке, зубр және қабандарда да кездеседi. Түрлi жастағы жануарларды қамтиды, соның iшнде кәрi жануарларда әжептәуiр көрiнiс алады. Осы тұқымдасқа жататын микроорганизмдер әр уақытта асқазан - iшек трактiсiнiң және тыныс алу жолдарынң кiлегей қабықтарында мекен етедi. Организм тұрақтылығы төмендейтiн белгiлi бiр жағдайларда ( азықтандырудың, күтiп бағудың бұрыс болуы, авитаминоздар және тағы басқа стресс факторлар ) олар өздерiнiң патогендiгiн жоғарылата алады. Пастереллез Республиканың эпизоотиялық сәттiлiгiне қатер төндiре отырып шаруашылыққа ауқымды экономикалық шығын әкеледi. Пастереллез профилактикасының қиындығы түрлi жағдайлардағы бар вакцинаның пайдаға асуы соматикалық О-антигенге вакциналық және эпизоотиялық пастерелла штамдарының сәйкес келуiне байланысты. (4)
Жануарлардың инфекциялық патологиясындағы этиологиялық маңыздылық екi түрге бөлнедi: Pasteurella multocida және Pasteurella haemolytica (Mannheimia haemolytica) . P. multocida жануарладың геморрагиялық септицемиясының, сонымен қоса өкпе пастереллезiнiң қоздырушысы болып табылады. Ол вирусты және микоплазмалық этиологияның респираторлық қабынуына әкелiп соқтырады. P. haemolytica iрi қара және барлық жастағы қойларды пневмонияға шалдықтырып, сонымен қоса жаңа туған қошақандарды септицемияға ұшыратады.
Пастереллалардың бұл екi түрi iрi қаралар мен мегежiндерде түсiк тастау кезiнде, iрi қаралар мен қойларда артрит кезiнде, бұзаулар мен қошақандарда артрит және тағы басқа локальдi процестерде байқалады. Пастереллезбен күресу жүйесiндегi ең басты күресу жолы бұл иммунопрофилактика. Қазргi уақытта ветеринарияда вакциналық препараттардың құрамына, өндiру технологиясына, қолдану әдiсiне және әсер етуiне байланысты сан алуан деген түрлер мәлiм болып отыр.
II. Әдебиетке шолу.
Ауру әуелден-ақ белгiлi, бiрақ оның жұғымталдығын 1878 жылы Е. М. Заммер, Пиррончито және Ривольят дәлелдеген болатын. Аталған ауру қоздырғышын 1880 жылы алғаш болып Л. Пастер ашқан. Сол жылы Л. Пастер өлген тауықтардан алынған бактериялар культураларын әлсiздендiруге алғаш тәжiрибе жасап, тауықтарды иммундеудi қолға алды. Ғалымның еңбегiне сүйене отырып ауру қоздырғышын пастерелла деп, ал аурудың атауын пастереллез деп атаған.
(Ауыл шаруашылық жануарларының эпизоотологиясы және инфекциялық аурулары оқулығы мәлметтерi бойынша/ А. А. Конопаткин, И. А. Бакулов, Я. В. Нуйкин и др. ; Под ред. А. А. Конопаткина. -М. : Колос, 1984г. )
И. Я. Глебованың (1965) мәлметтерi бойынша, пастереллез ауруының көптеп таралуына аталып отырған ауру қоздырушыларын алып жүрушiлер себеп болады. И. Я. Глебова ауру жануар денесiнде паразиттi түрде өмiр сүретiн кенелердiң ұзақ уақыт бойы ауру қоздырғышын алып жүрушiлер бола алатындығын дәлелдедi (Ауыл шаруашылық ғылымдарының Вестник журналы «Бастау» №9 2005 ж. )
Н. Г. Сердюк, П. Ф. Цимохтың (1970) жүргiзген тәжiрибелерi нәтижесi көптеген ғалымдар пiкiрлерiне сайма-сай келедi. Өйткенi аталған ғалымдар да пастереллез ауруының туындауына еркiн өмiр сүретiн құстар мен кемiргiштер себеп болады. Құстар мен кемiргiштер пастереллез ауруының негiзгi көзi ретiнде саналып отыр.
1878 жылы Боллингер iрi қара малында пастереллездi сипаттап, Китт (1885) ауру қоздырғышын анықтаған соң 1878-1887 ж. ж. аурудың жұқпалы екендгi дәлелдендi. Тауық (Е. М. Земмер, 1878: Пастер, 1880), үй қоянының (Гафки, 1881), шошқалардың (Лоффлер, 1886), буйволдардың (Греете, 1887) пастереллезiнiң қоздырғышына сипаттама берiлiп, анықталды. Осы жылдары Пастер құстар иммунизациясын iске асырды, алғаш болып бактериялар культурасын әлсiретуге негiзделген тәжiрибесiн iс жүзiнде көрсеттi. Микробиологияда ғалым құрметiне ауру қоздырғышын пастерелла деп, ал аурудың өзiн пастереллез деп атаған (Прудникова С. И. оқулығы бойыша/Ғылыми еңбектер жиынтығы. РАСХНИЛ, ИЭВС және ДВ бөлiмшес-Новосибирск, 1996) .
Грузияның жеке секторында 8 сәтсiз аймақты зерттеген Капиашвили (1987) сальмонеллез, пастереллез, стафилакоккоз, колисептицемия және үйректердiң стрептококкозы қоздырғыштарын анықтаған. Аурудың өту барысы бойынша түрлi түрлер тiркелген, соның iшiнде түгелдей дерлiк жануарлар өлiмге ұшырауы байқалған (С. С. Яковлев. Эпизоотологическая ситуация птицеводства России\\Ветеринария-2000. -№9, - С. 3-4. ) .
А. Б. Бижанов пен М. Умитжановтың 1999 жылғы деректерi бойынша пастереллез ауруы жыл сайын шығып отырған, өйткенi аналық құстар тобырын өзгелерiмен араластырған сәтте екiншi топ iшнде пастереллез ауруы қоздырғышын алып жүрушiлердiң көп болуы себеп болған. Көптеген iрi құс шаруашылықтары мен фермаларында ветеринарлық-санитарлық шараларды дұрыс ұйымдастырмау, уақытылы дұрыс азықтандырмау секiлдi факторлар салдарынан пастереллез ауруына шалдыққан құс саны күрт өсiп кеттi (А. А. Султанованың оқу-әдстемелiк нұсқауынан. Қазақстандағы жануарлар ветеринарлық проблемасының эпизоотологиялық жағдайы мен ғылыми жабдықталуы: Матер. Междунар. Научн. -практконф. Алматыдағы ветеринарлық практиканың жағдайы мен даму перспективасы. 10 қыркүйек, 2003, -С. 9-17) .
В. И. Покровский мен Б. Ф. Семенованың (1999) берген мәлметтер бойынша осы мақсатта зертханалық жануарлардан 3, 7, 14, 21, 30, 60, 90 күндерi иммундалғаннан кейiн қан сарысулары алынған. Пастереллездiк және лептоспироздық гемаглютинин және аглютининдердң өсу және өшу динамикасын анықтау үшiн РИГА және РМА қойған.
5 топшаға бөлiнген 50 үй қоянының қан сарысуы зерттеуге алынды.
1-10 үй қояндарына iрi қараның пастереллезiне қарсы кешендi поливаленттi вакцина және iрi қараның лептоспирозына қарсы поливаленттi вакцина терi астына бiр уақытта, бiр мезетте дененiң түрлi аумақтарына РИГАдағы пастереллездiк гемаглютининдердi анықтау үшiн вакцина енгiзiлдi.
11-10 үй қояндары iрi қараның пастереллезне қарсы кешендi поливаленттi вакцина және iрi қараның лептоспирозына қарсы поливаленттi вакцина терi астына бiр уақытта, бiр мезетте дененiң түрлi аумақтарына РМА дағы лептоспироздық аглютининдерiн анықтау үшiн вакциналанды.
Иммунологияның маңызды бөлiмдерiнiң бiрi ретiнде ассоцирленген, кешендi иммунизацияны оқу қарастырылады. Ассоцирленген вакцинация тарихында француз ғалымдары F. Widal және I. Siceard 1897 жылы құрсақ тифi және холераға қарсы екi вакцинаның қоспасын пайдалана отырып жақсы нәтижеге қол жеткздi. Кейiнiрек F. Widal (1999) үш вакцинаны қосып, жақсы нәтиже алып, өз бiлiмiн ұштай түстi. Үш вакцинаны қатар еккендегi нәтиже олардың бiр-бiрлеп еккендегiсiнен айырмашылығы жоқ және үш вакцинаны бiрiктiрiп еккен тиiмдiрек деп есептедi.
Аталған ғалымдардың еңбектерiн A. Castellani одан әрi дамыта түстi. Ол тек үш немесе одан да көп антигенi бар бiрнеше вакцинаны қосып иммундап қана қоймай, мыңдаған адамдары да ассоцирленген вакцинамен Цейлон аралында иммундады. (4) .
Брақ практикаға ассоцирленген вакцинаны енгзген сәттен бастап антигендер бәсекелестг туралы теория туындады.
Қосарланған вакцинаны (тиф пен холераға қарсы) қолдану кезiнде E. Fridberger антигендер бәсекелестiгi теориясын ұсынды, приципитирленген сарысу алу үшiн альбуминдiк және глобулиндiк сарысулар қоспасымен жануарларды еккенде L. Michaelis та қосылды. (1989) . Жануарларды бiр уақытта жылқы сарысуы және қой эритроцитiмен еккенде қой эритроцитiне антиденелер дамуының тежелуi байқалды. (5, 6, 9. )
Антигендер бәсекелестiгiнiң пайда болуы терiс көрiнiс бердi, өйткенi ассоцирленген вакцинаның әрi қарай өсiп - зерттелуiне кедергi келтрдi.
Француз иммунологi G. Ramon антиген бәсекелестiгi теориясын жоққа шығарды. Ол бiр антигеннiң екiншiсiн басуын тексерiп қана қоймай, керiсiнше иммунологиялық эффектiнiң күшеюiн дәлелдедi, дәлелдей отырып оны синергия деп атады. (7) .
G. Ramon (1998) 20 антиген қоспасымен иммундаған кезде организмдегi антиденелердiң пайда болуын көрсеттi. Енгiзiлген антигендерге қарағанда организм жоғарғы титрлi антиденелердiң пайда болуымен сипатталады. (8) .
Вакцинациядан кейнгi иммунитетке баға беру үшiн кешендi және жеке түрде бактерияға қарсы биотехнология лабораториясында пастереллездiк және лептоспироздық антигентерге қатысты үй қояндарындағы антиденелердiң пайда болуы зерттелндi.
С. С. Яковлеваның мәлметтерi бойынша қазрi уақытта пастереллез Орталық, Солтүстiк және Оңтүстiк Америкада, Азия және Еуропада, Индияда, Пәкiстан, Иран, Ирак, Камерун, Лаос, Филиппин, Индонезия, Вьетнам, Оңтүстiк Корея, Таиландта тiркелiп отыр. Еуропада пастереллез Италия, Польша, Румыния, Венгрия, Россия, Украинада кездессе, Азияда - Қырғызстан, Түркмения, Қазақстанда тiркелген. Жұқпалы ауруларға қатысты сәтсiз аймақтар күннен күнге көбейiп отыр. Соның iшiнде пастереллез (Ресейде) құстардың колибактериозы мен сальмонеллезiнен кейiн үшiншi орында тұр.
А. А. Сұлтановтың 1995 жылғы мәлметтерi бойынша Қазақстан Республикасында құстар пастереллезi сәтсiз аймақ санына қатысты бактериялық инфекциялар арасында 1-ш орында, ал өзге жануарлар арасында: iрi қаралардың арасында 2-шi, ұсақ мал арасында 7-шi орын, шошқаларда 3-шi, жылқыларда 4-шi, түйелерде 5-шi орынды иеленiп тұр.
Сонау 1991 жылы Р. Н. Коровин бактериялық аурулар арсына аз қамтылған тауықтардың кмпилобактериозын және жақсы талқыланған, бiрақ қауiптiлiгi жоғары құстар сальмонеллезi, колибактериозi және пастереллездi жатқызды.
ВОЗ мәлметтерi бойынша (1985) пастереллез зооноздардың III және IV қауiптi тобына жатқызылды. Сондықтан пастереллездi сальмонеллез секiлдi жалпы биологиялық және экологиялық проблема ретiнде қарастырады. Ауру қоздырғышы септикалық әсер ететiн болса, ал аурудың өзi септицемиялық түрде өтетiнi белгiлi. (11) .
Әр түрлi жылдары құс пастереллезiнiң көптеп таралуы туралы В. П. Сизов (1994), В. И. Ежов (1995), А. А. Әскеров (1991), Н. М. Никифорова (1992), П. Ф. Цимох (1996), Е. И. Буткин (1993), Е. М. Кожевников (1990), В. И. Зюбан (1996), Г. Г. Касьян, Г. П. Бородай (1999), Е. И. Иванова (1996), А. Н. Борисенкова (1992) және т. б. кеңiнен талқылады.
ІІI. Негізгі бөлім.
3. 1 Ауруға жалпы сипаттама
Пастереллез - сүтқоректiлер мен құстар ауруы болып табылады. Iрi қара малының пастереллез ауруының жiтi және жiтiлеу түрiмен ауырған кезiндегi паталогоанатомиялық өзгерiстерi серозды қабықшаларына көптеген қан құйылулармен, лимфа түйiндерiнiң ұлғаюымен және iсiнуiмен, геморрагиялық сипаттағы жiтi гастроэнтеритпен сипатталады, бiрақ талағында өзгерiс болмайды. Тiк iшек, жыныс органдары, көкiрек, мойын, бас аумағындағы терiасты клетчаткасы және бұлшықетаралық ұлпалардың iсiнуi де осы ауруға тән белгiлер. Бауыр, бүйрек және бүйректе дистрофиялық өзгерiстер байқалған. Аурудың кеуделiк формасында өкпе аймағында өзгерiстер өкпе аймағында крупозды немесе некротикалық пневмония және плевропневмония өзгерстерiмен айқындалған. Лимфа түйндерi ұлғайған, ылғалды, нүктелiк қан құйылу байқалады.
Қойларды жарып сойғанда жүрек, iшек, лимфа түйiндерiнде, серозды қабықшаларында, бұлшықеттерiнде, терiасты клетчаткаларында қан құйылулар көрнед. Әдетте өкпелер ұлғайып, көгерген, трахеясында көпiрiктi сұйықтық жиналған.
Шошқаларда жарып сою көрнiсi аурудың өту барысына байланысты. Егер ауру жiтi өтсе сiрлi және кiлегей қабықтарында, терiсiнде көптеген қан құйылулар байқалады. Жұтқыншақ және мойын аумағында терiасты клетчаткасының серозды iсiгi, өкпе iсiгi, лимфа түйiндерiнiң ұлғаюы және гиперемиясы да ауру өзгерiстерiне жатады.
Құстарда ауру жiтiлеу түрде өткен кезде өлекселерде өзгерiстер айқындалмаған. Өзге жағдайларда жүрек қабында экссудаттың жиналғаны, ал эпикард астында нүктелiк қан құйылулар көрнедi. Ауру жiтi өтсе терiнiң терең қабаттарында және терiасты клетчаткасында геморрагия болады. Жұмыртқалықтарда, шажырқайда, серозды қабықшаларда, кеудеде түрлi ауқымдағы қан құйылулар болады. Энтерит белгiлерi байқалады. Он екi елi iшектiң қабынуы үлкен көрнiс тапқан. Құрсақ қуысында экссудат болады. Бауыр паренхиматозды зақымдалу жағдайында, сарғыш түстi, тығыз консистенциялы, нүктелiк сұрғылт некротикалық ошақтармен жабылған. Талағында өзгерiс жоқ.
Қоздырғыш организмге түсе отырып қан ағысына енiп вируленттiлiгiне қарамастан септицемия немесе ауру аса жай өткен уақытта түрлi органдар мен ұлпаларда некротикалық - қабынулық процестермен сипатталады. Аурудың жiтi түрiнде бауырдың паренхиматозды қабынуы байқалады. Соның нәтижесiнде оның анатоксикалық қорғаныс қызметi төмендейдi, бұл процесс бүкiл организмдегi зат алмасу процесiнiң бұзылуына келiп соқтығысады. Активтi мезенхима клеткаларындағы антиденелердiң дамуы тежеледi немесе толық тоқтайды. Қоздырғыш гематоэнцефаликалық барьерге тиiспей, тiкелей нерв жүйесiне, кейiн бiрден барлық организм жүйесне пастереллездiк сепсис тудыра отырып енедi.
Пастереллезге қарсы көптеген вакциналар формалинмен инактивтелiнген түрiнде, сорбирленген немесе эмульсиялық препарат түрiнде шығарылады. Бұдан түйiндейтiнiмiз iрi қара, жылқы және шошқа пастереллезiне қарсы инактивтелiнген эмульсиялы вакцина шығаруға болатындығы.
Зерттеудiң маңызы мен тапсырмалары. Берiлген бұл жұмыстың негiзгi мақсаты iрi қара, жылқы және шошқаларда кездесетiн пастереллезге инактивтелiнген эмульсиялы вакцинаны тиiмдi қолдану болып табылады. Бактериялық патология кезiнде ветеринарлық санитарлық шаралар кешенiнде химиотерапевтикалық заттарды қолдану өте тиiмд болып табылады. Өйткенi оның құрамында көптеп антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран және тағы басқа химиотерапевтикалық заттар қолданылады. Бiрақ қолданылатын дәрiлерге микроорганизмдер резистенттiлiгiнiң өсуiне байланысты емдеудiң синтездеушi заттары және бактериялық инфекция профилактикасын даярлауда өте үлкен проблема туындап отыр. (4)
Пастереллез көбiнесе қандайда бiр ауру сырқаттың асқынуы ретiнде көрiнiс табады. Мысалы авитаминоз, түрлi инфекциялық аурулардың себебiнен азып-тозу ( шошқа обасы, шошқа тұмауы ) .
Ғылымда көп уақыт бойы пастереллалар классификациясына зоологиялық тұрғыдан зор ықылас бiлiндi. Сүтқоректiлер мен құстардың әр түрiнде ауруды микробтың өзiндiк түрi шақырады деп есептелiндi. Тек 1939 жылы Розенбуш пен Мергант бұл көзқарасты жоққа шығарып, ауру қоздырғышын Pasteurella multocida-ның өзiндiк түрi ретiнде сипаттады. Пастереллалар тұқымдасында сонымен қоса P. Haemolylica-ның өзiндiк түрi бар, оның iрi қара мен қойды пастереллезге тән ауруға шалдықтырғыш қасиетi бар.
Пастереллез бүкiл әлемге кеңiнен таралған ауруладың бiрi болып есептеледi. Әдетте ол созылмалы түрде өтедi де, ал таралуына қолайлы жағдай туған кезде эпизоотия түрiнде көрiнiс табады.
Қоздырғыш көзi болып ауырып жүрген және ауырып болған - пастереллаларды алып жүрушiлер табылады. Қоздырғыш алып жүру уақыты бiр жылдан астам уақытқа созылуы мүмкiн. Пастереллез қоздырғыштарын сау малдар да алып жүруi мүмкн. Зерттеушiлердiң көбi сәтсiз шаруашылықтардан әкелiнген малдар iшнде жасырын қоздырғыш алып жүрушiлердң болуы деп есептейдi. Сәттi шаруашылықтарда сау малдардың пастереллез қоздырғышын алып жүруi аталып отырған аурудың кенеттен пайда болуына себеп болады. Әдетте осындай аурудың кенеттен пайда болулары ретке келтiрiлiп отырады.
3. 2 Эпикриз.
Ауру қоздырғышы. Пастереллез қоздырғышы - Pasteurella multocida - полиморфты, жиiрек қысқа грамтерiс, жеке, жұптасып кейде шынжыр тәрiздi орналасатын эллипс тәрздi қозғалмайтын таяқшалар, спора түзбейдi; анаэроб және факультативтi анаэроб ретiнде сипатталады. Қан мен мүшелер жұғындыларына айқын капсулалы биполярлы бояу тән. Қарпайым қоректiк орталарда жақсы өсiм бередi.
Pasteurella multocida антигендiк қатынаста бiркелкi емес, 4 капсулалық серотип (А, В, Д, Е) және 12 соматикалық типке ие. Pasteurella multocida-ның антигендiк құрылым штамының анықталуы вакциналық штамдарды iрiктеуде маңызды рөл атқарады. Соның iшiнде iрi қара (В серотип), құс (А және Д) және шошқа (А, В және Д) пастереллезiне қарсы вакцина даярлау кезiнде өте маңызды.
Түрлi қоздырушылардың серотиптерiнiң патогендi және вируленттi қасиеттерi әр түрлi жануарлар түрiнде кең аумақты қамтиды.
Жануарлардың арасында, соның iшiнде iрi және ұсақ мүйiздi қарада, пастереллез ауруы туындаған жағдайда екi биотипi бар (А және Т, ол таксономиялық түрде қазргi уақытта Actinobacillus тұқымына қосылған. ) гемолитикалық пастерелла зор маңызға ие.
Pasteurella multocida-ны Pasteurella haemolytica-дан ажырату үшiн МАК - конкид агарда өсiрудi, ақ тышқандар резистенттiлгi тестiн және қанды агардағы гемолиздi қолданады.
Көңде, қанда, суық суда пастереллалар - 2 - З апта, өлекселерде 4 айға дейн, мұздатылған етте 1 жылға дейн сақталады. Тiкелей түскен күн сәулесi 70 - 90 0 С температурасында болса 5 - 10 мин iшiнде пастереллаларды өлтiредi. 5% карбол қышқылымен өңдеу де 1 мин iшiнде нәтиже бередi, З% ерiтiндiсiмен өңдеген жағдайда 2 мин iшiнде, 5% әк сүтi ерiтiндiсiмен 4 - 5 мин iшiнде, З% натрий гидрокарбонатының ыстық ерiтiндiсiмен және 1% хлорлы әк ерiтiндiсiмен өңдегенде З минутта нәтиже бередi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz